Материалдар / Ғылым,білім жан азығы.

Ғылым,білім жан азығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала көпке үлгі,өнеге,тәрбие беруімен ерекше.Қоғамдағы актуалды тақырыптардың ең озық түрі ғылыми мақала болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2022
249
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылым
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы
нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті
түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді
қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі
білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы
жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана
емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын
біртұтас кешенді жүйе.

Ғарыш ауқымы, Ғылым салалары және Ғылым иерархиясы.(ағл.)

Ғылымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі Мысыр мен Месопотамия
өркениеттеріне барып тіреледі. Олар математика, астрономия, медицина секілді
ғылымдардың алғашқы кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған Грек табиғат
философиясына, антикалық классикаға арқау болды. Олар физикалық дүниені ондағы
оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. Әсіресе
ғылым тарихында түрлі ғылымдардың ең алғашқы зерттеу объектін бекітіп, жүйелі
пайымдаудың алғашқы сынағын жасаған ұлы ойшыл Аристотель дәуір бөлгіш рөл
ойнады. Бірақ Рим империясының христиан дінін қабылдауы Еуропада ғылымның
құлдырауына алып келіп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты.
Осы тұста шығыстағы Түркі, Парсы, Араб жұртынан шыққан ойшыл ғалымдар - Әл
Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, ИБн Рушд, Омар Хаиям секілді ұлы тұлғалар сол ежелгі
ғылым мен Аристотель салған жолды жылғастырып, ғылымды жаңа кезеңге
шығарды. Бірақ Шыңғыс хан жорықтарынан кейін бұл талпыныс діни әсірешілдік пен
қатып-семушілдіктің зардабынан мүлде әлсіреп, мұсылман әлемі де ғылымы
құлдыраған қараңғы орта ғасырға кірді.
15ғ бастап Еуропада Ренессанс сана жаңғыруын жасап, ғылымға жаңа көк жиек
ашты. Әсіресе Астрономиядағы Католик шіркеуінің мың жылдық өтірігін ашқан
гелиоцентризмнен кейін ғылымның тасқынын ендіқайтып ешкім тоса алмастай
болды. Өнеркәсіп революциясының ғылым мен техникаға мұқтаждығы ғылымға
жаңа күш бітірді.

Хьюстонның жаратылыстану мұражайында динозаврлар көрмесі

Заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді: Жаратылыстану ғылымы (Биология,
Химия, Физика...) ұлы табиғатты зерттейді; Қоғамдық ғылымдар (экономика,
психология, әлеуметтану...) жеке адам мен қоғамды зерттейді; формалды ғылым
(философия, логика, математика, теориялық компьютер ғылымы...) негізінен абстаркт
ақылдық ұғымдарды зерттейді. Мұнда формал ғылымды эмприкалық ғылымдар
арасына қосуға қарсы пікірлер бар, кезінде Аристотель оларды Құралдық ғылымдар

деп атаған. Егер ғылыми білім практикалық қажеттілікті көздесе, тіке технологияға
айналып нақты пайда берсе, онда ол (мысалы медицина, инженерия секілді)
Қолданбалы ғылым деп атайды. Ол көбінесе нақты қолданысы мәлім жанама жолмен
іске асатын Теориялық ғылымға салыстырмалы айтылады.
Ғылым зерттеуден тұрады, онда сәуегейлік, интуиция, эмоция, көңіл-күй, қалау, діни
көріпкелдік секілділер қабылданбайды. Қазір академиялық ірі зерттеулерді
мемлекеттік ұйымдар мол қаржымен ұжымдық жүргізетін болды. Ғылымның
дамуына ілесіп, оның табиғаттағы ықпалының артуына ілесіп, ғылымның өзін қайта
қарап, адамзатқа экологиялық тұтастық тұрғысынан жағымды нұсқасы
қарастырыла бастады.

Түрлері

Құрылықтардың көшіп қалыптасуы

Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі:
Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану
ғылымдары және
Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.
Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта
көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге
болатын құбылыстарға негізделген.

ДНК (DNA) қос спиральі — барлық тірі организмдер мен вирустардың дамуы мен жұмыс істеуіне негіз болған
генетикалық нұсқаулық кодтарды қамтыған молекула шоғыры.

Кейде фундаменталды ғылым деп аталып үшінші санатқа жатқызылатын
математика ғылымының жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдармен
ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы — объективті, ұқыпты
және жүйелі әлдебір білімді зерттегенінде болса, айырмашылығы білімді тексеру
тәсілінде: ол эипирикалық емес, көбінше априори тәсілдеріне жол береді. Статистика
мен логистика ғылымдары жататын фундаменталды ғылымдар эмпирикалық
ғылымдар үшін өте маңызды. Фундаменталды ғылымдарының ірі жетістіктері
физика және биология ғылымдарына да жиі ірі жетістіктер әкеледі. Фундаменталды
ғылымдар нәрселердің қалай жұмыс істейтінін (жаратылыстану ғылымдары) ашу
мен сипаттауда, сонымен қатар адамдар қалай ойлап, қалай әрекет ететінін
(гуманитарлық ғылымдар) сипаттауға маңызды гипотезалар, теориялар және
заңдылықтар құруда үлкен рөль атқарады.
Ғылым, өзара тығыз байланыста болатын, ғылыми зерттеулер нәтижелерін адамзат
мұқтаждығына пайдалану болып табылатын қолданбалы ғылымнан ажырату үшін
кейде тәжірибелік ғылым болып аталады.
Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, адамзаттың практикалық
қызметінің аса маңызды саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол
қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне
айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып

отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап
беру.

Тарихы
Философияға дейін

Ғылым атасы Аристотель (Бірінші ұстаз)

Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және
өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі
Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің
алғашқы нышандары қалыптасты. Оның алғышарты ретінде мифологияны атауға
болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе
қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діниантропоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді.

Философия қалыптасуы
Ғылымды қалыптастыру – мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті.
Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдайлар: қоғамдық қатынас пен
өндіріс дамуының жоғары деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінісі арқылы
жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай-ақ
әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау мүмкіншілігіне жеткізетін бай
және жан-жақты мәдени дәстүрдің болуы қажет еді. Мұндай жағдай біздің
заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Ежелгі Грекияда (Фалес, Демокрит, т.б.)
қалыптасып, табиғи бастау арқылы болмысты түсіндіретін мифологияға қарамақарсы теориялық жүйе пайда болды. Мифологиядан бөліне отырып, теориялық
натурфилософиялық білім синкретті түрде өзіне ғылым мен философияны танымдық
бағытта біріктірді. Ежелгі Грекияда дамыған ғылым. (Аристотель, т.б.) қоғам мен
табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар
ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде білімнің
кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде
геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым
салалары түріне бөлініп шықты.

Орта ғасырдағы ғылым

Ғылымның екінші ұстазы - Әл-Фараби

Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары (әлФараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Рушд, Бируни, Махмұт Қашқари, Жүйнеки, т.б.) елеулі
үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап
қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әлФарабиді Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды. Орта ғасырларда араб
елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика,
математика, астрономия, т.б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін
Ислам Ренессансы деп аталды. Мысалы, Омейя әулеті халифатында ғылым үйі болды,
онда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударды,
ғылымның ерекше формасы, «фәлсафа» қалыптасты. Еуропада бұл дәстүрді кейін
схоластар дамытты. Ғылымның қалыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия
мен астрологияның дамуы болды. Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе
жасау арқылы зерттеп, химияның қалыптасуының алғышартын жасады. Астрология
аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті.

Ренессанс ғылымы

Қазіргі замандық ғылымның бастаушысы — Галилео Галилей

Ренессанс дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес
факторы болып, дүниетанымның (Леонардо да Винчи, Николай Коперник) негізгі
тірегіне айналды. Сондай-ақ ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп,
адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. 16 – 17 ғасырларда ғылымда болған
терең өзгерістер алғашқы ғылыми революцияға (Галилео Галилей, Иоганн Кеплер,
Уильям Гарвей, Рене Декарт, Христиан Гюйгенс, Исаак Ньютон және т.б.) алып келді.

Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы рөлінің
артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде тануға, көптеген
философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті.
Механикадағы жетістіктер 17 ғасырдың аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің
механикалық бейнесі туралы түсінік қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін
әмбебап дүниетанымдық (Леонард Эйлер, Жан Даламбер, Пьер Лаплас, т.б.) маңызға
ие болды. Осы бағыттың шеңберінде физика, химия салаларымен бірге биологиялық
құбылыстар да зерттелді, соның ішінде адам тұтас организм (Жюльен Ламетридің
«адам – машина» тұжырымдамасы) ретінде қарастырылып түсіндірілді. Энергияның
сақталуы мен айналуы заңының ашылуы (Роберт Майер, Джеймс Джоуль, Герман
Гельмгольц) физика мен химияның барлық тарауын ортақ негізге қоюға мүмкіндік
берді. Клетка теориясын тұжырымдау (Теодор Шванн, Маттиас Шлейден) барлық тірі
организмдердің біртекті құрылымын көрсетті. Биологиядағы эволюциялық ілім
(Чарльз Дарвин) жаратылыстануға даму идеясын енгізді. Элементтердің периодтық
жүйесі (Дмитрий Менделеев) заттың барлық белгілі түрлерінің ішкі бірлігінің
барлығын көрсетті. 19 ғасырдың ортасында әлеуметтік дамудың ғылыми теориясын
жасау үшін әлеуметтік-экономикалық, философиялық және жалпы ғылыми жағдай
қалыптасты; физика саласында бірқатар ғылыми жаңалықтардың (электрон,
радиоактивтілік, т.б.) ашылуына қол жеткізді. Ғылымдағы дағдарыс физикада
басталған жаңа ғылыми революциямен (Макс Планк, Альберт Эйнштейн, Нильс Бор)
шешілді және қазіргі заманғы ғылымның барлық негізгі салаларын қамтыды. 20
ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты,
онда ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетикалық кодтары
айқындалды. 20 ғасырда ғылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының
ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарда шешуге
бағытталған мәселелерде (материалдар мен энергияның жаңа көздерін
қалыптастыру, адам мен табиғат қатынастарын тиімділендіру, үлкен жүйелерді
басқару, ғарыштық зерттеулер, т.б.) ерекше байқалды. 3-мыңжылдықтағы ғылым
дамуының басым бағыты біздің бүкіл әлемді, оның ішінде, адамның ішкі әлемін жанжақты, тұтас қарастыру болмақ.

Ағарту дәуірі ғылымы
ХІХ ғасыр ғылымы
XX ғасырдан бері қарай

Қазақтың ұлы ғалымы — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

Ғылым философиясы
Ғылым практикасы
Ғылыми әдіс

Ғылыми әдіс

Математикалық және формальді ғылым
Қолданбалы зерттеу

Ғалымдар қауымдастығы
Ғылым үш топқа бөлінеді

Астрономия - Тихо Брагенің құралдары

Тұтас ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану,
әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бұлардың
арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар ғылыми пәндер аралық жағдайда
қалыптасқан. Мысалы, техникалық ғылым мен әлеуметтік ғылымның түйіскен
жерінде – техникалық эстетика, жаратылыстану ғылымы мен техникалық
ғылымының түйіскен жерінде – астроботаника, ал жаратылыстану ғылымы мен
әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде экономикалық ғылымдар қалыптасқан.
Ғылымның ерекше маңызды рөл атқаратын салалары – математика, ақпараттану
және басқару теориясы болып табылады. Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі
зерттеулер жүргізілуімен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі
ғылымның ерекше даму бағыты болып табылады. Мысалы, табиғатты қорғау
мәселелерін зерттеуде осы бағыттың маңызы айқын болып отыр.

Бозон Хиггсті (Higgs boson) көрсететін үлкен адронды коллайдердің CMS детекторы бойынша симуляциялық
іс-шарасы

Мұнда биология мен техникалық ғылымдар, жер туралы ғылым мен медицина,
экономика мен социология түйісіп, мәселені бірге зерттеуде. Өзінің алған бағыты,
тікелей өмірге қатынасына байланысты ғылымды іргелі және қолданбалы деп бөлу
дәстүрі қалыптасқан. Іргелі ғылым саласының міндеті қоғамды, дүниені, табиғатты
түсіндіретін заңдарды тану. Бұл заңдар мен құрылымдар «таза күйінде» зерттеледі,
оларды тікелей пайдалану мүмкіншілігі шартты емес. Қолданбалы ғылымның тікелей
мақсаты – іргелі ғылымның ашқан жаңалықтарын танымдық, әлеуметтікпрактикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады. Яғни оның міндеті –
ақиқатты тану ғана емес, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру. Қолданбалы
ғылым теориялық та, практикалық та бағытта дамуы мүмкін. Мысалы, қазіргі
физикада электрдинамика мен кванттық механика іргелі ғылым саласы, ал осыған
қосымша нақтылы пәндік саланы тану үшін теориялық қолданбалы физиканың түрлі
салалары (металл физикасы, шалаөткізгіштер физикасы, т.б.) қалыптасқан. Ал
олардың нәтижесін одан әрі практикада қолдану үшін, әр түрлі практикалық
қолданбалы ғылым (металтану, шалаөткізгіш технологиясы, т.б.) пайда болды, бұлар
тікелей өндіріспен байланысты қалыптасқан. Барлық техникалық ғылымдар
қолданбалы ғылым саласына жатады.
Қазақстанда ғылымды ұйымдастыру алғашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу
мекемелерінде және бірқатар жоғары оқу орындарында шашыраңқы күйде
жүргізілді. 1945 ж. Қазақстан Ғылым академиясы құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу
институттарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. Ғылым академиясы
құрылғаннан бергі уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске
құнды жаңалықтар енгізілді.[1]

Ғылым және қоғам

Тағы қараңыз
Ғылыми әдіс
Ғылыми жаңалық
Теория
Ғылымдар тізбегі
Қазақша Уикипедияда

«Ғылым» порталы бар

Дереккөздер
1. Қазақ Энциклопедиясы

«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Ғылым&oldid=2935390» бетінен алынған




Соңғы рет 5 ай бұрын Нұрлан Рахымжанов өңдеді
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ