Материалдар / Ғылыми әдістемелік жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми әдістемелік жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мақсататында орындалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2018
562
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныпта ағылшын тілі пәнінен оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда ойын технологиясының мүмкіндіктері

Кисметова Назгул Амангелдиевна

БҚО, Казталов ауданы, Жаңажол ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі

Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінің мазмұны тұлғаны жеке өмірінің, өзіндік білім мен тәрбиесінің субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталып, дамытушылық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан қарастырылуы өзекті мәселе болып танылады. Білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу жаңартылған білім беру жағдайында мүмкін, ол бейіндік оқытуды, көп тілділікті, құзыреттіліктерді қалыптастыруды, әлеуметтендіруді қамтамасыз етеді.

Жаңартылған білім берудің мақсаты мен міндеттері ҚР Жалпыға бірдей білім беру стандартында, жоспарлы нәтижелерге сәйкес білім салаларының бағдарламаларында, нақты күтілетін нәтижелер әрбір пәннің білім стандарттарында, ал білім берудің мазмұны оқу бағдарламаларында берілген. Жаңартылған білім берудің 1-сыныбының оқу жоспарына жаңа пәндер енгізілді, соның ішінде шетел тілі пәні. Бұл өз кезегінде осы саладағы мұғалімдерге бастауыштағы шетел тілі пәнінің пропедевтикалық мақсат-міндеттерін, мазмұны мен негізгі бағыттарын кәсіби тұрғыдан жетік меңгеру талабын міндеттейді.

Жаңартылған білім беру жүйесінде оқушылардың икемділіктері олардың танымдық ынтасының таңдаулылығынан, әлеуметтік қатынастарды орнатып әрі қарай жалғауынан, шығармашылық әрекетті ұйымдастырып жүзеге асыруының ішкі мотивтермен байланыстылығынан, баланың жеке құндылығы мен әлеуметтік орта құндылығының үндесуінен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуінен, баланың өз нәтижесін саналы сезінуінен көрінеді.

Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес бастауыш мектеп оқушыларында коммуникативтік құзыреттіліктердің қалыптасуына шетел тілі пәнінің ролі ерекше. Өйткені, бастауыш мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігі әртүрлі дағдылар кешенімен сипатталады және оның түрлі әлеуметтік контексте: ересектермен, құрдастармен қарым-қатынасты ұстануымен байланысты болады. Ол мынадай дағдылардан тұрады: басқаның көзақарасын есту және түсіну; келісімге келу; сөзбен жеткізу, құрау, керегінде өз пікірін, көзқарасын қорғау; диалогқа қатысу және қолдау; өз жағдайын, қажеттілігін, тілегін түсіндіру; сұрақ қою; жағдайға байланысты қатынас стилін таңдау.

Коммуникативті құзыреттіліктен баланың сәби шағынан көп сатылы және көп аспектілі әлеуметтік қатынастарға араласуын көреміз. Б.Г.Ананьевтің айтуынша, балалардың коммуникативтілігінің дамуы, олардың жоспарлау, келісімге келу, ортақ ережені дұрыс қабылдау, бірлескен шығармашылық әрекетті алдын-ала жоспарлап келісу қабілеттерін жетілдіріп, оларды әріптестікке, диалогқа ұмтылдырады [26].

Коммуникативтік құзыреттілік тілдік құзыреттіліктің негізі болып табылады. Тілдік құзыреттілік деп, өз ойын, тілегін, әрекетінің мағынасын тіл арқылы жеткізе білуді айтады. Ана тілінде еркін сөйлей алатын баланың кез-келген шет тілін меңгеруге икемді болып келеті белгілі. Сондықтан да, тілдік құзыреттілік көрсеткішінің сапасын, баланың басқалармен тілдік қарым-қатынасын туғызуынан көреміз, онда фонетикалық, семантикалық, грамматикалық, интуитивтік немесе сапалы тарихи құралған тіл канондарына жүгінеміз.

Жаңа стандарт мазмұнына сәйкес оқушылардың бойында коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру және олардың қалыптасу деңгейін бағалауға даярлығы сол құзыреттеліктердің педагогтің өз бойында қалыптасу деңгейімен байланысты.

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес шет тілі пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану негізгі әдістердің бірі болып табылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (зияткерлік, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқу іс-әрекетінде пайда болатын әртүрлі проблемаларды шешуге жағдай жасайды.

Ойынды педагогикалық тұрғыда қазақстандық ғалымдардан Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров, Е.Сағындықов, Б.Төтентаев, Э.Бүркібаев, А.Алдабергенов, т.б. оқытудың ойын технологияларын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың кейбір мәселелерін қарастырған.

Ойын баланың қабылдауын, зейінін, қиялын, ынта-ықыласын, ойлауын, белсенділігін дамытып, оларда жағымды эмоция туғызады. Ойын іс-әрекетінде екі қызмет жүзеге асады: танымдық және бағдарлау. Ойынның танымдық қызметі тануға деген мүдделікті қалыптастыруға, ал бағдарлық қызметке баланың ортамен араласуға деген ынтасын арттырады. Ойын – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруда қолданылатын тиімді тәсіл болғандықтан, ойын әрекетінде қоршаған орта туралы түсінігі кеңіп беки түседі және өзгелермен қарым-қатынасқа түсу мен ұйымдастырушылық сияқты икемділіктері қалыптасады.

Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Ойын қызметі оқушының білім беру саласында мынадай қызметтерді атқарады:

  • көңіл көтеруші (бұл ойынның негізгі қызметі – көңілін көтеру, рахатқа бөлеу, қызығушылықтарын ояту, қайраттандыру);

  • коммуникативтік: қарым-қатынас диалектикасын меңгерту;

  • терапевтикалық ойындар: өмірдің басқа да жағдайларында туындайтын әртүрлі қиындықтарды жеңу;

  • түзету қызметі: жеке көрсеткіштер құрылымына танымдық өзгерістер енгізу;

  • әлеуметтік: қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне қосу, адамның тіршілік ету нормаларын меңгерту;

  • ұлтаралық коммуникация: барлық адамзатқа бірдей біртұтас әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгерту. [1]

Ойын әрекетінде оқу іс-әрекеті қалыптасады. Педагог бағдарламада көрсетілген көріністі рөлдік, қимыл-қозғалысты, дидактикалық, шығармашылық, т.б. ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс.

Балалар өздерінің рөлдік ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рөлдік ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, бастауыш мектеп балаларының ойын-сюжеттері өте сан алуан болады. Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі – жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың ауызша коммуникациясы қалыптасып, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі.

Ойынның тағы бір ерекшелігі – оның өзіндік әрекеттік сипатта болатындығы. «Ойын үрдісінде сөйлеу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар бір-бірімен келіседі, сондай-ақ өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі». [2]

Бастауыш сынып оқушыларының жаңартылған білім берудегі шетел тілі пәнін оқытудың оқу-тәрбие үрдісін ойын технологиясы арқылы ұйымдастыруда, педагогқа қойылатын әдістемелік талаптар қатарына:

- мұғалімнің ұлттық ойындардың түрлерін көп білуі;

- оқуда қолданылатын ойын элементтерін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеп алуы;

- барлық ойындардың оқу-тәрбиелік мақсатын анықтауы;

- қолданатын әрбір ойынның ережесін жетік біліп сақтауды. Себебі ойын ережесін бұзу салдарынан балалар арасында келіспеушілік пен түсініспеушілік туындайды;

- ойынға қажетті құралдарды алдын-ала даярлауы;

- ойын ойналатын кеңістікте балалардың өміріне қауіпсіз болу ережесінің сақтауы жатады. [3]

Сонымен ойынды оқытушылар мен мұғалімдердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Өйткені ойын арқылы келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативтік іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Демек, бастауыш деңдейдің шетел тілі сабақтарында ойын технологиясын қолдану арқылы білім алушыларда іскерлікті, жаупкершілікті, ептілікті, проблеманың шешімін табуды, қажетті ақпаратты бөліп алып өңдеуді, коммуникативтілігін қалыптастыруды қамтамасыз етуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ананьев Б.Г. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М.: Просвещение, 1968. 440 с.

2. Роль педагога-психолога в развитии коммуникативной компетенции детей дошкольного возраста. // Актуальные проблемы психологии образования: Материалы научно-практической конференции 3-4 ноября 1999 г. - Н.Новгород: Нижегородский гуманитарный центр, 1999.-С.35-37

3. Аронов A.M. Предметно-методологические основы компетентности педагога. / Материалы конференции // www.conf.krasu

Жаңартылған білім беру жағдайында бастауыш сыныптың шетел тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруДЫҢ жолдары

Кисметова Назгул Амангелдиевна

Казталов ауданы, Жаңажол ЖОББМ Үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!