Байзақ ауданы әкімдігінің білім
бөлімінің
«Ғани Мұратбаев атындағы
гимназия»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Автордың
аты-жөні: Қасымова Асем
Болатқызы
Сыныбы: 7
Зерттеу жұмыстың
тақырыбы: «Жалбыз
өсімдігі»
Бағыт: Таза табиғи орта – «Қазақстан
– 2030» стратегиясын іске асырудың негізі»
Секция: Биология
Жетекшісінің
аты-жөні: Абдиканова Балжан
Аскербековна
Сарыкемер 2018 ж
Жамбыл облысы, Байзақ
ауданы
Ғани Мұратбаев
атындағы
гимназиясының 7 сынып
оқушысы
Қасымова Асем
Болатқызы
«Жалбыз өсімдігі»
тақырыбында
жазған ғылыми
жұмысына
Пікір
Зерттеу жұмысында орындаушы
оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз
ізденісін тиянақты жеткізе білген. Оқушы өздігінен тәжірибелік
зерттеулер жасап, ғылыми жұмысты толық ашып жасаған. Асем бұл
жұмысты таңдауға ата-анасы себепші болып отыр. Өйткені қандай
ата-ана болмасын өз баласының денсаулығына алаңдап жүреді.
Денсаулығын жақсарту үшін күнделікті ағзаға қолданылатын емдік
дәрілік шөптерді анасы таныстырған. Ал ағзаға қауып төндіретін
зиянды шөптерді қолданбау керектігін ата-анасынан, теледидар
жаңалықтарынан, интернет ақпараттарынан
біледі.
Бұл жұмысты зерттеп шығу
Асемге қиындық туғызбады, себебі пайдалы дәрілік және емдік шөптер
жайында анасы берген ақыл кеңестері мен ақпарат құралдарынан алған
материалдар жұмысты жасап шығуға көп көмектесті. Ол өз пікірін ашық
айтуға, еркін ойын жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық, нақты
жауап беруге дағдыланды. Асемнің жұмысы қазіргі таңда өте актуалды.
Бала жастайынан өз денсаулығына ненің пайдалы ,ненің зиянды екенін
біліп жүруі тиіс. Болашақта Асем өзін-өзі танытатындығына мен
сеніммен қараймын, өйткені ол барлық сабақтарға қызығушылықпен және
зор ынтасымен қарайды.
Биология пәні мұғалімі:
Абдиканова Б.А.
Аннотация
Зерттеу жұмысында Қазақстан
өңірінің дәрілік өсімдіктері сипатталады. Оның ішінде жалбыз
өсімдігінің емдік қасиеті туралы толық мағлұмат беріледі. Біздің
жұмыс осы өңірде осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу
жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы барысында жалбыз
өсімдігінің қандай ауруларға ем екендігі
анықталады.
Useful plants of the region it
is character researches. Including a mint will be informed on
curative properties of plants. Our work in this area is one of
scientific the research work which is carried out in this
direction. During field researches showed that plants the mint is
treatments for patients.
Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................
3-5
бет
1.
Теориялық
бөлім
1.1. Қазақстандағы шипалы
өсімдіктер..............................................5
бет
2.
Зерттеу
бөлімі
2.1 Жалбыз өсімдігінің жалпы
сипаттамасы........................................ 6
бет
2.2 Жалбыз өсімдігінің
биология сипаттамасы....................................7
бет
2.3 Жалбыз өсімдігінің емдік
қасиеті.....................................................8
бет
2.4 Жалбыз өсімдігінің
пайдасы.............................................................9
бет
2.5 Жалбыз өсімдігінен түрлі
өнімдер...................................................10
бет
3.
Қорытынды ..................................................................................11
бет
4. Пайдаланылған
әдебиеттер........................................................12
бет
3
Абстракты
Зерттеудің мақсаты:
Жалбыз өсімдігінің бүгінгі жас
ұрпақ өз елінің жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың
қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін
біліп, одан сабақ алу.
Өзектілігі:
Қазіргі таңда Қазақстанда
кездесетін өсімдіктерді соның ішінде емдік қасиеттері бар шөптерді
зерттей отырып, оның халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып,
өсімдіктерді анықтау, сипаттау және мақтан
тұту.
Зерттеудің
әдіс-тәсілдері:
-
Ізденіс – тақырыпқа сәйкес ақпараттарды жинақтау,
саралау, және жасау;
-
Зерттеу – өсімдікті жалпы қабылданған
салыстырмалы-анатомо-морфологиялық әдіс арқылы қасиеттерін
анықтау;
Зерттеу жаңалығы:
Қазақстан өсімдіктерінің пайдасы, табиғаттың
алуантүрлілігі.
Жұмыс нәтижелері мен
қорытынды:
Қазақстан өңірінде кездесетін
дәрілік өсімдік жалбыздың өсу ортасы анықталып, сипаттама берілді.
Қазақстандағы жалбыздың 20 мыңнан астам түрі
анықталды.
4
Кіріспе
-
Тақырыптың
өзектілігі:
Қазакстанда кездесетін емдік
қасиеттері бар өсімдіктерді зерттеп, емдік қасиетін зерттей отырып,
халық шаруашылығындағы маңызын зерттеу. Қазақстанда жалбыз туысының
10 түрі сәндік, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз
қолданылады және де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық,
кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға
қолданылады.
Дәрілік
өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) ,
шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және
аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік
өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен,
алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр
заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей
түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат
ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні
көбінесе жабайы өсімдіктерден алады.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба,
қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.
5
2.Зерттеу бөлімі
2.1. Жалбыз өсімдігінің
жалпы сипаттамасы
Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі -
жалбыз. Ол - хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік
қоӊыржай ендікте көп тараған. КСРО-да 20-дан астам түрі өседі.
Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама
қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра
жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар.
Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында,
шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін
жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек
жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл
майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол.
Ментю парфюмерия, косметика
кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы
мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына
қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан
алынады.
6
2.2. Жалбыз өсімдігінің
биологиялық сипаттамасы
Дүниесі: өсімдіктер.
Бөлімі: гүлді өсімдіктер.
Тобы: қос
жарнақтылар.
Сабы:
lamialas.
Тұқымдасы:
lamiaceae.
Биіктігі 80-100 см. Сабағы
төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді,
қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай
жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен
уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы
болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі
біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5
күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі
ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы
деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ
ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды
тамырсабағынан көбейтеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол
кездеседі.
7
2.3.
Жалбыз өсімдігінің емдік
қасиеті
Жалбыздың емдік қасиеті
ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде
жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің
осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың
түрлері көп. Қазақстанда оның екі иүрі кездеседі – қара жалбыз, ақ
жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл
жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі.
Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол.
Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай
ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек
түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы
қолданады.
Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін
бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса
демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады.
Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам
жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар
алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш
мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен
ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен
жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал,
соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат
беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан
тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып
жүр.
8
Сонымен қатар жалбызды басқа
дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті
тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен
қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез
жазылады.
Емдік мақсатқа жалбыздың
жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер
басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл
иек қабынғанда, тіс ауырғанда, баспада, жоғарғы тыныс жолдары
қабынуында ауызды және тамақты шаюға пайдаланады. Денені шаюға
қажетті тұнба әзірлеу үшін 25 грамм жалбыз жапырағын бір стақан
(200гр) ыстық суға салып, 20 минуттай тұндырады. Халық
медицинасында жалбызды бауыр мен өт қабының қабынуы, бүйрек пен
бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш өткенде, іш кепкенде, тұмауратқанда
қолданады. Жалбызды сүтке қосып қайнатып ішсе, денедегі суықты
алып, тамақ ауруын жазады.
2.3. Жалбыз өсімдігінің
пайдасы
Жалбыз қосылған шәй жүрек
ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен
ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас
ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін
салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары
адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге
болмайды.
Жалбыз қосылған шәй адам
ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп
дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларнда қол жетімді
бағада сатылады.Халық медицинасында жалбызды бауыр мен өтқабы,
бүйрек пен бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш өткенде, етеккір қалыптан
тыс көп келгенде, іш кепкенде, булыққанда, дауыс қарлыққанда,
гриппен ауырғанда және суық тигенде қолданады. Сонымен бірге,
жалбыздан жасалған шайдың ішек құртын түсіретін қасиеті бар.
Сондай-ақ, ол қарын сөлінің бөлінуін жақсартады және жүйкені
нығайтады.
9
Туберкулезбен ауыратындар жөтелген кезде іріңді
қақырық түссе және қатты терлесе, жалбызды сүтке қосып қайнатып,
кейде жапырағын жартылай су қосылған шарапқа салып
ішеді.
2.5. Жалбыз өсімдігінен
түрлі өнімдер
Емдік мақсатқа жалбыздың
жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер
басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл
иек қабынып, одан қан кеткенде, тіс ауырғанда, сондай-ақ жоғарғы
тыныс жолдарының қабынуында ауызды және тамақты шаюға пайдаланады.
Жалбызды булау, шаю және ванна жасау арқылы тері сыртына да
қолдануға болады.Денені шаюға қажетті тұнба әзірлеу үшін 25 грамм
жапырағын бір стақан (200гр) ыстық суға салып, 20 минуттай
тұндырады.Кейбір дәрігерлер жалбыз тұнбасын қақырық түсіретін, күш
беретін, несеп жүргізетін, жел шығаратын, қан тоқтатын дәрі
қолдануға ұсынады. Ол үшін 10-20 грамм жалбызды 1 стақан ыстық суға
салып тұндырады да ас қасықпен күніне бірнеше рет стақанның үштен
біріндей мөлшерде ішеді.
Сонымен қатар, жалбызды
пиязбен және балмен қосып пайдаланса, оның емдік қасиеті арта
түседі. Әдетте туберкулезбен ауырған адам кейде түнге қарай көп
терлейді. Бұған 15 грамм жалбыз жапырағын бір стақан қайнаған суға
салады да, сол күйінде жарты стақаннан ішсе пайдасы
көп. Сондай-ақ, жалбыздан түрлі
косметикалық маскаларды жасауға болады.
Жалбыздан жасалған маскаларды
жылдың кез келген мезгілінде жасап, пайдалануды әдетке айналдырған
жөн. Жалбыз көк тамырларды қатайтумен қатар, құрғақ теріні
ылғалдатады.
10
Қорытынды
Зерттеу жұмысын орындау
барысында Қазақстан өңірінде кездесетін шипалы өсімдік жалбызды
анықтап, олардың тіршілік ортасымен танысып, жалпы түрлерін
сипаттадым. Жалбыз өсімдігін шипалы өсімдіктер қатарына жатқызып
биологиялық құрылысын анықтадым.
Сондай-ақ шипалы өсімдік
жалбыздың шипалық қасиеті бар екенің
анықтадым.
11
Пайдаланған әдебиеттер
1.М.Қожабеков. «Дәрілік өсімдіктер» «Қазақстан»
баспасы Алматы – 1975A
2. Жетісу. Энциклопедия.
- Алматы:
«Арыс» баспасы, 2004. 712
бет
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен
атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы
2011
12