Материалдар / Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
ұсаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
621
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі жыр-

Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.

Елдің сәні сақталар жақсы сөзбен,

Қай жұрт болсын толассыз осыған құл.

І. Жансүгіров

Қазіргі кезеңде қоғамның әлеуметтік жағынан дамуы білім беру жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Тіл дамытудың қайнар көзі – халықтың бай ауыз әдебиетінде. Балалар ауыз әдебиетін жасаған – халық. Адамға баласынан артық еш нәрсе болмаған. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп баласына арнаған.

Халық педагогикасы – ұлттық тәрбиенің жемісі, өшпес өнеге. Түрлі әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар, үлгі өнегелер – аса құнды мұра, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қазынасы. Тіл дамыту жылдан-жылға сан жағынан да, сапасы жөнінен де өсіп, жетіліп келеді. Мұның үлкен мәні бар.

Зерттеудің өзектілігі. Балалар әдебиеті жас жеткіншектерге тәрбие беретін, олардың сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамытып, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге үйреттетін қуатты құрал. Өкінішке орай, қазіргі уақытта балалардың тілге. Әдебиетке деген қызығушылығы кеміген. Оның орнына тәрбиесі аз мультфильмдер мен ойындарға құмар болған. Сондықтан, жас жеткіншектерді өздерінің ойына, ұғымына, жасына сай әдеби мұралармен сусындату керек.

Қазақ халқының ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті жанрларының бірі — жаңылтпаштар. Жаңылтпаш адамды өнерге, ойын дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін этнопедогогикалық туынды болып есептеледі. Жаңылтпаш – баланың ойлау қабілетін дамытуда, тілін ширатуда, дүниетанымын дамытуда маңызы зор. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ойы-қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады.

Қай халықта болсын жаңылтпаш сөйлеу аппатаратына күрделендіріліп берілетін синтаксистік жағынан дұрыс құрылған фраза болып есептеледі. Мағыналық жағынан әр түрлі болғаныман дыбысталуы жағынан жақын сөздерден, фонемалардан түзіле отырып, жаңылтпаш белгілі бір ырғақ пен әуезге негізделеді. Жаңылтпашта ырғақтың, аллетерациялық тәсілдің болуы заңды құбылыс. Қазақ тіліндегі жаңылтпаш жанры туралы аз-кем айтылып қалатыны болмаса, осы уақытқа дейін аталған жанрдың құрылысы мен жасалу жолдары, тәсілдері туралы әлі зерттелмей келеді.

Жаңылтпаш – қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады.

Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шуладым.
Шудалаған шудасын,
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.
***
Ай, ай, Айдарбай,
Иір мүйіз сиырды
Үйіңе айдай бар!

Жұмыстың мақсаты: Қазақ ауыз әдебиеті жанрларының бірі – жаңылтпаштардың жасалу жолдарын көрсете отырып, балаларды өнерге баулудағы, ойлау қабілетін дамытуға, тілін жаттықтырудағы орнын айқындау. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтаудағы, сөз қадірін білудегі орнын, тәлім-тәрбиелік мәнін ашу.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

  1. Жаңылтпаштардың жасалу жолдарына сипаттама беру;

  2. Жаңылтпаштардың ауыз әдебиетін дамытудағы орнын айқындау:

  3. Жаңылпашты зерттеген белгілі ғалым әдебиетшілер зерттеулеріне талдау жасау;

  4. Жаңылтпаштарды дұрыс әрі шебер айтудың құпия сырларын анықтау.

ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Жаңылтпаштардың жасалу жолдары мен тәсілдері


Қазақ әдебиетінің фольклоры өте бай. Соның бірі де бірегейі – жаңылтпаштар жанры. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде жаңылтпашқа мынадай анықтама береді: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады». Халқымыздың сөйлеу тілін дамытатын басты құрал жаңылтпаш жанры екендігіне тоқталып өтеді.

Зерттеуші Н.Төреқұлов «жаңылтпаш халықтық поэтикалық шығармалардағы фольклордың шағын жанрына жататын, дыбыс үйлесімділігіне негізделген, тез және айқын айтылуы қиын сөздер тізбегі» деген анықтама бере отырып, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтарды дидактикалық шағын жанрға жатқызады.
Жаңылтпаш – қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық түр. Қазақ жаңылтпаштарына да әдебиет зерттеушiлер ертеден назар аударып келедi. Оның тұңғыш хатқа түскен үлгiлерiн 1862 жылы жазылған Ә.Диваев жазбаларынан кезiктiремiз. Қазақ әдебиетінде жаңылтпаш жанрының ғылыми маңызына алғаш рет назар аударып, зерттеген адам – С.Сейфуллин едi. Ол 1931 жылғы жазған «Қазақ әдебиетi» атты зерттеуiнде былай деп жазады: «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкi «дүкенiн» құрған орында айтылатын айтыстың бiрi – жаңылтпаш. Бұл да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрiздi жастардың, балалардың тiл ұстауларына, ойнақы, қырлы сөздердi қақпақылша атқылап, билеп еркiн сөйлеуге төселулерiне өз әлiнше әдемi сабақ, тәжiрибе болатын ойын кiтапта». Зерттеушi жаңылтпаштың тәрбиелiк мәнi мен атқаратын қызметiн айқын аша отырып оның ойындық сипатына да назар аударады. Яғни, жаңылтпаш жеке баланың ермегi емес, ол – көбiнесе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуiне дағдылануына үйрететiн өлең-ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бiр-бiрiмен жарыса кезекпе-кезек айтысуында жатыр.

Ұлтымызда балаларға арналған әдебиет пен өнер түрлері аса мол. Олар сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да бағалы жауһарлар санатына жатады. Ауыз әдебиетінің жанрлары көп жағдайда өзара бірігіп, бір-бірімен араласып, бірін-бірі толықтырып, балалар үшін ұтымды қызмет атқарып тұрады. Балалар ауыз әдебиетін жинаушы әрі зерттеуші С. Сейфуллин өзінің «Жұмбақ айтысу», «Жаңылтпаш», «Балалар ойыны», «Жастық ойын, күлкі өлең тақпақтары» деген еңбектерінде бастан-аяқ балалар ауыз әдебиетіне тән мұраларға ғылыми талдаулар жасаған. 

Жаңылтпаштар да  тіл үйренуге өзіндік үлесін қосатынын мамандар жақсы біледі. Сөйлегенде, өлең, тақпақ айтқанда сөздің және буынның ашық, айқын айтылуына мән беріледі, әдемі сөйлейтін, сөйлеу мақамы жақсы адамдарды тыңдағыңыз келе беретіні де сөзсіз. Қай тілді үйреніп жүрсеңіз де сіз де сөйлеу мақамы жақсы адамдардың қатарына қосылғыңыз келсе, жаттығуыңыз керек. Ол үшін жаңылтпаштарды айтып жаттығып көріңіз. Тіл үйренуде күнделікті жаңылтпаштарды қайталап жаттығып тұру жақсы нәтиже береді. Осының арқасында сіз қиын дыбысталатын тіркестерді, дыбыстау барысындағы қиындықтарды жеңе аласыз. Әсіресе жаңылтпашты тез айта бастағанда түрлі күлкілі жағдайлар болуы мүмкін. Жаңылтпаштар тек қана сөйлеу мақамын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге адамның қиялын да дамытуға көмектеседі. Жаңылтпаштармен жұмыс істеген кезде оқушылар бір қалыпты, бір сарынды дауыспен оқымаулары керек. Сонымен мына жаңылтпаштарға назар аударайық:

Тұз – мұздай,
Мұз – тұздай.


Бұл, бұл – піл,
Бұл бір ірі піл.


Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.


Шаншар шаршап жатыр,
Қайсар жайша жатыр.

Талғат балға тап,
Оншақты жаңғақ шақ,
Шақсаң, сақ шақ.

Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?

Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

Жаңылтпаштардың шумағы құрылысына қарай қос тармақты, үш тармақты, төрт тармақты және көп тармақты болып келетіндігі белгілі.

Жаңылтпақтың шумағының ең кішісі – екі тармақтан тұрады. Тармақтың толымдысы, толымсызы болады.

Доп теп,

Тек,

Дөптеп кеп теп.

Немесе:

Іске іскер,

Істі

Іскер істер.

Толымсыз шумақтар жаңылтпашта және ауыз әдебиетінің кейбір ұсақ жанрларында ғана кездеседі. Қос тармақты жаңылтпаш шумақтарының көбісі толымды болып келеді:

Айтыс болып жатыр,

Тартыс болып жатыр,

Айтыс қай тұста,

Көкпар тартыс қай тұста?

Немесе:

Есімнің шешесін көрдім,

Шешесін кеше көрдім,

Кеше көшеде көрдім,

Көшеде нешеде көрдім?

Жаңылтпаш шумақтарында тармақтардың үнемі ұйқасып келуі шарт емес, теңдес мағыналы дербес жаңылтпаштар бірыңғай буын-бунақта тұрып-ақ үш тармақты шумақ құрай алады.

Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кеште тікті.

Жаңылтпаштың тармақ саны мен тармақтағы буын саны неғұрлым шағын болса, шумақ соғұрлым жинақы да ширақ естіледі.

Жаңылтпаш құрылысында қайталаулар еркекше орын алады. Олар үш түрлі болып келеді. Дыбыс қайталау, буын қайталау және сөз қайталау. Дыбыс қайталау мен буын қайталау, әдетте жаңылтпаштардың үндестігін арттырып, көркейту қызметін атқарады және көбінесе қайталаудың бұл екі түрі жарыса қатар жүреді. Мысалы:

Класта ақ бор бар,

Көк бор бар,

Көп бор бар.

Немесе:

Тайлақ базардан

Қармақ алмақ,

Көлге бармақ,

Қармақ салмақ.

Жаңылтпаштар құрылысында сөз қайталаудың да мәні зор. Сөздер көбіне тармақтардың аяғында қайталайды және ойды жалғастыру, бір шумақта тұрған тармақтарды бір-бірімен байланыстыру қызметтерін атқарады.

Шұнақ құлақ лақ,

Бұлаққа барады.

Бұлақ жағасындағы

Құраққа барады.

Немесе:

Үйде неше шал отыр?

Көсе шал отыр.

Тақиясы шошайып шақша бас

Шоқша сақалды шал отыр.

Қайталау бірде ой мен тармақтар арасын байланыстыру үшін қолданылса, бірде толымсыз буындарды толықтырып, ұйқасты күшейту қызметін атқарады.

Киген тоны –

Оңды тон,

Өңді тон.

Сөйтіп дыбыс, буын және сөз қайталау жаңылтпаш жасаудың және оның мағынасын, байланысын тіпті ұйқасын күшейтудің бір тәсілі болып табылады.

Ал, екі тармақты жаңылтпаш шумақтары үнемі ұйқасқа құрылмайды, бірыңғай буын-бунақта, бір ырғақта тұрып-ақ ұйқассыз құрай алады.

Малға қорек керек,

Оған жарма, кебек те керек.

Өлең сөзді жаңылтпаштардың көпшілігі осындай екі тармақты шумақтан жасалады. Бұған қарағанды үш тармақты шумақтар әлдеқайда сирек кездеседі.

Көпке бекер өкпелеме,

Өкпе етпе,

Тектен-текке өкпелеме.

Төрт тармақты жаңылтпаш шумақтарында шұбыртпалы және аралас ұйқастар да ұшырасады, бірақ ондай ұйқастар төрт тармақтардан көрі үш тармақты, әсіресе көп тармақты шумақтарға тән.

Көп тармақты жаңылтпаш шумағының ұйқасы, әдетте, айнымалы келеді. Бірінде шұбыртпалы ұйқастың, екіншісінде шалыс ұйқастың өлшемі басым болады.

Шуақтаған ботамды,

Шуға апарып шудаладым.

Шудалаған шудасын

Суға салдым,

Судан алдым,

Суға малдым.

Жаңылтпаштың бала тілін жаттықтыруға байланысты қызметі – оның басты міндеті. Бұл орайда, жаңылтпаштың тілге ауыр оралатын дыбыстардан құралатынын ерекше ескерген жөн. Әсіресе:

Ара, ара аралар,

Орманның бойын аралар.

Гүлдерден сорып бал алар,

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәтті ғой балалар!-деп келетін «Р» дыбысына жаттығуға арналған жаңылтпаштар өте көп. Осы дыбысқа қатысты мынадай жаңылтпаштарды айтуға болады.

Рүстем

Үстеп,

Үстем қарайды.

Үстем.

Рүстем

Үстен қарайды.


Рысты теріс дейді дұрысты,

Рысты алты бұрышты

Жеті бұрыш дейді.

Жеті бұрышты екі бұрыш дейді.

Рысты шымыр шыңдалған,

Бұрышты үшбұрыш құрысшы.

Енді бір жаңылтпаштарда:

Есік алдындағы отынның,

Шырпылырағынан ала кел,

Томарлырағынан ала кел,

Түбірлірегінен ала кел, - сияқты айтуға өте ауыр көп буынды сөздерден құралады. Жаңылтпаштар – логикалық ойлау жүйесін сөз ойната отырып дамыту, сөздердің мән-мағынасына үңілдіру, сол арқылы болашақта шешен де ұтымды сөйлеудің негізін қалауды көздейді. Яғни, жаңылтпаш балалардың тез де, жаңылыспай, дыбыстарды қатесіз анық айтуына үйрететін өлең-ойын. Оның ойындық сипатын балалардың бір-бірімен жарыса кезекпе-кезек айтысуынан көреміз.

Ол тіл жаттықтыру мақсатын ғана көздеп қоймайды, жаңылтпаштағы сөз дұрыс айтылмаса, тыңдаушы құлағына мүлдем басқаша естіліп, айналасына күлкі туғызады.

Мысалы:

Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па? – деген сияқты жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдам айтса,

Ақ таяқ па?

Қара таяқ па? – болып мағыналық жағынан мұлдем өзгеріп кетеді. Әрине, жаңылтпаштың ойнақы айтылуы балалар үшін оңайға түспейді, сондықтан да балалар ұқыптылық пен еске сақтау қабілетінің күштілігін де ескергені жөн болады.

Жаңылтпаш сөз ойнатып, балаларды қызықтыратын қисынды ұйқас, эмоциялық реңі бар.

Шілікті шаптым,

Жілікті астым,

Шілікті жақтым,

Жілікті шақтым, – дегендегі “Шаптым, астым,

Жақтым, шақтым” сияқты толымды ұйқаспен қоса, бұл жаңылтпашта сөздерді мағыналық жағынан да ойнату бар, бала сөзді тез айтуды ғана емес, логикалық қисынды бұзып алмауды да жадында сақтайды.

Жаңылтпаш сөздердің бірнеше сөйлемнен құрылған, күрделенген түрлері де бар. Мұнда әр дыбысты дұрыс айтумен қатар, сөздердің мағынасын бұрмаламай сөйлеуге үйрету шарттары қойылған:

Мынау қай арал?

Қайың менен тал арал.

Талға қарға ұялар,

Тарғыл иттің құйрығы

Талға оралар, талға оралар, – деп айтылатын түрлері көп. Жаңылтпаштардың өлең құрылысы шағын, қарапайым болып келеді. Онда өлеңдік үйлесім, кестелі ұйқастардан гөрі дыбыс ойнату, тіл оралымына қиын сөздерді айту басым.

Қызғалдақ сарғалдақтарға,

Қызыл дақтар сары дақтарға,

Сарғалдақ қызғалдақтарға,

Сары дақтар қызыл дақтарға ұқсай ма?

Қызғалдақтар сары дақтарға,

Қызыл дақтар да сарғалдақтарға,

Сарғалдақтар қызыл дақтарға,

Сары дақтар да қызғалдақтарға,

Қызыл дақтар сары дақтарға,

Сарғалдақ қызғалдақтарға,

Сары дақтар қызыл дақтарға ұқсамайды.

Қызғалдақтар қызғалдақтарға,

Қызыл дақтар қызыл дақтарға,

Сарғалдақтар сарғалдақтарға.

Сары дақтар сары дақтарға ұқсайды, уһ!

Жаңылтпаш сөздер мен дыбыстарды қиындата қайталау, айтқанда тіл мүдіретін сөйлемнің бөлігін шапшаң, жиі қайталау арқылы тіл ширатуға лайықтап құрылады.

Мысалы:

Ай, Тайқарбай, Тайқарбай

Қойыңды мақараға жай Тайқарбай,

Тайқарбай Майқарбайлар толып жатыр,

Ай, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай.

Өлең жаңылтпаштардың ырғақтамасы әрқилы, төрт буындысы да бес буындысы да, аралас буындылары да кездеседі. Неғұрлым қысқа буынды болса, соғұрлым жаңылтпаш балалардың жаттап айтуына ыңғайлы, оңтайлы.

Ертеректе, жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердiң де ермегi болған. Бiрақ ол үлкендер арасында басқашалау қызмет атқарған. «Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдiру, тiл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән бiлмейтiн жастарға берiлетiн жазба есебiнде қолданылған» , – деп жазады белгiлi фольклорист ғалым М.Ғабдуллин, жаңылтпаштың үлкендер арасындағы қолданысы жөнiнде. Дегенмен, жаңылтпаштар негiзiнен балаларға тән мұра. Ол жөнiнде қазақ балалар әдебиетiнiң бiлгiрi Ш.Ахметов: «Бұл жанр тек қана балалар әдебиетiне арналған, көбiне мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты. Олай дейтi

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!