Материалдар / Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
600
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

«Теміртау қаласы № 4 жалпы білім беретін орта мектебі » коммуналдық

мемлекеттік мекемесі.









Тақырыбы: «Құрттың жасалуы»











Жоба авторы:

3«Г»сынып оқушысы

Қырғызәлі Аруна

Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі

Г.А. Нурсейтова













Теміртау 2016.

Мазмұны


   1.Кіріспе



  1. Негізгі бөлім:

 

2.1. Құрт – қазақтың ұлттық тағамы



2.2. Құрттың түрлері



2.3. Құрттың жасалу технологиясы



2.4. Құрттың адам денсаулығына пайдасы



2.5. Құрттың  тарихи деректерде қолданылуы.



2.6. Қазақстанның ұлтттық бренді  – құрт



  1. Біздің зерттеу жұмысымыз


3.1.Құрттың  әр аймақтағы жасалу жолымен танысу



3.2.Сауалнама нәтижесі



  1. Қорытынды


  1. Қолданылған әдебиеттер













Аннотация



Зерттеу жұмыста құрттың жасалуы ,пайдасы жайлы сипатталады.

Оның түрлері жайлы мағлұмат беріледі.Тәжірибе барысында құрттың адам организміне пайдасы жайлы айтылады.

 


Мақсаты:


Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін наси хаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.


Міндеті:


құрт және оның түрлері туралы мәліметтер іздеу;

құрттың жасалу жолын зерттеу;

тәжірибе жасау, қорытынды шығару;

құрттың пайдасын анықтау;

қорытынды жасау.

хаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.



Өзектілігі:

балаларға арналған құрамында әр түрлі химиялық қоспалары бар

шетелдік тағамдар орнына таза, табиғи, кейінгі уақытта көбейіп

кеткен әр түрлі ауруларға қарсы иммунитет нығайтатын дәрумендері

бар құрт тағамын балалардың күнделікті ас мәзіріне қосу қажет









 Кіріспе



Бұл жобада қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын мал


шаруашылығының, соның ішінде «Зеңгі баба»  деп пір тұтқан сиыр  сүтінен


жасалатыносы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі


түрлерінің бірі құрт туралы  айтқымыз келді. Құрт – қазақ халқының

 

сүттен жасалған ұлттық тағам   ретінде кеңінен қолданатын өте көне  түрінің


бірі.Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз


қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған. Бізді қазақ құртының және


құрттың  жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға


қосымша  қолданылатындығы  қызықтырды. Тағамның  өте


көне  әрі  пайдалы түрі – сиыр сүтінен жасалған құрт  жайында мәлімет


жинағым келді.


Жасы тоқсан мен жүзден асқан қазақ қариялары көп жасаудың


құпиясы ақта екендігін айтады. Ақ деп – сүттен жасалған тағамдарды


айтады. Құрт – қазақтың ұлттық брендіне айналған ұлттық тағам. Құрт


көздің көру процесін жақсартады, жүректің айнуын басады, асқорыту


бездерінің жұмыс істеу қабілетін  жақсартады.  Құртты диеталық тағам


ретінде де қолдануға болады.  


Құрттан жасалатын немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір


түрлеріне: жасқұрт, көбік, малта, ақмалта, құрт – май жатады.  







 2.1. Құрт – қазақтың ұлттық тағамы



Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ұлттық дастарқанымыздың ас


мәзіріне ет, сүт, балық, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар көптеп енеді.


Ата-бабамыз осынау бай дастарқан мен табиғи құнарлы ұлттық


тағамдарды ішіп-жеу арқылы анау-мынау ауруға дес бермеген. Бір


тағамның бірнеше жолмен дайындалып, жасалу технологиясының


мұқият сақталып, жасалу түріне қарай бірнеше атау берілуінің өзі


аналарымыздың тамақтың бабын жақсы білгенін аңғартады.


Халқымыздың күнделікті өмірде де дәмге мән бере сөйлеген. Мәселен «бір


күн дәм татқанға қырық күн сәлем» деп ренжісе көңілі қалған күнде


«дастарханымнан дәм татып едің ғой» деп, салмақ сала сөйлесе, ренжіген


адамын «дәм тұзым атсын» деп қарғаған.


Құрт  сөзіне Қазақстан тарихының ІІІ-томында мынадай анықтама


келтірілген: «Пісірілген сүттен күнделікті ішу үшін қатық, айран ашытылды.


Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды, ол «іркіт» деп


аталады.Іркітті әбден қоюланғанға дейін үлкен қазанда қайнатты. Бұл қою


іркіт дорбаға құйылып сүзілді.Одан сүзбе алынып,сүзбеден қысқа арнап


«құрт», «сықпа», «ежігей» кептіріледі».













2.2. Құрттың түрлері


Қазақ халқының, яғни біздің аналарымыз тағамның түр – түрін жасап, оның бабын да жақсы таба білетінін ғылыми жобамыздың басында да атап өткен болатынбыз. Мәселен аналарымыз  бір ғана сүттің өзінен  түрлі тағам жасай білген.  Ал сол сүттен жасалынатын құрттың өзі жасалу жолына қарай сан түрге бөлінеді. Осы орайда құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет деп таптық. Мәселен құрт:

1) Ж а с қ ұ р т. Өреде тұрған , яғни  жайғанына бір екі күн ғана болған, әлі толық кеуіп үлгермеген құрт. Жас  құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды.

2) Қ ө б і к. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Ағаш қасықпен бетінен  жайлап қалқып, ыстық күйінде жалап жейді. Көбік құрт майлы болады. Әрі құрттың бар нәрі осы көбігіне жиылғандықтан дәмі тіл үйіреді. Сол себепті көбік құртты жас – кәрі талғамай жеңсік ас ретінде сүйсіне жейді.

3) Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін ас.

4) Сықпа немесе сүзбе құрт . Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы сол  айранды ұйытып,  қапқа кұйып сүзеді де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі. Мұны кейде сүзбе құрт деп те атайды.

 5) М а л т а құрт . Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

 6) Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнтақталады, келіге түйіледі немесе қол диірменге тартылады.

7) А қ м а л т а. Езілген құрттың ең соңғы шайындысы.

8) Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді.

9) Ақ құрт. Іркітті қазанда қайнатып, суыған соң қапқа салып сорғытады.  Қаптағы құрттың сары суы кетіп дегдіген соң қолменн бөлшектеп, түрлі формаға келтіріп өреге жаяды.

10) Қара құрт.  Ашуы жеткен іркітке аздап сары май қосып қайнатады. Тұзын аздап қана қосады. 

11) К ұ р т – м а й. . Құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт – май деп аталады.

12) Ежігей немесе ежегей.  Ежігей немесе ежегей құрт құрттардың ішіндегі ең бір ерекшесі, әрі дәмдісі. Сұйық ежігей. Оны кептірмей ـ ақ үстіне сары май, қаймақ құйып, қонақтарға ұсынады сұйық түрі де бар екен.

Құрт көже. Қайнатылып, кептірілген қатты құрттан қыстың қатты аязды күндерінде құрт көже дайындайды


2.3.Жасалу технологиясы


Құрттың өзіне тән жасалу технологиясы, тәсілі бар. Құртты қалай жасайды, оған не қосады, немен жасайды, сүттен қалай алады деген сұрақтар төңірегінде біраз ізденіс жұмыстарын жасадық.  Жоғарыда «Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды,ол «іркіт» деп аталады», –  деген жолдар бар. Яғни құрт іркіттен жасалады.  Алдымен іркіт деген не? Соған тоқталайық.

         1.Іркіт – майын алып, құрт қайнату үшін ұйытып сабаға шикі сүттен немесе пісірген сүттен жинаған  қатық. Сабаға жиналып толған сүттің пісілуі сауылып отырған сауын малдың азды-көптігіне тікелей байланысты. Малы көп үйлер барлық малдың сүтін араластырмай, сиыр сүтінен ғана немесе қойешкі сүтінен ғана  жинайды. Саба неғұрлым тез толса, іркіт көп ашымайды, нәтижесінде құрт шағырмақ, ащы болмайды. Іркітті алғашқы піскен сүтті ұйытып алып сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Кейде іркітті сусын орнына ішеді.

Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады. Сүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды. Оны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған  көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды. Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызады. Іркіт ішінде қалады. Бұл әдіс күнде қайталанады. Ағаш бөшке ашыған іркітке толған уақытта іркіт дайын болды дегенді білдіреді.

Іркіттің жасалу әдісін білдік. Іркіттен құрт қалай алынады. Көкейімізді тескен сұраққа жауап іздеп жүріп, соңында мынадай қорытындыға тоқтадық.

Алынған іркіттен дөңгелек немесе сықпа түрде жасап тақтайшаға тізіп қойып кептіреді.



















2.5. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.


Ұлттық брендті құру – Қазақстанның өзекті мәселесі . Кейбір қазақ бизнесмендері құртты Қазақстанның бренді ретінде қалыптастыруға жан салып жүр. Солардың бірі- Алматылық Айдар Шалбарбаев .

Айдар Шалбарбаев 19 жыл бойы құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысуда.   – Мен қазақтың байырғы,тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мыңжылдық тарихы бар, және бүгінгі күнге дейін құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа аудармасқа?!  Бір кездері құр көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. Мен өзім де құртты жеп өстім.» дейді Айдар Шалбарбаев.

Айдар Шалбарбаев құртты өндірудің үш бағытын ойлап шығарды.

Бірінші «сыйға тартылатын құрт». Бұл құрт шоколадпен қапталған және жаңғақ қосылған.

Екінші бағыт – етті құрт(жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл құрт байырғы ата – бабаларының әдісі бойынша жасалады.

Үшіншісі – балық құрт. Бұл өнімді сыра ішетіндер жақтайды деп ойлайды зерттеуші. Осы құрт балықтың әр түрінен жасалып, балық мүсінінде болады.

Қазақ халқында ұлттық тағамдарды дайындаудың технологиясы қалыптасқан. Осы жасалу технологиясын сақтап отырғанда ғана ұлттық тағамымыздың даңқы асқақтап, адам денсаулығына пайдалы қасиеті сақталмақ.




Объект 4 Объект 5





Қорытынды



Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді.. Ендігі арманым алдағы уақытта құрт туралы әлі де ізденіс жұмысын жүргізетін болсақ сол ағамызбен кездесіп, бетпе бет жүздесу.    Осы зерттеушінің сөздеріне қосыламыз. Біздің ойымызша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.







Пайдаланған әдебиеттер



1.Дүниетану оқулығы   1сыныпқа арналған             «Алматыкітап» 2008ж.
2.Қазақтың ұлттық тағамдары               Алматы   2000ж
3.Қазақ энциклопедиясы             Алматы  2002ж
4. Ғаламтор

  1. Қазақ халқының салт – дәстүрлері  Алматы «Рауан» 1994

  2. Қазақстан тарихы 7 – сынып                                     Алматы 2010ж

  3. Қазақстан тарихы 9 – сынып Атамұра 2009 ж

  4. Дүниетану оқулығы 2 сыныпқа арналған «Алматыкітап»  2008 ж

  5. Қазақ Энциклопедиясы 1 – том Алматы   2002 ж

  6. Қазақ энциклопедиясы 3 – том Алматы    2002 ж











«Теміртау қаласы № 4 ЖББОМ» КММ

3 «Г» сынып оқушысы

Қырғызәлі Арунаның

«Құрттың жасалуы»

тақырыбындағы зерттеу

жұмысына

ПІКІР

3 «Г» сынып оқушысы Қырғызәлі Арунаның зерттеу жұмысындақұрттың жасалу жолдары жайлы сипатталған.Оның , адам ағзасына пайдасы туралы мағлұмат беріледі.Құрт мал сүтінен жасалғандығы себепті көптеген ауруларға еп екендігі айтылады.

Арунаның болашағынан үлкен үміт күтемін .Болашақта халық денсаулығын қорғайтын ел жанашыры болады деген сенімдемін.

Жазған еңбегі келещек ұрпақ үшін маңызы өте зор.Зерттеу жұмысы терең ізденіспен ,қажетті материалдармен толықтырылып жақсы жазылған жоба.Келешекте осы жұмысын жалғастыруына тілектеспін.













Бастауыш сынып мұғалімі: Г.А.Нурсейтова







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!