Материалдар / Ғылыми жоба
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Нұрхан Ахметбеков өлеңдерінің әдебиет теориясы жайында жазылған, жас мамандарға көмек ретінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2018
481
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қостанай облысы Қостанай ауданы «Озерный негізгі мектебі» ММ



Тақырыбы:Торғайдың қасиетті топырағынан жаралған ұлы ақын- Нұрхан

Орындаған:Жусупбекова М. 9 «А» сынып





Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары



Секциясы: Әдебиет





Жетекшісі:Бейбітқызы Гүлдәрі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

























Затобол кенті 2018 жыл

МАЗМҰНЫ І. КІРІСПЕ...............................................................................................4II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................5 2.1Ақын өлеңдерінің тілі..................................................................... 62.2 Қазіргі таңда ақын есімінің сақталуы.................................................7-8Ұсыныстар.............................................................................................17Қорытынды. ............................................................................................................18Пайдаланған әдебиеттер. ..............................................................................19







































Аннотация.Зерттеу нысаны: Нұрхан ақынға байланысты мәліметтерді жинақтау.Зерттеу мақсаты: Ақын өлеңдерінің әдеби теориясын ашу.Қазіргі таңда Нұрхан атамыздың есімін жандандыруда қандай жұмыстар өткізіліп жатқанын анықтау.Өзектілігі: Ақын шығармаларында қазақ жерінің көркемдігін құбылыстарды әдеби тілмен көркем сомдағанын дәлелдеу, өлеңдерін насихаттау, қазіргі таңда ақын есімінің сақталуы.Болжам: Ақын шығармашылығын зерттеу арқылы Нұрханның көркем әлемін зерделеу, ақын шығармалары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, көркем сөз өнеріне деген қызығушылықтарын ояту.Зерттеудің міндеті: Мәліметтер жинау.Жоспар бойынша жұмыс жасау.Зерттеу әдістері: Жинақтау, жүйелеу, талдау.Зерттеудің мазмұны: Жұмыстың мазмұны үш бөлімді құрайды. Негізгі бөлім 3 тараудан тұрады. Алғашқы тарауда Нұрхан атамыз жайлы айтылса, келесі тарауда өлеңдеріндегі әдеби теориялар туралы айтылады.Зерттеудің ұсынысы: Алдағы уақытта Нұрхан Ахметбеков жайлы іс-шараларды жиі ұйымдастыру.Ол кісі жайлы мәліметтерді жинақтап, мектеп бағдарламасына енгізсе.Зерттеудің нәтижелері: Тақырыпқа сай теориялық негіздемелерге сүйене отырыпНұрхан Ахметбеов туралы ақпарат айтылып өтілді;  өлеңдерінде әдеби теория қарастырылды; Зерттеудің құрылымы: Зерттеу жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, негізгі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 





























І. КІРІСПЕ Торғайдың қасиетті топырағынан жаралған-Нұрхан ақынНұрхан Ахметбеков (1903-1964).Ән мен жырдың ордасы болған Торғайда осыдан 115 жыл бұрын дүниеге келген Нұрхан Ахметбеков халық поэзиясының небір керемет үлгілерін XIX- ғасырдан XX –ғасырға жеткізген «алтын көпірдей» болған дүлділ ақын.Сол себептен мен өзімнің ғылыми жұмысымды осы кісіге арнадым.Бұл ғылыми жұмыста алдыма қойған сұрағыма жауап беремін және «Жасауыл қырғын» дастанының тілінің құрылымын талдаймын. Нұрхан Ахметбеков- 1903 жылы қазіргі Қостанай облысындағы Жанкелдин ауданының Тосын құмында кедей Майкөтұлы Ахметбектің отбасында дүниеге келген.Он жасында әкеден, он екі жасында шешеден айрылған тақыр жетім бала Нұрхан амалсыздан байдың малын бақты. Жасынан еті тірі, өнер мен білімге құмар болашақ ақын басына түскен ауыртпалық пен қиыншылыққа қарамастан ауыл мектебінде тиіп-қашып жүріп сабақ алып, хат таныды. Сол кездегі шілдехана, қызойнақ, айт пен тойға қатысып , шаршы топта ән салуға машықтананған ол "Әнші Нұрхан","күйші бала" атанды. Сол кездердегі "Зарқұм","Сал-сал","Көрғұлы","Мұңлық-Зарлық" сияқты қиссаларды жаттап, оны күн-түні шеберлікпен жырлайтын жас жырауды билер мен бектер "ат жіберіп алдыртатын, артынан жұртына жаяу қалдыратынын" айтатын ақын.1942 жылы Ы.Алтынсарин атындағы мектептен білімін тәмамдап сол жылы күзде әскер қатарына алынған.Тұңғышпай әкесі оқып жүргенде спортпен айналысқан әкесіне тартып ақын болмағанымен ән айтып домбыранын құлағында ойнағаның әжесі Набира айтып отыратын. Ол кісі өте елгезек, қайырымды жан, достарының ортасында беделді болған.Айтыстары
  • 1943 жылы қараша айында Қостанайда өткен облысы айтыста Сәт Есенбаевпен, сол жылдың аяғында  болған республикалық айтыста Молдахмет Тырбиевпен, 1945 жылдың ақырында Майташ Смағұловамен, 1957 жылы Есенбаевпен екінші рет айтысқан. Бұл айтыстары “Қостанай ақындарының айтысы” (1958), “” (3 — 1., 1966) жинақтарында жарияланды.
Шығармалары
  • Ахметбеков классикалық шығыс үлгілерінің желісіне орайластырып бірнеше  шығарған.
Мың бір түн” ертегісінің оқиғасына байланысты.
  • “Қамарлы заман”
  • “Албан Жұпар ханым” (1939 — 1940)
өткен кезеңдердегі тарихи оқиғалар сюжетіне
  • “Есім сері” (1929)
  • “Қарға” (1938) дастандарын жазды
  • “Күләндам” (1934) дастанында 1932 — 1933 жылдардағы қазақ, даласын жайлаған алапат аштық тұңғыш рет шынайы көрсетілді.
  • Ақынның ұзақ жылдар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері —  бейнесі. “Үрпек соғысы” (1944) өлеңі кейін “” дастанына ұласты. “Жасауыл қырғыны” дастаны оқырмандардың жоғары бағасына ие болып, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1951).
Күйлері
  • Ахметбековтың өзі шығарған “ басы”
  • “Июнь толқыны”
  • “Жеңіс” сынды күйлері де бар.
  •   аудандық мәдениет үйіне, орта мектепке, көшеге Ахметбеков есімі берілген.
Баспадан шыққан еңбектері
  • Жасауыл қырғыны. Поэма. 1951;
  • Тосын толғау. Поэмалары. 1958;
  • Аманкелді. Поэма. 1962.
Әке-шешеден ерте айрылып, жетімдік қасіретін шеккен болашақ ақын жалшылықта жүрсе де, тиіп-қашып ауылдық молдадан хат таниды.Әкесі-Майкөтұлы Ахметбек.Жұбайы-Нәбира.Тұңғыш ұлы-Тұңғышбай Нұрханұлы.Немересі-Тойғанбол Нұрханұлы.Шөбересі-Нұрмұххамбет.Ұрпағы-Мәлікзада Ахметбеов.Ақын өзінің тұңғыш баласынан ерте айырылған.Өз азаматтық борышын қорғаймын деп, жанын қиған азаматтарының бірі.Ол кісі Тұңғышбай 1945 жылдың ортасында соғыстан оралған,денсаулығының нашарлауына байланысты елге жете алмай Қостанай қаласында көз жұмған..Бақилық болған ұлына бір уыс топырағын сала алмай, тұңғыштарын соңғы сапарға өз қолдарымен шығарып сала алмай артында аңырап ата-анасы қалады.Себебі, ол уақытта Нұхан қатты науқастанып қалған болатын.Ал, анасы Нәбира мен інісі Мәлікзада жол болмағандықтан бара алмай қалады.Тұңғышпай әкеміз әскерге алынғанда отбасын құрмаған болатын.Сондықтан да артында өзінен тараған ұрпақ қалмаған.Нұрхан ақын  дүние  салғаннан  кейін, әке  мұрасын  жалғастырушы – екінші ұлы  Мәлікзада  болды. Нұрхан  ұлы Мәлікзада 1929  жылы дүниеге келген. Нұрхан  атамыздың  ақындық  шеберлігі осы  Мәлікзаданың  бойынан  табылды.







ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1 Ақын шығармаларының тіліАқын өлеңдерін тілі өте жеңіл жүрекке жылы тиеді.Шығармаларында ақын оқиғаның көріністің дәл сипатын беру үшін әр-түрлі сөз өрнектерін қолданған.Соның бірі теңеу. «Торғайдан сәлем» өлеңінде :Шортаны атан түйедей,Ақ балығы биедей.Айдыны шалқар көлі барЕңсесін созған аспанға Арқасын күнге төсегенАқиректің шыңы бар- деп Торғай жерінің қасиетті, құнарлы мекен екенін дәлелдейді. Ал «Бала Қызбел» өлеңінде де теңеулер кездестіреміз:Дүкеннің төрт бұрышты текшесіндей,:Ұзыны керуеннің бес көшіндей.Айырып арқасына салған егін,Шатыраштың шар тігетін кестесіндей.

Сонымен қатар осы өлеңінде эпифораны да орынды қолданады.Қоңыр бұйрат кұмы бар,Жапырағынан бал тамғанМұнар тартқан нұры бар,Көдесі мақпал түгіндей,Көсіліп жатқан белі бар,Бел астында кені бар.

Ақынның «Қыс қырандары» өлеңінде заттың,құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз- эпитет кездеседі.Ақ құба, ашық жүзді, кең маңдайлы,Топшысы шалқақ біткен, сұңғақ бойлы.Жайдары ашық жүзді, сауық сүйгіш,Тұңғиық асқан дана терең ойлы.

Қаптаған Қабырғада қалың қойы,Дым тартқан Көкөзектің терең ойы.«Сиырдың сүт қазаны» атанатынСұлу көл, Сужарғанның ұзын бойы.Міне, осы өлең жолдарынан ақынның Қостанай жерінің кең пейілді, мамыражай табиғатының көркемдігін сұлулығын көрсетуін де эпитетті пайдаланғанның көруге болады:Төсегі жай, төрі кең анам - Арқа,Ақ уызға семірген мамыр марқа,Айлы түнде жамылып жасыл гүлді,Таң күзетіп, сыр шешкен талай қалқа.

Торғын түсті кұлпырған қызыл күрең,Секілді тақталы үйге жайған кілем,Кең жайлау, жазық дала - жан саясы,Табиғат тәтті балын төккен білем,





Сонымен қатар ақынның осы өлең жолдарынан біріңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі – аллитерация кездеседі:Қаңтардың қызылында айдап салсаң,Қырында қырық мың жылқы тебіндеген.Қырдағы қызыл бидай арасынанҚара үзе қашқан құлан көрінбеген.

Ақын өлеңдерінді шумақтың соңғы тармақтарындағы дыбыстардың өзара үндесіп келуі, өлең өнерінің мазмұндық формалық сипаттарының үйлескен негізгі белгісі бөлігі- ұйқас кездеседі:Жүсекең баққан малын жұтқа бермес,Қыстекең қыдыр дерсің құртқа бермес.Арықты алты ай мінсе, семіртеді,Бұлардың алдарынан бір мал өлмес.

Мейрамның күркірейді буралары,Ақ жампоз, қызыл киік бұйралары.Желіндеп інгендері ыңырсып тұр,Желкілдеп жер сызады шудалары.

Сонымен қатар ақын өлеңдерінде шумақтың алғашқы дыбыстары бірдей дауысты дыбыстан келіп, ерекше үндес табатын- ассонанс кездеседі:Ақырған двигатель думпуіменАптығып атпа жытып, шығыр қашты.Асау су алып күшке мойын бұрды,Арқандаулы долыдай қолға тұрды.



Халықтық тілді өз сөзімен қолданып, айтпақ ойын шашыратпай түйіп, дәл де айқын етіп, айшықтап, әсерлеп жеткізе білген, яғни, ақын жырларының «ел аузынан түспейтін» құндылығы – осы халықтығында жатса керек.Сазды Әйет Сарыарқада Түйемойнақ,Сарыжайлау, сабатына бие байлап,Отырып уық тастам көшпелі елдерЕтетін ала шаңдақ үнемі ойнақ. Тірілген шыбын-шіркей шілде шалып,Көк майса құлпырған кез жер жасарып.Өткен күз ел көшкеннен бермен қарайҚонбаған жалғыз ауыл ірге салып 

«Жасауыл қырғыны» дастаны осылай басталады.  Кедір-бұдырсыз, мінсіз құйылған өлең. Себебі – буын, бунақ саны өзгермейді. Бұл өлеңнің ырғағын да бірқалыпқа түсірілген және айтуға жеңіл. «Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығын көрсетеді. Жер, ел атауларына орай соған үндес, әрі күш беретін, әрі айқындай түсетін, дәлірек айтқанда, эпитетті (айқындауды) – «заттың, құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөздерді»пайдаланған сарыарқаның алдына сазды Әйетті, Сарыжайлаудан кейін сабат сөзін алуы өлеңге көрік те, беріктік, күш-қуат беріп тұр. Өлең төрт буынды түбірлі ұйқаспен жазылған.Ақын синоним сөздерді таңдап алады. Бұл жерде басқа қай өлшемді алса да дәл осындай болып шықпайды. Мәселен «уық тастамның» орнына «он қадам», «он метр», «таяқ тастам» деп қолдануға болады.«Тірілген шыбын-шіркей шілде шалып» кез келген ақынның тіліне орала бермейтін тіркес. Ақын бұл жерде шілденің жылуының бар тіршілікті, тіпті шыбын-шіркейге дейін тірілткенін бейнелей айтып отыр. «Көк майса құлпырған кез жер жасарып» - жерге жан бітіріп, оның сонылығын «жалғыз ауыл ірге салып» ел қонбағандығымен дәлелдей жеткізеді.Бұдан әрі дастан «Жағалап жанбауырлай Бестөбені, Ызғындай қызыл-жасыл көш келеді» деп жалғасады, қандай әдемі сурет?! «Жанбауырлай» дейді автор. Бұл сөз көбіне-көп бауырымен жорғалаушыларға, соның ішінде жыланға байланысты айтылған. Ақын соны әдейі көштің қандай көш екендігін жеткізу мақсатында алған.  Өйткені, көш жәй көш емес, елге бүлік алып келе жатқан көш. Кейін «Айбыны жұрт көңіліне қорқу салды, Аңсызда бір аждаға келгендей боп» деп бұл тұспалын нақтылай түседі.Көш Шаңдақкөлге «еңкейіп келе жатыр». Ақын тағы да синоним сөздерді таңдап қолданған. «Жақындап», «таяп», «жуықтап», «жанасып» деген сөздерді пайдаланған.«Жағаның жасыл тартқан балқашында, көш алдында тіккен шатыр көрінеді. Шатырдың тіреулері жалт-жұлт етеді. Ішінде күжілдеген кілең бөрі, жамбастарында селебелер жарқылдайды. Жасыл сырлы керегелер жайылып, оқалы үзік, дөдегелер ат үстінен сырықпен көтеріліп жабылад».Жанды сурет жалғаса түседі:Тартылып жібек белбеу, шым зерлеген,Ақ киіз оймышталған күн көрмеген,Алтындап шаңырағына шоқ орнатып,Шеңбері шымқай күміс күмбезденген. Ақ үйлер жұмыртқадай қатарласып,Иесіз жер ен даланы мысы басып,Бәрінің тәңірісіндей ортасындаАңғарын бір ақ орда тұрған ашып. Қаңтарып ылғи жарау атты парлап,Нарларды қызыл бұйра шапқатарлап.Қақтырып қайың қазық, желді тартып,Тулатып асау, тағы құлын байлап.«Селебе», «дөдеге», «оқалы үзік», «белдеу» қазір жиі айтыла бермейтін көне сөзге (арахизмге) айналып бара жатқан киіз үйге байланысты атаулар. «Алтындап шаңырағына шоқ орнату» да көбімізге беймәлім әшекей. «Қызыл бұйра» нарлар, «қайың қазық», «асау, тағы құлын» тың айқындаулар. Ханның кескін-келбеті де ерекше. Болып жатқан, болғалы тұрған оқиғаның ішінде өзің жүргендей күй кешесің.Төртбақты адам екен бойы тапал,Қайқы мұрт, бурыл жирен селдір сақал.Қой көздер тарамданып тарғыл тартқан,Отты ұшын зәреңді алып оқтай атар. Дөң мұрын иегіне біткен еңке,Секілді кесек томар жатқан келтек.Кетеді кейде ілгері, кейде кейін,Сөйлесе басындағы алтын телпек..-ақын осы өлең жолдарынан адамнынң түр-сипатын, киген киімін, бет әлпетін, мінез-құлқын суреттейді.Нұрхан оқиғаны суреттеуге асқан шебер: «Ел жатып, түн аударып  (бейнелі сөз!) дамылдаған. Түндіктерді жамылмаған бір үй жоқ. Ала таңға бір ұйқыдай қалғанда дауылдаған бір екпін қатты соғады. Көп жылқы көлдің бойын дүрілдетіп, жалқұйрықтары суылдатып, гуілдетіп, тұяқтары су сабатын солқылдатып, қалың елдің үстімен өтіп барады. Тақырда ат тұяғын тақылдатып, тебініп үзенгісін шақылдатып, жылқыны үсті-үстіне сойылдап, қайың құрықты бейнелеп айтып тұр. (Егіздеу – параллелизм!) «Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу» - З.Қабдолов өлеңнің эмоциялық қуатын күшейте түскен.Зар қағып қатын-бала еңіреді,Ың-жың боп кетті ауылдың төңірегі,Ит үріп, түйе боздап, қой дүркіреп,Сиырлар азан-қазан мөңіреді. Жау қақты көн қарағай дабылдарын,Дабылдың естігенде ел қағылғанын –Тығылды қыз-келіншек жер ошаққа,Жамылып ат, түйенің жауларын. Ауылды қаптаған жау келе басты,Найзаның ұшыменен түндік ашты, -Қалған ел қамтамада қайда барсын? –Тұра алмай жауға қарсы үйге қашты...»Нұрхан ақын кейіпкерлерінің істеген ісі арқылы жауыздығын көрсетіп, халықты одан түңілдіреді.Ақын поэмалары мен өлеңдерінде бейнелі, бедерлі сөздер жиі ұшырасады: «Торғайдың тусыраған қара отына жылжымай айдау жеген мал күрмелді», «Халықты қайырымымен қандырушы еді», «Дүниенің домбырасын бұрай-бұрай», «Ыңырсып сары самаурын келді қайнап», «Қабағы бір жабылып, бір ашылып, желдетіп құйды  аспаннан қара нөсер», «Өкпек жел мұз өкпесін жегідей жеп, іркілдеп жөнелді қар егіле кеп», «ойрандап зымыстанның ақ қаласы» (Ақ қала деп автор қарды айтып отыр), «Күнгей бет көңілденіп сала берді», «Көтерем көк
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!