Материалдар / Ғылыми жоба "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс"

Ғылыми жоба "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты жазылған. Осы жобаны қорғаған оқушым ауданнан 2 орын алды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2386
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



1.Кіріспе

1.1.Көтерілістің басталу себептері,сипаты.


2.Негізгі бөлім

2.1. Қасірет пер қасиет болып кеоген жыл оқиғасы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қозғаушы күші.

2.2. Көтерілістің негізгі ошақтары (Торғай,Жетісу). Азаттық үшін айқасқан көтерілістің көрнекті басшылары Мәмбетов Жәмеңке, Саурықов Ұзақ, Әшекеев Бекболат т.б.

2.3. Қарқара көтерілісі. Көтерілістің басшылары Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов


3.Қорытынды.

3.1. Көтерілістің жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, көтерілісшілерге қолданған жазалау шаралары.

Көтерілістің тарихи маңызы мен қазіргі кезеңдегі мәні.

Көтерілістің 100жылдығы ел есінде.

Қарқара көтерілісі туралы ел есінде қалған өлең жырлардан, тарихи құжаттардан қосымшалар


























Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс — халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі. Оның басты мақсаты — ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі. Сонымен, ұлт-азаттық қозғалысы, ұлт-азаттық көтерілісі, ұлт-азаттық соғысы – осынау ұғым-түсініктер тілімізде, ділімізде, Отан тарихынан жазылған зерттеулерде берік орын тепкені ақиқат. Мұның себебі де түсінікті. Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалпастан, үздіксіз күресті. Ұлт-азаттық қозғалысының үш мәнді белгісі бар: біріншісі – қозғалысқа жалпы ұлттық идеяның тән болуы; екіншісі – қозғалыс алға қойған негізuі мақсаттың анық та ашық түрде мемлекеттік билік мәселесіне келіп тірелуі; үшіншісі – қозғалыстың басында ұлт зиялыларының саяси көтергендік, қолбасшылық кемелдік, дипломатиялық , харизмасы өткір қасиеттері бойында бар көрнекті өкілдерінің тұруы. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс империализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды.1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды. Орасан зор өңірді түгелдей халықтық қозғалыстың жалыны шарпыды. Көтеріліске шыққан халықтың қалауымен көтерілісшілер болыс Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин (Верный уезі), Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов ( Қарқара ), Ақкөз Қосанов (Меркі ауданындағы Құрақты болысы ) және т. б. басқарды.

1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі торғай облысында орын алды. Мұнда қазақ шаруаларының күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды. Онда билік көтерлісшілер қолына көшті. Көтерлісшілер Нияз бидің немересі Әбділғафар Жанбосыновты хан етіп сайлап, Амангелдіні сардарбегі етіп сайлады. Көтеріліске жалпы саны 20 000 дейін жеткен.1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс империализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс-1916 жылғы Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі. Қазақстан халықтарының империялизмге, соғысқа, езгі, қанауға қарсы бұқаралық ұлт-азаттық көтерілісі. Терек, Кубань обылыстары мен Закавказье Орта Азия, Қазақстан, Сібірдің «бұратана» халықтарынан майданға қара жұмысқа адам алу жөніндегі 1916 жылы 25 маусымдаға патша жарлығынан соң басталды. 1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі себептері: 
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 –дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын.
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 
6. Орыстандыру саясаты. 
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші халық бұқарасы болды. 
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. 
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды: 
1. 
Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 
2. 
Революцияшыл топ өкілдері – Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, Ә. Майкотов, С. Сейфуллин, Т.Бокин, С. Меңдешов, Б. Алманов т.б қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 
3. 
Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. 
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: 
1. Жетісуда – Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, Ж.Мәмбетов, Ұ. Саурықов (Қарқара). 
2. Торғайда - Амангелді Иманов. 
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 
4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов. 
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей түсті.
 
отарлық езгінің күшеюі, жердің тартып алынуы, алым-салықтың көбеюі, бұқара жағдайының күрт нашарлауы еді. Оның негізг іқозғаушы күші, жергілікті ұлт шаруаларынан тұратын халық бұқарасы болды. Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тартып алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін ең басты себеп ретінде қарастыру керек. Көтерілістің негізгі козғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жаткан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды. Көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты. Қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта болды. Осыған орай езіліп, жаншылған орыс тұрғындарының арасынан да көтерілісшілерді қолдағандар табылды. «Қазан-богородский селосында,-деп мәләмдемені Верныйдың полицмейстері Жетісу обылысының әскери губенаторы М.А. Фольмбаумға,-шаруалар Иван Долматов пен Дормидон Федосов… қырғыздарды алынатын жергілікті тұрғындардың тізімін жасатпауға шақырады.» Орыс кедейлерінің патша үкіметінің билеп-төстеуіне қарсылық білдіріп, көтерілісшілер жағына шығып, көмек көрсеткендері жайлы фкатілерде белгілі. Жетісу, Семей; Ақмола мен Торғай обылыстарында қаруланған көтерілісшілер отрядтары жергілікті әкімшілік өкілдерін жазалап, бай-феодалдардың, болыс басшылырының мүліктерін қиратты, полиция және патша әскерлерімен қақтығысқа түсіп, әскер жасындағы жастарға толықтырылған тізімдерді, тартып алып, жойып отырды. Кейбір жерлерде көтерілісшілер болыс басшыларын, ауыл старшындарын, құрметті ақсақалдарды және басқа да лауазымды жандарды өлтіріп, қарыз бен несие жөніндегі шарттарды, жер сатуға байланысты документтерді, салық салу қағаздарын жойып отырды.Көтерілісшілердің қатарын Риддер тау-кен өнеркәсіптік қоғамның, Қарсақпай, Спасск заводтарының, Успен мен Жезқазған кен орындарының, Қарағанды көмір кенінің қазақ жұмысшылары толықтырды. Қозғалысты бәсеңдету үшін 1916 жылдың 20 шілдеде патша мүсіркеушілік білдіріп, жігіттерді егін орағы біткенге дейін әскер қатарына шақырудан қалдырды. Кейін оны 1916 жылы 15 қыркүйекке дейін ұзартты. Әйтседе барған сайын күшейе түскен ұлт-азаттық қозғалысын келіссөз жүргізу жолымен тоқтату мүмкін емес еді. Көтеріліс елеулі саяси және революциялық факторға айнала бастады.Қазақтың демократ интеллигенциясы халық жағына шықты. Олар бай-манаптардың сатқындық әркеттерін әшкерелеп, Орыс халқымен бірге орыс патшасына қарсы! Деген ұранмен халықты бостандық жолындағы күреске жігерлендірді. Торғай даласында-большевик Әліби Жангелдин мен Аманкелді Иманов, Орал обылысында Сейітқали Мендешев, Ақтөбе даласында- Бәмән Алманов, Ақмола даласында-Әділбек Майкөтов пен Сәкен Сейфуллин, Жетісуда-Тоқаш Бокин мен Бекболат Әшекеев, Сәт Ниязбеков, Сырдария обылысында Тұрар Рысқұлов т.б. болды. Орта Азия мен Қазақстан халықтары бостандық үшін патшаға тонаушылық соғысқа қарсы, Россия халоықтарымен тең дәрежедегі правосы үшін күреске көтерілді.Россия жұмысшы табы отарланған бұратана халықтар тарыпатынан шын одақтас таптыҚозғалыс стихиялы, әр түрлі аймақтарда әр түрлі мезгілде басталды да, онда жұмысшы табының және бір орталыққа бағындырылған басшылығы болмады. Осыған қарамастан қозғалыс еңбекші халыққа революциялық сабақ беруде айтарлықтай роль артқарды. Көтеріліс бүкіл Қазақстан теориясын тегіс қамтыды, жазалаушы отрядтармен қараулы шайқастар бірнеше айларға созылды; Торғай обылысындағы көтеріліс ең ұзаққа созылған, ең ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтерілісшілерге халық батыры Аманкелді Иманов пен большевик Әліби Жанкелдин басшылық етті. Патша әскерлері көтірілісті қаталдықпен басып-жаншыды, көптеген көтерілісшілер мен бейбіт халық қырғынға ұшырады. 300 мыңдай адам басқа жаққа көшті.Ұлт-азаттық көтерілісі жұмысшы табының революциялық күресімен үдесіп жатты. Қазақ халқы бостандық жолында патша үкіметіне, тонаушылық соғысқа қарсы, жер үшін, ұлтық тәуелсіздік үшін күресті. Ол Россиядағы өрлей түскен революциялық жұмысшы-шаруалар қозғалысының құрамдас бөлігі болды. Ел ішінде революциялық жағдай қалыптасты. Отаршылдар тілімен айтқанда, бұтана халықтардан қара жұмысқа 18 бен 43 жас аралығындағы адамдарды мобилизациялау жайлы 52 маусымдағы патша жарлығы бүкіл қазақ даласын дүрсілкіндірді. Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу,Сырдария,Орал обылыстарының Бөкей ордасының қазақтары бас көтерді. Халықтың ғасырлар бойғы ашу-ызасы бір-ақ сәтте тасыған судай ақтарылды. Қарапайым қару-жарақпен қаруланған ауыл қазақтары патша шненеуіктеріне, олардың сөзін сөйлеген болыс-билеріне де қарсы шығып, көптеген жерлерде оларды аяусыз жазалады. Сөйтіп, бүкіл қазақ даласы көтеріліске шықты. Көтерілістің Торғайда-Ә.Жанкелдин, Оралда-С.Мендешев, Маңғыстауда-Ж.Мыңбаев, Ақмолада-С.Сейфуллин, Сырдарияда-Қ.Рұсқылов, Жетісуда-Т.Бокин саяси басшылары болды. Алайда патшаның жазалаушы отрядтары көтерілісшілерге құрсанған темір жасаулы қолмен келіп, оларды аяусыз тұншықтырды. Дегенмен оларға қатты қарсылық көрсетіп, бетін қайтарған ержүрек сарбаздар қатары күн сайын көбейе түскен еді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ең ұйымдасқан және қатты қарсылық көрсетіп, орыс патшасының үрейін ұшырған соғыс Торғай даласында болды. Торғай уезі ғана емес, сол кездегі ұланғайыр Торғай обылысының Торғай, Ырғыз,Ақтөбе,Қостанай уездерін және оған көршілес Атбасар, Ұлытау жерлерінде қамтыды.Көтеріліс басшысы, яғни хан болып елдің белгілі азаматы Қыпшақтың Нияз атасынан Әбдіғапар Жанбосынұлы сайланды. Сарбаздар сардары болып Кенесарының батыры Иманның немересі Аманкелді бас мергені болып есімі халықарасында аңыз болып тараған Кейкі Көкенбайұлы сайланды.Көтерілісшілер қатары қазан айында 50 мыңға жетті. Сарбаздардың ішкі тәртібін нығайтып, оларға онбасы, жүзбасы,мыңбасылар сайланды. Көтерілісшілер санының тез арада мұндай дәрежеге өсуі Торғайдың әскери губенаторы М.Эверсманды қатты алаңдатты. Торғай,Ырғыздың кең даласында бөлінген 20 көтерілісшілер отряды басқа обылыстардағы қазақ рухын көтеріп, Қарсақбай,Ақмола,Семей обылыстарынан да қарулы тотар қосылды. 22 қазан күні олар Торғай қаласын қоршауға алды. Бұл кезде генерал А. Лавреньев бастаған мұздай қаруланған жазушылар корпусы үш бағытта: Шалқар-Торғай, Қарабұтақ-Торғай, Қостанай-Торғай бағыттарымен жолға шыққан еді. Қару-жарақтарының жетіспеушілігіне қарамастан, халық көзсіз ерлікпен соғыса берді. 1916 жылдың күзі мен 1917 жылдың қысында көтерілісшілер Доғал,Үрпек,Шошқалы қопа, Бетбаққара, Татыр далаларында ұрыс салып, жазушылардың бетін қайтарды. Осы соғыста қаһармандықпен қол бастап, ерлігімен үлгі болған Аманкелді батыр мен құралайды көзге атқан әйгілі қол мерген Кейкі батырдың жауынгерлік даңқы бүкіл қазақ даласына аңыз болып тарады. Көтеріліс 1917 жылғы ақпан революциясына жалғасты. Тарихымыздағы ерекше орын алатын көтерілістің бірі-Жетісу обылысындағы қарулы көтеріліс еді. Әсіресе Жайылмыш болысындағы Бекболат Әшекеев бастаған бірнеше мыңдаған көтерілісшілер тобы Үшқоңыр, Ошақты деген жерлерде бас қосып, қара жұмысқа адам бермеуге пәтуаласты. Үшқоңыр көтерілісшілер орталығы болып, ұсталар қару-жарақ соқты, жігіттер соғыс өнеріне жаттықты. Патша әскері жолдарына қарауылдар қойылып,тосқауылдар жасалды. Сарбаздар Верный қаласына шабуыл жасамақ ниетпен көрші аудандардағы көтерілісшілермен байланыс жасады. Патша үкіметі Түркістан өлкесін соғыс жағдайында деп жариялады. Верный,Жаркент, уездерінде қарулы қақтығыстар болды. Түркістанның генграл-губенаторы Куропаткин мен Жетісудың соғыс губенаторы Фольбаум қарулы отрядтар құруға мәжбүр болды.Жазлаушы әскерлер көтерілісшілер ғана емес, бейбіт халыққа да аяусыз зәбір жасады. Оларды атты, асты, дүние-мүлкін талауға салды. Қарулы әскерге қарсы тұра алмаған көтерілісшілер Қытай мен Қаш ғар жеріне қашты. Қолға түскен көтеріліс басшысы Бекболатты дарға асты. Жүздеген көтерілісшілер өлім жазасына кесілді.Осы өлкенің Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов бастаған қарқара көтерілісшілері де тізе бүгіп, оның басшыларын патша жендеттері у беріп өлтірді. Ұзақ Жәрмеңке сарбаздарының алғашқы бас қосқан халық осы күні Ереуілтөбе деп атайды.Самодержавие құлатылғаннан кейін де патшаның жазалаушы отрядтары қазақ даласында ойран салуын, ал әскери-дала соттары көтерілісшілерге қатаң үкім шығаруын тоқтатпады. Патша үкіметі майданға шақырылған жігіттерді кері қайтаруды кешеуілдетті. Уақытша үкімет әуелі жергілікті тұрғындардан майданға жаңа адамдар алуға әркет жасады.Уақытша үкімет комиссиларының іс-әркеттері феодалдар мен байлар тарапынан үнемі қолдау тауып отырды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары феодалдар мен ру ақсүйектерінің көмегімен Торғай мен Атбасар далаларында, Ұлытау өңірінде, Жетісу мен Балқаш өңірінде көтерілісшілерді ауыздықтауға бағытталған әрекетітері іске аспады. Патша тақтан құлатылғаннан кейін, қазақ еңбекшілерінің күресі ұлттық, аграрлық мәселелерді шешуде дәрменсіздік көрсеткен Уақытша буржуазиялық үкіметке қарсы бағытталды.Жәмеңке Мәмбетұлы (1838, бұрынғы Жетісу облысы Жаркент уезі — 10.8.1916, Қырғызстан, Қаракол қ.) — батыр. Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Жастайынан өткірлігімен, шешендігімен көзге түсіп, 18 жасынан билікке араласып, әділдігімен елге танылған. 19 жасында Қарқара өңірінің игі-жақсыларымен бірге Тезек төремен кездеседі. Ж. Қарқара қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының ақылгөй ағасы атанған. Туысқан екі елдің татулығы мен достығын, бірлігі мен бейбітшілігін сақтап, нығайтуға көп еңбек сіңірген. Ж-нің ұйымдастырушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында айқын байқалды. Патша үкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-Шарын өңіріндегі албан тайпасының 16 болысының өкілдері Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жиналып мәжіліс өткізеді. Мәжілісті Ж. бастап ашып, ол патшаның жарлығына қарсы шығып: “.... бізден бала сұрайды. Қара жұмыс істетеміз деп жақақтады. Елден бір кеткен соң не қылса, өзі біледі. Қолдан шыққан соң соғысқа айдап салмай не қылады. ... бала өлгенше, шал өлсін, патшаның жарлығын орындамаймыз” — деп сөз сөйледі. Осы мәжілістен кейін халық бұқарасы патша үкіметінің билік орындарына бағынудан бас тартты. 11 шілде күні Қарқара жәрмеңкесінде жиналған халықтың алдында Ж. Нарынқол — Шарын бөлімшесінің бастығы Подворковке қазақ халқы ресми түрде патша жарлығын орындамайтынын мәлімдеді. Ж-ге өзақ Саурықұлы, Жаңабай Құдайбергенұлы, т.б. ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырушылар қолдау көрсетті. 22 шілде күні бөлімше бастығы Подворков Ж. мен өзақ Саурықұлын, 10 күннен кейін 11 шілде күні жәрмеңкедегі жиынға қатысып, белсенділік көрсеткен бір топ адамды тұтқынға алып, Қарақол түрмесіне айдатады. Түрмеге түскеннен кейін уезд бастығы полк. Иванов олардан патша жарлығын орындауды талап етеді, Ж. бастаған қозғалыс жетекшілері бұл шарттан бас тартады. Патша жендеттері 9 тамыз күні Ж-нің тамағына у қосып береді де, 10 тамыз күні Ж. қайтыс болады. өзақ Саурықұлы қайтыс болған Ж-ні құшақтап отырып: “Жан жолдасым Жәмеңке”, деп басталатын жоқтау айтады. Жәмеңкенің елге танылып, билікке араласқанына Қашаған би Әуелұлының да ықпалы болған екен. Және де белгілі биден көп нәрсе үйренген. Қашаған 1847 жылы Албан руына би болып сайланып, келесі жылы Алтынемел жайлауында отырған Жетісу өлкесінің билеушісі Тезек төреден қазақ биі деген белгісін алған. Тезектің он екі биінің бірі атанған Қашаған елу жылдай билікте болып, өзінен кейінгі талай жастарды тәрбиелеп, дау-жанжалды қалай шешуді үйретіп, ақыл кеңестерін беріпті. Сол тәрбиені көрген Жәмеңке қазақ пен қырғыз арасындағы даулы мәселелерге де қатысады. Сондай бір басқосуда «Жәмеңке Қашаған биден сұрапты» деген әңгіме ел арасында бар. «Қашеке көп тыңдап, аз сөй­лейтін болдыңыз. Бұл қалай?» депті. Сонда Қашаған: «Біз болсақ таудан түсіп келеміз, сендер болсаңдар таудың басына шығып барасыңдар. Кезінде жағым талғанша сөйледім, аяғым талғанша жүрдім. Енді сөз де, жол да сендердікі. Жастардың жұмысына не жастың жайсаңы, не кәрінің сайтаны араласады. Енді менікі –  тыңдау, сендердікі – сөйлеу» деп жауабын беріпті. Жәмеңке Мәмбетұлы 1838 жылы Жәркент уезінде дүниеге келген. Ерекше қабілетімен танылып, 18 жасынан билікке араласыпты. 19 жасында Қарқарада Албанның игі жақсылары Тезек төремен кездескенде Жәмеңкені көрген төре: «Шіркін-ай, мойын омыртқалары адамзатта сирек кездесуі, алдынан ат шаптырмас екен» деп, баға беруі де тегін емес. Сол жылдардан бастап, 27 жыл Жәмеңке Иванов болысының беделді ғана емес, Ыстықкөлді мекендеген қырғыздарға да танымал биі болыпты. Сөзге шешен, тілмарлығымен дауға да әділ төрелігін айтқан кісі. Көнекөз қариялардың айтуынша, Жәмеңке орта бойлы, ер мінезді, кеудесі тіп-тік, қара торы, шоқша сақалды, сұйықтау мұрты бар, дауысы жіңішкелеу, орта етті, сопақ басты қария ретінде көптің есінде қалған. 1909 жылдары Нарынқолда қазақ балалары үшін қазақ-орыс мектебін ашуға да үлес қосқандығы туралы әңгіме айтылады. 1916 жылғы патша өкіметінің 26 маусымындағы жарлығына байланысты туындаған ел басындағы қиындықты Ұзақ пен Жәмеңкенің бірлесіп шешкен байламдары арқылы бір ауыз шешімге келген. Бүкіл албан елі «Жәмеңке мен Ұзақ не дейді?» – деп жауап күткен. Оны біз Мұхтар Әуезовтің кітабынан табамыз. «1916 жылы патша жарлығына қарсы шығып, оны орындаудан бас тартқаны үшін және Қарқара жәрмеңкесінде көтеріліс ұйымдастырды», – деген айып тағылып, уездік әкімшіліктің тарапынан Албанның игі жақсылары 16 адамды тұтқындайды. Көп кешікпей 10 қарулы әскермен Қарақол абақтысына жеткізген. Қамалғандардың ішінде «көтерілістің басшылары» деп, Ұзақ пен Жәмеңке және Әубәкірден жауап алады. Олар айтқанынан қайтпай, өзде­рінің пікірлерінен таймайды. Осыдан кейін көп кешікпей абақты жендеттері Жәмеңке ақсақалға әдейі қастандық ұйымдастырады. Абақтыдағы жасы сексенге таянған Жәмеңкеге у беріп, «ажалымен өлді» деген сылтау айтқан. «Жәмеңкенің сүйегі жақын туысқандары берілмесін» деген бұйрық та болып, оның сүйегі мұсылман зиратына жасырын көміліпті. – Біздің жақын туысымыз Динамжан Дәуітов деген ағамыз 1990 жылдары атамыз Жәмеңке би туралы дерек жинамақ ниетінде Қарақол қаласына барған еді. Ағамыздың айтуынша Жәмеңке атамыз сол жердегі ноғай зиратына жерленген, басына самауырындай ақ тас қойылған деген сөзді естіп, қалың зиратты аралап іздепті. Бірақ атамыздың зиратын таба алмапты. Себебі айналасын қалың зират басқан. Тасты біреулер керегіне алып, не болмаса қалың шөптің астында қалған ба деп келді. Анығында атамыз сол ноғай бейтіне жерленгені рас. 1991 жылы мен Алматыдағы мұғалімдер білім жетілдіру институтында тыңдаушы болып жүргенімде, белгілі зерттеуші, жазушы Тұрсын Жұртбаев біздерге дәріс оқыды. Мен ол кісімен кездесіп, 1916 жылғы Қарқара көтерілісінің басшысының бірі болған Жәмеңкенің ұрпағы екенімді айтып, атам жайлы сұраған едім. Жұртбаев өзінің Қарқарадағы албандар көтерілісі туралы зерттеу жұмысында КГБ-ның рұқсатымен Қарақол абақтысындағы материалдармен танысқанында атам Жәмеңке туралы кейбір деректерді көрсеткен еді. Онда атамның тамыздың 10, кейде 9-ы, ал кейде 8-і өлді деген деректің шындыққа жанаспайтынын көрдім. Жұртбаевтың қолындағы деректе дәрігер Левин Жәмеңке Мәмбетовтің қай күні өлгендігі туралы сараптамалық анықтама беріпті. Анықтамалық сараптама кәдімгі кирилица әріпімен орысша жазылған. Жазуы маржандай. Онда атам «кәріліктен 7 тамызда қайтыс болған» деп жазылыпты. Ал шын мәнінде атам абақтыда 6-тамыз күні кешкі тамаққа қосып берген удан уланып, 7-і күні қайтыс болған. Бұл туралы дәрігер ешнәрсе жазбапты, -дейді Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауылындағы Жәмеңке Мәмбетұлы атындағы орта мектепте 40 жыл қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген ұстаз, Жәмеңкенің шөбересі Монқай Құдайбергенұлы . – Жәмеңке мен Ұзақ екеуі қатты сыйласқан жандар. Албан арасында бірін-бірі толықтырып тұратын жақтары басым. Билікте де бірге жүріп, ел ішіндегі дау-жанжалды бірге шешкен. Кейбір басқосуларда екеуі ренжісіп те, кейде өкпелесіп те қалған деседі ел. Алайда бірін-бірі кешіре біліп, жақсы сыйласқан. Оны біз үлкен кісілердің әңгімесінен естіп өстік, дейді сарыбастаулық 92 жастағы көнекөз қария Рахман Төкебаев. – Бір отырыс жиында Жәмеңке мен Ұзақ қатты ренжісіп қалыпты. Ұзақтың ашуланғаны соншалық, отырған орынынан қарғып тұрып, «Атаңа нәлет, басыңды кесіп алайын ба? Айт-Бозымға бір серкешке құның келмейді» деп айтыпты. Ол кезде Ұзақ дәулетті болса керек. Бір адамның құны жүз жылқы көрінеді. Шатақ шыққаннан кейін жиын тарқап кеткен. Ертесінде ел қайта жиналып, жиындарын жалғастырыпты. Сірә, Жәмеңке дұрыс сөйлемеді ме, жоқ басқа әңгіме болды ма ол жағы белгісіз. Жиынға Жәмеңке келмепті. Жағдайдың бәрін ұққан Жәмеңкенің бәйбішесі ақылды адам екен. Ұзақтың алдына келіп, «Батыр, ағаң жетпістен асқанда бір ағаттық кеткен болар, кешір. Сөзден жаңылған болар. Екеуіңнің ренжіскендерің болмас» дегенде, Ұзақ: «Әттеген-ай, ақ жаулығыңмен алдыма келіп кешірім сұраған екенсің, әйел жолы жіңішке деуші еді, қайыр кешірдім» депті. Осыдан кейін Ұзақ пен Жәмеңке қайтадан қатар жүріп, ел ішіндегі көп мәселені бірге шешкен. Жәмеңке албан мен қырғызға белгілі де беделді адам болғаны елге аян. Оның беделдігі тілінде, ақылға салып айтуында немесе дұрыс бағасын беруде болса керек. Сол үшін Жәмеңкені ел бағалап, басқаларда мойындаған және сыйлап өткен. Ел ішіндегі көп дау мен жанжалды ақыл парасатымен шешіп берген. Осы әділдігі үшін ел сыйлап, құрметтеген. Төрінен орын берген. Елмен есептесіп, пікірін айтып отырған. Бір отырыста Жәмеңкеден ел сұрапты деген әңгіме бар. Отырғандардың бірі: «Жәке сіз кімнен қорқасыз?» – дегенде «Албанда екі адам бар, бір – Айт Қожым, ол тауып айтады, тілі тас жарады. Екіншісі – батыр Ұзақ. Ол бас, көз демей кесіп айтады. Ал қалғандарына пішту», – депті. Бірде Албан руының ішіндегі Айт тармағынан тарайтын Қожым мен Жәмеңке Текес өзенінің аспалы көпірінен арғы бетке өтпек болып, екеуі де аттарынан түседі. Бірінші болып, Қожым атын жетектеп, өзеннен тез-ақ өтіп, артына қараса, Жәмеңке көпірдің бел ортасына келгенде кермелі арқанды етпеттей ұстап тұрса керек. Жолдасының мына қылығын көрген Қожым күлкіге айналдырып, «Жәке-ау, Жәке, сізге не болды? Астыңызға көпірді алып апсыз, есіңізге үйдегі жеңгем түсіп кетті ме?» деп шағып алыпты. Бұл сөзге жауап қатпаған Жәкең аспалы көпірден өткеннен кейін «Қожым, жаңағы сөзің елге кетпесін, ауыз бастырық мойынымда» деп атына мініпті. Ерте бір жылдары Қызай мен Албан елі арасында үлкен дау болып, Қызай жағынан атақты биі Байеке бастаған елдің игі жақсы­лары Кегенге келсе керек. Дауын шешуге Албаннан Жәмеңкеге беріпті. Дауласқан екі жақта сөйлеп, дауларын айтқан. Екі жақтың сөзін тыңдаған Жәмеңке: «Егер сендер адал, ақ болсаңдар мына Кегеннің өзенінен қырық рет өтесіңдер» деп қызайлар жағына сөз тастаған екен. Бұл шешімді Байеке жағы өзара ақыл­дасып, «мақұл» дескен. «Шартқа келістік. Бізге екіреткі намаз оқуға мұрсат берілсе. Содан кейін өтеміз» депті Байеке. Қызайлар екіреткі намазын оқып, Кегеннің суынан қырық рет өтіпті. Байекенің шартты орындағанына Жәмеңке риза болып, қызайдың дауын шешіп, ризашылықтарын алыпты. Албанның игі жақсылар жиналып отырғанда Жәмеңкеден біреулер: «Жәке, албанда қызыр бар ма?», – депті. Сонда Жәмеңке: «Үш қызыр бар. Біріншісі – сүйіндік Ниязбек байда, екіншісі – қызылбөрік Қашағанда, үшіншісі – жолдыбай Түркебайда» дегенде, екінші біреуі: – Ал Албанда қанша білгіш бар?, – депті. – Албанда төрт білгіш бар. Төртеуі болғаны Албанның төрт құбыласы тең болғаны. Алжан Жанқабыл білгіш, құрман Қаңтардың Кәрібозы білгіш, Бәйіттің Өтебайы білгіш, қызылбөріктің Мейірманы білгіш. Қалғандары дауы көп, дауы көптің жауы көп. Не титықтап бітеді, не ала көздік танытады деп жауап беріпті. – Ал Албанның құлы кім депті? – Албанның құлы – Жәмеңке мен Ұзақ. Ол байға да құлақ тосады, кедейге де құлақ тосады. Әділдік үшін Құдай жолын ашады, – деген екен. Ұзақ Cаурықұлы (1855, бұрынғы Жетісу губ., Жаркент у. — 13.8.1916, Қырғызстан, Қарақол қ.) — батыр1916 ж. Жетісудағы Қарқара көтерілісі ұйымдастырушыларының бірі. Әкесі Саурық Жетісу жерін жоңғар-қалмақтардан азат етуге белсене қатысқан. Тегі албан руының Құрман атасынан шыққан. Ұзақ ел билігіне жас кезінен араласты. 1895 ж. қыс қатты болып, жұт қаупі төнгенде Ұзақ батыр қалың жылқысын Қытай жеріндегі тау ығына қыстатқан. “Шекара заңын мойындамады” деген кінә тағыпҚытайбилеушілері Ұзақтың үстінен Жетісудағы патша әкімш-не шағым түсірді. Ұзақты тұтқындауға келген қазақ-орыс жасақтарымен болған қақтығыста бірнеше адам қазаға ұшырады. Осыдан соң жергілікті патша өкіметінің әкімшілігі Ұзақты тұтқындау үшін жазалаушы жасақ шығарды. Олар батыр Құлжа өңірінде жасақ жинау мақсатымен жүргенде ауылын шауып, Ұзақтың ұлы Рүстемді өлтіріп, туыстарын түгелдей тұтқындады. Еліндегі ойранға шыдай алмаған Ұзақ Қырғызстандағы патшаның жергілікті әкімш-не өзі барды. Патша өкіметі оны 7 жылға соттады. Батыр жазаның 5 жылын өтеп, қалған 2 жылына ақшалай айып төлеп, елге оралды. Отаршыл Ресейдің жергілікті әкімшінің қазақ жерін тартып алып, еселей салық салу әрекеттеріне қарсы шыққан Ұзақ кейіннен екінші рет жауапқа тартылып, “патша жарлығын мойындамады” деген желеумен тағы да екі жылға сотталды. Жергілікті билік шешімдеріне қарсы шыққаны үшін үшінші рет Верный түрмесіне қамалған. Түпкі мақсаты — қарулы күрес жүргізу мұратынан айнымаған Ұзақ 1916 ж. шілденің бас кезінде майданның қара жұмысына кісі алу жөніндегі патша үкіметінің жарлығына қарсы үгіт жұмыстарын жүргізді. Ұзақ пен Жәмеңке Мәмбетұлы басқарған Жаркент у-ндегі Нарынқол — Шарын учаскесінің 1000-нан астам тұрғыны 1916 ж. 11 шілдеде Қарқара жайлауында бас қосып, майданның қара жұмысына адам бермеуге келісті. Егер патша үкіметі өз жарлығын күшпен жүзеге асырмақ болса, оған қарулы көтеріліспен жауап беру туралы байлам жасалды. Осыдан бастап Ұзақ төңірегіне көп адам топтасты. Толқудың қарулы көтеріліске ұласып кетуінен сескенген патша үкіметінің жергілікті органдары 1916 ж. 22 шілдеде Ұзақты бірнеше серіктерімен тұтқынға алды. Көп кешікпей ол Қарақол түрмесіне айдалды. 12 тамыздың түнінде тұтқындарға қарулы күзетшілер кенеттен оқ жаудырған сәттегі аласапыранды пайдаланып, серіктерінің көмегімен түрмеден қашып шыққан Ұзақ батыр қапыда қаза тапты Ұзақтың арғы атасы – Әлмерек. Ол – бүкiл қазаққа белгiлi әулие әрi батыр болған кiсi. Райымбек батырға бата берген бiр тайпа елдiң батагөй ақылшысы. Қазiр оның кесенесi Алматы қаласының түбiндегi Покровка селосында. Село бүгiнгi күнi абыздың есiмiмен аталып жүр.

Бекболат Әшекеев (1843/48 ж.ш., бұрынғы Жетісу облысыЖайылмыс болысы 11-а. - 9.9. 1916Алматы облысыІле ауданыБоралдай) — ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.1916 жылы 7-8 шілдеде Бекболат Алматының батысындағы (шамамен 40 км) Үшқоңыр деген жерде Жайылмыс және онымен көршілес болыстар тұрғындарының басын қосып, Ресей патшасының маусым жарлығын талқылайды. Жақында Бекболаттың ұсынысымен тың жұмыстарына адам бермеу жөнінде шешім қабылданады. Осындай жиын 13 тамызда Верный уезінің Ошақты деген жерінде де өтеді. Үшқоңыр мекені көтеріліс орталығы болды. Бекболат ұста дүкендерін ашқызып, қару-жарақ жасатты, жігіттерді соғыс өнеріне үйретті, Үшқоңырға келетін жолдарға тосқауылдар қойылып, жазалаушы отрядтар өте алмайтын берік қамал жасалды. Көтерілісшілер Верный қаласына шабуыл жасау үшін күш біріктіру ниетімен ПішпекТоқмақ уездеріндегі және Ыстықкөл маңындағы қырғыз көтерілісшілерімен байланыс жасады. Тамыз айының ортасында Бекболат бастаған көтерілісшілер жақсы қаруланған жазалаушы отрядпен қақтығысады. Күші басым отрядқа төтеп бере алмаған кетерілісшілер Жасылкөл мен Құмбел асуы арқылы қырғыз жеріне шегініп, одан әрі Қытайға өтпек болады. Бірақ ел-жұртын қорғансыз қалдырмауға бел байлап, барлық кінәні өз мойнына алмақ болған Бекболат көтерілісшілерді таратып, өз еркімен жаудың қолына түседі. 1916 жылы 7 қыркүйекте Ресей армиясының Верный қалалық әскери гарнизонының соты Бекболатты дарға асуға үкім шығарды. Бекболаттың 20-дан астам жақын серіктестері де сотқа тартылып, олардың 12-сі өлім жазасына кесіледі Қарқара көтерілісі – 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу обл-ндағы орталығы. Кейбір архив құжаттарында “Албан көтерілісі”, халық жадында “Албан – Бұғы” көтерілісі деп аталады. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында отарлық езгі қатты күшейді, алым-салық көбейіп, халық тұрмысы күрт нашарлады. Ал, 1916 ж. 25 маусымдағы соғыстағы армияның тылдағы қара жұмыстарына Қазақстан, Орта Азия және ішінара Сібірдің 19 – 43 жас аралығындағы (кейіннен 43-тен 31-ге түсірілді) ер азаматтарды шақыру жөніндегі жарлығы көтерілістің шығуына түрткі болды. Жалпы Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың, соның ішінде Жетісудан – 87 мың адам шақырылды. Патша жарлығы жарияланысымен Қазақстанның барлық аймақтарында бұған қарсылық білдіру басталды. Қарқара – Жетісу обл-ның Жаркент уезіне қарайтын жайлау және әйгілі халықар. жәрмеңке орт. болатын. 16 болыстан тұратын албан тайпасының ата қонысы еді. Оның 13 болысы Жаркент уезіне, қалған үшеуі Верный уезіне қарады. 6 шілде күні 13 болыс өкілдері Ақбейіт тауында жиналып, патша жарлығын орындамауға баталасты. Келесі күні “Нарынқол – Шарын” приставының бастығы Подворков 13 болыс пен беделді адамдарды жинап алып, патша жарлығын дереу орындауды талап етті. Жиналғандар 4 – 5 күн ақылдасып, жауап бермек болып тарасты. Шілденің 10 күні жәрмеңкеден 10 км жердегі “Қабан Қарағай” деп аталатын жайлауда Құрман болысының беделді адамы Ұзақ Саурықовтың а-нда Құрман, Мерке, Шілік, Торайғыр, Сарытоғай, Қоңырбөрік, Қожбанбет, Бөдеті, Иванов, Алжан, Айт болыстарының басшылары мен басқа да беделді адамдары майдан жұмысына адам бермейміз деп келісті.Он күн өткеннен кейін Подворков казак-орыс жасағын алып келіп, “Ереуілтөбеде” болғандарды түгелге жуық тұтқындап, Қарақол (Пржевальск) қ-ндағы түрмеге қамады. Түрме басшылары ереуілшілердің ақылгөй ақсақалы Мәмбетұлын у беріп өлтірді. Қалған тұтқындар Қарақол уезі басшысы полк. Ивановтың бұйрығымен 8 тамыз күні атылды. Атылғандар арасында: Кәрібоз Қаңтарұлы, Суанқұл Арғынұлы, Қазыбек Шорманұлы, Үмеке Бестібайұлы, Біләл Разақұлы, Қағазбек Тоқтамысұлы, Жаңабай Құдайбергенұлы, Құрман Әділбекұлы, Бекайдар Сұлтанқұлұлы, Құдиярбек Шотаманұлы, Жанпейіс Отыншыұлы, т.б. болды. Көтерілісшілердің бір тобы Қайқы асуында жазалаушылар қолынан қаза тапты. Бірақ жазалау әрекеттері көтерілісті бірден баса алмады. Тамыздың ортасына қарай Жаркент уезі толық көтерілді. Көтерілісшілер 11 тамызда Жалаңаш ст-н басып алып, қоныс аудару басқармасының қызметкерлері Долгушинді, Адековті, т.б. бірнеше адамды өлтірді. 16 тамызда Монай Ұзақбайұлы басқарған албан жасақтары Қарқара жәрмеңкесін басып алды. 15 қыркүйекке дейін Нарынқол – Шарын приставына қарайтын өңір көтерілісшілер қолында болды. Верный уезіне қарайтын Қызылбөрік болысының тұрғындары да атқа мініп, 3 тамыз күні Асы жайлауында уезд бастығының көмекшісі Хлыновский басқарған жазалаушыларды Верныйға қуып тастады. Көтеріліс уездің басқа болыстарында да (Ботабай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты, Тайторы, Жайылмыш, т.б.) өрістеді. 10 – 12 қыркүйекте Лепсі уезіне қарасты Мақаншы – Садыр, Мәмбет – Қысқаш, Балқаш – Лепсі болыстарының қазақтары да көтеріліске шықты. Саратов с. маңында көтерілісшілер Маслов басқарған жазалаушы жасақпен соғысып, қырғынға ұшырады. Жазалаушылармен қарулы қақтығыстар Кіші, Орта, Үлкен Ақсу елді мекендеріндегі дүнгендер, Верный уезі Қорам болысындағы ұйғырлар арасында да болды. Қыркүйектің аяғы мен қазанның басында патша жазалаушылары көтерілісшілердің негізгі күштерін талқандады. Олар көтерілісшілерге қоса бейбіт халықты да қырғынға ұшыратты. Жетісу обл-ның бес уезінде 84 854 түтін (отбасы) болса, көтерілістен кейін 53 мың ғана түтін қалып, 31 854 түтін жойылды немесе Қытайға ауып кетті. Архив деректері бойынша Қ. к. кезінде Жетісудағы қазақ пен қырғыздардың жүзге жуық елді мекені жазалаушылардың шабуылына ұшырап, 373 үй өртенген, 1905 адам оққа ұшқан, 684 адам жараланып, 1105 кісі тұтқындалып, кейіннен із-түссіз жоғалған. Ал, патша жазалаушыларынан небәрі 171 адам ғана шығын болған. Қ. к. жөнінде М.О. Әуезов “Қилы заман” атты тарихи хикаят, Т.Жұртбаев “Бейуақ”, С.Тәнекеев “Қарқара – Албан көтерілісі” кітаптарын жазды. «Қарқара көтерiлiсiнiң» себеп-салдарын зерттеп, «Қилы заман» повесiн жазған қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов қасiреттi көтерiлiстi өмiрлiк шындық тұрғысында суреттеген. Онда көтерiлiс басшылары және оның нәтижесi көркем әдеби тiлде жазылса да, тарихшылардың пiкiрiне қарағанда, ол өзiнiң тарихи түп-тегiнен ауытқымаған, суреттелiп жазылған.Тарихта «Қарқара көтерiлiсi» немесе «Албан қырылған» деген аттармен қалған ұлт-азаттық көтерiлiс – 1916 жылы болған патшалық Ресейдiң бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа әскер алуына қарсы шыққан албан руының қарулы көтерiлiсi. Бұл көтерiлiстiң тарихы Кеңес Одағы кезiнде патшалық жүйеге қарсы коммунистiк сарынмен зерттелiп, оның ұлттық сипатына мән берiлмедi. Бiздiң қолымыздан өткен ондай ғылыми еңбектердiң денi таптық тұрғыда жазылудан арыға бармаған. Орыс отаршылдарының қазақ даласына салған лаңы көп екенi белгiлi. Арғысын айт­пағанда, бергi ғасырлардағы бұратана халықтың Ресейден тартқан азабы, көрген қасiретi орыс патшасының қысастығы тұрғысында ғана бағаланып келдi. «Қарқара көтерiлiсiнiң» себеп-салдарын зерттеп, «Қилы заман» повесiн жазған қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов қасiреттi көтерiлiстi өмiрлiк шындық тұрғысында суреттеген. Онда көтерiлiс басшылары және оның нәтижесi көркем әдеби тiлде жазылса да, тарихшылардың пiкiрiне қарағанда, ол өзiнiң тарихи түп-тегiнен ауытқымаған, суреттелiп жазылған.

Қарқара көтерiлiсi – 1916 жылы шiлде айының алғашқы күндерiнен басталып, қыркү­йек айының аяғына дейiн созылған. Алғашқы «өрттiң» тұтанған жерi – Асы жайлауы. Асы жайлауында отырған бейбiт халыққа әскерге бала алу үшiн шапқан патша армиясы алдымен ауылдың шетiнде жүрген қатын-қалаш, бала-шағаға бүйiдей тиген. Ер азаматтардың қарсылық көрсеткендерiн атқан, шапқан.Бiр деректерде солдаттардың ауылға салған лаңы, халықты қорлаған жауыздығы ашып жазылған. Көздерi қанталап алған патша әскерлерi киiз үйге ауыл адамдарын сыйғанынша қамап, сыртынан өртеп жiберген. Араларынан құтылып шығып, сай-салаға қашқан балаларды найзаның ұшына iлiп, жүктi әйелдердiң қарнын жарған. Ер жiгiттердiң жыныс мүшесiнiң шыбығына ши жүгiрткен. Шалдардың сақалын кесiп, кемпiрлердiң кимешегiн қылышпен тiлiп, масқаралаған.Тарихта бұл көтерiлiс ұлт-азаттық сипат алды. Басшылары да қазақы ортадан шыққан батырлар мен билер болды. Ең бастысы, бұл көтерiлiс стихиялық түрде басталса да, ол ұйымдасқан сипатпен жалғасын тапты.«Қарқара көтерiлiсi» жайлы бұрын-соңды айтылып, жазылып жүрген тарихи фактiлер, әрине, аз емес. Осы орайда қазақтан шыққан тұңғыш инженер Мұхаметжан Тынышбайұлының жазбаларында көптеген деректер сақталған. Көтерiлiстiң қоламтасы сөнбей тұрған сол 1917 жылдың 6 желтоқсан күнi жарық көрген «Қазақ» газетiнде (№ 254) инженер-тарихшы бiраз дүниенiң бетiн ашыпты. Ол осы жолғы көтерiлiсте албан руынан жалпы саны – 69440 адамның 35100-i қырылғандығын айтады. Оның көбi әйелдер мен балалар және қарттар болған.Кейбiр тарихи деректерде Жаркент уезiнiң халқы 1916 жылға дейiн 6 суан, 14 албан болып, барлығы 20 болыс құраған. Осы аймақтағы жалпы түтiн саны 17712 болса, көтерiлiстен кейiн 5094-i қалыпты. Қытайға бас сауғалап кеткендердiң саны – 12612 болса, оққа үшқандарының саны – 40 адам. Кейбiр деректерде шекара асып бара жатып оққа ұшқан, тағы басқа себептермен ажал құшқандардың саны бұл көрсеткiштi бiрнеше есеге көбейтедi. Мәселен, Нарынқолдан Қытайға асатын Сартаудың арғы бетiндегi Ой­қорым деген жерде 500 түтiн тынығып жатқан жерiнде патшаның жансызының сатқындығымен шай қайнатым уақытта қырылып қалған. Осы деректi кейiн Қытай архивiнен көрген Шыңжаңға белгiлi тарихшы Сапарбек Молдағұлұлы: «Ойқорым қырғынын кiм бiледi?» деген атпен деректi мақала жазып шығыпты. Мұн­дағы жылдары елге келген қандастар арасында Тарихшы ғалымдардың зерттеп тапқан бiр деректерiнде сол зұлмат жылдары Қытай жерiне ауған халық саны одан да көп екенi айтылады. Осы тұста албандармен қоса, қырғыздар және Орта жүздiң бiраз рулары шекара асқан. Оның жалпы саны 200 мыңға жетiп жығылады екен. Көдек Маралбайұлы осы 1916 жылға арнап дастан жазған. Ақынды кейiн 1937 жылы, яғни алаш қайраткерлерi опат болған мезгiлде, Совет үкiметiнiң жансыздары Қытайға барып, у берiп өлтiрген.Осыдан төрт жылдың алдында, яғни 2016 жылы «Қар­қара көтерiлiсiнiң» 100 жылдығына орай өткiзiлген ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда академик Кеңес Нұрпейiс: «1916 мен 1986 жылғы көтерiлiстердiң арасында сабақтастық бар», – деп пiкiр айтыпты. Рас-ау, қазақ даласындағы ұлттық көтерiлiстердiң қай-қайсысын алып қарасаңыз да, қазақ ұлты өзiнiң бас бостандығы үшiн қолдарына қару алғаны белгiлi. Көтерiлiстiң осы реттегi, яғни 90 жылдығы қарсаңында белгiлi қоғам қайраткерi және жазушы Сейдәлiм Тәнеке: «Қазақтың «Ақтабан шұбырындыдан» кейiн руға, жүзге бөлiнбей, ел азаттығы үшiн асқан ауыз­бiрлiкпен бiр кiсiдей аттанған жорығы – 1916 жылғы көтерiлiс болды», – деп, Қар­қара көтерiлiсiне үлкен баға берген екен. «Қарқара көтерiлiсiнiң» жалпылық сипат алғаны жөнiнде, яғни қазақ даласындағы сол жылдардағы ұлт-азаттық көтерiлiстердiң бастауы болғандығы жайында тарихи материалдар бар, бiрақ жеткiлiктi емес. Тарихта «Қызылбөрiк iсi» деген атпен қалған көтерiлiс сол жылы тамыздың 3-iнде Шелек болысында басталған. Мұның жалыны бүкiл қазақ жерiн шарпып, екi күннен кейiн ұлт-азаттық көтерiлiстiң бiрi – Торғай көтерiлiсiне ұласқан. Одан араға бiрнеше күн салып, Шығыс Қазақстан аумағы мен Шу, Сырдария өңiрлерiне тараған. Арада 6 күн өткеннен кейiн Өзбекстандағы қазақтар да қосылып, көтерiлiс күллi қазақ даласын жалындай шарпыған. Тарихшылардың осы көтерiлiстердi қазақтардың ауызбiршiлiктi, берекелi көтерiлiсi деуi де содан шығар…Қасiреттi жылдары осы аймақтан от пен оққа түскен талай оғлан ұлдар, апайтөс батырлар шықты. Олардың алдыңғы сапында Әлмерек Ұзақ батыр тұрды..Қазақ даласында осы жылдары 300-ден астам ұлт-азаттық көтерiлiс болыпты. Солардың бәрiнiң де басшылары бар. Ұзақ батыр да – сол көтерiлiстердiң басшыларымен бiрдей бағалап, салыстыруға болатын тұлға. Өйткенi ол – қарақан басын өз халқының бостандығы үшiн құрбандыққа тiккен баһадүр. Ұлы Мұхтар Әуезов әйгiлi «Қилы заман» повесiнде: «Кiшiлеу дөңгелек денелi, бурыл сақалды ер Ұзақ қажымас қайрат иесi, ержүрек батыр иесi болатын», – дейдi.

«…Ұзақ аласа бойлы, ақсары өңдi, қой көздi, маңдайы кең, төбе сүйегi қырланып келген мiнездi адам болған», – дейдi немере iнiсi Әлiхан Тобажанов өз естелiгiнде. Өкiнiшке қарай, бұл күндерi батырдың атын дәрiптеу, оны жас ұрпаққа өнеге ету iсiнде ел үкiметi тарапынан еш нәрсе жасалып жатқан жоқ. Мәселен, Ұзақтың тарихи тұлғасын зерттеу әлi қолға алынбапты. Сондай-ақ батырдың бүгiнге дейiнгi белгiлi болған батырлық бейнесi мен iзгi iстерi мектеп оқулықтарына енбеген.  Бұл – батырдың аруағына жасалған қиянат.

1916 жылы Ұзақ батырмен бiрге албан руынан талай батырлар шыққан. Мәселен, Жәмеңке Мәмбетұлы да осы кезде орыс отаршыларына ойсырата соққы берген жау жүрек батыр болыпты. Оның: «Берсек, бала өледi. Бермесек, шал өледi. Бала өлгенше, шал өлсiн, адам бермеймiз!» – деген қанатты сөзi халықтың үнiне, сол кезгi ұранына айналып кеттi. Ұран ел арасында осы күнге дейiн айтылып жүр. Жәмеңкемен қанаттас Серiкбай, Әубәкiр сияқты батырлар және Ұзақбайдың Монай-Мұқаны секiлдi қолбасшылар, Диқанбай Жанпейiсұлы, Жақыпбердi Солтанқұлұлы, Аққоян Сабаншыұлы, Қабылбек Сауранбайұлы сынды жасақ басшылары, батырлардың ерлiгi елге мұра, ұрпаққа ұран болып әлi күнге дейiн жалғасып келедi. Кейiнгi жылдары Қарқара көтерiлiсiн зерттеп жүрген тарихшы-ғалымдардың айтуына қарағанда, «Қарқара көтерiлiсiнiң» тарихи мәнi әлi толық ашылмаған. Себебi, дерек көздерi аз көрiнедi. Мәселен, халық арасында айтылып жүретiн Тұзкөлдiң маңындағы қырғын жайында дерек өте аз.Сол Тұзкөлдiң маңында 27 адам оққа ұшыпты. Өлiктер көктемге дейiн көмусiз жат­қан екен. Осы күнi «Қарқара көтерiлiсi» жайындағы жазбаларда айтылып жүретiн «Ереуiл­төбенiң» әуелгi аты «Айттөбе» екенiн де ауылдағы қарттардың аузынан естiп жүрмiз. Көтерілістің аяусыз жанышталғанына қарамастан, көп жерде бой көрсету бұдан кейін де біраз уақытқа жалғасты.
Салдары: 
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. 
-161-і каторгаға айналды. 
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. 

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері: 

1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы. 
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 
5. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады. 
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 
Көтерілістің жеңіліс табуының басты себептері, оның бытыраңқылығынан, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен, арақатынастың тұрақты болмауынан еді. Ұлттық - демократиялық зиялылар қатарында да бірлік болмады.
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды. 
Көтерілістің тарихи маңызы 
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 
4. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды. 

Қорытынды

Әлихан Бөкейханов: «Қазақ қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді...Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына, басына да ие болмайды»Шын мәнінде, 1916 жыл XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып тарихта өз орнын алды.Көтеріліс қазақ халқының таптық сана - сезімінің өскендігін көрсетті. Халық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару апаратын құрды. Шын мәнінде, 1916 жылға көтеріліс – ХХ ғасырдың соңындағы қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды. Тарихта қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтерiлiстер көп. Арғысы – орыс отаршылдарына, яғни патшалық Ресейге қарсы тұрып, бодан болғысы келмеген қазақ шаруаларының көтерiлiсi, бергiсi – кеңестiк режимге келiспеген елдiң ереуiлi қазақ халқының рух азаттығын аңсаған ай­қастары едi.



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 1916 жылғы Қазақстандағы Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналып, «Қарқара – 100» атты сериямен жеті кітап топтамасы «Ан Арыс» баспасынан жарыққа шықты. Жеті кітаптың көтерген жүгі мен мазмұндары қасіретті жылдың ащы шындығын ашып береді. Оқырман ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заманымен» қауышса, Қарқара қаһармандарына арналған авторлардың тың еңбектері өз алдына екінші бір кітапқа жинақталыпты. Сондай-ақ 1916 жылғы «Албан көтерілісінің» тарихи құжаттарына арналған материалдарда патша өкіметінің озбырлығы, Қарақол түрмесіне қамалған Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкір, Тұрлықожа және басқа тұлғалардың тергеу материалдарымен танысуға мүмкіндік жасаған. Материалдар мұрағат құжаттарынан алыныпты.

Қасіретті жылды көзімен көргендердің де жыр-дастандары «Қарқара толғауы» атты топтамада жинақталған. Жинақ 1916 жылғы «Албан көтерілісі» кезіндегі тарихи оқиғаны бейнелейтін өлеңдер, жыр-дастандар, ауызекі әңгімелермен толыққан.Ондағы материалдар  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иститутының ғылыми кітапханасының сирек қорларында сақталып келген беймәлім қолжазба мұралары құрайды. Мұнда ақындар Асан Барманбекұлы, Бөлтірік Атыханұлы, Көдек Бай­шығанұлы т.б. авторлардың туындыла­ры берілген. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әйгілі «Қилы заман» повесінің ізімен жазылған белгілі ақын Нұрлан Оразалиннің «Қырғын» атты екі бөлімді традегиясы, «Қарақазан ғасыр» атты кең тынысты көркемдік бітімі таза драмалық дастаны және ұлт, туған жер, бабалар рухына арналған өлең-жырлары өзінше бөлек бір кітап.


























Пайдаланылған әдебиеттер


  1. М. Тынышбайұлы «Қазақ» газеті


  1. М.Әуезов « Қилы заман» кітабы


  1. kk.wikipedia.org сайты


  1. e-history.kz сайты















































Аннотация

Бұл ғылыми ізденісте еліміздің тарихына қызығу, сол тарихты келер ұрпаққа таныстыру. Ел үшін қан төккен ерлердің ісін үлгі ету мақсат етілді. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс біздің тарихымыздың бір тармағы. Ұлтымыздың азаттығы үшін күрескен ержүрек, батыр тұлғаларымыздың аттары тарихта «алтын әріппен» жазылса артық етпес. Тарих өзі жасалмайды, оны жасайтын жекелеген тұлғалар» деген пікір жиі айтылады. Ендеше тарихты жасаған тұлғалардың ішінде 1916жылғы көтеріліс басшылары да ойып орын алады. Олар аз ба, көп пе ол тарих қойнауында, дегенмен бір анық дүние бар, ол- осы елдің тарихымен бітеқайнасып, «балталасаң ажырамастай» болып кеткен бір тұлғаның бар екендігі. Олардің бірі, дарасы да Жәмеңке Мәмбетов. Қарқара жерінен шыққан ұлы тұлға Ж.Мәмбетов бір кезде Мұхтар Әуезов тамсана жазған «Қилы заман» романының кейіпкері атанған, біз келер ұрпақ Жетісу жерінен, албан руынан шыққан атамызды мақтан тұтамыз. Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен..Сондықтан осы еңбегімді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де кем емес екендігін, ерлігі қашанда ұрпақ мақтанышына айналатынының тағы бір дәлелі демекпін.

Аннотация

Цель научно иследовательский работы привить интерес подрастающего поколения к истории страны, к истории отцов , проливших кровь в освободитель ночи востании 1916 года,чьи имена написанны золотыми буквами. История сама собой не делается, делают отдельные личности. Одним из них таких является Жаминке Мамбетов, вых одец Жетысуской земли, из рода Албан. Известный всему миру Абу Насыр Аль-Фараби сказал: «не зная историю прошлого, трудно знать и прогназировать будущее». Хочется сказать, что героический путь наших предков, пример для подрожание подрастающему поколению. Этого я хочу доказать в свой иследовательской работе.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!