Материалдар / Ғылыми жоба "Абай шығармаларындағы табиғат суреті"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Абай шығармаларындағы табиғат суреті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмыста қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы табиғат суреттері теріп жазылып, бас ақынның сөз саптау шеберлігі, табиғатты қазақ өмірімен тығыз байланыста суреттеуі қарастырылған. Табиғат суреті, әсіресе, жыл мезгілдері оқушының көз қарасымен қаталданған. Абай Құнанбайұлының суреттеген жыл мезгілдерін сөзбен сипаттап, өзінше талдау жасал ған. Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы табиғат суретінен нақты мысалдар келтіріліп, талдаулар жасалған. Абайдың табиғат лирикасы мен шығармаларындағы табиғатты суреттеген жерлерден үзінділер алынып, қазақ халқының өмірімен тығыз байланыста жазылғаны дәлелденген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4371
29 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қоянды орта мектебі








Абай шығармаларындағы табиғат суреті



Секция:әдебиет






Жолтай Шыңғыс Болатханұлы


1-сынып


Қоянды орта мектебі






Ғылыми жетекшісі:Мырзахан Алтынгул




Қоянды 2017 жыл





Аннотация

Мақсаты:Абай шығармаларындағы табиғат көрінісін зерттеудегі маңызды тақырыптарының бірі.

Міндеттері:

-Абай шығармаларын жинау,шығарма мәтінің түсіну.

-Абай шығармаларындағы табиғатты суреттейтін жерлерін тауып, талдау жасау

-Абай өлеңдеріндегі айрықша төрт мезгіл өлеңін жатқа айтып үйрену

Гипотеза:

Негізгі жұмыс гипотезасының мәні төмендегідей ұсынылады:

Абай Құнанбайұлы Ұлы ақын ,ағартушы ,қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы. Менің жұмысым « Абай атамыздың шығармаларындағы табиғат суреті» тақырыбы мектепте зерттеліп, талданып, орындау

Зерттеу әдісі:

Зерттеу әдісі кешенді талдау арқылы жүргізіледі .Әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады:

-зерттеу

-талдау әдісі

-сипаттама

Зерттеудің әртүрлі әдістерін қолдану осы көтерілген мәселені толық және терең қарастыруға мүмкіндік берді.

Зерттеудің объектісі:

Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті. Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. 

Зерттеудің жаңалығы:

Ұлы ақынымыз Абайдың өлеңдерінің бір алуаны- табиғат лирикасы.Осы деректерді зерттеу барысында ғылыми жобаның ойлау, зерттеу, білімді арттыруға тигізетін әсері іс жүзінде оқу процесінде деген ынтаны жоғарлатуға жол ашады. Жұмыс кезінде осы тақырып мектепте зерттеліп шықтық.






















Мазмұны




Жұмыстың түйіні------------------------------------------ 2-3

  1. Кіріспе------------------------------------------------------- 4

А. Абай шығармашылығы туралы мәлімет--------------

  1. Негізгі бөлім----------------------------------------------- 5

А. Абай шығармаларындағы табиғат суреті-------------- 6-8

Ә. Ақын шығармаларындағы табиғат суретіне талдау 8-14

В.Абай поэмалары және адам образы-------------------- 15-16

  1. Қорытынды------------------------------------------------- 17

  2. Қолданылған әдебиеттер--------------------------------- 18

















Жұмыстың түйіні



Жұмыста қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы табиғат суреттері теріп жазылып, бас ақынның сөз саптау шеберлігі, табиғатты қазақ өмірімен тығыз байланыста суреттеуі қарастырылған.

Табиғат суреті, әсіресе, жыл мезгілдері оқушының көз қарасымен қаталданған. Абай Құнанбайұлының суреттеген жыл мезгілдерін сөзбен сипаттап, өзінше талдау жасал ған.

Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы табиғат суретінен нақты мысалдар келтіріліп, талдаулар жасалған. Абайдың табиғат лирикасы мен шығармаларындағы табиғатты суреттеген жерлерден үзінділер алынып, қазақ халқының өмірімен тығыз байланыста жазылғаны дәлелденген.























Кіріспе

Абай шығармашылығы туралы мәлімет


“Абай шығармаларындағы табиғат суреті” тақырыбы – Абай шығармаларын зерттеудегі маңызды тақырыптардың бірі. Абай шығармаларын жинау, шығарма мәтінін түсіну – оқушылар үшін бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Абай Құнанбайұлы шығармаларын белгілі қайраткерлеріміз Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Омарханұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы зерттесе, қаламгер шығармаларындағы әсем де, асау табиғат суретіне өз көзқарасыммен талдау жасадым.

Тақырыпты таңдап алудағы мақсатым – достарыма ұлы ақын шығармаларын таныту, онда суреттелген әсем табиғатты таныту, қазақ халқына тән тұрмысты табиғатпен шебер астастыра суреттеуіне көздерін жеткізу.

Осы мақсатты орындау жолында Абай шығармаларын зерттеу, шығармаларындағы табиғатты суреттейтін жерлерін тауып, талдау жасау міндеттерін орындадым.

“Абай шығармаларындағы табиғат суреті” тақырыбы мектепте зерттеліп, талданып, орындалды.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!

Осы өлеңде Абай өмірінің терең сыры жатыр. Қараңғы елдің мылқау күшімен арпалысқан аяулы жанның кейінгіге жолдаған арызы деуге болады. Абайдан бұрынғы қазақ елінің әлеуметтік халін білмей, Абайдың туған айналасын, өмір ұясының кім екеніне түсінбей жоғарыдағы Абай “жұмбағын” шешу де қиын.

Абай Құнанбайұлы жастайынан ізденімпаз, білімқұмар болып, ауыз әдебиетінен сусындап, шығыс, батыс әдебиетінен үлгі ала өсті. 59 жылғы ғұмырында артына өшпес мұра, өлмес сөз қалдырды.

Кемеңгер ақын поэзия, проза салаларында елеулі із қалдырды. Бүгінгі ұрпақ өлеңдерін жаттап, әндерін шырқап, қара сөздері мен хаттары, өсиет сөздерінен үлгі-өнеге алып, поэмаларын тамсана оқиды












Негізгі бөлім

Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.

            Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде:

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

 Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі, -  деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді.

            Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін:

 

.

             Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.

            Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады:

 Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып, -  деп, Абай күн көрісі табиғатпен нық байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан ел қандай қуанышпен жазды қарсы алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы өлеңінің екінші бір жерінде:

 Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып, егін егер.

Шаруаның бір малы екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер, -  дейді.

            Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы кездің барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің қайнар көзі деп таниды.

 Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,


Өз заманының суретшісі ақын – Абай өмірдегі сәл нәрселерді де көріп отырған. Сондықтан да ақын шығармалары өмірдің шындық бейнесі болып отырған.

Абай табиғатқа жан бітіреді, қимылдатады, сөйлетеді, сезіндіреді. Табиғат құбылыстарын адамның қимыл-қозғалысы арқылы суреттеп, суреттеген нәрсесін оқушылардың көз алдына жанды түрде елестетеді.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, азамат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі... –

( Абай, І том, 160-161 бет, “Жазғытұры”, Алматы, 1995)

деп, көктемде табиғат оянып, адамға ең жақын, жанашыр жандар, ата- ана, секілді болатындығын суреттейді.

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,

Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,

Таң атқан соң шығарын күннің біліп,

Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.

Күн – күйеу,жер – қалыңдық,сағынышты,

Құмары екеуінің сондай күшті.

Күн қырындап жүргенде, көк қожаңдап,

Күйеу келді, ай, жұлдыз көтін қысты.

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,

Жан-жануар қуанар тойға еліріп,

Азалы, ақ көрпесін сілке тастап,

Жер күлімдер өзіне шырай беріп,

Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай,

Біреуіне біреуі қосылыспай,

Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,

Жер толықсып түрленер тоты құстай... –

( Абай, І том, 160-161 бет, “Жазғытұры”, Алматы, 1995)

деп, табиғатқа адамның көңіл-күйі мен әрекетін бере суреттейді. Күн шықпаған кезде жұлдыз бен ай кеуде керіп, өздерін әлемге жарық беріп тұрғандай сезінеді. Бірақ таң атар кезде күн өз жарығымен оларды жеңетінін “өңі қашып” тіркесі арқылы әсерлі суреттейді. Құлпырған жасыл жер жүзі, -  деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді.

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда:

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғынан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап,

Ақ білегін сыбанып,

Әзілдесіп сыңқылдап...

( Абай, І том, 97 бет, “Жаз” ,Алматы,1961)

Өлеңде табиғатты суреттеуде ашық-жарқын мінез, көтеріңкі көңіл-күй бар. Тіршілік қуанышқа толы, шөп шүйгін, мал тойған, “ел көркі” болып өскен қыздар алдағы өмірдің уайымсыз екендігін білдіргендей. Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, -  деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш,қурай.

Біреу малма сапсиды салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін... –

( Абай, І том, 119 бет, “Күз” ,Алматы, 1961)

деп, күздігүнгі кедей өмірін табиғатпен байланыстыра суреттей отырып, олардың іс әрекет, тұрмыстарының әр түрлерін көрсетуі Абайдың шыншыл ақын екендігін дәлелдейді. Үстірт қараған адамдарға “иін илеу, шекпен тоқу”, балалардың ойындарын суреттеу сияқты мәселелер сәл ғана нәрсе тәрізді болып көріне тұрса да, шынында, бұл сияқты жайттарды көре білу – ұлы суреткерге ғана тән қасиет.   


Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды,

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды ...

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілксе, қар жауып мазаңды алды.

Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды ...

( Абай, І том, 123 бет, “Қыс”, Алматы, 1961 )

Қыс” өлеңінде табиғат мезгілінің өзіндік ерекшелігін шебер тілмен жеткізген. Қысты ақ киімді, алып денелі, ақ сақалды, бет-әлпеті суық, ызғарлы, басқан жерін сықырлататын, дем алғанда үскірік , аяз, қар шығаратын адам ретінде бейнелейді. Қысты қазақ ұғымындағы “Кәрі құдаға” теңейді. Бурадай ашуланғанда , боран соғып, алты қанат киіз үй де төтеп бере алмайтындығын жеткізеді. Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады.


Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі –қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға... –

( Абай, І том, 68 бет, “Қансонарда бүркітші шығады аңға”, Алматы, 1961)

деген үзіндіні алсақ, түсі жағынан арасы алшақ үш нәрсені алып, солар арқылы төртінші нерсе, суға шомылған қызды, елестететіндігін көреміз.

Желсіз түнде жарық ай” өлеңінде түнгі ауылдың тыныш тірлігін, жер топырағы көрінбей жасыл шөп басқандығын көз алдымызға әкеліп, гүрілдей аққан тау өзенінідауысы мен ағаш жапырақтары бір-бірімен сыбырласа сырласқан үнін құлағымызға әкеледі.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны – терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

( Абай, І том, 126 бет, “Желсіз түнде жарық ай”, Алматы,1961)

Жапырақтар сұлу қыз бөркіндегі үкідей бұлғақтап көз тартады.

Жапырағы жайқалып,

Бұлғақтайды соқса жел.

Жан-жағынан күркіреп,

Құйып жатса аққан сел...

(Абай, І том, “Сәулең болса кеудеңде” 143 бет, Алматы,1961)

Құрсаған бұлт ашылмай,

Аспанның жүзі көгермес... –

(Абай, І том, “Жақсылық ұзақ тұрмайды”206 бет, Алматы,1961)

деп адам өміріндегі жамандықтар кетіп, жақсылық болар, бұлт кетсе күн жарқырар деген үміт білдіреді.

Адам күнделікті тірлікте қуанады, қайғырады, күледі, жылайды, аққан судай өмір жылжып жатыр :

Сылдырлап өңкей келісім

Тас бұлақтың суындай... – деп жырлайды.

(Абай, І том, “Адамның кейбір кездері” 256 бет, Алматы,1961)

Көкала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей шақта.

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта.

Жауған күнмен жаңғырып,

Жер көгеріп күш алар.

Аққан жаспен қаңғырып,

Бас ауырып, іш жанар.

(Абай, І том, “Көкала бұлт сөгіліп” 257бет, Алматы,1961)

деп табиғат құбылысын адам өмірімен салыстыра көрсетеді.

Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын,

Қайдан білсін өмірдің көбін-азын,

Бәйтеректі күндейді жетемін деп,

Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.

Күз келген соң тамырын үсік шалып,

Бетегеге жете алмай болар жазым. –

(Абай, І том, “Ғабидоллаға” 270 бет, Алматы,1961)

деп жас өмірді жауқазын ретінде көрсетіп, оның үйренері көп, үлкеннен өнеге алсын дейді.

Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін:


Тотықұс түсті көбелек,

Жаз сайларда гулемек.

Бәйшешек солмақ, күйремек,

Көбелек өлмек сиремек, –

(Абай, І том, “Тотықұс түсті көбелек” 295бет, Алматы,1961)

деп өмірдің бір орында тұрмайтындығын “бәйшешек солады, көбелек өледі” деген тіркестер арқылы жеткізген.

Ескендір” поэмасында сусаған қалың қолдың шөлін қандырар суды:

Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ,

Таспадай бейне арықтан шыққан құлап... – деп, әсерлі суреттеген. Бұл жолдарды оқығанда мөлдір бұлақ суына қанғандай боласың.

(Абай, І том, “Ескендір” 312 бет, Алматы,1961)

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап, – дегенде ұйқы қысқандай болғанмен,

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ...

Көк торғындай аспан-көк,

Білемін жайнап ашылар, - жолдарынан түнде ел аяғы сирейтінін,

Иіс аңқыған бәйшешек

Түрленіп жерді жасырар, - дегенде кең тыныс алып, түнгі жұпар ауамен тыныстағандайсың .

(Абай, І том, “Қараңғы түнде тау қалғып ” ( Гете-Лермонтовтан)

361 бет, Алматы,1961)

Аспан күлімсіресе, уайым болмайды, адам мен жан-жануар да шуаққа бөленеді, бірақ бәрін көтерген қара жер ауыр ойда дегенді “Күлімсіреп аспан тұр ” ( Лермонтовтан) өлеңінде берген:

Күлімсіреп аспан тұр,

Жерге ойлантып әрнені... 367 бет

(Абай, І том, “Күлімсіреп аспан тұр ” ( Лермонтовтан)

361 бет, Алматы,1961)

Ақын шығармаларында табиғаттағы нәрселерді күнделікті өмірдегі нәрсемен бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы шебер сурет жасайды:

Қайғың – қыс, жүзің –жаз,

Боламын көрсем, мәз...

(Абай, І том, 135 бет, Алматы,1961)


Біреуі – көк балдырған, бірі – қурай,

Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз...

(Абай, І том,148 бет, Алматы,1961)


Қонады бір күн жас бұлт,

Жартастың төсін құшақтап...

(Абай, ІІтом, 95 бет, Алматы,1961)

Оқылған 763

Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.

            Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде:

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

  Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, -  деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.

            Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады.

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

 

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

             Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.

            Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады:

 Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып, -  деп, Абай күн көрісі табиғатпен нық байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан ел қандай қуанышпен жазды қарсы алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы өлеңінің екінші бір жерінде:

 

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып, егін егер.

Шаруаның бір малы екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер, -  дейді.

            Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы кездің барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің қайнар көзі деп таниды.

 Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер, -  деп, жаздың суретін өзі де сүйеді және оны жалпы жұрттың көңілін шарықтатып, жігерін туғызатын маусым деп ұғады.

            Абайдың тағы бір өлеңі - жазғы шілде кезін суреттеген өлеңі. Ақын бұл өлеңінде жаздың дәл кемеліне келіп тұрған кезін көрсетпек болады. Жаздың әдемі көрінісін:

 Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

 Арасында құлын, тай,

Айнала шауып бұлтылдап, -  деп суреттейді.

            «Күз» өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін бұлжытпай берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің жағдайсыз кезең екендігін айқындайды.

 Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең, -  дейді. Жалғыз бұл ғана емес, қай жерін оқысаң да, көзіңе күзгі кедей ауылдың көңілсіз сүреңі елестейді.

            Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп алып, Батыстың классик ақындарының үлгісімен суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай.

            Абай «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады. Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.

 






Абай поэмалары және адам образы

Абай - лирикалық жанр ғана емес, эпикалық жанрдың да шебері. Ол әлеуметтік, махаббат, достық және сатиралық, философиялық, лирикалық өлеңдермен қатар, сюжетке негізделген, көлемі шағын эпикалық өлеңдер де жазды. Эпиграмма тәрізді сатиралық төрт жолдан құралатын «Көжекбайға» сықылды өлеңдерден бастап, ақын ұзақ поэмаға шейін көтерілді.

            Айта кететін бір нәрсе, эпиграммалық немесе сатиралық лирикасы болсын, қаншама қысқа, қаншама шағын десек те, ұлы суретшінің полотноға кистісін сілтеп қалса, адам, не басқа бір өмір құбылыстарының мүсіні бейнелене салатын тәрізді, Абайдың қысқа өлеңдерінде адам образдарының кескін-келбеті, іс-әрекеттері байқалып қалады. Біз ол туралы ақынның сатиралық лирикасымен байланысты айтқандықтан, бұл жерде қайталап жатуды қажетсіз көрдік.

            Ақынның сюжетті өлеңдерінің бірі - «Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ» өлеңі. Бұл жай қарағанда, портреттік өлеңге ұқсайды. Ал талдап көрсек, қысқа да болса сюжеттік өлеңдердің сапына жататындығын аңғарамыз. Қимыл, іс-әрекет, белгілі бір бейне, адам тұрқын көзге елесте

 Бір аршөпке шапаны сондай шап-шақ,

Мүшесінен буынып басады алшақ.

Қарсы алдына жымырып келтірем деп,

Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді,

Қолында бір сабау бар ол дағы аппақ.

Керегеге сабауын шаншып қойып,

Бөркін іліп қарайды жалтақ-жалтақ, -  деп, кескін-келбетін суреттей келеді де, кейінгі шумағында қимыл, іс-әрекетін көрсетіп, оған мінездеме береді:

 

Тірі жанға құрдас боп жап-жасында-ақ,

Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ.

Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,

Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері - қу борбай, сымпыс шолақ.

 

            Абайдың сюжетке құрылған үлгілі өлеңі - «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында». Өлеңнің оқиғасы екі-ақ шумаққа сыйғызылады.

 Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,

Хан да жанын қияды қыз жолында.

Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын,

Күтуші қыз, келіншек жүр соңында.

 

Деген сөз «бұқа буға, азбан дуға»,

Хан қарық боп, түсіп жүр айқай-шуға.

«Етімді шал сипаған құрт жесін», - деп,

Жартастан қыз құлапты терең суға.

             Басқа жолдары ақынның осы мәселеге көзқарасын баяндайды. Әйтсе де, осы сегіз жолдың өзінде адам және олардың қимыл, іс-әрекеттері бар. Тіпті кейбір ақындардың бір поэмаға азар сыйғызатын мазмұнын Абай бірнеше жолдарға-ақ сыйғыза алған. Бұл да шеберліктің бір көрінісі.

            Абайдан бізге қалған (әңгімелерін санамағанда) өлеңмен жазылған эпостық туындылары - «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» («Мың бір түннен»), «Вадим» (соңғы екеуі аяқталмай қалған)

            Осы жинағында поэмалардың жазылуы 1887 жылдан кейін болып шығады. Бірақ қай поэмасы қай жылы жазылды, ол жағынан дерек жоқ. Бұл жағдайлар ақынның даму жолдарын нақтылы көрсету үшін зерттеушілерді недәуір қиыншылыққа кездестіріп келеді. Сондықтан да Абайды тақырыбы жағынан зерттеушілік көбірек орын алады.

Біздің бұл кітабымызда кеңірек тоқталмақ шығармамыз - «Ескендір» поэмасы. Өйткені «Ескендір» бүгінге дейінгі Абай туралы жазылған зерттеу-еңбектерде тек аталып өтіледі. Орта мектептерге арналған оқулықтарда программаға сай қысқаша талдаулар берілумен ғана шектелінеді. Сондықтан да бұл поэма айрықша көңіл аударуды қажет етеді.

            «Ескендір» - дүниежүзі әдебиетіне тақырып болған, кәдімгі атышулы қолбасы Александр Македонский екендігі оқырмандар жұртшылығына мәлім. Батыс пен шығыстың талай жайсаңдары «Ескендір» туралы әңгіме, роман, көлемді поэмалар жазды. Олардың әрқайсысы әлемді тітіреткен қолбасы, оның ғұлама ұстазы Аристотель жайлы өз көзқарастарын кейінгі ұрпақтарына қалдырды. Әр автор өзінше түсініп, өз пікірін ұсынды. Осындай дүниежүзінің ірі адамдары сөз еткен тақырыпқа ХІХ ғасырда қазақ даласынан үн қосқан да және олар жайлы өз көзқарастарын ұсынған да Абай. Бір ғажап жері - Абайдың Ескендір жорығын түсінуі де, оған беретін бағасы да, ұрпақтарына қалдырған қорытынды пікірлері де өзінен бұрынғылардың айтқандарынан бөлек, жаңа, соны пікір. Бұл айтылған екі түрлі жағдайлар Абайдың «Ескендір» поэмасына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

            Абай - өз заманының оқымысты ақыны. Оның шығармаларын зерттегенде, шығыс, батыс, орыс әдебиеті, олардың тарихын, аңыз, әңгімелерін көп білетіндігіне таң қалмасқа болмайды. Ескендір жайлы да ол әртүрлі мәліметтермен танысқандығы күмән келтірмейді. Бірақ дәл қандай қорларды пайдаланғандығын айту қиын. Әйтсе де ол, ең алдымен, шығыс әдебиеті, ол тілдердегі Александр туралы жазылған тарихи деректерді жақсы білген деп топшылауға болады. Өйткені шығыстың ұлы классиктерінің шығармаларымен Абай жасынан таныс. Сондықтан Александр туралы Фирдоуси, Низами, Навои, Эмир Хосров (Әмир Хысрау) сияқты ұлы ақындардың жазғандарымен жақсы таныс болғаны байқалады. Демек, біз Абайдың «Ескендір» поэмасын осылармен салыстыра зерттегеніміз жөн.

   


Қорытынды


Бұл жұмыста Абай шығармашылығының бір-ақ жағы, яғни Абай шығармаларындағы табиғат суреті ғана алынып отыр. Ұлы ақын шығармалары зерттеліп келді, әлі де зерттеле бермек.

Абай Құнанбайұлы табиғатты суреттеуде әдебиетімізге не жаңалық, қандай жол, қандай әдістер қолданғанын әдебиет зерттеушілеріміз зерттеуде.

Мен өз түсінігім бойынша “бас ақын” шығармаларындағы кейбір табиғат суреттерін көрсеттім. Табиғат суреті – мәңгі өлмес тақырып, өйткені адам табиғатпен біте қайнасқан, бірге өмір сүреді.

Абай шығармашылығына үңілсек жылдың төрт мезгілінен бастап, табиғаттың қилы құбылыстарын көз алдымызға келтіріп, тұшына оқи аламыз. Әсем де әсерлі әлемде жүргендей боламыз.
































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Абай. Шығармалары . І том А, “Жазушы”, 1995

  2. Абай. Шығармалары . І том А, 1961

  3. Әбдібекқызы Қ. “Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту” А, “Рауан” 1994

  4. Бітібаева Қ. “Әдебиетті оқыту әдістемесі” А, “Рауан” 1997

  5. Жұмалиев Қ. “Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі” А, 1974

  6. Қазақ әдебиеті . Хрестоматия 10-сынып А, “Мектеп”2003

  7. Қазақ әдебиеті газеті 2007-2008 жылғы жинақтар

  8. Қазақстан ұлттық энциклопедия І том А-Ә А, 1998




































Shape1



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!