Материалдар / Ғылыми жоба «Абай ұрпақтары »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба «Абай ұрпақтары »

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Абай ұрпақтары » Сыныбы: 6 «А» Бағыты: Қазақ әдебиеті Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға¬ланды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2022
756
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қоянды ауылының №1 жалпы

орта білім беретін мекемесі












Ғылыми жоба













Тақырыбы: «Абай ұрпақтары »

Сыныбы: 6 «А»

Бағыты: Қазақ әдебиеті

Орындаған: Сағандық Шыңғысхан

Ғылыми жетекші:Шынай Жангуль Шынайкызы






Мазмұны


I.Кіріспе бөлім.......................................................................................................................3



II.Негізгі бөлім



    1. Абай Құнанбаевтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі. ..........................5



2.1. Абайдың ұрпақтары асылдың сынығы.................................................8

III.Қорытынды.....................................................................................................17

IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................18





























Кіріспе бөлім

Тақырыптың өзектілігі: Биыл Абайдың 176 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізілетін «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ең басты шараға айналады. Сондай-ақ қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді. Бұл жиындарда Абайдың тұлғасы мен мұрасы жан-жақты зерделеніп, оның шығармашылығын ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанның игілігіне пайдалануға жол ашылады. Абайдың тұлғасы мен мұра­сын ұлық­тау шетелдерде де жалға­сады. Ресей­дегі, Франциядағы, Ұлыбри­­та­ния­да­ғы және басқа да мемлекеттердегі Қазақ­­станның елшіліктері жанынан «Абай орталықтарын» құру жос­пар­ла­нып отыр. Бұл мәдени іс-шараларды ысы­рап­­шылдыққа жол бермей ұйым­дас­тыру қажет. Шығыс Қазақстан облысының Ақ­шоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскен­­байұлы әулетінің қорымы абаттанды­рылады.

Мақсаты: Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды.







Міндеті:

*Абайдың ұрпақтары туралы толық мәлімет беру;

*Абайдың ұрпақтарының еңбектерін насихаттау;

*Абайдың ұрпақтарының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мәлімет беру.

Құрылымы: Кіріспе бөлім мен негізгі бөлім ІV бөлімде қамтылады.Қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.





























Абай Құнанбаевтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі

Абайдың қазақ әдебиетіне деген үлесін талқылағанда, қазақ ұлтына қысқаша таныстыру жасап кетудің қажеттілігі туындайды. Осылайша Абайдың қазақ әдебиеті тарихында алатын ролі мен ықпалын толығырақ түсінуге болады. Қазақ халқы - ежелгі халықтардың бірі, ұзақ тарихы мен мәдениеті бар. Қазақ халқында мазмұны бай батырлар дастанымен қоса ғашықтық жырлары толып жатыр, әрі ұшан теңіз халық әндері мен өлеңдері бар. Халық арсында мынадай бір сөз тараған: «Өлең мен тұлпар қазақтың - қос қанаты». Қазақ халқы шығармашылықта нәтижелі адамдарды ақын деп атаған. Үлкен мерекелік іс-шаралар кезінде ақындар дәстүрлі айтысқа түсіп отырған. Қазақ халқының өміріндегі маңызды іс-шаралар, мысалы, шідеқана, той-томалақ, өлім-жітім, туған күн, мереке-мейрамдардың бәрінде өлең-жыр қатар жүреді. Абай өзінің бір өлеңінде: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деген. Поэзия қазақ өмірімен біте қайнасқандықтан ғана қазақтар «жыр елі» атанған. Алайда Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясы дәстүрлі фольклорлық жырларының пішінінен шыға алмаған, поэзия әлі де болса ауыз әдебиетінің саласына жататын. Абай өз шығармашылық тәжірибесімен, фольклорлық жырлардың негізінде, басқа халықтардың поэзиясынан үйреніп, үлгі алу арқылы, осы заманғы қазақ поэзиясын жасағаннан кейін ғана, жаңа поэзия жеке жанр болып қазақ әдебиетіне енді. Мұқтар Әуезов: «Қазақ жазба поэзиясын жасаған – Абай», - деп жазады. Абайдың поэзия жайлы жазған арнайы еңбегі жоқ, алайда ол өзінің өлеңдерінде көп рет поэзия жайлы танымын айқындап кеткен. 1887 жылы жазылған «өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңі осындай шығармалардың өкілі деуге болады. Абай шығарманың мазмұнына ерекше көңіл бөледі, әрі ақындарға өмірдегі қоқысты, керексіз бұлғанышты, өлеңге қалай болса солай қоса бермеуді көп рет баса айтады, және де шынайы өмірді бейнелейтін, халықты алға жетелейтін шығармаларды жазуға ынталандырады. Абай ақынның ар-намысы жайлы да сөз қозғайды. Ол ақында асқақ рух болуға тиіс, өлең жазғанда мақсатты түрде жазу керек, өлеңді саудаға салуға мүлдем болмайды деп біледі. 1888 жылы жазған өлеңінің бірінде былай деп жазады:

Сый дәметпе, берсе алма, еш адамнан

Нең кетеді, жақсы өлең сөз айтқаннан

Сүйсінерлік адамды сүй, құрмет қып

Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан

Абай кезінде жайлым иелері мен байлар жалдап баққан ақындарды қатты сынап, былай деген: бірер бас мал табу үшін тілін бұрап көки беру ақын үшін намыс. Ол басқаның босағасында жүрген ақындарға, өз бойындағы пайдакөстік әдетін тастап, халықтың ақыны болуға ақыл айтады. Абайдың тәрбиесі, өзінің шығармашылық тәжірибесін өнеге етуі, қазақ әдебиетінің жаңа дәстүрін қалыптастырды.

Шетел классикасын аудару мен таныстыру да Абайдың әдебиеттке қосқан маңызды үлесі. 1889 жылы Абай бірінші рет Пушкиннің «Онегин» поэмасының үзіндісін қазақ тіліне аударады. Кейін келе ол Лермонтовтың көптеген лирикасын және Крыловтың мысалдарын аударады. Және орысшадан Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» атты лирикасын аударады.

Абай жазған үш поэма да шығыста кең тараған аңыздарға негізделе жазылған. Абай қазақ халықы үшін әлем әдебиетіне асар алғашқы көпірді салып берді. Абайдан кейін, әлем әдебиетін таныстыратын адамдар көбейе берді, бұл қазақ оқырмандарының тәлейіне ХХ ғасырдың басындағы, әсіресе, Қазан төңкерісі кезеңіндегі прогрессшіл және төңкерістік әдебиетпен танысуға мүмкіндік берді. Абай аударған өлеңдер түпнұсқаның мазмұнын дәл баяндай білді, әрі түпнұсқаның көркемдік стилін сақтай білді. Оның әдеби шығармаларды аудару барысында ұстанған мұқият пейілі де әдеби аудармашы қызметкерлерінің үйренер өнегесіне айналды.

Абай - шынайы өмірді сынау жолымен қазақ феодал қоғамының заң түзімдерін шенеген алғашқы адам. Абай шығармашылық жолына түскен ХІХ ғасырдың соңы - қазақ қоғамының ең қараңғы, ең сұрапыл жылдары еді. Патша үкіметінің қанауы мен бұлауын, ірілі ұсақты ру басыларының берсе қолынан, бермесе жолынан алатын қылығы, түрлі діни айыппұлдар бейне бірнеше бұғау секілді қазақ халықының мойнына батып-ақ тұрды. Абайдың дәуір дерттерін сынағын шығармалары мен саяси лирикаларының жарыққа келуімен байланысты қазақ әдебиетінде реалистік шығармалар біртіндеп көбейе бастап, поэзия да жалдамалы ақындардың ықпалынан ақырында босады, сөйтіп қараңғылық пен жауыздықты әшкерелейтін, ақ пен ақиқатты жырлайтын құралға айналды. ХХ ғасырдағы қазақ прогресшіл әдебиеті, оның ішінде Мұқтар Әуезовтің Абайдың өмірбаянына негізделе жазған «Абай» және «Абай жолы» да Абайдың реалистік сыншылдығынан зор ықпал алған. Абайдың ең көз тартарлық еңбегі – оның халыққа мұра етіп қалдырған шығармалары. Абайдың өлеңдерінің саны көп болмаса да (200-ге жуық өлеңдері мен 50-ге тарта аудармалары), олар - қазақ әдебиетінің жаухары. Әсіресе, өмірінің соңындағы лирикалары көркемдік жағынан өте жоғары деңгейге жеткен. Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі бар қазаққа белгілі. Абайдың шығармалары шығыс ғалымдарының тамсануы мен қызығуын тудыруда. Абай есімімен қазақ әдебиеті нұрға бөленіп отыр. Абайдың әдеби өнер туралы ойлары мен өнер стилі барлық қазақ прогрессшіл әдеби қызыметкерлеріне өнеге болып, ықпал етіп келеді.



2.1. Абайдың ұрпақтары асылдың сынығы

Абай Құнанбайұлы 1860 жылы 15 жасында әкесінің құдаласуымен Ділдәға (1843-1924) қосылады. Ділдә Жүсіпқызының төркіні Әйбике-Шаншар елінің ақсүйегі Алшынбай Тіленшіұлының ұрпағы. Әкесі Ақшоқыдан жер бөліп беріп, онда Абай сегіз бөлмелі қыстау салдырады. Ділдәдан Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан туған. Екінші әйелі Әйгерім. (шын есімі – Шүкіман) Әнін естіп, ұнатып алған. (1856-1919) Абай Әйгерімге 1875 жылы үйленген. Әйгерімнен Турағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже туған. Абайдың он баласы болған. Тұңғыш баласы

Ақылбай Абайұлы (1861-1904) - Ділдәдан туған Абайдың тұңғыш баласы. Ол Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өседі. Он жасқа толған кезінде Ақылбайды Ғабитхан деген татар молдаға оқуға береді, онда 4-5 жыл оқу оқиды. Ақылбай 1895 жылғы Әбдірахман өліміне жазған, кейін 1904 жылы інісі Мағауияның қайтыс болуына шығарған жоқтауы да сақталған. Күлбадан Абайқызы (1863-1932) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Оны Абай жас кезінде Семей орыс мектебінде оқытқан. Күлбадан Дүтбай Уандықұлының інісі Дүйсекеге тұрмысқа шыққан. Дүтбайдан – Мүкен, Мұхтар, Муштар, Мәкен, Қадиша деген балалар тараған. 1932 жылы қайтыс болған. Әкімбай (Хәкімбай) Абайұлы (1866-73) – Абайдың Ділдәдан туған баласы. 1873 жылы 7 жасында қайтыс болған. Әрхам естелігіндегі  Абай: «Құдай бұйыртса тағы перзентті боласыңдар.Мәнікені сыйлап бауырларыңа тартыңдар» -осыны айтуға шақырдым.» депті. Ділдә мен Текті ақылдасып, Ділдә әжем Әкімбай атты ұлын, Текті Рахима атты қызын Мәніке әжемнің бауырына салып, құшағын қуанышқа бөледі. Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869-1895) – Абайдың Ділдәдан туған баласы. Абай Әбдірахманды Семей қаласындағы уездік мектепке (1882) береді.  Әбдірахман 1886-1889 жылы Тумен қаласындағы Александр реалдық училищенің 5,6,7-кластарын оқып бітіреді. 1889-1892 жылдары С.- Петербургте Михайлов артиллерия училищесінде 3 жыл оқып білім алады. Училищеге әуелі қатардағы юнкер дәрежесіндегі түскен Әбдірахманға 1890 жылы унтер-офицер, 1892 жылы портупей-юнкер, сол жылы тамызда подпоручик деген әскери атақ беріледі. 1892 жылы елге демалысқа келгенде Мағрипаға  үйленеді. Мағыштан Рахила деген қыз туады. Мағауия Абайұлы (1873-1904)  – Абайдың Ділдәдан туған кенже ұлы. Ол тоғыз жасынан бастап, төрт жылдай Мұхамедкәрім деген татар молдасынан хат таниды. Мұнан кейін Мағауияны Абай Семей қаласындағы орыс мектебіне оқуға береді. Мағауия орыс мектебінде екі жарым жылдай оқып, науқасқа шалдыққан соң, дәрігердің кеңесі бойынша оқуын тоқтатып, ауылға қайтады. 1885 жылдан бастап Мағауия әкесінің тәрбиесінде болады. Мағауия 1904 жылы 12 мамырда қайтыс болады. Зираты Ақшоқы қыстауында. Райхан Абайқызы (1871-1896) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Найман еліндегі Серікбай байдың  ұлы Құдайбергенге тұрмысқа шыққан. 1896 жылы қайтыс болған. Турағұл (Тұраш) Абайұлы (1875-1934) – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы.  Ол жас шағынан әкесі Абайдың қолында болып, тәлім-тәрбиесін көп көріп өседі. Турағұл бала жасынан зерек, ұғымтал, зерделі болған. Ол Абайдың ең сүйікті баласының бірі және ұлы ұстаз ақынның әдебиеттегі дәстүрін берік ұстанған саналы, мәдениетті шәкірті болған.Турағұл Семей облыстық комитетінің мүшесі болған. 1922 жылы ол тұтқынға түсіп, төрт айдай түрмеде отырып шықты.  Содан кейін Ақшоқыға барып аударма жұмысымен айналысады.1927-1928 жылдары Турағұл тағы да тұтқынға алынады. Түрмеден шыққан соң конфискеленіп, Шымкентке жер аударылады. Сол жақта 1934 жылы 6 наурыз күні қызы Мәкеннің қолында 59 жасында қайтыс болады. Сүйегі Шымкенттегі қорғасын заводының астында қалды. 1927 жылы Турағұл қайта тұтқынға алынып, 1928 жылдың көктеміне дейін түрмеде жатады. Зауыт салынар алдында Тураш ағаның сүйегін алатын жанашыр жақыны болмай, зауыт астында қалды. Ол кезде біз Шымкентке ауысып, басқа жаққа кеткен болатынбыз» деп жазады. Мекайыл (Мекеш) Абайұлы (1884-1931) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы.  Ұлт жолында тағдыры үзілген ерлердің қатарында екен. Жарты ғасырға жуық ғұмыр кешкен.  Арабша, орысша сауатты болған. Абай өлеңдерін түгелдей жатқа білген. М.Әуезов жас шағында Мекайылдың аузынан Абай туралы естеліктерін көп естіген. Ағасы Турағұл ауылымен бірге Ақшоқы маңайын, Тышқан деген жерді мекендеген. 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Сол жылы Семейде Түйемойнақ аралында атылған. Оның Құзайыр, Әлішер деген балалары Ұлы Отан соғысына қатысып қаза тапты.Ізкәйіл (Зікеш) (1895-1929) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Домбыра мен скрипка тартып, ән салған өнері болған. Арапша оқып, білім алған. 1917 жылы Ойқұдықта тұңғыш рет қойылған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Абыздың ролін ойнады. Кенже Абайқызы (1901-1932) – Абайдың Әйгерімнен туған кенже қызы. Алтыбақан, ойын-сауық кештерінде Абай әндерін орындап, оны халық арасына таратуға көп үлес қосқан. Кенже 1914 жылы Мұсабайдың інісі Әубәкірге ұзатылады. Әубәкір қайтыс болғанан кейін, Ғабитхан молданың шөбересі – Сіләмғазыға тұрмысқа шығады. Кейін тұрмыстары нашарлап, 1932 жылы Турағұлдың қолына көшіп келіп, сонда қайтыс болады.

 Абай балаларынан тараған ұрпақтары:

Ақылбай балалары:Әлімқұл Ақылбайұлы (1879-1914) – Абайдың немересі. Әлімқұлдан  Шәбеп, Бағфур, Зәбила, Қауаш туады. Әлімқұлдың балалары атасының дүние-мүліктері мен фотосуреттерін Абай мұражайына тапсырған. Әубәкір Ақылбайұлы (1881-1934) – ақын, әнші-композитор. Абайдың немересі, әрі шәкірті. Абайдың інісі Оспанның қолында тәрбиеленген. Немересінің ақындыққа бой ұрғанын байқаған Абай Әубәкірді ерекше жақсы көріп, бағыт-бағдар, ақыл кеңесін беріп отырған. Абайдың тапсырмасымен әзіл, мысқыл, әжуа, сықақ өлең шығарып, 19 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі сатираға өзіндік үлес қосқан. Оның сықақ өлеңдерінде Абай  ізі, Абай үлгісі сайрап жатыр. 1928-1929 жылдары конфискация кезінде Әубәкір қудалауға ұшырап, түрмеге қамалады. Шымкент жаққа жер аударылады. Сол жақта 1934 жылы қайтыс болады. Сағадат Ақылбайқызы (1884-1908 ) – Абайдың немересі. Жастай 1908 жылы қайтыс болған. Бәкизат Ақылбайқызы (1885-1924) – Абайдың немересі. Ақынның баласы Ақылбайдың қызы. Ағасы Әубәкір екеуі Оспанның бауырында, Еркежанның қолында тәрбиеленген. Оспанның ерке етіп өсірген бұл екі баласы өзге балалар жүрмейтін жерлерге еркін бара беретін болған.  Оспан өлген соң, Абай Еркежанға үйленеді де, Бәкизат Абайдың да тәрбиесін алады. Бәкизат 1902 жылы Шаған болысының адамы Сыпатай Молдабайұлына ұзатылған. Өзіне жасау ретінде берілген Абай үйінің, Ұлжан, Еркежанның біраз дүние-мүлкі қызы  Бәзилаға мұраға қалып, оларды 1948 жылы Абайдың Жидебайдағы музей-үйіне табыс еткен. Исрайыл Ақылбайұлы (1895-1959 ) – Абайдың немересі, педагог, күйші. Ол домбырада ойнап, ән салған. Талай рет көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері атанған. Исрайыл Жидебайдағы Абай музейінде қызмет істеп, онда домбыра оркестрін құрып, көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Ол бізге Абайдың «Май түні» деген күйін жеткізді. 1940 жылы «Жаңа ауыл» газетінде «Абай және ән-күй» деген мақаласы жарияланды. Исрайылдың фотосуреттері, грамоталары музей қорында сақталған.

Әлімқұл балалары: Шәбеп Әлімқұлұлы (1903-1959) – Абайдың шөбересі, Ақылбайдың немересі. Шыңғыс болысының 10-аулында соттың көмекші хатшысы, Абайдың Жидебайдағы мұражайының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Зәбилә Әлімқұлқызы (1907-1984) – Абайдың Ақылбайдан өрбіткен шөбересі. Абай ұрпақтары қудалауға ұшыраған жылдары ағасы  Бағфур екеуі Алматы облысының Жамбыл ауданының  К.Мыңбаев селосына қоныс аударған Зәбила сонда қайтыс болады. Қауаш Әлімқұлқызы (1910-1988) – Абайдың шөбересі, Ақылбайдың Әлімқұлының қызы. Ертекші Баймағамбеттің баласы Салықтың Мұқлесіне тұрмысқа шыққан. Ол Абайдың, Ақылбайдың, Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа білген. Қауаш апаның балалары Эдуард (1936-2007), Теля 1943, Роза 1947, Ләйлә 1950 жылы туған Астана қаласындав тұрады. Бағфур  Әлімқұлұлы (1913-1981) – Абайдың шөбересі. Қ.Мыңбаев атындағы Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас маманы болып 25 жыл қызмет етті. Ол М.Әуезовтің ағасы Разақ Омарханұлының қызы Ғафурға үйленген. М.Әуезовпен сырлас іңі, сыйла күйеу бала ретінде етене араласып тұрған. Әубәкірден туған балалар: Әлихан Әубәкірұлы (1918 - 1943) Абайдың шөбересі. Отан соғысына қатысып, хабарсыз кеткен. Қапсәләм Әубәкірұлы (1907-1943) – Абайдың шөбересі. Ұлы Отан соғысында 1943 жылы қайтыс болған. Исрайыл балалары: Исрайылдың кіндігінен тараған 6 бала болған. Оның Күләш, Майра деген 2 қызы, Сарыжан деген ұлы кішкентай кезінде шетінеп кеткен. (Күлзипа, Нәзипа, Кәсира қыздары қалған. Нәзипа Исрайылқызы (1922-1996) – Абайдың шөбересі, Ақылбайдың немересі Нәзипа Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында тұрған. Жоғары білімді ұстаз. Нәзипа Ұлы ақын Абайдың 150 жылдығы өткеннен кейін, бір жылдан соң  85 жасқа қараған шағында өмірден озды. « - Абай атамның тұңғыш баласы Ақылбайдан Әлімқұл, Әубәкір, Исрайыл туған.  Әкем Исрайыл – Ақылбайдың кенжесі, Абайдың немересі. Ол орта бойлы, мінезі ауыр, байсалды, көп сөлемейтін қара торы, өңді кісі еді. Шешеміз Тұрар Кәріпжанқызы Тасболат руынан, аққұба, өңді, ашық-жарқын, бала мінезді адам болатын, -деп еске алады тұңғыш қызы Нәзипа апа». Абай және оның айналасындағылар, ақынның туған-туыстары жөнінде әке-шешесінен естігендерін жазып Абай мұражайының қорына  тапсырған. Күлзипа Исрайылқызы (1925 – 2014) Абайдың шөбересі. педагог, ақын. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында тұрады. «Күлзипа апа жолдасы Сейілханов Ақаң аға екеуі 1964 жылы отау тігіп, Зайсан жеріне қызмет бабымен келген. Содан бері Зайсан өңірі туған жеріндей болып, ыстық тартып  кетті. Алаулаған жастық шағын, бойындағы білімі мен қажыр-қайратын шәкірт тәрбиелеуге арнаған жан. еді - деп еске алады Кәсира Исрайылқызы. Оның өлеңдері Абай мұражайында сақталған. 2014 жылы 6 шілдеде қайтыс болды. Күлзипа апамыздың сүйегі  Зайсанда жерленді. Кәсира Исрайылқызы 1944 жылы туған. Исрайылдың кенже қызы Кәсирада апалары сияқты балалық бұла шағын Абайдың қыстауы – Жидебайда өткізген. Он жылдықты Қарауылдан тәмамдап, арман қуып, Алматы қыздар педагогикалық институтына қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түседі. Қазір Алматыдан қоныс тепкен.  Қазір апамыз құрметті демалыста, үбірлі-шүбірлі, қанатын кеңге жайған үлкен шаңырақтың анасы. Алматыда тұрады.

Бағфурдың балалары:

Эрнест Бағфурұлы Ақылбаев (1935-1983) – Абайдың шөбересі Абайдың баласы Ақылбайдан Әлімқұл, Әлімқұлдан Бағфұр, Бағфурдан Эрнест туған. Алматыда тұрған. Бауэр Бағфурұлы Ақылбаев (1937-1978) жылы ғана белгілі. Айдар Бағфурұлы 1949 жылы туған. Абайдың шөбересі. Абайдың баласы Ақылбайдан – Әлімқұл, Әлімқұлдан – Бағфур, Бағыфурдан Айдар туған.  Алматыда Политехникалық институтты бітірген соң, Айдар жолдамамен Ақтауға қызметке барады. Сол жақта жары Светлананы  (ұлты қазақ) кездестіріп шаңырақ көтереді, жалғыз ұлы Данияр 1971 жылы дүниеге келген. Алматыда тұрады. Эрнестің баласы: Айдос Ақылбаев – 1967 жылы туған. Абайдың шөпшегі. Айдостың әкесінің дүниеден небары 46 жасында өмірден озған. Бұрын Айдос Украинада,  Ресейде тұрған. Бірінші жұбайы Светлана. Екеуінің араларында Александра атты қызы бар.  Қазіргі жұбайы Тамара Батырбекқызы. Айдос құрылыс саласында жеке кәсіпкер. Светлана Хайрулинадан туған қызы Александра 27 жаста отбасылы Саратов қаласының тұрады. Айдардың баласы: Айдардың баласы Данияр Ақылбаев 1971 жылы туған. Абайдың шөпшегі бесінші ұрпағы. Данияр мұ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!