Материалдар / Ғылыми жоба "Алма жемісінің пайдасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Алма жемісінің пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып оқушысына ғылыми жоба жазуда көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2019
4301
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе


Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т. б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жемісті көп тұқымды - алма.

Алма латынша (мalus) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар.

Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан.  Негізінен, алманың Отаны – Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке және Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен.

Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Күнделікті өмірде жиі пайдаланатын алма жемісінің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты зерттей отырып, оның адам ағзасына тигізер пайдасын танып-білу, емдік қасиеттерін анықтау.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

- Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігін анықтау;

- Алма жемісінің адам ағзасына пайдалы жақтарын тексеру;

- Алма гүлінің шипалық қасиетін зерттеу.

Негізгі бөлім


2. 1 Алманың шығу тегі


1796 жылы жемісті сипаттаған петербургтік ботаник Иоганн Сиверстің атымен аталған Сиверс алмасы Батыстың генетик ғалымдарының зерттеуінше, ғаламшардағы барлық алма атаулының атасы болып табылады. Еуропа ғалымдары Сиверс алмасы 65 миллион жылдық жеміс екендігін дәлелдеді. Тарихи тамыры тереңде жатқан алма ағашы аязға, аптап ыстыққа және құрғақшылыққа да төзімді келіп, 300 жылға дейін өмір сүретін көрінеді. 1929 жылы белгілі кеңестік селекционер-генетик Николай Вавилов Қытайдан келе жатқан кезде Қазақстанда алма жемісі толы ормандарды көреді. Алма жемісінің түрі, түсі, пішіні мен дәмінің әр алуандығына таңданған ол жабайы алмалардың генети­калық орталығының шығу тегі осы жер екендігін түсінеді.

Ежелгі Грек аңыздарында алма жемісі білім мен даналықтың символы ретінде бейнеленген. Алма ағашы гректерде күн құдайы Аполлонның киелі ағашы болып саналған. Ал Скандинавия мифология­сында жасартатын алтын алмалары бар Идунн есімді әйел құдайы болғандығы айтылады. Ол күзететін  алтын алмалар арқылы құдайлар өздерінің жастық шағын сақтап қалатын болған. Бір аңызда Локи есімді құдай Идунн мен оның алтын алмаларын Тьяцци есімді алыпқа беруге мәжбүр болғандығы баяндалған. Жасарта­тын алмаларынан айрылған құдайлар қартая бастаған соң Локиді алтын алма­лардың иесі – Идуннды қайтаруға мәж­бүрлеген («Әлем халықтарының аңыз­дары». Энциклопедия. 1-2 том. Мәскеу, 1988 ж., 1991 ж., 480-б, 67-68-б). Ежелгі аңыздарда ерекше орын алған алма жемісі осылайша мәңгілік жастық шақтың сим­волы саналған. Аңыздың астарында ақиқат бары анық.  Ғалымдардың айтуын­ша,  алма жемісі адамдардың жас көрін­уіне септігін тигізетін көрінеді. Күн сайын алма жеген адамның ағзасы жасарып, қартаю процесі ақырын жүреді. Маман­дардың мәліме­тінше, алманы тұрақты түрде жейтін адамның терісі мен ағзасындағы зиянкес микробтар жойылып, жағымсыз процес­тердің жүруі бәсеңдейді. Оған басты себеп, жемістің құрамында флавоноид және полифенол заттары көптеп кездеседі екен. Бұл элементтер жүректің жұмыс істеуін жақсартып, қартаю процесін тежейді.

Діни кітаптарда жұмақта алаңсыз өмір сүрген Адам ата мен Хауа ананың алма жеу оқиғасы жайлы айтылады. Шайтанның азғыруынан тыйым салынған ағаштың жемісінен жеуі олардың жұмақтан шығарылып, жер бетіне түсірілуіне себеп болған. Егер олар жұмақтан шығарыл­мағанда жер бетіндегі қазіргі өмір болмас па еді, кім білсін? Бұл оқиғадан алма адамзат тарихының бастауында тұрғаны аңғарылады. Сондай-ақ, алма жемісінің ғылым дамуының бастауында тұрғандығын да айта кеткен абзал. Әлемге әйгілі ағылшын физигі Исаак Ньютонның басына кенеттен алма құлаған сәтте ғалымның ойында бір керемет ой пайда болып, ол бүкіл әлемдік тартылыс күші туралы заңды ойлап тапқан. Осылайша дүниені дүр сілкіндірген жаңалық ашқан ғалым ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан. Тіршілік тарихындағы бұл оқиға жайлы ақын Шөмішбай Сариев «Ньютон алмасы» өлеңінде былай жырлаған:

Үзілді алма!

Ұлылық жаршысындай,

Табиғат көз жасының тамшысындай.

Тап болды Ньютон маңдайына,

Ғылымның құла мерген аңшысына.

Уақыт үзіп келген қанша алмадан,

Құпия құбылысты жан шалмаған.

Тартылыс ұлы күшін тұңғыш рет

Ньютондай ешбір адам жар салмаған.

Алманың отаны – Қазақстан екендігін білесіз бе? Білмесеңіз, біле жүріңіздер! Ғалымдардың пікірінше, ғаламшарымыздағы барлық алма атаулының арғы атасы қазақтың жерінде өскен!

Еуропалық мәдениетте алма – таным символы, кейбір ғалымдар алманы тыйым салынған ерекше сезімнің – махаббат пен ынтықтықтың символы деп біледі. Демек, адам баласының жер бетіндегі алғаш мекені, Жер шарындағы алма жемісінің алғаш пайда болған жері – Алатау өңірінде орналасуы әбден мүмкін.

Алма отанының біздің елімізде орналасуы тек бір ғажайып тұжырым деп ойлаған боларсыздар, дегенмен бұл ғылыми дәлелденген дерек. Оксфордтық ботаника профессоры доктор Барри Джунипер және француз зерттеушісі Кэтрин Пэкс бұған дәлел ретінде генетикалық талдамаға негізделген зерттеу жұмысын ұсынады.

Ғылымдағы бұл жаңалық – батыс зерттеушілерінің көпжылдық ізденісінің нәтижесі. Ғалымдар қазірде белгілі барлық алманың сұрыптарына генетикалық талдама жасап, жер бетіндегі алғашқы және, бәлкім, сол Тауратта айтылатын жұмақтағы алма жемісінің отаны – Қазақстан, дәлірек айтсақ Алмалы шатқалы  екендігін мойындады. Бұл мекен сан ғасыр бойына осылай аталып келеді. Алматы қаласының атауы да осы алма жемісінен шыққандығы баршаға мәлім.

Британдық ғалымдар ғаламшарымыздағы алғашқы жеуге жарамды алма жемісі таулы Қазақстанның аумағында теңіз деңгейінен шамамен 2000 метр биіктікте өскендігін анықтады.  «Алма тарихы» кітабының авторы Бэрри Джунипердің айтуынша, қазіргі заманғы алманың арғы атасы өзінің «тарихи отанында» әлі де өседі, бірақ оның саны көп емес, ал «Жаннат бағының» жемісін тек білікті мамандардың көмегімен ғана табуға болады.

Ғалымның ойынша, қазақ алмасын алғашқы болып таратқан – аюлар. Адамдар пайда болғанға дейін Тянь-Шань тауларында аюлардың үлкен тайпасы тіршілік еткен, олар балықпен, етпен қоректенген. Сонымен қатар, аюлардың тәттіні жақсы көретіні белгілі ғой, олар ең дәмді, тәтті де нәрлі жемістерді таңдап жеген. Бірақ аюлар тайпасы отырықшы келеді, сол себепті олар мекенінен онша алыстай қоймайды. Ал көшпелілердің қолға үйретілген жылқылары иелерімен бірге батысқа қарай сапар шеккен.

Адам баласы жылқыны қолға үйреткеннен бастап алма ағашының тұқымдары шартарапқа жайыла бастаған. Ал жабайы жылқыны адамдар алғаш рет, ғалымдардың анықтауынша, Қазақстанда, еліміздің солтүстік аймағында қолға үйреткен. Бұл жануарлар  алма жемістерін жеп, оның тұқымдары жылқының қиымен бірге топыраққа түскен, кейін ол жерде алма ағаштары өсіп шыққан. Қола дәуіріне қарай алма жемісі Парсы шығанағына жетіп, бұл аймақта алғаш алма бақтары отырғызылған. Еуропаға алманы римдік легионерлер жеткізген.

Бұған дейін жабайы алманың отаны қазіргі Түркияның аумағында болған деп есептелетін. Бірақ қазіргі таңда ғалымдар жабайы алманы Александр Македонский б.з.д. 328 жылы қазіргі Қазақстан аумағынан тауып, оларды қолдан өсіріп, бақ отырғызу үшін Македонияға алып кеткен деген мәлімдемелер жасауда. Антикалық дәуір хроникаларына сәйкес, ұлы қолбасшы Орталық Азияның қалаларын катапульталармен атқылап, оқ ретінде алма жемісін қолданыпты-мыс. Снаряд ретінде алма ағаштары көп кездесетін Алмалы мекенінде тау бөктерінде өскен жабайы алма ағаштарының жемістері қолданылған деп саналады. Атақты қолбасшы бұл өлкеден әрі бармады, бірақ Ұлы Жібек Жолының бойында тағы бір аңыз қалдырды.

Тань-Шандағы ең көне аңыздардың бірі  — қонжықтарын жоғалтқан қызғылт аю жайлы аңыз. Қонжықтарын іздеп жүріп, кірекей бір ағаштың түбінен қос бүлдіршін – бір ұл бала мен бір қыз баланы тауып алады. Аналық сезімге бағынған қызғылт кірекей оларды өзінің қонжығы ретінде қабылдап, жылаған сәбилерді жұбату үшін ағаштағы жемістерді жұлып береді. Балалар жылауын тоқтата қояды. Бұл ежелгі ертегі түркі тайпаларының арғы бабасы Ашина мен көкбөрі туралы көне түркі аңызына ұқсайды. Екі аңыз да өте көне болғанымен, ондағы сәйкестіктердің көп болуы бекер емес болар.

Францияның белгілі биолог ғалымы Катрин Пэкс Іле және Жоңғар Алатауы қорықтарындағы алма бақтарында зерттеу жүргізіп, оның бастамасы бойынша Жер бетіндегі барлық алма ағаштарының арғы атасы жайлы «Алманың пайда болуы және Эдемнің Жаннат бақтары» атты фильм түсірілген болатын.

2006 жылы ғалымдар қазіргі алманың 2500-ге жуық сұрыптарына ДНҚ талдауын жасады. Нәтижесінде ғаламшарымыздағы алғашқы алма «Сиверс алмасы» болғандығы анықталды. Айтпақшы, осы бірегей алма ағашы 1796 жылы оған алғаш сипаттама берген Петербург ботанигі Иоганн Сиверстің құрметіне аталған. Сондай-ақ бұл алмаларды Тянь-Шань жабайы алмасы, қырғыз жабайы алмасы (яғни қазақ алмасы, себебі пашталық Ресейде қазақтарды қырғыз деп атайтын болған) деп атаған.

Бұл жабайы алма сұрыбы Алматының маңындағы тау баурайларында өседі. Ғаламшарымыздағы алғашқы жеуге жарамды тәтті алмалардың Алматы қаласының айналасында өскендігін ғалымдар бұл ағаштардың теңіз бетінен шамамен екі мың метр биіктікте, күншуақта өсіп, әбден шырынға толатындығымен түсіндіреді. Демек аңызға айналған ғажайып дәмге ие және ерекше ірі келетін атақты апорттың дәл осы өңірде өсуі де заңдылық болар.

Жер бетінде осы ежелгі ғажайыптың көзі әлі де сақталғанын білген ғалымдар таң-тамаша қалды. Болашақта Сиверс алмасы деп аталған қазақтың алмасын мәдени алма сұрыптарының сапасы мен қасиеттерін жақсарту мақсатында қолдануға болады, себебі қазіргі алмалар көне бабалары секілді төзімді емес, олар түрлі зиянкестер мен ауруларға жиі шалдығып, жылына бірнеше рет өңдеуді қажет етеді. Бүгінгі таңдағы алма индустриясы мәселелерін бізде ғана өсетін Сиверс алмасы шеше алады.

Шетел ғалымдары осы жабайы алма түрлерін сақтап қалудың маңызын жақсы түсінеді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан-ақ американдықтар Алатау бақтарын зерттеп, тау баурайларында өсетін барлық алма ағаштарының тізімін құрастырған болатын. Сиверс алмасы 6-8 метр биіктікке дейін өсіп, күн сәулелері молынан түсетін ашық жерде жақсы өседі. Жабайы алма ағаштары саласының нағыз маманы деп мойындалған атақты академик марқұм Аймақ Жанғалиев Сиверс алмасының 40-тан астам түрі бар деп мәлімдеген. Оның жемістері жасыл, сары, қызыл және аралық ала реңкке ие.   

Алатау баурайында жабайы алма бақтары көп. Пейіш бақтары орналасқан Жетісу өңірі «Жер жаннаты» деп бекер аталмаған екен, бәлкім, біздер, алматылықтар, шын мәнінде ежелгі Жаннат бақтарының маңында тұрып жатқан болармыз?..  



2. 2 Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі


Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», «қырғыз алмасы», т,б.  түрлері өседі. 
Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымнан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары будандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.

Алманың түрлері:

  • Антоновка – дәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады.

  • Багайлық мальт – фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл-тәтті, дәмі кермек.

  • Сұрғылт анис – жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді, 2 айға сақталады.

  • Мичуриндік бессемянка - жемісі ірі (120-130 г), түсі сарғыш - жасыл, нәзік шырынды, дәмі қышқыл тәтті, хош иісі бар.

  • Мичурин естелігі жемісі ірі (100 – 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды, қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып.

  • Жас натуралист жемісі ірі (110 – 120 г), Түсі жасыл-сары, құрамында минералды заттары бар, шырынды, дәмі қышқыл-кермек.

  • Күздік шаттық жемісі ірі (100-110 г), дәмі қышқыл – тәтті, хош иісті, сұрғылт түсті. Тасымалдауға, сақтауға жарамды.

  • Жазғы алтын жемісі орташа жемісі (100-115 г.) Дәмі қышқыл-тәтті, тағамдық заттарға бай, әрі жақсы өңделеді.

  • Ерте пісетін қызыл алма жемісі орташа (70-90 г), нәзік шырынды, қышқыл-тәтті.

  • Россошан алмасы жемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашық жасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар.

  • Мелба шырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл-тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі.

  • Шілделік черненко жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді

  • Кинга жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.

Құрамы
Алма құрамында 83 — 88 % су, 7, 5 — 16 % қант, 0, 2 — 0. 8 % қышқыл, 9, 5 — 18, 5 % құрғақ қалдық, 0, 28 — 1, 0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай - ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т. б


2. 3 Алма жемісінің адам ағзасына пайдасы

Алманың адам ағзасына пайдасы орасан. Оның құрамында  алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол. Мәселен, 1 алманың құрамының 83-88 пайызын су, 7,5-16 пайызын қант, 0,2-0,5 пайызын қышқыл, 9,5-18,5 пайызын құрғақ қалдық,  0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар құрайды. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады. Айта берсең, сөз жетпейтін дәруменге толы алманы қытайлықтар көп тұтынатын көрінеді.

Алма — ағзаға пайдалы табиғи өнім

Біле-білсек, алманы арықтау үшін жейтіндер де бар. Себебі, денеңіздің сымбатын сақтауда атқаратын рөлі ерекше. Аздырып қана қоймай, сол қалыпты ұстап тұратынын айта өтейік. Анығырақ айтсақ, тамақтанар алдын — небәрі 15 минут бұрын бір дана алма жеген жағдайда, әрине, Сіз 190 килокалорийден міндетті түрде арылатын боласыз! Бұл арықтағысы келетін аруларға күтпеген, тамаша тарту!

Бұл аз десеңіз, теріге де тигізер әсері зор. Құрамындағы С дәрумені балғындық пен жастықты сақтап қалады. Ылғалдандырып, жұмсартып әжімнің түсуіне жол бермейді. Жеміс қабығының құрамындағы  эфир майы да ағзамызға таптырмас емдік май. Алайда, айта өтетін бір жәйт бұл алмаларды Сіз базардан немес дүкеннен сатып ала алмайсыз. Бауыңызда өсіп тұрған ағаштан теріп алуыңыз міндетті. Сол алмалардың қабығында ғана эфир майы кездеседі. жаңа технология көш ілгері дамыған заманда, құрамында алманың табиғи жұпар иісі бар иіссулар да өндіріледі. Егер, дәл осы әтірді пайдалансаңыз, Сіздің теріңіз нәзік әрі жұмсақ, балғын қалпымен ерекшелентін болады.

Алма әйелдерді 17 жылға жасартады екен. Бұл ретте тек сыртқы келбеті сұлуланбай, нәзік жандылардың бүкіл ішкі құрылысы да жасаратын көрінеді.

Нью-Йорк университеті ғалымдарының айтуынша, күніне 1 жаңа үзілген алма жеген адамның ағзасында қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі төмендейді. 

Ғалымдар күнделікті алма жеп отырған адамдарда өлім қаупі 35 пайызға дейін азаятындығын мәлімдеді. Мамандар бұндай қорытындыны 70 пен 85 жас аралығындағы 1456 зейнеткерді 15 жыл бойы зерттеу барысында шығарды. Ғалымдар қарттардың күнделікті қандай жеміс жеп отыратынына назар аударды.

Алманың құрамында қан тамырларын босаңсытатын, обыр ауруының алдын алатын жасушалар мен флавонидтер бар. Сонымен қатар алма холестерин мөлшерін азайтып, қан қысымын реттейді.

Алма, басқа да жемістер сияқты, құрамында майлылығы мүлдем жоқ деуге болатын жеміс. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Ал алманың құрамында  алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол.

Мамандардың айтуынша, жақсы алманың құрамында 83-88 % су, 7,5-16 % қант, 0,2-0.8 % қышқыл, 9,5-18,5 % құрғақ қалдық, 0,28-1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар болады екен. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады. Айта берсең, сөз жетпейтін дәруменге толы алманы қытайлықтар көп тұтынатын көрінеді.

Алманың құрамында А,С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. 

А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. 

В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1-ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. 
В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. 

Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. 

С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. 
Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. 

Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. 

Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, адам жиі ауырмайды. Ойлау қабілетті жақсы дамытады. 

Ал ең бастысы - алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. 
Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет. 
Алматылық апорт – кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Цитрусты жемістер тоңазытқышта тұрғанның өзінде 2 апта ғана шыдайды. Мәскеудің Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің биологы Владимир Мурашевтың айтуынша: «Шетелден әкелінетін жемістер Е консерванттар тобына жататын газбен өңделеді. Сонда ол сырты бүлінбей, өңін бермей, жарты жылға дейін дәмі бұзылмаған күйі сақталады. Бұл сатушыла

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!