Материалдар / Ғылыми жоба "Ақындар тілі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Ақындар тілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жоба мектеп оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2020
1219
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы

Краснознаменное орта мектебі» КММ














Сулейманов Бахтжан Бактиярұлы

11 -сынып





Тақырыбы:

Ақындар тілі



Бағыты: Қазақстан тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секция: Әдебиет

Жетекшісі:Режабова Жадра Нуралиевна, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі









2020 жыл

МАЗМҰНЫ

  1. КІРІСПЕ.........................................................................................

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ..............................................................................

2.1.Туған жер мен табиғат тақырыбындағы ақындар тілі

2.2. Махаббат тақырыбындағы ақындар тілі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





































Абстракт


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ ақындарының ішінде туған жер, табиғат, махаббат тақырыптарында қалам тартпағаны жоқ, бірақ оны өз шығармашылығында саналы түрде бүтіндей бір идеялық-поэтикалық концепцияға айналдырғандары саусақпен санарлық. Әр қаламгер өзінің талғамы мен танымына қарай бітім-болмысы өзгешеленген туған өлкесіне балама бейне қарастырды немесе ондағы түбегейлі өзгерістерді поэтикалық тілде жеткізудің өзгеше өрнектерін барлайды, өзіндік стилін танытуға талпынады. Ақындардың өзіндік стилі мен өрнектерін жан-жақты талдап, зерттеу осы жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: қазақ ақындары Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Беймбет Майлин, Бексұлтан Нұржекеұлы, Айгүл Кемелбаева, Роза Мұқанова, Асқар Алтай, Думан Рамазан сияқты бірқатар көрнекті өкілдерінің қазақ әдебиеті дамуындағы және әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік шығармашылық тілін айқындау.

- Поэзиялық шығармалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы туған жер мәселесін сөз етудегі ізденістер мен көркемдік шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашу,

- Аталған ақындар шығармашылығына тән даралық сипаттарды негізге ала отырып, олардың туған жер, табиғат лирикасы мен махаббат тақырыптарын жырлауда ұлттық көркем сөз өнерін дамытудағы үлес салмағын айқындау,

- Кейіпкер таңдау, оның жан-дүниесін, адамгершілік ізденістерін шынайы қалпында суреттеу шеберлігін таныту.

Зерттеу жұмысының гипотезалары:

- Талданған поэзиялық шығармалардың идеялық-тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері айқын.

- Туған жер тақырыбын жырлауда ақындар «дала» мен «ауыл» ұғымдарының қыр-сырын, ұлттық мінез ерекшеліктерін таныта алды.

- Қаламгерлер шығармашылығындағы рухани - адамгершілік мұраттардың көркем көрінісі заман, қоғам шындығын ашудағы қарымды ізденістері ретінде өз шешімін тапқан.

Зерттеу жұмысының кезеңдері: зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тәжірибенің әдістемесі: жазу барысында хронологиялық, салыстырмалы, жүйелілік, жинақтау, талдау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі: Дәуірге байланысты туған жер, табиғат пен махаббат тақырыптарын жыр еткен ақындардың поэзиялық және прозалық туындылары жүйелі түрде бүгінгі ғылыми талапқа сай тереңдей зерттелді.

Ақындар өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық сипатының қоғам, кезең шындығының рухани-әлеуметтік мәселелерімен байланысы және туған жердің тарихын, тағдырын, оны мекен еткен адамдардың қарым-қатынасын ашудағы, даланың өзін көркем образға айналдырған қаламгерлер шеберлігі ғылыми тұрғыда қарастырылып, қажетті қорытындылар жасалды.

Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Осы жобаны әдебиетшілерге, лириканы сүйіп оқитын оқырмандарға, мектептің жоғарғы сынып оқушыларына қазақ ақындарының туған жер, табиғат, махаббат тақырыптарына жазылған шығармаларынан ғылыми ақпарат алуда пайдалануға ұсыну.

Нәтижелерді практикада қолдану салалары: бұл зерттеу жұмысын жоғары оқу орындарының студенттері, жоғары сынып оқушылары зерттеу жұмыстарында қолдана алады.



































Кіріспе


Тіл – қай ұлтта, қай елде болса  да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ұлттың өзіндік ерекшелігі, болмысы, дүниетанымы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасын тауып келе жатқан тілі арқылы танылады. Жер бетінде өмір сүретін барша халықтардың даралық «менін» танытатын айшықтар оның тілінде ғана сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.

Қазақ тіл біліміне үлкен еңбек сіңірген ғалым Ахмет Байтұрсынов шығарма тілін екіге бөліп қарастырған. 1.Ақын тілі. 2. Әншейін тіл. Ақын тілі айрықша өң беріліп айтылған сөз: әншейін тіл ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен лебіз көрнекті болып шығады.

«Ақынның тілі қылыштан өткір, Қылдан нәзік» демекші қазақ ақындарының тілі жан-жақты. Бірде нәзік болып көңіліңе жылу сыйласа, бірде қуатты сөздермен рух пен батылдық сыйлайды.

Қазақ ақындары әр түрлі тақырыптарда қалам қозғаған. Осы зерттеу жұмысында біз осы тақырыптарда жазылған шығармалар мен ақындар еңбектеріне тоқталып өтеміз.



























2.1.Туған жер мен табиғат тақырыбындағы ақындар тілі

Қазақ әдебиетіндегі өлең өнеріндегі туған жер бейнесінің жырлануы тақырыбының мән-мағынасын ашуда ұлттық болмыс-бітімнің барлық негізін жинақтаған «дала» мен «ауыл» ұғымдарының алтын арқау болғандығы айқын.

Даланы жырлау дәстүрін жаңаша жаңғыртуда Ілияс Жансүгіровтің «Бүгінгі дала» өлеңі /1928/ мен «Дала» поэмасында /1930/ ұсынған идеялық және көркемдік қағидаттары бірнеше буын қазақ ақындарына бастау-бұлақ әрі өлшем-өнеге болып келді.

Ілияс шығармашылығының нәтижесінде «Дала» сөзі шын мәнінде ұлттық символға айналып, әр алуан ассоциацияларға жетелейтін жағдайға жеткізілді. Бұл - бір. Екіншіден, автор территориялық тұтастықты, елдік бүтіндік-бірлікті сөз етіп, Қазақстанның еркіндігін, еріктілігін таптық тұрғыдан /басқа жол жоқ та еді/ әсірелей толғап-термеледі.

Үшіншіден, ақын Дала образы арқылы халық тарихына терең бойлаудың, оның өткені мен бүгінгісін көркем кескіндеудің өз дәуірімен өрістесе туған, ресми идеологияны «ренжетпейтін» үрдісті үлгілерінің бірін / моделін/ жасады.

Төртіншіден, Ілиястың /сондай-ақ оның қатарластарының/: «Бүгін, бүгін, бүгін дала!// Мұндай ма еді бұрын дала?» - деп, Қазан төңкерісінің арғы және бергі жақтарында жатқан «екі» Даланы бір-біріне қарама қарсы қоя суреттеу сарыны қолына қалам ұстаған талайлар үшін құдіретті қисындай қабылданып, күні кешеге дейін іргесі сөгілмей келді.

І.Жансүгіров поэзиясындағы мөлдір арнаның бірі –табиғат лирикасы. Туған жерінің, елінің тау-тасын, өзен-көлін беріле сүйген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығынан өз шабытына нәр алып, сан алуан бояулары буырқанған ғажап суреттер салды. Бұлардың ішінде нақты географиялық адресі танылатын ( «Ағынды менің Ақсуым »), табиғаттың бір сәттегі көрінісін бейнелейтін («Ақшам», «Бұлт», «Желді күн», «Жазғы таң», құбылысты көз алдыңа әкелетін («Жауында» ,«Жел», «Тас») сан алуан үлгілері бар. Натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылардағы ойлар, символдық бейнелер, ишарат, философиялық идеяларға жетелейді, көп мағыналы сарын-әуездері тудырады [1,214 б.].

Қазақ поэзиясындағы Абай қалыптастырған табиғат лирикасының ілгері өрістеуін Ілияс есімімен тығыз байланыста қарау керек.Табиғаттың дәстүрлі маусымдарына арналған ақынның алғашқы өлеңдерінің бірі - «Жазға салым»:

Күркіреп, күңіреніп, ұласып аспан,

Сіркіреп, бұлт тұмшалап жаңбыр жауар.

Дүркіреп жауқазындар жарар гүлін,

Үлбіреп өсер шөптер, құлпырар қыр.

Жылтылдап жүнін тастар тай-талағы,

Былқылдап, көлде қиқу – шағала қаз

Былқылдап малға толар қырдан қойны,

Сылқылдап әзілдесер, күлер сылқ-сылқ [2,221 б.].

Он бір буынды тармақтың әдеттегі өлеңдегідей соңғы бунақтары емес, бастапқы сөздері ұйқастан, бұрын қазақ поэзиясында сирек кездескен жаңа форма. Тіршіліктің оянуын, табиғаттағы жаңғыртуды, жан-жануар, құстың, адамдардың әрекет-қимылы арқылы бейнелейтін бұл өлеңдегі көркемдік принцип – ақынның табиғат лирикасына түгелдей тән, оның жалпылық, жинақтаушылық сипаты. Шашыранды туындылар емес, ақын табиғат пен адам байланысының диалектикасын көрсететін шығармалар шоғырын, өлеңдер циклін дүниеге әкелді. Бұлардың ішінде балалар талғамын ескеріп жазылған, ырғақты, сөздері ойнақы, жаттауға оңай, тақпақ үлгісіндегі «Жазғытұрым» , «Жазғы шілде», «Күз» (1923) өлеңдерінде жыл мезгілдері мен табиғаттағы өзгерістер еңбек әрекеттерімен сабақтас бейнеледі [1,214 б.]. Егер еске түсірсек, Абайда мұндай мазмұндағы өлең «Жазғытұрым» деп аталады:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,

Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз [3,122 б.].

Бұндағы ақын Абайдың қазақ тіршілігін жылдың қыс ызғары кетіп, ерекше қуана күткен мерзімі – жазғытұрымен байланыстыруда таза пейзаждық суретті көздемегенін байқаймыз. Осы үрдісті Абайдан кейінгі көптеген ақындардың шығармашылығынан аңдауға болады. Солардың бірі – І.Жансүгіров.

Осы тәсілді қазақ үшін ең бір қаһарлы маусымды бейнелейтін «Қыс» (1922) өлеңінде де қолданады:

Қыс, қар, мұз, қырау, қылау-жерді көміп,

Бұлт бүркіп, тұман төніп, баса шөгіп,

Жер-көкті аяз бүркіп, қызыл жалап,

Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп...

Ойда омбы, дөңде қағыл қырдың қары,

Жылымық, мұздық болса –қырғын-дағы.

Қатындар қалтырасып судан қайтқан

Қарғанып қыдырғанға қырдың шалы [2,223 б.], -

деп басталатын шығармада бірте-бірте тұрмыс қарекеттері, шаруаның көңілсіз күйі, әлеуметтік теңсіздік айтылады.

Абайдың осы аттас өлеңіндегі оймен үндестікті танимыз:

Шидем мен тон қабатты киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Соныға малды жайып күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды.

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды [3,74 б.].

Жаз, күз, қыстың графикалық кескінін сызғандай етіп берген, терең әлеуметтік мағынаны пейзаждық лирикаға сыйдырған, құрылысына формалық жаңалық енгізген «Мезгіл суреттері» (1923) туындысы былай басталады:

Жерің анау,

Жасыл жолақ кілемдей.

Желің мынау,

Жігіт айтқан өлеңдей.

Той ғып жатқан ауылдай.

Күнің мынау

Елжіреген енеңдей [2,228

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!