Материалдар / Ғылыми жоба "Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу тиімділігі" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу тиімділігі" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар арасында өтетін Республикалық ғылыми жоба байқауының облыстық кезенінде 3 орын алған 9 сынып оқушылары Шаяхметова Инабат., Әпешова Аяжанның зерттеген "Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу тиімділігі" атты жобасын пән мұғалімдерімен бөліскенді жөн көрдім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
1097
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

Тарбағатай ауданы






Тақырыбы: «Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу тиімділігі»





Жоба авторлары:

Шаяхметова Инабат

Әпешова Аяжан

«Қ.Билялов атындағы гимназия»

КММ- нің 9- сынып оқушылары


Жетекшісі: Кожахметова Шынар Маратовна

«Қ.Билялов атындағы гимназия» КММ- нің

жоғарғы санатты технология пәнінің мұғалімі


Ғылыми жетекшісі: Абылайханова Тана Абылайхановна

С. Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің

«Экономика және басқару» кафедрасының

Экономика ғылымдарының кандидаты





2017

Мазмұны:


І. Кіріспе ............................................................................................ 4

ІІ. Теориялық бөлімі ...........................................................................5

2.1 Халықтың ертедегі өнерінің қайта жаңғыруы............................5

2.2 Жеңіл өнеркәсіптің дамуы ...........................................................6-7

2.3 Жүннің қадірін неге түсірдік? ..................................................7-8

2.4 Қой шаруашылығын қайтсек өркендетеміз .................................8-9

2.5 Барды ұқсата алмай, ырғын байлық ысырап

болмасын десек ............................................................................9-12


ІІІ. Зерттеу бөлімі .................................................................................. 13

3.1 Жүн жабағыларын сорттау нәтижелері ...................... ................13

3.2 Қой жүнінің өнімділік көрсеткіштері .......................................... 13-14

3.3 Жүнді алғаш өңдеу нәтижесі......................................................... 14

3.4 Зерттеу қорытындысы ....................................... ...........................14

ІV. Қорытынды .........................................................................................15

ІV. Пайдаланған әдебиеттер ................................................................16














Аннотация.


Бұл жұмыста халықтық мәдени құндылықтары мен дәстүрін дамыту, аймақтың ерекшелігін, артықшылықтарын тиімді пайдалану мақсатында қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізатты экономикалық тұрғыдан терең зерттей келе ұсақ малдың өнімін қайта өңдеу шаруашылығын ұлттық жобаға қосуға болатындығын дәлелдеген.


Аннотация.


В этой научной работе были иследованы народные ценности культурного наследия в целях развития народного ремесла, учитывая особенности рационального использования регионального преимущества в производстве переобработки шерсти. Так же были сделанны экономические расчеты по переработки шерсти на основе практики и было доказанно, что это производство можно вкючить как национальный проэкт, которым пользовались наши предки.



Abstract.


The people’s values of cultural heritage are presented in this project work in order to develop traditional trade. Pupils found out the kinds of traditional trade, taking into account, the specialties of the Tarbagatai region.

We can use this trade, because we have difficulties of production of animal skin.

It was proved, that this production can be used as the national project.







І.Кіріспе.


Өзектілігі: Ауыл шаруашылығының қай саласында болсын, рыноктағы сұ­ранысы жоғары, бәсекеге қабілетті және сапалы өнім өндіру барлық қажетті саналатын отандық өнім түр­леріне халықтың еркін қол же­тімділігін қалыптастыру, импортқа тәуелді болмауын қамтамасыз етудің басты кепілі.

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халхына Жолдауында ел экономикасын дамытудың бір жолы ауылшаруашылығындағы дәстүрімізді жаңғырту қажеттілігін мәлімдеген болатын.[1] Осыған байланысты жайылымға бай Шығыс өңірінде, шаруашылықтың басым көпшілігі малмен айналысып отырғандықтан, осы малдың өнімін бәсекеге қабілетті және сапалы отандық өнім өндіру кәсібі ретінде ұлттық инвестициялық жобалар, аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қосып, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі де тиімді технологияларын қазіргі заманға лайықтап халық игілігіне жарату.


Мақсаты: Аймақтың ерекшелігін, артықшылықтарын тиімді пайдалану мақсатында ұсақ малдың өнімің қайта өңдеу шаруасын инвестициялық жобалар және аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қосуға болатындығын дәлелдеу.


Міндеттер:

  1. Ата кәсіп түрлері, қазіргі уақытта қолданыста бар түрлерін анықтау;

  2. Аймақтың ерекшелігін, артықшылықтарын тиімді пайдалану мақсатында

қой шаруашылығының өнімінің іске асуын сараптау;

  1. Ата кәсіптің тери илеу кәсібін инвестициялық жобалар қатарына қосуға

Болатындығын қарастыру;

  1. Тарбағатай ауданында жеке жұмыс істеп отырған кәсіпкерлерді

серіктестік негізінде бір орталыққа қосып халыққа қызмет көрсететін

тері илеу цехын ашу мақсатында жергілікті ауыл әкімімен байланыс

жасау.


Қолданылған әдіс тәсілдер:

  1. Халық қолөнер кәсібі жайлы мағлұматтар жинау.

  2. Кәсіп шеберлері пайдаланған шикізаттарды зерттеу

  3. Жиналған мәліметтерді бір жүйеге келтіру.

  4. Орталық кітапханаға, мұражайға барып мағлұмат алу.

  5. Ауыл турғындарымен, шағын кәсіпкерлермен кездесу.




2. Теориялық бөлім

2.1 Халықтың ертедегі өнерінің қайта жаңғыруы

Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Қазақтың  ата кәсібі үшін қарапайым жер өңдеуден көшпенділікке, одан кейін жартылай көшпенді мал өсіру кәсібіне ауысуы материалдық мәдениеттің жаңа үлгісін іздеудің ұлттық базисі болып есептелетіннің көруге болады. Осылайша көшпелі өмірімен, мал шаруашылығымен айналысқан бабаларымыз күнделікті тіршілігіне қажетті заттарды жасап, апаларымыз мал өнімің ұқсатса, аталарымыз зергерлік, ұсташылық, қыш өңдеу, мал терісін, оның сүйегін өз кәделеріне жаратқанын білеміз. Әдебі деректерге сүйенсек, ұсақ малдың жүнінен бау, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйінің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің шудасы.[3]

Қазақстанның шығысы ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып табылады. Ерте кезден бері осы аймақта мал багумен шұғылданған аталарымыз жайылымға бай және табиғи-климаттық жағдайы қолайлығын негізге алғанын көруге болады. Бабаларымыз ежелден-ақ «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір» - деп бекерге дәріптемеген шығар. Егер бұл тұжырымның көп жылдық тәжірибе мен ұзақ бақылаудың арқасында жасалатынын ескерсек, біздің бабаларымыз қой өсірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгеріп қана қоймай, оның тиімді-тиімсіздігін экономикалық тұрғыдан да дәлелдегенің байқаймыз. Яғни қазақ ұлты қандай қоғамдық құрылыс жағдайында өмір сүрсе де, мал өсіру мен оны одан ары дамытуды бір сәтке де толастатпаған. Сол себепті де халқымыздың күнделікті тіршілігінде аса маңызды осы саланы дамытуға нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасы негізінде қарастырып бағып қаққан малдың етін жеп, сүтін ішіп терісін іске асыру үшін аталарымыздың қолданған қарапайым өндеу әдістерін, қазіргі техноголияларды қолданып өңдеп, өндіру кәсібін қолға алу керек деп ойлаймыз.

2.2 Жеңіл өнеркәсіптің дамуы

Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің дамуы 19 ғасырда мал шаруашылығының тері және жүн шикізаттарын өңдеумен байланысты қалыптасты. Жеңіл өнеркәсіптің алғашқы пайда болған саласына былғары өндірісі жатады, ол Семей және Ақмола облыстарында 20 ғасырдың басында пайда болды. Одан кейін жүнді алғашқы өңдеу дами бастап, жуылған жүнді Ресейге шығару мақстаында ондаған жүн жуу орындары іске қосылды.[7] Кешегі Кеңес дәуірінде еліміздегі қой тұқымдарынан 107 мың тоннаға дейін жүн өндіріліп және өңделіп, негізінен жіп, мата, тоқыма, киіз, байпақ бұйымдарын дайындауда таптырмайтын шикізат ретінде қолданылса, нарықтық экономиканың өтпелі кезеңдеріне байланысты өндірілетін жүн үлесі 23,6 мың тоннаға дейін кеміп кеткен, сонымен қатар жеңіл және тоқыма өндіріс кәсіпорындарының тоқтауына байланысты, ішкі нарықтағы жүнге сұраныс 4–5 есеге дейін төмендеген екен.[11] 

Қазір елімізде 37,6 мың тонна жүн өндіріледі, соның 7 мың тоннасы басылған жүн өнімдерін өндіруде қолданылатын жіңішке талшықты биязы жүн. Сарапшылардың айтуынша, соның 2 мың тоннадайы ғана Қазақстанның ішінде отандық кәсіпорындар бұл биязы жүннен техникалық, авиациялық жәны теміржолға қажетті киіздер, басқа да басылған киіз өнімдері мен киіз үй, байпақ, арнайы аяқ киій, мамық, топс және таға сондай өнімдер өндіреді де, қалғанының бәрі Қытай мен Ресейге шығарылады.[8]  Экспорт және инвестиция мәселелері жөніндегі Ұлттық агенттіктің атқарушы директоры Ғазиза Шаханованың айтуынша, жүн қазір ресейлік және қытайлық сатып алушылар арқылы Қазақстаннан сыртқа кетіп жатыр. Себебі, елімізде жүн өңдеу орталықтарының аз болуы, мал жүніне деген сұраныстың болмауы салдарынан көптеген мал жүндері қоқысқа немесе отқа тасталады. Осы сала барысында несие алу да көптеген қиындықтар (фабрикалар несие алуы үшін көптеген құжаттар қажет) туғызады. Ал шетелдік алыпсатарлардың алдында ондай кедергі жоқ, тікелей фермерлерге барып сатып ала береді. Ең өкініштісі, шетелдіктер жүнді су тегінге сатып алғандарымен қоймай, нарық қатысушыларының мәліметіеше, қазақстандық жүн өндірушілерге арналған бюджеттік демеуқаржыларды да пайдаланып отыр. Мысалы, 2016 год жылы отандық биязы жүн өндірушілер өздері өндіріп, сатқан 1 келі жүн үшін 105 теңгеден демеуқаржы алған.  Ал Қазақстан аумағында тіркелген қытайлық және ресейлік компаниялардың сатып алушылары меринос жүннің әр келісін 220-250 теңгеден сатып алып отырған.  Сондай-ақ бюджеттік демеуқаржыларды пайдалана отырып, өз шығындарын сол 105 теңгеге төмендеткен.[9]

2.3 Жүннің қадірін неге түсірдік?

Қой жүні жылу сақтау, киіс беру, жоғары эстетикалық және дәрігерлік- гигиеналық талаптарға сай келудің жиынтық көрсеткіштері бойынша барлық табиғи, жасанды және химиялық талшықтар арасында теңдессіз шикізат екендігі ғылыми-өндірістік сынақтарда жан-жақты дәлелденген. Ендеше осынша қасиеті бар жүннің қадірін неге түсірдік, неге пайдалана алмай отырмыз? Ұлыбританияда бүгін 10 миллион қой бар екен. Осы қойдан алынған тауарлар бүгінде әлемге танымал. Ал біздің жүніміздін сапасы олардікінен неше есе артық болса да, шашылып далада жатыр. Мысалы, 1970-93 жылдар аралығында елімізде қой саны 30-35 миллионға жетіп, жылына 100-105 мың тоннаға дейін табиғи жүн, 400 мың тоннаға дейін тірідей салмақта ет өндіріліп, саланың мемлекет қазынасына қомақты қаржы түсіріп отырған. Осы жылдарда барлық қой санының 50 % астамын биязы жүнді қой тұқымдары құраса, ал өндірілген жүннің 70 % жуығы биязы және биязылау жүннің үлесіне тигенекен. Егер 1920 жылдарға дейін қой шаруашылығында түгелге жуық немесе 98 % қылшық жүн өндірілсе, 1980 жылдардың соңына қарай 68 % негізінен биязы, биязылау және ұяңды жүн, оның ішінде 86 % биязы жүн.[5] Осы уақытқа дейін қазақ халқының тыныс-тіршілігімен қаншалықты байланыста болғандығын сөз басында атап өттік, төрт түлік малдың берекесі иен далада шашылып жата берсе, оны мемлекет пайдалана алмаса, жүн мен терімен бірге халық мәдениетінің де бір бөлшегі құрдымға кетер ме деген қауіпі барғой. Қалай болған күнде де бұл мәселені мықтап қолға алған жөн деп ойлаймын. Бұл бағытта тіпті тері мен жүнді пайдаланудағы ата-бабамыздан келе жатқан ескі әдістер мен тәсілдерді қазіргі заманға лайықтап пайдаланса да болатын сияқты. Алайда бүгінде осы қой терісі мен жүнін пайдаланып, сан түрлі тауарлар шығарып, мол пайда тауып отырған елдердің бар екендігін көргенде ішің ашиды-ақ. Ол ол ма,  осы  шикізатты пайдаланып, одан шығарған заттарын әлемдік брендке айналдырған, сөйтіп қой жүні мен терісінің арқасында-ақ әлемге танымал болған мемлекеттерді қайтерсің.[12]

2.4 Қой шаруашылығын қайтсек өркендетеміз?

Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өздерінің көп жылдық тәжірибесі, отандық және шетелдік бағалы генотиптерді тиімді пайдаланып, малдардың өнімділік-тұқымдық қасиеттерін арттыру, өнімдерінің сапасы әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкес болуы үшін жаңа тұқымдар, сүлелер (типтер) мен желілер (линиялар) шығару, сондай-ақ олардың генотиптік ерекшеліктеріне сай пайдалы қасиеттерінің барынша толық қалыптасуын қамтамасыз ететіндей деңгейде азықтандыру, күтіп-бағуды игеру мен ізденістер нәтижелерін шаруашылықтарға кеңінен ендіруге бағытталған жұмыстар жүргізіп, қойдың жоғары өнімді үш биязы, үш биязылау жүнді және етті-майлы бағыттағы екі ұяң, бір қылшық жүнді тұқымдарын шығарып, малдың асыл тұқымдарын шығару теориясы мен практикасына үлкен үлес қосып отыр екен . Бүгінгі таңда 60-аса шаруада биязы, биязылау жүнді және етті-майлы бағыттағы құйрықты қой тұқымдарының өнімділік қасиеттерін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп, жалпы саны 400 мыңға жуық мал ғылыми жұмыстармен қамтылған екен.[4] Демек мал басын асылдандырып отандық және шетелдік қой тұқымдарын өсіру мен тұқымаралық будандастыруларда ұтымды пайдалана алсақ кері кеткен жеңіл өнеркәсіп саласынын бағы жаңғалы турғанығой.

Әлем елдері бойынша жалпы жүн өндірісінде биязы жүн үлесі 40-45, биязылау жүн - 25-30, қылшық және ұяң жүн 30-35 % құрайды. Өндірілген жүн көлемі мен сапасы бойынша алғашқы орындарды жылына 500 мың тонна жүн өндіретін Австралия мен 224 мың тонна жүн өндіретін Жаңа Зеландия иемденеді және әлемдік жүн өндірісінің жартысына жуығы немесе 48,5% осы екі мемлекеттің үлесіне тиеді. Сондай-ақ, қазіргі кезде жер шарының әр жүз адамына орта есеппен 17,4 қойдан келсе, Австралияда бұл көрсеткіш - 1487, Жаңа Зеландияда - 1215, Моңғолияда - 667, Уругвайда - 397, Иранда - 86, Сирияда - 82, Ресейде - 13, ал Қазақстанда - 98 бастан тура келеді. Бұл біздің еліміздің мол әлеуеттік мүмкіндіктері толық пайдаланылмай жатқандығын көрсетеді.[5] Ал бүгін кой шаруашылығы қандай жағдайда, одан алынған өнімді қандай кәдемізге жаратудамыз? Қойдың етін жеп, сорпасын ішумен шектелмей, одан жылы жамылғылармен көрпе жасап, терісін тоқым етіп, жүнінен киіз жасаған бабаларымыздың амалын жасап жүннің қадірін ел-жұртына танытып кәсібіпетіп 10 шақты адамды жұмыспен қамтып отырған пима шығыру цехы ( негізгі шикізаты қара козы,койдын күзем жүні, бағасы-30 теңгеден) , жүнді көрпе тігу цехы (негізгі шикізаты ақ қой жүні, бағасы-50 теңге) және аяқ киім тігу шеберханасы ресейден өңделген (негізгі өңделген былғары 10 дицеметірі сапасына қарай бағасы 30-40теңге) былғарымен жұмыс істеп отыр. Алайда, ауылда мал жандығын бағып, күн көріп отырғандар үшін қойдың етінен бөлек, жүн-жұрқаны, теріні іске асырып жатқандары шамалы. Ұлттық мәдениетімізбен сабақтасқан тұрмысқа қажет осы игі іспен айналысам деген қолөнер шеберлерінің тауары сұранысқа ие емес. Себебі қазір нарықта арзан бағамен синтепон сияқты қылшықтан дайындалған материалдар, сапасыз арзан киім кешегі қаптап кетті. Көңілге медеу болатын бір мәселе соңғы уақытта табиғи түрде жылу беретін материалдарға деген сұраныс артып келетіндігін ауыл турғындарымен әнгімелесу барысында анықталды .

2. 5 Барды ұқсата алмай, ырғын байлық ысырап болмасын десек

Ауыл шаруашылығының қай саласында болсын, рыноктағы сұ­ранысы жоғары, бәсекеге қабілетті және сапалы өнім өндіру– барлық қажетті саналатын отандық өнім түр­леріне халықтың еркін қол же­тімділігін қалыптастыру, импортқа тәуелді болмауын қамтамасыз етудің басты кепілі. Осы орайда Ел басының «Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз» деген еді.[1] Ендеше жайылымға бай Шығыс өңірінде, шаруашылықтың басым көпшілігі малмен айналысып отырғандықтан, ұсақ малдың өнімін бәсекеге қабілетті және экологиялық таза, сапалы отандық өнім өндіру ұлттық инвестициялық жобалар қатарына, аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қосып халық игілігіне жаратуға болады. Ал ол үшін қайта өңдеу кәсіпорын­дарын жаңа құрал-жабдықтармен жабдықтап, өндіріске жаңа тех­нологиялар енгізу керек.

1990 жылы Қазақстанда 35,7 млн қой басы болған. Сол жылы 107,9 мың тонна жүн қырқылыпты, оның ішінде 51,8 ℅ – биязы жүн. 2000 жылы  ел ішіндегі ешкі-қой саны 9981,1 мың бас деп есептеліп, одан 22 924 тонна жүн алыныпты. 2008 жылдың аяғында ұсақ қара саны 17 848,3 мыңға жетіп, негізінен, 33 279,3 тонна қатты жүн қырқылған. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2000-2007 жылдар ішінде республикамыздың өнеркәсіп құрылымында тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі 2,0-ден 0,6 % дейін төмендеген екен. Шет елдерде экономиканың бұл секторы бюджет табысының 20-30 % құрайды. Экономиканың басқа бірде-бір секторы дәл осындай табыс әкеле қоймайды. Оның үстіне жеңіл өнеркәсіп әйел адамдарды жұмыспен қамту мәселесін де шешеді. 1990 жылдары Қазақстанда осы салада 200 мыңнан аса адам еңбек еткен болса, қазіргі күні бұл көрсеткіш он есеге дейін қысқарған. Бүгінгі күні тоқыма және тігін өнеркәсібінің еліміздің жалпы ұлттық табысындағы үлесі 0,4% ғана құрайды. Ресейде бұл көрсеткіш 1 % құраса, Германия, Франция, АҚШ сияқты дамыған елдерде - 4, ал Италияда -12 %тең. Бұл оларға бюджеттің 20% жасақтауға және ішкі нарықты 75-85 % өз өнімдерімен толтыруға мүмкіндік береді. Түркия мен Қытайда тоқыма өнеркәсібінің ІЖӨ-дегі үлесі тіпті 30 %дейін жетеді. Міне, бізге жеңіл және тоқыма өнеркәсібіне тиесілі тауарлардың, негізінен, осы елдерден келетін себебі қайда жатыр! Өйткені бұл қазақстандық сала ішкі сұраныстың тек 10% ғана жауып отыр. Кезінде қазақтың қылшық жүнді қойының жүнінен жасалған тоқыма бұйымдары Батыстың өзін тамсандырғандығы белгілі. Екі мыңыншы жылдардың басында тіпті жеңіл өнеркәсіпті өркендетуде әлемнің көшбастаушы елдерінің санатында тұрған Қытайдың өзі «Қазақтың жеңіл өнеркәсібінің болашағы мол» деп болжаған екен.
Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда елімізде
19 миллион қой бар екен. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 112 асыл тұқымда мал шаруашылығы,оның ішінде 50 қылшықты жүнді және биязі жүнді – қой шаруашылығы, 1- ешкі шаруашылығы.[9]

Соның ішінде өзіміздің Тарбағатай өңірінде «Көкжыра» өндірістік кооперативі және «Қайнар» , «Дарабоз» шаруа қожалықтарында асыл тұқымды қой өсіріліп мал басы 28247 жетіп барлық қой малының 8,2 % құрайды.[14] Әр қойдан шамамен үш-төрт келі жүн қырыққан күннің өзінде жылына 122988 тоннадай жүн жиналады екен. Сонда бір қойдан шамамен 100 теңгенің жүнін алсақ, қазынаға 12298800  теңге мөлшерінде табыс түсетін көрінеді

Ел басы: «Әркім өз шаруасын жасауы тиіс, әркім өзінің отбасын асырайтын жағдайы бар. Жұмыс істейтін адам бүгінде кедей бола алмайды. Бізге дәл қазір өте ірі кәсіпорындардың керегі жоқ. Бізге 50 адам жұмыс істейтін кәсіпорындар керек. Бұл өте икемді өндіріс. Германия 90% өнімді шағын және орта кәсіпкерліктен алады. Сондықтан да бұл ел эко­номикалық дағдарысты оңай өт­керді. Өйткені, онда 50 ғана адам жұмыс істейді. Оның шығарған өніміне сұраныс төмендесе, басқа өнім түріне ауысады. Ал ірі өндіріс орындары олай жасай алмайды. Сондықтан бізге өте тиімді икемді өндіріс қажет. Қазақстандықтар, әсі­ресе, жастар өзінің жеке бизне­сімен айналысуға мүдделі болғаны жөн. Ал атқарушы билік осыған барлық жағдайды жасауы керек.»-деген еді.[2] Кәсіпкерлікке бағытталған “Биз­нес­тің жол картасы – 2020” бағ­дарламасы да осы үшін жасалған. Егер банк 14℅ несие берсе, мемлекет 7 ℅ өз мойнына алады. Біз экспортқа шығатын өнімдерге кепілдік бере­міз. Ол – бір. Екінші, 2020 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы – бұл Қазақстанның тікелей болашағы. Оны жүзеге асыр­масақ біз тағы да артта қала­мыз. Көштің соңында қалып, шаң жұтамыз. Сондықтан да біз мұны ұлттық идея ретінде қабылдауымыз қажет. Индустриялық-инновациялық бағдарлама халық­тың ойында болуы шарт. Ол әншейін бір айтыла салған жоспар емес, ол біздің болашағымыздың түп-тамыры болып саналады -деді Елбасы [9]

Елбасының сөзіне сүйене отырып жергілікті жерде ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өңдіріс ұжымын ашып жеке шаруаларда, жеке қожалықтарда мериностын ақ жүнді қойын өсіріп оның өнімін жергілікті басқарумен бақылап арнайы жерлерде қабылдасақ, облысымыздың Семей тері жүн өңдейтін кәсіпорынын шикізатпен қамтамасыз етуге ықпал етіп, биязы жүнді экспорттау көлемі мен өнімнің тереңдетіліп қайта өңделуінің деңгейін арттырып республикадағы тоқыма өнеркәсібін және жеңіл кәсіпорындарынын жұмысын жандандырар еді. Ал ауылды жерлерде осы уақытта жеке жеке жұмыс істеп отырған кәсіпкерлер(пима шығару,көрпе тігін цехы,аяқ киім жөндеу цехы) серіктестік негізінде қосылып біржерден шағын өндіріс цехын ашып халыққа қызмет көрсетсе , сондай-ақ ауылда бар 3 мек-тептін материалдық базасы төмен ,мектеп оқушылары осы жерде практикалық сабақтарын өтер еді.





















ІІІ.Зерттеу бөлімі

3.1. Жүн жабағыларын сорттау нәтижелері

Жүннің сорттылық құрамы оның жабағы бойынша біркелкілігін көрсетеді. Ал жүннің жабағы бойынша біркелкілігінің технологиялық тұрғыдан да үлкен маңызы бар. Жабағы құрамындағы жүн сортының саны неғұрлым аз болса, оның соғұрлым біркелкілігі жақсы және технологиялық қасиеттері жоғары болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда биязы жүнді қойларының жабағысындағы жүннің басым бөлігі жоғары және бірінші сортқа жатқызылды.

Жабағы құрамындағы жүн сортының саны неғұрлым аз болса, оның соғұрлым біркелкілігі жақсы және технологиялық қасиеттері жоғары болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда биязы жүнді қойларының жас-жыныс топтары түгелдей дерлік бұл талап деңгейіне сәйкес келеді.[3] 

3.2. Зерттеуге алынған қой жүнінің өнімділік көрсеткіштері

Зерттеу үшін қырқылған биязы ақ қой,қышықты жүнді қара қой және байыс тұқым жабағыларының негізгі өнімділік көрсеткіштері 1-кестеде келтірілген.

Тұқым сүлесі

Зерттеу тобы

Жас-жыныс тобы

қошқарлар

аналықтар

тұсақтар

Жүн түсімі, кг

Биязы жүнді ақ қой

І

3,50

2,34

1,80

Қылшық жүнді қара қой

ІІ

3,54

2,42

2

Байыс қойы

ІІІ

3,85

2,71

2,10


Негізгі өнімділік көрсеткіші жүн түсімінің ең жоғары деңгейімен Байыс қойы сипатталды.Салыстырмалы түрдегі ең төменгі жүн түсімі биязы жүнді ақ қойлар сипатталды. Үш түрлі қойдын жүн түсімі бойынша анағұрлым алшақтық жоқ.


3.3. Жүнді алғаш өңдеу нәтижесі

Өңдеуге алынған биязі ақ қой жүні .

1кг салмақта алынған жүн түсі анықталды,

Қажетті жуғыш құралдар (сабын 0,5 порашок 100гр)

І өңдеу сабау немесе тазалау,

ІІ-ІІІ өңдеу жуу, ІY -өңдеу кептіру, түту, иіру .

биязі ақ қой

І өңдеу

ІІ өңдеу

ІІІ өңдеу

ІV өңдеу

Жуылмаған салмақ 1 кг

өңдеу нәтижесінде жүн жеңіл сабалады, жақсы тазарады.


өңдеу нәтижесінде жүн сарғыш түсті иісі кетпеген

өңдеу нәтижесінде жүн өз түсіне келді, иісі жоқ

өңдеу нәтижесінде жылы күн көзінде жақсы кебеді

Жуылған салмақ 700 гр


3.4 Зерттеу қорытындысы

1кг жүннен жуғаннан кеиін 700гр дайын шикізат қалады

700гр жүннен жіп иіріп 2 пар 39-өлшемде байпақ тоқуға болады

Бүгінгі күні Базар бағасымен алғанда 1600 теңгені құрайды , егер жүн килограмы 100 теңге шамасында болса ,1600-100 теңгені ,ал қалған 1500 таза пайда болғаны .

Кесте 1 – Жүн жабағылары зерттеуге алынған ақ қойларының тұқымдық сүлелері бойынша негізгі өнімділік көрсеткіштері

Кесте 1- Зерттеуге алынған биязы ақ қойдын өңдеу көрсеткіші






ІV. Қорытынды.

«Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасында Тұңғыш Президент Ауылшаруашылық өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ел экономикасын дамытудың бір жолы деп қарастырып, ауылшаруашылығын жаңғырту қажеттілігін мәлімдеген болатын.[1] Оған негіз бола алатын Қазақстан халқының 7,48 мил. адам немесе 45 пайызы аулдық жерлерде тұрып, басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады себебі жайылымдық алқаптардың мол қоры, мемлекет қорынан мал басын ұлғайтуға, асылдандыруға бөлініп жатқан несие, субсидиялар.

«Болашақ - аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құру» керектігіне мән беруге шақырды.[2] Біздің зерттеу жұмысымыздың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді қолға алып, жайылымға бай Шығыс өңірінде, шаруашылықтың басым көпшілігі малмен айналысып отырғандықтан, осы малдың терісін бәсекеге қабілетті және сапалы отандық өнім өндіру кәсібі ретінде ұлттық инвестициялық жобалар, аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қосып халық игілігіне жаратуға негіз барына көз жеткіздік.

Сонымен қатар, ауылды жерлерде жеке жұмыс істеп отырған кәсіпкерлерді “Биз­нес­ жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша серіктестік негізінде бір орталыққа қосып халыққа қызмет көрсететін өндіріс цехын ашу, кәсіптік лицейді бітіріп шыққан, дипломмен ауылға келген мамандарға жұмыс орны, сондай-ақ мектептептердің материалдық базасының төмендігіне байланысты оқушылырының тәжірибелік сабақтарын өткізуге, 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша технология саласына ресурс орталығы боларының алғы шарты. Қой малы ғасырлар бойы қазақтың тұрмыс деңгейін көрсетететін өлшем болған. Экономика дамып, өркениет қанша алға озса да, біз осыны ұмытпағанымыз дұрыс! Зерттеу жұмысымызды Елбасының сөзімен аяқтасақ.

Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек.

Н.Назарбаев

V. Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы

14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

2. Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ 17.01.2014

3. Ж.М.Күдерин «Қойдың шығу тарихы» – Москва, 1986.с.275

4. Бекбаева Д.Н. «Результаты сортировки шерсти овец байыского типа

казахской курдючной полугрубошерстной породы.» Издательство:

Аст.Москва, 2006.с.288

  1. Қойшыбаев С.Ә., Құлманова Г.А., Рахымжанов Ж.А., Бекбаева Д.Н. «Қой жүнінің техникалық және технологиялық қасиеттері мен оны өндірісте пайдалану бағыты» Алмты,1969 ж. 256б

  2. Қазақстан дамуының 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

  3. 7. 04.02.2016 Новости Казахстана. Агентство.

  4. Казинформ: portal@akimvko.gov.kz

9. «Айқын» басылымынан, 26 мамыр, 2014 жыл

10. 27.08.2015. ҚазАқпарат

  1. 29.06.2015. ҚазАқпарат

  2. Оқулық «Экономикалық география» 9-сынып.

  1. «Тарбағатай» басылымынан, 09.01. 2017 жыл

16


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!