Материалдар / Ғылыми жоба Ерліктің даңқы мәңгілік 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Ерліктің даңқы мәңгілік 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Егер сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді... Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан етеміз»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
834
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы.Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті

Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп














Тақырыбы: Ерліктің даңқы мәңгілік















Секция: Тарих

Орындаған: Ерқожа Мереке

Жетекшісі: Амангелді Нұрсұлу Амангелдіқызы

















Ж о с п а р ы:



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Үрмәш Түктібаевтың өмірбаяны.

  2. Үрмәш Түктібаев Латвия жерінде.

  3. Үрмәш Түктібаев әдебиет беттерінде.



ІІІ. Қорытынды
































1

Кіріспе



«Егер сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді...

Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан етеміз»


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.




Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаев-1917 жылы Қазалы ауданының осы күнгі Үрмәш Түктібаев ауылында туған. Қызыл Армияның қатарына 1941 жылы 17 тамызда шақырылған.

Үрмәш Түктібаев өзінің солдаттық өмірін Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында Қазақстанда ұйымдастырылған 391-атқыштар дивизиясында бастады. Ержүрек пулеметші, ал кейіннен пулемет бөлімінің командирі Ү.Түктібаев 4 рет жараланып, сонда да қатарға қайта қосылып отырды. Қызыл Жұлдыз орденін алған жігіт майданда Коммунистік партия қатарына қабылданды. Советтік Латвияны азат ету үшін болған ұрыста Үрмәш Түктібаев теңдессіз ерлік көрсетті.

1944 жылы 16 шілдеде құрамында 391-ші атқыштар дивизиясы бар 2-ші Прибалтика майданы әскерлері дұшпанның ұзақ уақытқа созылған ұрыста қорғанысын бұзып өтіп, латыштардың байырғы жерін гитлершіл қаныпезелерден азат ете бастады. Дивизияның бөлімдері мен бөлімшелері Режица қаласы үшін қиян-кескі ұрыстар жүргізді. Қанды шайқас екі тәулікке ұласты. Сонда Үрмәш тайсалмастан 20 неміспен жеке айқасқа түсіп, олардың көзін құртты. Ол Режица қаласы алаңындағы бауырластар зиратына құрметпен жерленді.

Қатардағы жауынгер Ү.Түктібаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 1944 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Жерлес батыр Үрмәш Түктібаевтың есімін дәріптеу мен мәңгі сақтау мақсатында өзі туған ауылына және көше аты беріліп, бюст орнатылды. Қазалы ауданы "Сарыой" ауылыңда (қазіргі Түктібаев) 1917 жылы 17 қарашада дүниеге келген. Мектепте 6 кластық білім алады да, колхоз жұмысына белсене араласады.

1941 жылғы шілдеде 34 жастағы колхозшы Қазалы аудаңдық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанды. Ол алғашқы кезде пулеметші, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Майданда төрт рет жаралаңды. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

  2

 Үрмәш Түктібаев Солтүстік-Батыс майданында неміс фашистеріне қарсы кескілескен шайқас кезінде қолма-қол шайқаста жау қолынан қаза табады. Ол Латвияның Лудзек ауданында Перзское деревнясындағы бауырластар зиратына жерленген. Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Үрмәш Түктібаевқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Үрмаш Түктібаев — Кеңес Одағының Батыры, «Сарыой» ауылында 1907 жылғы 17 ақпанда дүниеге келген. Мектепте 6 кластық білім алады да. колхоз жұмысына белсене араласады. 1941 жылғы шілдеде 34 жастағы кол- хозшы Үрмаш Түктібаев Қазалы аудандық әскери комиссариат арқылы май- данға аттанды. Латвия рес- публикасы территория- сында, 2 Прибалтика май- даны, 391 атқыштар дивизиясы, 1280 полк, 4 атқыштар ротасы құра- мында, кіші сержант-пу- леметшілер бөлімшесінің командирі шенінде соғысқа қатысып, бірнеше шешуші шайқастарда аса ерлік.тапқырлық көрсете білді. Әсірссе, 1944 жылғы 16 шілдеде Үрмәштің өзі бірнеше рет қарсы шабуылға шыққан неміс фашистерін пулеметімен жусатып салды. Рота әскерлерінің үстінен жайпап өтпек болған жауды нөсерде оқ астына алып, олардың ілгері жылжуына мүмкіндік бермей койды. Осындай шайқас кездерінде 4 рет жараланса да. оған мойыған жок- Шайкас кезінде аса үздік ерліктері ушін Кызыл жұлдыз орденімен наградталып, Ленин партиясына мүше болып қабылданды. Ленин қаласы үшін болған шайқаста аса ерлік көрсете білді. Үрмәш әсіесе Режина каласы үшін болған шайқаста аса зор ерлік көрсетті. Немістер екі тәулік бойы біздің әскерлерімізді артиллериялык және минометгік атқылауға алды, бұл жәйт 1280 полк әскерлерін бас көтертпей қойды. Осы сәтте Үрмәпі Түктібаев пулеметін оңтайлы жерге қойып алып, жауды оқ жаңбырының астына алды. Фашистер оны айналып өтіп, тірідей ұстап алмақшы болды. Жиырма неміспен Үрмәштің бір өзі шайқасты. Авто- матты пайдалана отырып, жаумен бетпе-бет келді. Оғы таусылғанша берілмеді. Оғы таусьалған сәтте автомат дүмімен неміс офицерінін басын жарды және артынан бассалған жауды омақа асырды. Сөйтіп, Үрмаш осы шайқаста 20-дан аса немістің көзін жойып, езі ерлікпен қаза тапты. Режица қаласының тұрғындары Үрмаш Түктібаевты каланыңорталық алаңына құрметпен жерледі. Кейін Үрмаштьің денесі Латвия ССР-і, Лудзек ауданы, Нерзское деревнясындағы Бауырластар зиратына кайтадан жерленді. Кеңес Одағы Жоғарғы Советі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Указымен Үрмаш Түктібаевка Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. (Латвия ССР, Лудзен АӘК-тіц 1989 жылғы 22 желтоқсандағы № 873 хабарламасы, «Герои Советского Союза — Қазакстанцы» кітабының 2 томы, 313—314 беттер, ІКЛІЖБГЗИ мәліметі, 23—8, Кызылорда ОӘК-тегі Кецсс Одағы Батырларына арналған стенді, Майдакөл ауылдык кеңесінде тұратын анасы Түктібаева Наурыздың айтуы бойынша). Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран, болашаққа үлгі. Тәуелсіздік пен бейбітшілік жолында құрбан бол­ған бабалар есімін жаңғыртып, олардың өнегелі өмірлерін бүгінгі буын санасына сіңіріп, дәріптеуді дәстүрге айналдыру ел егемендігін еншілген кезеңнен бастап тұрақты түрде жүзеге асырылуда. 3

Еліміздің түкпір-түкпірінде мұндай көшелі істер легі толас таппай келеді. Осын­дай ауқымды бастамалар қата­рында үстіміздегі жылы ауданда атқарылатын жүйелі жұмыстар, рухани маңызы зор шаралар бар. Соның бірі де бірегейі – Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың 100 жылдығы. Деректерді алға тартсақ, ортақ Отанның 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапылда Қазақстаннан да көптеген жауынгерлер жауға қарсы жан аямай шайқасты. Осынау соғыста бес жүзге жуық отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, олардың 103-і қаракөз қандасымыз екен. Бес жүз батырдың бесеуі біздің шағын ауданнан шыққанын әрдайым мақтанышпен айтамыз. Ұлт мақтаны, Одаққа ортақ батыр, жауынгерлік жолда жан қиған жалынды жерлесіміз Үрмәш Түктібаев.Кент орталығынан шыққан жеңіл көлік тегіс жолмен Қазалы қаласы, Ақтан батыр, Жанқожа батыр ауылдарын артта қалдырды. Әне-міне дегенше ауданның батыс беткейінде орналасқан ауылдарды орталықпен байланыстыратын Сырдарияның «Әлсейіт» аталатын қалқымалы көпіріне де келіп жеттік. «Әттеген-айымыз» осы жерден басталды. «Диірменде туған тышқан найзағайдың күркілінен қорықпайды» дегендей, Сырдың жағасында өскен біз үшін өткелден өту қалыпты жағдайға айналса, алғаш рет көргендер үшін қауіпті көрініс. Бір қараған адамға өзен суының асау толқындары, ешкімге беймәлім мінезіне қалт-құлт еткен қалқымалы көпір өмір үшін күрескен шарасыз қарттың амалындай көрінеді. Тақтайшадағы «Жүргізуші, жолаушыны түсір!» деп жазылған ескертпе – осы жердегі бұлжымас ереже. Темір тұлпардың салмағына жолаушылар қосылса, көпірге қиындық туатынын сезініп, үнсіз түсіп өттік. Біздің соңымыздан автобус жолаушылары да жаяулап жүрді. Ал жүргізушісі болса, барлығы толық өтіп кеткенше арғы бетінде күтіп тұрды. Біздің көлігіміз жағаға жалғасқан трапқа табаны тиіп, «Әлсейіттен» әупірімдеп өтті. Бұл «жол бар», су қалыпты кезеңдегі жай. Көктемгі, қысқы, күзгі кезеңдерде өзен суының тасып, қатқақты мұзға айналып, сең болып еріген түрлі апатты жағдайы тұсында қалқымалы көпір жағаға ығысып, қарым-қатынас қиындайды. Халық ол кезді «абыржы» деп атайды. Қуаныш-қызықтарына арналған той-томалағын абыржыға қалдырмауға тырысып, ай-күні жақындаған келіндерді ертерек аудан орталығына жеткізіп, алдын-ала азық-түлік қорын молынан алуды әдетке айналдырған. Бұл кездегі жол азабы жағдайын аудандағы үш қалқымалы көпірдің арғы бетінде тұратын тұрғындардан артық ешкім білмейді.«Әлсейіт» батыс беткейдегі елді мекендермен бірге Арал ауданы, Ақтөбе қаласы арқылы келетін көліктердің де түйіскен жолы екенін ескерсек, оған жаңа көпір салудың қандай қажеттілігі барын топшылайсың. Белгіленген жаңа бағдарлама ауысып, билікке қандай да бір оң өзгерістер енгізілсе, мұндағы ағайынның күйттейтіні жеке басының жайы емес, көпірдің тезірек салынуына мүдделілік мазалайды. «Әлсейітті» артта қалдырып, қайтадан түзу жолға түстік. Әлгіндей емес, көңіліміз көтерілгендей. Ұзын жол аудан орталығындағы ең үлкен ауылдық округ орталығы Бекарыстан би ауылына жеткізді. Алғашқы беталысымыз бір кездері Үрмәш батырдың атын алған білім ошағы болды. 4

1965 жылы 29 сәуір күні Қызылорда облыстық еңбекшілер депутаттар кеңесінің шешімі бойынша сол кездегі Карл Маркс, қазіргі Бекарыстан би ауылындағы №24 орта мектепке Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың атын беру туралы Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне ұсыныс берілген. Сол кезден бас­тап мектеп Үрмәш Түктібаев атымен аталған. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа құжаттандыру кезеңінде аталмыш шешім Министрліктен бекітілмегендігі анықталған. Содан бері мектеп атауы алынып қалды. Бұл туралы мектеп директоры Әділхан Сәдіров атауды қайтару туралы құжаттар облыстық ономастикалық комиссиядан өтіп, республикадан қолдау күтіп отырғандығын жеткізіп, өздерінде бар түрлі мұрағаттық көшірмелер мен осы салаға қажетті қағаздар салынған қалың папканы көрсетті.Мектеп атын құжатпен қалыптастыруға қатысты белсенділік көрсетіп, мәселені басылым беттеріне жазып, басшылыққа жеткізіп жүрген жанашырлардың бірі, ауыл азаматы, батырдың ұрпағы Сәндібек Қалмановтың пікірін тыңдадық.«Оқушылар үшін ерлікпен қаза тапқан жерлестерінің есімі берілген білім ошағында оқу, тәрбие алу үлкен жауапкершілікті жүктейтін. Ел егемендік алып, ұлыларымызды ұлықтайтын шақта Кеңес дәуірі тұсындағы жаңғырған жадымыз көмескі тартты. Олай деуіміздің себебі, қазір мектептің құжат бойынша аты жоқ. Латвияда мектеп, көше және басқа да бірқатар орын батырдың есімімен аталады. Бүкіл Кеңес Үкіметінің кезінде кім екенін білмейтін қазақ баласын шет ел танып жатқанда туған жеріндегі мектептің атауы өзгергенін қалай түсінуге болады? Алдағы уақытта бұл іс шешімін тауып, Үрмәш батыр туған жерімен қайта қауышады деген ойдамын», – деді. Мұражайдағы Ү.Түктібаевтың батырлық істері, өмірдеректеріне негізделген мағлұматтармен таныстық. Сөреден Үрмәштің анасы Наурызбикеге келген ұлының майдан даласында ерлікпен көз жұмғанын айғақтайтын Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының бұйрығының көшірмесі мен Ү.Түктібаевтың жерленген Латвияның Лудза ауданы, Перели деревнясындағы бауырластар зираты басына барған делегацияның суреттерін көрдік. Мектептен шығып бара жатып қамсыз ойын ойнап жүрген бастауыш сынып балаларының көпті мазалаған жайды білер-білмесін есімізге алдық. Білім ордасы ауласындағы ескерткіш бюст «Бұл білім ошағы бір кезде ұрыс даласында ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының батыры, қазақтың мақтаулы ұлы, жұлдызды жерлесіміз Үрмәш Түктібаевтың атымен аталды» дегенді ұқтыратын өткен күннің жалқы жәдігеріндей көрінді.Біз де мектептің бұрынғы атауы қайтарылса, бабамыздың алдындағы асыл мұратымыздың біріне қол жеткізгендей күйде болар едік деген ойға қалдық.Ендігі аялдайтын соңғы жеріміз батыр дүние есігін ашқан Үрмәш Түктібаев атымен аталатын ауыл. Ауылға кешқұрым уақытта келдік. Алға ауылдық округінің әкімдігінде болдық. Ауыл әкімі дала жұмыстары басында жүр екен. Мамандар алдағы жоспарланған істер жөніндегі анықтаманы қолға ұстатты. Одан ұғынғанымыз, көбі атаулы кезеңге белгіленген мәдени-көпшілік шаралар. Округ көлемінде атқарылатын жұмыстар мен оларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен тәртіп жайы да қарастырылған. Оған ауылдағы барлық мекеме-ұйымдарды қамту жайы ойластырылған. 5

Мұнан соң ауыл орталығындағы белгілі нысандардың бірі Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектепке бас сұқтық. Мектептің қас беті облыстық бюджеттен қаралған қаржы арқылы жаңа заманауи күйге еніп, қапталған. Той кезінде ауылдың негізгі орталығындағы ғимараттың жаңа кейіпке енуі көңілге қуаныш сыйлады. Алайда, қоңырсалқын мектеп ауласының жылу жүйесін жолға қою, есік-терезелерді ауыстыру жұмысы кезек күтіп тұрғанын көзіміз көрді. Сыныптар арасындағы зерттеу, ізденістер көптеген жаңа мәліметтерді ашуға қол жеткізген. Ендігі мақсат тақырыпқа орай аудандық, аймақтық деңгейде ғылыми конференциялар өткізу, кең ауқымды спорттық сындар ұйымдастыру. Дегенмен, жеңімпаздарды ынталандыру ісі әлі де шешімін күтуде.Қуантарлығы, еңселі мектептің дәлізінен орын тепкен Кеңес Одағының батыры Ү.Түктібаев туралы шағын бұрыштағы мәліметтерді мұндағылардың бәрі жатқа біледі. Онда батыр өмірбаяны, туыстары Қалман, Қаншайым, Сухан, Күнқияш есімді кісілердің суреттері мен екінші дүниежүзілік соғыстағы ең жоғары марапат Кеңес Одағының батырына берілетін медальдың суреті қойылыпты.Бұл күні сол ауылдағы Үрмәштің туысы Кендебек Сухановтың шаңырағына баруды жөн санадық. Бізді жылы шыраймен қарсы алған Кендебек ақсақал мән-жайға қанығып болып, бірден әңгімеге кірісті.

«Мықтыбай, Түктібай, Жөлке есімді үш ағайынды азаматтың екіншісінен Үрмәш туылса, біз Жөлкенің немересіміз. Мықтыбайдан Досжан, Тахман, Түктібайдан Сағира, Қалман, Ханшайым, Үрмәш тараса, Жөлкеден Сухан мен Ысқақ тарайды. Жастайымыздан туысымыз туралы деректерге қанығып өстік. Үрмәш атамыз 1941 жылы соғысқа кеткен. Ерлікпен қаза тауып, мүрдесі Латвия жерінде жерленген. Оның бірге туған ағасы Қалман көкеміз де Отан қорғауға аттанып, сұрапыл күндерді басынан кешірген. Бірақ қолынан жарақаттануына байланысты елге ерте оралған. Ол кісі бейбіт өмірді түлетуде де аянбай атсалысқан. Ұрпақтары өсіп-өнуде. Үрмәш соғысқа отбасын құрмай кеткендіктен, соңында ұрпағы қалмады. Ұмытылмайтыны өрлік, ерлікке толы өмірі. Жеңіс жолында жанын пида еткен ағамыздың атында Әйтеке би кентінде, Қазалы қаласында, Бекарыс­тан би ауылында көшелер бар. Ауылдағы парктің аты 90 жылдығы қарсаңында берілген еді. Кейін құжат бойынша олай еместігі айтылып жүр. Мектептің жайы өзіңізге белгілі. Үстіміздегі жылы атамыздың 100 жылдығын лайықты атап өтуге туған-туыстары атсалысуға әзір», – дейді .Айта кетейік, Үрмәш Түктібаев (кейбір деректерде Орман) Қазалы ауданына қарасты «Жиделі» деген жерде, қазіргі Түктібаев ауылында 1917 жылы 17 қарашада дүниеге келген. Мектепте 6 кластық білім алып, онан соң колхоз жұмысына белсене араласқан.1941 жылғы шілдеде 24 жастағы колхозшы Қазалы аудандық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанды. Екінші Прибалтика майданы 3-екпінді армия 391-атқыштар дивизиясы 1280-атқыштар полкі құрамында соғысқа қатысқан ол алғашқы кезде пулеметші, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды.Майданда төрт рет жараланады. 6

Ерлігі ескеріліп «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. 1944 жылы 20 шілдеде Перели үшін ұрыста атыс позициясына бекінген кіші сержант Түктібаев қарсы шабуылға шыққан жауды атқылай бас­тайды. Дерек көздері бұл күні Түктібаев тайсалмастан жаудың 20 әскерімен жеке айқасқа түскенін растайды. Қайсар жауынгер Солтүстік-Батыс майданында неміс фашистеріне қарсы кескілескен күрес кезінде жаудың бірнеше әскерін жойып, ерлікпен қаза табады. Сүйегі Латвия жеріндегі бауырластар зиратына жерленген.Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Прези­диумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Үрмәш Түктібаевқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.Соғыстың жеңілі, батырлықтың үлкен-кішісі болмайды. «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деп хакім Абай айтқандай, кейіпкеріміздің өмірден өткеніне қаншама уақыт болса да оның есімі халық жүрегінен бір сәтке өшкен емес. Қайта «Тау алыстаған сайын биіктей беретіні» сынды уақыт өткен сайын санада жаңғыра түседі. Бұл орайда аудан әкімі бастаған бастама сол істе көпті жақындата, жұмылдыра түсері анық.Қазірде батыр атындағы көшелер, үш бюст, бір белгі бар. Алдағы уақытта жау жолында қасық қанын қиып, қазақтың нағыз өршіл рухты ері екенін өшпес ерлігімен дәлелдеген Үрмәш батырға еңселі ескерткіш тұрғызылса құба-құп болар еді.

   1941 жылғы шілдеде 34 жастағы колхозшы Қазалы аудаңдық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанды. Ол алғашқы кезде пулеметші, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Майданда төрт рет жаралаңды. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

   Үрмәш Түктібаев Солтүстік-Батыс майданында неміс фашистеріне қарсы кескілескен шайқас кезінде қолма-қол шайқаста жау қолынан қаза табады. Ол Латвияның Лудзек ауданында Перзское деревнясындағы бауырластар зиратына жерленген.

   Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Үрмәш Түктібаевқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілд

Орман Түктібаев (Үрмәш) (17.11.1917, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Түктібаев ауылы - 20.7. 1944, Латвия, Лудза ауданы Нерзкое дер.) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет ұбөлімшесінің командирі, кіші сержант. Қазақ. Ұжымшарда егін бригадирі болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарына Қазалы ауданы әскери комиссариатынан шақырылған (17.8.1941). 2-Прибалтика майданы 3-екпінді армия 391-атқыштар дивизиясы 1280-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы 20 шілдеде Перелидер. (Латвия, Лудза ауданы) үшін ұрыста атыс позициясына бекінген Түктібаев қарсы шабуылға шыққан жауды атқылай бастады. Түктібаев тайсалмастан жаудың 20 әскерімен жеке айқасқа түсті.

7

Осы шайқаста Түктібаев жаудың бірнеше әскерін жойып, ерлікпен қаза тапты. Түктібаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Туған жерінде Түктібаев есімімен аталатын ауылда ескерткіш орнатылған. Қазалы ауданының Бекарыстан би атындағы орта мектепке Түктібаев есімі берілген. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына да биыл 68 жыл. Осы бір даңқты күн тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын оның ұлылығы мен мән-мағынасы дараланып, маңызы арта береді. Қан майданда ажалмен арпалысып, ғажайып ерлік жасаған аға ұрпаққа деген құрмет сезіміміз еселене түседі.

Басқыншы Фашистік Германияның бастаған жорығында Одақ бойынша 24 миллионнан астам адам қаза тапса, оның 4541-і Қазалының перзенттері. Ел басына қатер төнгенде ауданымыздан он мыңнан астам жерлесіміз майданға аттанды. Сол жылдары кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен көптеген азаматтар қыршын кетті.

Біз соғыста ардақты азаматтарымызды жоғалттық. Әкемізден, ағаларымыздан, бауырларымыздан айырылдық. Жастығымызды жабырқаттық, махаббатымыздың отын сөндірдік. Оқ пен оттың ортасынан елге аман-есен оралған ағалардың да қатары азайып барады. Мәселен партия-кеңес қызметкерлері болып елге еңбегі сіңген Өмірзақ Ахметов, Лепес Әуесбай, Сахи Егеубай, Әбжами Алмахов, Молдахмет Қоңыров, Пірназар Мырзатаев, Түлеп Меңей, Шариф Абдуллин, Құлмұрат Бағыберген, Қайрадин Асқаров, Тілеуберген Тобабергенов, Сағыныш Өтеген, Қалеп Бектұрғанов, Қабақ Смағұлдар қан майданнан қайтқандар.

Еркіндік пен қатыгездік айқасқан сұрапыл жылдары майданға аттанған Қазалылық бес азамат: Үрмәш Түктібаев, Геннадий Шляпин, Яков Михайлюк, Владимир Счастнов, Мақаш Балмағамбетов Кеңес Одағының Батыры атанып, Шамша Бейсенбаев Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысты. Олар жасаған ұлы ерлік ешқашан да ұмытылмайды. Отан үшін от кешкен сегіз мыңдай жерлестеріміз жараланып, елге оралды. Олардың ішінде көптеген ағалар майданда ерлік көрсетсе, елге келгесін де еңбек майталмандары атанып, ұрпақ өрбітіп, өнегелі ақсақал болып өмірден озды. Бұлар қазір арамызда жоқ Рахманберген Сабырбаев, Назархан Құлсейітов, Ерғали Төлепов, Әнәпия Ұзақбаев, Сыдық Айымбетов, Сыдық Байкөбеков, Қали Мәкенов, Әмитжан Бөріқұлақов, Әмитжан Өміртаев, Әшербай Қазыбаев, Петр Сиснев, Жұман Имандосов, Ұснадин Сапаров, Өтеулі Ізмамбетов, Күнтуған Көшімов, Сара Тәжібаева, Қыпшақбай Аханов, Кирилл Шамин, Нұрылла Нұрекешов, Орыналы Сағымов, Жалғас Тұрсымұратов және тағы басқа ағаларымыз бен апаларымыз еді.

8

Адамзатты құлдықтан қорғаған, жанын елі мен ұрпағы үшін садақа еткен әкелер мен асыл аналардың омырауын оққа төсеген ерлік өнегесі тарихтың төрінде өмірлік символ ретінде мәңгі сақталады. Баласынан айырылған ата-ана, азаматын жоғалтқан жесірлер, әкесіз қалған жетімдер қиындыққа мойымай, аш-жалаңаш қалғанына қарамай күні-түні Отан үшін жұмыс істеді. Тылда тынымсыз еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан партия, кеңес қызметкерлері Тұңғышбай Сегізов, Бегімбай Қосаев, КСРО Жоғарғы Кеңесіне үш дүркін депутат болып сайланған ауылшаруашылығының майталманы Қашақбай Пірімов ел басқарып, қазынаға ырыс құюға басшылық жасаса, Социалистік Еңбек Ерлері: Петр Пак, Дүйсенбай Маханов, Әбуша Дінісламов, Көлжан Оразалиева және Бермахан Мәшембаев, Оңталап, Жарылқасынов, Әбдіраман Тілеубаев, Шынтас Жалғасбаевтар тылда қажырлы еңбек етті. Қазіргі таңда соғыс ардагерлеріне теңестірілген тыл еңбеккерлерінен Анастасия Гугунова, Әбдікемал Қалымбет, Күлжахан Сейдалина, Калим Ибайдулла, Варвара Елизарова, Жылкелді Нүржігітов, Аққожа Аюбаев, Күләш Бозғұлан, Жетес Ешнияз, Әлима Төлеуовалар арамызда бар.

Заман өте берді, ұрпақ өсті, ата орнын бала басты, шаңырағы тікейді. Отан үшін от кешіп, жанын елі мен ұрпағы үшін садақа еткен ерлердің есімі әрқашан еске алынуда. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жер шарында 50 миллионнан астам адамның өмірі қиылды. Аға ұрпақтың осындай ерлігін қастерлеп, есте сақтағанымыз абзал. Тарихи Жеңістің оңайлықпен келмегенін, қатал да қатыгез соғыстың қиындығы мен қасіретін иығымен көтергендерді әрдайым құрмет тұтайық.

Біз оларға мәңгі қарызбыз. Елімізде бейбітшілік орнап, заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болып, ардагерлердің көңілін кірбің шалмасын.

Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына да биыл 68 жыл. Осы бір даңқты күн тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын оның ұлылығы мен мән-мағынасы дараланып, маңызы арта береді. Қан майданда ажалмен арпалысып, ғажайып ерлік жасаған аға ұрпаққа деген құрмет сезіміміз еселене түседі.

Басқыншы Фашистік Германияның бастаған жорығында Одақ бойынша 24 миллионнан астам адам қаза тапса, оның 4541-і Қазалының перзенттері. Ел басына қатер төнгенде ауданымыздан он мыңнан астам жерлесіміз майданға аттанды. Сол жылдары кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен көптеген азаматтар қыршын кетті.

Біз соғыста ардақты азаматтарымызды жоғалттық. Әкемізден, ағаларымыздан, бауырларымыздан айырылдық. Жастығымызды жабырқаттық, махаббатымыздың отын сөндірдік. Оқ пен оттың ортасынан ел

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!