Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба Мағжан Жұмабаев
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Аннотация:
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы аты аталмай келген, ақты-қара, қараны-ақ деп түсіндірілген зорлық-зомбылық дәуірінің құрбаны болған Мағжан Жұмабаев кім, қандай ақын?-деп ой саламыз. Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнерден өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп, өлмес сөз қалдырған ақын М.Жұмабаев өзі де қиын қыстау, тауқымет жолын көп кешсе де оның туындыларын уақыт сынына төтеп берерлік бүкіл ұлттық, азаматтық мазмұн тақырыбын, тіл құнарлылығы мен ой тереңдігін, сөз қолдану шеберлігі ерекше ақын.
XX ғасырдың бас кезіндегі оқиғалардың бәріне Мағжан куә. Олардың бәрін ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырған. Қай сәтте болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде болады. Оны біз ақын шығармаларынан тереңірек байқай аламыз. Ақынды толғандырған басты мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры, ұлт болашағы. С.Құдаштың мынандай сөзі бар: «М.Жұмабаевты мен өзіндік ерекше табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңнің асқан шебері санағанмын және солай санаймын да». Бұл орайда, оны Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі дамытушы деуге болады.
Қазақ поэзиясы философиялық биікке соңына қарай Абай арқылы көтерілсе, XX-шы ғасырдың басында ұлттық әдебиетіміздегі осы Абай шыңына Мағжан да иықтаса қатар қонды. Ақылдың ақыны Абай мен сезімнің жыршысы Мағжан қазақ поэзиясының көгінде қос жұлдыз болып жарқырады.
М.Жұмабаев – әдемдік деңгейге көтерілген ақын. Оны мұндай биікке көтерген – негізінен қазақтың ұлттық поэзиясының нәрлі құнары. Ол өзіне дейінгі қазақ поэзиясын жақсы білген, керегін алған, үздіктерінен үйреніп, оларды әрі қарай дамытқан жаңашыл ақын.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихымыздағы және ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына жол ашты. Ұлттық рухани құндылықтар төл тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрнекті өкілдердің өмірін, шығармаларын жаңаша түрде зерттеп, екшелеп алу біздің еншімізде.
Демек, біз, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігі жағдайында ұлттық санамызды жаңғыртып, тарихи танымның көкжиегін кеңейту үшін «тар жол тайғақ кешуден» өткен халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға міндеттіміз.
Осыған орай, Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи тұрғыдан шынайы өз бағасын ала алмаған мәселелер аз емес. Соның бірі – қазақ әдебиетінде түрлі талқыға түсіп, әдебиеттанушылардың әр түрлі пікірде қалыптасқан Мағжан сынды жарық жұлдызымыздың төл туындылыры болып табылады.
Сөз өнері арқылы рухани мол
мұра қалдырған М. Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу,
зерделеу, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру қазіргі әдебиеттану
ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып
табылады.
Ақын өлеңдеріндегі патриоттық
рух, Мағжан ақынның азаматтық үні,
ұлттық болмысы, өз заманының өрелі де келелі мәселелерін көтерген
өлеңі, ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан
арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы бір тың да күрделі
тақырыпты ашуға бағытталған,. Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ
та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып
айтады.
Зерттеудің
болжамы: Ақын өлеңдерін таныту,
көпшілік біле бермейтін қырларын
ашу
Зерттеу жұмысының мақсаты: :
Ақынның өмір жайлы тұжырымдарын жаңа көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын әдебиетімізде белгісіз болып келген немесе тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу -зертеу жұмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
-Поэзия жанрының әдебиетте көрініс табуы
- Әдебиеттегі орны
- Көркем шығармаларға талдау жасау
- Ақын-жазушылардың еңбектерін ғылыми тұрғыда зерделеу
- шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.
М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі өршіл патриоттық сезімін насихаттау. М.Жұмабаев өлеңіндегі азаматтық лириканың тақырыптық-идеялық көрінісін зерттеу.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Жұмыстың жаңалығы: Бүгінгі күн проблемасымен үндестігі өлеңдегі айтылатын өзекті ой бүгінгі күнмен сабақтасып жатыр. Себебі, “Түркістан” өлеңіндегі ежелгі Тұран да,қазіргі Түркістан екінші Мекке аталатын қазақ елінің киелі ата- бабамыздың жері.Ондағы айтылған ойлар,атақты хандар да,батырлар да ел бірлігін,елдігін көксеген жандар.Қазіргі қоғамда туған жерді сүю,оны қорғау қазақ топырағында өсіп- өнген азаматтардың қасиетті парызы. Зерттеу жұмысы қазақ әдебиетіндегі Мағжан ақынның «Түркістан» деген өлеңінің орны, ерекшелігі жайлы, көркем шығармаларға талдау жасау болып табылады.
Зерттеудің нәтижелері мен
қорытындысы: Мағжан – ең алдымен,
сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас
пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у
себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының
жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан
таба алмайсыз.
Жүсіпбек
Аймауытов
Иә,Ж.Аймауытов айтқандай,Мағжан сыршыл
ақын.Оның әрбір өлең жолдары өзінше сыр тербеп,өзінше өрнек
өреді.Сұлу сағым көлде жүзсе,сұлу ,ерке жел болып бетті өбеді.Кейде
есалаң жел болып ,есті алса,кейде сылдырлап аққан бұлақ болып
,жаныңа рақат дем береді.Мағжан шығармашылығы бұнымен тоқтап
қалмайды.Әлі де зерттейтің қырлары қаншама
десеңізші?!
Мазмұны:
I.Кіріспе бөлім
1. Мағжанның рухы өлген жоқ
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Тұран жері-түркілер елі
2. Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.
3.«Түркістан» өлеңіндегі париоттық өршіл рух
III. Қорытынды
Бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үні
Кіріспе
-Рухани тәуелсіздік-қашанда қазақтың көкейін тескен мәселе. Этнонимінің өзінде азаттық ұғымы нышан беретін ұлт өкілі болған соң Құдай берген бостандықтан артық сыйды қазақ білмейді. Алаш идеясы біздің зиялыларымыздың жан аңсарына айналған. 1921-1922 жылдары қазақ даласын аштық жайлады. Ұлт басынатөнген саяси апатты, жан-жақты қауіпті сезінген Алаш көсемдері жанталаса күресті.
Мағжан өз халқының ел болып, еркін дамуын аңсады. Оның шығармаларының сара тақырыбы- қазақ ұлтының мүддесі, жырлағаны-қазақ мұңы. Ол бұл тақырыпты жырлап қана қойған жоқ, бүкіл дарыны мен өнерін салып сол тәуелсіздік үшін күресті. Туған халқының бостандыққа шығу жолын көрсетеді. Сол үшін мерт болды. 1920 жылы жазған “Жан сөзі” Мағжан әкесінен қарғыс алған соң, қаражат бермей қойған соң туған деген мүлде қате пікір, бәлкім, білместік. Бұл-ақынның өз тағдырына, өзінің алау жүрегіне деген нала сезімі.
Алашорда біздің ардағымыз. Мағжандар-біздің рухани көсеміміз. Бүгінгі тәуелсіздік-сол Алашорда идеясының жемісі.
Мағжантанудың бел ортасында Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Аймауытов, Смағұл Сәдуақасов, Көшмұхаммет Кемеңгеров, Нәзір Төреқұлов, Ғаббас Тоқжанов, әрине, Сәбит Мұқанов тұр. Осы тізімнің өзі-ақ аталған адамдардың қазақ тарихының, қазақ әдебиетінен, ұлттық ақыл-ойдың тарихынан алатын орнына қарап-ақ Мағжанның бейнесіне, ақындығына деген ықыластың және қарсылықтың қаншалықты күшті болғанын шамалауға болады.
Қазақ ұлттық поэзиясының падишасы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың өнегелі өмірі мен шығармашылық өнері жайында айту тым жауапты. Ол «өз тегін де, өз жерін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын адақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жырымен оқырманын егілткен, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай соры арылмаған халқының зарлы перзенті», - деп ғалым Мүсілім Базарбаев атап көрсеткендей тағдыры тым аянынышты аяулы жан.
Мағжанның ғылыми деңгейін тереңдетіп, өрісін кеңейтетін кез келді.Құр тамсанып, таңданып, мақтай бергеннен, бұрын қалыптасып қалған жалған ұғымдарды қайталай бергеннен Мағжанның атына да, ғылымға да пайда жоқ.
Негізгі бөлім
1.Тұран жері-түркілер елі
2. Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.
3.«Түркістан» өлеңіндегі париоттық өршіл рух
Ұлттың ұйықтап қалған сезімін ояту үшін жазылған өлеңдерін айтатын болсақ, ақын мұндай тақырыптағы өлеңдерінде қатаң дауысты дыбыстарды іріктеп пайдаланады. Оған “Түркістан”, және “Қазақ тілі”, Жер жүзіне” өлеңдерін мысал етуге болады. Онда буындарды үндестіру арқылы азамат соғысының салдарынан әлсіреп, иықтары түсіп кеткен этностың намысын оятып, мақтанышын қоздырып, жанына жігер, бойына ерік пен күш дарытып, ұлттық рухын оятып жігерлендіруге әрекет жсасағаны өте сәтті шыққан. “Түркістан” өлеңінде ғылымды жетілдіру үшін шектеуге болмайтындығын ғалымға да, ғылымға да батылдылдықтың қажеттігін байқатады. Жалпы, Мағжан-қазақ әдебиетінде кертартпа романтизм мен өршіл романтизмді біріктіре қатар алып жүрген ақын. Оның кертартпа романтикалық сарыны болашақ ұрпақты өткен тарихымен таныстыру мақсатында туған. Мағжан тарихты айтқанда шалқып кетеді. “Түркістан” атты өлеңінде
…Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен…
…Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейтін”,-деп ататегіміздің
шығу тарихына, жер көлемінің бір кездегі тұтастығына қарай
жетелейді.
Бірінші
тармақта «Ертеде Түркістанды Тұран деген» деп айтса да болады,
бірақ онда ақын ортақ мәнді беретін жұрнақты қоса отырып, халқын
саналы түрде түгелдейді, тарихын-«толқымалы» , күндерін-«тамаша»
деген шынайы эпитеттермен
әсерлейді.
Тұранның тарихы
бар отты желдей,
Заулаған қалың
өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері
мен суы да жат,
Теңіздей терең ауыр ой бергендей,- дегендегі от сөзі, Мағжанның өлеңдеріндегі бір ерекшелік десек те болады, зор символға ие. Бұны тағы ақынның мынадай өлең жолдарынан көруге болады:
«Ерте күнде отты Күннен Гүн туған,
Отты Күннен от боп ойнап мен туғам,
От дегенің
аспан ғой, Аспан жерді басқан ғой, немесе Отқа табын, Тәңір от,
Оттан басқа Тәңір жоқ». Сондай-ақ жел сөзі де «Жел еш нәрсеге тең
емес, Тау да жолын бөгемес»,«Жерде желмін гулеген» сияқты өлең
жолдары туындыларында көптеп кездеседі. Тарихымызды осы аталған
символдарды қоса атап, заулаған қалың өрттей аспанға өрлеген отты
желге теңейді. «Тұранның жері мен суы да жат» деген тармақта «жат»
сөзі бөтен, басқа, бөгде деген мағынада емес. Мағжанның
қолданысында ол «тамаша, керемет» дегенді білдіреді .Ақынның
теңіздей терең, теңіздей ауырға теңеген ойы-Тұранның тарихы, жері
мен суы. Мұнда Мағжан теңеуді пайдаланады. Бұл шығарманы түгел
дерлік оқып шықсақ, оның бір асып толқыған көңіл-күймен жырлаған
отанға, жерге, елге, тарихқа деген сүйіспеншілігін, зор құрметін
анық байқаймыз. Ал, енді осы жолдан ақын осының бәрін ойлай отырып,
ойы сол кездегі Тұранның басынан өтіп жатқан қиын-қыстау кезеңі,
жері мен суының отарлануы жанына батады. Жерге, суға деген қимастық
сезімі сезіле, өлеңін ары қарай өлең жолдарымен
өреді.
Тұранның
шегі-шексіз
шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері,
Тасыса
шөлді
басқан
селі қандай!
Тұранның
таулары
бар аспанға
асқан,
Мәңгіге
басын
аппақ
шаштар
басқан.
Бауырында
ерке бұлақ
салады
ойнақ,
Жарылып таудан аққан салқын жастан.
Енді осы жерден
бір қайыра талдап, аша кетсек... Төртінші шумақ түгелімен көз
алдымызға, айталық, шексіз шөл, кемері жоқ көл, өзеннің селі,
махаббат пен мақтанышқа толы сезіммен суреттеледі. Интонация- дауыс
толқыны сөйлегенде сөз мағынасын әсерлі жеткізу үшін дауыстың
құбылып, жоғарылап, төмендеп өзгеріп отыруы, сөздің мәнерімен, әр
түрлі сезіммен айтылуы . Бұл шумақта ажар беріп, оның мағынасын
толықтырып тұрған тәсіл-интонация. Сонымен қатар, шөлі қандай, көлі
қандай деген сөз тіркесіне аяқталған жолдарда параллелизм үлгісі,
яғни шумақ басындағы дыбыстың бірыңғай қайталануы кездеседі.
Алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра асқақтата градация тәсілін
қолданған. Бесінші шумақта сол суретті жалғастырып, аспаннан асқан
тауларын, оның басын мәңгіге жапқан қарды аппақ шашқа
ауыстыру(метафора) арқылы тамаша үлгіде суреттейді. Келесі жолдары
сондай әдемі. Ол жердегі ерке бұлақ-айқындау(эпитет), таудан аққан
салқын жас сияқты сөз тіркесі бұлақтың бастау алар көзі. Бұл
жолдардан жай ғана бұлақты балаша ойнатып, бастауды тірі жандай
жылатып, жандандырып адам қылығымен ауыстыра суреттеген. Шығармада
жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла
суреттеледі. Құбылтудың мұндай түрі-кейіптеу деп аталады . Мағжан
Жұмабаев кейіптеу тәсілінің керемет үлгісін
көрсеткен.
Шөлдер бар,
желде жүрмес сап-сары құм, Моладай ешбір үн жоқ, мәңгі тып-тың.
Болмақ па жан-жануар
шексіз
шөлде,
Сары құмда
салар
ойнақ
пері мен жын.
Шексіз
шөлдегі
сап-сары құм деген
сөз тіркесі
қарапайым
эпитет
тәсілі
арқылы
жасалған.
Мәңгі
тыныштық
орнаған
шөлде
тірі жан жоқ деп оны молаға
теңейді.
Ақын енді Тұран
өлкесіндегі
суаттарға
тоқталып,
оның кешегісін
де айта отырады.
Тұранның
теңіз
дерлік
көлдері
бар,
Шалқыған
шегі шетсіз
теңіз
Арал.
Бір шетте
қасиетті
Ыстықкөлдің,
Бауырыңда
дүние
көрген
түрік
көкжал.
Ертеде
Оқыс,
Яқсарт-Жейхун,
Сейхун,
Түріктер
бұл екеуін
дария
дейтін.
Киелі
сол екі су жағасында,
Табасың
қасиетті
бабаң
дейтін.
Бұл шумақтарда
көлдерін
теңізге
(дерлік
шылауын
қолдана)
теңей
отырып,
Аралды
шалқытып,
Ыстықкөлдің
қасиетін
асырып
айқындайды.
Дәл осы көлде
«Бауырында
дүние
көрген
түрік
көк жал»
дейді.
Түркі
халықтарында,
соның
ішінде
қазақ
жұртшылығында
бөрі тотем
ретінде
танылған.
Ол тарихтың
терең
қатпарларында
қалыптасқан
мифтік
аңыздар
мен балбал
тастардың
қойнауында.
Сүйінбай
ақын жырлаған
«Бөрі басы ұраным,
Бөрілі
менің
байрағым»
деп толғаған.
Оқыс,
Жейхун-Амудария,
Яқсарт,
Сейхун-Сырдария
өзендерінің
атаулары.
Оқыс,
Яқсарты
–
латындар
қойса,
Жейхун,
Сейхун
арабтар
берген
атау.
«Табасың
қасиетті
бабаң
бейтін»
деген
жолда
ақын бүкіл
өлең құрылысында
айтпаған
бабаң
бейті
ол қандай
бейіт?
Әрине,
қасиетті
Қожа Ахмет
Яссауи
бабамыздың
кесенесі,
Тұранның
Тянь-Шаньдай
тауы қалдай,
Пар келмес
Тянь-Шаньға
таулар
талай!
Еріксіз
ер түрікті
ойға аларсың.
Көкке
асқанХантәңіріге
қарай-қарай.
Балқашты
бауырына
алған
Тарбағатай,
Жоталы
жер кіндігі
–
Памир,
Алтай.
Қазығұрт
қасиетті
тау болмаса,
Топанда
Нұқ кемесі
тоқтар
қалай? –
деген
шумақтарда
Мағжан
тауларды
атап көрсетеді.
Ер түрікті
Тянь-Шаньдай
алып таудың,
ең әдемі,
ең биік,
ақ мәрмәрдан
шыңы жылтырайтын
Хантәңіріне
салыстыра
теңейді
және шешендестіріп
отыр.
Балқаш
бойлап
орналасқан
Тарбағатайды
да ұмытпайды.
Келесі
жолда
І.
Жансүгіров:
«Гималай
көктің
кіндігі»
десе,
М.
Жұмабаев:
«Памир,
Алай –
жер кіндігі»
дейді
және жоталы
жердің
кіндігі
екенін
көрсетеді.
Одан кейін
Қазығұрттың
жайын
жырлайды.
Осы жерге
дейін
Мағжан
көз алдымызға
Тұран
өлкесінде
бейне
бір географиялық
картасының
суретін
жырмен
салды.
Дәл осы жерден
байқап
қарасақ,
ақын алшақтығын
сездірмей
жағрафиядан
тарихқа
көшеді
де халықтың
жадында
жатталып
қалған
аңыз өлең жолдарын
еске түсіреді:
«Басында
Қазығұрттың
кеме қалған.
Ол Әулие
болмаса
неге қалған?
Жетім
бота түбінде
жатып
алып,
Ойсыл
қара жануар
содан
қалған».
Біз бүгінгі зерттеуде алдымызға ақын шығармашылығында
аса көп айтыла бермейтін бір ғана тақырыпты айтуды мақсат етіп қойдық.
Шынында да Мағжан ақын жырларындағы Тұран,
Түркістан,
түрікшілдік мәселесі аса күрделі және қызықты,
ыждағаттап зерттеуді қажет ететін тақырып.
Оның бірнеше себептері бар.
Басты себеп ел тарихындағы көне Тұран,
Мағжан дәуіріндегі түрікшілдік рухтың бәрі кеңес қоғамының қырын саясаты нәтижесінде жадыдан өшіріліп,
тарих «ақтаңдағына»
айналған құбылыстың бірі болды.
Зер салып қарағанда бірден аңғарылатын жайт түрік тақырыбы Мағжан поэзиясында тым ерте,
дәлірек айтқанда медресе «Ғалияда»
оқып жүргенінде басталған.
1912 жылы жарық көрген «Шолпан»
жинағына енгізілген «Орал тауы»
өлеңіне қарағанда,
бұған тіпті шәк келтіре алмайсың.
Бұдан кейінгі уақытта бұл тақырып сан жағынан да,
сапа жапа жағынан да дами түскен.
Олар –
«Алыстағы бауырыма»,
«Жер жүзіне»,
«Қазақ тілі»,
«Тез барам!»,
«Түркістан»,
«Тұранның бір бауында»,
«Орал өлеңдері»
болып жалғаса береді.
Өз ұлтын және бүкіл түркі әлемін жанындай жақсы көріп жырға қосатын ақынның аталған тақырыпқа тым етене келіп жырлау себебін белгілі мағжантанушы ғалым Ш.Елеукенов былай деп атап көрсетеді:
«Мағжан поэзиясында түрік өлеңдерінің өрістеуінен әлденеше себептер бар.
Ең бастысы –
отаршылдыққа қарсылық,
дүние жүзіндегі ұлт-азаттығы қозғалысының күрескерлерімен бірлесу,
тізе қосу.
Қазақ сол ынтымақ бірлікті ту етіп ұстаса,
ежелгі туыстығын бекіте түсе деген ақын тілегі «Түркістан»
өлеңінде мақтаныш пен масатқа толы:
Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,
Түріктен басқа от боп жан туып па!
Көп түрік енші алып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па!
Бүгін біз Мағжан түрікшілдігін мақтан тұтқанда оның мән-мағынасын кеңірек пайымдаймыз. Әдебиетімізде ол тұңғыш рет жеке-дара көтерген түрік тақырыбының халықаралық маңызы зор дейміз». Өкініштісі сол, алғаш көтерілген халықаралық тақырып та, сол тақырыпқа жүк болып, биік идея ретінде насихатталған Тұран, түрік, Түркістан тақырыбы сол отызыншы жылдары-ақ мансұқталды, авторы алғашында қуғынға түсті, соңынан мерт етуге дейін барған қатігез қоғамға не айтасың.
Түркі әлемі, соның ішінде Түркістан тарихын терең білетін ақынның араға көптеген жылдар салып, халқымен қайта қауышқан отты жырлары ұмытылған тарихымызбен қайтадан қауыштырды. Мағжан қазақ тарихын былай бастайды:
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан не тамаша күндер кешкен, - деп ертедегі түркілердің біртұтас мемлекет болып, оның кейін әр түрлі қанды шапқыншылықтарды бастан кешіру салдарынан әуелгі атын да, атағын да жоғалтып алған тарихын баяндап береді. Соның ішінде көне Тұранның тарихтан өшуінде өлшеусіз рөл атқарған – Араб халифатының шапқыншылығын есімізге түсіре отырып, дін мен тілден, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден айырып қана қоймай, сондай ғажайып құндылықтардың жойылуына барынша күш салған жаулап алушылардың пиғылын әшкерелейді. Осы аралықта «Араб халифаты түрік елінің ата мұрасы болған оймақ жазуын істен шығарып, осы арқылы келер ұрпақ жас буынды өткендегі ата тарихынан мүлде қол үздіріп жіберді» - деп жазатын професор М.Мырзахметов пікірі де еріксіз еске түседі. Аз-кем тарих беттерін ақтарғанда аңдағанымыздай діні мен тілін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын ала келген араб халифаты Тұран өлкесін 705-715 ж талан таражға ұшыратып, халқын қырып жойды, сөйтіп Тұран атауын Түркістан атауымен алмастырды. Тұранның тарихтағы атауы осылайша тарихтан өшті. Бірақ сол өшкен тарихты жаңғыртып жырға қосқан Мағжан ақынға қалай тәнті болмайсың. Тұран тарихын ғана емес көз алдымыздағы Түркістан тарихын да ұмытып, бауырлас түріктерден теріс айналған сәттер де кешегі тарихтың еншісіне айналып бара жатыр.
Ғасырлар бойы бұратана күй кешіп келген, сол себепті де өнері, мәдениеті дамымаған ел болып кемсітілген қазақ халқының шын мәніндегі өткен тарихын, Мағжан жырмен жазды, біз айтып, жазып жүргендей емес, қазақ хандарының тарихын да тым әріден – Афрасиябтан бастайды. Кезінде әлемді өзінің қаһарымен солқылдатқан Шыңғысханның кім екенін айтуда әрқилы пікірдеміз, ал енді Мағжан оны сол кезде-ақ Түркістанның топырағынан екендігін батыл айта білген. Әл-Фарабиді – Мағжан жиырмасыншы жылдары қазақтың асқан білімді философы деп мақтанышпен жазса, қазақтар оның есімін алпысыншы жылдары ғана естіді, жетпісінші жылдары ғана тарихқа енгізе бастады. Біз Мағжанның бір ғана «Түркістан» өлеңі арқылы бүкіл тарихи даму жолдарымызбен таныстық. Арғы-бергі тарихы романға, тіпті болмағанда поэмаға жүк боларлықтай көлемді жырдың тағы бірер шумағына назар аударсақ.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой, - деп жырлады. Мағжан поэзиясындағы ақындық қуатты, фольклорлық сарынды көп жылдардан бері зерттеп келе жатқан ғалым Б.Қанарбаеваның: «Мұны қайсыбір әдебиет зерттеушілері Шымкент облысындағы Түркістан қаласымен шатастырып жүр» (4.128) деген пікірі де назардан тыс қалмау керек. Шынында да өлеңнің атауына ғана көз жүгіртіп шыққан базбіреулер тарихи өлеңді тар шеңберде түсініп, қасиетті қала төңірегінде ғана түсініп жататыны жасырын емес. Мағжан ұғымы одан биікте, ол Түркістанның терең тарихын жырлаған, Тұран даласының түркі әлемінен алатын орнын алғашқылардың бірі болып айтқан ақын.
Ақын Мағжан бауырлас елдердің ежелгі тарихын жетік білгендіктен де туыстық қарым-қатынасты аңсады, Түркия халқына алыстан сәлем жолдау сырының бір қыры осы. Тарихи деректерде Түрік мемлекеті күйрегеннен кейін оғыздардың бір бөлігі теңізден өтіп кеткен, қазіргі Түркиямыз сол деседі. Мағжанның бұл деректерден де хабары бар екенін:
Алтайдың алтын күні еркелетіп,
Келгенде жолбарыс боп, жаңа ер жетіп,
Ақ теңіз, Қара теңіз ар жағына,
Бауырым, мені тастап қалдың кетіп, - деген сөздері анық аңғартады. Бірақ оны тереңдеп зерттеу тарихшыларымыздың ісі десек те Мағжанның:
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта,
Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа,
Лайық па құл боп тұру? Жүр кетелік.
Алтайға, ата мирас алтын таққа, - деп баяғыдан бірігіп бір ел болуға шақыруды, Ататүрік идеясымен де қабысып келгендігін ұмытуға болмайды. Осы өлеңнің терең мазмұнына көз жеткізе оқығанда Мағжан халқымыздың болашағы түрік тектес халықтардың бірлігінде деп танығанын айқын аңғаруға болады. Өр рухты поэзиясында түрік бірлігін жырлауының да сыры сонда жатыр.
М.Жұмабаевтың «Күншығыс», «Пайғамбар», «Тез барам», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан», т.б. өлеңдерінде түрікшілдік, түрік бірлігі идеясы ұдайы жырланып келгенін жоғарыда айттық. Ақынның ойынша қазақтар – түріктердің қара шаңырағына ие болып қалған халық, оның дәлелі өзіміз үзінді келтірген: «Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?!» деп келетін жыр жолдарында сайрап жатыр. «Түркістан» өлеңіндегі туған ел тағдыры, тарихына қатысты тағылымды пікірді белгілі әдебиетші, сыншы ғалым Дандай Ысқақұлы былай деп сабақтайды: Өлеңде қазақ тарихына да қысқаша шолу жасалынып, Қасым, Назар, Есім, Абылай, Кенесары есімдері мақтанышпен аталған. «Арыстан елге отан болған Тұранда» хандық құрған қазақ хандары «қазақтың қасқа жолды Қасым ханы», «әділ хан аз болады Назардайын», «алашқа Есімханның жолы дайын», «Тәукедей данышпан хан», «Алаштың арыстаны Абылай еді», «Кешегі ердің ері көкжал Кене», деп сипатталады. Бұл жолдардың қазақ хандарын жырға қоспақ түгілі аттарын атаудың өзі қиын тап күресінің барынша күшейіп тұрған кезінде жазылғандығы да есте болғаны жөн. Тіпті ол кез түгілі күні кеше заман ептеп түзеліп, Мағжан ақталып, оның шығармалар жинағы халқына қарай жол тартқанда Кенесарыға арналған бір шумақ өлең алынып тасталған. Ол жолдар мынадай:
Тұраннан Сарыарқаны бөлек деме,
Түркістан алты алашқа болған кеме.
Тұранның топырағын құшып жатыр,
Кешегі ердің ері көкжал Кене. (5.60)
Атақты өлеңде осылайша ежелгі Тұран аймағының ұлы тұлғалары Фарабиден бастап айтылатын билер, хандар, батырлары, сонымен қатар Тұран халқы мекен еткен кең байтақ өлкенің географиялық шеңберіне дейін шабытпен жырға қосылуы бар дүниені таптық тартыспен шектеп, төл тарихымыз бен тағдырымызды Ресейсіз көзге елестету мүмкін болмай қалған қоғамда бұл өлеңнің тұншықтырылып, күресінге лақтырылуы табиғи заңдылық.
Ақиық ақын Мағжан шығармашылығындағы түрікшілдік сарынды сол кездің өзінде тап басып танып, ол себептің сырын ұғуға ұмтылған Сәбит Мұқанов түсіндіруі төмендегідей: «Мағжан шынында түрікшіл емес. Оның түрікті «бауыр» қылуында, өз мақсатына сәйкес ойы бар. Біз жоғарыда Мағжан қазақтың ескі күнін көксегенде, баяғы хан дәуірін қайта орнатпақ емес, қазіргі қазақтың көзіне ескі, еркін өмірін елестетіп, басын көтертпек. Басын көтертіп алғаннан кейін бөлек республика құрмақ дедік. Мағжан «түрік» деген сөзді белгілі мақсат үшін ғана керек қылды. Түріктің ерлігін айта кеп, қазақты отаршыл үкіметке қарсы қайрап алғысы келді» . Кезінде сын тұрғысынан айтылған, Мағжан сынды аяулы ақынның басты кінәсі етіп көрсетілген қағиданың аз ғана уақыт ішінде қайта жаңғырып, ізгі ойының түпкі мақсаты, «Жан сөзі» халық мүддесі мен азаттық идеясының биік белесі ретінде бағалана бастады. Ақиқат ой кеш те болса салтанат құрып келеді. Мағжанның түрікшілдік дара қасиетін тап басып көрсеткен, сол қасиет арқылы «бөлек республика» болып, отаршылдық саясаттқа қарсылық көрсетуін іштей құптаған Мұқановқа да ризашылық білдіресің.
Мұқанов дәуірінде, соның ішінде зерттеушінің «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты тарихи кітабы жарық көргенде (1932) түрікшілдіктен бастап Түркістанға дейінгінің бәрі қорқыныш тудыратын жағдайға жақын қалған кезең еді. Тарих парағындағы дерек көздерінің анықтауынша түрікшілдікті мансұқтау Ресей көлемінде ойда жоқ оқиғалардан басталған десе де болғандай. 1920 жылдың 20 ақпанында қазіргі Ташкент қаласында Түркістан Коммунистік партиясының V өлкелік конференциясы ашылды. Конференцияда Түркістан Советі Атқару Комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұлов баяндама жасап, өлкенің ұлттық құрамына сәйкес партия ұйымының атын өзгертейік. Түркістан Компартиясы бұдан былай түрік халықтарының Компартиясы, ал Түркістан – Түрік кеңестік Республикасы аталсын, -деген ұсыныспен шығады. Түркі халықтарының бірігіп кетуінен өлердей қорыққан большевиктер ұсынысты қолдаудың орнына жаулық іздеп шыға келді, сол идеямен тарих, мәдениет, әдебиет аренасына шыққандардың бірі ерте, бірі кеш мерт болды. Отаршыл Ресейдің қол астында одан әрі қалып кеткен біздер осының бәріне имандай сеніп, өз қағымыздан өзіміз жеріп, сол тақырыпты қозғаған Мағжандарды бір емес екі рет соттауға дейінгі қиянат жасалынды.
Мағжан мұраларының шын мәніндегі жанашыры, мағжантану ғылымының іргетасын қалаушы ғалым Шерияздан Елеукенов те ақынның осы бір дара қасиетін көрсетуді үнемі назарда ұстап, тап баса көрсетеді. Ойымызды қорытындылап, жинақтай түсу үшін Елеукеновтің біздің тақырыбымызға тиянақ болатындей кейбір ойларынан үзінді келтірсек. Ғалым пікірі былайша өрбиді: «Мағжан Жұмабаев әдебиетімізде тұңғыш рет жеке-дара өзі көтерген түрік тақырыбының халықаралық маңызы өте зор. Бүгінде тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ елі Түркиямен тіл табысып жатса, осынау мәртебелі істе, абыройлы жолда Мағжан еңбегі ұмытылмауға тиіс. Бір кезде ақын түрік ағайындарымызға: «Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта, // Қайғыдан қан жұтамыз...» десе, енді, шүкіршілік, жағдай күрт өзгерді. Ерікті елдер неліктен зарламақ? Қуанышымыз қойнымызға сыймайды десек, шындықтың үстінен шыққанымыз. Ендігі арман – о жақтағы, бұ жақтағы қуанышымыз ұзағынан болғай! – деп тілейсің. Тілейсің де, сол азаттық алған майрағай-тайрағай шат-шадыман шаққа жете алмай кеткен, бірақ сол үшін жан-тәнін пида еткен боздақтарды тағы да күрсіне есіңе аласың».
Қорыта келгенде түрік тақырыбын қазақ әдебиетінде қасиетті тақырып етіп дәйекті жырлаған Мағжан ақын көрегендігіне қалай бас исек те жарасады. Түркі әлемінің, соның бір бұтағы «бөлек республика» қазақ елі де өзінің «Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам» дейтін асқақ, тәккапар ниетіне жетті. Сол күнді ерте жырлап, халық санасында жаңғыртқан ақын арманы жүзеге асты, туған елі кеш те болса періште көңілді ақынның «Жан сөзін» жатқа оқи бастады. Тұран тағдырын Тұран даласының дабылы етіп жырлаған ақын мұралары мәңгілік болғай.
«Түркістан» өлеңіндегі париоттық өршіл рух
“Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп
соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы
да шебер үлгісі.
Тұран – көне мәдениет бесігі,
сәулет өнерінің кең сарай көрінісі.
Нелер ұлы ақындар ордасы.
Қазақ халқының өткендегі тарихы,
тағдыры,
мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.
М.Жұмабаев -
өз тілін,
ел дінін,
мәдениетін,
тарихын,
жер –
суын жетік білетін ақын.
Ол
Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.
Қысқа ғұмырын ел тағдырына арнап, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қара басын қатерге тігіп, күллі адамзаттың мүддесін көздеген Мағжан Жұмабаев замана сырын ашып, болашаққа жол сілтеген ұлт ақыны. Өмір шындығын поэзия шындығына айналдырып, таланты мен көрегендігі тоғысқан Мағжан ақынның туындыларын толыққанды талдап, санамызға сіңіре алған жоқпыз. Сондықтан зерттеген сайын зерттеуді қажет етіп, терең ойға, сырлы сезімге, тұңғиық әлемге батырып жіберетін ақын өлеңдерін жүрек түкпіріне қонақтату – бүгінгі ұрпақ, біздің еншімізде.
Әдебиеттің хaлық алдындaғы биік мақcaт-мұpaтын дұрыс түсініп бaғалаған, сөз өнерінің құнын apдақтай сыйлaған, өмір шындығын, қaт-қабат құбылыстapын оның терең мaзмұнына үңіле отырып суреттей aлған aқын жыры әрқaшан қоғaмдық, aзаматтық мәселелерді көтереді. Aқынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні ғанa тaныта aлады. Мағжан поэзиясы енді ғасырлар бойы толассыз зерттеуге жетеді. Бұл жұмыс алаш ұлының айбынды рух атой салған «Түркістан» өлеңінің өзекті ойы мен қазіргі таңда елді, ел тұтқасын ұстар өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мән-маңызын зерттеп, бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үнін зерделеуге арналды. Ақынның бір-бір зерттеуді қажет ететін осындай рухани дүниесі қаншама?! Бұл зерттеу де сол ұлт руханиятына қосылған теңіздің тамшысындай үлес деуге болады.
«Мағжан Жұмабаев – біздің рухани өлкеміздегі қиырдан көзге түсетін, көрген көз сүйінетін биік шындарыздың бірі де бірегейі. Оны танып, оны қастерлеу – біздің елдік мәдениетіміздің анық көрсеткіші, сипаттамасы болмақ»,-деп Ғафу Қайырбеков айтқандай, Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзіндей өлең деген құдірет арқылы ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы мәселені ашуға бағытталған.
Бүкіл Алаш жұртына, өз ұлтына ұран салған ақын қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне өз қолтаңбасын қалдырған, сұлу сөзден, өткір ойдан шаһар салдырған өлең өлкесінің ірі өкілі. Осындай теңдесіз таланттың таңдайына татып, жырына арқау болып, сеніміне ие болған біздер бақыттымыз-ау, сірә!. Ақын айтқандай, желбіреген тәуелсіздік туы ел тағдыры үшін жанын пида еткен құрбандардың тікелей бастауымен келді. Сауатсыз қарапайым қара халықтың сауатын ашып, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға айналдырды. Талай жылдар бойы қазақтың қанындағы надандықты түп-тамырымен жоюға ұмтылып, болашағы жарқын, тәуелсіз Қазақстанды құруға ұмтылды. Міне, араға көп жылар салып бұл арманы да орындалды. Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала – ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғауының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүю кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.
Алаш – айбынды ұраны,
Қасиетті құраны
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Ұлан байтақ Қазақстан жерін ежелден мекендеп келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Каспийден Алтайға, Мұғалжардан басын аң шалған кәрі Алатауға дейін созылып жатқан өлке біздерге сыр айтқандай. Сол сары даланың қойнауы ереуіл атқа ер салған Махамбет пен Исатай батырлардың, елді аузына қаратқан Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, «Қайтсем елім кешер күн, аулақ болар зар-мұңнан» деп, елінің қамын ойлаған барыс жүректі Бейбарыс сұлтанның, өр мінезді Абылай ханның, құдайы, әруағы да, жері, қазына-байлығы да, баласы, жаны да мал болған әумесер байларды ащы тілімен сынаған кемел ақын, кемеңгер, ойшыл Абай атамыздың жатқан қасиетті жері.
Бұл зерттеу жұмысымда ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ақын Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі патриоттық рух пен азаматтық үнін ұғынып, талдау жасадық.Сонымен поэзия руханиятымызды көркемдік кеңістікпен байытуымен қатар, тәрбиелік-тағылымдық жағын да толықтырып отырған әдебиет әлемінің үлкен бір қанаты десек, Мағжанның «Түркістан» атты азаматтық лирикасы ұлттық болмыс пен қайсар мінезге жетелеп, осы екеуін басты негізге ала отырып, туған жерге деген шексіз махаббат пен ұлтжандылыққа тәрбиелеуге қызмет етеді. Бүгінгі күн тұрғысынан елді, ұлт болашағы жастардың тәлім-тәрбиесі мен өнегелі өмір сүру жолдарын шешуге жауап береді.
Қорытынды
Мағжанның қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы ұшан-теңіз. Ол жеке алып зерттеуді қажет етеді. Соның ең басында қазақ әдебиетіндегі образды ойлау тәсілі тұрғандығын айта кеткеніміз жөн. Бұл қазіргі кезде қазақ әдебиетінің үлкен табысы десек болады. Мұндай көркемдік тәсіл орыс әдебиетінде Сергей Есенинде ғана болған. Сондай-ақ қазақ өлеңдерін мазмұн жағынан түрлендірді. Тақырып аясын кеңітті. Ой жұтаңдығынан құтқарды. Мағжан поэзисының ерекшелігі-Мағжан өлеңінің әр жолы сөйлейді. Тіпті жол ғана сөйлемейді, сөз сөйлейді. Мағжанның жекеклеген сөздерінен түйінді ойлар білуге болады. Өлеңдегі әр сөздері сұрыпталып, іріктеліп алынғандықтан, артық бос тұрған сөздерді кездестіру мүмкін емес. Бұл кез келген ақынға дарымаған қасиет деуге болады. Ал Мағжан поэзисының зерттелуіне келер болсақ, еліміздің тәуелсіздігі тұғырынан түспесе енді бірнеше ғасыр зерттеуге жетеді. Біздің зерттеуіміз сол кезеңде теңіздегі тамшыдай болып ғана көрінеді. Жаратқан соған жеткізсін. Алла жар болып, тәуелсіздігіміз берік болғай!
Ұсыныс
Халқына азаттық тілеген, өмірін ел мүддесіне арнаған ақын Мағжан Жұмабаев өркениетіміздің маңдайалды біртуар тұлға. Жалпы адамзатқа рухани азық болар ақын мұрасын барша халыққа насихаттау үшін мынадай ұсыныстарым бар:
-
Атаулы даталарда ғана емес Мағжан оқулары жыл сайын Абай, Шәкәрім, Махамбет оқулары сияқты өткізіліп тұрса құба-құп;
-
Мектеп және орта, жоғары оқу орындары бағдарламасына «Мағжантану» курстары енгізілсе нұр үстіне нұр болады;
-
Мағжан шығармаларын қазіргі заман талабына сай электронды кітаптарға енгізіп, әлеуметтік желілерде Мағжанның жеке парағын ашу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
М. Жұмабевтың көп томды шығармалар жинағы, Алматы: «Жазушы» 2002 жыл;
2.Нариман Нұрпейісов Филология ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі./зерттеулерінен алынды/
3. “Аңыз адам” журналы 2014 жыл №24/108/
4.”Аңыз адам” журналы 2012 жыл №1/37/
“Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені” КММ
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Мағжан Жұмабаев
«Түркістан» өлеңі
Орындаған: Советова Әсел
10-сынып оқушысы
Жетекшісі: Абилмажинова.А.
2018 жыл
Мазмұны
-
Аннотация
-
Тақырыптың өзектілігі
-
Зерттеу болжамы
-
Зерттеу жұмысының мақсаты
-
Зерттеудің негізгі әдістер мен тәсілдері
-
Жұмыстың жаңалығы
-
Зерттеудің нәтижелері мен қорытындысы
I.Кіріспе бөлім
-
Мағжанның рухы өлген жоқ…
ІІ.Негізгі бөлім:
-
Тұран жері-түркілер елі
-
Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.
-
3.«Түркістан» өлеңіндегі париоттық өршіл рух.
III. Қорытынды бөлім
-
Бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үні.