Материалдар / Ғылыми жоба "Мәңгілік Ел" монументі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Мәңгілік Ел" монументі

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні бойынша қосымша мәліметтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2020
1241
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«А.Н.Бубенцов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы: «Мәңгілік ел» монументі және оның ерекшелігі















Жоба авторы: Бұлтбай Аружан

«А.Н.Бубенцов атындағы орта мектеп-

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

6 сынып оқушысы

Жетекшісі: Муртазаева Гакку Берикболовна

«А.Н.Бубенцов атындағы орта мектеп-

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

тарих пән мұғалімі





Мазмұны



Кіріспе ........................................................................................................1

1.1 Мәңгілік ел монументі

Негізгі сипаттамалар:

2. 1 «Мәңгілік ел» монументінің ерекшелігі ....................................3

2. 2. «Мәңгі ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық

серпілісі......................................................................................................6

Қорытынды....................................................................................................... 9

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................10





















Аннотация

Осы жобамда «Мәңгілік ел» монументі туралы мәліметтер жинай отырып, оның ерекше тұстары мен оның маңызы туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.



Аннотация


Собрав данные о памятнике «Мангилик Ел» в этом проекте, можно рассказать будущим поколениям о его особенностях и значении.


Annotation

Collecting data about the monument "Mangilik Yel" in this project it is possible to propagate to future generations about its features and its significance













Абстракт

Зерттеу жұмысының мақсаты: «Мәңгілік ел» монументінің шығу тарихы мен ерекшелігі, маңыздылығы туралы келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету.

Міндеттері:

  • «Мәңгілік ел» монументі туралы түсінік беру;

  • «Мәңгілік ел» монументі маңыздылығы мен құндылығын таныту.


Болжам: «Мәңгілік ел» монументі турасында қарастырылды.

Зерттеу кезеңдері:

  • Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

  • Талдамаларды жобалау;

  • Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;

  • Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.

Эксперимент әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: монумент туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, қазіргі қоғамдағы маңыздылығы туралы зерттеу жүргізу.

Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы:

–   «Мәңгілік ел» монументі аясында түсінеді;

–  Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;

–  «Мәңгілік ел» монументі туралы нақты білімі қалыптасады.

«Мәңгілік ел» монументінің шығу тарихы мен ерекшелігі, маңыздылығы туралы мәліметтерді жинақтай отырып ерекшелігі туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.





Абстракт

Целью исследования является пропаганда, пропаганда будущих поколений об истории и особенностях памятника "Мангилик Ел".

Цели:

дать представление о памятнике «Мангилик Ел»;

Продемонстрировать важность и ценность памятника «Мангилик Ел».

Прогноз: памятник "Мангилик Ел".

Этапы исследования:

поиск темы исследований, знакомство с литературой и материалами;

аналитический дизайн;

Соберите основную задачу для сортировки собранного материала;

Анализировать, обобщать, обобщать, обобщать работу.

Экспериментальный метод: исследование, сбор, анализ, литературный и научный анализ в исследованиях.

Новизна исследования: исследование значимости современности в обществе путем введения исторических и научных данных о памятнике.

Результат и заключение исследования:

- под памятником "Мангилик Ел";

- стремится к тому, что он должен делать в этом отношении;

- формируется знания о памятнике "Мангилик Ел"

Собирая данные об истории, особенностях и значении памятника «Мангилик Ел», я хотела бы размножить знание и уважение среди будущего поколения.








Abstract

The purpose of the study is propaganda, propaganda of future generations about the history and features of the monument "Mangilik El."

Objectives:

give an idea of ​​the monument "Mangilik El";

Demonstrate the importance and value of the Mangilik El Monument.

Forecast: the monument "Mangilik El"

Research Stages:

search for research topics, familiarity with literature and materials;

analytical design;

Collect the main task to sort the collected material;

Analyze, generalize, generalize, generalize the work.

Experimental method: research, collection, analysis, literary and scientific analysis in research.

The novelty of the study: the study of the significance of modernity in society by introducing historical and scientific data on the monument.

The result and conclusion of the study:

- under the monument "Mangilik El";

- strives for what he should do in this regard;

- The knowledge of the monument "Mangilik El" is being formed.

Gathering data on the history, features and significance of the monument "Mangilik El", I would like to propagate future generations.





Кіріспе бөлім

Мәңгілік ұғым-түсінігі – барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа жанбайтын батырлар жайлы тарихқа дейінгі аңыз-ертегілерді жатқызуға болады. Біздің пайымдауымызша, әлемдік және дәстүрлі діндердің бастау-бұлағында да мәңгілікті бейнелейтін түпжаратушы тұр. Оның есімі – Тәңірі, Құдай, Алла, т.б.
Қақпаның биіктігі – 21,5 метр, ені – 13 метр. «Алтын кесік» сәулет заңына дәлме-дәл келу «Мәңгілік ел» салтанат қақпасына біртекті пропорция берді. Әр жақтың астынғы жағында биіктігі 4,4 метрді құрайтын көлемді мүсіндер орналастырылған. Қақпаның сол жағына қазақ ұлтының санасында ертеден қалыптасқан - даналықтың, данышпандықтың, ғұламалықтың нышаны, халықтың рухы мен ойының қорғаушысы - Ақсақалдың мүсіні орын тепті.

Отбасының ұйытқысы - Әйел-Ананың мүсіні «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана -Тілі» сияқты ұлттық құндылықтарын белгілейді. Салтанат қақпасына қаладан шыға беріс жағынан қарайтын болсақ, оның сол жақ бөлігінде көшпелі жауынгердің, ал оң жағында қазіргі қазақстандық әскери қызметкердің сұлбалары орналастырылды. Көне жауынгердің мүсіні қазақ батырларының ерліктері мен қайсарлығын көрсетеді, ал оның стилистикалық кейпі Аңырақай шайқасы кезеңіне сәйкес келеді. Осы аталған әрбір мүсіннің астында қазақтың шежірелі - «Мәңгілік» белгісі бар. Түркі халқы «мәңгілік» белгісі барлық жамандықтан қорғап, жарық, жылу, өмір және жақсылық әкеледі деп сенген. Әрбір мүсіннің жоғарғы жағында мемлекеттің елтаңбасы орналастырылды. Композицияның жоғары жағында, маңдайшасында «Мәңгілік Ел» деген жазуы бар. Ал ең жоғарғы бөлігі Көк байрағымызда қолданылған күрделі ою-өрнектермен әсемделді. Осында Туымыздағы күн мен қыран құс бедерленді.

Символикалар тілінде бүркіт мүсіні мемлекеттік билікті, кеңдік пен көрегендікті білдіреді. Ұлтымыздың түсінігінде қыран құс қашан да бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа деген ұмтылушылықтың нышаны болып келді. Бүйір беттерінде сондай-ақ, ойшықтар бар. Оның бір жақ бетінде түркі халқы үшін ауызбіршілік, қонақжайлық пен молшылықтың мағынасы бар - «Тай қазан» мүсінінің бір бөлігі бар. Бүйір қабырғалар ортасында қазақ сарбаздарының «Қалқан» қорғанышы орналастырлған күрделі қазақ оюларымен әшекейленген. Қалқан-ықылым заманнан бері қауіптен қорғанушылық, беріктік, табандылық пен жеңісті білдірді. Қалқанмен үйге оралу жеңістің белгісі болды. Ішінде екі жағынан әрқайсының көлемі 7×3,5 метрді құрайтын рельеф паносымен безендірілген қақпа қуысы бар. Олардың бірінің сюжеті желісі қазақ халқының «Сақ» - «Түркі» - «Қыпшақ» - «Қазақ» тарихи даму кезеңдерінен көрініс береді. Паноның екінші жағындағы тақырып халықтың басты байлығы – Ақ орда, Бәйтерек және бүгінгі күннің басқа да объектілері арқылы ашылатын Тәуелсіздікке арналған. Жастар өкілдерінің рельефтік бейнелері болашаққа деген ұтылысты білдіреді. Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының алғашқы бабынан алынған «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» үзіндісі - композицияның идеологиялық түйінін білдіреді.












Негізгі бөлім.

2. 1 «Мәңгілік ел» монументінің ерекшелігі

"Мәңгілік ел" қақпасы – әлемдегі санаулы қа­лаларға тән ерекше сәулеттік-мо­ну­мен­тал­ды туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетіс­тік­тердің құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Астанадағы салтанат қақпасы да осы талаптарға толықтай жауап бере алады.







Бұл сәулет нысаны Нұр-Сұлтанның сол жа­ға­лауындағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, Есілдің сол жағалауындағы Нұр-Сұлтанның жаңа әкімшілік орталығы, қай­та­лан­бас дара бейнесі бар толымды сәулет ансамблін түзбек: темірқазығы – Елба­сы­ның ақ сарайы Ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік және келісім сарайына, «Қазақ елі» мону­мен­тіне, Тәуелсіздік сарайына, Шабыт сарайына тараса, тағы бір «сәулесі» сулы-жасыл желек жолды көктей өтіп, көкке қарай бет алған алып ғимараттарға бағыт алып тұр. Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. Салтанатты қақпа Тәуелсіздіктің жиырма жылдығының қарсаңында ашылғанын айта кетейік. Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Композициялық тұрғыда бұл ба­рельеф­­тер нысанның төменгі жағында ор­на­­лас­қан.







Қақпаның сол жақ қапталында «Ақ­са­қал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, да­на­лық­тың символы. Санаға сіңген осынау дәс­түрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғым­дармен аттасады. Оның қазақы ерек­шелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады.







Қақпаның оң жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні ор­на­тыл­ған. Ана бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды киелі ұлт­тық ұғымдарына ұласады. Олай болса, ана бейнесі арқылы адамның дүниеге келуі, туған жер мен Отан туралы идео­ло­гем­ма айқын көрініс табады. Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың уа­қыт­қа тәуелсіз киелі қорғаны.







Сондай-ақ қабырғалары қазақтың күр­делі ұлттық өрнектерімен безендіріліп, ор­та­сына қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан орналасқан. Қалқан – қауіп-қатердің қорғаны, сенімділік, тұрақ­­ты­лық, жеңістің белгісі. Нысанның екі жағындағы «Тай қазан» мүсіні өзіндік орындармен ерекшеленеді. «Тай қазан» тыныштық пен тоқшылықтың, бірегей көңіл мен қонақжай пейілдің терең ұғымын білдіреді.







2. 2. «Мәңгі ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі.

«Мәңгі ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі. Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі бес рет қолданылған. Қандай жағдайға байланысты қолданылғанына назар аударумен де мәні мен маңызына көз жеткізе аламыз.

1. «Өтікен жерінде отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ. Өтікен жынысында отырсаң, мәңгі ел тұтып отырар ең сен», делінген ескерткіште. Осы тектес қағидатты Білге қаған, Теркін мәтінінен де оқимыз. Мұндағы Өтікен – түркілердің астанасындай қасиетті жері. Байырғы түркілер өз мемлекетінің астанасын ерекше құрметтегенін әсте кездейсоқтыққа балауға болмайды. Ол – мемлекетшіл сана мен рухтың ажырағысыз серігі. Ендеше, мәңгілікке тірек боларлық орда керек екен. Ең кереметі – «Мәңгілік Ел» идеясы да Қазақстанның жаңа Елордасы Астанада паш етілді ғой.

2. Күлтегін жазуы былай дейді: «Нендей бір айтар сөзім болса, мәңгі тасқа бастым. Мұны көріп біліңдер, түрік халқы, бектері, бөдке (таққа) кіріптарсыңдар ғой, жұртыңмен бірге жаңылғышсыздар ғой сіздер». Бұл қағидаттан екі қорытынды шығаруға болады: бірі – билік пен билеуші мемлекеттің даму стратегиясын, ішкі және сыртқы саясатын анықтағанда қателікке жол бермеу керектігін, екіншісі – билік пен халық арасындағы ынтымақ, түсіністік мәңгіліктің кепілі екенін баса көрсету. Осынау ұстаным қазіргі Қазақстан үшін бейтаныс емес.

3. Көреген Күлтегін былайша толғанады: «Мен мәңгітас тіктім (тұрғыздым). Табгач қағаннан бедізші келтірдім. Бедіз еттім. Менің сөзімді бұзбады». Демек, мәңгіліктің негізінде материалдық, геосаяси, әскери фактор ғана жатқан жоқ екен. Бұрмалаудан, әсірелеуден ада, ақиқатқа суғарылған тіл мен сөз, руханият пен идеология, тұжырым мен теория мәңгілікке жетелейтініне бабаларымыздың күмән-күдігі болмаған. Бұл қағидат бүгін де өз күшінде. Елбасымыз қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығын талап етуде. «Мәңгілік Ел» идеясын жариялаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: «Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантюраларға жол беруге болмайды. Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс», - дегені бәріміздің есімізде.

4. Күлтегін жазуында мынадай жолдар бар: «Көңілдегі сөзімді (бастырттым) ... [...] он-иелік ұрпағыңа, кірмелеріңе дейін бұны көріп біліңдер. Мәңгі тас тоқыттым». Бұл тұжырымның мәнісі, біздіңше, мынада: ұрпақтар жалғастығы қаншалықты маңызды болса, этникалық, рухани, идеологиялық, тілдік, т.б.с.с. құндылықтардың сабақтастығы одан бір мысқал кем емес. Бұлар мәңгіге айналғанда халықтың ғұмыры ұзарады, әркімнің және баршаның бәсекеге қабілеттілігі шыңдалады. «Біз» және «оларды», жақсы мен жаманды айыра білетін елдің мәңгілігі негізделеді. Осы орайда тәуелсіздік жылдары жүзеге асқан ұлттық тарих, мәдениетті қолдау жылдарының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының, қазіргі «Ұлт жоспары: 100 нақты қадамның» маңызын тағы да мойындайсың.

5. «Мәңгі Елге» қатысты аманаттталған Күлтегіннің соңғы өсиеті: «Бұл киелі жер еді. Қазір де киелі жер. Осындай киелі жерге мәңгі тас тоқыттым, жаздырдым. Бұны көріңдер, осылайша біліңдер». Тобықтай түйіні, біздің ойымызша, мемлекет үшін де, халық үшін де мәңгіліктің қасиетті көзі – жер дегенге саяды. Жер – бұл табиғат, экономика, байлық, өмір салты, геосаясат, руханият. Осылай болған және бола да береді. Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық идеологемасының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы. Кім Отанының, ұрпағының, ісі мен есімінің мәңгілік болғанын қаламайды? Ешкім де! Америкада да, Африкада да солай. Жұмыр басты пендеге мәңгілік өмір бұйырмаған. Бірақ қамшының сабындай қысқа өмірінде адам терең ақыл-ойымен, шебер қолымен мәңгілік құндылық түзе алады. Басқасының бәрі – көмір де, темір де, тау да, тас та көмекші құрал ғана. Сенімді серігі – толағай интеллектуалдық ізденіс пен серпіліске сүйенген ұлттық идея.



Қорытынды

Жоғымызды түгендеп, барымызды толықтырып жатқан, тәуелсіз елдің көк байрағы желбіреп жатқан тұста Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекеттің елордасында қазақ деген халықтың ғана емес, бүкіл түркітілдес ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы болған «Мәңгілік ел» қақпасы ойып тұрып өз орынын алды. «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы қазақ ұлтының болмысы мен тарихын, жас мемлекеттің аяққа тұруы мен дамуының алғашқы 20 жылда жеткен жетістігін әйгілеу үшін бой көтерді.

Салтанат қақпасын орнатқан әр ел оны өзінің тарихымен ұштастырып жасайды. Біздің елдің «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы да халқымыздың ой-арманымен өріп, ұлттық нақышта жасалынған – ерекше туынды.

«Мәңгілік ел» қақпасы қазақ халқының толағай табыстарының белгісі ретінде тұрғызылды. Ендігі кезекте салтанат қақпасы Нұр-Сұлтанның тағы бір символына айналатынына кәміл сенемін.

Ұсыныстар:

  • Ауданымыздың мектептерінде «»Мәңгілік ел монументі насихатталса ;

  • «Мәңгілік Ел» монументі туралы бұрыш ұйымдастырылса;











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бас редактор: Ерл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!