400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ғылыми жоба: Монғол империясы

Материал туралы қысқаша түсінік
монғол шапқыншылығы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дарынды балалармен жұмыс жасау»

Тренинг тақырыбы: талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары.


Мақсаты: дарынды оқушыларға көмек көрсету және тығыз байланыста жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Түйінді идеялар:Талантты және дарынды балалардың мінез – құлқының пайдалы тізімін жасап ұсындық.

қолданылатын материалдар: А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам.

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу.

(5 мин) «Амандасу-сергіту»

Бүгінгі семинарды бастамас бұрын сіздермен кішігірім «амандасу-сергіту» жаттығуын өткізіп алайық.

Сіздерге тапсырмалар беріледі, сіздер іс-әрекет арқылы орындайсыңдар.

- Кімнің көңіл күйі қазір жақсы, солар қол шапалақтаңдар;

- Кім семинарға асығып келді, солар орындарымен ауыссын;

-Кім осы мектепке алғаш рет келіп тұр аяқтарымен топырлатсын;

- Өз жұмысын жақсы көретіндер қол шапалақтасын;

-Қара түсті киімдері бар адамдар орындарымен ауыссын;

- Бүгінгі семинардан пайдалы, керекті мағлұматтар аламын дегендер, қол алыссын.

Ал енді бүгінгі күніміз сәтті өту үшін барлығымыз бір-бірімізге қарап күлімсірейік.


Топтық жұмыс ережесі: 1 мин.

- «қазір және мұнда» ережесі;

- шынайы болу ережесі;

- сөзді және әрекетті бағалауға болмайды;

- жауапкершілік ережесі;

- тыңдап ал, содан кейін айт ережесі;

- белсенді болу ережесі.


2. «Қағазды умаждау» (3 мин)

А- 4 парағын оң қолға ұстап умаждайды, содан кейін сол қолымен оны ашып түзетеді. (Мақсатымыз: сол қолымен қағазды түзету қандай қиын болса, баланың бойындағы дарындылықты ашу да, дамыту да сондай қиын екенін түсіну.)


3.«Мінсіз оқушы». (5 мин)

Мақсаты:Талантты және дарынды оқушының бойындағы қасиеттерін аша білу.

«Мінсіз оқушы» сипаттамасын топтастырып жазу. Оны талқылау.

-Неге дәл осы қасиеттерді таңдап жаздыңыздар?

-Сізге «Мінсіз оқушылар кездестіме?»


4. «Мақалалар тақырыбынан әңгіме» жаттығуы (15 минут)

Алдарыңыздағы заттардан (газет, қайшы, клей, А3 форматтағы бет) мақалалар тақырыбынан мағынасы бар қызықты әңгіме құрастыру. Бірігіп жұмыс істеу уақыты 5 минут. Әр топтан бір өкілі шығып өз әңгімелерін қорғайды.

  • Жұмыс барысында қандай қиындықтар туындады?

  • Бұл жаттығу арқылы балаларға не үйретуге болады?


5. Жаттығу «3 сөзді сөйлем». (10 минут)

Әр топ кез келген үш сөзден тұратын сөйлем құрастырады, (мысал: «Ажар гүл өсірді», «Анам тамақ пісірді», «Аружан ойнап отыр») құраған сөйлемдерін келсі топпен аусытырады. Әр топтың міндеті – алған сөйлемнен, әр түрлі сөздерден тұратын, бірақ мағынасы бір сөйлем құрастыру. (мысалы: «Ажар гүл өсірді» - «Қыз бала гүл екті», «Ажар өсімдік өсірді.» т.с.с.).


6.Сергіту сәті (10 минут)

Ән арқылы, сұрақ қойып, жауап беру. Мысалы: Алооо бұл кім?- жауап:Мария Магдалена оооо осылай жалғастыра береді.


7. Ситуациялық сұрақтар (5 минут)

Дарынды және талантты балалар мен жұмыс кезінде кездесетін кедергілер.

1.Дарынды оқушыда «Жұлдыз ауруы»? басталса, кедергіні қалай жоясыз?

2.Дарынды немесе көшбасшы оқушыңыз мұғаліммен ерегісіп қалды делік, сіз бұл жағдаяттан қалай шығасыз?

3.Дарынды оқушы облыс олимпиадасынан 1- орынға лайықты, бірақ бұл орынды басқа оқушыға бұйырды. Оқушының сол пәнге деген қызығушылығы жоғалып қалмау үшін сіз не істер едіңіз? Жеке жауаптар тыңдалады.


8. “Тілек шырағы” жаттығуы

Қатысушылар ортаға дөңгеленіп тұрады. Жағылған шырақты әр қатысушыға беріп бүгінгі семинардан алған әсерлерімен бөліседі.

Қандай жаңа нәрсе үйрендіңіз? Семинар барасында не есте қалды және қандай әсер алдыңыздар?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.05.2019
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12