Материалдар / Ғылыми жоба: Қараүңгір тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: Қараүңгір тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба Қараүңгір тарихы Түлкібас ауданында адам таң қалатындай керемет жерлер көп-ақ. Солардың бірі Арыс ауылдық округіне қарасты аумақта орналасқан "Қара үңгір" тұрағы.Арыс өзенінің 12 километр арнасы жатыр. Зерттеу мақсаты туған өлкені зерттеп, әр жеткіншектің туған жерінің тарихына көз жүгіртіп ,тарихи ескерткіштер сырымен танысып, ежелгі заманғы алғашқы адамдардың тұрақтары болған үңгірлерді көріп , білгенін толықтыруға үлгі беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2022
1023
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Түлкібас ауданында адам таң қалатындай керемет жерлер көп-ақ. Солардың бірі Арыс ауылдық округіне қарасты аумақта орналасқан "Қара үңгір" тұрағы.Арыс өзенінің 12 километр арнасы жатыр. Оған Қайыршақты , Ақтасәулие бұлақтары , Қараүңгір өзеніне құяды.

Қара үңгір тұрағы тарихшыларды, археологтарды бұрыннан-ақ қызықтырып келеді. Бұл жер көптеген тарихи және өлкетану кітаптарында сипатталып жазылған.1952-1954 жылдары Қара үңгірге арнайы археологиялық экспедиция келіп, қазба жұмыстарын жүргізгенде, бұдан бес мың жыл бұрынғы жерленген адамның сүйегі, тастан жасалған құрал-саймандар табылды. Бүгінгі таңда табылған археологиялық жәдігерлер мен адам сүйегі Шымкент қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде сақталған.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Әр жеткіншектің туған жерінің тарихына көз жүгіртіп ,тарихи ескерткіштер сырымен танысып, ежелгі заманғы алғашқы адамдардың тұрақтары болған үңгірлерді көріп , білгенін толықтыруға үлгі беру. Ол үшін бала қызығушылық танытып қана қоймай, алдына талап қойып, ізденуі керек.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Ежелгі адамдардың тұрақтарын зерттеу

Өз жерінің тарихын жетік білу.

Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қосу

Мәселе: ауылының тарихын зерттеу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтарын арттыру.















Қараүңгірдің тарихына шолу. Ескерткіш Қаратау жотасының оңтүстік баурайында, өзімен аттас өзеннің сол жағалауында, Мақталы ауылынан солтүстікке қарай 10 шақырым жерде Түркістан облысы Шымкент қ-нан 43 км солтүстік - шығыста, 7 м биіктікте орналасқан Түлкібас ауданында. Кіре берісінің ені 20 – 25 м, биікт. 2 – 16 м аралығында. Үңгір екі бөліктен тұрады: алдыңғысының ұзындығы 20 м және төргісі 9 м. Қараүңгірден мәдени-тұрмыстық заттар табылды .

Қараүңгір тұрағы Қазақстан территориясындағы адамдар неолит дәуірінен (б.з.д. V–IV мың ж.) бастап қоныстанған тас дәуірімен мерзімделетін ежелгі тұрақтардың бірі болып саналады. Тұрақты бірінші болып Х.А. Алпысбаев 1959 және 1973 ж.ж. ашып, зерттеді. 1992 ж. Қазақ-Ресей археологиялық экспедициясының тобы үңгірге қосымша зерттеу жүргізеді.

Үңгір тектоникалық және карст үдерістері нәтижесінде әктас жыныстарында түзелген. Қалыптасқан қуыстың өлшемдері келесідей: ең жоғарғы биіктігі – шамамен 15 м, ені – 43 м жуық және тереңдігі – шамамен 39 м. Үңгір мекендеуге өте ыңғайлы, жанынан өзен ағып өтеді, жарық жақсы түседі, кең және түзу қалқалы табаны бар. Археологиялық жұмыстардың нәтижесі үңгірге адамдар неолит уақытында қоныстанғаны және одан кейінгі энеолит, қола және ерте темір дәуірлерінде қоныстану іздерінің бары жайлы ақпарат береді. Бірнеше қабаттан тұратын осы нысанда оқтын-оқтын жүргізілген шағын зерттеу жұмыстарына қарағанда, палеолит дәуірінің қалдықтарын табу мүмкіндігі де бар.

Тұрақта жүргізілген қазба барысында тас және сүйек артефактілер, жануарлардың сүйектері мен тістерінен жасалған әшекейлер, қабыршақтан жасалған бұйымдар, керамика сынықтары және одонтологиялық олжалар табылған. Тас құралдар микроөзектастар мен микротілікшелерден, екі жақтамалы ірі өзектастардан тұрады. Еңбек құралдары арасында екі шеті түзетілген тілікшелер, қыстырмалар, қырғыштар, сонымен қатар геометриялық микролиттер, өткір жүзді құралдар, кескіштер, кельтеминар типті жебе ұштары және т.б. кездеседі. Сүйектен жасалған бұйымдар: тескіш, ине, жебе ұштары, «қалақша» және де алқа және моншақ түріндегі әшекей бұйымдар. Беті жақсы тегістелген, екі жағы өрнектелген тас сынықтары ерекше қызығушылық тудырады: әр 2–5 мм сайын бір жағында алты, екінші жағында жеті кертігі бар (сынған жеріне дейін).

Арқар, қабан, елік, марал, жабайы қой сияқты және тағы басқа тұяқты жануарлардың табылған сүйек қалдықтары Қараүңгір тұрғындарының шаруашылық негізін аңшылық құрағандығын көрсетеді. Қазба барысында табылған тістер төрт немесе бес адамға, 20–30 жас шамасындағы үш әйел кісіге және тағы бір-екеуі 55–60 жастан асқан кісіге тиесілі. Олардың басқа антропологиялық бөліктерсіз табылуы магиялық ғұрыптарда пайдаланылған және амулет ретінде тағылған деп пайымдауға мүмкіндік береді. Мысалы, үңгірде табылған тістердің бірінде қызыл түсті заттың қалдықтарымен бірге тағуға арналған тесігі бар.

Қараүңгір тұрағының материалдары Қазақстанның оңтүстігінде, бір жағынан бастапқы жарықшақтау техникасы, қосымша өңдеу және еңбек құралдары бойынша кель- теминар мәдениетімен (Оңтүстік Арал маңы) ұқсас, екінші жағынан екі жақтамалы өзектастары мен құралдары гиссар материалдарына (Оңтүстік-батыс Тәжікстан) және орталық Ферғана мәдениетіне ұқсас өзіндік неолиттік мәдениеттің болғандығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қараүңгір тұрағы облыстық дәрежедегі археология ескерткіші, ішкі туризм және тауап ету нысаны болып табылады.



Қараүңгір үнгірінің тұрғындары керамикалық ыдыстарды қолмен жапсырып жасау әдісін игерген. Балшық ыдыстардың түбі дөңгелек етіп жасалды, ал олардың сырты кейде қызыл бояумен боялды. Көбінесе ыдыстардың жоғарғы жартысы тісті қалыппен түсірілген сызықшалар, ойықтар, мүсіндер түріндегі өрнекпен ажыратылды. Өкінішке орай,біздің қолымыздағы Қараүңгір үнгірінен алынған материялдар дәстүрлі түрде кезеңдестіру мен хронология сауалдарын толыққанды шешуге мүмкіндік бермейді, сондықтанда да барлық пікірлер жоралдармен ғана шектеліп отыр. Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан атбасар, маханжар, келтеминар секілді бірнеше археологиялық мәдениеттер анықталған.

Қараүңгір неолиттік үңгір тұрағын қазғанда неолит дәуіріне қатысты ең көп және көрнекі материал алынды. Мұнда қалың мәдени қабат сақталған; оның жоғары бөлімі соңғы мезолиттен қоса есептеген неолитке дейінгі уақытты қамтиды. Жер ошақтар мен от орындарының жанынан хайуандардың көптеген сүйек қалдықтары табылды.Ежелгі қараүңгірліктердің аулағаны аю, бұғы, жабайы бұқа, қабан, арқар, қоян, борсық аулаған. Үңгірдің мекендеушілердің аңшылық қорегінде бұлардан басқа, қырғауыл, кекілік, тасбақа, болды. Сірә , хайуандардың қолға үйрету басталса керек; мұны қолда ұсталған бұқа мен жер ошақтың қасындағы иттің сүйектері де дәлелдейді.Неолит кезеңінің ең көне б.з.б. 5 мыңжылдыққа жататын тұрақтарының бірі Қараүнгір. Қараүнгір тұрағынан шақпақтастан жасалған және сүйек бұйымдар – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш-жонғыштар және т.б. табылған.

 Оңтүстік Қазақстанда, әсіресе, Қаратау жотасының солтүстік және оңтүстік бөктерлерінде, жаңа тас дәуірінің көп ескерткіштері ашылды. Бүркітті өзенінің жағадағы аланқайларын зерттегенде мезо­лит дәуіріне жататын тас индустриясының үлгілері жиналды. Өзеннің оң жағасында малта тас қабатында көптеген мезолиттік шақпақ тас бұйымдары: жергілікті ұсақ түйіршікті шақпақ тастан дайындалан призмалық өзектастар, пышақ тәрізді тас тіліктері және олардың сынықтары табылды.

Халцедондық 140 бұйымнан тұратын ендігі бір топтама Бүркітті өзенінің жайылма үстіндегі Қойтас қойнауының солтүстік жағындағы екінші алаңқайын тазартқанда жиналды. Тас бұйымдардың ішінде пышақ тәрізді тас тілігінен жасалған бір қырлы мезолиттік трапеция ерекше көзге түседі; оның бүйір қырлары мен үстіңгі жағы тігінен түзетілген.

Мезолит дәуіріне жататын заттардың үшінші ірі тобы Ақтау тауының етегіндегі Үшбұлақ бұлағының арнасынан балшық қабатынан табылды. Қара және ақ майда шақпақтан жасалған бұйымдар жиынтығының ішінде қалам тәрізді, сүйір тәрізді, ұзындығы 3-6 см-дей призмалық өзектастар, шағын тас тілікшелері, тескіштер, трапециялар, қырғыштар да кездеседі.

Қоныс тұрғындарының еңбек және аңшылық құралдары жұмырланған ұзынша қырғыштар, призма және қалам тәрізді өзектастар, бүйірлері ойылған және шеттері мұқалған тас тіліктері, тескіштер, садақ ұштары, шот-балталар, тас келісаптар, т.т. болды. Жүздері өңделгені бар, өңделмегені бар микролиттік тас тіліктері өте көп; бұлар құралдардың сүйектен немесе ағаштан жасалған сабына орнықтырылатын қыстырма ретінде қызмет еткен. Көптеген сү­йек заттар — біздер (бігіздер), тескіштер, осы заманғы иненің ежелгі түрі — көзі бар инелер, тегістегіш-жонғыштар табылды, хайуандардың жауырындарынан жасалған құралдар да болды. Бұлар хайуандардың терісін ұқсату үшін қолданылды. Әсемдігі жағы­нан сирек кездесетін заттар — сүйектен істелген, сызықшалары бар өлшеуіш, тесілген қауашақтардан, сызықша өрнегі бар азулардан, сүйек салпыншақтар мен моншақтардан құралған сәндік бұйымдар, хайуандардың топайларынан жонып жасалған мүсіндер шықты.

Қараүңгір үңгірінің тұрғындары керамикалық ыдыстарды қолмен жапсырып жасау әдісін игерген. Балшық ыдыстардың түбі дөңгелек етіп жасалды, ал олардың сырты кейде қызыл бояумен боялды. Көбінесе ыдыстардың жоғарғы жартысы тісті қалыппен түсірілген сызықшалар, ойықтар, мүсіндер түріндегі өрнекпен ажарландырылды. Өкінішке орай, біздің қолымыздағы Қараүңгір үңгірінен алынған материалдар дәстүрлі түрде кезеңдестіру мен хронология сауалдарын толыққанды шешуге мүмкіндік бермейді, сондықтан да барлық пікірлер жорамалдармен ғана шектеліп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан атбасар, маханжар, келтеминар секілді бірнеше археологиялық мәдениеттер анықталған. Біз тек Қараүңгір үңгірінен алынған бұйымдарға ұқсас кейбір мәдениеттер мен кешендер материалдары жайында қысқаша мәлімет бере кетпекпіз.

Қараүңгір үңгірінен алынан материалдарды Орта Азиядағы келтеминар, гиссар, орталықферғана секілді неолиттік мәдениеттердің материалдық қалдықтарымен салыстырып қараған кезде келтеминар мәдениетінде алғашқы жаңқалау техникасында, екінші қайтара өңдеуде, құралдар жиынтығында аздап болса да жақындық (ұқсастық) бар екендігін айта кеткен жөн. Сонымен бірге келтеминар мәдениетіне тән шағын тастық (микролит) белгілермен қатар мұнда кездесетін «дөрекі» өзектастар оны гиссар және орталықферғана мәдениеттерімен де байланыстыра түседі. Егер Қараүңгір үңгірінен алынған материалдық қалдықтар бірнеше кезеңдерге жатпайтын болса, онда біздің алдымыздағы құбылыс гиссар және орталықферғана мәдениеттеріне жататын еді. Және де, бұл жерде жеке мәдениет жайлы сөз қозғаған дұрыс сияқты, өйткені онда жазық жерлерге тән шағын тас пен малта тас құрауыштардың араласуынан тау беткейлерінде өзіндік мәдени құбылыс қалыптасқан секілді. Осыған байланысты Қараүңгір үңгірін зерттеп, қолындағы матеиалдар негізінде Қазақстанның оңтүстігінде өзіндік неолиттік мәдениеттің болғандығын айтқан Х.А.Алпысбаев көзқарасын жоғары бағалағанымыз абзал.

Қараүңгір үңгірінде нақты жерлеу орны жоқ. Бірақ кем дегенде екі адамға тиесілі тіс қалдықтары, қызыл түсті заттардың қалдықтары, әшекейлерде сақталып қалған тесіктер мен әшекейлер секілді фактілер өзіне ерексіз назар аудартады. Егер де бұл құбылыстарды кешенді түрде қарастырсақ, онда белгілі бір дәрежеде адамды жерлеу ғұрпы орын аландығын байқауға болатын сияқты. Остеологиялық материалдар мен сүйектен жасалған бұйымдардың, қабыршақ-ұлутастардың жақсы сақталуы антропологиялық материалдардың да осындай күйде сақталуы мүмкін екендігін көрсетеді. Әйтсе де біздің қолымызда бұл пайымдауды нақты дәлелдей түсетін одонтологиялық олжалардан басқа материалдар жоқ.

Қысқаша түрде Қараүңгір үңгірінен алынған адам тіс қалдықтарына қатысты пайымдауларға тоқтала кетелік. Ең алдымен, біріншіден, үңгірде адам қаңқасы толық жерленбеген болуы мүмкін, оның тек белгілі бір бөлігі, айталық бас сүйегі ғана жерленуі мүмкін. Мұндай сирек кездсетін жерлеу ғұрпы ерекше жосын-жоралғыға байланысты болуы да ықтимал. Мұндай ғұрып Месопотамияның халав мәдениетінде, Солтүстік Қазақстандағы Ботайда кездеседі, онда бірнеше жұлынмен бірге бас сүйек және қызыл түсті балшық ұшырасқан болатын. Айта кететін бір жайт, Қараүңгір үңгірінен табылған тістердің бірінен қызыл түсті затпен бірге мойынға іліп жүруге арналған тесік жасалғандығы анықталған.

Екіншіден, ол инициация ғұрпымен байланысты болуы мүмкін. Жас ерекшелік инициациясы түрлі ғұрыптар мен манипуляциялардан тұрды, бұлар жасөспірімдерді ересектерге тән қасиеттерге баулуы тиіс. Олардың арасында денені жарақаттау, әдетте тісті ұрып түсіру, т.б. болды. Мысалы, Австралияның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тайпаларда ғұрып бойынша тіс, соның ішінде күрек тіс әдейі сындырылды. Қараүңгір үңгіріндегі тістер жас мөлшері 20-30-дардағы әйел адамдарға және 55-60 жастағы тағы бір адамға тиесілі болған, демек, шыдамдылыққа баулуға арналған ғұрып мұнда орын ала қоймаған секілді.

Үшінші пайымдау бойынша, тіс сүйектері магиялық жосын-жоралғыларда пайдаланылып, бойтұмар ретінде қолданылуы мүмкін.

Әлбетте, айтылған пайымдаулар мұндай олжалардың нақты мәнін ашуды бірден шеше қоймайды. Оны табысты шешу үшін кешенді жұмыстармен айналысқан абзал. Қараүңгір үңгірінен алынған құрал-саймандардың негізгі бөлігін сипаттауды аяқтай келе, Оңтүстік Қазақстандағы бұл ескерткішті одан ары зерттеу қажеттілігіне де назар аударған жөн дейміз. Тарихи-мәдени тұрғыдан Қараүңгір Орта Азиядағы келтеминар мәдениетінің ескерткіштеріне жақын екендігін де тағы бір рет айта кеткен жөн.

Оңтүстік Қазақстандағы бірқатар неолиттік тұрақтардан да (Тасқотан, Шілік, Дермене-1-4, Арыс-1, т.б.) нақты материалдар алынған. Олардың көпшілігінде қыштан жасалған ыдыстар жоқ. Мұны археолог Х.А.Алпысбаев кейбір жергілікті тайпалардың теріден жасалған ыдыстарды кеңінен пайдаланғандығымен түсіндіреді. Оңтүстік өңірдегі кейбір ескерткіштерде қыш ыдыстардың болмауы немесе болуы (мысалы, Қараүңгір үңгірі) мұнда көне замандарда-ақ сан қилы мәдениеттердің тоғысқандығын көрсетеді.



























Қорытынды

«Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсініп, ата - бабалары қалдырған   кең байтақ  жердің лайықты мұрагері болуға тиіс»  деп Елбасы  Н. Ә. Назарбаев айтқандай,керемет іздеп алысқа сапар шекпей-ақ, өз өлкемізді зерттеу арқылы талай құпияларды ашуға болатыны  анық. Адам қоғамдындағы ілгері дамудың бәрі де өткен өмірдің нәтижесі. Сондықтан тарихқа мойын бұру, ата-бабаның өмір тіршілігін ұмытпау – біздің адамгершілік міндетіміз ғана емес, сонымен бірге ілгері дамудың кепілі де. Қазіргі уақытта Қараүңгір тұрағы облыстық дәрежедегі археология ескерткіші, ішкі туризм және тауап ету нысаны болып табылады.



































Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

  1. Алпысбаев Х.А. Неолитическая стоянка в пещере Караунгур (Южный Казахстан) // Известия АН КазССР. – Сер. обществ. наук. – 1969. – Вып. 2. – С. 85–87.

  2. Нохрина Т.И., Таймагамбетов Ж.К. Украшения из камня, кости и раковин из пещеры Караунгур (Южный Казахстан) // Актуальные проблемы Сибирской археологии. – Барнаул: Изд-во АлтГУ, 1996. – С. 42–44.

  3. Таймагамбетов Ж.К., Нохрина Т.И. Археологические комплексы пещеры Караунгур (Южный Казахстан). – Туркестан: Мирас, 1998. – 186 с.



4.Алатау мен Қаратау қауышқан жер. ҚАЗ ақпарат Алматы 2002ж.

5.Түлкібас – тұрақ тұғырым. «Тоғанай Т» Алматы 1998ж 176-бет

6.www.bilimdiler.ka\tarih





















Қосымша

























































Рисунок 8





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!