Материалдар / Ғылыми жоба "Қасиетті сандар сырын ашсақ"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Қасиетті сандар сырын ашсақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрімізді сол қалпында сақтап қалу басты міндетіміз. Айрықша айтылып, жиі қолданыста жүрген сандар жайлы ізденістердің нәтижесі әрқашанда жемісті болмақ. Халықтық қабылдаудың қалпына түскен жоғарыда айтылған сандардың қолданысы кез-келген шығарманың мәтіндік мазмұнына айналатынын байқауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
448
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы, Целиноград ауданыҚоянды орта мектебі











Қасиетті сандар сырын ашсақ







Бағыты: әдебиеттану Орындаған : Хабит Қарақат (Ақмола облысы,Целиноград ауданы, Қоянды орта мектебінің 5-қазақ сынып оқушысы ) Жетекші : Мырзахан А (Қоянды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі )









2017 жылы

Жұмыстың мазмұны

  • Жұмыстың түйіні
  • Кіріспе
А. Сандар туралы сыр шертсек
  • Негізгі бөлім
А. Қасиетті сандар туралы мәліметӘ. Қасиетті сандар сырына ашсақ
  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер




































Жұмыстың түйіні

Жұмыста қазақ халқының қасиетті сандары туралы мәлімет беріліп, ол халқымыздың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысы көрсетілген. Қазақ халқының қасиетті сандарын біле отырып, олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытып, өмірде қалай қолданатынымызға оқушының көзқарасымен өзінше талдау жасалған. Мысалы: 3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру,оқушының білімге құштарлықты оятады.Қасиетті сандардан мысалдар келтіріліп, талдаулар жасалған. Ауыз әдебиет үлгілері, көркем шығармалардан үзінділер алынып, қазақ халқының өмірімен тығыз байланыста қолданылатыны дәлелденген.





























Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату. 2. Қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігіндегі ерекше қасиеттері мен дарындылығының өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, халқымыз қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде қарағанын, ұрпақ тәрбиелеу жолында тиімді пайдаланғанын дәлелдеу. Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру.  Өзектілігі:Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өзгермейді. Бұл әр қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасеитті сандар сырына үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.  Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:- қасиетті сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;- маңыздылығын анықтау;- электронды нұсқасын әзірлеу.  Зерттеу жұмысының кезеңдері:І кезең. Теориялық кезең. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, интернет, әдебиет, газет-журналдардан қарау. ІІ кезең. Практикалық кезең. Мысалдар жинау, жазу, салыстыру. ІІІ кезең. Бекіту кезеңі. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, жұмысты дайындау.  Зерттеу әдістері:1. Тарихи - салыстырмалы талдау. 2. Зерттеу әдісі.3. Практикалық әдіс.  Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінде аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында қызықты грамматика ретінде қолдануға болады. КіріспеСандар туралы сыр шертсек«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», - деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар.  Қазақ халқы қасиетті нәрселерген үлкен мән берген. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сонымен бірге қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.  Қасиетті сандардың сырларын ашып, өмірмен байланыстыра қолданады. Жан- жағымызға қарасақ сандар тек қана тіл ғана емес, математика тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.  Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.  Сандардың қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғаныс тудыру, білімге, білуге деген құштарлықты оятадыҚазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз.Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде көптеген еңбектер жазылды. Мәселен, академик В. А. Гордлевскийдің «Түркі тіліндегі елу сан есімі» атты арнайы еңбегі бар. Автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізіне алды. Г. Н. Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі-монғол, славян, Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көп.Қазақ тілінде сандар әр түрлі қырынан зерттелген. Мәселен сандардың ішінен қасиетті сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І. Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың шығу төркінін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан қасиетті сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әр түрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілді: Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитханұлы, Г. Шаһарман, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаева, Базен Л. , Тенишев Э. Р. , Чернышев В. И. ,Умаров Э. А. , Уаңкі М. және т. б. 





























Негізгі бөлімҚасиетті сандар туралы мәлімет Сандар ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен. Қасиетті сандар” тақырыбы – бүгінгі жас ұрпақты қызықтыратын маңызды тақырыптардың бірі. Қазақ халқы тілге бай. Халқымыз әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Мысалы: Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың; бір түлкі жеті бөріні алдайды; алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді; жерден жеті қоян тапқандай қуанды т.б. 1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі.2 саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық. Екі санына қазақ халқының көзқарасы, міне, осындай болып келеді. Яғни жалғыз емес, «жұп» дегенді білдіреді. Мәселен тіліміздегі «егіз» сөзі осы екі сөзінің негізінде жасалған (түбірі – екі, -з көне түркілік көптік жалғауы).  Даостық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. Өсу мен дамудың белгісі. 3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Мысалы:Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақҮш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазықҮш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиетҮш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепатҮш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзҮш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәттіҮш қуат: ақыл, жүрек, тіл:Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл Енді осыларды таратып айтсақ:Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,Жағаңның қызылдығына қарайды.Берсең жағасың,Бермесең дауға қаласыңӨз жұртың – ағайын,Бар болсаң көре алмайдыЖоқ болсаң бөліп бере алмайды.Жақсы болсаң күндейді, Жаман болсаң жүндейді.Нағашы жұртың:Жақсылығыңа сүйінеді,Жамандығыңа күйінеді.Әрқашан тілеуіңді тілейді,Тілеуқорлық ниеті билейді.Үш із: бала, байлық, бақыт – білім.Үш ғайып: қона, несібе, ажал.Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жамнның арасыҮш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақҮш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулықҮш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,Ел қазынасы – көне сөз,Тіл қазынасы – ескі сөз.Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – бітуҮш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үміттіҮш қадірлі: ырыс, бақ, дәулетҮш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жарҮш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағыҮш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.Үш тоқтам:  Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.Үш тағылым:  мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесапат.Үш ғайып: ажал, қонақ, несібе. Қазақ ұғымында осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады деп сенген. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі.4 саны. 4 санының қадір-қасиеттері:Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол –мүлік, аяқ –табақ.Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли.Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа.Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил.Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран.Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,Ұрының пірі – жалтақ ата,Шебердің пірі – тепшен ата,Кәрінің пірі – кекшіл ата.Төрт тұлға: от, су, жел, жерТөрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстікТөрт маусым: көктем, жаз, күз, қысТөрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсанТөрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдеріТөрт түлік: Түйе пірі – ОйсылқараЖылқы пірі – Қамбар атаСиыр пірі – Зеңгі бабаҚой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек атаТөрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!