Материалдар / Ғылыми жоба "Қасиетті сандар сырын ашсақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Қасиетті сандар сырын ашсақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрімізді сол қалпында сақтап қалу басты міндетіміз. Айрықша айтылып, жиі қолданыста жүрген сандар жайлы ізденістердің нәтижесі әрқашанда жемісті болмақ. Халықтық қабылдаудың қалпына түскен жоғарыда айтылған сандардың қолданысы кез-келген шығарманың мәтіндік мазмұнына айналатынын байқауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
486
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы, Целиноград ауданы

Қоянды орта мектебі












Қасиетті сандар сырын ашсақ








Бағыты: әдебиеттану

Орындаған : Хабит Қарақат

(Ақмола облысы,Целиноград ауданы,

Қоянды орта мектебінің

5-қазақ сынып оқушысы )

Жетекші : Мырзахан А

(Қоянды орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі )











2017 жылы


Жұмыстың мазмұны



  1. Жұмыстың түйіні

  2. Кіріспе

А. Сандар туралы сыр шертсек

  1. Негізгі бөлім

А. Қасиетті сандар туралы мәлімет

Ә. Қасиетті сандар сырына ашсақ

  1. Қорытынды

  2. Қолданылған әдебиеттер




































Жұмыстың түйіні



Жұмыста қазақ халқының қасиетті сандары туралы мәлімет беріліп, ол халқымыздың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысы көрсетілген.

Қазақ халқының қасиетті сандарын біле отырып, олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытып, өмірде қалай қолданатынымызға оқушының көзқарасымен өзінше талдау жасалған. Мысалы: 3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру,оқушының білімге құштарлықты оятады.

Қасиетті сандардан мысалдар келтіріліп, талдаулар жасалған. Ауыз әдебиет үлгілері, көркем шығармалардан үзінділер алынып, қазақ халқының өмірімен тығыз байланыста қолданылатыны дәлелденген.































Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:

1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату. 
2. Қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігіндегі ерекше қасиеттері мен дарындылығының өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, халқымыз қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде қарағанын, ұрпақ тәрбиелеу жолында тиімді пайдаланғанын дәлелдеу. Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру. 
Өзектілігі:

Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өзгермейді. Бұл әр қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасеитті сандар сырына үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ. 
Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:
- қасиетті сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
- маңыздылығын анықтау;
- электронды нұсқасын әзірлеу. 
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І кезең. Теориялық кезең. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, интернет, әдебиет, газет-журналдардан қарау. 
ІІ кезең. Практикалық кезең. Мысалдар жинау, жазу, салыстыру. 
ІІІ кезең. Бекіту кезеңі. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, жұмысты дайындау. 
Зерттеу әдістері:
1. Тарихи - салыстырмалы талдау. 
2. Зерттеу әдісі.
3. Практикалық әдіс. 
Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:
Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінде аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында қызықты грамматика ретінде қолдануға болады. 


Кіріспе

Сандар туралы сыр шертсек

«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», - деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар.  

Қазақ халқы қасиетті нәрселерген үлкен мән берген. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сонымен бірге қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. 
Қасиетті сандардың сырларын ашып, өмірмен байланыстыра қолданады. Жан- жағымызға қарасақ сандар тек қана тіл ғана емес, математика тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. 
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған.
Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады. 
Сандардың қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғаныс тудыру, білімге, білуге деген құштарлықты оятады. 
Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз.

Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде көптеген еңбектер жазылды. Мәселен, академик В. А. Гордлевскийдің «Түркі тіліндегі елу сан есімі» атты арнайы еңбегі бар. Автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізіне алды. Г. Н. Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі-монғол, славян, Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көп.

Қазақ тілінде сандар әр түрлі қырынан зерттелген. Мәселен сандардың ішінен қасиетті сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І. Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың шығу төркінін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан қасиетті сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әр түрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілді: Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитханұлы, Г. Шаһарман, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаева, Базен Л. , Тенишев Э. Р. , Чернышев В. И. ,Умаров Э. А. , Уаңкі М. және т. б. 

































Негізгі бөлім

Қасиетті сандар туралы мәлімет
Сандар ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен.

Қасиетті сандар” тақырыбы – бүгінгі жас ұрпақты қызықтыратын маңызды тақырыптардың бірі. Қазақ халқы тілге бай. Халқымыз әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Мысалы: Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың; бір түлкі жеті бөріні алдайды; алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді; жерден жеті қоян тапқандай қуанды т.б. 
1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.
Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі.
2 саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық. Екі санына қазақ халқының көзқарасы, міне, осындай болып келеді. Яғни жалғыз емес, «жұп» дегенді білдіреді. Мәселен тіліміздегі «егіз» сөзі осы екі сөзінің негізінде жасалған (түбірі – екі, -з көне түркілік көптік жалғауы).  
Даостық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. Өсу мен дамудың белгісі.

3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Мысалы:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл

Енді осыларды таратып айтсақ:

Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,

Жағаңның қызылдығына қарайды.

Берсең жағасың,

Бермесең дауға қаласың

Өз жұртың – ағайын,

Бар болсаң көре алмайды

Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.

Жақсы болсаң күндейді,

Жаман болсаң жүндейді.

Нағашы жұртың:

Жақсылығыңа сүйінеді,

Жамандығыңа күйінеді.

Әрқашан тілеуіңді тілейді,

Тілеуқорлық ниеті билейді.

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім.

Үш ғайып: қона, несібе, ажал.

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жамнның арасы

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,

Ел қазынасы – көне сөз,

Тіл қазынасы – ескі сөз.

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар

Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам:  Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.
Үш тағылым:  мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесапат.
Үш ғайып: ажал, қонақ, несібе.
 
Қазақ ұғымында осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады деп сенген. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған.
 
Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі.
4 саны. 4 санының қадір-қасиеттері:

Төрт мүлік: бас –сандық, тіл –кілт, қол –мүлік, аяқ –табақ.

Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли.

Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа.

Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил.

Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран.

Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,

Ұрының пірі – жалтақ ата,

Шебердің пірі – тепшен ата,

Кәрінің пірі – кекшіл ата.

Төрт тұлға: от, су, жел, жер

Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс

Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан

Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері

Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара

Жылқы пірі – Қамбар ата

Сиыр пірі – Зеңгі баба

Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата

Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.

Төрт тұрман:
1. Ер тұрманы. 2. Мұкәммалы. 3. Жаужарағы. 4. Бес қаруы. 
Төрт пайғамбар тірі:
1.
Иса. 2. Ыдырыс. 3. Қыдыр. 4. Ілияс. Ыдырыс пен Иса 4-қат көкте, олар періштелермен бірге құлшылық жасайды. Қыдыр шөлдегендерге сусын береді. Ілияс су апатына ұшырағандарға қол ұшын береді. 
Төрт нәрсені Адам Атаны жаратқанда жібереді:
1. Өлім. 2. Ләпсі. 3. Ашу. 4. Нәпсі. 
Төрт асыл:
1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат. 
Төрт ұры:
1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік. 
Төрт дария:
1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) . 4. Сейхун (Сырдария). 
Төрт бейғамсыздық:
1. Өлімді ойлау. 2. Залым адаммен отырмау . 3. Онымен сөйлеспеу. 4. Аулақ жүру. 

5 саны. Бұл санға қатысты Абай атамыздың өлеңінде: 
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ,
Бес дұшпанды білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көңсеңіз», – дейді.
Сонымен қатар, бұл сан діни ұғымда бес уақыт намаз, бес парыз сияқты түсініктермен беріледі.

Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы.

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш

Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.

Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.

Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.

6 саны. 6 саны берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал

Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма

Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар:

  1. Бір-біріне сәлем беруге

  2. Шақырса баруға

  3. Кеңес сұраса ақыл қосуға

  4. Сұрағына жауап беруге

  5. Ауырып қалса көңіл сұрауға

  6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға


Алты асқар:
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл. 
Алты тоймайтын нәрселер:
1. Көз қараудан тоймайды. 2. Еркек әйелден ләззат алудан тоймайды. 3. От отынан тоймайды. 4. Ғалым ғылымнан тоймайды. 5. Бай малға тоймайды. 6. Адам өмірге тоймайды. 

7 саны. 

"Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.
Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.



7 саны өте киелі. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. 
Жетіқарақшы (лат. Ursa Major) – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Және оның шеткі екі жұлдызы (
α және β) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Түнгі күзеті көп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы түні бойы батпай Темірқазықты шыр айнала қозғалатын Жетіқарақшыны Жер тараптары мен түн мезгілдерін айыруда жиі пайдаланған.
Кемпірқосақ. Табиғаттың осы бір тамаша көрінісінің жеті түрлі паш етуі ерекше назар аудартады.  Қазақтар арасындағы ертеден келе жатқан аңыз бойынша, бұл құбылыстың кемпірқосақ болып аталуы, бір қора қойды араластыра байлаған кемпірдің қосағына байланысты» – деген аңызына қатысты.
Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы – әдіс-айласы, кездігі – сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны  «жеті ырыс» деп атауының да мәні осында жатыр.

Жеті санына қатысты Әз Тәукенің жеті жарғысы, жеті әулие, жеті ата, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті амал, жеті жетім, жеті құбылыс, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық деген ұғымдар бар.

Жеті күнді нақты білу арқылы өз істерін атқарған.

Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала

Қазақ халқы жеті атасын білуді маңызды деп санаған.

Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты

Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.
9 саны. Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздерін қолданған. Бұл сан – адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. Тоғыз саны өмірге адам әкеледі. Ол үш үштіктен құралған
Халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Көшпенділер тоғыз санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыз санының негізгі мағынасы – «ұзақ өмір». 

12 саны. Он екі саны да - халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты "он екі мүшең сау болсын", "он екіде бір нұсқасы жоқ", "он екі баулы өзбек" деген сөздер де айтылады.
40 саны. Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны - қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырықынан шығару" деген ырымы бар. Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты "Қырықтың  бірі - қыдыр" деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар "қырық" сөзімен байланысты.

1001 саны. «Мың бір» саны. «Бұл сандық діни мұраларда жиі кезігеді. Өзге жағдайда, халықтық шығармаларда, дәстүрлерде, сөйлеу тілінде сиректеу ұшырасады».
1001-дің екі түрлі қасиетті сипаты бар. Алғашқысы (1001) «Бірден» басталып, «Бірмен» аяқталуы. Яғни барлығын жаратушы Алла, бардың барар жері тағы да Алла.
Алламен басталады. Өйткені оның бар болуы Алланың арқасында. Екіншісі, жұптасу заңдылығы Егер дәл ортасынан бүктеп, беттестіргенде (10/01) нөл мен нөл, бір мен бір түйіседі.



































Қасиетті сандар сырын ашсақ

Қасиетті сандарды іздестіріп, зерттеу барысында көптеген ұғым, түсініктермен таныс болдым.

Осы сандарды зерттеу жұмысымнан мынадай тұжырымдар жасадым:
- бір, екі, үш, төрт, жеті сан атауларының символдық мәні ғаламдық модель туралы көне мифологиядан бастау алады;
- жеті, тоғыз, қырық сан атауларының символдық қасиеті магия өнерінің тууымен бірге қалыптасқан;
- сандар алғашында ерекше қолданылып, соның барысында, кейіннен сиқырлы сандар, киелі сандар, қасиетті сандар ретінде дамыған;
- сандық символдар жүйесінде қалыптасып, философиялық, логикалық, психологиялық т. б. негіздермен сабақтасқан;
- сандар жүйесінде қалыптасқан қазақ ескіліктерінің пайда болуы ұлттық танымға сай о бастағы сандарға тағылған ерекше қасиет пен жұмбақ ұғымдарға байланысты;
- қазақ тіліндегі бір, екі, үш, төрт, тоғыз, он екі, қырық сандары адамзаттық жалпы дүниетаным жүйесіне негізделген

Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы: 1 саны батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады. 2 саны сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән. 3 саны ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны. 4 саны жұмбақ сан. 5 саны тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны. 6 саны әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес. 7 саны әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді. 8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар. 9 саны қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан. Бұл келтірілген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір жағдайлармен дәлелденіп, анықталған. 
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойына сіңірген балалардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім. 
1- жұмыс. Оқу жылының алғашқы сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қасиетті сандары санаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті сандармен таныстырдым, түсінік бердім. Қасиетті сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді. 
2- жұмыс. Өзім оқитын сыныптан «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қортындысын көрсетпекпін. 
Қатысқан 6-қазақ сыныбы, барлығы 18 оқушы. 
Сауалнама:
1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?
а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен
б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4.
Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай қасиетті сандар
ды білесің?
Сауалнама
нәтижесі төмендегідей болды:

Қасиетті сандар туралы барлық оқушылардың хабары бар екен, бірақ ата-аналар қасиетті сандар туралы көп айта қоймайтын болып шықты. 
Балалардың білетін қасиетті сандары 7, 4, 3 сандары екен. Басқа қасиетті сандар туралы мәліметтерді білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді





























Қорытынды

Қорыта айтқанда, қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрі өз бойындағы ерекше қасиеттері таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген.

Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрімізді сол қалпында сақтап қалу басты міндетіміз. Айрықша айтылып, жиі қолданыста жүрген сандар жайлы ізденістердің нәтижесі әрқашанда жемісті болмақ. Халықтық қабылдаудың қалпына түскен жоғарыда айтылған сандардың қолданысы кез-келген шығарманың мәтіндік мазмұнына айналатынын байқауға болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!