Материалдар / Ғылыми жоба "Қазақ әйелдері сауатсыздықты жою жолында" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Қазақ әйелдері сауатсыздықты жою жолында" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар өз тәжірибелерінде қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мазмұны

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1.1. Қазақ әйелдері сауатсыздықты жою жолында

1.2. Нәзипа Құлжанова-қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист

1.3. Нәзипа Құлжанова – мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаушы

1.4. Нәзипа Құлжанованың еңбектерін зерделеу

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Қолданылған әдебиеттер


Shape1





























Shape2

Кіріспе


Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы (27.07.1887, Торғай – 1934) – ағартушы-педагог, этнограф, журналист-аудармашы. Қазіргі кезде сөздің қадірін, бағасын білетін тұлғалар – қаламы ұшқыр, ойы өткір журналистер. Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист – Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. Ол 1887 жылы 27 шілдеде Торғай қаласында дүниеге келген. Бұл уақытта қалада туылған қыздардың болашақ мүмкіндіктері ауыл өңірінде туып-өскен құрбылардың келешегіне қарағанда жақсы болған. Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебін, 1902 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясын бітірген. 1903-1904

жылы 15 жасында Торғайдағы қыздар училищесінде мұғалімнің көмекшісі болды. Одан кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітіріп, 1905-1920 жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында ұстаздық етті. 1913 жылы Орыс географтар қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болған тұңғыш әрі жалғыз қазақ әйелі еді. Кейін «Азамат серіктігі» ұйымына кірді. 1914 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай өміріне арналған, 1915 жылы Петроградтағы мұсылман ауруханасы мен қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кештер ұйымдастырды. «Қазақ әдебиеті», «Сарыарқа», «Алаш» газеттеріне әйел мәселелерін қоғамдық деңгейде арнайы көтеріп, мақалалар жазды. 1917 жылы Семей облыстық қазақ сыязына қатысып, оның төралқасы құрамына сайланды. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халкомының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның мүшесі болды. Құлжанова осы қызметте жүріп, қазақтың жаңа әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енді. 1922-1929 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарының редакцияларында жауапты қызметтер атқарды. 1923 жылы Орынбор қаласынан Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы жарық көрді. Бұл Қазақстан Оқу комиссариатының нұсқауымен арнайы басылған алғашқы туынды еді. Кітапқа Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазған. Еңбек: «Күллі жер жүзінде», «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?», «Мектепке дейінгі тәрбиенің Россиядағы түрі», «Бала бақшасы деген не?» деген тараулардан тұрады. Осындағы алғашқы тараудан автордың сол кезде ақ шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеуге ұмтылыс жасағанын айқын көреміз. Педагог Италия, Швейцария, Шотландия елдеріндегі балалар бақшасының тәжірибелерін үлгі етіп ұсынады. Құлжанова 1927 жылы Қызылорда қаласында «Ана мен бала тәрбиесі» әдістемелік кітабын баспадан шығарды. Автор бұл еңбегінде педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестер береді. Белгілі этнограф А.А. Затаевич Нәзипадан «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жазып алған. Публицист ретінде «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарына елдегі оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық мәселелеріне байланысты мақалалар жазып тұрды. А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С. Сейфуллин, т.б. ақындар Құлжановаға арнап өлең жазған. Нәзипа аударма саласында да елеулі жұмыстар атқарып, қазақ оқырмандарын В. Короленконың «Күн тұтылғанда» (1923), А. Куприннің «Лапылдап жанған крейслер» (1927), Б. Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928) сияқты шығармаларымен таныстырды. Арқалық қаласында бір көшеге ерлі-зайыпты Құлжановтар аты берілген. Арқалықта Құлжанова атындағы колледж жұмыс істейді. Семейлік жас ғалым Г.Кәріпжанова баспадан «Нәзипа Құлжанова - ағартушы, қайраткер» деген жинақ шығарды (2004).

Нәзипа Құлжанованың өмірі, оның түрлі саладағы еңбектері тәуелсіздік алғаннан кейін нақты зерттеліп, жазыла бастады. Осы 2000-жылдарға дейін Нәзипа Құлжанованың өмірін, шығармашылығын, мемлекеттік және қоғамдық деңгейде атқарған қызметтерін біршама зерделеген, әрі бірнеше мақалалар жазып насихаттаған кісінің бірі –арқалықтық, Ұлы Отан соғысыжәне Еңбек ардагері Мұратқали Камалов еді.

Мұратқали атаның 2013 жылы Астана қаласының «Елорда» баспасынан жарық көрген «Тегіңді таны, ұрпағым!» атты ғұмырнамалық аманат кітабында Құлжановтар туралы естеліктер деген бөлімі бар. Осы бөлімде қарт Мұратқали ата Құлжановтардың өздері өмір сүрген кезеңдегі еңбектеріне толық мәлімет берген.


    1. Қазақ әйелдері сауатсыздықты жою жолында.


Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-1718 ) 250 жылдай тәуелсiз ел болып, дербес өмiр сүрдi.

Бiрнеше ауыр қасiреттердi, жойқын соғыстарды басынан кешiрiп, тiптi жер бетiнен жойылып кете жаздады. 
Әр түрлі саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық дамуын тежедi. Көне ғасырлардан берi қалыптасып келе жатқан ғылым мен бiлiмнiң, тарих пен мәдениеттiң одан әрi дамуына қажеттi жағдайлар туғыза алмады. Қазақ халқының өзiндiк мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрi қалыптасты.

Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнiбек, Керей, Асанқайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қасым, Есiм, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды.

XV-XVII ғасырларда өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрiн, ой-арманы мен тiлек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткенi, жыраулар толғауларынан халықтың небiр нәзiк сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүйiнiшi, келер ұрпаққа айтар өнегелi өсиетi өзектi орын алған. Яғни, олар халықтың тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұлағатты ұстаздарының рөлiн атқарды. 
Қазақтың тәрбие мектебi — ақын-жазушылар мен билердiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-мәтелдерi, тыйым сөздерi мен ұлттық салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы десек артық болмайды.

Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде жас ұрпақ түгiлi, ересек адамдарға да үлкен әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, тәлiмдiк-тәрбиелiк, танымдық мектебiне айналды. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi. 
Бұл дәуiрде мал шаруашылығы, егiн шаруашылығы, ою-өрнек пен зергерлiк бұйымдар жасау, кiлем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ (керамика) жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты кәсiптер жедел дамып, еңбек және эстетикалық тәрбие берудiң негiзгi құралына айналды. 

1730 жылы Кiшi жүздiң ханы Әбiлхайыр өз билерiмен келiсе отырып, қазақ халқын сақтап қалу мақсатында, Ресей империясына бодан болуға мәжбүр болды.

Қазақ жерiне қоныстана бастаған орыстар шұрайлы егiстiк жерлердi, мал жайылымдарын заңсыз тартып алды, бағынбағандарды жазалады. Мектептер мен шiркеулер салынып, балаларды шоқындыру мен орыстандыру саясатын жүргiздi. Патшалы Ресей бай-сұлтандардың балаларына арнап орыс-қазақ мектептерiн ашты. Қазақ даласында бiлiмнiң дамуы мен қалыптасуына белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сiңiрдi.

Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлерi: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердiң, мәдениеттiң, философияның негiзiн салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай өлендерi мен қара сөздерi және Құрманғазының музыка өнерi жас ұрпақтарды жетiлдiрiп төрбиелеуде зор ықпалын тигiздi.

XX ғасырдың барысында империалистiк патшалы Ресейдегi саяси-әлеуметтiк жағдайлар шиеленiсе түстi.

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Хәлел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, т.б. қазақтың зиялы қауым өкiлдерi ұлттық сана-сезiм мен тәлiмдiк идеялардың көсемдерiне айналды. 
Қазан төңкерiсiне дейiн шыға бастаған “Дала уәлаяты” (1889-1902 ж.ж.), газетi “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетi (1911-1916 ж.ж.) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерi, мүмкiндiктерi, мәдениетi, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса маңызды ой-пiкiрлер жариялап отырды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары коммунистiк идеологияға негiзделдi. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдар орыс тiлiнiң аудармасы негiзiнде пайдаланылды. Қазақ тiлiнде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдiстемелiк нұсқаулар жазу назардан тыс қалды. 
Дегенмен, ұзақ ғасырлардан берi келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмiрдiң қажеттiлiгiне айналуына бағытталған туындылар:

М. Жұмабаевтың “Педагогика”, А. Байтұрсыновтың “Оқу құралы”, “Сауат ашқыш”, “Тiл құралы”, “Ж. Аймауытовтың “Тәрбиеге жетекшi”, “Психология” атты еңбектерi, С. Көбеевтiң, Н. Құлжанованың, М. Әуезовтiң, М. Дулатовтың, Қ. Жұмалиевтiң, Е. Смайыловтың, М. Ғабдуллиннiң,

Ә. Марғұланның шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезiм көзқарасын қалыптастырды. 
Педагогикалык ғылыми-әдiстемелiк “Қазақстан мектебi” журналы

(1925) шығарылып, онда мектеп мұғалiмдерi мен педагог ғалымдардың еңбектерi үнемi жарық көрiп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тiлiнде шығарылып, ғылыми терминдерi қалыптасты. 
Сөйтiп, педагогика, психология және әдiстеме ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Қазақ мектептерi, негiзiнен, ауылды жерлерде орналасқандықтан, оның материалдық-техникалық базасына көп мән берiлмедi. Мектептегi оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдiстемелiк нұсқаулар ұлттық тәлiм-тәрбиенiң ерекшелiктерiмен санаспаған, орыс тiлiнде жазылған еңбектердiң аудармалары арқылы жүзеге асырылды. 

Бұл қазақ әйелдері санасының бірте-бірте өсіп, сауатсыздығын жойып келе жатқандығын көрсететін фактілер еді. Қазақ әйелдері мәдени-ағарту мәселесіне белсене араласа бастады. «Жазды күні губернияда әйелдер бөлімінде оқыған 6 әйел ел арасына қызметке жіберілді. Ауылда болған қазақ әйелдерінің өткізген жиалыстарының саны -56; оған қатысқан қазақ әйелдері-1844; сауатсыздықты жоятын мектеп-2; хат танымайтын әйелдер үшін 5 мектеп ашылған.


    1. Нәзипа Құлжанова- қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист.


Қандай заман болса да, әр кезде қазақ халқы ақсақалдардың айтқан сөздеріне құлақ асқан. Мысалы, Абылай хан қалмақтардың тұтқынына түскенде Қазыбек би қонтайшы Қалдан-Сереннің бетіне тіке қарап, сөзін айтқан. Нәтижесінде Абылай ханды құтқарып алған. Қазіргі кезде сөздің қадірін, бағасын білетін тұлғалар – қаламы ұшқыр, ойы өткір журналистер. Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист–Нәзипа Құлжанова.

Нәзипа Құлжанова ХХ-ғасырдың бас кезінен бастап қазақтың білім саласының, қазақ журналистикасының, этнография ғылымының, сондай ақ, мәдениеті мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан қоғам қайраткері. Н.Құлжанова сонымен бірге Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы туралы 1917-жылы Семей қаласында өткен съезге қатысып, оның қызметтеріне белсене араласқан, Алаш орда партиясының Семей қаласындағы бөлімшесінің төралқа мүшесі болған Алаштың қайраткер қызы.

Ол 1887 жылы 27 шілдеде Нәзипа Құлжанова 1887 жылы А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды дарабоз тұлғаларды дүниеге әкелген Қостанай облысының топырағы киелі Торғай өңірінде дүниеге келген. Бұл уақытта қалада туылған қыздардың болашақ мүмкіндіктері ауыл өңірінде туып-өскен құрбылардың келешегіне қарағанда жақсы болған.

Үлкен талант иесі Нәзипа 1902 жылы Қостанай қаласындағы орыс-қазақ гимназиясын тәмамдап, 1903-1904 жж. оқытушылар семинариясында ұстаз еткен. 

Алдымен іргесін ұлы ағартушымыз Ы. Алтынсарин қалаған Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, кейін оқуын Қостанай қаласындағы қыздар гимназиясында жалғастырады. Оны 1902 жылы тәмамдап, Торғайда мұғалімнің көмекшісі болып істейді.
Кейін Орынбор мұғалімдер семинариясын бітіріп, ұлы Мұхаң (Әуезов) білім алған Семей мұғалімдер семинариясында 1905-1920 жылдары ұстаздық етеді.

Нәзипа Сегізбайқызы жастайынан бері ержүрек, жігерлі кісі болған. Әке-шешесі Нәзипаны бір жігітке атастырып, қалыңмалын алған. Қыз бой жетіп, осы жігітті сүймегендіктен, оған тұрмысқа шығудан бас тартты. Нәзипа қазақ даласының салты бойынша бұрын берілген қалыңмалын қайтаруға тиісті болған. Бірақ, қыз отбасының материалдық жағдайы төмен еді... Қиын жағдайдан шығу үшін облыстық әскери прокурордың көмегіне жүгінді. Осылайша, мәселе өзінің оңтайлы шешімін тапқан.  Нәзипа Сегізбайқызы жаны қалаған адамға тұрмысқа шыққан.

Жұбайы Нұрғали Құлжанов – осы заманның көрнекті ағартушыларының бірі. Ол да мұғалімдік қызметін атқарған. 1905 жылы жанұя Семей қаласына көшіп келген. Құлжановтардың Семейге келуінің себебі – Нәзипаның ата-анасының ескі әдетпен біреуге атастырып, қызы үшін қалыңмал алып қойғандығы жұрттың тіліне тиек болған.

Жолдасы екеуі осы кезде қазақтың салт дәстүрі, мәдениеті туралы Орыс географиялық қоғамының вестнигіне мақалаларын жиі жазып тұрған.

Осы еңбектері үшін 1913 жылы Нәзипа Құлжанова мен Нұрғали Құлжанов Орыс Географиялық «Азамат серіктестігі» қоғамына мүше болып қабылданған. Нәзипа Құлжанованың түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып, еңбегімен Семейде атағы шыққаны осы кез. Семейдегі оқыған қазақ жастарының Нәзипа Құлжановадан тәлім алып, оның маңына үйіріле бастағаны осы кез.

1910 жылы Ахмет Байтұрсыновтың «Абай Құнанбаев қазақтың бас ақыны» мақаласы  шыққаннан кейін, Абайды қазақ оқи бастаған уақыт еді.

А.Байтұрсынов 1910-жылдары жергілікті өкімет қудалап жүргенде Нәзипа қарындасына арнап жазған өлеңінде:

«Рахатсыз өтсе де өмір жасым,

Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.

Ұзақ жолға ниет қып бір шыққасын,

Жарым жолда қайтпаспын,қарындасым!...»

деп мұңын шаққаны бар еді.

Дарынды Нәзипа ұлы Абайдың шығармашылығын жақсы көрген. Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен танылған Нәзипа Семейде өзінің белсенділігін, қабілет-қарымын байқатып, 1914 жылы (ұлы Абайдың қайтқанына 10 жыл болған уақыт) мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін ұйымдастырып, өткізеді. Қазақ, орыс тілдерінде баяндама жасайды. Баяндамасын «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етеді.

Жастар Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін орындаған. Содан кейін Нәзипа Құлжанованың ұйымдастыруымен сол кездегі ең жас жазушы Мұхтар Әуезовтың «Еңілік Кебек» пьесасын сахналаған. Ондағы рөлдерді ойнауға М.Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Қ.Сәтпаев, және басқа да сол Семейдегі өнерпаз жастар қатысқан. Н.Құлжанованың үлкен энтуазизммен ұйымдастырған А.Құнанбаевқа арнаған осы мәдени шарасы осы күнге дейін аңыз болып айтылады.

Осы кезеңдерде Семейде даңқы шығып тұрған Н.Құлжановаға А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С.Сейфуллин өлең арнап жазған.

Сол кездері атағы шығып жүрген жас ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров Н.Құлжановаға арнаған өлеңінде:

«...Неше күнде қыдырсаң да таба алмайсың,

Семейде одан өтер адал жанын...» деген жолдар бар еді.

Ақын бұл өлеңінде Н.Құлжанованың адами тұлғасын бейнелегені көрініп тұр ғой. Сонымен қатар «Таныстыру» поэмасын Нәзипа Құлжановаға

арнаған:  «Ардақты бар Нәзипа деген ханым,  Газет, журнал жүзінде жұртқа

мәлім.  Оқыса сондай әйел шығар ед деп,  Оқығандар бағалар сөздің дәмін.  Неше күн қыдырсаң да таба алмассың,  Семейдің одан өтер адал жанын...», – деп Нәзипа Сегізбайқызыны сипаттаған. 

Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист. Ол сонау 1913-жылдан бері «Қазақ» газетіне әйелдер теңдігі және басқа да елдік мәселелерге мақаларды жиі жазып тұрған.

Бұл кезеңнен бері Нәзипа қоғам және саяси қайраткері ретінде танылды. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде журналистің көптеген мақалалары жарық көре бастады.

1917 жылы Семей облысындағы қазақ съезіне ат салысып, сол съезд төралқасының құрамына енген. Нәзипаның шығармашылығы қазақ совет әдебиетінің қалыптасу қезенімен (1917-1929жж.) тұспа-тұс келді.

Ол әдебиет пен өнер саласында көптеген зерттеулерін жазды: «Әдебиетке көзқарас», «Қазақ әдебиеті», «Шолпан ақын қызы», «Семей театры» және басқа. Сонымен бірге, Нәзипа көптеген мақаларында әйелдер үшін маңызды мәселелер туралы қалам тартты.

1.3.Нәзипа Құлжанова – мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаушы

Қостанай өңірінен шығып, есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы қыздарымыздың бірі – Нәзипа Құлжанова. Әкесінің аты бірде Сағызбай делінсе, кейбір басылымдарда Сегізбай болып жазылып жүр. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) делініп, қатар көрсетілген.
Н.Құлжанованың бастапқы мамандығы – мұғалім. Оның есімі педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этнограф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгілік қалды. Нәзипа Құлжанова кезінде Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамында болған.
Оқу комиссариатының арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Бұл еңбегі 1923 жылы жарық көрді. Аталған кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғысөз жазған екен.
Қайран Ахаңның қазіргі жаһандану заманы талабымен үндес осы бір сөзіне қайран қаласың. Неге десеңіз, құдіретті күш, ең басты құндылықтардың бірі саналатын – білімнің өзектілігі мәңгілік.
Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ескерткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген.
Н. Құлжанованың кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, тәрбие-шілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық ретінде ұсынылған. Ол 1927 жылы 5000 данамен Қызылорда қаласында басылып шыққан

    1. Нәзипа Құлжанованың еңбектерін зерделеу.


Н. Құлжанова қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі ретінде танымал болып, сонымен бірге есімі педагог, ғалым, аудармашы ретінде де қазақ халқының тарихында мәңгілікке қалды. Ол екі тілде бірдей жүйректігімен де көзге түскен. Оның орыс тіліне жетіктігінің арқасында Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ғабит Мүсіреповтың шығармалары орыс тіліне аударылды. Ал қазақ оқырмандары қазақ тіліне аударылған Лев Толстой, Максим Горький, Александр Куприн, Владимир

Короленконың әдеби туындыларымен танысты. Нәзипаның өтініші бойынша орыс композиторы Александр Затаевич «Қадыр зары», «Ғайни-ау, сәулем» әндеріне музыка жазды.  1920 жылы Н. Құлжанова Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының оқулықтар, кітаптар шығару бойынша арнайы комиссияның құрамында да жұмыс істеді. Сонымен бірге, Нәзипа қазақ әліппесін дайындаған маман ретінде белгілі.  1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі», «Айқап» журналдарында жұмыс істеп, «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында өз мақалаларын жариялаған.


1922 жылы Сәкен Сейфуллин Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы және «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы тағайындалды. Сейфуллин Нәзипаны аталмыш газетке жұмысқа шақырды. Қызмет барысында әріптестердің арасында беделі артып, Нәзипа Сегізбайқызы тез арада танымал авторлардың біріне айналды. 

Сонымен бірге педагогика саласында көптеген кітаптардың авторы: «Мектептегі дәстүрлі тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі», т.б. Қазіргі кезде де ғалымның еңбектері өзінің өзектілігінен айырған жоқ. Нәзипа Сегізбайқызы Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Молдағали Молдабаев, Аманғали Сегізбаев секілді әдебиет және қоғам қайраткерлерімен көп араласқан.

  1929 жылы Нәзипа апай үйде отырып жұмыс істеуге мәжбүр болды

Мұрағат мәліметтерінің дерегінше, Құлжанованың денсаулығы нашарлап кетеді. Бірақ ғалымның жағдайы жайында басқа пікір де бар. Яғни, Алашорданың қайраткерлерімен қарым-қатынас орнатып жүргендіктен, патша сақшыларының «назарына ілігеді». 1934 жылдың наурызында Нәзипа Құлжанова созылмалы аурудан көз жұмды.

Нәзипа Құлжанова кезінде Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамында болған. Оқу комиссариатының арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Бұл еңбегі 1923 жылы жарық көрді. Аталған кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғысөз жазған екен.
Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ес- керткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген.
Сондай-ақ, Н. Құлжанованың кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, тәрбие-шілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық ретінде ұсынылған. Ол 1927 жылы 5000 данамен Қызылорда қаласында басылып шыққан.

Өкінішке қарай, педагогика оқулықтарында ол туралы мәліметтер

«Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбектері мектепке дейінгі педагогиканың алтын қорына қосылды» және «Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қозғау салып, негізін қалауға қатысқан педагог – Н. Құлжанова (1887 - 1934)» деген бірер сөйлеммен шектелген.

Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Балапан» бағдарламасына бұл туындының тың серпіліс әкелері де сөзсіз.
Ғалым, профессор Тұрсынбек Кәкішев «Аумалы-төкпелі заманда ел ісіне араласқан Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Қаныш Сәтбаев, Сара Есова  сынды ер-азаматтардың айбынды толқындары қатарында Нәзипа Құлжанованы да атапты.

Биыл талантты қазақ қызы, қайраткер, педагог Н.Құлжанованың туғанына – 130 жыл. Осы айтулы күнге орай оның «Мектептен бұрынғы тәрбие» құралы қайта жарық көріп жатса, бұл кейінгі буынның асыл тұлғаға деген құрметі болар еді. Бұл істі Арқалық қаласындағы Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж әкімшілігі қолға алса, нұр үстіне нұр.


Қорытынды


Нәзипа Құлжанова Сағызбайқызы – ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі журналист-публицист. Көпке дейін Н.Құлжанованың аты аталмай, еңбегі толық зерттелмей келді. Торғай өңірінде туып, оқып, білім алған, кейін ерлі-зайыпты Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар Семейдегі оқытушылар семинариясында мұғалімдік қызметте жүріп, талай Алаш арыстарын қанаттандырды.
Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру аясында «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітабын жазды. Бұл арнайы тапсырыспен жазылған алғашқы авторлық туынды еді. Автордың бұл еңбегінде Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін әңгімелейді. Аталмыш кітапқа алғысөз жазған Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек». 
Н.С.Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылды.
Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен танылған Нәзипа Семейде өзінің белсенділігін, қабілет-қарымын байқатып, 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін өткізді. Қазақ, орыс тілдерінде жасаған баяндамасында «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етті.
Нәзипа Құлжанованың өмірі, оның түрлі саладағы еңбектері тәуелсіздік алғаннан кейін нақты зерттеліп, жазыла бастады. Осы 2000-жылдарға дейін Нәзипа Құлжанованың өмірін, шығармашылығын, мемлекеттік және қоғамдық деңгейде атқарған қызметтерін біршама зерделеген, әрі бірнеше мақалалар жазып насихаттаған кісінің бірі –арқалықтық, Ұлы Отан соғысыжәне Еңбек ардагері Мұратқали Камалов еді.

Мұратқали атаның 2013 жылы Астана қаласының «Елорда» баспасынан жарық көрген «Тегіңді таны, ұрпағым!» атты ғұмырнамалық аманат кітабында Құлжановтар туралы естеліктер деген бөлімі бар.

Мұратқали ата Н.Құлжанованың жақын туысы болатын. Әрі Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтың өмірін бүге- шігесіне дейін білетін адам еді.

Мұратқали ата қатарынан екі үш жыл қала әкіміне қайта- қайта кіріп жүріп, Арқалық қаласындағы Торғай гуманитарлық колледжіне Нәзипа

Құлжанованың есімін және Арқалаық қаласында бір көшеге Құлжановтар есімін алып бергізді. Сол училищенің өзінде Нәзипа Құлжанова мен Нұрғали Құлжановқа арналған шағын мұражай бар. Оған да біраз құжаттар жинап берген Мұратқали Камалов болатын.

Алашорда қозғалысының қайраткері, қазақтың тұңғыш журналисі, этнограф, аудармашы, ұлықты ұстазы Нәзипа Құлжанованың өмірі мен артында қалған мол мұрасы бүгінде жас ұрпаққа өнеге болып тұр.

Нәзипа Құлжановадай қазақтың қайсар, қайраткер қызы, оның ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жайлы жастарымыз білгені абзал.

Н. Құлжанованың өмірі мен қызметі, мұрасы тереңірек зерттеуді қажет етеді. Оның журналистік, аудармашылық қырын ашу келешектің еншісінде деген сенімдемін.


Қолданылған әдебиеттер:


1. М.Камалұлы «Тегіңді таны, ұрпағым!» Астана қ. 2013 жыл.

2. «Еңбекші Қазақ» газеті, 27.08.2012 жыл.

3. Н.Құлжанова «Халқыма деп іс қылдым» Алматы : Рауан, 1993. - 168 б.

4.Н.Құлжанова шығармалары: мақалалар, очерктер, педагогикалық ой-пайымдар, аудармалары Алматы : Ана тілі, 2014. - 384 б.

5.Л.Ахметова «Қарлығаш қаламдастар» Алматы : Қазақ университеті, 1993 жыл. 112 б.

6. Е.Тілешов Алаш қозғалысы энциклопедиялық анықтамалық Алматы : "Сардар", 2014 жыл. 528 б.

7. Қазақ энциклопедиясы Алматы : 2014 жыл Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы: б. 481.

8. Ғаламтор желілері.

-Нәзипа Құлжанова [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы

-Сүйінкина, П. Нәзипа Құлжанова – мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаушы

-Нұрланұлы, М. Нәзипа Құлжанова – қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист


6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!