Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Қой жүнінен жұмсақ ойыншықтар тоқу технологиясы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Республикасының білім және ғылым министірлігі
Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы
Айыртау ауданы
Бірлестік орта мектебі
Шайлан Саяжан,Ахмет
Мерей
5 сынып
оқушылары
«Қой жүнінен жұмсақ ойыншықтар тоқу
технологиясы»
Секция:
ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ
Жетекшісі: Хамитова Асемгул
Зейноллиновна
технология пәні
мұғалімі
Саумалкөл -2016
жыл
Мазмұны
Аннотация
І.
Кіріспе...................................................3
ІІ. Негізгі
бөлім.......................................
7
3.1.Теориялық бөлім
....................................................
7
3.1.1.Қазақ халқының жүннен түрлі бұйым тоқу
өнері жайлы жалпы мәлімет............................
7
3.2. Зерттеу
бөлімі.....................................................9
3.2.1.Тоқылған бұйымды күнделікті өмірде
пайдалану.....................................9
ІІІ. Қорытынды
.......................................................11
ІV. Пайдаланған
әдебиеттер.............................................12
Аңдатпа
Біздің ата-бабаларымыз ерте кезден табиғи
материалдарды күнделікті тұрмыста қолдануды білген. Шикізатты
экологиялық таза аймақтардан жинау, бүлдірмей сақтау, олардан
тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау ісін біздің ата-бабаларымыздан
артық білетін халық жоқ десек дұрыс
шығар.
Бұл зерттеу жұмысы қазақ ұлтының қолөнер
туындыларын насихаттаудың бір жолы ғана. Қазіргі заманда
қолданылатын әрбір бұйымдардан қазақ халқының ұлттық нақыштары
көрініс тапқаны дұрыс деп ойлаймын. Сол арқылы қазақ халқы басқа
халықтарға өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, олармен теңесе алады.
Осындай жұмыстар келешекте қолөнер саласында өзіндік қолтаңбасы бар
азаматтар тәрбиелеуге септігін тигізері
сөзсіз.
Абстаркт
Наши предкие с
давних времен умели использовать в быту природные материалы. Даже
можно сказать, что лучше них никто не знал, как собирать сырье с
экологически чистых мест, хранить их и сделать из них необходимые в
быту предметы. Эта
исследовательская работа является частицей пропоганды казахских
национальных ремесленных произведении. Будеть правильно, если в
современных изделиях будет присутствовать национальные стили.
Благодаря им казахский народ может показать себя достоино и быть
полноправным. В будущем такие работы помогуть воспитать поколение,
которые будут
показать себя в
ремесленном искусстве.
Abstrakt
Our grandparents knew, early time natural
materials applied in daily way of life. To collect raw materials
from the clear regions, to keep them, and to make necessary object
for our life our grandparents have known ancient
time.
I think that national styles people of Kazakh
found each objects, that are used on nowadays epoch, spectacle.
According to this way people of Kazakh specified on high level and
they can equal other people. In future industry of handicraft to
bring
up students and citizens.
Зерттеудің
өзектілігі.
ХХІ ғасыр - дамыған заман. Бірақ та ұлттық
өнерді үйрену, ата-кәсіппен айналысу бүгінгі күннің басты
мақсатының бірі. Ұлтымыздың шеберлігін қастерлеу, іскерлікке
дағдылану барлық адамның міндеті
қарастыру.
Зерттеу
әдістері:
1. Теориялық - танымал әдебиеттерге анализ
жасау (кітаптар, оқулықтарды қолдану) баяндау, салыстыру, зерттеу,
сараптау.
2. Эксперименттік бақылау (тоқылған жұмсақ
ойыншықты күнделікті өмірде қолдану арқылы қорытынды шығарып,
анализ жасау) әдістері
қолданылады.
Зерттеу
әдістері:
1. Теориялық - танымал әдебиеттерге анализ
жасау (кітаптар, оқулықтарды қолдану) баяндау, салыстыру, зерттеу,
сараптау.
2. Эксперименттік бақылау (тоқылған жұмсақ
ойыншықты күнделікті өмірде қолдану арқылы қорытынды шығарып,
анализ жасау) әдістері
қолданылады.
ІІ.Кіріспе .
Төрт түлік мал өсіріп, көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыз ежелден-ақ тері, жүн, мүйіз, сүйек, жылқы қылынан күнделікті тұрмысына қажетті небір әсем бұйымдарды жасап, пайдалана білген. Солардың ішінде қой, түйе жүндері мен ешкінің түбітінен өмірге келген заттар аз емес. Жүнді ұқсатуда жуу, қайнату, сабау, тұту, шүйкелеу, иіру, басу, бояу тәрізді жұмыстардың қыры-сырын терең меңгерген қолөнер шеберлерінің, ісмерлердің, әжелеріміз бен аталарымыздың іс-тәжірибесі кімді болсын таң-тамаша қалдырарлық жай. Ал олардың қолынан шыққан жүннен әзірленген баушу, арқан-жіп, киім-кешек, үй киіздері мен әртүрлі төсеніштер, қап, қоржын, шекпен, күпі, кілемдердің көркемдігі қандай керемет десеңізші.
Жүннің сапалық қасиеті
Қой, ешкі, түйе және тағы да басқа жануарлардың түрі — жүн жеңіл өнеркәсіпте құнды шикізат болып саналады. Қазақтың ұлттық қолөнерінде де жүн өте көп қолданылады. Жүн талшықтары жылуды сыртқа, ішке аз өткізеді, ылғал тартқыш және өте берік, оңайлықпен үзіліп, жыртылмайды да. Жүн жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, сан алуан тоқыма бұйымдар әзірлеу үшін өте қажет. Дүниежүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан, жіңішкелігіне, құрылымына қарай төрт түрге бөлінеді:
1. Биязы жүн. Талшығының жіңішкелігі 14,2—25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі, түсі ақ, шайыры мол. Одан жоғары сапалы мата тоқылады.
2. Биязылау жүн. Біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1—35 мкм. Трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқуға пайдаланылады.
3. Ұяң жүн. Құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар бар. Кілем тоқуға қажет.
4. Қылшық жүн. Құрамында қылшық әсіресе өлі қылшықтар көп. Киіз, киіз аяқ киімдерін т. б. жасауға оңды.
Жүннің қасиетіне жəне сипаттамалық белгілеріне байланысты оның қолданылуымен жүн бұйымдарын өңдеу кезінде белгіленуін жүннің түрі дейміз. Белгіленуіне байланысты жүн 5 түрге бөлінеді: табиғи, қылшықты, қырқылған, қырқылмаған, зауыттық. Жүн талшығының құрылымы мен негізгі қасиеттеріне келетін болсақ, жүн талшығы майда, микроскопиялық өлшемнен, əртүрлі формадағы тор көздерден, құрылымнан жəне қасиеттерден тұрады. Осы тор көздердің орналасуына байланысты жүн талшықтарында мынандай қабаттар болады: қабыршықты, қыртысты жəне өзекті. Қабыршықты жəне қыртысты қабаттар барлық талшықтарда болады, ал өзекті қабат тек кейбір талшықтарда ғана болады. Талшықтың қабыршақты қабаты, қылшықты бір қабатпен жауып тұратын əртүрлі формадағы қабыршық түріндегі жіңішке жазық мүйіз тəрізді тор көздерден тұрады.
Жүннің барлық қасиеттері – физика-механикалық, технологиялық жəне химиялық болып үшке бөлінеді. Технологиялық қасиеттеріне: жүннің шығымы, иіру қабілеттілігі, илеу қабілеттілігі жатады. Физика-механикалық қасиеттеріне: жіңішкелік, ұзындық, гигроскопиялық, беріктілігі, түсі, жылтырлығы жəне тығыздығы жатады [2].
Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, дұрыс азықтандырылып, жақсы бағып күтілуіне тығыз байланысты. Ангор, тағы да басқа ешкі тұқымының жүні биязылау, түйе жүні берік, сапасы жақсы. Сиыр, жылқы жүндерін киіз басуға, қоян жүнін жеңіл киім жасауға жаратады.
Жылдың әр мезгілінде жүннің қалыңдығы, сапасы әр түрлі күйге түседі. Соған сәйкес қойдың жүні мынандай бес түрге де топтасады: 1. Жабағы жүн. 2. Күзем жүн. 3. Қозы жүні. 4. Өлі жүн. 5. Шет-пұшпақ. Қойдың жабағы жүнінен: шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терлік жасалады, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігіледі. Қойдың жабағы жүнін түтіп жіберіп, матаның сыртына шығып кетпес үшін қылшықтарын бүрілтіп қайнатып алып, киімнің, көрпенің арасына салады, иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына тұтынады. Түтілген жабағы жүннен шүйке дайындалып, бау-шу есіледі, өрмен жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.
Киізді күзем, қозы жүнінен басады, мұнан текемет, қалпақ, кебенен, киіз етік, пима тәрізді киім-кешек жасалады. Күзем жүн мен қозы жүні иіруге жарамсыз, киімнің, көрпенің де арасына тартпайды. Ешкі жүні түбіт, қылшық болып екі түрге бөлінеді. Түбітті иіріп, бөкебай (шәлі), шалма (шарф), шұлық, қолғап сияқты жеңіл де жылы киімдерді тоқып алады. Түбітті ешкі түлеген кезде қылшығымен бірге қырқып алады да қылшықтайды. Ешкінің қылшығы да керексіз емес, арқан, жіп есуге жұмсалады.
Түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркемінің үстіндегі салалы қылшық жүндері — шудасы. Жамау-жасқаулық жіптер осы шудадан иіріледі. Бұрындары қазақтар тон, шалбарын, сабасы мен торсығын, көн ыдыстарын әлгі шудадан жасалған жіптермен тігетін-ді. Түйе шудасы тіпті арнаулы бау-шуларға да қосылып, есілді.
Шуда жіптер «шертер», «керуші» деп аталатын қазақтың ән-күй аспаптарына да шек есебінде тағылып келді. Жүн артып көлік ретінде пайдаланылатындықтан, түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады да, оны да жұрт жабағы деп атайды. Осы жабағының астынан өсетін үлпілдек жүннің атауы — «боздақ». Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптері иіріледі, онымен шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқты бұйымдарды тоқиды. Түйе жүнінен айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасалады, көген, бау-шу есіледі, көрпеге салынады, шапанға тартылады.
Жылқының жалы мен құйрығының атауы — «қыл». Көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге жұмсалады. Қоянның жүнінен жылы шарф (шалма), қолғап, шұлық, бөкебай тоқылады. Құстардың малығы жастыққа, құс төсекке салынады. Үкінің жүні — әсемдіктің белгісі әрі қасиетті. Үкінің балақ жүні — ұлпа, бауыр жүні — қара қасқа үкі деп атайды. Бұрындары қара қасқа үкіні ерлер қадайтын.
Жүндерді өңдеу тәсілдері
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының тіршілігінде зор мән-маңызға ие болғандықтан, оны ұқсатуды ата-бабаларымыз мұнан мыңдаған жылдарын бұрын біліп, қолданған. Жүнді өңдеу мынандай жұмыстардан тұрады: 1. Жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан тазартып жуу. 2. Жүнді дайындау стандартына сәйкес сұрыптау (сорттау). 3. Бояп әрлендіру. 4. Иіріп жіп алу немесе жүннен түрлі бұйымдар дайындау. Біз енді жүн өңдеудің басты-басты тәсілдеріне тоқталсақ.
Жүн сабау. Кезінде оған әйелдер мен бірге еркектер де қатысатын еді. Өйткені, ол көпке ортақ, маусымдық жұмыс болатын. Әрі ойын-сауықпен өтеді. Ең бірінші, сабайтын жүннің астына тулақ төселеді де, қатып-семіп тұрған терісі ұрғанда сынып кетпеу үшін үстінен аздап сүт бүркіліп, тулақ жұмсартылады.
Сабау алдын-ала бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан маусым, шілде айларында қабығын алып, кептіру арқылы дайындалады. Ұзындығы 1 метр 20 сантиметрдей болса, жарайды. Екі ұшын тегістеп, тұжыру қажет. Диаметрі 2 сантиметрдей, бас-аяғы бірдей болсын. Сабау әр адамда екі-екіден болады. Адамдар екі қолдан, кезекке-кезек тулақ үстіндегі жүнді сабайды. Киіз осы сабалған жүннен басылады.
Жүн жуу. Арқар-меринос қойдың жүнінде 30 пайызға дейін май мен шайыр болады. Одан арылту үшін міндетті түрде жүнді жуып, кептіру қажет. Және де жүннің арасында шаң, тозаң да, неше түрлі иістер де бар. Қазір жүн жуу арнаулы аппараттар арқылы жүзеге асырылады, жүн жуған кезде машинаның арнаулы ыдысына су құйылып, оған көмір қышқыл сода, калийлі сабын, аммиак қосылады да олар әбден араластырылып барып, оған жүн салады. Жүн жуғанда судың температурасы 55 градустан аспауға тиісті. Жүннің иісін кетіру көмір қышқыл газбен өңдеу арқылы жасалады.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының тіршілігінде зор мән-маңызға ие болғандықтан, оны ұқсатуды ата-бабаларымыз мұнан мыңдаған жылдарын бұрын біліп, қолданған. Жүнді өңдеу мынандай жұмыстардан тұрады: 1. Жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан тазартып жуу. 2. Жүнді дайындау стандартына сәйкес сұрыптау (сорттау). 3. Бояп әрлендіру. 4. Иіріп жіп алу немесе жүннен түрлі бұйымдар дайындау. Біз енді жүн өңдеудің басты-басты тәсілдеріне тоқталсақ.
Жүн сабау. Кезінде оған әйелдер мен бірге еркектер де қатысатын еді. Өйткені, ол көпке ортақ, маусымдық жұмыс болатын. Әрі ойын-сауықпен өтеді. Ең бірінші, сабайтын жүннің астына тулақ төселеді де, қатып-семіп тұрған терісі ұрғанда сынып кетпеу үшін үстінен аздап сүт бүркіліп, тулақ жұмсартылады.
Сабау алдын-ала бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан маусым, шілде айларында қабығын алып, кептіру арқылы дайындалады. Ұзындығы 1 метр 20 сантиметрдей болса, жарайды. Екі ұшын тегістеп, тұжыру қажет. Диаметрі 2 сантиметрдей, бас-аяғы бірдей болсын. Сабау әр адамда екі-екіден болады. Адамдар екі қолдан, кезекке-кезек тулақ үстіндегі жүнді сабайды. Киіз осы сабалған жүннен басылады.
Жүн жуу. Арқар-меринос қойдың жүнінде 30 пайызға дейін май мен шайыр болады. Одан арылту үшін міндетті түрде жүнді жуып, кептіру қажет. Және де жүннің арасында шаң, тозаң да, неше түрлі иістер де бар. Қазір жүн жуу арнаулы аппараттар арқылы жүзеге асырылады, жүн жуған кезде машинаның арнаулы ыдысына су құйылып, оған көмір қышқыл сода, калийлі сабын, аммиак қосылады да олар әбден араластырылып барып, оған жүн салады. Жүн жуғанда судың температурасы 55 градустан аспауға тиісті. Жүннің иісін кетіру көмір қышқыл газбен өңдеу арқылы жасалады.
Жүнді сұрыптау (сорттау). Бұл үдерісте жүннің сапасы анықталып, бағаланады. Қой жүнінің сорты таза жүнінің мөлшерімен сұрыпталады. Дайындау стандартында жүн қалыпты, шөпті, ақаулы болып бөлініп, жіктеледі. Шөп қалдықтары, ақау жүннің мөлшері 10 пайыздан аспаса — қалыпты жүн, одан асса — шөпті немесе тікенекті жүн деп аталады. Ажарсыз, түсі оңған, талшығы осал мұндай ақау 10 пайыздан артса, ол — ақау жүн.
Жүн иіру. Бұл — жүннен, әйтпесе ол араластырылған басқа да талшықтардан иіріп жіп алу. Оның екі жүйесі бар: 1. Тарақтап иіру — тәсіл, ол арқылы жіңішке әрі тегіс, биязы, беріктігі жоғары жіп алынады. 2. Аппаратпен иіру. Мұнда шикізат ретінде таза жүн, басқа талшықтармен араласқан жүн, тарақтан иіру қалдықтары, қылшық, әр түрлі химиялық талшықтар, мақта, т. б. пайдаланылады. Одан шұға, драп, техникалық мата, т. б. тоқылады.
Жүннен киіз басу
Қойды қырқар алдында олар арнайы орында, өзен, көлде бірнеше рет суға тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылады,
ІІІ. Негізгі
бөлім..
Зерттеу
бөлімі.
Тоқылған бұйымды күнделікті өмірде
пайдалану.Қой жүнінен
жасалған жұмсақ ойыншықтарды күнделікті
сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болатынын дәлелдейік.Ондағы
мақсатым жұмсақ ойыншықтоқу өнерін қазіргі заман талабына сай
өзгертіп, күнделікті тіршілікте қолдану. Сол арқылы ұлттық
қолөнерімізді басқа ұлттарға таныстыру. Осы ғылыми жобамен жұмыс
кезінде бірнеше ойыншық түрлерін тоқыдық. Бүгінгі күні ауылда әлі
де мал шаруашылығымен айналысатын адамдар көп. Олар сиыр сүтінен
түрлі ұлттық тағамдар дайындайды. Мысалы: қатық, құрт, ірімшік және
т.б. Бұларды кептіру үшін өрені әлі де
пайдаланады.
Қой жүні – қой терісінде өсетін түк, түбіт, қылшық. Қой жүнінен киіздің кейбір түрлері мен иірілген, жіптерінен киім тігіліп, кілем, бау-басқұр тоқылатын, арқан-жіп есілетін және тұрмыстық, шаруашылық бұйымдар жасалатын, қойдан қырқып алынатын ең маңызды өнім. Қойдан басқа да жүн, түбіт, қыл-қылшық беретін малдар болғанымен, олардан алынатын өнім қой жүнімен салыстырылғанда өте аз түседі. Төрт түліктен алынатын барлық жүн мөлшерін салыстыра қарағанда, бүкіл өнімнің 80-90 пайызын қойдан алады. Өндірілетін барлық жүн түрінің 10-15 пайызы ғана түйе, ешкі, жылқы түлігінің үлесіне тиеді. Мұның өзі қазақ жерінде көне замандардан бері қой өсірудің қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.
Қой жүні басқа мал түрлерінің жүнінен өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:
– қой жүні мейлінше мықты; оның мықтылығын өзінің жіңішкелігіндей сымтемірдің беріктігімен салыстыруға болады;
– жіңішкелігі дәл өзіндей заттардың бәрінен қой жүні жеңіл;
– қой жүні жылуды жақсы сақтайды;
– қой жүні созылғыш; қой жүнінен жасалған киімнің және т.б. бұйымдардың (тоқым, алаша, кілем, дорба) су мен дымқылдан иленбейтіні соған байланысты;
қой жүні бояуды жақсы сіңіреді, ұзақ уақыт бойы бояуын жоғалтпайды.
Қой жүні түліктің жас ерекшеліктеріне, қойдың дене мүшесіне (қой денесінің қай жеріне өскеніне), жыл маусымына, жүннің сапасы мен құрамына қарай ажыратылады.
Жас ерекшеліктеріне қарай қой жүні қозы жүні, саулық жүні, қошқар жүні, бойдақ қой жүні деп жіктеледі. Туғанына төрт ай толған қозының қырқылған жүні қозы жүні деп аталады. Қозы жүні үлпілдек, тарамды, ажарлы болғандықтан, қой жүнінен артық бағаланатын кездері болады. Қозының жүні ұзындығымен, талшықтарының жуандығымен, бұйрасының аздығымен де ерекшеленеді. Ал, жаңа туған қозы жүнін қарын жүн дейді. Ол қаракөл қой тұқымының елтірісінде (арнайы өсірілген қой тұқымынан туған қозының 2-3 күнде сойып алған кездегі үлпілдек, түрлі түсті, бұйра жүнді терісі) болады. Сонымен бірге қозының маусым айында алғаш рет қырқылған жүнін кей жерде қарын жүндеп атайды. Ал туғанына алты ай толған қозы жүні тоқты жүн, бір жастан асқан барлық қойлардың жүні қой жүні деп айтылады.
Жас саулықтың жүні сапасы жағынан кәрі саулық жүнінен артық болады. Сауылатын қой жүні өсімтал болмайды, жүні көпке дейін көтерілмейді. Олардан қырқылатын жүн сапасы саулықтардың күтіміне байланысты. Саулықтармен бірге қошқарлардың жүні де қырқылады. Оны қошқар жүні дейді. Қошқар жүні мықты әрі қалың болады. Қошқардан саулық қойға қарағанда жүн мол түседі.
Қысыр қалған немесе қозы тастаған саулықтар, тоқтылар мен тұсақ, ісектерден қырқылған жүнбойдақ қой жүні деп аталады. Бойдақ қой жүні саулықтың жүніндей емес, одан жуандау, қошқар жүнінен жіңішкелеу, саулық жүнінен екі есе мықты болады. Басқа қойларға қарағанда бойдақ қойлардан жүн екі еседей көп түседі.
Қой денесінде өскен жеріне қарай жүн бас жүн, жабын жүн, бауыр жүн, мойын жүн, пұшпақ жүн, тірсек жүн деп аталады. Қойдың сирақтарында, құйрығында, құрсағында өсетін қысқа, тықыр жүндерін – жабын жүн, басына өсетін қысқа жүнді – бас жүн, екі қапталына өскен жүнді – бауыр жүн,мойнына шыққан жүнді – мойын жүн, сандарына өскен жүнді – пұшпақ жүн, тірсегіне өскен жүндітірсек жүн деп атайды. Кейбір аймақта қойдың арқасына шыққан жүнді жондама, жондама жүндейді.
Көктемдегі жүнді – жабағы, күзгі жүнін күзем жүн деп бөледі. Жабағы жүн қойдың терімен, шайырымен ұйысып, тұтасып тұрады. Оның қылшығы аз, түбіті көбірек болады. Осындай белгісіне қарап бұндай жүнді ұрғашы жүн деп атау да кездеседі. Жабағы жүннің екінші атауы - өлі жүн.Көктемде қырқылған жабағы жүнді сапасына қарай сары жүн, тезек жүн деп атау да кездеседі. Өйткені өткен күзден бері қырқылмаған қой жүнінің арасында әртүрлі заттар болады. Оның ішінде малдың қордасы (көңі, қиы) мен шөп қалдықтары ұшырасады. Несеп сіңген сулы қорда жүннің түсін бұзып, сарғайтып жібереді. Ондай жүн сатпақталып, сабалақтанып тұрады. Оны жуғанда даоңайлықпен кетпейді.
Қой мен қозының күзде (қыркүйекте) қырқылатын жүні жыл маусымына орай күзем жүн деп аталған. Күзем жүннің жабағы жүнмен салыстырғанда түбіті аз, жүн талшықтары қысқалау болады. Осы ерекшелігіне қарап халық арасында оны еркек жүн деп те атаған. Ондай жүнді көбінесе киіз басуға қолданады. Күзге салым қой-қозы жүні қырқылатын мезгілдің ертеректегі халық тіліндегі аты – күзем айы. Ол кіші күзем, үлкен күзем болып бөлінеді. Кіші күзем – қозылардың төрт айлығында, үлкен күзем – қозылардың алты айлығында қырқылатын уақыты. Осы екі уақытта қырқылған жүн де кіші күзем (кейде оны қозы күзем дейді), үлкен күзем деп аталады. Үлкен күземді кейде тоқты күзем деп те атайды. Өйткені қырқым қозының тоқты шыққан уақытына тура келеді.
Қой жүні құрамына қарай түбіт, қылшық деп, қылшықтың өзі жай қылшық, аралық қылшық, өліқылшық, құрғақ қылшық, тікенек қылшық деген түрлерге бөлінеді. Жүн түбіт пен қылшықтан тұрады.Түбіт-ең жіңішке қылшық. Мұндай қылшық үнемі ширатылып тұрады. Қылшыққа қарағанда түбіт жұмсақ, биязы, созылмалы болады, ұлпаланып тұрады. Сондықтан, қазіргі кезде түбіт деп қой терісінің түбіндегі ең жұмсақ жүн деп түсінеді. Ол басқа талшықтарға қарағанда тығыз өседі, сондықтан жақсы кірігеді. Жүн түбітсіз болмайды. Барлық жүнде түбіт болады, бірақ оның мөлшері қой тұқымына байланысты аз не көп болуы мүмкін. Түбіті көп жүн сапалы деп есептеледі. Түбітке бояу жақсы сіңеді. Ең жақсы жүн маталар түбіттен тоқылады. Қылшықсыз жүнді биязы жүн дейді. Түбіттен әлдеқайда жуан әрі ұзын, бірақ бұйраланбай көбінесе тік өсетін жүннің талшығын қылшықдейді. Қылшық ірі жүнді қазақы қойларда көп болады. Будан қойлардың жүнінде әртүрлі мөлшерде өседі. Иірімділік, беріктік қасиеттері жағынан түбіттен әлдеқайда төмен болады.
Түбіт пен жай қылшықтың аралығындағы талшықты аралық қылшық дейді. Ол түбіттен жуан әрі ұзын, қылшықтан жіңішке, көбінесе қысқа болып шығады. Бұйралығы түбіттен төмен, қылшықтан жоғары болады. Кейбір қойларда жылына 35-40 см-ге дейін өсетін жүн талшығын өзекті қылшық деп атайды. Ірі қылшық түрлерінің бірі - өлі қылшық. Ол – жай қылшықтан жуандау және қысқарақ, морт сынғыш келетін ірі қылшық. Бұндай қылшық бұйраланбайды, тік өседі. Өлі қылшыққа бояу да сіңбейді. Осындай қылшығы көп жүннен жасалған киім тез қырқылады, қылшықтары да тез түсіп қалады, киіс бермейді. Өлі қылшық байырғы қазақы қойлар мен оңтүстік аймақта қолда өсірілген қисары қойларда (гиссар қойы) көп болады. Қой малының күтімсіздігінен, шайырының аздығынан немесе ауа райының әсерінен құрғап, сынғыш болатын жуан қылшықты құрғақ қылшық дейді. Қылшық ұш жағынан бастап құрғайды. Сапасы жағынан өлі қылшыққа жақын болады. Қойдың бас – сирақтарына өсетін, қырықтыққа ілінбейтін қысқа, тік қылшықты тікенек қылшық деп атайды. Ондай қылшық шаруашылықта қолданылмайды.
Сапасына қарай қой жүні биязы жүн, биязылау жүн, қылшықты жүн, ұяң жүн деп ажыратылады. Құрамында түбіттен басқа қылшық кездеспейтін, майда, жұмсақ жүн биязы жүн деп аталады. Биязы жүн биязы жүнді ақ қойлардан алынады. Осындай жұмсақ, биязы жүннен тоқылған мата ең сапалы кездемеге жатады. Себебі ақ жүнді бояудың қалаған түрімен бояуға болады. Қазақстан ғалымдарының ұзақ жылдар бойы сұрыптауының арқасында бұрынғы қара қой денесінің бас, сирақ, құйрық жүндері де биязы, түсі ақ қойға айналды.
Жүні біртекті және неғұрлым түбітті болып келетін немесе аралық қылшықты биязы жүннен немесе жуандығын көзбен ажырату қиын осындай талшықтардың қоспасынан тұратын жүнді биязылау жүндейді. Бұл жүн өзінің бұйралығымен, талшықтарының жіңішкелігімен, беріктігімен, өте ұзындығымен және әредік өңінің жылтырлығымен де ерекше назар аударады.
Түбіті көп, қылшығы аз және қылшығының өзі ірі емес, нәзік жүн түрі ұяң жүн деп аталады. Ұяң жүнді қойдың жүні түбіттен және аралық қылшықтан құралады; түбіті ірілеу (жуандау) келеді, аралық қылшығы нәзік (жіңішке) болады. Қылшық жүнді қойларды биязы және ұяң жүнді қошқармен будандастырудан туатын қойлардың бірқатары да жартылай жіңішке жүн береді. Қылшығы болса да, мұндай жүннің ұяң жүнге жататын себебі: бұл жүн бірқатар қасиеттері жағынан қылшық жүнді қой тұқымдарының жүнінен едәуір артық болып саналады. Қылшық жүнді қойдың жүнінен жартылай қылшықты жүннің айырмашылығы – бұл жүннің түбіті көп, қылшығы әрі аз, әрі нәзік келеді. Жалпы алғанда, негізгі қасиеттері жағынан жартылай қылшықты жүн сапасы жағынан одан едәуір төмен болып есептеледі. Қылшық жүнді қойды биязы жүнді қошқарлармен будандастырғанда туатын бірінші және екінші ұрпақтардың көпшілігі осындай ұяң жүн береді.
Қой шаруашылығын зерттеуші кейбір мамандардың түсіндіруі бойынша, әр текті жүн ұяң жүн деп аталады. Мұндай жүн қылшық жүнді қой саулықтары мен биязыжүнді қой қошқарларын шағылыстырудан туған тәжік пен сараджин тұқымының қойларынан алынады. Ұяң жүн түбіттен, аралық жүн мен айтарлықтай жіңішке қылшықтардан тұрады.
Түбітке қарағанда қылшығы басымдау болатын жүн түрі қылшықты жүн деп аталады. Қылшық жүннің құрамына жүннің барлық талшықтары кіреді. Қылшықты жүн құрамында қылшықтардың басым болуымен, оның үстіне өлі жүннен тұратындығымен ұяң жүннен ерекшеленіп тұрады. Сапасы жағынан биязы, ұяң жүндерден әлдеқайда төмен саналады. Бұндай жүн ортақол маталар тоқуға және киіз басуға қолданылады.
Қой жүнін сыртқы ортаның әсерінен қорғап, қалыпты жағдайда болуына, сапасының жақсы сақталуына оның шайыры көп әсер етеді. Шайыр – қой терісіндегі май және тері бездерінен бөлінетін шырын, тұтқыр зат. Май мен тер бездерінің шырындарының бір-бірімен араласуының нәтижесінде шайыр құралады. Шайыры бар жүннің арасына су өтпейді, лас заттар да кіріп кетпейді. Өйткені шайыр жүн талшықтарын ұйыстырып, шүйкелендіріп, жабыстырып тұрады. Жүннің шайыры ақ, бозғылт қоңыр, сарғылт, жасыл түсті болады. Ең жақсысы – ақ, сарғыш, бозғылт қоңыр шайыр. Бұндай шайырлар жауын суына ерімейді, ыстық сумен сабындап жуғанда ғана кетеді. Жуып, шайырын кетіріп кептіргенде, жүн қалыпты, табиғи түріне келеді.
Оңай ерімейтін шайыр түсі жұмыртқаның сарысына немесе тот басқан темір түсіне ұқсайды, кейде көгілжім тартып тұрады. Шайыры аз болса, жүн де құрғақ, солғын болады. Қолға ұстағанда ондай жүннің қаттылау екендігі байқалады. Ондай жүнді құрғақ жүн дейді. Қазақ шаруалары малдың қоңдануын, семіруін шайырмен байланыстырып, ондай қой туралы «мал шайырлады», «қой шайырлады» деп айтады. Шайырдың аз-көп болуы қой тұқымына, күтіміне байланысты. Шайыры ең көп қой – меринос қойы. Жергілікті халық тілінде шайырмен байланысты қалыптасқан шайырлы жүн(жақсы, сапалы жүн), шайырсыз жүн (сапасыз, құны төмен жүн) тәрізді атаулар қолданылады.
Халық арасында жүннің сапа-белгісіне, әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты бұлардан басқа көптеген атаулар кездеседі. Мәселен, қой жүнін, негізінде, қайшы тәрізді, қырықтық деп аталатын құралмен қырқып алады. Қой жүнін алудың осындай түрлеріне орай қалыптасқан жүн атаулары кездеседі: қой денесінен (терісінен) қырықтықпен қырқып алған жүнді – қырықпа жүн дейді. Кеңестік дәуірден бері механикалық әдіспен қырқылатын жүнді жоғары сұрыпты тұтас жүн және төмен сұрыпты жүн деп ажыратады. Тұтас жүн – қойдан тұтас қалпында қырқып алынған жүн. Төмен сұрыпты жүнге жұлма жүн (аздап ластанған, жіктеген кезде ұсақ жүні тұтас жүннен бөлініп шығатын жүн), пұшпақ жүн (қойдың аяқтарынан қырқып алатын қылшықты, ластаған жүн) тәрізді жүн топтары жатқызылады. Жүні көтерілген қойдың жүнін қырықпай, қолмен жұлып алған жүн жұлма жүн деп айтылады. Жұлма жүн сапасы жағынан қырықпа жүннен төмен болады дейді. Сойылған қойдың терісінен қырып немесе қайшымен түбінен қиып алған жүнді қырма жүн, иге салып жидіткен теріден алынған жүнді жидіме жүн деп айтады. Бұндай жүнді де жуып-тазалап, әртүрлі іске жаратады. Сонымен бірге қой жүнінің түрлері қырық жүн (нашар, кір жүн), үш уаққы жүн, өлі жүн, майдагүл(қаракөл елтірісінің жүні) деп аталады.
«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулар
б) Тоқылған ойыншықтар. Егер сіз тоқи алсаңыз, ойыншықтарды қиналмай жасауға болады. Ол үшін ши мен жіп қана қажет. Бұларды арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болады.
Қызметкерлер. Егер сіз тіге алмасаңыз немесе тоқи алмасаңыз, онда кәсіпорныңызға жұмысшылар жалдауға тура келеді. Ол үшін газетке немесе интернетке жарнама беру керек. Жұмысшылар тапсырыстарды үйінде орындап, дайын ойыншықтарды сізге әкеліп тұрады.
Өткізу нарығы. Тұрақты сұраныс жағдайында қолдан жұмсақ ойыншық жасау, мысалы, туристерге кәдесый ретінде, шынайы отбасылық бизнеске айналып кетуі әбден мүмкін. Дайын өнімдерді жеке дүкендерге немесе шағын балалар дүкеніне сатуға беруге болады.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
– мата – 2 000-3 500 теңге (матаға
байланысты ).
– фурнитура – 1 000-1 500 теңге.
– тігін машинасы (болмаса) – 14 000 теңге.
– қосымша материалдар, жіптер – 2 500-3 000 теңге.
– 1 ойыншыққа төлем– 1 500 теңге x 5 дана = 7 500 теңге
айына.
Барлығы: 29 500 теңге.
Табыс: 1 ойыншықты сату 3 500 – 6 000 теңге (аймаққа байланысты), күніне 4 ойыншық x 3 500 теңге x 24 жұмыс күні = айына 336 000 теңге.
Тоқудың шартты
белгілері:
1.• - тізбек
шалу
ВП
2.--- - қысқа
шалу ПС
3.┴ - жай
шалу СБН
4.┼ - бір бос жіп қосылған
шалу ССН
5.≠ - екі бос жіп қосылған
шалу
Негізгі шалулар
төмендегідей
1.Тізбек
(воздушная петля).Ілмек ұшына бір шалу
жасайды да, жіпті ілмекке орап,алғашқы шалудың ортасынан өткізіп
алады.Осылайша қайталана
береді.
2.Қысқаша
шалу(полу
столбик).
Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан артына
қарай өткізеді.Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі
шалудан өткізіп
алады.
3.Жай
шалу (столбик без
накида)
Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан кері
қарай өткізеді.Ілмекке жіпті орап, шалып алады да, содан соң жіпті
тағы орап оны ілмектегі екі шалудан
өткізеді.
4.Бір бос жіп қосылған
шалу (столбик с одним накидам).Бағанның биіктігін
көтеру үшін оны бір бос жіп қосып тоқу
керек.
5.Екі бос жіп қосылған шалу(столбик с двумя накидам). Бағанның биіктігін көтеру үшін оны екі бос жіп қосып тоқу керек.
ІІІ. Сарамандық
жұмыс.
Жұмыс барысында техниқа қауіпсіздік ережесін
еске салу.
Шартты белгілер бойынша тоқу әдістерін
үйрену.
Ілмек бізбен тізбек және айналдыра шеңбер
тоқу.
Қажетті
құрал-жабдықтар: сары қызыл және ақ түсті жіп 2 қара моншақ,
ілмек біз,қайшы,ине жіп
қажет.
Үкі тоқу технологиясы
Үкінің денесі
1.қатар. Шеңберге 6 жай шалу тоқимыз
2.қатар.көбейту.1 ілмекке 2 жай шалу тоқимыз (12 ілмек болады.)
3.қатар.1ЖШ көбейту(18 ілмек болады)
4.қатар.2ЖШ көбейту(24 ілмек болады)
5.қатар.3ЖШ көбейту(30 ілмек болады)
6-15 қатар (30 ілмекті тоқимыз)
16.қатар ішіне синтепон немесе жүн салып ЖШалу арқылы біріктіріп тоқимыз.
Көздері 2дана(ақ түс)
1.қатар.Шеңберге 9 ЖШ тоқимыз
2.қатар. Бір бос жіп қосылған шалу (18 ілмек болады)
Қанаты 2 дана
үлгі бойынша тоқимыз
1.қатар. Шеңберге 6 жай шалу тоқимыз
2.қатар. Бір бос жіп қосылған шалу(12 ілмек болады)
3. қатар.7 Бір бос жіп қосылған шалу, әрбір ілмеккекөбейту Екі бос жіп қосылған шалу(27 ілмек болады)
Тоқылған бұйымды қосамыз ең әуелі көздерін орналастырамыз сосын тұмсығын және қанаттарын тігеміз.Басының екі жақ бұрышына түрлі түсті жіптерден құлақтарын бекітеміз.
IV. Қорытынды
бөлім.
Қорытындылай келе жұмсақ ойыншық тоқу өнерін
заман талабына сай өзгертсе, тек киіз үйді ғана емес, қазіргі жаңа
үйлерді сәндеуге де болады екен. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді
шетелден келген туристерге жарнамаласақ, сувенир ретінде алады деп
ойлаймын. Сонымен қатар мектеп оқушыларын еңбекке баулу пәні
сабағында әсемдікке тәрбиелеп, оларға ұлттық тәрбие беруде,
ойыншықтар тоқу өнерінің атқаратын маңызының зор екендігі бәріне
белгілі. Мұнымен қоса әрбір мектепте қолөнер үйірмесін
ұйымдастырып, онда қазақтың жүннен түрлі бұйымдар тоқу өнері
технологиясын үйретсе, ұмытылып бара жатқан қолөнеріміз қайта
жаңғырары сөзсіз. Білім алып, тәжірибе жинаған оқушылар өз
білгендерін үйдегі бауырларына үйретеді. Өнердегі сабақтастық
дегеніміз осы.
Жүннен түрлі бұйымдар тоқу өнері кейінгі
ұрпаққа түпкі мәнін жоймай берілсе, болашаққа қосқан жарқын
үлесіміз болар еді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Ауелбеков Е. Қазақ қолөнерінің ерекше
түрі-ши тоқу өнері // Қазақстанның ғылыми әлемі, 2011, №3/37/.
192-195 б.
2. Ералы Е. Қазақтың қолөнері. Құрасбек
Тыныбеков // Алматы: Өнер, 2007.9-13
б.
3. Кенжеахметұлы С. Қазақтың дархан
дастарханы // Алматыкітап, 2007. 54-55
б.
4. Қалыбекова Ә. Оюлар ой толғайды //Дәстүр,
2013, № 5 (30). 40-45 бет.
5. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері //
Алматы,1995, 30 б.
6. Шымши // Дәстүр, 2013, № 6
(31). 27 бет.
7. «Асыл қазына» телебағдарламасы. Ши тоқу өнері» бейнежазба.
8. «Таңшолпан» бағдарламасы. «Ши тоқу өнері» бейнежазба. http://yandex.kz/video/search?filmId=Chq-KLGOUXI&text=ши%20тоқу.
9. Уикипедия
ашық энциклопедиясы. http://kk.wikipedia.org/wiki/Ши