Материалдар / Ғылыми жоба. "Қожа Ахмет Йасауи кесенесі" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба. "Қожа Ахмет Йасауи кесенесі" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге және оқушыларға көмек ретінде ұсынып отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
2993
25 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

КММ «№2 Новоишим орта мектебі»





Жоба жұмысы

Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің ұлылығы

(Ұлы даланың ұлылығын айтып, қазақы жаратылысымызды сақтауға, болашақты тариxымызбен сабақтастыру)

Бағыты: этномәдениеттану

Авторы: Сейлиханова Аңсар, -сынып оқушысы

Жетекшісі:

Абуова Эльмира Наурзбаевна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі







2020 жыл


Мазмұны


Аңдатпа.............................................................................................................. 2-3

Кіріспе ................................................................................................ ............... 4-5

I.тарау: Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің тарихтағы орны
1.1. Қожа Ахмет Йасауи туралы аңыз... ... ... ... ... ... ... ... ... .............6-7
1.2 Ұлағатты Ұлы ұстаз бола білген Арыстан баб... ... ... ... ... ........ ... 8
II.тарау: Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің тарихы
2.1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің тарихи маңызы мен сырлары.. 9-12
2.2. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің құрылымдық ерекшеліктері .. 12-15
2.3
Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жәдігерлері «Тайқазан»...... 15 -16
Сауалнама ...............................................................................................17 Сұхбат ....................................................................................................18. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...................19
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ............ ...20 Қосымша фото альбом ...... ....... ...... .......... ........ ........ ....... .........



















Аңдатпа

Зерттеу жұмыстың тақырыбы: «Қожа Ахмет Йасауи кесенесі»

Ұстанымым: “Ізденген жетер-мұратқа”

Тақырыпты таңдау себебім: Бүгінгі таңда мемлекет қазақ тарихын зерттеуге үлкен мән беруде. Елбасының өзі тарихи зерттеулердің, оның ішінде қазақ тарихының қалыптасу маңыздылығына аса кұрметпен қарап, өзінің сөйлеген сөздерінде үнемі айтып отыруда. Тарихымызда ойып орын алған киелі күмбезді Қожа Ахмет Йасауи кесенесін өз көзіммен көріп,ондағы кереметтерді тереңірек білу үшін зерттеу жұмысын жүргізіп және оларды өзгелермен бөлісуге бел будым.

Зерттеу нысаны : Қожа Ахмет Йасауи өмірі мен тарихы, ғалымның келешек ұрпаққа қалдырған мұрасы, оның болашаққа тигізер ықпалы, ұлттық тәрбиені дәріптеу, сақтау және насихаттау

Зерттеу мақсаты:

  • Қожа Ахмет Йасауи өмірі мен кесене тарихы туралы мәліметтерді жүйелеу

  • Қожа Ахмет Йасауи тарихы мен өнегесінің ықпалын зерделеу

  • Әр уақыттағы келешек ұрпақ үшін тарих өнегесінің құндылығын белгілеу .

Зерттеу міндеттері :

  • Дерек көздері мен әдеби материалдарды зерделеу

  • Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың ағартушылық қызметін және кесенесінің құрылысын зерделеу, талдау

  • Өткен ғасыр тәрбиесінің келешек ұрпаққа берер рухани маңыздылығын анықтау

Өзектілігі : Ұлы Қожа Ахмет Йасауиді тәрбиелеген Арыстан баб бейнесі арқылы ұр­пағын жаза басудан сақ­тан­дырып, қайта өнеге­сі­мен өрісін кеңейткен бабаларымыз бол­ғаны жайында, осы бабалар болашақ ұрпаққа аса құнды тарих болып қалғаны, рухани байлығымызды сақтау қалай және қaшaн құрылғaны турaлы білу мaңызды мәселе болып тaбылaды.

Зерттеу болжамы: Еліміздегі әрбір киелі нысандар келешек ұрпақ өнегесінің құндылығы болса, олардың тарихын, халық дәстүрлері мен әдеп-ғұрпын білуге, елінің, Отанының болашағын сақтап , қамқор болуға дайын жастар көбейеді .

Жаңашылдығы: Ұлы даланың жеті қыры, жаңа дәуір, жаңа көзқарас – киелі нысан тарихын ұлттық құндылықтармен байланыстыру

Зерттеу әдістері : әдебиетті зерделеу, саралау, «Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің тарихы» сауалнамасын өткізу, сұхбат , сипаттау және салыстыру .

Практикалық маңыздылығы : Қожа Ахмет Йасауи кесенесі бұл келешек ұрпаққа берер құнды асыл мұра,баға жетпес байлық, елдің аузына ілігер көшпелі түрік елінің түрінде Түркістан болып қалыптасуы ұлттық тарихымыздың маңыздылығын дәлелдейді.Түйін: Киелі кесене – ең алдымен тарихи құндылық,өшпес мұра, екінші – ұрпақтың ұлы данасы, үшінші – көшпенді өмірдің асыл қазынасы, ұлттың барар киелі ордасы, халықтың ақыл-ойы.

Жұмыс нәтижелері :

  1. Қазақстанның киелі жерлерінің бірі туралы «Қожа Ахмет Йасауи кесенесі» презентациясын жасау.

  2. Фото альбом: «Киелі күмбезді Түркістан «Қожа Ахмет Йасауи кесенесі», «Арыстан баб кесенесі»

  3. Жобаны, презентация мен қосымша суреттерді мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, кітапхана да танымдық мақсатында қолдана алады.









Кіріспе

Қазақ тарихы мен көшпелілер мәдениетінде киелі құнды кесенелердің орны ерекше. Сол киелі орындардың бірі Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. Ол Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан.

Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. Түркіста. Есім ханнан бастау алып,XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. ХІV ғасырда атақты Ақсақ Темір Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің іргетасын қалаған. Бұл қалада Қожа Ахмет Йасауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген.

Жаңашылдығы: Ұлы даланың жеті қыры, жаңа дәуір, жаңа көзқарас – киелі кесенің тарихын ұлттық тарихи мәдени құндылықтармен байланыстыру

Зерттеу барысында әдебиетті зерделеу, саралау,«Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің тарихы»сауалнамасын өткізу,сипаттау және салыстыру әдістері қолданылды.

Жұмыс нәтижелері : Қожа Ахмет Йасауи кесенесі бұл келешек ұрпаққа берер құнды асыл мұра,баға жетпес байлық,

Түйін: Киелі кесене – ең алдымен тарихи құндылық,өшпес мұра, екінші – ұрпақтың ұлы данасы, үшінші – көшпенді өмірдің асыл қазынасы, ұлттың барар киелі ордасы, халықтың ақыл-ойы.

  • Бұл жоба тарихимыздың бай құндылықтарын зерттеп,ашып – ұр­пақ­тан-ұр­паққа ұласып, ғасыр­дан-ғасырға жалғасатын тәрбие­нің тау­сылмас қайнар көзі екенін еске салады.

  • Қазақстанның киелі жерлерінің бірі туралы «Қожа Ахмет Йасауи»кесенесі туралы презентация.

  • Жобаны, презентацияны және қосымша суреттерді мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, кітапханашылар да танымдық мақсатында қолдана алады.

Жоба жұмысым кішкентай болса да, осы деректерге қосымша болсын деп тілеймін.



Қожа Ахмет Йасауи

Туған күні

шамамен 1093, кейбір деректерде 1103 жылы

Туған жері

Түркістан облысыСайрам ауданы

Қайтыс болған күні

1166

Қайтыс болған жері

Түркістан облысыТүркістан

Қызметі

Ақынпәлсапашы

Әкесі

Ибраһим

Анасы

Қарашаш




Зерттеу бөлімі

I.тарау: Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің тарихтағы орны

1.1. Қожа Ахмет Йасауи туралы аңыз

Бисмиллах деп баяндайын хикмет айтып

Тәліптерге дүр мен гауһар шаштым мен-а

Риязатты қатты тартып, қандар жұтып

Мен «дафтари сани сөзін» аштым мен-а

Сөзді айттым әркім болса дидар талап

Жанды жанға таластырып, рәкті (негіз) аулап

Қожа Ахмет Йасауи

Тарихта ойып орын алған,аңыз әңгімелерде айтылып жүрген ұлы ғұлама ақын Қожа Ахмет Йасауи туралы жыр шертем.

Аңыздарға сүйенсек, Мұхаммед Пайғамбар өз өлімінің алдында халықты жинап: «Ислам ілімін кім жалғастырады, кім менің аманатымды қабылдайды?» – деп сұрады. Пайғамбардың ісін, Арыстанбаб деген ақсақал жалғастыруға бел буды. Көптеген жылдар бойы Ислам дінін уағыздағаннан кейін, аманатты Ахмет есімді 11 жасар балаға тапсырған.

Қожа Ахмет Йасауи (1093 – 1166 ж.) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йасауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш. Бала Ахмет 17 жасында әке


шешесінен айырылып, жетім қалады. Осы кезден бастап араб, шағатай, парсы және түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастады. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Өз уағыздарында адамдарды адалдыққа, шыдамдылыққа және тақуалыққа шақырған. Оның шығармалары көпшілікке танымал болды. Орта Азия халықтары оларды жатқа білген. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды.

Қожа Ахмет Йасауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай, туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстамбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармада ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

Қожа Ахмет Йасауи 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген. Ж.Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді. Бір деректе Қожа Ахмет Йасауи 1166 жылы дүниеден өтіп, ұлы әулиеге арнап салынған кесенеге жерленді деп жазылған.Кейінірек Әмір Темір, ескірген кесененің орнына үлкен мемориалдық кешен салуға шешім қабылдады. Осы әрекетімен, билеуші өзінің күшін және мінсіз дәрежесін көрсеткісі келді.

1.2 Ұлағатты Ұлы ұстаз бола білген Арыстан баб

Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.
Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғасыр шамасында салынған. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35×12 метр, биіктігі 12 метр, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделген. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылған. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Йасауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Оны аңыздар бойынша Қожа.Ахмет Йасауидің ұстазы мен жол бастаушысы болып саналады. Арыстан баб XII ғасырда жерленген.

II.тарау: Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің тарихы

2.1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің тарихи маңызы мен сырлары

Талай-талай білімпаз асылдарды
Теңескенде келтірмей иығынан,
Ескерткіш тұр, қаншама ғасырларды
Ұзатып сап, күлімдеп миығынан.
Жалқау, қиқар түйедей тартыншақтап,
Жылжыды еміп сүтінен кемел жердің.
Ескерткіш түр ұлылық қалпын сақтап,
Даңқын сақтап данышпан шеберлердің.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесін әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Қожа Ахмет Йасауи (Әзірет Сұлтан) - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген ақыны. Оның зираты бірден мұсылман қауымының бас ұрып, тағзым ететін орнына айналды. Оған үш рет бару Меккеге барғанмен тең деп те жатады. Қожа Ахметтің арқасында Йасы қаласы – Түркістан – барша түркі елдерінің рухани орталығына айналды.Кесене бар болғаны он жыл ішінде – өте қысқа мерзімде бой көтерген! Бүгінгі таңда жақсы сақталған кіре беріс ғимараттағы жазбада «Бұл киелі орын Алланың сүйікті құлы, әмірші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған – Алла оның әмірін мәңгілік етсін!» деп жазылған. 1398 жылы Темірлан (Әмір Темір) Алтын Орда және оның ханы Тоқтамыспен шайқаста жеңіске жетті. Осы оқиғаның құрметіне ол дала жаһанының рухани және саяси орталығы, Ұлы Жібек жолының көне қалаларының бірі, қазақ хандарының астанасы Түркістандағы Йасауидің көнеріп кеткен кесенесінің орнына мемориалды кешен тұрғызбақ болады. Темірланның өзі болашақ кесененің жобасын құруға қатысып, әсіресе, ғимараттардың өлшем

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!