Материалдар / Ғылыми жоба «Құнанбай Өскенбайұлы: тарихи шындық пен әдеби образ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба «Құнанбай Өскенбайұлы: тарихи шындық пен әдеби образ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеңес уақытында бұрмаланып, өзінің әділ бағасын алмай кеткен тұлғалардың бірі - Құнанбай бейнесінің тарихтағы орнын зерделеу, Құнанбайдың «Абай жолы» романындағы бейнесі мен тарихтағы орнын салыстыра отырып, Құнанбай Өскенбайұлының адамгершілігі, ел билеудегі әділдігі, халық арасындағы беделін нақты мысалдармен ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
290
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











«Құнанбай Өскенбайұлы: тарихи шындық пен әдеби образ"
































Зерттеудің мақсаты:

Кеңес уақытында бұрмаланып, өзінің әділ бағасын алмай кеткен тұлғалардың бірі - Құнанбай бейнесінің тарихтағы орнын зерделеу, Құнанбайдың «Абай жолы» романындағы бейнесі мен тарихтағы орнын салыстыра отырып, Құнанбай Өскенбайұлының адамгершілігі, ел билеудегі әділдігі, халық арасындағы беделін нақты мысалдармен ашу.

Зерттеудің міндеттері:

  • Құнанбай Өскенбайұлына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысу;

  • Тарихи деректерді жинау;

  • «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесіне талдау жасау.


Зерттеудің болжамы:

Ел арасында «Абайдың шыққан биігі-Құнанбайдың иығы» деген сөз бар. Тарих бұрмаланып, Құнанбай ұрпақтарының қаншама азап шеккені бүгінде жария болып, өз бағасын алуда. «Абай жолы» романы арқылы Құнанбай халық санасына қатыгез адам болып сіңді. Тәуелсіздік алғаннан кейін шындыққа объективті қарауға мүмкіндік туды, тарихи деректердің беті ашыла бастады.

Құнанбай Өскенбайұлы туралы мәліметтер молайған сайын халық құрметі де зорая береді.


https://anatili.kazgazeta.kz/news/56295
























МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе бөлімі:

1. Абайдың шыққан ортасы, қайнар бұлағы.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Құнанбай Өскенбайұлы – ел бірлігі үшін күрескен, халық алдында беделі зор тарихи тұлға.

2. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай образы.

3. Тарихи тұлға мен әдебие образ арасындағы ұқсастық пен айырмашылық.

ІІІ Қорытынды бөлім
























М.Әуезовтің «Тегінде, Абай шығармаларының барлық қор, нәрі үлкен үш арнадан құралады. Бұның біріншісі, ең молы-қазақтың халық әдебиетінің мұра-тумалары, екіншісі-шығыс әдебиетінен келген және ең аз сезілетін белгілер. Үшіншісі-Абайды мәдениетті, үлкен аңғарлы зор ақын етіп көрсететін батыс әдебиетінің үлгі-өрнектері»,- деген құнды пікірді бүгінгі абайтанушылар темірқазық етіп келе жатқаны анық. Осы үшеуінің ең біріншісінің әлі де толық зерттелмей келе жатқанының бірнеше себептерін ғалымдар атап жүр. Шығыс әдебиетінің, соның ішінде халық ауыз әдебиетінің болашақ ақынға қалай әсер еткенін кезінде түбегейлі зерттеу мүмкін болмады. Ал түсінген адамға, сонша дәріптеліп келген орыс әдебиеті мен батыс әдебиетінен гөрі шығыс әдебиетінің әсері зор болғандығы анық сезіледі. Абай және шығыс тақырыбы сондықтан әлі де зерттелу үстінде деуге болады.

Ал қазақтың ауыз әдебиетінің әсерін М.Әуезовтің ерекше бөліп айтуының мәнісі зор еді, бірақ ол тақырып әлі де толық зерттелмегені жасырын емес. Оның бірнеше себептері бар, ең алдымен, кез келген тұлғаны зерттеу үшін оны қоршаған қоғамы мен айналасындағы адамдар, ата-тегі мен түп-тамырын қоса зерттеу керек екені анық. Ал Абай мұрасын зерттеуде кеңестік идеология оны ата-бабасынан, арғы тегінен бөліп тастауды мақсат тұтты, осындай қиянаттарға тап болды [1]. Кеңестік заман талабына сай ақынның:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,

Сөзінің бірі-жамау, бірі-құрау,-

деген сөздерінің байыбына барғызбай,туған халқының төл әдебиетіне қарсы қойып бақты.

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап,-

деп, адамдықты ту еткен жолдарын халық әдебиетіне деген жеккөрушілік сезіміне айналдырып, халыққа солай етіп көрсетті. Осылайша, Абайдың өз заманындағы ақындарына деген көзқарасын екі тармақпен шектеп қоюға тырысты.

С.Мұқановтың «Дарынды талант бола тұра, Абай не көктен түскен жоқ, не жерден шыққан жоқ, болмаса дара өскен адам емес[2]. Оның өмір сүріп, өскен, араласқан ортасы бар. Ол-осы ортаның жемісі»,- деген пікірі сонау алпысыншы жылдары айтылғанмен, Абайдың әдеби ортасы, оның ішінде ақынның өз тұсындағы әдеби ортасынан алған рухани азығы деген тақырыпқа әлі де аса көңіл бөлінбей келе жатқаны аян. Абай ортасы дегенде, ақынның рухани өміріне зәредей қатысы болған әр өнер иесінің ғана емес, ақынмен таныс болған әр адамның есімі қалыс қалмауы керек.

Абай өзінің алдындағы әдебиеттің бәрін бірдей сынға алып, жоққа шығарды деп ақынның өлеңге, ақындыққа берген бағасы іспетті «Өлең – сөздің патшасы, сөз-сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы-ол» сияқты өлеңдерін алға тартып, біржақты түсіну, дәл бүгінгі таңда басқаша пайымдауды қажет етеді.

Абай - өз заманының озық туған дана ақыны. Ал дананың өзіне де, өзгеге де, тіпті өткені мен болашағына да сын көзбен қарауы – заңды. Болмысқа көңілі толмау-данышпандықтың белгісі.

Абай сынын өзіне дейінгі поэзияны мүлдем жоққа шығару деп түсінбей, ақындық биік талғам, талап қою тұрғысынан ұғынуымыз керек. Кемеңгер ақын межені жоғары қойды, сондығымен қазақ поэзиясының сапасын бір демде биіктетті. Өзіне дейінгіні тек қана терістеді десек, ол дұрыс болмас. Алдындағы ақындардан ол үлгі алды, кемеліне жетті, одан соң әлем әдебиетінен сусындап, білімі толыққаннан кейін алға ұмтылуы- заңды құбылыс.

Көне түркі әдебиеті мен шығыс шайырларының жырларына Абай бала кезінен қанық. Ахмет Риза медресесінде оқыған кездегі білім іздеп, орыс әдебиетіне өз бетімен ден қоюы, одан соң батыс әдебиетіне ұмтылуы да осы кезеңнен басталады. Екі жақты білім жас ақынды жаңалық іздеуі, ізденімпаздыққа ұмтылдырды. Әрине, ендігіде Абай үшін бала кезінен қанығып өскен Дулат, Шортанбай өлеңдері тым жұпыны көрінері заңдылық қой. Ол үшін бұл ақындардың төл әдебиетіміздегі орнын жоққа шығаруға болмас. Керісінше, ақынның жаңа деңгейге көтерілуіне себеп болған алтын көпір деп бағалаған дұрыс болар. Сол кездегі заманының нар тұлғасы - әкесі Құнанбай маңайындағы барлық шешен, билер, әр рудың ақсақалдары мен аузы дуалы ділмарларының Абай тәрбиесінде ізі бар деуге болады.

М.Әуезов Абай поэзиясындағы шығыстық сипаттарды ақынның шәкірт кезінен өмірінің соңына дейін желідей созылып, арқау болғанын баса айтады. Абайдың олармен қарым-қатынасына тоқтала келе

Абайдың әдеби ортасы тақырыбы- абайтану ғылымының негізгі арналарының бірі, бірі болғанда, зерттелу жағынан әлі де толықтыруды тілейтін саласы деуге болады [3]. Абайтану мен Абайдың ортасы деген мәселелер тек бір-бірімен біте қайнасып жатқан дүниелер емес, Абайды тану, ең алдымен, осы әдеби ортаныңеншісінде екенін айту керек. Абай туралы естелік жазған, ақынға ән мен өлең арнаған, оның шығармаларын ел арасына насихаттаған, таратқан, онан соң кітап қылып шығарған Абайдың достары, ақын-шәкірттері, іні-бауырлары, балалары – бәрі жеке-жеке тақырып болуға лайықты.

Абай ортасы, оның айналасы туралы әңгіменің басын тұңғыш рет Абай шығармаларының зерттелуіне жол ашқан Ә.Бөкейхановтың мақаласынан байқауға болады . Ағартушы сөзді Абайдың нағашыларынан қозғайды, оның суырып салмалығы, сөзге шешен, қалжыңға шеберлігі қазақ даласында ерекше орны бар Қантай, Тонтайлардан тарағанын алға тартады, шешендік өнердің қанмен берілетіндігін тағы бір мәрте дәлелдейді[5].

Абайдың шыққан тегіне қатысты бағалы пікір айтқан ағартушылардың бірі- Әлихан Бөкейханов. Шәкәрім мұрасына алғаш баға беріп, оның кітап болып шығуына ат салысып қана қоймай, Шәкәрімнің Абайдың туыс інісі ғана емес, оның ізін басқан шәкірттерінің ішіндегі білімі терең, болашағынан зор үміт күттіретінін баса айтады. Соның айғағы ретінде Шәкәрімнің мақалаларын газетте жариялап, өлеңдеріне терең зерттеу жасайды, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы үндестікті сөз етеді.

Ә.Бөкейханов Кәкітай өмірден өткенде «Қазақ» газетіне көлемді мақала жариялайды, яғни бұл пікірдің ар жағынан Абайдың әдеби ортасы тақырыбы қылаң бергенін байқауға болады [5].

Абай ортасы, әулеті туралы сүбелі пікір білдірген алғашқы қазақ ғалымдарының бірі- С.Ғаббасов. Талантты қазақ оқымыстысы 1915 жылы жазған «Тарих қазақ жайынан» мақаласында Құнанбай, Абай, Шәкәрім жайынан сөз қозғап, өзіндік пікір білдіреді, оның өлеңдеріне, ақындық өнеріне жоғары баға береді.

Абайдың қазақ халқының арасындағы орны туралы алғашқы болып зерттеп, мақала жазғандардың бірі – М.Дулатұлы. 1914 жылы Абайдың дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай жазылған мақаласында автор «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына соншалықты жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар. «Бірінші ақынымыз» деп қабырын халқы жиі-жиі зират етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» деген сөздерінен ақынға деген зор құрмет пен туған халқының болашағына алаңдаушылық пен сол күндерді зарыға күткен арманын сезінеміз.

1913 жылы жарық көрген А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы әлі күнге дейін абайтану мәселесіндегі маңызды мақалалардың бірі болып табылады [6]. Автордың «Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болар еді» деуінің зор маңызы бар, себебі Абайдың осындай биікке көтерілуі - өз заманының, өз ортасының арқасы. Ақын бойындағы шеберлік, сыншылдық, білімділігін атай келе, ол Абайда осы үш қасиеттің үшеуі де болған дейді. «Абай осылармен қоса үлгі шығарып, өнеге жайғыш» болған дейді. Абайдың өлеңге қояр талабын, сыншылдығын, айта келе, «Өлең-сөздің патшасы, сөз-сарасы» деген өлеңінен нақты мысалдар келтіреді. Міне, сондықтан бұл мақала күні бүгінге дейін маңыздылығын жойған жоқ. Керісінше абайтанушыларға жол нұсқап отырады.

Қорыта келгенде, абайтану ғылымының зерттелу тарихының негізгі бағыттарының бірі - Абайдың әдеби ортасы туралы пікірлер сонау ХХ ғасырдың басында-ақ көрініс бере бастағанын көреміз. Ал осы тақырыпты ғылым ретінде қазақ әдебиетінің тарихында мәселе етіп көтерген М.Әуезов болып, Абайдың әдеби ортасын «ақынның өзі алған нәрлері», «өзгеге берген нәрі» деп үлкен екі салаға жіктеді. Бірінші сала – Абайдың өзгеден алған өнегесі, яғни өскен ортасы, әулеті, шыққан тегі, Абайды ақын ретінде қалыптастырған әдеби орта, бұл мәселені жазушы әйгілі роман-эпопеясында жан-жақты ашып көрсеткен. Осыдан кейін әдебиеттану ғылымына «Абайдың ақындық мектебі» ұғымын енгізіп, оны Қ.Мұхаметхановтың дамытқанын бәріміз білеміз. Бұл - Абайдың өзгеге берген нәрі, Абай мектебі, оның айналасындағы шәкірттер мұрасы Әуезов жетекшілігімен Қ.Мұхаметханұлының зерттеуінде жан-жақты ашылды.

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылып жатқан қомақты жұмыстар мен ірі іс-шаралар – халықтың Абайына деген ілтипатының бір бөлшегі. Жас ұрпаққа Абайды үлгі ете отырып, ұлттық идеологияның туы ретінде хакімнің әр сөзін қазақ халқының ұранына айналдыруымыз керек. Уақыт өтсе де, Абай есімі халқымен бірге жасарып, жаңғырып, жарқырай береді.

ІІ. М.О.Әуезов «Абай жолы» романында Құнанбай образын тарихи тұлға ретінде жан-жақты суреттеп, қыры-сыры мол шытырман да күрделі образ ретінде мүсіндеген. Құнанбай бейнесі романдағы шоқтығы биік, тағлымы мол, заманына лайық тұлға ретінде шынайы суреттелген. Оның Абайға жасаған әкелік борышы, қазақ үшін, бүкіл ұлтымыз үшін мақтан тұтарлық әке екендігі қазіргі күнде архив беттерінде сақталып қалған құжаттардан айқын көрінеді.Баланың қалай адам болып, азамат болып қалыптасуы әке тәрбиесіне тікелей байланысты екендігіне де осы Құнанбай бейнесі арқылы тағы бір мәрте көз жеткізе аламыз. Құнанбай Абайдың ғана емес, әр баласынығ, тіпті немерелерінің де жаастайынан бітім-болмысының жетілуіне көп мән берген, оларға бағыт-бағдар бере отырып, мінез-құлқының қалыптасуына, рухани танымының һсуіне жағдай жасап, ақыл-кеңес беріп отырған. Көп әйел алған Құнанбай балаларының татулығына, бауырмал болып өсуіне бағыт беріп, бір әйелден туған баланы екінші әйелдің бауырына салып, әйелдерінің де ауыл мен ағайын арасында беделді, абыройлы болуына мүмкіндік жасап отырған. Міне, біз біле бермейтін, тарих беттерінен тыс қалған көне деректер Құнанбай туралы осылай дейді.

Құнанбай образына қатысты тарихи шындық пен көркем шығармадағы типтік бейне жайында шындықтың бетін ашып, Құнанбайдың шынайы бейнесін ашуға Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан,Тұрсын Жұртбай көп еңбек сіңірген.

Кейіпкер Құнанбай мен тарихи тұлға Құнанбайдың өмірі, жеке басына қатысты оөиғалардың өзі өмір сүрген заманының тарихи шындығымен салыстыра талдау ұлы шығарманың түпкі көркемдік мақсатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

1933 жылы жарияланған «Абайдың туысы мен өмірі» атты зерттеуінде: «Біздің мақсат-осы қарастырылатын адамдардың барлығының өмірін бізден алыс заманда, бүгінгі өмірімізден бөлек күй, бөлек шарт, бөлек тарихи дәуірде бүгінгіден бөлек болғандығын анық көрсету. Сондықтан біздің міндетіміз-қаралау емес, бүгінде анығын айту».

«Қазақта екі Құнанбай бар. Бірі-өмірде болған, тарихи құжаттар мен естеліктерде айтылатын нағыз Құнанбай. Екіншісі - Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы образ Құнанбай. Осы екі Құнанбайдың екіншісін халық жақсы таниды да, біріншісін жұрттан естігені болмаса, онша біле бермейді. Біз сол Құнанбай туралы айтпақпыз...»,- деп Тұрсын Жұртбай «Құнанбай» еңбегінде.

Романдағы Құнанбай қандай? Құнанбай-азулы, қатыгез, алыс-жұлысқа, арпалысқа бейім, шоқпар мен сойылды ту етіп, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Жыртқыштығы сондай, арыстанның айбаты да, жолбарыстың қайраты да өзінде. Бүргені құтылмайды, құтылса тырнағы сонымен бірге кетеді, айналасындағы адамдарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын қулығы мен сұмдығына найза бойлатпайтын нағыз азулы жыртқыш.

Ал шынайы өмірдегі Құнанбай кім? Шәкәрімнің шөбересі Ахат Құдайбердіұлы «Құнанбай туралы» еңбегінде былай дейді: «Құнанбайдың туысын ел былай баяндайды:

-Қарлы боранда, қыста, ақпанның қақаған аязында қыран бүркіт жартасты шыңның заңғар басына, аяздың өтіне, тастың үстіне бір жұмыртқа бір жұмыртқа туып тастайды екен. Ол жұмыртқа туып тастайды екен. Ол жұмыртқа қатты аяздың өтіне, тастың үстіне бір жұмыртқа туып тастайды екен. Ол жұмыртқа қатты аязда шыдамай жарылып кетсе, анасы көріп, ол жарылған жұмыртқаны құздан төмен қарай атып жіберіп, келесі қыста және бір жұмыртқа туады екен. Сөйтіп, тек аяздан жарылмай қалған жұмыртқаны ғана басып шығарады екен. Ол балапан құстың құмайы болып шығады. Ата-анасы сол балапанды асырап, қанаттандырып, баулып жетілтеді екен. Құнанбайдың туысы сондай деседі. Және елдің айтысы: «Құнанбай ел тілегіне туды. Ол елі үшін еңбек ететін болады. Соның үшін жұрт болып тілеп, оны екі ажалдан, екі айдаудан алып қалады. Құнанбай ажал мен айдаудың қармағына ілінгенде халық болып құдайдан жалынып тілеп, көз жасымызды көлдей төгіп, оның жанын алып қалдық» деседі. Тағы өзінің: «Елімнің менде өтелмес қарызы бар. Мені екі өлім ажалынан, екі айдаудан алып қалған елімнің тілеуі» деген сөзі бар.

Поляк халқының көрнекті этнографы Адольф Янушкевич былай жазады: «Дала атақтыларының бірі Құнанбай бидің жасы Барақтан шамалы ғана үлкен. Қарапайым қазақтың баласы. Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес және жүйрік тіл берген. Іскер, өз аталастарының игілігі туралы қам жейді. Дала заңдары мен Құран қағидаларының баянды білгірі, қазақтарға қатысты Ресей заңдарын жатқа біледі. Қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Қарапайым Құнанбай әулетінің даңқына ғана бөленген. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, бай да әр қиырдағы ауылдардан келіп жатады»,-дейді.

Құнанбайдың ел қамын ойлайтын, ел намысын өз жеке басының намысынан да артық қоятын нағыз патриот болғандығының жарқын бейнесін шежіреші Бекен исабаев керемет жеткізген: «1822 жылы хандық жойылып, Ресей билігі аға сұлтандықты енгізген жиынға 50 жастағы Өскенбай өз орнына баласы 18 жасар Құнанбайды жібереді. «Аға сұлтан кім болуы керек?» деген мәселе көтерілгенде Құнанбай сөйлейді: «Келешек халықты басқаратын адам халықтың өсуіне, отырықшылануына, әлемдік қалыпқа ұмтылуына қамқоршы кісі болу керек. Осы уақытқа дейін төреден, хан тұқымынан сайлап келдік. Олар мектеп ашты ма? Қайсымыздың балаларымызды оқытты? Қандай үлгі көрсетті? Діни мектептер ашып, дінді үйретті ме? Сондықтан кім халыққа жаны ашыса, сол аға сұлтан болуы керек»,-дейді. Одан кейінгі оқиғаны Ахат Құдайбердіұлы кеңінен суреттеп береді: «Керейден барған Сарыбай би орнынан тұрып: -Ей, бала, әлі шашыңның дымы да кепкен жоқ. Жап-жас басыңмен үлкендерге, төре тұқымына қалай қарсы келесің? Ежелден бастық болып келген тұқым әлі де бастайды,-дейді. Сөйтіп бұл жолы Құнанбай дауыстан жеңіліп. Төреден аға сұлтан сайлайды.

Тобықты мен Керей жайлауы қатар. Құнанбай сайлаудан керей билерімен бірге қайтады. Ел жайлауы Шақпаққа жеткенде, керей билері бөлініп елдеріне қайтады. Олар кезең асқанда Құнанбай жолдасы Мырзақанға: «Сен Сарыбай биді шақырып келші»,-деп жіберіп, өзі тосып тұрып қалады. Мырзақан биді ертіп келеді. Құнанбай оған дейін шылбырын шешіп, бұғалықтап ыңғайланады. Өзіне қарсы жанасып тақай бергенде, шылбырды мойнына тастап жіберіп, биді аттан жұлып алып, тақымға салып сүйрей жөнеледі. Әудем жерге дейін сүйретіп барып тастап кетеді. Құнанбай Мырзақанды шақырып алып: - Анау өлген жоқ, есі ауып қалған шығар, атын апарып мінгізіп жібер,-дейді. Мырзақан атын алып келсе, демін алып, есін жиып отыр екен, атына мінгізеді. Би атына мінген соң Мырзақанмен еріп, Құнанбайдың артынан қуып жетіп, тымағын алып: «Не өлтіріп кет, не өкпеңді кешіп кет»,-деп жалынады. Сонда Құнанбай: -Сіз маған түк қылған жоқсыз, бірақ қазақтық қаныңыз, намысыңыз жоқ екен. Қазақтың қамын ойламай, төреге жағындыңыз, мен сіздің соныңызға өкпеледім. Өз кегім емес, қазақ кегін алдым. Жау болсаңыз жаулығыңызға, ел болсаңыз елдіңізге тұрамын,-дейді. Би: -Шын кешіп кет, мен жаңылдым, қателестім. Енді айтқан жерімнен шығамын, өмірлік дос боламын,-дейді. Құнанбай: -Қазақ аруағы кешсе, мен кештім,-дейді.

Осыдан бастап Құнанбайды жұрт тек өз елінің ғана емес, күллі қазақ халқының қамын ойлап, қазақ намысын жоқтайтын адамымыз деп ардақтайды. Кейбір адамгершілігі зор төре тұқымдары да Құнанбайдың даналығын, адалдығын мойындап, жақтады.

М.Әуезов 50 томдық шығармалар жинағында тағы бір жайды былай еске алады: «Құнанбайдың бұдан соңғы ел есінде қалған бір ісі-орыс ұлығының бұйрығы бойынша Кенесарыны қуғандығы. Тегі, Кенесарының Ұлытау, Кішітаудан көшіп, Ұлы жүзді бетке алып бара жатқан кезі, яки Балқаштың Қамал деген түбегіне қарай көшіп бара жатқан кездері бола ма, әйтеуір сол жүрісінің бірінде үкіметтің бұйрығы бойынша Құнанбай старшын күнінде Кенесарыны қуа шыққан орыс отрядымен бірге қазақтан кісі алып бірге қуысқан.

Қуған қол Кенесарының көшіне жетіпті. Көштің жанында Кенесарының өзі де болса керек. Олар бір топ кісі болып жиналып, бір араға келгенде Кенесары аттан түсіп намаз оқыпты. Сонда орыс бастықтары шабайық дегенде, Құнанбай «намаз уақытында шаппаймыз» деп шапқызбай қойыпты. Сол жолда Құнанбай қолымен келе жатқан қазақты жиып алып, Құрғылықтың ішінде кеңесіп, Кенесарыны ұстамауға , қас қылмауға келісіпті дейді. Кейін атыс болғанда Жуантаяқ Төбет деген батыр Кенесарының бір батырын қуып, найзаламақшы болыпты, соны Құнанбай сабатыпты дейді».

Жазушы, «Құнанбай қажы» кітабының авторы Бейбіт Саапаралы «Қазақта Құнанбайдай тұлға жалғыз!» деген мақаласында былай дейді: «Құнанбай тұлғасы бізге бұрмаланып жетті. Бұрмаланатын себебі-әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы. М.Әуезов Құнанбай қажының қандай адам болғанын, қазақтың тарихында қандай орын алғанын біздің барлығымыздан жақсы білді. Алайда социалистік реализм, кеңестік идеология ол кісіге анық айтып, жазуға мүмкіншілік бермеді. Сол себепті «Абай жолындағы» Құнанбай бейнесі-әдеби бейне»

Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметұлы: «Абай жолы» романы арқылы Құнанбайға жағымсыз кейіпкер ретінде қараймыз. Әуезов, әрине, Құнанбайды жағымсыз қылып көрсеткісі келмеді, бірақ олай жасамауға болмады. Социалистік реализм әдісі бойынша жазушыға қысым жасалды. Ал Әуезов соған бейімделді. Бірақ романда жағымсыз кейіпкер ретінде берілгеннің өзінде Құнанбайдың образы ой-пікірде болсын, басқа жағынан болсын, әлдеқайда биік жатыр. Сондықтан Әуезовті біз кінәламаймыз. Егер автордың осы айла-тәсілі болмаса, роман жарыққа шықпас еді.

«Абай жолындағы» Құнанбайды қанішер етіп көрсететін ең есте қаларлық оқиға – Қодар мен Қамқа оқиғасы. Әдебиетанушы, абайтанушы ғалым Т.Ибрагимов ол туралы былай дейді: «Қодар мен Қамқа оқиғасы, олардың арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, болған. Ш.Құдайбердіұлының «Қодардың өлімі» поэмасы-бұл оқиғаның айқын дәлелі. Құнанбайдың Қодар мен Қамқаға кескен жазасы оның өмірінде жасаған ең ірі әрі маңызды әрекеті. Тек оны кітапқа сол күйінде кіргізер болса, қазақ қор болып шықпай ма? Құнанбайдың кескен жазасы өте дұрыс, бірақ гуманизм дәуірінде 14-15 жастағы бозбала Абайға әкесінің бұл әрекеті керісінше әсер етті. Қодардың: «Ақ-қарамды айырмадың»-дегенінен Абай оған кесілген жазаны дәлелсіз деп түсініп, аяушылық танытады».

Құнанбайдың нағыз бейнесін М.Мырзахметұлының осы мақаладағы мына жолдары тіпті дәлелдей түседі: «Негізі, Абай романындағы ең ұлы кейіпкер-Абай емес, Құнанбай. АҚШ аудармашылары романды «Абай жолы» емес, «Құнанбай» деп аударды. Өйткені бас кейіпкер-Құнанбай. Даму барысында бірте-бірте Абайға көшеді. «Абай жолы» романы Абайдың өмірбаяны емес, Абайдың дәуірін, кезеңін көрсетеді. Ал сол уақыттың басында тұрған адам-Құнанбай. Американдықтардың «Құнанбай» деп аударуының себебі де осында».

Философия ғылымының докторы, профессор Ғарифолла Есім «Құнанбайды Құнанбай еткен қай қасиет?» деген мақаласында «Қазақ әдебиетінің классик жазушысы М.Әуезов өміріндегі Құнанбай мен «Абай жолындағы» Құнанбайдың арасын мейлінше жақын берген. Менің ойымша, М.Әуезовтей Құнанбай бейнесін бізге шынайы ұсынған бірде-бір жазушы ғана емес, ғалым жоқ...Құнанбайды Құнанбай еткен –өз болмысы. Ол тумысынан кемеңгер, ерекше болып туылған адамОдан кейін Өскенбайдай әкенің тәрбиесін алған. Оны Құнанбай дәрежесіне көтерген-қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени дүниетанымдық өмір сүру тәжірибесі, тұлғалары және замандастары».

Сөзіміздің соңын М.Мырзахметовтың мына сөздерімен аяқтағым келеді:

«Иә, кеңес үкіметінің қателіктері сұмдық көп. Бірақ сол кеңес заманында М.Әуезов Одақ бойынга ұлы шығарманы дүниеге алып келді. Сол арқылы өзгеге қазақ ұлтын таныстырды. Тобықтының Құнанбайы-нағыз қанішер. Бірақ Құнанбай тобықтыныкі ғана емес, барша қазақтыкі екенін ескерейік. Расында, қазақтың рухани көсемі, халқымыздың бүкіл рухани қазынасын дүниеге әкелген кім? Әрине, Абай. Ал Абайды тірілтіп, өмірін ұрпаққа өнеге еткен-Әуезов. Әуезовтей ешкім жаза алмайды, жазуы да мүмкін емес».

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.Шәкәрімұлы «Құнанбай туралы».

2. М.Әуезов. 50 томдық шығармалар жинағы.

3. Т.Жұртбай. «Құнанбай».

4. Б.Сапаралы. «Құнанбай қажы».

5. «Аңыз адам» журналы. №13 (121) шілде 2015ж.

6. З.Тайшыбай. «нағашым-Ер Қазыбек...» «Жас Алаш», №63 11 тамыз 2015ж.
























































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Б.А Ердембеков. Абайтану. Оқу құралы. - Өскемен. 2015.

  2. С.Мұқанов.Абайдың шәкірттері туралы// Абай,1992.

  3. М.Әуезов. Абайтану дәрістерінің дереккөздері. – Алматы: Санат,1997.

  4. З.Ахметов.Абайтану және ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. –Алматы, Ғылым, 2002.

  5. 700 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!