Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Құрма" 2 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы Хантағы ауылы
А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектеп
Тақырыбы: Құрма
Дайындаған : Қалдыбай Кәусар Алмазқызы
Сыныбы: 2 «Б»
Бағыты: жаратылыстану
Секциясы: адам денсаулығы
Жетекшісі : Сагиндикова Жулдуз Елеусінқызы
2016-2017 оқу жылы
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы
А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектептің 2 «Б» сынып оқушысы Қалдыбай Кәусардің «Құрма» атты зерттеу жұмысына
сын- пікір.
Теориялық бөлімінде оқушы
ақпараттар жинады.
Адам ағзасына құрманың қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек
те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле
бермейміз. Гипертонияға, гастрит аурулардан емделуге болатынын
анықтады.
Жұмыс мұқият тілмен рәсімделген, сауатты , жеңіл оқылады және
түсінікті. Онда қажетті көрнекті материалдар бар. Оқушы зерттеген
жұмысын біледі, ғылыми және практикалық мақсаттарды қойып оны
шешті.
Ғылыми болжаулар жасады. Тартылған майсызданған сүттен жасалған
айранмен, шәйнек ішіндегі қоспақты жұмсартып тазартады деген
жорамалдау шығарды. Жаңа шыққан қымбат тазартқыш ұнтақтардың орнына
экологиялық таза айранды қолданған жөн екенін шештік.
Ғылыми жұмыс барлық талаптарға сәйкес келеді.
Зерттеу жұмысы өте жақсы деңгейде орындалды. Зерттеу жұмысы кезінде
жас зерттеуші жауапкершілікпен өз жұмысын орындап , керекті
материалдарды түпкілікті меңгеріп , жақсы нәтижеге қол
жеткізді.
Аңдатпа
Бұл ғылыми жұмыста құрманың құрамы мен әртүрлі қасиеттері жан- жақты зерттеліп, қарастырылған.
Сводка
Это разные свойства и состав фиников в научной работе всесторонне изучены.
Annotation
It different properties and composition of dates in the advanced study are all-round studied.
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе …..............................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы.........................5
2. 2 Сан түрлі дерттің шипасы — құрма.............................................8
2. 3 Құрманың медициналық тұрғыдан пайдалары......................16
2. 4 Құран және құрма...........................................................................19
2. 5 Адам баласы мен құрма ағашының 7 ұқсастығы ...................27
2. 6 Құрманың дәнін үй жағдайында өсіру........................................30
ІІІ. Қорытынды ......................................................................................34
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................35
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі –құрманың құрамы мен емдік қасиеттерін анықтау,дәріптеу.
Зерттеудің мақсаты: Құрманың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Құрманы тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.
Міндеттері:
- Құрма өсімдігіне сипаттама жасау және оның тарихын танып-білу;
- Сан түрлі дерттің шипасы — құрма екенін анықтау;
- Құрманың медициналық тұрғыдан пайдаларын зерттеп білу;
- Құран және құрма арасындағы байланысты айқындау;
- Адам баласы мен құрма ағашының 7 ұқсастығын зерттеп білу;
- Практика жүзінде құрманы дәнінен үй жағдайында өсіру
Зерттеудің әдістері- сипатттама әдісі, талдау әдісі.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы
Құрма — тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы. Құрма ыстық климатты аймақтарда өсіріледі. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын елдерге: Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Құрма эбен тұқымдасына жататын туыс. Құрма туысына ағаштар және бұталы өсімдіктер жатады. Құрманың 500-ге тарта түрі бар. Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Кептірген жемісінде 52% қант, 48% глюкоза болады. Құрма тұқым күйінде және телу, ұластыру арқылы өсіріледі. Құрманы тұқымынан өсіргенде 5-7 жылда, ұластырылғандары 3-4 жылда жеміс береді. Ірі ағаштары жылына 250 кг-ға дейін өнім береді.
Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.
Ғылыми деректер құрманың шыққан жері ретінде Парсы шығанағын көрсетеді. Жеміс өсетін құрма пальмасы – Африка мен Азияның шөлді аймақтарында көптеп кездеседі. Жергілікті тұрғындар құрманы «оазис патшайымы», тіпті кейде «өмір ағашы» деп атайды екен.
Ал араб халқының құрманы осыдан 5-7 мың жыл бұрын жеуге жарамды жеміс ретінде танығандықтары туралы мәліметтер бар. Ертеде әрбір араб сарбазы құрма ұзаққа сақталатындықтан және адамды аштыққа шыдамды ететіндіктен, соғысқа аттанар алдында екі қапшық құрма алып шығатын болған деседі.
Ежелгі Египет қорымдарында құрма жемісінің суреттері жиі кездеседі. Кейбір қолжазбаларда Вавилонда құрмадан сірке суы мен шарап жасалғандығы да айтылады.
Бүгінде піскеніне, кепкеніне, көлеміне, пайдасына, дәміне, түр-түсіне қарай бөлгенде, құрманың 18-ге жуық түрі белгілі. Оның екі түрі кең тараған.
Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі, түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрлері бар. Пайғамбарымыз әсіресе Мәдинада өсетін «Ажуа» деп аталатын құрма сортын жақсы көрген. Тіпті «Ажуа құрмасы – жәннаттағы жемістердің бірі» (Тирмизи, Тыбб, 22) деген. Осы себепті ажуа құрмасы әлі күнге аса көп сұранысқа ие.
Әжуа құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Әжуа жәннат жемісі. Ол улануға қарсы». Бұны бүгін күніміздегі медицина ғылымы да дәлелдеп отыр. Тағы бір хадис шәрифте: «Кімде-кім аш қарынға күніге жеті әжуа құрмасын жесе, сол күні кешке дейін сиқыр мен уланудан құтылады, ал егер кешқұрым жеті әжуа құрмасын жесе таң атқанға дейін сиқыр мен уланудан құтылады», – деген (Муслим). Бірде саңлақ сахабалардың бірі Саъд бин Әбууаққас (р.а) Меккеде қатты науқастанып қалады. Пайғамбарымыз (с.а.у) хал-жағдайын сұрай барып: «Сен жүрек ауруына шалдығыпсың»,– деп, Харис есімді дәрігерді шақыруды бұйырып, оған әжуа құрмасының жетеуін сүйегімен бірге сүт немесе майға араластырып қою күйінде жегізуін әмір еткен (Әбу Дәуід). Осыдан кейін Саъд бин Әбууаққас (р.а) жазылған екен. Бұдан байқағанымыздай әжуа құрмасының жүрекке де ем екенін көруге болады.
Бәрани құрмасы. Хижри VIII жылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы аш адамды тойдырып, күш-қайратты арттырады, ауруды емдеп еш ауру туғызбайтын – бәрани деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, бәрани деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы бәрани түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл).
2. 2 Сан түрлі дерттің шипасы — құрма
Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады. Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр.
Құрма – Құран аяттарында көп кездесетін жеміс түрі. Иман келтіргендерге Жәннатта әзірленген небір дәмді- тәтті астардың ішінде құрма да айтылады. (Рахман сүресі, 68 аят). Алла Тағала Құранда ерекше мән берген бұл жемістің химиялық құрамын зерттеген кезде көптеген пайдалы заттар анықталды.
Құрманың құрамында А,В1, В2, Е, С, Р дәрумендері, натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат, қант, антиоксиданттар, органикалық қышқылдар, ақуыздар, көмірсулар бар.
Арабтар: «құрма жеңіз де, тісіңізді қорғаңыз» деп айтып жатады. Бұлай дейтіндері тегін емес, оның құрамындағы кальций мен темір тіс күтімі үшін аса қажет микроэлементтер екендігіне таласымыз жоқ.
Жеміс құрамындағы қанттар, әсіресе глюкоза, фруктоза және калий жүрек-тамыр жүйесін қамтамасыз етеді. Қан аздыққа да өте пайдалы. Жеміс бета-каротинге бай болғандықтан, көру қабілетін жақсартып, тыныс алу жүйесін қамтамасыз етеді.
Ол сергіткіш әсер беріп, жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Мамандар миға салмақ түсіретін, қарбаласта жұмыс істейтіндерге жемісті үзбей жеп тұруға кеңес береді. Ұмытшақ болсаңыз, құрмамен жолдас болыңыз.
Құрамындағы каротиннің көптігі теріге де пайдалы. Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.
Әдетте, құрма кепкен және жаңа піскен түрінде сатылады. Оны сатып аларда қатты кіржиіп кетпеген болуына назар аударыңыз (тым тегіс құрма да жақсы емес). Құрманы тоңазытқышта бір жыл бойы, ал мұздатқышта бес жыл уақытқа дейін сақтауға мүмкіндік бар.
Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру- сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр. Сондай-ақ Құран аяттары да біздің назарымызды құрманың адам баласына берер пайдасына аударуда. Мәриям сүресінен бір аят келтірер болсақ:
«Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: “Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді”, - деді. (Періште) оның астыңғы жағынан: “Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты” деп дабыстады. “Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі” (деген үн келді). Ал енді же де, іш. Көз айым бол!...» (Мәриям сүресі, 23-26 аяттар).
Толғақ сәті келген кезде Алла Тағала салихалы Мәриямға Иса Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) арқылы құрманың дәмін таттырды. Бұл Құрандағы әмір Иләһи даналықты меңзейді.
Құрманың құрамында үлкен мөлшерде қант бар екен, яғни 60-65 пайыз. Бұл барлық жемістермен салыстырғандағы ең үлкен көрсеткіш.
Дәрігерлер әйел адамдарға жүкілік кезінде және де босанатын күні үзбей осы жеміс шырынын ішуге кеңес береді. Себебі,бұл жеміс шырыны ағзасы әлсіреген анаға күш береді, сонымен қатар босанушы әйелдің ағзасында жаңа туылған нәрестеге өмірінің ең алғашқы сәтінен бастап өте қажетті ана сүтін құрайтын химиялық реакцияның жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ босану кезінде әйел адам көп қан жоғалтатындықтан қанының құрамында қанттың мөлшері төмендеп кетеді. Құрма ағзадағы қантты толтырушы болып табылғандықтан, қан қысымының төмендеуін болдырмайды. Бұл жемістің құндылығы өте жоғары болғандықтан әлсіздік басқан және де сырқаттан әлсіреген жандарға да өте пайдалы. Өткені құрма адамның күш-қуатын қалпына келтіреді.
Бұл анықталғандарың барлығы Алла Тағаланың салихалы Мәриямға не себепті бұл жемісті жеуге әмір еткендегі даналығын көрсетеді. Себебі құрма ана ағзасына күш береді және де нәрестенің жағыз ғана қорегі болар ана сүтінің түзілуін жүзеге асырады.
Есте болар жайт, құрманың құрамында ойдың жүйелі болуына және денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элемент бар. Бүгінде ғалымдар адам баласының тек құрма мен суды азық етіп, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын анықтап отыр. Ашығу (диетология) саласының беделді маманы, доктор В.Х. Доусон бір құрма мен бір стақан сүт адамның ағзасын бір күндік қажетті заттармен қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасаған.
Сонымен қатар, құрмада ағзаға тез сіңетін және де жылдам ыдыраушы қант шырыны бар. Ол ағзаның белсенділігін арттырып, жылу күшімен қамтамасыз етіп отырады. Құрмадағы қант шырыны ағзада қант құрамын мөлшерден асырушы кәдімгі қанттан, глюкозадан айырмашылығы көп. Қан құрамындағы қанттың көтерілуі бірнеше сырқаты бар жандар үшін өте қауіпті, соның ішінде қант диабеті кезінде. Қан құрамында қанттың көбеюі іш құрлысқа зиянын тигізеді. Ең бірінші бүйректің, көздің, жүрек бұлшық етінің жүйке талшықтарының қызметі бұзылады.
Қанттың көбеюі нәтижесінде көптеген аурулардың ауыр түрінің себебі және де көру қабілетінен айрылуға, мүшелердің жансыздануына, бүйрек ауруына және де қант диабетінің ауыр түріне апаруы мүмкін.
Құрмада көптеген дәрумендер мен минералды заттар бар. Олар жасұныққа (клетчатка), майға және ақуыздарға бай. Құрмада минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний, темір, күкірт, фосфор және хлор бар. Сонымен қатар, құрманың дәнінде А дәрумені, бетакаротин, B1, B2, B3 және B6 дәрумендері бар. Жүкті әйелдің ағзасына және жалпы адамның ағзасына құрмадағы дәрумендер мен минералды заттардың қалай әсер беретіндігіне бірнеше мысал келтіреміз:
- Құрма 50 пайыз қанттан құралған. Сондықтан да өте нәрлі. Ол ағзада тез таралады, қант шырыны жүйке жүйені тыныштандырады. Құрма мидың қызметіне өте пайдалы, себебі 2.2 пайызы ақуыздан тұрады. Сондай- ақ А, В1 және В2 дәрумендеріне бай. Ақуыздар ағзаны жұқпалы аурудан қорғаушы қызметін атқарады. А дәрумені көз бұлшық еттерін жақсартады, сүйек және тісті қатайтады. В1 дәрумені ақуыздарды, көмірсуларды және майларды жойып, ағзадағы жасушалардың жаңаруын қамтамасыз етеді.
- Құрманың нәрлілігі тұқымдағы адам ағзасына қажетті минералды заттардың құрамына байланысты. Мысалы, жүкті және бала емізетін әйелдерге ең қажеті зат – фолий қышқылы. Бұл қышқыл ағзадағы жаңа жасушаның түзілуіне қатысушы маңызды дәрумен. Амин қышқылы – жасуша жаңару кезіндегі ағзадағы түзуші жабдық болып табылады. Жүктілік кезінде бұл қышқылға деген қажеттілік екі есе артады. В9 жетіспеген кезде ағзадағы эритроциттердің мөлшері көбейеді, алайда олардың құрылымдық белсенділігі төмендейді де қан аздыққа апарады. Сондай-ақ, бұл қышқыл (фолиевая кислота) жасушаның бөлінуі кезінде және де жасушаның құрылуы кезінде әрі нәрестенің анасының жатырында дамуы кезінде ана ағзасы осы
2.3 Құрманың медициналық тұрғыдан пайдалары.
Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен:
Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.
Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;
B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;
Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;
Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
Жеңіл босануға септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесін тыңайтып, сергектігін арттырады.
Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;
Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;
Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;.
Жүйке жүйесінің шаршауын басады;
Израйлде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижеде алмаға қарағанда, құрмада витаминнің көптігі дәлелденген. Бұған қоса, Мехмет Алтанның «Шөлден жеткен шипалы құрма» атты құрманың қасиеттерін зерттеген еңбегінде құрма дәнінің де витаминге бай екендігі, сол себепті оны бір уақыт сорып жүргеннің адамға пайдалы екендігі жазылған. Сонымен қатар 6-7 құрманы бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұрған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігі білдірілген.
Құрма – қатерлі ісік (рак) ауруына қарсы заттарға бай
Әсіресе, құрманың магнийге өте бай болуы, оны барлық өзге пайдалы тағамдар мен жемістердің ең алдынғы қатарына шығарған. Магнийдің маңызды болуының мәні мынада: ол адам ағзасында аса қатерлі рак ауруының пайда болуына тосқауыл қояды. Осы себепті де құрманы тағам ретінде үнемі қолданушы аймақ тұрғындары мұндай аса қауіпті дерттің барын білмейді...
Құрманың құрамдас бөлігін 15-ке жуық тұз және минералды заттар: мыс, темір, магний, мырыш, марганец, фосфор, натрий, алюминий, кадмий, кобальт, күкірт, бор т.б. құрайды. Жемістің құрамында: алмада, бананда, апельсинде жоқ 23 аминқышқылдары бар. Құрамында: А, В1, В2, В3, В6, PP дәрумендері бар. Сондай-ақ, құрма құрамындағы пектин мен тағамдық талшықтар ішектің жиырылу қызметін күшейтіп, рак ауруларының алдын алады. Құрмада холестерин жоқ, ал оның құрамына кіретін фтор мен селен элементтері тістің саулығын нығайтып, жүрек-тамыр ауруларының алдын алады. Сонымен қатар, құрма бета-каротинге өте бай. Бетакаротин – адам ағзасының жасушаларына шабуыл жасаушы молекулаларды бақылау арқылы, қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына тосқауыл қоятын ерекшелікке ие зат... Барлық мақтау аса Дана АЛЛА Тағалаға болсын!
Құрма – ағзаны тазартады әрі шаштың түптерін бекітеді
Медициналық зерттеулердің нәтижесінде құрманың ағзаны, ағзадағы тастары еріту арқылы, тазартушы қасиетке ие екені анықталған. Тибет медицинасында, егер құрма сүйектерін қайнатып, сол қайнатпаны ішсе, қуық қалбыршағындағы және бүйректегі тастарды ерітетіндігі айтылады. Сондай-ақ, құрма сүйектерін жағып, кейін жағылған құрма сүйегінің күлін бас терісіне жақса, шаштың түсуін қойдырады дейді... Құрманың пайдалары.
Құрма:
-
Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.
-
Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
-
Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;
-
B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;
-
Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;
-
Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;
-
Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;
-
Жүйке жүйесінің шаршауын басады;
-
Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;
-
Ас қорытуға пайдалы;
-
Тойымдылық қасиеті өте жоғары. Зерттеуші Х.У.Дэусон бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтқан.
-
Жас құрманың бойында 60-65 пайыз (кепкен құрмада 75-80%) қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді.
-
Жеңіл босануға септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесін тыңайтып, сергектігін арттырады. Сүт гормондарын қозғау арқылы нәрестеге сүт көп шығуына оң ықпал жасайды. Аллаһ тағаланың хазірет Мәриямға құрма жеуге бұйрық беруінің астарындағы хикмет осы болса керек.
Израйлде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижеде алмаға қарағанда, құрмада дәруменнің көптігі дәлелденген. Бұған қоса, Мехмет Алтанның «Шөлден жеткен шипалы құрма» атты құрманың қасиеттерін зерттеген еңбегінде құрма дәнінің де дәруменге бай екендігі, сол себепті оны бір уақыт сорып жүргеннің адамға пайдалы екендігі жазылған. Сонымен қатар 6-7 құрманы бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұрған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігі білдірілген.
2.4 Құран және құрма
Құрма – қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. Хазірет Мәриям Исаға (а.с.) толғатып қатты қиналғанда, Аллаһ тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен. Бұл жайлы «Мәриям» сүресінде:
«Сөйтіп тұрғанда толғақ қысып, құрма ағашына барып сүйенуге итермеледі. «Қап, бұрын өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді» деді күйзеліп. Сол сәт (періште) төменнен былай деп дауыстады: «Жабырқама, Раббың асты жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкіле, үстіңе жас құрмалар түссін. Содан іш, же. Көз айым бол!»» делінген (23-26 аяттар).
Құрма ағашы құрылысы
Тағы бір аятта құрманың өсуінде құдіреттің белгілерін көруге болатындығы баяндалған:
«Көктен су түсірген де – Аллаһ. Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ, одан өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса жүзім, зәйтін, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген дәрістер бар»
(Әнғам сүресі, 99).
2.5 АДАМ БАЛАСЫ МЕН ҚҰРМА АҒАШЫНЫҢ 7 ҰҚСАСТЫҒЫ
Құрма ағашы ең көне ағаштардың біріне жатады. Араб тілінде құрма ағашына «Нахла» делінеді. Алла Тағала атамыз Адамды жаратқанда, ең әуелі топырақты елекке салып елеген. Еленген топырақтан Адамды жаратып, електің үстінде қалған топырақтан осы құрманы жаратқандығы айтылады. Електің үстінде қалған қоқымға «нахла» делінеді. Сондай-ақ, құрманың құрамы адам бойындағы барлық қажетті витаминдерге бай және денсаулыққа өте пайдалы екенін атап кеткен жөн. Байқағанымыздай, қазір де арабтар құрма ағашына «нахла» дейді. Демек адам мен құрма ағашының арасында тығыз қарым-қатынас пен ұқсастық бар.
Соларды атап өтсек:
-
Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл.
Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110
жыл.
-
Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді
-
Құрма ағаштары да адам секілді еркек-ұрғашы болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді еркектерінің жапырағы тік және қысқа болса, ұрғашыларынікі ұзын және төмен қарай жайылып өседі.
-
Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Еркегінің ұрығын алып, ұрғашысына салып, қолдан ұрықтандырылады екен.
-
Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол ұрғашы құрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады.
-
Адам басы секілді құрма ағашының да жоғарғы жағында «жумра» атты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Басқа ағаштардың жоғарғы жағын кесіп алып тастасаңыз, жанынан бұтағын жайып, өсіп кете береді. Ал құрма ағашы олай емес. Жұмрасын кесіп тастасыңыз, ағаш қурап кетеді. Яғни, өліп қалады.
7. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен.
-
Құрманың дәнін үй жағдайында өсіру
Өсімдіктің
дұрыс өсуіне қолайлы жағдай жасау арқылы
(ыдысы,
топырағы, қосымша қоректендіру тыңайтқыштары,
суару
жолдары) оның үйде өсіп – жетілуін бақылау.
Құрманың дәнінің үй жағдайында өсіру арқылы мынадай болжамдар
жасауға болады:
Құрма ағашын жылыжайда өсіріп, одан
өнім алған
жағдайда қала халқын жыл бойына құрмамен
(қызанақ
пен қияр сияқты) қамтамасыз ету.
«Құрма
ағашын өзімізде өсетін алма немесе алмұрт ағашымен
будандас-
тырған жағдайда оның ашық алаңда өсуі мүмкін
бе?»
деген сұраққа жауап алу.
Ғаламтордан құрма ағашы туралы мәліметтер жинақтадым.
Алған
мағлұматтарды жүйелеуарқылы құрманың дәнін үш ыдысқа
отырғыздым.
Зерттеу
жаңалығы : Құрманы өсіру кезінде оның үй жағдайында
өсетіні,
оған жұмсалатын шығын мен уақыттың аздығы,
бөлме
өсімдігі сияқты өсіруге қолайлылығы.
Зерттеу нәтижесі: Құрма ағашын кәдімгі бөлме өсімдігі сияқты
үй
жағдайында өсетінін білдім.
Бұл жоба әлі аяқталған жоқ. Зерттеу
жұмысымен айналысқаныма – 1 жыл. Осы тәжірибені жасай
отырып, мен өз ауламда құрма ағашын егудің ыңғайлы
жолын іздеп көрдім. Бұны ең алдымен құрманы үйде
егіп көріп,
үйренген соң аулаға шығаруды
жоспарлап отырмын. Сонымен қатар, өзіміздің
өлкеде жылыжайда өсіруге мүмкіндік бар ма немесе жоқ
па?» деген сұраққа жауап алғым
келеді.
ІІІ бөлімі: Қорытынды.
Қарапайым ғана құрманың қаншалықты пайдалы екенінен, біз әлі де толық хабардар емеспіз. Әрі оның орасан зор пайдасын бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Құрманың пайдасын, оны Адам баласына сый етіп берген АЛЛА Тағала ғана толық Білуші. Бүгінгі таңда ғалымдар, құрма – адам ағзасына қажетті барлық пайдалы заттардың шоғыры болғандықтан, «тек құрма мен су ішу арқылы ұзақ өмір сүруге болады» деген тоқтамға келген. Ал, мұның сырын, біз жоғарыда келтірген, «Күнкөрістерің не еді?» – делінген сұраққа Айша анамыздың (оған Алла разы болсын): «Екі қара: құрма және су еді», – деген жауабы айқындап тұр емес пе?...
Бір сөзбен айтқанда, түрлі витаминге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татқан сайын жомарттығы шексіз Жаратушы иемізді еске алып, шүкіршілік етейік...
ІҮ бөлімі: Пайдаланылған әдебиеттер
-
« Дәрілік шөптермен емделу»Қалқамбай. З. С [1] Астана 2003ж
-
« Үйде емделу»[2] 1, 2, 3, томдары
-
Балалар Энциклопедиясы, [3] 6 том.
-
Құрманың пайдалары.
-
Асыл арна.kz
-
Ғаламтор желісі.