Материалдар / Ғылыми жоба "Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қыздарына кереғар мінездерін талдау арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру" 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қыздарына кереғар мінездерін талдау арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еркін сөйлеуге, сыни ойлауға үйрету, шығармашылық пен жұмыстануға ықпал ету.Сөйлеу мәдениетін меңгерген тұлға ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру.Ана тілінде таза, еркін сөйлеуге төселгендігін таныта білу. Мәліметтерді ұстану мен рәсімдеу қабілеттерін қалыптастыру. Ғұмыр бойы өз білімін жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру. Шешімді түзу, танымдық іс-әрекеттің мақсатымен алынған нәтижені салыстыру , өзін-өзі бақылау қабілеттерін қалыптастыру Күтілетін нәтиже: Поэманың тақырыбын, негізгі идеясын, мазмұнын біледі, кейіпкерге талдау жасайды, қорытынды шығара алады. Өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізуге дағдыланып, сындарлы ой айта алады. Өзін және өзгені бағалайды. Заман талабына сай өз білімін өмірде қолдана біледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
312
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ

ЖҰМАБЕК ЕДІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ










Тақырыбы:«Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»

поэмасындағы Еңліктің қазақ қыздарына

кереғар мінездерін талдау арқылы қазақ

қызының ұлттық келбетін қалыптастыру»


Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ

дамуы бар саяхат маршруттары


Секциясы: әдебиет












Авторы: Әділбекова Ақжүніс

9-сынып оқушысы


Кеңесшісі: Сартбаева Д.

Қ.А.Ясауи ХҚТУ-нің ф.ғ.к., доцент


Жетекшесі: Ауезова М.

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі





Түркістан - 2017 жыл

Түркістан қаласындағы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының 9 -сынып оқушысы Әділбекова Ақжүністің «Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қыздарына кереғар мінездерін талдау арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру» тақырыбына жазылған ғылыми жобаға









Пікір


«Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қыздарына кереғар мінездерін талдау арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру» тақырыбында жазған

9 «Ә» сынып оқушысы Әділбекова Ақжүністің ғылыми жоба жұмысы Шәкәрім поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереағар мінездерін салыстырып, тілге тиек ете білген. Ақын шығармашылығындағы кейіпкер бейнесін ұлттық тәрбиемен байланыстырып, талдай білген. Ғылыми жоба жан-жақты зерттеліп, ізденіп жазылғаны айқын байқалады. Келешекте Ақжүністің ғылыми жобасы қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлер бейнесін талдап, зерттеуге үлкен жол ашып, мүмкіндік туғызады деп сенеміз.










Мектеп директоры: Д.Құдайбергенов

Директордың бейіндік

оқыту жөніндегі орынбасары: Р.Әділбекова

Ғылыми жетекші: М.Ауезова








Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия

Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қыздарына кереғар мінездерін талдау арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру.


Орындаған: Әділбекова Ақжүніс

9 сынып оқушысы


Секциясы : Әдебиет

Жетекшісі: Ауезова Майра

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


Ғылыми-жетекшісі: Сартбаева Д.

Филология ғылымының кандидаты, доцент

Мазмұны

Аннотация

I. Кіріспе

Зерттеу бөлімі:

I-тарау.

I. Шәкәрім – Абайдан кейінгі ірі тұлға.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі,шығармашылығы туралы деректер.

II. Поэма туралы түсінік.

II-тарау.

Еңлік мінездерін жыр шумақтарынан мысал келтіре отырып дәлелдеу.3.Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыру.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Ғылыми-ізденіс жұмысының күнделігі














Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қыздарына кереғар мінездерін талдау арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру.








Аңдатпа

Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің кереғар мінездерін талдауда поэма мазмұнын негізге ала отырып жазған. Жазу барысында толық қамтылған. Онда қазақ қыздарының тәрбиесімен байланыстыра отырып, ұлттық келбетін қалыптастыруда ғалымдар еңбектерін негізге алған. Сонымен қатар қазақ қыздарының ұлыттық сипатын моделге түсіріп, өз ойын дәлелдеген. Қазақ қызының тәрбиесі кеңінен қамтылған. Оқушы бұл жобаны жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты.




Аннотация

Во время написания научной работы ученица писала на основе содержания стихотворения в анализе острого поведения Енлик в поэме «Енлик-Кебек» Ш. Кудайбердиева. Полный охват включен. Поэма основан на работе ученых по формированию национального имиджа, связанного с образованием казахских девушек. Она также смоделировал национальность казахских девушек и свою собственную работе. Образование казахской девочки широко распространено. Ученица отметила, что этот проект широко используется в письменной форме.



Annotation

While writing a scientific work, the student wrote on the basis of the poem's content in the analysis of Ellis's sharp behavior in the poem Enlik-Kebek by Sh. Kudaiberdiev. Full coverage is included. It is based on the work of scientists on the formation of a national image associated with the formation of Kazakh girls. He also modeled the nationality of Kazakh girls and his own play. Education of the Kazakh girl is widespread. The student noted that this project is widely used in writing.





Жұмыстың мақсаты:


Шәкәрім шығармашылығының табиғатын таныту.

Шәкәрім тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу.

Ұлт жандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу.

Дүние танымын кеңейту,ой ұшқырлығына баулу.



Міндеті:


Еркін сөйлеуге, сыни ойлауға үйрету, шығармашылық пен жұмыстануға ықпал ету.

Сөйлеу мәдениетін меңгерген тұлға ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру.

Ана тілінде таза, еркін сөйлеуге төселгендігін таныта білу.

Мәліметтерді ұстану мен рәсімдеу қабілеттерін қалыптастыру.

Ғұмыр бойы өз білімін жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру.

Шешімді түзу, танымдық іс-әрекеттің мақсатымен алынған нәтижені салыстыру , өзін-өзі бақылау қабілеттерін қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже:


Поэманың тақырыбын, негізгі идеясын, мазмұнын біледі, кейіпкерге талдау жасайды, қорытынды шығара алады.

Өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізуге дағдыланып, сындарлы ой айта алады.

Өзін және өзгені бағалайды.

Заман талабына сай өз білімін өмірде қолдана біледі.

















Ғылыми жұмыстың жоспары:



I.Кіріспе

1) Шәкәрім – Абайдан кейінгі ірі тұлға.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі,шығармашылығы туралы деректер.

ә)Поэма туралы түсінік.


II.Зерттеу бөлімі

Еңлік мінездерін жыр шумақтарынан мысал келтіре отырып дәлелдеу.Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыру.


III.Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер






























Кіріспе

Зерттеу тақырыбына арқау болған Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы халыққа кеңінен танымал. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмір сүрген XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезі қоғамдағы саяси, әдеби, рухани өзгерістерне байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Шәкәрім мұрасының қомақты саласы – поэмаларының бірі «Еңлік-Кебек» поэмасындығы Еңлік бейнесін талдау арқылы қазіргі қазақ қыздарының келбетін қалыптастыруда ғылыми түрде дәлелдеп, талдау жасалған.

Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы – Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қыздарына кереғар мінездерін талдау арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: 1.Шәкәрім шығармашылығының табиғатын таныту. 2.Еңлік мінездерін жыр шумақтарынан мысал келтіре отырып дәлелдеу.3.Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыру.

Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі - Бүгінгі қазақ халқының мақсаты  жаһандану заманында ұлттық және рухани құндылықтарды сақтай отырып, оларды жастар тәрбиесінің қайнар көзіне айналдыру.

Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңалығы – Еңлік бейнесін талдау арқылы қазақ қызына тән мінезді ашып көрсету.

Зерттеудің барысы үш кезеңнен тұрады.

Зерттеу бірінші кезеңінде Шәкәрім өмірі туралы деректер келтірілді. Зерттеудің екінші кезеңінде «Еңлік-Кебек» поэмасы туралы түсінік берілді.

Зерттеудің үшінші кезеңінде поэмадан деректер негізінде Еңліктің қазақ қыздарына тән емес кереғар мінездері дәлелденіп, қазіргі қазақ қыздары тәрбиесімен байланыстырылды.


















I-тарау.

1. Шәкәрім – Абайдан кейінгі ірі тұлға.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі,шығармашылығы туралы деректер.

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.

Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды.

Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған. Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосады. Бес жасынан оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан зейінді де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп ұзатпай орыс тілін де еркін меңгереді. Араб, парсы, түрік тілдерін өзінің туған анасы Дәметкеннен (шын аты Төлебике. [1.300] үйренсе әкесі Құдайберді ескі кітаптарды, қазақтың көне қисса – дастандарын, ақын, жыраулардың өлең, жырларын жатқа айтатын кісі болған деседі. Осындай тәрбие көріп өскен Шәкәрімнің өлеңге деген құштарлығының оянуына осы үлгі қолайлы жағдай жасайды. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.[4.572]

«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.

Шәкәрім — өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Төңкеріске дейін, яғни 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан Шәкәрімнің «Қазақ айнасы», «Қалқаман — Мамыр», «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Еңлік — Кебек» атты кітаптары жарыққа шығады. Ақынның жекелеген шығармалары сол кездегі қазақ баспасөзінде жарияланды. Шәкәрімнің Физулиден аударған «Ләйлі – Мәжнүн» дастаны Ташкенттегі «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы бірнеше санында басылды. Одан кейін бұл поэма С.Сейфуллиннің бастыруымен 1935 жылы Алматыда «Ләйлі – Мәжнүн» деген атпен жарияланды. А.С.Пушкиннен аударған «Дубровский» әңгімесі жеке кітап болып басылды. Бұл әңгіме 1935 жылы орыс ақынының қазақ тіліндегі таңдамалы өлеңдерінің жинағына енді. А.С.Пушкиннің Шәкәрім аударған «Боранын» Б.Кенжебаев 1936 жылы «Әдебиет майданы» журналының 2-ші санында жариялады. Ақынның бір топ өлеңдері 1978 жылы Ленинградта шыққан М.Мағауин құрастырған «Поэты Казахстана» жинағында жарияланды. Өз заманының суретшісі, табиғат, қоғам, адам туралы көп толғаныс тебіреністер, философиялық тұжырымдар жасаған – Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық әлемі түрлі бейнелі образдарға, тілдік көркемдегіш сөздерге толы. Шәкәрім Абайдан кейінгі қазақ ақындарының көпшілігі секілді қазақтың өз әдебиетінің шеңберінде қалып қоймай Шығыс, Батыс, орыс әдебиеті үлгілеріне зер сала отырып, сөз өрнектерін әр түрлі бояумен әрлеп, көркемдеп отырады.

Шәкәрім әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленгеи. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүние көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шындалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік менгерген. Батыс, Шығыс әдебиеттерін жетік білген. Жеті жасынан бастап өлең жазып, омірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстаған. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын болған. Шәкәрім шығармасы сан-салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлендері Абай үлгісінде жазылған. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар». «Анық асық әулие», «Шын сырым». «Арман», «Насихат» өлеңдерінің авторы. Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнынын өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірген. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік — Кебек» дастандарын жазған. «Нартайлак-Айсұлу» поэмасының, «Әділ — Мария»романының, «Кодар өлімі». «Крез патша» шығармаларының авторы.

Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. ХІХ ғ. — дың аяғы мен ХХ ғ.-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!» (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.

Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, («Анық асық әулие», «Шын сырым») адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. «Жастарға» (1880), «Арман», «Насихат» (1881) атты өлеңдерінде әртүрлі тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сөз етеді. Шәкәрім — қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде («Бай мен кедей», «Бай мен қонақ») мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді. Үстем таптың озбырлығын, қиянатын айтумен шектеліп, «еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын» деп уағыздайды. «Жуандар» деген өлеңінде байларды сынайды, бірақ таптық көзқарасты санасына терең сіңіре алмай, ағартушылық көзқараста қалып қояды.

1905 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлы қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Стамбул, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын қазақ мүддесіне үйлестіре түсу мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды. (1911) Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екендігі айқын танылды. Ол жаратушы алланы ақылға салып түсінуге ұмтылыды. Дін бұзушыларды қатты сынға алады. («Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа, Сопының бара қойман құрбанына». Абай сияқты Шәкәрім де феодалдық- рулық ортаның мінез-құлқын, моралін жат көрді, сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жарықшақты көре білді. Шәкәрім кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның жетістіктеріне сүйенді, халықтар достығы мен туыстығын қуаттады. («Мен ұлтшыл емеспін, жақыным мынау демеспін» [2.720]). Орыс, батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың творчествосын аса жоғары бағалап, («Ақиқат сырымды айтсам Толстойдың, мың сопыны алмаймын тырнағына») өз халқын дүние жүзінің озық мәдениетін игеруге шақырды. Өзін ғұмыр бойы Л.Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет — Бичер Стоудың (1811-96) «Том ағайдың балағаны» романын, Л.Н. Толстойдың «Асрхадон патша», «Үш сауал» т.б. әңгімелерін А.С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын нәзира үлгісімен жырлады (1907). Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, г

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!