Қарағанды қаласы
әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «№17 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Коммунальное
государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа №17»
акимата города Караганды государственного учреждения «Отдел
образования города Караганды»
Ғылыми – зерттеу жұмысы
Жоба
«Табиғаты өзгеше
талант»
Секция: қазақ тілі (орыс
мектебі)
Орындаушы: Қарағанды
қаласы,№17 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 «В» сынып
оқушылары Даурбекова Радима,Набиева
Сара
Жұмыстың жетекшісі:
Қарағанды қаласы,№17 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Нурмаганова Гулим
Шегендыковна
Қарағанды – 2018
Қазақ халқының белгілі де белді ұлы
жазушысы
Ғабиден Мұстафин атамызға арналған «Табиғаты
өзгеше талант» атты
ғылыми-зерттеу жұмысына
Пікір
Тақырыбының
актуальділігі – жазушының мәнді де баянды
өмірін, шығармаларын, жалпы қазақ халқына сіңірген еңбектерін
болашақ ұрпаққа өнегелі де берері мол үлгі ретінде жеткізу,
жазушының көптеген прозаларын таныстыру арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттырып,ұлы атамыздың бізге қалдырған сарқылмас мол
мұрасын жеткізе білу. Сондай-ақ бұл зерттеу жұмысы үш тілде яғни
қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде болғасын балалардың қызығушылығы мен
ынтасы одан сайын артқандай болды. Жалпы зерттеудің нақтылығына
келетін болсақ артымыздан еріп келе жатқан ұрпаққа өздері білім
нәрін сусындап жүрген алтын ұя мектептері осы Ғабиден Мұстафин
атамыздың есімімен байланысты болған соң, атамыздың қандай табиғаты
өзгеше талант иесі болғаның зерттеу арқылы «Жақсының аты
өлмейді,ғалымның хаты өлмейді» демекші саналарына өшпестей етіп
сіңіру.Жалпы бұл ғылыми-зерттеу жұмысына оқушылар бар ынта
жігерімен ат салысып аянбай қатысты деп есептеймін.Атамыздың аты
санамызда мәңгілікке орын алсын.
Ғылыми зерттеу жобаның
жетекшісі:
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің
мұғалімі
Нурмаганова Гулим Шегендыковна
Жобаның
тақырыбы-«Табиғаты өзгеше
талант»
Мақсаты: Ғ.Мұстафиннің бойынан
табылған асыл қасиеттерімен, табиғи болмысымен таныстыру арқылы
оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Ғабиден Мұстафин сияқты таланттылардың бай мұрасын игере отырып,
отансүйгіш, нағыз азаматтық қасиеттерді бойына
сіңіру.
Асылы, Ғабиден қолынан келмеске ұмтылмайтын,
алып келген нәрсені ұқыпты жасайтын, өмірге шындық шеңберінен
шықпай қарайтын нағыз реалист адам болатын.
Серік Қирабаев
Қазақ халқының белгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин
1902 жылы 29 қарашада Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,
Сарытөбе ауылында кедей отбасында туған.
Әкесі Мұстафа екі рет қажыға барған, “мейлінше
әділ, момын, мінезі ауыр, көп сөйлемейтін адам”
болған.
Анасы Қадиша өте әдемі, ұзын бойлы, ақ сары, ақ
жарқын кісі еді. Қадиша шешейдің аппақ кимешегі өзіне ерекше сән
беріп тұратын. Ұлағатты адамдардың аналары да өте мейірімді, биязы,
кішіпейіл болады екен.
Әкесі Мұстафа мен шешесі Қадиша бес ұл бала
тәрбиелеп өсірген: Шекілдек, Әбдікәрім, Абдықалық, Ғазиз,
Ғабиден.
Жазушының балалық шағы көз жетпейтін кең далада,
Сарыжайлауда өтті. Ол бұл кездерде әкесіне көмектесіп, мал бағумен
қатар,ауыл молдасынан арабша сауатын да ашты.
Родители, отец Мустафа и мать
Кадиша, были небогатыми степняками-скотоводами. Отец Габидена
Мустафина пользовался большим уважением среди аульчан, отличаясь
мудростью и знанием арабского языка . Мечтая видеть детей
грамотными людьми, Мустафа отдал Габидена на обучение русскому
языку к одному из табельщиков, работавших на Спасском
медеплавильном заводе.В 1916 году Габиден поступает учиться в
русско-казахскую школу,организованную при этом заводе
.
1925 жылы отбасын құрады.Жары
Зейне апай екеуі 3 бала тәрбиелеп өсірген.
Қайрат Ғабиденұлы – республикаға танымал
фототілші
Жанар Ғабиденқызы – профессор,
окулист.
Мая Ғабиденқызы – француз тілінің
маманы.
1925 жылы көктемде келіншегін ертіп, сол кездегі
Қазақстанның астанасы Қызылордаға оқу іздеп келеді. Оқуға түсе
алмай өлкелік сотқа құжат тіркеуші болып
орналасады.
To spill printer’s ink Gabiden
Mustafin started since 1927, the first storybook called
“Yer-Shoiyn” was published in 1929. Stories about class struggle in
the Kazakh village, about conflicts of rich landowners and poor
peasants were written string correspondent. Mustafin understood
that newborn native people do not need ersatz fiction, they need
smart narrative, emotional, weighty
prose.
“To see everything with his
own eyes, to have firsthand knowledge, to learn and to feel
everything what feel the characters of my future books”, reasoned
talented Gabiden Mustafin.
Ғабиден Мұстафин 1930 жылы
Қарағандыға оралып, кен орнында үш жылдай қара жұмыс істейді. Содан
кейін «Қарағанды пролетариаты» газетінде жауапты хатшы (1932-1933),
Новосибирь қаласында қазақ тілінде шығып тұрған «Қызыл ту»
газетінде қызметкер болып 1938 жылға дейін жұмыс
істеген.
Газет жабылғаннан кейін 1938 жылы Алматыға
келеді.
Бірінші әңгімелері: "Сәрсен
мен Боқаш" , "Таң атады".
1929 ж. "Ер Шойын" әңгімелер жинағы шықты.
1940 ж. "Өмір мен өлім" романы.
1944 ж. "Миллионер" романы.
1948 ж. "Дауылдан кейін" романы.
1950 ж. "Қарағанды" романы.
1952 ж. "Қөз көрген" естелік шығармасы.
1963 ж. "Ой әуендері" естелігі.
Ғабиден
Мұстафиннің “Шығанақ” шығармасы бойынша
иллюстрация “Көш”
Ғабиден
Мұстафиннің “Шығанақ” шығармасы бойынша
иллюстрация “Молшылық”
Ғабиден Мұстафиннің “Көз
көрген” шығармасы бойынша иллюстрация
“Қыз бен
жігіт”
Ғабиден Мұстафин аса көрнекті суреткер ғана емес,
зор беделді әдебиет, мәдениет қайраткері, парасатты да кемеңгер
адам болды. Ол 1953-1957 және 1961-1964 жылдары Қазақстан
Жазушылары одағы бақармасының төрағасы болып қызмет атқарды, Абай
атындағы Мемлекеттік және Жамбыл атындағы сыйлықтардың иегері
болды. Сол кезде ол республика Компартиясы Орталық комитетінің
мүшесі, еліміздің және республиканың Жоғарғы Кеңесінің депутаты
болып сайланды.
За большие заслуги в развитии казахской
литературы и активную общественную деятельность
Г. Мустафин неоднократно удостаивался
правительственных наград, среди них два ордена Трудового Красного
Знамени, орден Отечества ІІ
степени и другие. Он – лауреат государственной
премии имени Жамбыла.
Ғабикен атамыз - салиқалы,
сабырлы,
Өз халқына қадірлі, беделді
Ғабикен атамыз парасатты,
ақылды
Жебейтұғын жетім-жесір пақырды
Береді өз кемтарларға қол ұшын
Мырза Ғабикен - дейді халық сол
үшін.
In
1940, his first novel "Life or Death" was published in Alma-Ata.
This was the birth of the writer. The novel is the demonstration of
the industrial development of
Karaganda and its
transformation into a powerful coal boiler room.
Then the novel "Shiganak" was published in 1945. In the book is
shown the life of the Kazakh farm "Kurman" from the beginning of
collectivization to the first months of the Great Patriotic
War.
The novel of G. Mustafin "Karaganda", published in 1952, is
dedicated to the working class.
In 1959 was published the novel of Gabiden Mustafin "After the
storm",
Mustafin’s works and
have been translated into many
languages.
Ғабиден Мұстафин ұзақ және
мазмұнды да қызықты өмір кешті. Оның өмір жолында қуаныш–қызықпен
қатар қиындықтар да, ауыртпашылықтар да аз кездескен жоқ. Қазір
біздің арамызда халық жазушысы, бұрынғы ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, республика Ғылым академиясының мүше–корреспонденті,
жазушылардың халықаралық және одақтық форумдарының қатысушысы
Ғабиден Мұстафин жоқ. Бірақ оның есімі халық есінде. Болашақ ұрпақ
ғұлама жазушыны ешқашан ұмытпақ емес.
ҚСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 31-ші
наурызындағы қаулысында: Қарағанды және Алматы халық депутаттары
облыстық Кеңесінің ұсынысын қабылдап, Қарағанды қаласындағы №83
орта мектеп пен Бұқар жырау ауданындағы "Березняки" ауылына Ғабиден
Мұстафин есімі берілген.
Мектептегі Ғабиден Мұстафинге арналған
кабинет
Қарағанды қаласындағы Ғабиден
Мұстафин атындағы көше.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ғ.Мұстафин туралы естеліктер.Алматы «Білім»
баспасы,2015ж.
2.С.Қирабаев. «Замана жаршысы»
«Егеменді Қазақстан» 1992ж.,желтоқсан.
3.С.Қирабаев.Өнер өрісі.Алматы «Жазушысы»
1977ж.
4.Ғ.Мұстафин және қазіргі қазақ прозасы:ғылыми
мақалалар жинағы.Қарағанды,2002ж.
5.Орталық Қазақстан «Дала классигі.13
шілде,2002ж.