Материалдар / Ғылыми жоба тақырыбы: Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба тақырыбы: Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мектепте сабақ жүргізу; дәріс тәжірибелік сабақтарына дайындық жасағанда қолдану; Реферат, баяндама ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
2247
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы

Жамбыл ауданы

Шайқорық орта мектебі






Тақырыбы: Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі









Сыныбы: 11 «В»

Оқушы: Эрланқызы Дана

Жетекшісі: Байзахова Салтанат Манапқызы









Жамбыл ауданы- 2020 жыл




Мазмұны

І Кіріспе ------------------------------------------------------------------ 3 бет

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Алтын Орданың құрылуы ----------------------------------------- 4-6 бет

2.2 Алтын Орда басқару жүйесі және саяси тарихы ---------------7-9 бет

2.3 Алтын Орда мәдениетінің дамуы----------------------------------10-11бет

2.4Алтын Орданың ыдырауы--------------------------------------------12-13бет

ІІІ Қорытынды ---------------------------------------------------------14 бет

IV Қолданылған әдебиеттер---------------------------------------------15 бет





























Аннотация

11 «В» сыныбының оқушысы Эрланқызы Дананың

«Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі» тақырыбындағы ғылыми жобасы. Бұл жобада- Алтын Орда мемлекетінің ХІІІ ғ. – ХV ғ. ортасындағы тарихы туралы, Алтын Орда мәдениетінің дамуы, Алтын Орда билеушілері туралы тың деректер зерттелді. Жұмыс кіріспеден,зерттеу бөлімі мен қорытындыдан тұрады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Дала тарихындағы елеулі із қалдырған Алтын Орда мемлекетінің ХІІІ ғ. – ХV ғ. ортасындағы тарихын саралап, Еуразия кеңістігіндегі этникалық үдерісін айқындау.

Айқындалған мақсатқа байланысты мынадай міндеттер тобы орындалады:

-Алтын Орда мемлекетінің саяси тарихына шолу жасау;

-Алтын Орда халықтарының қалыптастырған мәдениетіне тоқталу арқылы өзіндік ерекшеліктерін көрсету;

Зерттеу жұмысының ғылыми гипотезасы:

- ХІІІ ғ. – ХVғ.ғ. Ұлы Дала тарихындағы елеулі із қалдырған Алтын Орда мемлекеті болғандығы көрсетілді;

- Алтын Орда мемлекетінің территориялық орналасуын айқындау және этникалық құрамы көрсетілді;

Зерттеудің кезеңдері:

20.12.2019- 20.03.2020 І кезең

20.03.2020 -25.10.2020 ІІ кезең

Зерттеудің теориялық мәні: зерттеу жұмысының теориялық негізін зерттеудің ғылыми теория заңдылықтары құрайды.

Тәжірибенің әдістемесі: бұл зерттеу жұмыста сипаттау, синтездеу, тарихи-салыстырмалы, уақытнамалық, сұрыптау (анализдеу), кезеңдеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің жаңалығы:

-Алтын Орда билеушілері туралы тың деректер

- Алтын Орда халықтарының қалыптастырған мәдениеті туралы деректер

Нәтижелерді практикада қолдану салалары: «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мектепте сабақ жүргізу; дәріс тәжірибелік сабақтарына дайындық жасағанда қолдану; Реферат, баяндама ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

-Оқушылар бойында отанға деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық,

тілімізді,дінімізді құрметтеу сезімі пайда болады; Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен іздене білу әрекеттері артты;

Кіріспе

Ел тарихын насихаттап, болашақ жас ұрпақтардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру біздің борышымыз деп білемін. Осы орайда Алтын Орда тарихына көз жүгіртсек… Алтын Орда – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұлысы аумағында құрылған мемлекет. Осыдан тура 750 жыл бұрын Талас өзені бойында Шағатай, Үгедей мен Жошы әулетінің ханзада-нояндары жиналып, ұлы құрылтай өткізген. Тарихта оны «Талас құрылтайы» деп атайды. Түрік деректерінде Бату ханның әскерлері «қыпшақтар» деп аталды. Себебі ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Алтын Орда мемлекеті-тарихи әдебиетте «Қыпшақ ұлысы» деп те аталды. Сондай-ақ палеогенетикалық зерттемелер нәтижесі Алтын Орда аристократтарына гендік, қандық тұрғыдан қазақтар ғана жақын деген болжам айтты. Биыл Алтын Орданың құрылғанына-750 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы датаны мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды ерекше атап өтті. Алтын Орданың 750 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Атап айтар болсақ Парижде өтіп жатқан Халықаралық Түркі Академиясының «Ұлы дала: мәдени мұра жәнеәлем тарихындағы рөлі» атты форумда Алтын Орданың 750 жылдығы аталды. Аталған шараға Америка Құрама Штаттары, Ресей, Үндістан, Қытай, Ұлыбритания, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Латвия, Голландия және Мажарстан сынды елден жетпіске жуық ғалым және ЮНЕСКО өкілдері қатысты.

1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда империясының 750 жылдық тарихы жастарға мұра. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығын біздің тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристердің назарын аудару тұрғысынан атап өту керектігін, сонымен қатар Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның саяси қайраткер ретіндегі мемлекеттік идеологияның қалыптасуындағы маңызды тарихи өзектілігін ұмытпауымыз керектігін атап өтті.

Алтын Орданың ежелгі территориясының қырық пайызы бүгінгі Қазақстан иелігі, байырғы қазақ жұртының ата-мекені. Кез келген тобыр ұлт бола алмайды. Қазақ халқы да ұлт болып қалыптасу жолында қилы-қилы тарихи кезеңді бастан кешірді. Бүгінгі қазақтар көне қыпшақтардың заңды жалғасы, мұрагері. Алтын Орданың мұрагеріміз деп пікір айтуға біздің де толық құқымыз бар.





Алтын Орданың құрылуы

Алтын Орданың тағдырлы тарихы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарында қарастырылған. Бірақ елімізде дәл осы кезеңді жеке-дара зерттеумен айналысатын тарихшылардың саны аз. Тіпті, көркем шығарма туралы айтқанда Кеңес кезіндегі жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясын еске алатынымыз рас. «Қазақстан тарихының көне замананнан бүгінгі дейінгі тарихының» бес томдығында Алтын Орда дәуірі турасында егжей-тегжейлі жазылған. Шыңғыс хан Моңғол империясын құрған соң, Қазақстан аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына кіргені белгілі: үлкен(далалық) бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедейге қарады. Шыңғыс қағанның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. Жошының ұлы Бату қолы Ресей жеріне, Еділдің батысындағы жерлерге жорық жасап, Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейін кеңейтіп, орталығы төменгі Еділде орналасқан іргелі мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің аты «Алтын Орда» деп орнықты Қазақстан аумағы моңғол ұлысының құрамына енді: үлкен (далалың) бөлігі Жошы қлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысын Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудің солтүстік белігі мен бүкіл Дешті-қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Моңғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-қыпшақ даласына, Еділ бұл қарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастарды. Ірі орыс князьдықтары талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарының нәтижесінде Батыйдың сол астына қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер. Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақ (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдықтары вассалды тәуелдікте болды. Орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Бірақ, «Алтын Орда» деген мемлекеттің емес, тікелей хан ордасының атауы деп қарастыратын зерттеушілер де бар. Қалай болғанда,

Алтын таудан(Алтай) тараған, металл өңдеп, алтын құйған, аумағынан бірнеше «Алтын патша» табылған халық үшін «Алтын Орда» атауы жат болмаса керек-ті. Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т.б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Яғни, аталған аралықта қала-кітапханалар қиратылып қана қоймай, салынып жатқанын да ескеру керек.

Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жақынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т.б. кірді. Мұнда монңолдар азшылық болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деген атау алды.

Алтын Орда мемлекетінің құрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — кұрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатылық қатынастарды беклербек басқарды. Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық атқарушы орган диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық, сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер басқалар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, бақадүрлер төмендерді, мыңдық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.

Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатқа, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (ұлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына кірді.Бірақ Батудың өзі де, мұрагерлері де Алтын Орданы біртұтас орталықтан басқармағаны туралы айтылады. Орда-Ежен ұлысының әміршілері іс жүзінде тәуелсіз шешімдер қабылдап, өздерін Алтын Орда хандарына бағынышты деп санаса да, құрылтай жиналыстарына бармаған кездері де болған. Жошы ұлысын екі қанатқа бөлу арқылы бір жағын Орда Ежен, екіншісін Бату хан басқарып отырды. Орда Ежен ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі, Ертіс бойы, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Батый мен Орда Еженнің ұлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.

Ұлысты (үлесті жер) билеуге үкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы құқылы болды. Ал өзге моңғол ақ сүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне қарай бөлініп берілді. Біртіндеп ақ сүйектер құқысы арта түсіп, олар қарамағындағы жерді ұрпағына мұра етіп қалдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.Орда Ежен – кейінгі Қазақ хандарының атасы екендігі белгілі. Оның ұлысы шығыстың тарихи деректерінде «Ақ Орда» деп аталады. Ордадағы биліктің тізгіні осы ұлыс ұрпақтарының арасында алмасып отырды.

Алтын Ордадағы басқару жүйесі және саяси тарихы

Алтын Орданың саяси тарихы.

Жошының мирасқоры – Батый 1235 ж. империя астанасы – Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтайында Еуропа елдеріне жасалатын жорық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалып, 1236-1242 жж. жасалған жорықтың нәтижесінде Батыс Дешті-Қыпшақты, Еділ бұлғарларын, Орыс князьдіктерін, Польша, Венгрия, Чехия т.б. елдерді бағындырып, ұлыстың шекарасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енеді. Осылайша 1242 ж. Алтын Орда мемлекетін құрады. Алтын Ордада Бату -1243-1255 жж билік құрды. Батый ханнан кейін ұлы Сарайда таққа Сартақ ұлы келеді. Бірақ тез қайтыс болып кетеді. Одан кейін келесі ұлы Ұлақшы келіп, ол да тез қайтыс болады. Алтын Орда тарихында Сартақтың билікке келгені кейде айтылады, кейде айтылмайды. Ал Ұлақшы жөнінде тіпті айтылмайды. Батый ұлдарының кенеттен қайтыс болғандығы туралы арнайы зерттеулерде болмаса, оқулықтарда ешқандай мәліметтер жоқ.

Алтын Орда тарихында Жошы ханның Орда Ежен мен Батыйдан кейінгі үшінші ұлы Беркенің діншілдігі туралы көп айтылады. Берке ханның (1257-1263 жж.) тұсында империя орталығынан, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болса да тәуелділіктен толық дербестікке қол жеткізді. Шаманизмнен — бір құдайшылыққа — ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемлекеттің ғылымды дамытуға күш салды. «Алтын Ордада Берке ханның тұсында ислам діні кең тарала бастады» деген тұжырым тарихнамада мықты орныққан. Соған қарамастан Берке ханның діншілдігі жөнінде әлі де болса қалың көпшілік біле бермейтін тұстар бар. Монғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран, Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі. Алтын Орда тағына Беркеден кейін Меңгу-Темір отырды. Меңгу-Темір – Тоқтайдың ұлы, Батудың немересі, оның есімі Алтын Орда тарихында тәуелсіз мемлекеттің бірінші әміршісі ретінде сақталды. Ол өз атынан ақша шығару арқылы, Алтын Орданың толық тәуелсіз екенін көрсетті. Билік басына отырған соң, Меңгу-Темір Қырымға бас етіп Тоқа-

Темірді отырғызады. Кейін ол Феодосияны басқаратын болады. Осы істері арқылы басқа елдермен сауда айналымын құрғысы келгенін көруге болады. Сол жылдары Алтын Ордадағы ең ықпалды тұлға түменбасы Ноғай еді. Ол Дунай мен Днепр арсында көшіп, Болгария мен Молдавияны бақылайтын. Сондай-ақ ол ықпалын Византияға да жүргізіп отыратын. Осыны пайдаланып, Меңгу-Темір 1266 ж. Бұлғар хандығына жорық ұйымдастырып, онда екі жыл билік жүргізеді. 1268 ж. хан Әзірбайжанға таласып, Абағамен соғысты. Бір жылдай уақыт өткен соң Меңгу -Темір хан мен Абаға арасында бейбіт келісім орнатылады . Жылнамашылар Меңгу-Темір қайтыс болған соң, оның орнына билік басына інісі Туда-Меңгу келгенін жазады. Биліктің өзгеруі орыс жерінде өзара қақтығыстың туындауына жол ашты. Осы араздық толқыны түменбасы Ноғайды жоғары көтерді. Оны Дон мен Дунай арасында мекендеген қыпшақ тайпаларының жұқаналары қолдады. Туда-Меңгу өзінің билігін күшейту үшін 1283 ж. Мәмлүк сұлтандығымен достық байланыс жаңартылды. Сол жылы Туда–Меңгу ислам дінін қабылдады.

Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты.

Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан Тоқты хан (1290-1312 жж.) болды. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланыстарын жандандырып, Египет мәмлүктерімен тығыз байланыста болған. 1311 ж. аяқ астынан Тоқта хан қайтыс болады. Ол билік еткен соңғы жылдарды Алтын Орданың гүлдену дәуіріне дайындық кезеңі жесе болады. Тоқта хан өз мемлекетінің өндіріс күштерін оң жолға қойып, қолөнер мен қала мәдениетін көтерді.Тоқта хан дүниеден өткен соң, тақ мәселесі көлденең тұрды. Хан болып Гиас әд-Дин Мұхаммед Торғұлжаның ұлы, Меңгу-Темірдің немересі сайланады. Ол жастайынан ерлігімен ауызға ілігіп, Өзбек деген атқа ие болады. Осы лақап есімімен Алтын Орда тарихына ең құдыретті билеушілердің бірі ретінде енді. Өзбек хан 1312 ж. ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттік дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, Кіші Азия, Египет, Индия, Қытай мемлекеттерімен жүргізілді.Билік еткен алғашқы жылдары Өзбек хан ең алдымен астананы Бату Сарайдан Берке Сарайға ауыстырды. Содан соң Өзбек исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Өзбек хан Алтын Орданы жеке-дара өзі билеген. Өз атынан ақша шығарған. Бату Сарай, Берке Сарай, Бұлғар, Мокша, Қырым, Тана және Хорезмде ақша бастыратын орындар болды. 1341 ж. Алтын Ордада Өзбек хан дүние салды.Өзбек ханның өлімінен кейін оның баласы Тыныбек хан билік басына келеді. Тыныбек хан тұсында Алтын Ордада елеулі өгерістер болған жоқ.Тыныбек ханнан кейін 1342 ж. Алтын Орда билігі Жәнібек ханның қолына өтеді. Бұл кезде хан ордасы Жайық жағасындағы Сарайшыққа ауысады. Осы жолдары Сарайшық қаласы гүлдену дәуірін бастан кешеді. Дала ақсүйектері мұнда зәулім үйлер, сарайлар, кесенелер тұрғызады. Жәнібек хан кезінде Әзірбайжан Алтын Ордаға қосылады. Хан, тіпті Тебризде өз атынан ақша шығаруды бастайды.Ақша одан басқа Сарайда, Бұлғарда, Мокшада, Қырымда, Азовта, Хорезмде және Гүлістанда басылатын. Енді осы қалалар қатарына Тебриз де кірді. Алайда осында ақша тек 1356 ж. ғана басылады. Тарихшылар сол жылды Алтын Ордада берік билік болған соңғы жыл деп есептейді.Әзербайжанға жорықтан кейін Жәнібек хан ауруға шалдығып, дүниеден озады. Алтын Орда мемлекеті Мұхаммед Өзбек ханның (1312-1342 жж.) және оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357 жж.) билігі тұсында шарықтау шегіне көтерілді.

Алтын Орданың басқару кұрылымы:

Құрылтай – ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы.ЖоғарғыҮкімет билігінің жоғары органы. Құрылтайда хан жариялау және таққа отырғызу рәсімдері жасалды.Моңғол ақсүйектерінің ұлыстардағы жиналыстары Шағатай ұлысында жыл сайын шағырылып, “той” деп аталды (Ибн Баттута).

Диван (диуан) – ең жоғарғы атқарушы орган. Қаржы, салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды. Басқарушысы – уәзір, хатшылары – бітікші.Беклербек – әскерді және дипломатиялық істерді басқарушы.

Мүлік -азаматтықбасақрубилігін жүргізушілер (түрік әулетінен).

Даругтер, басқақтар-бағынышты елдерді басқарушы және салық жинаушылар.Нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер -әскербасылар.

Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен және орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізді.

Феодалдық жер иелену түрлері: Інжу -Шыңғысәулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер. Сойырғал – әскер немесе азаматтың қызмет атқарғаны үшін шартты түрде сыйқға берілген үлестік жер.

Вакф – мұсылман дінбасыларының жері. Мильк – жер иеленудің жеке меншік түрі.Тарханды – үлестік жер иелерінің мемлекет пайдасына жиналатын салықтан босатылып, өз пайдасына салық жинауы.

Салықтың 20-ға жуық түрі енгізілді: Тақар – әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын егін және мал салық. Ұшыр – мал салығы.

Харадж – егіншілерден жиналатын салық. Зекет – дін басыларына берілетін мал салығы, қолөнершілер мен саудагешерге де салынды. Аваиз – төтенше салық.

Әскери міндеткерлік-10түтіннен1 жауынгер алынды

Алтын Орда мемлекетінің негізгі тіректі күші Қазақстанның жергілікті тайпаларынан тұрды. Монғол билеушілері нояндары аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді. Қазақ мемлекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігін көрсетеді.

Алтын Орда мәдениетінің дамуы

Жошы ұрпақтарының қол астында көшпелі және отырықшы, сонымен қатар түрлі тілдерде сөйлейтін, мәдениетінің даму деңгейі бірдей емес, тіпті әртүрлі дінді бағыштайтын халықтар болды. Мәдениеттің даму деңгейі жоғары мемлекеттерімен достық қатынастар мен көшпелі әскери өмір сүру салтын мұсылман дәстүрлерімен жақындасуы Жошы Ұлысының мемлекеттік құрылымын өзгертпеді. Әкімшіліктің қолдауымен ондаған ірі қалалар қарқынды дамып, өзіндік Жошы Ұлысының мәдениетін айқындайтын стиль қалыптастырды. Алтын Орданың дамуындағы ерекшелігі көне қалаларды жаңарту мен жаңа қалалардың негізі қалануы мен қарқында дамуы болды. Егоровтың зерттеулері бойынша Алтын Ордада болған қалалар мен халық қоныстанған аймақтардың саны жүз онға жуық болған, бірақ бұл тек археологтармен табылған және зерттелген қалалар қалдықтарының саны.

Алтын ақшаны шығару құқығы бар ең ірі қалалар: Сарай, Сарай әл-Жедід, Хорезм, Орда-Базар, Бек-Базар, Үркек, Сарайшық, Моқшы, Шехр әл-Жедід және басқалары болған. Осы қалалар тек қана қолөнер және сауда орталықтары ғана емес, сонымен қатар ірі әкімшілік, мәдени орталықтар да болған. Қазіргі кезге дейін сақталған материалды мәдениетке қарағанда Алтын Орда отырықшы өмір салты басым болған, қала құрылысы жақсы дамыған мемлекет болған. Алтын Орда астанасы - Сарай қаласы туралы ең алғашқы деректерді Рубрук қалдырды. Ол осы қалада 1254 ж. болды. Мемлекеттің барлық аймақтарында қала және ауыл тұрғындарымен отырықшы аймақтар пайда бола бастады. Олардың қатарына Еділ өзенінің жағалауын, әсіресе төменгі ағысындағы аймақтар, Хорезмді, Теректің үстінгі және ортанғы ағысын, Қырымның оңтүстік жағалауын жатқызуға болады. Алтын Орда кезінде ерекше қала мәдениеті қалыптасты. Бұл мәдениеттің дамуына Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Қазақстан мен Солтүстік Аралды мекендеген барлық елдер үлесін қосты. Алтын Орданың саяси негізгі қалаларында ірі көшелер болатын. Ал тұрғындар таза суды фонтандардан алатын. Барлық қалалар мен ауылдарда моншалар болатын.

Ал Алтын Орданың діни орталығы Сарайшық қаласы болатын.

ХIII-ХIV ғғ. Алтын Ордада сауда-саттық пен экономикасының дамуына байланысты, қорғандарда үй жануарларының сүйектері де пайда бола бастады. Сонымен қатар, Алтын Ордада өзінің ақша бірлігі пайда болған соң, тиындар қазылған қорғандар көбейді. Бірақ, ислам діні жерлеу рәсіміне негізгі екі талап қояды, біріншісі, қорғанда сабаннан басқа ешқандай заттардың болмауы; екіншісі, қобыланың сақталуы, яғни, қайтыс болған адамның беті Меккеге қаратылуы. Ислам дінін қабылдау Алтын Орданың дамуына үлес қосты. Ол Алтын Орда кезіндегі әдебиетке де әсерін тигізеді. Мысалы, көптеген алтынордалық жазушылар Шығысқа електейді, немесе Шығыс жазушыларының еңбектерін түрік тіліне аударады. Өкінішке орай, Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен. Тек кей жазушылардың лақап аттары мен тек бір-екі шығармалары сақталған. Әли (XIII-XIV ғғ.)-Хорезмнен шыққан ақын. «Қиса Жүсіп» деген дастаны қалған. Онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан басқа мәлімет жоқ Хорезми (XIV ғғ.) - үлкен ақын. «Мұхаббатнама» атты поэма жазған. Поэмасында «Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші рет айттым» дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты. Шын аты-жөні,басқа шығармалары сақталмаған «Мұхаббатнама» мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. «Мұхаббатнама» - Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің ең көрнекті нұсқасы. Құтб (XIV ғғ.) «Хұсрау Шырын», «Фархад Шырын» дастандарын жазған. Бұл дастандарда автор өзінен бұрын баяндалған тақырыпты өзінше жырлайды. Бұл екі шығарманы осы аттас Низами поэмалардың түрікше нұсқасы десе де болады. Дүрбек (XIV- XV ғғ.)- мұсылман елдерінің бұрын соңды өткен ақындары жырлаған «Жүсіп - Зылиқа» аңызын түрік тілінде дастан еткен. Сонымен, Алтын Орда дәуірінде оның қол астында ру-тайпалардың улкен-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда аударма шығармалар да едәуір орын алды.


Алтын Орданың ыдырауы

1357 ж. таққа Жәнібек ханның баласы Бердібек отырады. Бердібек хан тұсында Алтын Орда тығырыққа тіріледі. Оның тұсында мемлекет жері Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказға дейін ғана болады. Сондай-ақ империяның ішінде өзара ұрыс, тартыс басталып кетеді. Осының кесірінен 1358 ж. ақсүйектер қолдауымен Алтын Орда тағынан екі үміткер шығады. Олар, Құлпа мен Наурыз болады. Үміткерлер өз атынан ақша бастырып шығарады.

1361 ж. Бердібек хан қайтыс болады. Бердібек ханның өлімінен кейінгі кезең, яғни 1360 жылдан 1380 жылға дейінгі 20 жыл Алтын Орда тарихында «Ұлы Бүлік» деген атқа ие.Осы жылдары империяда жиырмаға жуық хан ауысты. Таққа негізінен Жошы ханның төрт ұлы - Орда Ежен, Бату, Шайбани және Тоқа -Темірден тараған ұрпақтар таласқан. Осындай тартыстын арқасында Алтын Орда жеке бөліктерге айырыла бастады. Ең алдымен, Хорезм бөлінді, одан кейін кезек Қырым мен Еділ Бұлғариясына келді. Батыстағы жерлер, Русь Алтын Орда ықпалынан шығуға бет бұрды. Тіпті, Жайық пен Еділдің төменгі жағындағы жерлер де үнемі бір ханның билігінде болған жоқ. Осы кезеңде Ордадағы ең беделді адам Мамай түменбасы болатын. Тіпті, бүлік оның билікке келгенде басталған және оның қайтыс болғанда бітті деп айтуға да болады. «Ұлы Бүлік» кезінде ол хан тағына отырып, өзінің беделін орыс князьдіктерінде де арттыруға тырысыты. Ол үшін Мамай түменбасы орыс канязьдіктеріне жорықтар ұйымдастырды. Ең ірі және соңғы шайқас 1380 ж. Донның оң жағалауында болды. Деректер бойынша Мамайдың екі жүз мың әскері болды. Осы шайқас Мамайдың жеңілісімен аяқталды. Ал орыс әскерін басқарған князь Дмитрий Иванович Донской деген атқа ие болды. Осы жылы таққа Тоқтамыс хан отырады. Ең алдымен Мамайды жеңген соң, оған Астраханнан Бұлғарға дейінгі Еділ бойы ғана емес, Солтүстік Кавказ да, Еділ мен Қырымның батыс аймағы да түгел қарады. Алтын Орданың бұрынғы иеліктерінен Хорезм ғана шет қалды.Билік басына келген соң Тоқтамыс көрші елдермен және тәуелді князьдіктермен дипломатиялық қатынасты ретке келтіруге кіріседі. Орыс князьдікетрі оның билігін мойындау үшін ол Руське жорық ұйымдастырады. Тоқтамыс хан 1382 ж. Мәскеуді алып, қайтадан салық төлеткізеді. Ал, 1383 ж. Хорезмде өз атынан ақша шығарады. Тоқтамыс хан кезінде, Әмір-Темір Алтын Ордаға екі рет күйрете соққы береді. Алғашқы соққы 1391 ж. Еділдің сол жағалауында Кундурша деген жерде өтеді. Жылнамашылар оны «Ұлы шайқас» деп атайды. Өйткені, бұл соғысқа екі жақтан да екі жүз мыңнан сарбаз қатысты. Осы соғыста Тоқтамыс қолы жеңіледі. Бірақ ол бас көтере алмастай болған жоқ. Әмір Темірден жеңіліс тапқан Тоқтамыс Алтын Орданы қайтадан қалпына келтіруге тырысты. Осы жылдары дала империясындағы оқиғалар тікелей Едіге түменбасының басшылығымен өрбіді. Сонымен қатар, XV ғ. Алтын Орда арқылы өтетін тауар түрлері азайып кетті. Бұл мемлекет ішіндегі болып жатқан билікке таластын кесірі еді. Енді билікке үшін талас Темір-Құтлұғ пен Тоқтамыс арасында болды.Нәтижесінде, Тоқтамыс хан Литваға қуғындалып, Темір-Құтлұғ хан тағына отырады. Бірнеше жылдан соң Тоқтамыс хан өмірден қайтады. Оның өлімі туралы нақты деректер сақталмаған. Ары қарай империяны Едіге би басқарады. Оның кезінде Алтын Орда ыдырау кезеңіне өтсе де, халық Едіге би империя т

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!