Материалдар / Ғылыми жоба Тақырыбы:Ақын жазушылардың шығармаларындағы батыр қыз Әлияның тұлғасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Тақырыбы:Ақын жазушылардың шығармаларындағы батыр қыз Әлияның тұлғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
: Әлия туралы қалам тербеген ақын - жазушылардың шығармаларын негізге ала отырып, өзіндік зерттеу, талдау жұмыстары арқылы Әлия образы танылатын батыр қыздың ерлігін, өрлігін таныту, қазақстандық идеологияны көтеретін хас батыр ретінде жан - жақты көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
1031
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы,

Дөң мектеп-гимназиясы КММ

Кеулимжаева Гульмайра Кайыровна Бастауыш сынып мұғалімі













Тақырыбы:Ақын жазушылардың шығармаларындағы батыр қыз Әлияның тұлғасы













Ғылыми жетекші: Кеулимжаева Гульмайра Кайыровна





Оқушы: Шектібаева Аянұр Мақсатқызы















Хромтау қаласы

2020жыл

Аннотация

Тақырыбы: Ақын – жазушылардың шығармаларындағы батыр қыз Әлияның тұлғасы.


Зерттеудің мақсаты: Әлия туралы қалам тербеген ақын - жазушылардың шығармаларын негізге ала отырып, өзіндік зерттеу, талдау жұмыстары арқылы Әлия образы танылатын батыр қыздың ерлігін, өрлігін таныту, қазақстандық идеологияны көтеретін хас батыр ретінде жан - жақты көрсету.


Зерттеудің болжамы: Егер ақын - жазушы шығармаларында көркем де шынайы суреттелген Әлия бейнесін бүгінгі ұрпақ оқып өссе, онда Әлия ерлігі- елдіктің белгісі, тәуелсіздіктің тұғыры іспетті әрбір жас адамға болашаққа бағдар сілтері сөзсіз.


Тақырып өзектілігі: Жастарымыздың еңсесін биік ұстап, бойына күш - жігер құятын бейне- Әлия бейнесі, ол - бізге күнде керек ұран, өйткені Отанды сүю - адамның басты борышы екенін жас ұрпақ санасына осы батыр апамыздың есімін, ерлігін қадірлеу арқылы сіңіру әрдайым өзекті.


Зерттеудің тәсілдері: Әлияның тұлғасын таныту барысында талдау, сараптау, зерттеу, салыстыру әдістері, тақырыпты ашу мақсатында оқырмандармен жүздесу кезінде сұхбаттасу, сұрақ - жауап, пікірлесу, әңгімелесу, баяндау әдістері қолданылды.


Зерттеудіц жаңашылдығы: Батырлық, намыс деген киелі қасиеттерді жас ұрпақ санасына сініруде Әлияның батылдығы, мінезі, намысқойлығы шынайы суреттелген шығармаларды оқи отырып шығармашыл жастар қазіргі заман жастары үшін маңыздылығын өздеріне жаңалық ретінде ашады.

Қорытынды: 1.Әлияның өшпес образын әлем халқы табынатындай етіп жазылған шығармалар бар.2. Бүгінгі ұрпақ Әлияның есімін « Әліппемен» бірге жаттап өсіп, жастарға, әсіресе қыздарымызға Әлияның отансүйгіштік қасиетін үлгі етіп, «қазақ қызы осындай болады» деген ұғымды олардың санасына кішкентай кезінен құю керек.З. Әлия Молдағұлованың өмірі, оның ерлік жолдары, аяулы бейнесі, ғасырға бергісіз 19 жыл ғұмыры – ұлтымыздың мақтанышы болып табылатын Әлия бейнесі шындықтан алынған.












Аннотация

Тема: Образ Алии в произведениях Казахских писателей и поэтов.


Цель исследования:

Изучить подвиг Алии на основе произведений поэтов и писателей Казахстана; провести независимые исследования, анализ, которые показали мужество, храбрость девушки, наполненной чувством патриотизма, любви к родному краю, огромной ответственностью перед родиной.


Гипотеза:

Если поэты - писатели описали в своих произведениях истинную картину жизни и подвига старшего поколения, то подвиг Алии рассматривается как признак независимости, как видение будущего, как аспект воспитания современного молодого поколения в духе патриотизма и любви к Родине.


Актуальность темы:

Подвиг Алии - каждодневный лозунг подрастающего поколения, имя героя, ее образ, патриотизм и гражданский героизм должен являться примером.


Изучение способов:

При анализе личности Алии ее бессмертного подвига,следует обратить внимание на открытый диалог военного времени, постараться найти ответы на вопросы военного времени, на дискуссии, интервью, презентации творческого подвига писателей Казахстана.


Новизна исследования:

Изучение и исследование памятных страниц Великой Отечественной войны, посвященных героям - казахстанцам через произведения казахских поэтов - писателей. В этом году исполняется 75 лет со Дня Великой победы над фашизмом. Примеры гражданского и военного подвига должны стать известными молодому поколению. Именно в изучении биографий героев Великой Отечественной войны заключены перспективы на построения будущего мира без войны и насилия. Воспитание подрастающего поколения на примерах подвигов наших героев - основной мотив проекта.















Annotation


Title: Poet brave girl Aliya’s Person of the works of writers


The purpose of the study: Aliya on how to download and based on the works of poets and writers, independent research, analysis, which is recognized by Aliya images brave girl’s courage, filled with Kazakhstani ideology show up in every possible way as a real hero.


Research Forecast: If the poet - writer described the works of art and true picture of today's generation grew up reading where Alia Alia erligi- Grateful seen as a sign of independence, each young person as a vision of the future will silteri.


The relevance of the topic: Encouraging efforts to keep young people's spirits high inlet video image Aliya slogan it should be every day, because the love of the basic duty on the minds of the younger generation that the name of the hero going through absorption is always important to honor a feat.

































Мазмұны

1.Кіріспе___________________________________________________________ 4-5

2.Зерттеу бөлімі: Ақын жазушылардың шығармаларындағы батыр қыз Әлияның тұлғасы___________________________________________________ 7-14

Бірінші тарау «Әлия»-мәңгілік тақырып

2.1.1.Батыр қыз Әлия Молдағұлова туралы қалам тербеген ақын-жазушылар

2.1.2.Әлия тұлғасы –деректі шығармаларда

2.1.3. Даланың текті қызы Әлия ақын Фариза Оңғарсынованың «Тыңдандар тірі адамдар» атты поэмасында.

2.1.4.Әлия туралы жазылған шығармалар –жастарға патриоттық рух беретін шығармалар.(Ақтөбелік ақын–жазушылар шығармалары бойынша)

Екінші тарау оқушылар арасында «Ақын жазушылардың шығармаларындағы батыр қыз Әлияның тұлғасы» тақырыбы бойынша оқушылардың жауапкершілігін,қоғамдағы орнын,ертеніне сенімін бекітуге бағытталған шығармашылық жұмыс.

2.2.1.Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу,талдау,қорытынды жасау.

2.2.2. Оқушылар арасында шығармашылық жұмыс жүргізу,талдау,

қорытынды жасау.

3.Қорытынды ______________________________________________________ 15

4.Пайдаланылған әдебиеттер _________________________________________ 16






















Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі:

Биыл Кеңес одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл толады.Ер етігімен су кешкен қанқұйлы соғыс жылдарында өліммен күн сайын тайсалмай бетпе-бет келген қаршадай қазақ қызы небәрі 19 жаста ерлікпен қаза тапты.Осы аз ғана ғұмырында Әлия ерлікке,қаhармандыққа,өрлікке,намыс пен рухшылдыққа өшпейтін,өлмейтін ескерткіш орнатып кетті. «Өмірдің жалғасы үшін, тірлік гүлі күл болып қалмасы үшін қырғын мен қан –жосаны кешкен »,-деп ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай,батырлардың бірегейі-Әлия тұлғасы кейінгі буынға батыр қыз туралы жазылған ақын-жазушыладың әдеби туындылары арқылы жетеді.

Батыр қыз Әлияның ерлігі туралы жазылған шығармаларды оқушылар арасында дәріптеу арқылы баланың бойына потриатизм деген түсінік тез сіңіріледі.Әлия туралы қалам тербеген ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқи отырып жастарымыз патриоттық жағынан өз өмірлеріне рухани азық алады.Әлия тұлғасы –Бауыржан Момышұлы сияқы есімімен елді біріктірген өз ұлтының меншікті «Меніне» айналып кеткен тұлға.Сондықтан да батыр қыз Әлия тұлғасы бейнеленген ақын-жазушыларымыздың шығармаларының дені жастарға бағытталып,елін,жерін,халқын қастерлеуге,оларда азаматтың,кісілік,имандылық қасиеттердің болуын меңзейді.Олай болса менің бұл тақырыбым қазіргі таңда өзекті болып табылады.

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: Ақын жазушылардың шығармаларындағы батыр қыз Әлияның тұлғасы

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Әлия туралы қалам тербеген ақын - жазушылардың шығармаларын негізге ала отырып, өзіндік зерттеу, талдау жұмыстары арқылы Әлия образы танылатын батыр қыздың ерлігін, өрлігін таныту, қазақстандық идеологияны көтеретін хас батыр ретінде жан - жақты көрсету.

Зерттеу жұмысымның міндеттері:

  • Тақырып бойынша библиографиялық тізім құрастыру және кітапханада жұмыс істеу;

  • Таңдап алған тақырыптың негізгі мәселелері бойынша мәліметтер жинақтау,зерттеу журналына жазып отыру;

  • Тақырыпқа байланысты сұхбат,сауалнамалар жүргізу арқылы қойылып отырған мәселенің практикалық маңызын көрсету;

  • Әлия бейнесі әр бала үшін үлгі-өнеге екенін дәйектеу;

  • Өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде елін,туған жерін,Отанын сүюде батыр қыз Әлия тұлғасының,ол туралы жазылған еңбектердің маңызы зор екендігін көрсету;

  • Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыруда оқырмандардың қызығушылығын арттыруда Әлия тұлғасы бейнеленген шығармалардың рөлін насихаттау.

Зерттеу нысаны:Батыр қыз Әлия тұлғасы бейнеленген ақын-жазушылардың шығармалары зерттеу жұмысы барысында мен Әлия туралы қалам тербеген Ф.Оңғарсынова,Т.Молдағалиев,С.Жиенбаев,Ә.Оралбай,С. Асқаров, Ж.Жұмаханов, Ғ. Бейдербес тағы басқа ақын-жазушылардың еңбектерін оқыдым.Баспасөз материалдарымен таныстым,интернет желісінен біраз материалдар таптым.Оқушылар арасында тақырыбым бойынша тәжіриебелік жұмыс жүргіздім.Зерттеу журналын жүргіздім. Зерттеу жұмысым екі тараудан, кіріспе,қорытындыдан тұрады.













































Зерттеу бөлімі

Бірінші тарау: Ақын жазушылардың шығармаларындағы батыр қыз Әлияның тұлғасы

2.1.1. Батыр қыз Әлия Молдағұлова туралы қалам тербеген ақын-жазушылар

Еліміз тәуелсіздік туын көтеріп,оңы мен солын тани бастаған шақта, дәуірлер алмасып, құндылыктар таразыға түскен кезде,халық жадындағы кейбір тұлғалардың тіріліп, кейбіреулерінің өшіп жатуы-занды құбылыс. Бірақ бір нәрсе өшпейді. Ол ерлік ізі. Ерлік елдің рухын асқақтатып, айбынын асырады. Тарих көшіне миллиондардың атын шығаратын бірегей біртуар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар. Халқымыздың басынан кешкен сан қилы кезеңдерінде уақытына сай алыптар туып отырған. Олардың ортасында батырлығымен әлемді таң қалдырған Әлияның тұлғасы бір бөлек.Әлия туралы ерлік пен өнегеге толы шығармалар көптеп саналады,солардың қатарында:

Деректі шыгармалар:

Жұмақанов Жекен «Әлия Молдағұлова» ,Семен Синицкий «Белые ночи», Никифирова Екатерина «Снайперы»,Асқаров Сейілхан «Әлия»,Никифорова Екатерина «Рожденная войной»,«Өшпес даңк» ,Ұзақбай Қауыс, Ғалымжан Байдербес. «Әлия ғасыр аруы» , «Әлия наша гордость»,Ұзақбай Қауыс,

1 алымжан Байдербес «Девушки ставшие легендой»

Поэмалар:

Хемевский Яков « Әлия жүрегі»,Сатыбалдин Қапан «Әлия»,Жиенбаев Сағи «Әлия»,Молдағалиев Тұманбай «Әлия әпке»,Оңғарсынова Фариза «Тыңдандар тірі адамдар»,Ашықбаев Ертай « Гүл-ғұмыр»,Деркаченко Костантин. «Здравствуй. Әлия!»,«Алия -Маншук», Әлия туралы поэмалар мен өлендер (орыс тіліне аударған Амантай Өтегенов),Аймаханова Гүлсамал, «Қызғалдақ ғұмыр Әлия» [1]

Повестер:

Жұмаханов Жәкен. « Әлия Молдағұлова», «Әлия әні»Нұрмаханова Әзиза. «Шығыс шынары»,Оралбай Әмір. «Әлия»

Пьеса:

«Колыбельная для Адама».Әкім Тарази.

Өлендер:

Аманжолов Қасым «Әлия қыз», Хакімжанова Мэриям. «Батыр қыз» , Бердияров Тоқаш «Әлия»,Мәуленов Сырбай. «Әлия мектебінде», Молдағалиев Жұбан «Әлия», Бұғанбаева Қанипа. «Батыр қызға» Серікбай Байбота», Роза Рымбаева. «Әлия» Құрманалин Мұхтар. «Әлия ескерткіші жанында», Жақсылық Айжанов «Әлия даңғылымен қоштасу», Жанна Елеусізова «Әлия туралы жыр», Сағындық Ниянқұлов. «Әлия туралы жыр».

Жоғарыда көрсетілген ақын- жазушылардың шығармалары көпке танымал ,

Әлияның бейнесін аша түсетін, өз оқушыларына жол тартқан дүниелер.

2.1.2. Әлия тұлғасы –деректі шығармаларда

Қазақтың қаһарман қыздарын жазушыларымыз бен ақындарымыз жырға қосты. Олар туралы жазылған өлеңдер, поэмалар көп. Алайда олардың әдеби портреті ең әуелі көркем очеркте жасалған еді. Ал бұл очерктердің дені соғыс сұрапылы үстінде туды. Әлияның көзін көрген майдангер жазушы Жекен Жұмахановтың «Майдан дәптерінде» адам өлтіру түгілі тауық өлтіріп көрмеген» қайсар да нәзік қазақ қызының не себепті « көзі жасты,көңілі бос бола тұра шортынан қайтып, белді берік байлап, солдат болғаны» айтылады. Әлиямен арнайы іздеп барып сөйлескен сұхбатында мерген қыз жазушыға жаудың жауған оғынан тас-талқаны шыққан Ленинград туралы,өртеніп, күлі көкке ұшқан балалар үйлері,мектептер, балалар бақшалары туралы,өртеніп жатқан үйлердің бірінен жүгіре шыққан 9-10 жастар шамасындағы Володия деген бала туралы айтып береді. Сол әңгіменің ауанына ойыссақ, Володияны жетегіне алған Әлия дамылсыз жүгіріп келе жатқанда аспан гүрілге толып, бомба сол маңның астан кестенін шығарады. Володия қайтыс болады. Володияның сүйегін көтеріп жүрген сол сағаттарда мен қатаң бір мектептен өттім. Сол күні түнде ұйқы көргенім жоқ, қол-аяғы былқ сылқ етіп. телмірген ай сәулесінде жаткан Володия көз алдымнан кетпей қойды, қаланы кезіп кеттім де, военкомат атаулының бірін тауып алып арыз еттім «Мені майданға жіберініз, жауды көбірек құртатын жұмыс тапсырыңыз» деп жаздым, солай деп айттым, солай деп жыладым. Военкомның алдынан кетпей қойдым, көз алдыма мөп-мөлдір көздері жайнап, Володия тұрып алды,-дейді Әлия. [2]

Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы да бірсыпыра очерк бар. Соның ең көлемдісі әрі ең тәуірі Жекен Жұмахановтың «Әлия» атты туындысы. Жекен кешегі қаһарлы күндерде Әлияны әскери тілші бола жүріп, майданның алғы шебінен көрген, онымен ауызба - ауыз сөйлескен, атыс позициясында мергендік өнеріне тәнті болған. Жазушы өзінің сол бір тұста көргендері мен алған әсерлерін очерктің композициялық құрылысына әдемі қиыстырып, Әлия ерлігінен үлкен сыр шертеді. [3]

Қиыншылыққа мойымайтын, соғыс дүлейіне төтеп берген, фашист жендеттерге тіл тартқызбай, «құралайды көзден атқан» мерген қыздың атқан оғы мүлт кетпейді. Тамаша атқыштығы үшін Әлияға комсомолдың Орталық Комитетінің арнаулы винтовкасы сыйлыққа беріледі. Бұл винтовкамен қазақтың батыр қызы 28 фашистің көзін жояды. Ж.Жұмаханов очеркінде Әлияның өжеттігі мен қайсарлығы көркемдік нақышпен оқушысын баурап алады. Очеркист бір уақыт Әлияның соғыстан бұрынғы албырт жастық шағын, туған - туыстарын әңгімелеп, ағалары Әубәкірмен, Бейсебаймен, сіңлісі Сафурамен жазысқан хаттарынан үзінділер келтіреді. Ал бұл хаттар батыр қыздың жарқын образын толықгырып, тұлғаландыра түседі. Советтің белгілі жазушысы Владимир Ставский мен ақын Яков Хелемскийдің Ә.Молдағұловаға жолығу сәттерін бейнелейтін көріністер де қызықты. В.Ставскийдің Әлия туралы повесть жазбақ ойы болса керек, бірақ Ұлы Отан соғысында қаза табады. Ал Я.Хелемский 1944 жылы «Әлияның жүрегі» деген поэма жазып, майдандық «Суворовшы» газетінде жариялайды. [4]

Әлия Молдағұловаға арналған ендігі тәуір очерктің бірі - Мұқан Иманжановтың 1944 жылы жазған «Шығыстың шолпаны» деген очеркі. Қазақ қызының ерлігін, үлкен жүрегін, батырлық өлімін жазушы Әлияның майдандас досы Надя деген орыс қызының хаты арқылы суреттейді. Осы арада М.Иманжанов соғыс кезінде тылда еңбек етіп жүрген қазақ қыздарына арнай сөз сөйлеп, оларды Әлияның қаһармандығының үлгі алуға, оны өнеге тұтуға, оны мәңгі есте сақтауға шықырады. Мұқан очеркінде публицистикалық саз бен лирикалық толғау бір арнада астасып жатады. «Қарындас, міне сенің алдыңда жиырма жасар бауырың Әлия тұр. Жүзі ызғарлы, жүрегі кекті. Қолында мергендер мылтығы, үстінде әскер киімі, басында сұр пилотка. Ол кеше ғана асыр салып ойнап жүрген бала еді. Енді ержетіп, солдат болған, ойы да, бойы да қабат өсіп толысқан. Ол қабаған қарс жауып батысқа қарайды. Қасиетті қаруымен жауды көздейді. Оның атқан оғы мүлт кетпей, жауын элсін - әлсін жұлып тұр. Бірақ кескініндегі торланған ызғар, кек тарар емес. [5]

Неге кекті, неге ызалы Отанның жас сұлуы? Қүрбысы Баубек айтқандай: жастық оған бір-ақ рет берілген жоқ па! Сол жастыққа оқ атып тұрған дұшпанға оның кегі қалай қайнамасын! Онда үлкен арман бар еді. Сол арманына жетудің жолы да аян еді оған. Осы арманын орындауына гитлершіл жауыздар қырсығын тигізді де, оны кектендірді. Оның кегі жау ақтық жеңілгенше тарқамайды!» Міне, осындай түйдек - түйдек ой кестесі оқушының жан дүниесін толқытып,жүрегін елжіретеді.

2.1.3. Даланың текті қызы Әлия ақын Фариза Оңғарсынованың «Тыңдандар тірі адамдар» атты поэмасында.

Фариза Оңғарсынованың «Тыңдаңдар,тірі адамдар» атты поэмасында қазақтың батыр қыздары Мәншүк пен Әлияның бүкіл адамзатқа,бүгінгі ұрпаққа қарай үн қатқан жан дауыстары бар.Бұл дауыста өмір философиясы, өмір ләззаты ,сүлулығына ғашықтық, туған жер мен отанға махаббат,уақыт пен дәуірдің барлық қаралы жақтары, адалдық пен жауыздықтың күресін терең ұғыну сезімдері жинақталған. Поэмада ең басты нәрсе сол- ол қаһарман қыздар жүрегінің әрқашан «Отан» деп соғуы. [6]

Отан деген бір-ақ сөз, жалғыз ұғым

- махаббат та, арым да бар қызығым

- қасиетті ұғымдар санадағы

- бәрі-бәрі сол сөзден таралады.

Жанар онсыз жаныңа күлкі үйірмей,

етек-жеңі бөлінбес бір киімдей,

Ұялаған бір сезім Туғанда ана

- Отан жалғыз Күн Жердей тұрған дара

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!