Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба; Таяу жылдардағы міндеттер 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқу орны: А.С.Макаренко
атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебі
Батыс Қазақстан облысы, Орал
қаласы
Жұмыстын авторы: 9 «Г» сынып оқушысы Шиязова Шолпан
«Таяу жылдардағы
міндеттер»
тақырыбындағы ғылыми жоба
Бағыты: Әлеуметтік ғылымдар
Жетекшісі: Жанкарина Гульниса
Урашовна,
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі
Секциясы: Тіл білімі
Орал қаласы,2018
1. Кіріспе бөлім
Жоба
мақсаты: Өзіміздің тарихымызды сақтап қалу үшін жастарды мәдениетке,
ежелгі жазуымызды үйренуге шақыру. Әдебиет тілін өркендету және
халқымыздың ерте кезде қолданған графикаларын келешек ұрпаққа
дәріптеу.
Жоба
міндеті: Қазақ тілін біртіндеп латын
әліпбиіне көшіру жұмыстарын кеңінен насихаттауға үлес
қосу.Латын әліпбиіне көшірудегі өз
сараптамамды жасау.
Елбасы латын әліпбиіне өту туралы Жарлыққа
қол қоя отырып, болашаққа үлкен әрі нақты қадам жасап отыр. Бұл
біздің, ұлтымыздың рухани кодексі десек те болады. Бұл Елбасының
бастамасы мәні зор, келешектің бақытты көрінісі, мақтанатын нәрсе.
Латын ол қазіргі жаңа технологияның, ғылымның, тіпті әдебиеттің
тілі.
Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен
зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан
мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру.Себебі жазу
– белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік
болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің
таңбаланған жәдігері деп білем. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін,
ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін
маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс деугеде болады.Жазу арқылы
өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол –
ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір деуге
келісемін.Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің
барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне,тіпті,
әлеуметтік психологиясына әсер етеді деп
сенемін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін
біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз
бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен
қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият
дайындалдық» деп айтқан
еді.
Латын тіліне ауыстыру қазақстандықтар үшін
кенеттен туындаған мәселе емес. Бұл мемлекеттің мақсатты түрде және
кезең-кезеңмен бет алған бұрыннан мәлімделген
мақсаты.
Елбасы
2012 жылғы желтоқсан айында
жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап
латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдегені туралы
оқып білгем.
Бұл - біз латын қарпіне
көшуді бастаймыз деген сөз. Осы кезде қазақ халқының көне
мақалдарының бірі есіме түсуде «Елу жылда ,ел жаңа »
деген. Енді ел болып,бәрінен де ауқымды және іргелі
жұмыстарды бастағалы отырмыз
мәлім. Яғни, 2025 жылға қарай іс
қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын
әліпбиімен басып шығады дегенге менің сенімім
мол.
2. Зерттеу бөлімі
2.1.Латын әліпбиіне көшу
мәселесі
Латын әліпбиіне көшу мәселесі неғұрлым
дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарау керек және оған
кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері күн мәселесінен түспегені
анық.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық
Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби –
«Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын
әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға
дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13
қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы
негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың
басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының
ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген
«төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын
графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан
бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды
қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші
тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның
тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет
Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да
себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш
қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге
таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады.Қазақ
елі үшін бұл латын әліпбиіне көшу мәселесі өз шешімін дұрып тауып
отыр едеп өз ойынмды анық айта
аламын.
2.2.Латын әліпбиін насихаттау жұмысына үлесді қосу
Іздену барысында мұражайларға барып, ежелгі ата-бабаларымыздың жазып қалдырған көне жәдігерлерін тауып, оларды оқығым келеді. Сондай-ақ, өз ұсынысымды айтар болсам:
Баспасөз беттеріне, яғни
газет-журналдарға, әсіресе, балаларға арналған басылымдарға араб,
латын әліпбилерін енгізсе дегім келеді. Мысалы жергілікті
басылымдар газет - журнал редакторларымен болашақта жүздесіп,
газеттің,журналдардың соңғы бетіне қосымша айдар қосып, араб, латын
әліпбилерін енгізіп, материалдар басып отырса, жастар қызығушылық
танытар ма еді? – деген ұсыныс жасағым келеді. Жергілікті
басылымдарға арнайы «Араб графикасын үйренейік», «Латын әліпбиін
үйренейік» деген айдарлармен мақалалар жарық көрсе, жастар ол
басылымдарды асыға күтер еді.
Көшедегі жарнамаларды қазақша,
орысша, латынша жазса... Адамдардың көздері де үйреніп, өз
беттерімен үйрене бастар еді дегенде ой
келеді.
Сонымен, төте жазу графикасы мен латын
әліпбиін насихаттау арқылы ата-бабамыздан қалған мұрамызды
кейінгіге паш еткім келеді. Болашақта латын әліпбиіне көшеміз деген
Елбасының сөзін қолдай отырып, қазірден бастап әліпбимен танысып,
оны өзімізден кішілерге үйрете бастауды өз міндетіміз деп білемін.
Биылғы оқу жылында біздің мектепте өте көп жұмыстар атқарлуда.
«Латын графикасы» атты бұрыш ұйымдастырылды.
А. Байтұрсынов атамыздың жасаған «төте жазу» графикасын меңгертеміз
деп жоспарлап отырмыз. Себебі, төте жазу графикасы латын
графикасына қарағанда қиындық келтіреді. Бір әріптің өзінің төрт
түрлі көрінісі болады. Сөз басы, сөз ортасы, сөз соңы, жекеше. Бұл
тақырыппен, әрине, биыл бірінші рет жұмыстанып жатырмыз. Болашақта
бұл ізденіс жұмысымызды әрі қарай
жалғастырамыз.
Достарымның ойлары.
Альбина, латын әліпбиіне
көшуге не негіз болды?
-
Президент «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты
мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуін
бастама етіп көтерді. Бұл ретте, латын әліпбиіне көшудің негізінде,
бір жағынан, терең тарихи логика, ал екінші жағынан, Қазақстан
дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі, қазіргі ХХІ ғасырдағы
ғылым-білім беру процесі үшін маңызы зор әлемдегі технологиялық
орта және коммуникация ерекшеліктері жатыр деп
ойлаймын
Абдрахманова Шолпанның
ойы
- Н.Ә.
Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ
жазуын латын графикасына көшіру тақырыбын нақтылай келе, мамандар
мен Үкіметтің алдына мынадай міндеттер қойғаның білемін: 2017
жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай
стандартты нұсқасын қабылдау. 2018 жылдан бастап орта мектептерге
арналған оқулықтар
даярлау.
Қазақ
тілін латын қарпіне көшірудің нақты кестесін әзірлеу. 2025 жылдан
бастап ісқағаздарын латын қарпінде жүргізу, мерзімді баспасөзді,
оқулықтар мен басқа басылымдардың барлығын латын қарпінде басылу.
Қазақ жазуын латын графикасына көшіру біздің әлемдік өркениетпен
ықпалдасуымызға, ағылшын тілін және интернет тілін үйренуімізге
жағдай жасайды.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамын. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр. Менің өз ойымды қорыта айтар болсам,барша қазақстандықтар және достарым біз жас ұрпақ үшін жасалып жатқан осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін.
Мазмұны
1. Кіріспе бөлім
2. Зерттеу бөлімі
3.Латын әліпбиіне көшу
мәселесі
4.Латын әліпбиін насихаттау жұмысына үлесді қосу