Материалдар / ғылыми жоба: Тыыйым сөздердің пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ғылыми жоба: Тыыйым сөздердің пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың құндылығы тыйым сөздерді жаңғырту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Тамыз 2024
166
0 рет жүктелген
9900 ₸
Бүгін алсаңыз
+495 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +495 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Түркістан облысы Сайрам ауданы

7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебінің

5- сынып оқушысы

Муйдинова Рабияхон Мухаммадовна

Ғылыми жоба жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пирманова Гульмира Алтынбаевна

Тыйым сөздердің пайдасы

«Саналы ел салтын сақтар»

Халық мақалы

«Саналы ел салтын сақтар» деп қазақ халқы айтқандай қай кезеңде өз ата – баба салтымызды бала күнімізден бойымызға сіңіртуіміз қажет. Ата – бабамыз айтқан тыйым сөздердің алатын орны ерекше. Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының тыйым сөздерінің орны ерекше. Өйткені оларды халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Сондықтан да бүгінгі жас буын ұрпаққа тыйым сөздің мағынасын түсіндіре отырып тәрбиелеудің маңызы зор деп есептеймін.

Қазіргі таңда жаңа заман үлгісіндегі киноларды, мультфильмді көру арқылы оқушылар әртүрлі шетелдік әртіске еліктеуде, іс – қимылын жасауда. Ол нәрсенің бәрі қазақы салт – дәстүрімізге қайшылықта екенін балалар түсінбеуде, одан да тыйым сөздер жаттату, бойына сіңіру арқылы үйретуіміз қажет.

Яғни, қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Тыйым сөздерді мектеп дейінгі балабақшадан жеңіл түрін, бастауыш сыныпта шамасына қарай болса, жоғары, арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарында оқытып, мағынасын түсіндірудің маңызы зор. Балалар тыйым сөздерді жаттау арқылы жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, қызғанушылық, күндеу сияқты теріс мінездерден сақтанады, тәрбиелік мәнін біледі деп түсінемін. Қазіргі уақытта балаларға «болмайды» деп жай ғана ескерткеннен гөрі, тыйым салынған нәрселердің тақырыптарын ашып түсіндіргенде ғана бала ойында жақсы сақталып қалады. Мысалы, мен алтыншы сынып оқимын. Мен мұғаліммен бірге қызығып, зерттеудемін. Неге? Мен бұл тақырыпты алдым. Себебі, менің сыныптастарым бұзық жасағанда қазақта осындай тыйым сөз бар десем, ол не? деп түсінбейді. Сондықтан апайыма айта отырып, осы тақырыптың ерекшелігін зерттейік деген ойым болды. Мен тыйым сөздер туралы кішкентайымнан ата – анам жұмысқа кеткен уақытта әжем басқа ұлт өкілі болса да, үнемі тыйым сөздер мағынасын түсіндіретін. Әжемнің айтқан әрбір тыйым сөздері мектепке бармаған менің ойымда ауызекі сөз арқылы жатталып қалды. Әжем осы тыйым сөздер кітаптан оқымай – ақ жатқа айтып отырады. Біз жасаған әрбір бұзықтықтан кейін тыйым сөзді айтып, бізге қайталататын. Қателігімізді өзімізге түсіндіріп, айтқызатын. Әрбір бала үйінде тыйым сөздер айтатын әже бар ма? Әрине, жоқ. Менің сыныптастырымның көбісі кішкентайынан балабақшаға барған балалар. Ата – аналарының оларға тыйым сөз айтатын уақыты бар ма? Уақыты жоқ. Сондықтан, мен тыйым сөздерге тоқталуға мектепке дейінгі білім ордасында күнделікті бір сағат оқыту қажет деп ойлаймын. Осы ғылыми жұмысты зерттеуімнің МАҚСАТЫ: Тыйым сөздер мағынасын кең көлемде зерттесем, оқушыларға бойында жақсылық жетелейтін жол екенін түсіндірсем, сонда түрлі зұлымды, жаманшылықты жасамауға бағыттасам деген ой туындады. Тыйым сөздер түрлі өте көп. Олар: Адамның іс – әрекетіне қатысты тыйымдар; Әйелге қатысты тыйымдар; Балаға қатысты тыйымдар; Бесікке қатысты тыйымдар; Жол жүруге қатысты тыйымдар; Пышаққа қатысты тыйымдар; Киімге қатысты тыйымдар.

Бұл тыйым сөздердің ішінде оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, тәртіптілікке, байырмалдылыққа тәрбиелейтін тұстары өте көп. Қазақ халқы ұрпағының тәрбиесіне аса мән берген. Баланың жаман әдетті бойына сіңірмей өсуіне, адал азамат болып ержетуіне мектептің орны ерекше. Қазақтың кез – келген баласы обал - сауапты жасынан түсінген. Қазақ баласы кішкентайынан айналасына қолғабысын тигізіп, үлкеннің сөзін екі етпеуге дағдыланған. Үлкендеріміз баланы ұрып – соғып, ұрсып – зекіп емес, жолсілтеп, жөн көрсетіп тәрбиеленген. Үлкеннен өнеге көрмеген балада ұлағат болмайтынын ғасырлар бойы ұрпағына қалыптастырып кеткен. Сондықтан мектеп қабырғасында жүргеннен бастауыш сынып оқушыларынан бастап тыйым сөзге мән беруге көңіл бөлуіміз керек.Әр сабақ барысына тыйым сөздер ендіру арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға болады. Яғни, сыныпта, сабақ барысында оқушы жаман қылық жасаған уақытта «сөйтпе - бүйтпе» дегеннен гөрі, астарлы мағынасын түсіндіру қажет. Сыныпқа кірген оқушы есікті керген болған жағдайда, ол жамандық шақыратынын есік керу ұрыс, жанжал болатынның белгісі екенін кең түсінген жағдайда бала екінші жолы қайталамайды. Менің ойымша, оқушыларға мектепке дейінгі балабақшалар да, мектепте, арнаулы және жоғары сынып оқушыларына тыйым сөздер сабағаптасына бір рет жүрсе, қазіргі уақытта болып жатқан түрлі жамандық істерге оқушылар бармас еді деп ойлаймын.

Тыйым сөздер туралы оқытылса, мынадай нәтиже береді деп ойлаймын.

  1. Оқушылар бойында тыйым сөздер туралы ой қалыптасады;

  2. Үлкенге ізет көрсетуге, кішіні құрметтеуге қалыптасады;

  3. Бір – біріне озбырлық жасаудан аулақ болады;

  4. Біреудің ала жібін аттауға, алдап арбауға қарсы болар еді;

  5. Болашағын ойлайтын, қастандықтан аулақ болар еді.

Қазіргі уақытта жас буын өкілдері тыйым сөздерді «мынау жаман» немесе «ескіліктің қалдығы», «ескі салт- ғұрып» деп түсінеді. Ол түсінікті жойып, одан бұл біздің ата – бабаларымыз ғасырлар бойы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Сол тәрбиенің арқасында ұлағатты ұстаз да, білімді ғалымда, білікті дәрігерді де, жоғары білімді әртүрлі мамандарды да тәрбиеленген. «Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа» деген тыйым сөзде үлкен мән жатқандай. Өйткені, қазіргі жастарымызға ата – бабамыздың қорғап, қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан туған жерімізді қорғау, өзге дінге еліктемеу секілді тәрбиелік шаралар жеткіліксіз тәрізді. Қазіргі жастарымыз басқа дінге еліктеп, ұлтың сатып, басқа елге кетуде. Ол жастарымызды ата – бабамыздың бізге мұра еткен ата салтымызды ұстанып, дінімізді құрметтеуге шақырғым келеді. Елімізді қорғайтын азаматтарымыздың бойына ұлттық болмысымызды сақтауға, адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалауға, өз Отанымызды құрметтеуге тәрбиелеуде тыйым сөздерді көбірек пайдаланғанымыз жөн. Сонда ғана болашақ ұрпақтарымызға ата – бабамыздың қасық қаны қалғанша қорғап келген жерімізді, дінімізді салтымызды, ауыз әдебиетімізді келесі ұрпаққа мұра етіп қалдыра аламыз деп ойлаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!