Материалдар / Ғылыми жоба:Мал терісінің тұрмыста қолданылуы және ешкі терісінен мес дайындау жолы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба:Мал терісінің тұрмыста қолданылуы және ешкі терісінен мес дайындау жолы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына ғылыми жоба жазуға үлгі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2021
942
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Кәукей ауылы

225 орта мектеп





Жоба авторы: Бақытқызы Еркесылқым


Сыныбы: 4 сынып


Тақырыбы: Мал терісінің тұрмыста қолданылуы және ешкі терісінен мес дайындау жолы.



Бағыты:



Секция:



Жетекшісі: Құрманбаева Асима






2020-жыл

Мазмұны

І Кіріспе

    1. Қазақ халқының мал терісін тұрмыста қолдану тарихы

ІІ Негізгі бөлім

Теориялық бөлімі

    1. Теріден жасалатын бұйымдар

    2. Месте сақталатын сүт өнімдерінің қасиеті

Зерттеу бөлімі

    1. Ешкі терісінен мес ыдысын дайындау жолы жайында Құрманбаева Асима апаймен сұхбат

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер























Аннотация

225 орта мектептің төртінші сынып оқушысы Бақытқызы Еркесылқым «Мал терісінің тұрмыста қолданылуы және ешкі терісінен мес дайындау жолы» атты ғылыми-ізденіс жұмысы төрт түліктің адам үшін қызметінің бағалы екенін, қазақтың– күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстылығын жақсы келтірген.

Оқушы ғылыми жұмыста ешкі малының және терісінің қасиеті туралы мәліметтер мен оның тұрмыста қолданылуы жөніндегі жұмысын жақсы жазып шыққан.

Өзіндік зерттеу жұмыстарын жасап, әрі нақты дәлелдермен тұжырымдап, дәйектеген. Сонымен қатар, ғылыми жұмыста месті әзірлеу жұмысын талдап, жазып шыққан.

Бақытқызы Еркесылқымның ғылыми жұмысына жоғары баға бере отырып, байқауларда қорғауға лайық деп есептеймін.


























Бірде мен жеңгемнің ешкі сойып жатқан ағаларыма теріні тесіп алмай, дұрыс сой деп жатқанын естіп қалдым. Менде бір сұрақ пайда болды. «Ол теріні пышақпен кеседі, қалай тесіп алма деп жатыр, неге олай деді екен?»- деген сұрақтарыма жауапты жеңгемнен алмақ болдым. Жеңгем маған қазақтың ұлттық мес деп аталатын ыдысының осы ешкі малының оның ішінде серке терісінен жасалса мықты болатынын айтып берді. Менде осы ыдыс және онда не сақталатыны туралы ары қарай білуге деген қызығушылық болды. Ол қызығушылығымды жеңгем қолдап, ендеше зерттеу жұмысын жүргізейік деп ұсыныс білдірді, мен келістім. Осылайша жобаны бастап кеттім.

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының сан алуан түрлері бар. Солардың барлығы да адам игілігі үшін қызмет етуге бағыттылған. Мәселен, әйел адамдар киіз басып, тігін тігіп, ою-ойса, ер адамдар қару-жарақ, үй жиһаздарын, ыдыс-аяқ, әр-түрлі құрал-жабдықтар жасаған.

Зерттеудің өзектілігі:

Ата – бабамыздың тұрмыс-тіршілігінде ерекше орын алған мес ыдысымен танысу. Оның шығу тарихын, жасалу жолын зерттеу арқылы келешекте заманымызға лайықтап жаңғырту. Сол арқылы ұлттық салтымызды ұрпақтан-ұрпаққа өшірмей жеткізу.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қазіргі кезеңде – дәстүрімізді дәріптеп, қол өнерін дамытып, болашақта осы үрдісті үзбей, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ата-бабамыздың көне мұраларының бірі ешкі терісінен жасалған мес ыдысын дәріптеу. Оның шығу және жасалу жолына түсінік беру. Халқымыздың бай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау.

Зерттеу жұмысының міндеті:

-Мал терісін өңдеу жөнінде және ешкі терісінен жасалған мес ыдысы жайлы мәліметтер жинақтау;

-Ешкі терісінен жасалған местің жасалу жолын зерттеу;

Зерттеу жұмысының жаңалығы:

Жас буынға күнделікті тұрмыста мес ыдысын қолданудың тиімділігін ұсыну.

Қазақ халқы ерте замандардан бері мал терісін тұрмыста қолданудың ретін білген. Себебі негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы болғандықтан етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнін киім-кешек тігуге, тұяғы мен мүйізін, сүйегінен әр-түрлі бұйымдар әзірлеп тұрмыста пайдаланған. Малдың тіпті тезегінің өзін отын ретінде пайдалаып отырған.

Ертеден-ақ тері өңдеу кәсібі қол өнершілер арасында жетекші кәсіп болғаны мәлім. Теріні илеп және оны әр-түрлі түске бояп, одан түрлі бұйымдар жасаған. Қазақ халқы көбіне теріні илеп пайдаланған. Ал, иленбеген ірі қара малдың терісін шылғи тері, шылғи қайыс деп атаған. Шылғи қайысты пайдаланудың екі түрлі жолы бар. Бірі оның жүнін сылап тастап пайдалану болса екіншісі терінің жүнін сыламай ақ пайдалану. Иленбеген жүнді теріден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып қауға, мес, дорба, шарқай т.б заттар жасаған. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ жасалады. Мал терісін малма әдісімен илеген. Малма дегеніміз – үлкен ыдысқа ашытқы ашытып, теріні соған салып илеуді айтады. Боялған терілерден әдемі киімдер, тұрмыста қолданылатын әдемі заттар жасалады. Әбден иуі қанған теріні тазартып, уқалап, созғылап, жұмсартады. Иі қанған тері ақ түсті, әрі жұмсақ болады. Олардан бас киім, жаға т.б тігуге болады.

Көшпелі қазақтың өмір сүруінің негізгі арқауы болған мал – мінсе көлік, ішсе-сусын, жесе-тамақ, кисе-киім болған. Мал тағамдарын сақтау үшін халық шеберлері саба, мес, торсық сияқты ыдыстарды жасаған. Мұндай ыдыстарды талғампаздықпен өрнектеп, оның көркемдік сапасына да ерекше мән берген. Біріншіден тері илеуге арналған сұйық зат мал өнімі қажет. Екіншіден сүт қышқылы қажет. Тері илеуге арналған сүт қышқылын сиыр малынан алған. Халық шеберлері ежелден-ақ сүт құрамында химиялық құбылыстарды іс-жүзінде жақсы меңгеріп, тұрмыстық қажеттілікке пайдалана білген. Мал терісі бастапқыда созылмалы болады. Созылмалы теріден әр-алуан формада: шар, үш бұрыш, төрт бұрыш т.б. үлгіде ыдыстар жасауға болады. Ең бастысы халықтың көшпелі тұрмысына өте тиімді болған. Шыны және фарфор ыдыстарға арнап теріден кесе қаптар жасаған. Теріден жасалған әрбір бұйымның да сапасы өте керемет болған.

Қазақтың ауыз әдебиетінен бізге жеткен мынадай бір өлең жолдары бар:

Шешеміз тері илейді тон болсын деп,

Кереді пұшпақтарын мол болсын деп.

Өлеңді ақындықпен біз айтамыз,

Айтамыз кейінгіге жол болсын деп, - бекер айтылмаса керек. Сол бағзы заманнан жалғасын тапқан теріні тұрмыста кәдеге жарата білген шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау берген. Мысалы ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылғандықтан, соған қарай: сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы-жондық, қабырғалық, үйектік, пұшпақ, мойын деген бөлңктерге бөлінеді. Жылқы терісі: бие терісі, жабағы және құлын терісі болып үшке бөлінеді. Түйе терілерін: атан терісі, бота терісі деп екіге бөледі. Қой терілері: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ тері, сеңсең тері, елтірі тері, мари тері, жылбасқа деп бөлінеді. Ешкі терісі: жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, мари терісі деп бөлінеді.Ешкі терісі өте төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киімдер, бөстек, тулақ, торсық, саба, мес, қапшық жасалынады.

Теріден жасалатын бұйымдар:

Бөстек – адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш.

Мес – қымыз, шұбат, айран, іркіт, сүзбе сияқты сүт тағамдарын құюға арналған ыдыс.

Көнек – шикі теріден тігілген бие саууға арналған шүмекті ыдыс. Онымен бие сауғанда бауын білекке іліп, түбін тізеге тіреп, биенің мінер жақ санын қос қолмен қаусыра құшақтап сауады. Өте жеңіл болады. Қаңылтыр ыдыстардай қаудырламайды. Көнекпен сауғанда мал мазасызданбай, жақсы иіп, сүтті мол береді.

Торсық – қымыз, шұбат, айран т.б сүттен жасалған сусындарды сақтап, тасымалдайтын шылғи теріден жасалған ыдыс. Оны түйенің, сиырдың, жылқының жон, сауыр терісінен тігеді.

Саба – қымыз, қымыран, шұбат ашытуға арналған, қам теріден бес қиық етіп пішіліп, тігілген ыдыс. Сабаны көбінесе жылқының жон терісінен тігеді.

Тымақ – мал терісінен тігілген жылы қыстық бас киім.Биік төбелігі, маңдайы, екі құлағы бар.

Құлақшын – аң терілерімен бұзау, құлын, қозы-лақтың бұйра терісінен тігіп киетін қыстық бас киім.

Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігілетін қолғап.

Бөрік – сырты мақпал, пүліш, барқыт тәрізді қымбат маталардан жасалатын бас киім. Жиегіне қымбат бағалы аң мен мал терісі салынып тігіледі.

Білімдар этногроф Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің қол жазбалар жинағын «Мес» деп атаған екен. Демек ұлт ұғымында мес-толу, жинау мағынасын білдіретіндігінің дәлелі болса керек.

Мес – қымыз, шұбат, айран, сүзбе т.б сусын құюға және сақтауға арналған ыдыс. Ол бітеу сойылған ешкі (серке) терісінен жасалады.

Адам ағзасына сүт өнімдерінің 95-98 пайызы сіңеді. Сүт өнімдерінің құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальциді, А, В2, В1, Е, Д, С дәрумендерін сондай-ақ көптеген басқа қоректік заттарды жеткізетіндігін білеміз. Ал месте сақталған сүт өнімдерінің қасиеті ерекше болады. Біріншіден бұзылмайды, екіншіден өте жақсы дәм береді. Тамаққа қосқанда тәбет ашады, астың құнын арттырады.

Ешкі терісінен мес ыдысын дайындау жолы жайында Құрманбаева Асима апаймен сұхбат транскрипциясы.

Зерттеуші сұрақтары

Асима апайдың жауаптары

Сәлеметсіз бе? Ешкі терісінен мес әзірлеуіңіздің сыры неде? Ол не үшін қажет?















-Рахмет апай сұхбатыңызға!

Мес былай жасалады: серке терісін сойып, жылылай терінің ішіне сілтіге жылы су араластырып, құямыз. Сілті деп отырғанымыз – сексеуілдің ұшар басындағы шырпысы. Сол шырпыны жинақтап алып, оны өртеп, суытып, алдын ала дайындап аламыз. Жаңа сойылған терінің төменгі жағын жақсылып буып байлайды, ішіне сілті құйылып болған соң аузы байланып, жылы ошақтың жанына қойылады. 8-10 күн шамасында сілті құйылған терінің сыртындағы жүндер қурап түсіп қалады. Жүні түскен терінің ішіндегі сілтіні төгіп тастап, іші-сырты жақсылап тұзды сумен жуылады. Жуылып кептірілген теріні далалы жерден жиналып алып келінген «ит сигек» деп аталатын шөпті өртеп соның түтініне ыстап алады. Ысталған теріні қайтадан айранның сары суына екі-үш күн салып қояды. Айранның сары суына екі-үш қайтара жуылып кептіріледі. Дайын болған меске салынған сүт өнімдерін қыс бойына бұзып алмай сақтауға болады. Қазіргі заманғы тетра пакеттелген және консервіленген өнімдерден әлде қайда артығырақ. Тіпті тоңазытқыш іздеп керегі жоқ. Ішіндегі өнім еш бұзылмайды.

-Рахмет.


ІІІ Қорытынды

Сөзімді қорытындылай келе айтарым көшпелі ата-бабамыздың төрт түлік мал терісін тіршілік көзі деп есептеп, одан тұрмысқа қажетті көптеген бұйымдар әзірлегенін білеміз. Айтылып өткен бұйымдардың барлығын да күнделікті өмірде көрмесек те мұражайлардан көріп жүрміз. Алдағы уақытта жас буынға, теріден жасалған бұйымдарды насихаттап, пайдалылығына, беріктігіне көздерін жеткізу үшін жұмыс жасаймын. Әрі қазақтың шеберлерінің қолынан шыққан төл туындыларының бірі мес ыдысын қазіргі заман талабына сай әзірлеп, әлем жұртшылығына насихаттамақ ойым бар.



Менің ұсынысым

  1. Қазақтың тері өңдеу ісі алға жылжып, тері бұйымдары кеңінен тараса

  2. Теріден жасалатын мес ыдысын заман талабына сай әзірлеп, төл туынды ретінде шет мемлекеттерге насихатталса

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!