ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОРОДУЛИХА АУДАНЫ БІЛІМ
БӨЛІМІ»ММ
«МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА
МЕКТЕП»КММ
Ғылыми жоба
тақырыбы:
«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
ЖЕТІЛДІРУДЕГІ СӨЙЛЕСІМ ДАҒДЫЛАРЫ»
БАҒЫТЫ: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы
бар
саяхат маршруттары»
СЕКЦИЯСЫ: Тіл білімі
ЖОБА
АВТОРЫ: 10-сынып оқушысы
Манасбаева Зауреш Руслановна
ҒЫЛЫМИ
ЖЕТЕКШІ: Барбосынова Қарлығаш
Түркістанқызы
Сәрсен Аманжолов ат. ШҚУ, Қазақ, орыс филологиясы
және журналистика кафедрасының аға оқытушысы,
ф.ғ.м.
ЖОБА
ЖЕТЕКШІ:Аймуханбетова Мариям
Кабиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылы 2020
жыл
Мазмұны
Кіріспе
|
|
1
|
Тілдік қатынастың теориялық
негізі
|
|
1.1
|
Тілдік қатынастың анықтамасы,
ерекшеліктері
|
|
1.2
|
Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлесім әрекеті және
оның түрлері
|
|
Зерттеу бөлімі
|
|
2
|
Функционалды сауаттылық – білім сапасын
жетілдірудің негізгі бағдары
|
|
2.1
|
Тілдік қарым-қатынаста білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын арттырудың
маңызы
|
|
2.2
|
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын
жетілдіруде сөйлесім дағдылары тапсырмаларының алатын
орны
|
|
2.3
|
Мобильді технологиялар
арқылы қарым-қатынас
жүйесіндегі функционалдық сауаттылықтың
маңызы
|
|
2.4
|
Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру
жолдары
|
|
|
|
|
Қорытынды
|
|
Әдебиеттер тізімі
|
|
Аннотация
Зерттеудің мақсаты мен
міндеттері. Жұмысты жазудағы
мақсат – тілдік қарым-қатынаста
білім алушының функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі
еркшеліктеріне сипаттама бере отырып, функционалдық
сауаттылықты жүзеге асыру жолдарын айқындау.
Осы тұрғыда
мынадай міндеттерді шешуді қажет етеміз:
- Тілдік қарым-қатынастың
жүзеге асуына негіз болатын сөйлесім әрекеті түрлерінің
ерекшеліктерін айқындау;
-Білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын жетілдіруде сөйлесім дағдылары
тапсырмаларының қолданыс ерекшелігін
білу;
-Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі функционалдық
сауаттылықтың маңызын танып білу.
Өзектілігі:Білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді оқытудың түпкі
нәтижесі ретінде қатысымдық, ақпараттық және проблемалардың шешімін
табу құзіреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің басты тетігі –
білім алушының функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру.
Жұмыстың
дереккөздері :Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы, Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары, ҚР
Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы «12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен
функциональдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі және т.б.
қолданылды.
Жұмыстың
жаңашылдығы. Қазіргі қоғамдағы тілдік
қатынас пен функционалды сауаттылықтың ғылыми-әдістемелік негіздері
сипаттала отырып, функционалдық сауаттылықты
жетілдірудегі сөйлесім дағдылары тапсырмаларының қолданылу
ерекшеліктері, Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі функционалдық
сауаттылықтың білім алушы үшін маңызы мен бүгінгі жай-күйі
айқындалды.
Зерттеу
әдістері. Зерттеудің негізгі
әдіс-тәсілдері – тіл білімінде қолданылатын баяндау, салыстыру
әдістері мен талдау, жинақтау және жіктеу тәсілдері басшылыққа
алынды.
Зерттеу
нысаны. Жұмыстың зерттеу нысаны
тілдік қатынас пен функционалды сауаттылықтың ғылыми-әдістемелік
негіздері, сөйлесім әрекетінің түрлері, функционалдық
сауаттылықты жетілдірудегі сөйлесім дағдылары тапсырмалары мен
Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі функционалдық сауаттылықтың
білім алушы үшін маңызын танып білу болып
табылады.
Жұмыстың
құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Жоба жұмысының орындалған
жері: ШҚО, Бородулиха ауданы
Новопокровка ауылы «Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп»
КММ
Аннотация
Цель и
задачи исследования: Целью написания работы является выявление
способов реализации функциональной грамотности, описание основных
особенностей повышения функциональной грамотности учащихся в
языковом общении. В этом контексте нам необходимо решить следующие
задачи:
-
определить особенности видов коммуникативной деятельности,
являющиеся основой реализации языковой
коммуникации;
-
знать специфику использования коммуникативных заданий в повышении
функциональной грамотности обучающихся;
-
Признать важность функциональной грамотности в
Интернете.
Актуальность: Основным механизмом достижения формирования
коммуникативных, информационных и проблемных компетенций в
результате обучения государственному языку в образовательных
учреждениях является формирование функциональной грамотности
обучающихся.
Источники: Государственная программа развития образования в
Республике Казахстан на 2011-2020 годы, Национальный план действий
по развитию функциональной грамотности школьников на 2012-2016
годы, Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
Министерства образования и науки Республики Казахстан «методы
формирования функциональной грамотности на казахском языке в школах
с 12 классным образованием» и др.
Новизна
работы: Описание научно-методических основ языкового
общения и функциональной грамотности в современном обществе,
особенностей использования коммуникативных навыков в задачах
повышения функциональной грамотности, значения и современного
состояния функциональной грамотности учащихся в сети
Интернет.
Методы исследования. Основными методами
исследования являются методы повествования, сравнения и анализа,
обобщения и классификации, используемые в
лингвистике.
Объект
исследования: Объектом исследования являются
научно-методические основы языкового общения и функциональной
грамотности, виды коммуникативной деятельности, задачи
коммуникативных навыков в повышении функциональной грамотности и
важность функциональной грамотности для студентов в сети
Интернет.
Структура работы:
Работа состоит из введения,
двух глав, заключения и списка использованной
литературы.
Место реализации проекта: КГУ «Средняя школа им.
МухтараАуэзова» село Новопокровка Бородулихинского района
Восточно-Казахстанской области.
Abstract
The purpose and objectives
of the study. The purpose of writing the
work is to identify ways to implement functional literacy,
describing the main features of improving the functional literacy
of students in language communication. In this context, we need to
solve the following tasks:
-
Identify the features of the types of communication activities that
are the basis for the implementation of language
communication;
-
To know the specifics of the use of communication skills tasks in
improving the functional literacy of students;
-
Recognize the importance of functional literacy in the
Internet.
-
to determine the features of the types of communication activities,
which are the basis for the implementation of language
communication;
-
to recognize the importance of functional literacy on the
Internet.
Relevance:
The main
mechanism for achieving the formation of communicative,
informational and problem-solving competencies as the end result of
teaching the state language in educational institutions is the
formation of functional literacy of
students.
Sources:
The State
Program for the Development of Education in the Republic of
Kazakhstan for 2011-2020, the National Action Plan for the
Development of Functional Literacy of Schoolchildren for 2012-2016,
the National Academy of Education named after Y. Altynsarin of the
Ministry of Education and Science of the Republic of
Kazakhstan«methods of formation of
functional literacy in the Kazakh languageat schools with
12th
grade
study»,
etc.
Novelty of
work.Describing the scientific and
methodological bases of language communication and functional
literacy in modern society, the specifics of the use of
communication skills tasks in improving functional literacy, the
importance and current state of functional literacy for students in
the Internet.
Research
methods. The main research methods were
the methods of narration, comparison and analysis, generalization
and classification used in
linguistics.
Object of research. The object of research is the
scientific and methodological basis of language communication and
functional literacy, types of communication activities, tasks of
communication skills in improving functional literacy and
recognition of the importance of functional literacy for students
in the Internet.
The
structure of the work. The work consists of an introduction, two
chapters, a conclusion and a list of references.
Location of the
project: MSO «Secondary school named after
Mukhtar Auezov» Novopokrovka village,
Borodulikha district, East Kazakhstan
region
Кіріспе
Бүгінгі таңда, үшінші мыңжылдықтың табалдырығын
аттаған шақта, тәуелсіз еліміздің келешегі, алар биігі
саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен бірге, оның
мемлекеттік тілі-қазақ тілінің де тағдырымен тығыз байланысты
екендігі аян.
Білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді
оқытудың түпкі нәтижесі ретінде қатысымдық, ақпараттық және
проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерін қалыптастыруға қол
жеткізудің басты тетігі – білім алушының функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру. Өйткені функционалдық сауаттылық білім алушының
белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын
және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауына пайдалы білім, білік,
дағдылардың бірлігінен құралады.
Білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазақ тілін оқытудың
тұлғалық-әрекеттік бағдарын күшейту нәтижесінде жүзеге асады.
Өйткені сауаттылыққа оқушы өз әрекетінің иесі – Субъект дәрежесіне
көтерілгенде толық қол
жеткізеді.
Сонымен қатар, қазақ тілін
меңгертуде фукционалды сауаттылық мәселесі, ең алдымен, сөйлесім
әрекеті және оның түрлерін жете біліп, меңгеруімен тығыз
байланысты. Бұл мәселе ғалымдардың оқу-әдістемелік құралдарында
айтылып, практикалық жағынан оқу жүйесінде жан-жақты іске
асырылғанымен, оның ғылыми-теориялық негізі, өзіне тән
ерекшеліктері арнайы ғылыми зерттеудің нысанасы болуды талап етеді.
Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесіне қатысты тілдік
қарым-қатынасты, сөйлесім әрекетінің түрлері, олардың әрқайсысының
ерекшеліктері мен тілді меңгерудегі мәні мен алатын орнын ажыратып,
айқындау және тілдік қарым-қатынаста білім
алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың маңызы,
функционалдық сауаттылықты жетілдіруде сөйлесім дағдылары
тапсырмаларының алатын орны мен Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі
функционалдық сауаттылықтың маңызын танып білу
- қазіргі
көкейкесті мәселе. Аталған мәселелерді ғылыми-әдістемелік жағынан
арнайы зерделеп, ара жігін ажыратып, нақтылап алу, орнын анықтау
зерттеудің өзектілігі деп білеміз.
Жұмыстың зерттеу нысаны тілдік
қатынас пен функционалды сауаттылықтың ғылыми-әдістемелік
негіздері, сөйлесім әрекетінің түрлері, функционалдық
сауаттылықты жетілдірудегі сөйлесім дағдылары тапсырмалары мен
Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі функционалдық сауаттылықтың
білім алушы үшін маңызын танып білу болып
табылады.
Жұмысты
жазудағы мақсат – тілдік қарым-қатынаста
білім алушының функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі
еркшеліктеріне сипаттама бере отырып, функционалдық
сауаттылықты жүзеге асыру жолдарын айқындау.
Осы тұрғыда
мынадай міндеттерді шешуді қажет етеміз:
- Тілдік қарым-қатынастың
жүзеге асуына негіз болатын сөйлесім әрекеті түрлерінің
ерекшеліктерін айқындау;
-Білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын жетілдіруде сөйлесім дағдылары
тапсырмаларының қолданыс ерекшелігін
білу;
-Интернет қарым-қатынас
жүйесіндегі функционалдық сауаттылықтың маңызын танып
білу.
Қазіргі қоғамдағы тілдік
қатынас пен функционалды сауаттылықтың ғылыми-әдістемелік негіздері
сипаттала отырып, функционалдық сауаттылықты
жетілдірудегі сөйлесім дағдылары тапсырмаларының қолданылу
ерекшеліктері, Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі функционалдық
сауаттылықтың білім алушы үшін маңызы мен бүгінгі жай-күйі
айқындалды.
Тілдік қарым-қатынас пен
функционалды сауаттылықтың теориялық негіздеріне қатысты
ғылыми-теориялық еңбектер мен Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы, Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары, ҚР
Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы «12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен
функциональдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі және т.б.
қолданылды.
Зерттеудің негізгі
әдіс-тәсілдері – тіл білімінде қолданылатын баяндау, салыстыру
әдістері мен талдау, жинақтау және жіктеу тәсілдері басшылыққа
алынды.
Жұмыстың теориялық және
практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін қазақ тілі
сабақтарында білім алушылардың ынтасын арттыру үшін тиімді
пайдалануға болады. Еңбекте сөз болған тілдік қарым-қатынасқа тән
негізгі ерекшеліктер, сөйлесім әрекетінің түрлері мен олардың
функционалды сауаттылықты қалыптастырудың негізгі бағдары екендігі
қазақ тілін тез әрі сапалы үйретуге жол ашады. Жобада ұсынылған
жұмыстар жүйесі оқытушыларға пайдалы материалдар бола келіп, арнайы
курстар мен арнайы семинарларды өткізу үшін пайдалануға
болады.
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Тілдік қатынастың теориялық
негізі
-
Тілдік қатынастың анықтамасы,
ерекшеліктері
Тіл – адамзаттың бір-бірімен
пікірлесуін, түсінісуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік
қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Ғалымдар осы қарым-қатынас,
сөйлеу құралы болып табылатын тілді әртүрлі ерекшеліктеріне қарай
жан-жақты зерттеп келеді. Қазіргі кезеңде халықаралық байланысы
күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше мән беріліп
отыр. Тілдік қатынастың бүкіләлемдік маңызы ел мен елдің, ұлт пен
ұлттың саяси байланысына жан-жақты жол ашудан көрінеді. Сондықтан
тілдік қатынас бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ретінде әлемдік
лингвистикада жаңа ғылыми еңбектердің шығуына әсер етті [1, 3
б.].
Қазақ лингвистикасындағы
тілдік қатынас пен қатысым әдісін зерттеу баспадан шыққан
әдістемелік еңбектерге шолу жасауды қажет етеді. Қазақ тілінің
әдістемесіне байланысты жарық көрген оқулықтар, еңбектер тіл
білімінің барлық салаларын қамтып келіп, қазақ тілі ғылымында
елеулі орын алады.
Баспадан щыққан еңбектерде
тілдік қатынас, қатысым әдісі туралы ғылыми-теориялық пікір
қалыптаспай, бұл мәселелерге байланысты терминдер бірізге
түспегеніне қарамастан, тілді оқыту, тіл білімінің жеке салаларын
оқыту мәселесі ертеден қолға алынған [1, 4
б.].
Тілдік қатынас - тіл арқылы
байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас
жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни
адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас
дегенді білдіреді [2, 39 б.].
Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не
жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің
ортақ атқарылуы – басты шарт. «Сөйлесім» - осы басты шартты және
ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз.
Тілдік қатынас сөйлеу тілі
арқылы ұғынысу, түсінісу, қарым-қатынас жасау дегенді білдіре
келіп, адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа
шығаруды көздейтін; қоғамның дамуы үшін ең қажетті
қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың
бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді
білдіреді [2, 40 б.].
Жалпы адамдардың
қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның
бірі – тілдік қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас. Тілдік қатынас
пен тілсіз қатынастың ұқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Бұл
қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де, біріншіден,
адамдардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар
арасындағы қатынасқа қызмет етеді. Екіншіден, тілдік қатынаста да,
тілсіз қатынаста да белгілі бір дерек, ой, мағлұмат хабарланады,
бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы
мүмкін.
Үшіншіден, тілдік, тілсіз
қатынас та адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. Ұғынысу тікелей
жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір адамның белгілі бір
хабарды ұғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына мүмкіндік туады.
Алайда тілдік қатынас адамдардың бір бірімен ұғынысуында, ойын
еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады. Оның осы
ерекшелігіне ғалымдар баса көңіл аударады. Мәселен, Г.В.Колшанский:
«Языковая коммуникация – это прежде всего общение с помощью языка в
целях установления взаимопонимания»-деп, тілдік қатынасты өзара
түсінісудің тіл арқылы берілу тәсілі дей отырып, бұл процесті
сөйлеуге қатысты қарым-қатынаспен байланыстырады: «...это способ
передачи мысли посредством языка, объективируемый в форме речевого
акта этого элементарного звена речевого общения» [3, 94
б.].
Тілдік қатынас – тілсіз қатынастан әлдеқайда
күрделі және бөлек. Сондықтан да тіл білімі – адамдардың
қарым-қатынас құралы тіл туралы және сол қарым-қатынасқа негіз
болатын тілдік қатынас туралы ғылым.
Лингвистикада тілдік қатынас
мәселесін жан-жақты қарастырып, белгілі бір тұжырымға келген
автордың бірі – Э.П.Шубин.
Э.П.Шубин шет тілдерін
оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік
қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты
мен мазмұнын, тілдік құралдарды анықтауға тырысады. Оның бұл
проблемаға қатысты өзіндік пікірлері бар. Ол көзқарастардың ұтымды
жақтары да субъективтік жақтары да кездеседі. Э.П.Шубин тілдік
қатынасты хабармен алмасудың тұтас жиынтығы дей келіп, негізінен,
тілдің дыбыстық жүйесі мен таңбалық ерекшелігіне көңіл аударады:
«Естественно было бы назвать языковую коммуникацию как комплекс
явлений, связанных с обменом инфомацией между людьми через
посредство универсальной системы звуковых или графических знаков,
именуемой языком» [4, 54 б.]. Тілдің таңбалық қасиетмен қатар автор
хабардың берілуі мен қабылдау түрлеріне, оны жеткізуші шарттарға
ерекше көңіл бөледі. Ол бір объектіден шыққан хабар (информация)
екінші объектіде қабылдану үшін, олардың арасында хабарда
жеткізетін көмекші құралдардың (посредниктің) болатынын
айтады.
Тілдік қатынастың осындай ерекшеліктерін атап өте
келіп, Э.П.Шубин тілдік қатынастың тілсіз қатынастан екі түрлі
айырмашылығы бар деп есептейді. Біріншіден, тілдік қатынас әмбебеп,
яғни жан-жақты, өйткені ол адамдардың барлық саналық және физиалық
әрекеттеріне қызмет етеді. Екіншіден, тілдік қатынас бірінші