Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................2
1. ЕЖЕЛДЕН ҚАЛЫПТАСҚАН ЕСІМДІКТЕР.........................................4
-
Жіктеу есімдіктері.................................................................................4
-
Сілтеу есімдіктері ..................................................................................21
-
Сұрау есімдіктері...............................................................................34
2. ТАРИХИ ДАМУ БАРЫСЫНДА ПАЙДА БОЛҒАН ЕСІМДІКТЕР
2.1 Болымсыз есімдіктер.........................................................................42
2.2 Өздік есімдіктері................................................................................47
2.3 Жалпылау есімдіктері.......................................................................51
2.4 Белгісіздік есімдіктері.......................................................................52
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................55
КІРІСПЕ
Түркі тілдеріндегі сөз таптарының бір тобы – есімдіктер болып табылады. Есімдіктердің сөз табы ретінде өзіндік даму, қалыптасу тарихы бар. Есімдіктердің қалыптастыру, жасалу, даму тарихы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылатын есімдіктердің көбі мағыналық және тұлғалық жағынан елеусіз өзгерістермен қазіргі түркі тілдерінде қолданылады. Сөз тудырушы жұрнақтар негізгі түбір сөздермен кірігіп, бітісіп кеткен. Түбір сөздерден сөз жасаушы жұрнақтарды тек этимологиялық зерттеу арқылы айыруға анықтауға болады. Жіктеу есімдіктері тұлғалық жағынан алып қарағанда түгелдей туынды сөздер. Мысалы мен, сен, ол жіктеу есімдіктерінің ме,-се,-о және -н дыбысынан құралғандығын қазір ешбір ғалым жоққа шығармайды. Түркологияда жіктеу есімдіктерін туынды сөздер қатарына жатқызады: Менің сабымын сымады (Менің сөзімді өзгертпеді); Сіні тағбачуғ өлтүртечі тірмен ( Сені тағбач өлтіреді деймін); Аны йануп (Оны батырлатып); Аны іртіміз (Оны қудық). Бұл сөйлемдердегі мен, сін, ан жіктеу есімдіктерінің екі элементтен (ме-н,сі-н,а-н) тұратындығын тұңғыш рет В.В Радлов көрсеткен. Ал содан бері жіктеу есімдігін жасап тұрған -н дыбысының шыққан тегі жайында көптеген ғылыми пікір таластар болды. Осы пікірлерді салыстыра келе н дыбысының ілік септігінен пайда болған деген қорытындыға келеді. Ғ.Ғ.Мұсабаев -н дыбысының сөз түрлендіретін қызметімен қатар, ең көне заманнан келе жатқан тарихи жұрнақ екендігін айтады.
Түркология ғылымында жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысын ғалымдар толық дәлелдеп берді. Жіктеу есімдіктерінің негізгі түбір тұлғалары бе,бі,ме, се,сі, а, о сілтеу есімдіктерімен тарихи байланыста және н дыбысы ілік септігінің ықшамдалған тұлғасы деген пікірді біз де мақұлдаймыз.
Есімдік сөздер өз ішінде бір-бірінен жіктері айқын көрініп тұратын бірнеше топқа бөлінеді. Есімдіктің бұлайша ішінара бірнеше топқа бөлінуіне лексика-семантикалық принцип негіз болады. Сонда есімдік сөздер мағыналық ерекшеліктері жағынан жеті топқа бөлінеді:
1)Жіктеу есімдіктер;
2)Сілтеу есімдіктері;
3)Сұрау есімдіктері;
4)Өздік есімдіктері;
5)Жалпылау есімдіктері ;
6)Белгісіздік есімдіктері;
7)Болымсыздық есімдіктері
Енді есімдіктер категориясына жататын жеке сөздердің құрамдары мен олардың шығу тегі және өзгерістерге ену жолдары деген мәселенің кейбір заңдылықтарын көрейік.
Өзектілігі.
Есімдіктер – түркі тілдеріндегі сөз таптарының бірі. Бұл сөз табының өзіндік шығу, даму, қалыптасу тарихы бар. Барлық түркі тілдерінде кездесетін бұл сөз табының өзге де түркі тілдеріндегі қазіргі формасы мен ежелгі формасының арасында айырмашылықтар, салыстыру нәтижесінде шыққан қорытындылардың белгілі бір топшылаулар мен ғылыми болжамдар айтуға негіз болады. Дипломдық жұмыстың өзіндік ерекшелігі өзге де түркі тілдері мен қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктерді салыстыра отырып, түркі тілдеріндегі есімдіктің шығу тегіне көз жіберу.
Маңызы.
Есімдіктер – мағыналары жалпы, контексте қолдану мақсатына қарай әрқилы нақтылы мағыналарға ие болатын субъективті-объективтік нұсқаушы сөздер. Есімдіктер тіліміздегі өз алдына сөз табы болғандықтан өзіндік ерекшеліктерге ие екендігі сөзсіз. Түркі тілдерінде сөйлеуші ұлттардың тілдеріндегі бір-біріне жақын келіп, бір-біріне түсінікті болатыны да есімдіктер. Сондықтан да түркі тілдеріндегі есімдіктердің шығу тарихына үңілу – тіл білімінің алдына қойылған мақсаттардың бірі болып табылады.
Жаңалығы.
Есімдіктердің шығу тарихы мен қалыптасуына байланысты осы кезге дейін тіл білімі ғалымдары тарапынан айтылған топшылаулар мен тұжырымдарды салыстыра отырып, өзіндік нұсқаларды ұсыну. Қазіргі түркі тілдеріндегі қолданыстағы есімдіктердің қолдану аясы мен мағыналық жағынан қарастыру. Салыстыру арқылы түркі тіліндегі есімдіктердің шығу тарихына шолу жасау.
Әдісі.
Есімдіктер барлық түркі тілдерінде ұлттардың тілдерінде кездесетіндіктен, қазіргі түркі тілдеріндегі есімдіктерді қатар қойып, салыстыру әдісін қолдануды жөн санадық. Салыстыру әдісі – түркі тілдеріндегі есімдіктердің шығу тарихына үңілуде сай келетін әдіс түрі.
1 ЕЖЕЛДЕН ҚАЛЫПТАСҚАН ЕСІМДІКТЕР
1.1.Жіктеу есімдіктері
Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді: оның бір тобына өте ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тіліміздің даму, жетілу процестерімен байланысты, кейінгі заманда пайда болған есімдіктер жатады.
Жіктеу есімдіктері әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер болып саналады. Сол себепті олар үнемі адаммен байланысты, яғни сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Мысалы, мен деген сөзден әрқашан 1 жақ – сөйлеуші, сен деген сөзден 2 жақ тыңдаушы, ол деген сөзден – 3 жақ бөгде кісі ұғымдарды түсінген болар едік.
Есімдіктердің шығу тегі дегенде, ең алдымен, көзге түсетін және ерте кезден бастап-ақ зерттеушілердің көңілін аударған мәселе - жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысы. Сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің арасындағы генетикалық байланыс туралы пікір алғаш рет О. Бётлингктен басталады. Кейіннен В. Радлов бан, сан сөздерінің ба (бі) және са (сі) сияқты таза түбірлерін бөліп алып қарауынан бастап, бұл мәселе біраз зертеушілердің негізгі зертеу объектілерінің біріне айналады. Мысалы, В.Банг «Vom Kokturkischen zu osmanischen» еңбегінде beru, beri, biri сөздерін барыс септігінің көне формасындағы I жақ жекеше be-, bi- есімдіктері деп түсіндіреді. Сөйтіп бұған қарама-қарсы мағынадағы сөз есебінде барыс септігінің көне формасындағы arь сөзін алып, оны III жақ жекеше а жіктеу есімдігі деп көрсетеді. Бұл сияқты сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің ұқсастығы жөніндегі пікірді Мункачи, Немет, И. Дени, А.Зайончковскийдің еңбектері мен В. Котвичтің «Алтай тіліндегі есімдіктер» деген еңбегінен, Н. К. Дмитриевтің «Башқыр тіліндегі сілтеу есімдіктері туралы» деген еңбегінен де кездестіреміз. Н. К. Дмитриев осы еңбегңнде: «В тюрских языках генезис указательных местоимений надлежит рассматривать в связи с личными местоимениями», - деп көрсеткен болатын.
Сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің генетикалық байланыстары жөнінде арнайы жазылған екі мақала бар. Олардың бірі – А. П. Поцелуевскийдің «Жіктеу және сілтеу есімдіктерінің тегі» деген мақаласы да , бірі - Н. А. Баскаковтың «Түрік тіліндегі жіктеу және сілтеу есімдіктерінің мағыналық байланыстары жөнінде» деген мақаласы.
А. П. Поцелуевский I және II жақ жіктеу есімдіктерінің шығу тегі жағынан бу (<му) және шу сілтеу есімдіктерінің морфологиялық құрамдарымен бірдей болып келетінін ескерте келе, мынадай үлгіні ұсынған:
«б-ен <м-ен <м-ин : м-ун < м- ын < м-ин
С-ен < с- ин . ш-ун < * ш- ын < * ш-ин».
Сонда қазіргі қолданылудағы бу сілтеу есімдігі мен бен жіктеу есімдіктері ертедегі бір замандарда мин сөзінен тараған сөздер; шу сілтеу есімдігі – шин; сен жіктеу есімдігі син сөзінен пайда болған сөздер болып шығады. Оның үстіне, автор бұл келтірілген сілтеу және жіктеу есімдіктерінің түбірін ин/ ын деп таниды да, сөздердің алғы б, м,ш, с дыбыстарын префикстік көрсеткіштер деп атайды. Бұл жөнінде автор: «Сопоставление косвенных падежных форм местоимений «бу» и «шу» позволяет выделить их общую основу «ун», к которой присоединяются в порядке префиксаций форманты «б» или «м» и «ш», - дегенді айтқан. Сонымен қатар бұл түбірді түрікмен тіліндегі ин-е (вот!), қазақ тіліндегі м-ін-е, шор тіліндегі м-ин-е, м-ын-а сөздерінің бойында сақталған деп көрсеткен. Бұдан әрі автор III жақ жіктеу есімдігі мен ол сілтеу есімдігінің байланысын сөз ете келе: «что же касается генезиса указательного местоимения «ол» (> «о») то, оно в форме номинатива должно быть, по нашему мнению, возведено к указательному образованию междометийного типа «һол» или «һо: л » (вот! Вон там! Во – он!), - дегенді ұсынған.
Н.А. Баскаков жіктеу және сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысын сілтеу, тәуелдеу және жіктеу есімдіктері деген ізбен сатылай көрсетеді. Сонда бұл есімдіктердің көне түрі сілтеу есімдіктері болады да, әрі қарай дамудың екінші сатысы - тәуелдеу есімдіктері (ілік жалғауындағы сілтеу және жіктеу есімдіктері), үшінші саты – жіктеу есімдіктері болып көрсетіледі.
Біздің ойымызша, бұл келтірілген сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің түбір морфемаларының генетикалық байланысы, дау тудырмайтын мәселелердің бірі болса керек. Бұл мәселе жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде толық дәлелденген деп айтуға болады. Егер біз қазіргі қазақ және түрік туыстас тілдердің бәрінде де ол сөзінің әрі жіктеу, әрі сілтеу есімдігі ретінде қолданылуын еске алсақ, бұл мәселенің күмәнді болмау онан да дәлірек айқындала түседі.
Келесі күрделі мәселе мен, сен, ол( < ан), қай? (қан<) есімдіктерінің соңында келетін -н дыбысы туралы. Бұл мәселе алғаш рет В. Радловтың жіктеу есімдіктерін мен-н, се-н деген екі элементтен құралған сөздер дегенінен басталады. Бұдан әрі әркім әр түрлі пікір айта бастайды. Оларды топтай келгенде, мынадай болады.
Біріншіден, -н дыбысын қыстырма («вставочный») дыбыс немесе жалғастырушы дауыссыз («соединительный согласный») не жалғастырушы қыстырма дауыссыз («соединительный встовочный согласный») дыбыс деп тану. Бұл пікірдегі ғалымдардың бірі И.А. Батманов қырғыз тіліндегі bu сілтеу есімдігінің септелуінде munda, munan сияқты жағдайларда қыстырма («вставочный») n пайда болады деп көрсеткен. Ол n III жақ тәуелдік жалғаулы at сөзінің септелуінде (atnda дегендегі n сияқты) қосылып айтылатын n дыбысымен тектес дегенді айтқан. И.А. Батмановтың соңғы еңбектерінде де бұл («аставочный» -н ) түрінде танылады.
М. Рясянен: «Очень распраостраненный «соединительный согласный» n, который обычно наблюдается после корней на гласный в родительном, дательном и винительном падежах (частично и после согласных) и которого не было в древнетюрским языке, произошел из местоименного склонения: an- yn, an- ga, an- yg вследствие неправильного слогоразделения a- nyn»,- деп жазған. Ал, Г.И. Рамстедт монғол тіліндегі жіктеу есімдіктерінің септелуінде пайда болатын n жалғастырушы қыстырма дауыссыз («соединительный встовочный согласный») дыбыс болып саналады деген.
Ал, А. М. Щербак -н дыбысын «қыстырма» дей отырып, мына сияқты екі түрлі ойды айтады. Біріншіден, түрік тілдерінде қос септіктер бар екенін ескеретін болсақ, «қыстырма» н оруднокомитативный немес притяжательный (ілік) септіктің рудименті болуы ықтимал. Ал, екіншіден, бұлайша дәлелдеуге келмейтін кейбір орындарда ол туынды сөздерде ғана қалпына келетін түбірдің құрамдық элементі болу керек, - дейді.
Екінші, - н дыбысын «факультатив» көрсеткіш деп тану. Бұл дағды алғаш рет Н.К. Дмитриевичтен басталады. Кейіннен В.Н. Хангильдин, Т.М. Гарипов т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездесіп жүр.
Үшіншіден, -н дыбысын ілік септігінің қысқарған түрі деп қарау. Бұл пікірді алғаш рет В.Радлов айтады да, оны қолданушылардың бірі К. Грёнбех болады. К. Грёнбех -н дыбысын ілік септік жалғауынан пайда болған тұлға дей келе, ілік септік жалғауының өзі бір кездерде nan «Sache, Ding» деген толық мағыналы сөз дәрежесінде дербес қолданылған заттық атау сөз болған деп көрсетеді. Сол сияқты, В.И. Насилов 1940 жылғы грамматикасында -н дыбысыының ұйғыр тіліндегі жіктеу есімдігінің септеу жүйесінде -наң түрінде толық қолданылатын дағдысына сүйнене отырып, барыс, жатыс, шығыс септіктеріндегі sanindin, suninga деген сияқты сөздерді қосқабат септік жалғаулы сөздер деп атаған. Сөйтіп мұндай сөздерді септік жалғауларының жеке бір түрі есебінде қосқабат септеу (двойной падеж) деп атап, ол туралы : «Когда между предметами пространственное отношение выражается местоимением, стоящим в притяжательном падеже. Образуется двойной падеж местоимения, стоящий из притяжательного падежа, к которому присоединяются суффиксы падежей, выражающих пространственные отношения: ga,da, din», – деп түсінік берген.
-н дыбысының ілік септігінің қысқарған түрі және ілік септік жалғауы наң сөзінен пайда болған деген пікір әсіресе Н.А. Баскаковтың еңбектерінде орын алады. Н.А. Баскаков «Түрік тілдеріндегі есімдіктердің мағыналық байланыстары» деген мақаласында -н дыбысының қалыптасу жолын баяндай келе: «... аффикс родительного падежа, образовавщийся из слова с самостоятельным значением «тело» > «сущгһность» > «вещь» и имеющий различные степени фонетичемкого развития: ненье >нень> > - н т.е. от полной формы нынь до одного согласного -н ...», – деп қорытқан. Бұл келтірілген үш түрлі пікір де, сөз жоқ, орынды да қонымды. Бірақ сонда да, бұл заңдылық әр жерде әр жақты қаралып, бүтін бір күрделі мәселенің әр түрлі сырларын жеке-жеке сөз етумен ғана шектеліп, бір бүтіннің жеке ерекшеліктерін даралап талдау шеңберінде ғана қалып отырған сияқты. Өйткені бұл келтірілген пікірлердің барлығында да бір-бірінен бөліп алуға келмейтін заңдылықтар есебінде көзге түседі.
Тіл дамуының белгілі кезеңінде пайда болған жұпық-көпше мағына жіктеу есімдіктерінде бертін келе, бірте-бірте өзінің мағыналық шеңберін кеңейте түскені, сөйтіп өзінің негізгі мағынасы жұптық мағынаға қосымша үш-төрт адамды, тіпті бір топ, бір аймақтағы сияқты адамдарды түгел қамти айту кең көлемдегі мағыналық дәрежеге жеткендігі байқалады. Демек, әуелгі жұптық мағынадағы біз, сіз сөздері енді көптік мағынаға ауысып, көптік мағыналы сөздер қатарына көшкен.
Бұл жерде қазақ тіліндегі сіз сөзі ерекше тұрады. Сөз есімдігі қазіргі қазақ тілінде көптік мағынада қолданылмайды, тек өзінен үлкен немес құрмет еткен адамдарға ізет есебінде қолданылатын жеке ұғымдағы сөз түрінде саналады. Бірақ, бұған қарамай, сіз есімдігі ерте заманда көптік мағынада қолданылғандығын көреміз.
Сонымен жоғарыда келтірілген гипотезалық пікірлер жүйесін бір ізге келтіре жинақтай келгенде, қазақ тіліндегі біз, сіз сөздері жөнінде мынадай қорытынды жасауға болатын сияқты. Ең алдымен, біз, сіз сөздері бі-сі және сі-сі сияқты болып біріккен жеке сөздердің құрамындағы екінші сыңарларының фонетикалық өзгеріске түсуі негізінде пайда болған -з морфемасы мен I жақтық бі және II жақтық сі сөздерінен құралады. Екіншіден, осы бірігудің негізінде біз, сіз сөздері екі жақтық екі адамды көрсету қалпына түсіп, жұптық-көпше мағынаға ие. Үшіншіден, біз сөзі бертін келе мағыналық шеңбері кеңейе түсу нәтижесінде, тек екі адамды ғана емес, көпеген адамдарды көрсете алу дәрежесіне жетеді. Яғни алғашқы жекелік ұғымдағы сөздер бір-бірімен бірігу арқылы жұптық мағынаға ие болып, ол жұптық мағына кейіннен көптік мағынаға ауысады да, сіз сөзі қазақ тілінде, керісінше, өзінің мағыналық шеңберін дамытудың орнына өзіне тән алғашқы жұптық-көпше мағынасынан айырылып, құрмет-ізет мақсатында қолданылатын сыпайылық мәнге ие болу қалпына көшеді.
Жіктеу есімдіктерінің көпше түрінде септелуінде ешқандай ерекшелік жоқ, негізгі ерекшеліктер жекеше түрінің септелуінде кездеседі. Мысалы:
|
Мен |
Сен |
Сіз |
Ол |
Атау |
мен |
сен |
сіз |
Ол |
Ілік |
менің |
сенің |
сіздің |
Оның |
Барыс |
маған |
саған |
сізге |
Оған |
Табыс |
сені |
сені |
сізді |
Оны |
Жатыс |
менде |
сенде |
сізде |
Онда |
Шығыс |
менен |
сенен |
сізден |
одан, онан |
Көмектес |
менімен |
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |