Материалдар / ғылыми жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ақпарат өте пайдалы әрі өзекті десекте болады
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қостанай ауданы білім бөлімінің И.Ф.Павлов атындағы ауылдың жалпы білім беретін мектебі» КММ





Бағыты: Отанымыздың өткен замандағы екі ұлы ақыны — Пушкин мен Абайдың бір-бірімен творчестволық жақындығы

Секция: қазақ тілі мен әдебиеті



Зерттеу жобаның тақырыбы: Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы




Орындаған:

10 сынып оқушысы

Жанкулина Камила

Жетекші:

Г.С.Шаяхметова

қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі



И.Ф.Павлов атындағы ауылы

2023 жыл

Мазмұны

1.Эссе.....................................................................................................3

2.Аннотация............................................................................................5

3.Рецензия................................................................................................7

4.Кіріспе .............................................................................................9

5. Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы .......11

5.1 Жүрек сөзіне түсінік ......................................................................11

5.2 Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы ........................12

5.3 Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы .....................26

6.Қорытынды ......................................................................................30

7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................31




















Эссе

Отанымыздың өткен замандағы екі ұлы ақыны — Пушкин мен Абайдың бір-бірімен творчестволық жақындығы, поэзиядағы екеуінің ақындық өнер үйлестігі ұлы орыс халқы мен қазақ халқының терең достығынан, бұл екі халықтың да алдында тұрған озат арманынан, игі нысанынан туды. Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болғаны, орыс халқын аға санағаны сияқты озық пікірлі орыс әдебиетін, оның Пушкин сынды данышпан өкілін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді. Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бірсыпырасын тек орыстың классик поэзиясын қазақ тіліне аударуға жұмсайды. Абайдың Пушкин шығармаларын өз оқушыларына жеткізуі қазақ сахарасына орыстың ұлы мәдениетінің жарығын әкеп төккендей болды. Бұл жөндегі Абай еңбегі тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор кең мағынадағы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек болып табылады. Қазақ халқының қай ақынын алып қарасақта, «жүрек» сөзін өз туындыларына арқау ете отырып, ерекше қолдана білгенін көре аламыз. Ұлы ақындарымыз Абай мен Пушкин аталарымыз «жүрек» сөзін тура мағынада да, ауыспалы мағынада да өз шығармаларында көркемдеп суреттегендері белгілі. Жүрексз өмір жоқ дегендей, өзінің сүйікті ақындарым яғни қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен орыс халқының танымал ақыны А.С.Пушкин шығармаларындағы осынау бір сөздің қолданылу саны мен қандай мағынада қолданылғандарын анықтағым келді. Зерттеу жұмысының мақсаты ретінде Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы саны мен мағынасын айқындау болды. Осы тақырыпты алған себебім, Ұлы ақын адам ұрпағының данасы да, дарасы да, патшасы да, қарасы да ет жүректен тұрады, жүрек соғып тұрғанда, адам өмір сүреді, жүрегі тоқтағанда «қайран жүрек мұзға» айналып, өмірден өтеді деп Абай атамыз айтып кеткен еді. Жақсылық та, жамандық та, қайғы мен қуанышта да ең алдымен жүрегімізге тән қасиет. Сондықтан да маған екі ақынымыздың қай өлеңдерінде неше рет осы жүрек сөзін қолданғандары қызық болды. Зерттеу жобамда байқағаным екі ұлттың ұлы ақындары адамның өмірін жандандырып тұратын ең басты ағза – жүректі ұтымды да, тиімді өз шығармаларында жан-жақты, тура да, ауыспалы мағынада да шебер, көркемдеп суреттей білгені.



























"Қостанай ауданының білім бөлімінің И. Ф. Павлов атындағы ауылының жалпы білім беретін мектебі "

Жанкулина Камиланың

«Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі «Жүрек» сөзінің қолданылуы »

тақырыбындағы ғылыми жұмысына

Аңдатпа­ (Аннотация)

Аталған зерттеу жобамда Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі «Жүрек» сөзінің қолданылуы мен зе‎ртте‎луі‎‎ жайлы баяндадым. «Жүрек» сөзін тура мағынада да, ауыспалы мағынада да өз шығармаларында көркемдеп суреттеген. Жүрексз өмір жоқ дегендей, өзімнің сүйікті ақындарым, яғни қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен орыс халқының танымал ақыны А.С.Пушкин шығармаларындағы осынау бір сөздің қолданылу саны мен қандай мағынада қолданылған анықтап зерттеу болды. Екі ақында өз елдерінің қазіргі кездегі мақтанышы, ұлысы болып мәңгілік артынан өзпес із қалдырғаны туралы баяндадым.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай мен орыс халқынының ақыны Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы.

Зерттеу жобаның мақсаты. Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы саны мен мағынасын айқындау. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:

Зе‎ртте‎у мі‎нде‎ті‎:

1. Жүрек сөзіне биологиялық және ақындар ұғымында түсініктер;

2.Ақындардың жүрек сөзін қолданылу саны;

3.Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу жағдайы;

4.Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу ерекшелігі.

Зе‎ртте‎у әді‎сте‎рі‎: әде‎би‎, та‎ри‎хи‎ және‎ фи‎ло‎со‎фи‎ялы‎қ әде‎би‎е‎тте‎рді‎ па‎йда‎ла‎нуме‎н ба‎сты‎ ба‎ғы‎тты‎ а‎ны‎қта‎у, сұры‎пта‎у, дәле‎лде‎у.

Ksu “general education school of the village named after I.F.Pavlovof the education department of Kostanay district"

Jankulina Kamila

"Usage of the word "Heart" in the poems of Abai and Pushkin"

scientific work on the subject

Explanation (Abstract)

In this scientific work, I told about the use and study of the word "heart" in the poems of Abai and Pushkin. The word" heart", both in the literal and figurative sense, was artistically described in his works. It was a study of the number and meaning of the use of this word in the works of my favorite poets, the great poet of the Kazakh people Abai Kunanbayev and the famous poet of the Russian people A. S. Pushkin. I told the two poets about the pride and greatness of their country that they have left their mark forever.

Relevance of the research topic. The use of the word heart in the poems of the great poet of the Kazakh people Abai and the poet of the Russian people Pushkin.

The purpose of the research work. Determining the number and meaning of the use of the word heart in the poems of Abai and Pushkin. For this purpose, the following tasks are set:

Research task:

1. concepts in the concept of biological and poets to the word heart;

2. The number of uses of the word heart by poets;

3. state of use of the word heart in Abay's poems;

4.specificity of the use of the word heart in Pushkin's poems.

Research methods: identification, sorting, argumentation of the main direction with the use of literary, historical and philosophical literature.







"Қостанай ауданының білім бөлімінің И. Ф. Павлов атындағы ауылының жалпы білім беретін мектебі "

Жанкулина Камиланың

«Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі «Жүрек» сөзінің қолданылуы »

тақырыбындағы ғылыми жұмысына

Сын-пікір (Рецензия)

Қазақ халқы сөзге бай халық. Әрбір сөзді әр түрлі мағынада кеңінен, түрлендіре қолдана білген. Қазақ халқының қай ақынын алып қарасақта, «жүрек» сөзін өз туындыларына арқау ете отырып, ерекше қолдана білген. «Жүрек» сөзін тура мағынада да, ауыспалы мағынада да өз шығармаларында көркемдеп суреттегені мәлім. Жүрексз өмір жоқ дегендей, өзінің сүйікті ақындары, яғни қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен орыс халқының танымал ақыны А.С.Пушкин шығармаларындағы осынау бір сөздің қолданылу саны мен қандай мағынада қолданылған анықтап зерттеген. Екі ақында өз елдерінің қазіргі кездегі мақтанышы, ұлысы болып мәңгілік артынан өзпес із қалдырған ақындарының еңбектерін зерттеген.

Зерттеу жобада Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі «Жүрек» сөзінің қолданылуы туралы баяндалған. «Жүрек» сөзінің мағыналары әр түрлі. Тура мағынасы – қан айналу жүйесінің көкірек қуысының сол жағына орналасқан бас органы- ғылыми, медициналық салада да қолданылады. Әдебиет саласында көбінде ауыспалы мағынада кездестіреміз. Ақындар Шығармаларын түрлі тақырыптарда жазғандарын зерделеген. Осы өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақта, «жүрек» сөзіне ерекше қолдана білгенін көрсете алды. Осынау «жүрек» сөзі арқылы өздерінің көңіл-күйлерін, халқының, елінің тағдырын аспектілерін, туындаған мәселелерді анықтаған. Жүрек сөзінің қанша рет қайтаналып келгенін санап, екі ақынның да өлеңдеріндегі жүрек сөзін егжей-тегжейлі қарастырған.

Білім алушы ғылыми жұмысы барысында тақырыпқа сай мақсат-міндеттерді алған. Сол мақсат-міндеттер аясында көптеген ізденіс жұмыстарын жүйелі жүргізген. Жалпы жұмыстың қорытындысына келетін болсақ, жұмыстың қорытындысы мағыналы әрі толық, жұмыс сараптамалары түсінікті. Жобаны қорғаушы еңбектенген, көптеген ресурстарды орнымен пайдалана білген, тақырыпты ашқан. Осы ерекшеліктерді ескере отырып,ғылыми жұмысын қорғауға ұсынуға болады.

Жетекші: Шаяхметова Г.С.

__ _______2023 ж.































Кіріспе

Қазақ халқы сөзге бай халық. Әрбір сөзді әр түрлі мағынада кеңінен, түрлендіре қолдана білген. Қазақ халқының қай ақынын алып қарасақта, «жүрек» сөзін өз туындыларына арқау ете отырып, ерекше қолдана білген. «Жүрек» сөзін тура мағынада да, ауыспалы мағынада да өз шығармаларында көркемдеп суреттеген. Жүрексз өмір жоқ дегендей, өзімнің сүйікті ақындарым, яғни қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен орыс халқының танымал ақыны А.С.Пушкин шығармаларындағы осынау бір сөздің қолданылу саны мен қандай мағынада қолданылған анықтап зерттеу болды. Екі ақында өз елдерінің қазіргі кездегі мақтанышы, ұлысы болып мәңгілік артынан өзпес із қалдырған ақындар. Шығармаларын түрлі тақырыптарда жазған. Осы өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақта, «жүрек» сөзіне ерекше қолдана білген. Осынау «жүрек» сөзі арқылы өздерінің көңіл-күйлерін, халқының, елінің тағдырын суреттей білген.

«Жүрек» сөзінің мағыналары әр түрлі. Тура мағынасы – қан айналу жүйесінің көкірек қуысының сол жағына орналасқан бас органы- ғылыми, медициналық салада қолданылады. Әдебиет саласында көбінде ауыспалы мағынада кездестіреміз. Мысалы: саяси-әкімшілік орын, орталық – Евразия жүрегі, Астана –қазақ елінің жүрегі; кісінің жан дүниесі, рухани сезімі – жүрек жылуы, жүрегі жарылды, жүрегі бұлқ етпеді, жүрегі қобалжылды,ақ жүрек, ер жүрек, тағы басқа.

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі : Қазақ халқының ұлы ақыны Абай мен орыс халқынының ақыны Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы саны мен мағынасын айқындау. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Жүрек сөзіне биологиялық және ақындар ұғымында түсініктер;

  • Ақындардың жүрек сөзін қолданылу саны;

  • Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу жағдайы;

  • Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу ерекшелігі.

Зерттеу жұмысының нысаны : Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу санын анықтау

Зерттеу жұмысының дереккөздері : Аталмыш мәселенің шешімін табу үшін көрнекті ғалымдардың, ойшылдардың, ақын-жазушылардың, тіл мамандарының жүрек сөзіне қатысты айтқан пікірлері, зерттеулері, жүрек туралы тұжырымдарын басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы : Жүрек сөзі, ақындар шығармаларында , олардың тілдегі көрінісі сараланды.

Зерттеу әдістері: Зерттеудің теориялық негізінде қазақ және орыс ғалымдарының ғылыми теориялық еңбектері, ой-пікірлері, тұжырымдары алынған. Әдістемелік негізінде сипаттау және кешенді түрде талдау, сипаттау, жинақтау.

Зерттеу жұмысының теориялық, практикалық маңызы : Зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен қорытындылардың теориялық және практикалық маңызы елеулі. Зерттеу нәтижелерін мектептерде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.






5. АБАЙ МЕН ПУШКИН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖҮРЕК СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

5.1 Жүрек сөзіне түсінік

Биологиялық тұрғанда жүрек ол іші қуыс бұлшықетті мүше. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы. Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бесет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.[1]













5.2 Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы

Абай поэзиясы – сұлу поэзия, Абай поэзиясы – махаббат, сүю, сүйіспеншілікке толы поэзия.

Ұлы ақын адам ұрпағының данасы да, дарасы да, патшасы да, қарасы да ет жүректен тұрады, жүрек соғып тұрғанда, адам өмір сүреді, жүрегі тоқтағанда «қайран жүрек мұзға» айналып, өмірден өтеді деген. Жақсылық та, жамандық та, қайғы мен қуанышта да ең алдымен жүрегімізге ден қоямыз. Ақын келешек ұрпаққа:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым кәні қойма! –

деп, бізге әрі өсиет, әрі үлкен сенім, әрі зор салмақ тастап кетті. Абай атамыз өзі айтқандай «жұмбақ адамды» түсіну үшін оның ең алдымен жүрегіне үңілу керек екендігін, бар сырды жүректен іздеу керек екендігін, ең бастысы не нәрсенің барлығын да жүректен қарау керектігін айтып өткен. Ақынның қай шығармасын алып қарасақта, «жүрек» сөзіне жиі-жиі айналып соғып отырғанын байқамыз. 1987 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» деген кітабындағы өлеңдеріндегі жүрек сөздерін қолданылуына зерттеу жұмысын жүргіздім. Яғни бір жинақта ақынның 94 өлеңі берілген. Көптеген өлеңдерінде кейбір жүрек сөзімен тіркескен сөз тіркестері 2-3 рет қайталанады.

Данышпан ақын жүрек сөзін екі түрлі мәселедегі тақырыптарда қолданған. Бірі – достық, махаббат тақырыбында болса, екіншісі – өзі туралы, халқы, елі жайында сөз қозғаған кеңінен қолданған.

Енді осы өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуына тоқталатын болсам.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!