Материалдар / Ғылыми жұмыс: А.Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс: А.Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Зер Ахмет байтұрсынұлының қазақ қоғамын дамытудағы атқарған шығармашылық ағартушылық жолын айқындауға тырысқан .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2024
210
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Шымкент қаласы Білім басқармасы

54 жалпы орта білім беретін мектеп

мемлекеттік коммуналдық мекемесі



Мубаракова Жанеля Зауытбекқызы

11-сынып







Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі





Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық

Секциясы: қазақ тілі





Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Мұратова Алтынай

Кеңесшісі: М.О.Әуезов атындағы

ОҚУ-нің филология факультеті,

журналистика және қазақ тілі кафедрасының

доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты - Жамашова Жанар





Шымкент – 2023

Мазмұны



  1. Аннотация.................................................................................................3

  2. Кіріспе.......................................................................................................7

  3. Негізгі бөлім

    1. Тіл туралы туындылар...................................................................9

    2. Әліп-би ілім-білім үйренудің басты көзі...................................10

    3. Әліп-бидің жаңа түрі – «Оқу құралы»........................................10

    4. «Тіл құралы» - дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің жүйесі және түрлері ..................................................................................11

    5. Қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың бағыт- бағдарын айқындаушы.................................................................16

  4. Қорытынды..............................................................................................20

Күнделік...................................................................................................21

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................22























Түйіндеме

Зерттеу жұмысында оқушы көптеген ғылыми еңбектер мен интернет материалдарын ақтара отырып, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ қоғамын дамытудағы атқарған шығармашылық ағартушылық жолын айқындауға тырысқан. Сан-салалы талант иесі ретінде оның қазақ тіл біліміне қосқан үлесін танытуға талпынған. Ғалымның шығармашылығына талдау жасай отырып, өз ой-пікірлерін білдірген. Зерттеу жобасында түрлі ғылыми әдебиеттермен қатар архив деректемелері де пайдаланылған.









































Аннотация

В исследовательской работе ученица попыталась определить творческий просветительский путь Ахмет Байтурсынулы в развитии казахского общества, проведя поиск по множеству научных трудов и интернет-материалов. Как разносторонне одаренный человек, он старался показать свой вклад в знание казахского языка. Анализируя работу ученого, она высказала свои мысли. В исследовательском проекте использовалась различная научная литература, а также архивные данные.









































Аnnotation

In her research work, the pupil tried to determine the creative educational path of Akhmet Baitursynuly in the development of Kazakh society by searching through a lot of scientific works and Internet materials. As a versatile gifted person, he tried to show his contribution to the knowledge of the Kazakh language. Analyzing the scholar's work, she expressed her thoughts. The research project used a variety of scientific literature, as well as archival data.











































Жоспар



I. Кіріспе



II. Негізгі бөлім

2.1 Тіл туралы туындылар

2.2 Әліп-би ілім-білім үйренудің басты көзі

2.3 Әліп-бидің жаңа түрі – «Оқу құралы»

2.4 «Тіл құралы» - дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің

жүйесі және түрлері

2.5 Қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың

бағыт- бағдарын айқындаушы

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

























Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Ғасырдың басында «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» - деп жазды реформатор-ғалым өзінің тіл туралы зерттеу мақаласында[7]. Ғалымның айтқан бұл пікірі ХХ ғасырдың басында қандай өзекті болса қазір де дәл сондай өзекті.

Зерттеу мақсаты:

Менің таңдаған ғылыми жұмысымның тақырыбы - «Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесі»

Бұл тақырыпты зерттегендегі негізгі мақсатым Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын терең оқи отырып, қазақ тіл біліміне жазған еңбектерін жан-жақты танып, білу.



Зерттеу міндетім:

Тақырыбымның мақсаты негізгі жоспарға сәйкес төмендегі зерттеу міндеттерімен толықтырылып, айқындалды.

  1. Тіл туралы туындылар

  2. Әліп-би ілім-білім үйренудің басты көзі

  3. Әліп-бидің жаңа түрі – «Оқу құралы»

  4. «Тіл құралы» - дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің

жүйесі және түрлері

  1. Қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың

бағыт- бағдарын айқындаушы



Болжам:

Тақырыпты таңдағаннан кейін келешекте орындалуы мүмкін болжамым:

1. Біз қазақ жастары Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың тұңғыш Әліппесі 7

мен ана тілі, әдебиет оқулықтарының авторы екенін, қазақ тілі

грамматикасындағы сан алуан лингвистикалық терминдердің авторы екенін білгеніміз жөн.

2.Ғалымның ғылыми еңбектеріне сүйеніп, тіл тазалығын сақтау және соңғы кездері жастар арасындағы «қойыртпақ тілді» болдырмау.

Зерттеу міндеттері:

1.Ахмет Байтұрсынұлының жазған оқулықтарымен және мақалалаларымен танысып, зерделеу.

2.Ахмет Байтұрсынұлын зерттеген ғалымдардың еңбектерімен танысып, зерделеу.

Зерттеу әдістері:

Ғылыми жобаны зерттеуде алдын ала ойластырған зерттеу әдістері белгілі бір мақсатқа негізделіп, әр тақырыпшаларды қарастыруда төмендегідей зерттеу әдістері көзделді:

1.Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылық мұрасын жинау.

2.Ғылыми еңбектерін талдау.

3.Қазақ терминологиясын қалыптастыру туралы.



Ахмет Байтұрсынұлы (1873—1937) Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген - Ахмет Байтұрсынұлы. [Қайым Мұхамедханов]

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің грамматикасы – фонетика, морфология, синтаксис бүтін бір бірлікте алып ұлттық тіл ғылмын жасады. Қалыптасқан қазақ тіл білімінің ғылымы аз ғана уақытта қаланғаны жоқ. Ол талай жылғы, талай майталман жұмыстарының нәтижелері арқылы жинақталды. Ғалымның өзі айтқандай тілдің әуелі грамматикалық ілімін қалыптастырудан сонан соң грамматикалық құрылысын зерттеп-зерделеп қалаудан басталды. Мұны өзі өмір сүрген 8

тұстағы замандастары «Ақаң түрлеген ана тілі», «Ақаң салған әдебиеттегі асыл сөз» деп әспеттесе, тәуелсіздік кезеңдегі тілші мамандары қазақ тіл біліміндегі «Байтұрсын бастаулары» деп жүр.[Райхан Имаханбетова]

3.1. Тіл туралы туындылары

ХХ-шы ғасыр басындағы қазақ елінің ұлттық ғылымында жүргізілген жұмыстардың бір саласы – оқулықтар жасау болғаны белгілі. Сол тұста елімізде жаңадан ашылып жатқан жоғары оқу орындарын есептемегенде, мектеп оқулықтарының өзі де жоқтың қасы болатын. Қазақ тіл білімі мен әдебиетте сан салалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен бірге, түрлі оқулықтар жасаудың да қажеттілігі сезіліп, маңызды мәселе ретінде алға қойылған тұста – Ахмет Байтұрсынұлы оқулықтар жазу мәселесіне өте жауапкершілікпен ұлт мүддесі тұрғысынан қараған. Ол патша заманында қазақ жұртының қажетін өтеген кирилл таңбасындағы қазақ алфавитіне мойынсұнбаған, төтеден жол іздеген. Қазақ жұртының төл, ана тілін саф қалпында сақтау үшін қандай таңбаны «әліпби» етіп алу керектігіне зор мән берген. [Райхан Имаханбетова]

Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлының халық үшін істеген игі істерінің ішіндегі ең шоқтығы биік қызметінің бірі-араб жазуына өзгерістер енгізіп қазақ әліпбиін құрастыруы. Осы арқылы ғылым халқының тез сауаттанып хат тануына оқу білімге деген құштарлықтарының оянуына ерекше ықпал етті. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізді. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» 9

құралдарын жазудан бастауды мақсат етті.



3.2. Әліп-би ілім-білім үйренудің басты көзі

Әліп-би – тек сауат ашу ғана емес, ілім-білім үйренудің бастау көзі, ғылымға апаратын сара жол. Мұхтар Әуезовше айтсақ, «Ақаң ашқан қазақ мектебінің» ұстанымы – қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның әлеуметтік ортада ой-танымы мен талғамын қазақша қалыптастыру болған. Өйткені, сол тұстағы қазақ арасынан оқыған, сауатты жандардың басым көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол тілдермен ана тілін араластырып, «қойыртпақ тіл» жасағаны тарихтан белгілі. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін ұстанды.

Әрі осы жолда қазақ баласы үшін түрен жол салып берді. «...Қазақша дұрыстап қат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп қат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, парсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұлай болған соң әуелі оқу құралы жақсы болып жан қинамасына не керек?» - деп , «ана тілі» деген пәнсөздің негізгі мәні атау тұлғадағы ұғым екеніне үлкен салмақ салып, әрі төл тілдің бастау көзін ашып алады.[7]



3.3. Әліп-бидің жаңа түрі – «Оқу құралы»

Әліппе 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [7] әліппесі 10

«Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Ғалым «Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» атты ғибрат тақпағын оқулықтың беташары ретінде берген[16]. Кітаптың әріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған. Әрі қарай қазақ әріптері төте жазу жолымен рет-ретмен беріледі де, әрбір харіптің тұсына таңбасы және сол таңбаның атауы жазылады. Және төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын мәтіндер емес, қысқа әрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мәселен: Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары және ас-тағамдармен қатар, дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Оқу құралының екінші кітабы алғашқы әліппеге жалғасты ретінде толықтырылып, 1913-ші жылы шықты.



3.4. «Тіл құралы» - дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің

жүйесі және түрлері

Оқулық негізінен, үш жылдыққа арналып, әр жылғы сыныптарға жеке-жеке жазылған құрал. Бірінші тіл танытқыш кітап: Дыбыс жүйесі мен түрелері, екіншісі: Сөздің жүйесі мен түрлері, үшіншісі: Сөйлем жүйесі мен түрлері. Барлығы да Орынборда жарық көрген. Әдіскер ұстаз осы оқулықты не себепті үш жылға бөлінгенін түсіндіре отырып, бірінші жылы оқытылатын «Тіл – құрал» тіл білімінің негізі 11

болғандықтан оқытушылардың алғашқы жылы нық үйретулері керектігін ескертеді. Бірінші кітапта әріптер, буындар, әріптер туралы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалары оқытылса, жеткілікті екенін айтады. Дүниедегі жұрт тілінің негізі үшке: Түбіршек, жалғамалы, қопармалы болып бөлінетіні, ал қазақ тілінің қай топқа жататынын әрі оның негізгі ережелерін түсіндіріп береді. Сонымен қатар, оқулықта қолданылуға тиісті әдіс-тәсілдердің қандай жолмен оқытылуы керектігін ұғынықты етіп түсіндіреді. Оқулықтың тақырыбы күрделеніп, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту тәсілі сатылана қолданылып кітаптың екінші, үшінші жалғасы жазылады. Жалпы, ағартушының бала оқытудағы әдістемелік мұрасы туралы 1995-ші жылы тілші ғалым А.Қыдыршаев ғылыми зерттеу еңбегінде әдіскердің еңбектерінің жазылу тарихы, әліппе мен оқулықтарының әдістемелік негізі, жалпы сипаттамасы жөнінде сараптамалық талдаулар жасады. Зерттеуші еңбегінде «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің іргетасын қалаушы» екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шығып, ағартушының әдістемелік мұрасының бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығын, тұлға мұрасының өміршеңдігін жазды [10]. Шындығында, осы «Тіл-құрал» кітабының бірінші бөлімі – 7 рет, екіншісі – 8 рет, үшіншісі – 6 рет басылған.

Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.[8][9]

Ахмет Байтұрсынұлының өзі «Қазақ жазуы» деп, кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны басталды. Бұл қарекет, әрине, жеке-дара қазақ мәдениетінде емес, түріктер мен әзірбайжандарда басталып, Ресей қол астындағы түркі халықтарының (татар, қазақ, өзбек, қырғыз, ноғай т. т.) барлығының саяси-мәдени өмірінде белсенді түрде орын алғаны белгілі. Бұл құбылыстың алдыңғы кезеңдердегі алфавит, соған сәйкес жазу тәртібі – орфография мәселелерінің қойылуынан өзгешелігі сол – бұл кезеңде (1924 – 1929 жылдары) графика мен орфография үлкен саяси-әлеуметтік үн алды.

Ол бірнеше ғылыми талаптарға сүйеніп жазды: 1.Алфавитте әріптер саны тілдегі сөз мағынасын ауыстыра алатын дыбыстар /фонемалар/ санына тең болуы керек; 2. Алфавитте әріптер саны өте 12

көп болмау керек т.б. Осы негізгі екі қасиет қазақтың сингармониялық алфавитіне тән. Ал сингармониялық алфавит пен сингармониялық орфографияға қосымша таңба – дәйекшінің  ендірілуі үлкен ғылыми жаңалық болды дейді [2.79]. Кезінде профессор Қ.Жұбанов та осы араб графикасына негізделген жазуға қарсы айтылып жүрген пікірлердің негізсіздігін айтып, осы жазудың авторы А.Байтұрсынұлының еңбегін жоғары бағалаған еді [3.581].  Е.Д.Поливанов бұл жазуды «Байтұрсыновский алфавит» дей отырып, «…енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп ғылыми тұрғыда жоғары бағалады[2.283]. А. Байтұрсынов қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұқты. Конференция, жиындар өткізілді. Бұл проблемаларға арналған ғылыми-практикалық негіздерге сүйенген баяндамалар жасалып, үлкен пікірталастар орын алды, қазақ ағартушылары мен ғалымдары арабшылар – латыншылар болып айқын екі жікті құрады. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар бастаған «арабшылар» (реформаланған араб жазуын ұсынушылар) азшылық болды. Сол кезеңнің саясатына қарай өзге түркі халықтары өкілдерінің көпшілігі латын жазуын жақтап, Кеңес Одағына қараған түркі халықтары үшін латын жазуына көшу ұйғарылды.

1913 жылғы «Қазақ» газетінің №35 санында жарияланған “Жазу мәселесі» деген мақаласында А. Байтұрсынов дауысты дыбыстарды таңбалау жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Ол өзінің айтқан пікірлерін Ғ. Мұса мырзаның айтқан пікірімен салыстыра отырып, араб графикасы негізіндегі қазақ жазуында о, у, ы, е әріптерінің қалай таңбалануы жөнінде өз концепциясын ұсынады [2; 47-48 бб.]. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы альфабитті негізге алған жаңа жазуы (ол «Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла басталды. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен (жазумен) он бестей қазақ кітабы жарық көріпті және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептері де қолдана бастапты. 1924 жылы Орынборда маусымның он бесіндегі жиналысында А. Байтұрсын «Әліпби тақырыбы» атты баяндама жасайды. Ол түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы съезде дәлелдейді.

Ғалым қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар, оның бесеуі дауысты,  он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты дыбыстар екенін айтып: «бұл 13

дыбыстардың ішінде «қ»  һәм «ғ» ылғи жуан айтылады, «к», «г» һәм «е»  ылғи жіңішке айтылады. Өзге  19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Егерде  бұл 19 дыбыстың  жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, … онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын «қ» мен «ғ» – ны қосқанда, дайым жіңішке айтылатын «к», «г», «е» - лерді қосқанда, бәріне 43 белгі  керек»,- дейді [2.324]. А.Байтұрсынов қазақтың сингармониялық сөйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым процесінде толық қамту үшін осы 43 түрлі дыбысты дәйекшіні қосқанда 24 белгімен жазу техникасын ойлап тапқан;

Ғалым өзінің құрастырған алфавитіне «х, Һ» дыбыстарын енгізбеген. Себебі «һ» дыбысын одағай  сөздерде ғана  (аһ, уһілеу) кездеседі деп, «Бұл әріпті қазақ әліппесінен шығарғанда мұнымен жазылатын  сөздер  аз деп шығарып едік. Аз болғанмен  тілде  бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетіні көрінеді», - дейді; Ал  «х» дыбысы араб, парсы сөздер  арқылы еніп, қазақтың өз сөздері болып кеткен (адал – халал, арам – харам), сондықтан оны сақтау керек дейді. Қазіргі жазуымызда «х» дыбысының фонемалық қасиеті жөнінде бірізділік болмауы себепті (хабар-қабар, қош-хош) жазуда  қиындық келтіруде.  А.Байтұрсынов «х, һ, ц, ч, в, ф, щ»  дыбыстарды қазақ тілінің сингормофонемалар құрамына ендірмеген, оларға арнайы таңба арналмаса  да, қосымша әріптермен  қалай жазу жолдарын көрсеткен: [4.30].

Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кездегі зиялылар жаппай бет бұрды.

Кейін 1929 жылы қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Оның қолданылу тәртібі – орфографиясы 1929 жылы жеке талқыланып (Қызылорда да өткен конференцияда), осы кезден бастап іс жүзінде қолға алынды: мектептер мен баспасөз және баспа орындары енді латынша жазуға көшті.

Қазақ мәдениеті үлкен таластармен қабылданған латын жазуының да «қызығын» көп көре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың тегеурінімен латын жазуы аласталып, кириллица − «орыс жазуы» қабылданды. Бұл тұстағы «орыс жазуын» қостайтын ғылыми-теориялық негіздеме әлсіз болды, араб жазуындай (сан ғасырлық) қолданыстағы тарихи дәстүрі болған жоқ, не қазақ тілінің дыбыс 14

құрылымына сәйкестену мүмкіндігі де (қазақ жазбасына қажет дыбыс әріптерінің болу-болмауы) өзге жазулардан (айталық, алдыңғы латын әліпбиінен) артықшылығы көрінбеді, не сауатты жазуға ұсынылатын емле ережелерінде үлкен өзгерістер болмады. Тек орыс тілінен және орыс тілі арқылы келіп жатқан интерсөздер орыс тіліндегі қалпында жазылатын ереже бел алды. Бұл ереже тіпті шет тілдік, әсіресе қазақ тіліне «орыс тілдік» сөздердің қалың нөпірін қазақ фонетикалық жүйесіне келтірем деп қиналмай – Орыс жазуына (кириллцаға) көшу процесі негізінен латынға көшкендегідей бүкілодақтық үлкен жиын-конференцияларсыз, ғылыми негізді пікірталастарсыз, көп дайындықсыз өтті, КСРО-ны мекендеген түркі халықтарының жазуы латыннан кириллицаға көшсін деген үкімет қаулысы алынды да, 1940 жылы күзде қауырт жаңа әліпбиді қолдануға жарлық шықты. Әрине, оған көшудің алдында да кейбір жиын-жиналыстар мен баспасөзде жаңа жазуға қатысты пікір айтылып жатты. Ол пікірлер негізінен жаңа жазудың емлесі жайында болды, өйткені графика түрін таңдау ғалымдар мен ағартушылардың (тіпті халықтың) құзырында болмай қалды: оны Ресейлік (империялық) мүдде мен коммунистік идеология сөздері шешті, қабылдатты. Он-он бес жыл бұрынғы латынға көшу қарекетінен бұл іс-әрекеттің айырмасы – тоқпақ күштірек соғылды, ғылым мен ағарту мүдделеріне жол бермеді, оның үстіне ұлттық мүдде үшін жандарын сала күресетін, өздеріне замандас орыс және өзге ұлт білімпаздарымен сауатты түрде айтыса алатын А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Т.Шонанов, Қ.Кеменгеров, С.Омаров, Н.Төреқұлов, Б.Сүлеев сияқты ғалымдар «халық жауы» болып атылып-айдалып кеткен-ді. Қазақ тілі мен жазуы үшін күресетін одан кейінгі ғалымдар легі өсіп, жетіліп, қайтпас қайсар рух дәрежесіне енді келе жатқан болатын. «Орыс жазуы» мен оның емлесіне қатысты пікірлерді С. Жиенбаев, М. Балақаев, Ш. Сарыбаев, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев сияқты тіл мамандары айтты. Жаңа жазудың орфографиясына қатысты шешімі қиын тұстары баршылық болатын. Бұл қиын тұстар (ережелер) тек кірме сөздерге ғана емес, төл сөздерді дұрыс жазуға да қатысты болды. Емлені талқылауда үлкен пікір таласы болмағанмен, жеке ережелеріне келгенде айтарлықтай екі-үш ұдайылық (қарама-қарсылық) сипат алған ұсыныстар мен дәлелдеулер орын алып отырды.

Жаңа «орыс жазуы» кеңінен таралып, игерілуін үлгермей жатқанда, қоғам тіршілігін кілт өзгерткен Ұлы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!