Материалдар / Ғылыми жұмыс "Картоптың пайдасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс "Картоптың пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс Картоптың пайдасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2019
2421
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.



Picture 3

Түркістан облысы

Арыс қаласы



И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектеп





Ғылыми зерттеу жобасының тақырыбы: «Картоптың пайдасы мен зияны».

Бағыты: Дүниетану

Орындаушы: Көшер Айзере

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Ғылыми жоба жетекшісі: Әбілқасым Ақбикеш Сұлтанбекқызы







И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы Көшер Айзеренің «Картоптың пайдасы мен зияны» тақырыбындағы жазған ғылыми жобасына



Пікір

Көшер Айзере 2 «Ә» сыныбының үздік оқушысы. Айзере сыныпта білімділігімен,алғырлығымен,тапқырлығымен ерекшеленіп тұрады.Ол барлық пәндерді жақсы көреді,сүйіп оқиды.Өте жүйелі,нақты сөйлей біледі. Маржандай тізілген әріптері оқушының сауаттылығын айқындап тұрады. Айзере үнемі қосымша кітаптар оқып ізденіп жүреді.

Ғылыми жетекшісімен бірге «Картоптың пайдасы мен зияны» атты ғылыми жобасында картоп өнімінің ерекшеліктерімен танысып адамзат үшін пайдасы мен зиянды жақтарын қарастырып зерттеген.Сонымен қатар,картоптың емдік қасиеттерімен де танысып зерттей білген. Картопты жиі пайдалану жөнінде сыныптас достарына кеңес береді.

Осы жұмысты жүргізу барысында оқушының көп ізденгені,еңбектенгені көрініп тұр.Картоп туралы қызықты мәлімет ала отырып анасымен бірлесіп көптеген дәмді тағамдар жасауды үйренген.

Көшер Айзере алдағы уақытта жақсы зерттеуші және білімді,ізденімпаз оқушы болады деп сенім артамыз. Елін,жерін сүйетін,халқына адал қызмет жасайтын қыз болсын деп тілек қосамыз.







Мектеп директоры: Ә.Жүніс

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Байдуллаева

Ғылыми жетекшісі: А.Әбілқасым

Сынып жетекшісі: А.Әбілқасым









Аннотация

Бұл жұмыста картоптың түрлерін,пайда болуын зерттеп, ізденіп,картоптың табиғатымен жақсырақ танысқан. Картоптың ағзамызға беретін пайдасы мен зиянын анықтап білген.Картоптың емдік қасиеттерімен танысып емге қолдану тәсілдерін дәлелдеп көрген. Адам сұлулығы үшін картоптың берер сыйын білген.Оқушылар мұндай зерттеу жұмысын жүргізу арқылы білімге деген қызығушылығы артып,ізденімпаздық қасиеті оянады.





Аннотация

В этой работе ученики исследовали виды картофеля,его появление,изучили его природу поближе.Определили пользу и вреда картофеля,каторый он приносит нашему организму.Познакомились с лечебными свойствами картофеля и применили их на практике.

Также узнали что картофель полезен для ухода по поддержашию красоты человека . В ходе таких исследований у учеников появляются и повышаются интерес к исследовательским работам.























Зерттеу жұмысының тақырыбы: Картоптың пайдасы мен зияны

Зерттеу мақсаты: Пайдалы көкөністердің бірі картоптың жалпы сипаттамасын танып білу.Картоп өте көп мөлшерде дәруменге бай және бұл көкөністің емдік қасиеттерін зерттеп анықтау.

Зерттеу болжамы: Егер картоп өнімінің өзіндік ерекшеліктері мен пайдалы жақтары көбірек ашылса сонымен қатар, адамзат сұлулығы үшін пайдалы екендігі танылса,онда алдағы уақытта менің достарым,сыныптастарым картопты зиянды чипсы жасауға қолданбай тек пайдалы жағын ғана көздеп қолданар еді.Сөйтіп біздің болашақ ұрпағымыздың денсаулықтары мықты болып, сұлу болып өсер еді.

Ғылыми жобаның мазмұны

I.Кіріспе.

а) Картоп туралы алғы сөз.

II.Негізгі бөлім.

а)Картоптың пайда болуы және түрлері.

ә)Картоптың дайындалуы мен күтімі.

б)Картоптың ағзамызға беретін пайдасы мен зияны.

III.Қорытынды.

а) Адам сұлулығы үшін картоптың берер сыйы.



Зерттеу әдістемесі:Картоп туралы баспасөз беттеріндегі ақпараттармен танысу,энциклопедия,интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу,зерттеу,ізденіс,анамның,сынып жетекшімнің көмегіне жүгіндім.



Зерттеу жаңалығы:Сыныптас достарыма,замандас құрбыларыма картоптың пайдасы мен зияны туралы бөліспекпін.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Картоп өнімінің адам денсаулығы үшін тигізер пайдасы мол екенін білдім.Картоптың емдік қасиеттері мен қатар сұлулық үшін де тигізер пайдасы бар екенін білдім. Картоп өнімін көбірек қолдануға кеңес беремін.

Кіріспе бөлім

I. Картоп туралы алғы сөз.

Мен үнемі анама қолғанат болып көмектесіп жүремін. Анамның дайындаған тағамдарының ішінде маған ерекше ұнайтыны картоп қосылған тағамдар. Қуырылған картоп,картоптан жасалған салаттар,картоптан жасалған кез-келген тағамдар маған өте ұнайды. Мен анамнан ,ұстазымнан картоп туралы көбірек сұрап , картоптың пайда болуы мен пайдалы зиянды жақтарын білуге қызығушылығым арта бастады.Осыдан бастап картоп өнімінің пайдасы мен зияны туралы зерттеп білуді ұйғардым.

Картоп туралы мәліметтерді іздене отырып мынадай ақпараттар алдым. Картоп, картофель түйнекті алқа, ақтүйнек алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. Сабағы жуан, тікенексіз. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20, кейбір түрлерінде 40-50 см). Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны – Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады. 150-ге жуық түрі белгілі.Отаны – Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Қазақстанға  Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнек түзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Топырақ температурасы 5 – 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 – 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал –1 – 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. 1 га-дан орта есеппен 100 – 200 ц өнім түседі. Зиянкестері: картоп түн көбелегіколорадо қоңызы, тағы басқа.


Күтімі мен дайындалуы

Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15-20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200-250 ц картопқа 100-175 кг азот, 40-50 кг фосфор және 140-230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек.



Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады.

Picture 11 Picture 13

Қолданылуы

Крахмал өндірісінде қолданылады.Бәрімізге белгілі, картопты көптеген елдерде «екінші нан» деп атайды. Өйткені, өзінің құнарлығымен және дәмімен үлкен орын алатын картоп барлық елдер дастарханындағы тағам құрамында болады. Картоптан көп мөлшерде крахмал алынады.

Картоптың ағзамызға беретін пайдасы мен зияны. Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек. Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды. Картоптың көзге пайдасы. Қияр кесектерін қою арқылы көз ісінуін кетіруге болатынын білеміз. Картопты да сол мақсатта пайдалануға болады. Картопты жіңішке етіп тураңыз немесе үккіштен өткізіп, дәкеге салып, көзде 10-15 минут шамасында ұстаңыз. Уақыт өткен соң бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз. 

Картоптың теріге пайдасы. Теріге безеу шығып кетсе, оны үш күн қатарынан картоп сусынымен сүртіңіз. Картоп сусыны күнге қатты күйген терінің ашығанын басуға да көмектеседі. Картопты қайнатқан суды суытып, оны бет жууға арналған тоник ретінде қолдануға болады. Мұндай тоникті тоңазытқышқа қою қажет және 2-3 күннен артық сақтауға болмайды. Шағу және күйікке пайдасы. Картоп жәндік шаққанда немесе кішігірім күйіктен пайда болатын ауруды басуға көмектеседі. Шикі картоп кесіндісін ауырып тұрған жерге 5 минутқа басыңыз.  Есіңізде болсын! Егер теріні күйдіріп алсаңыз, зақымданған жерді алдымен салқындату керек. Күйген жерді краннан аққан өте суық суға ұстаңыз немесе 10 минут шамасында мұз басыңыз. Суықтың тарау жылдамдығы жылудың тарау жылдамдығынан аз.  Сондықтан 1 секундта күйдіріп алған жеріңізді 10 минут салқындату қажет. Күйген жерге түрлі май мен крем қолданудың қажеті жоқ. Шаршаған жағдайда Картоп қайнатқан суды бөлме температурасында суытып алыңыз. Содан соң суыған суды легенге құйып алып, шаршап тұрған аяғыңызды 20 минут шамасында салып жатыңыз. Сонымен қатар картоп қайнаған суда болатын крахмал аяқ жараларының тез жазылуына да көмектеседі.

Зиянды жағы Картоптың ағзамызға беретін пайдасы туралы білдік. Ал, картоптың зияны қандай? Әдетте, салмақ тастағысы, азғысы келетіндер өзін картоп жеуден шектеп тастайды. Бұл да дұрыс! Картоптың зияндылығы – оның құрамында көмірсулар мен жасұнықтың көп болуында. Бұлар өз кезегінде адам ағзасында қанттың мөлшерін көбейтіп жібереді. Дұрысы, картоп тағамдарын дұрыс дайындай білуді үйрену керек. Картопты қуырғаннан гөрі, қабығымен бірге қайнатып жегеніңіз және қуырылған картоптан аулақ болғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы болмақ.





























Қорытынды.

Адам сұлулығы үшін картоптың берер сыйы.

Картоптан жасалатын бет терісіне арналған маскалар мен картоптан түрлі дәмді тағамдар жасаудан хабардар боларсыз. Мұнан басқа картопты үй тұрмысында ем-дом ретінде пайдалануға да болады екен. Кейбір адамдардың табанында қатайған тері (мозоль) пайда болып жатады. Әсіресе, биік өкше аяқ киімнің ыңғайсыз болуынан күс пайда болып, оны кетіре алмай әбігерге түсеміз. Мұндайда, картоптың көмегіне жүгініңіз! Табанға шикі картоп тарту арқылы ондағы қатайған теріні жұмсартуға болады. Ол үшін алдымен картопты үккіштен өткізу керек. Жарты стақан үгітілген картопқа 1 шай қасық бал қосып араластырады. Осыны дәкеге салып, қатайған теріге жапсыра орайды. Сыртынан шұлық киіп, 2 сағаттай жүру керек. Мұндай рәсімді күніне 2-3 рет қайталауға болады. 

Картоптың шашқа пайдасы. Егер шаш түсін қарайтқыңыз келсе, картоп қабығынан дайындалатын шаюға арналған сұйықтық дайындаңыз. Жуылған ірі картоптың қабығын және бір анар қабығын ыдысқа салыңыз. Қабықты жауып тұратын етіп су құйыңыз. Қайнатыңыз, одан соң оттан алып, суытыңыз. Суын сүзіп алып, шашыңызды сусабынмен жуып болғаннан кейін, жаңағы сұйықтықпен шайыңыз. Нәтижесінде шашыңыз табиғи түсіне қарағанда аздап қарайғанын байқайсыз.





Мен осылай фри дайындадым.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!