Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс. Мақал-мәтелдердегі антонимдік қолданыстар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қатысушының аты-жөні(толық) |
|
Сыныбы |
|
Білім мекемесі |
|
Ғылыми жетекшінің аты-жөні (толық) |
|
Секция атауы |
«Сырлы сөз» тіл секциясы |
Жұмыстың тақырыбы |
Мақал-мәтелдердегі антонимдік қолданыстар |
Ғылыми жоба
Тақырыбы – «Мақал-мәтелдердегі антонимдік
қолданыстар».
Бағыты – тіл білімі.
Секциясы – «Сөз сыры» тіл секциясы.
Орындаушы –
Жетекшісі –
Аннотация
Ғылыми жұмыс жобасында орындаушы тақырыпты өз қызығушылығына байланысты дұрыс таңдап, өзектілігіне баса назар аударған. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқын. Жоба жұмысын бастамай отырып, жұмыстың болжамы нақтыланған, гипотеза жасалынған. Зерттеу жұмысының кезеңдері жүйелі жүргізілген, жұмыс әдістері лайықты іріктелген. Тақырыптың мазмұны көне болғанымен, мәні жаңа. Зерттеуші тақырып ауқымына жаңаша көзқараспен қарап, өзінің дербес ойын тұжырымдай алған. Зерттеу жұмысының нәтижесін бағалап, қорытынды жасай алған. Зерттеу нәтижесі бойынша мақал-мәтелдердегі антонимдік қолданыстарды күнделікті өмірде қолдануға болады. Мақал-мәтелдердің жас ұрпақты шешендіке баулуда, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуде мәні жоғары. Ал антонимдік қолданыстардың мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшелігін арттыруда қосар үлесі зор. Антонимдер тек мақал-мәтелдерде емес, ауызекі сөйлеу тілінде де ойды әсерлі жеткізуде елеулі рөл атқарады. Зерттеуші осыған баға бере отырып, ерекше мән берген.
Аnnotation
Researcher chosen topical theme of his scientific work in the project. Goals and objectives clearly. Since the beginning of the project made refined hypothesis works. Stages of the system research, methods of operation, selected adequately. Subject in essence ancient, but the content and the value of the new. Isledovatel to the topic approached in a new way. Researcher independently formulated their ideas. Assessing the results of a study made important conclusions. The study antonyms in proverbs and sayings, these proverbs and antonyms can be used in everyday life. Proverbs teach the younger generation to the oratory and in the education of the citizen in patriotism so. Opposites is of great importance in the artistic features of proverbs and sayings. Antonio plays an important role in achieving the efficiency of the language in speech thought. Researcher, evaluating its work, particular importance attaches to the antonyms in proverbs and sayings.
Мазмұны
-
Кіріспе.
-
Антоним туралы жалпы ұғым.
-
Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі.
-
Мақал-мәтелдерде антонимдердің қолданылуы.
-
Қорытынды
Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы – «Мақал-мәтелдердегі антонимдік қолданыстар».
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздік алғанының өткен жылы 25 жылдық мерейтойын атап өттік. Елдің тәуелсіздігі өзімен бірге санаға, танымға, тілге тәуелсіздік ала келді. Елдің ертеңі болар жас ұрпақ өз ана тілін құрметтеп, ана тілінің көркейіп, дамуына өз үлесін қосу керек. Халқымыздың өмірінде сөз өнері, сөйлеу өнері шешуші рөл атқарған. Сөзді өсірмей, дамытпай, көркемдік күшін күшейтпей, қоғамдық рөлін арттырмай, ана тіліміздің жоғары дәрежедегі өнер биігіне, белсенді қоғамдық құрал дәрежесіне көтере алмаймыз. Қазіргі таңда жастар шешен сөйлеуді ұмытып бара жатыр, жас ұрпақтың көпшілігі өз ойын нақты жеткізе алмайды. Жастар өз ойын көркем, шешен жеткізуді үйреніп, өз өмірінде қолдана алса, еліміздің көркеюіне лайықты үлес қоса алар еді. Ал шешен сөйлеуді үйренуде мақал-мәтелдердің атқарар рөлі ерекше. Мақал-мәтелдер тек шешен сөйлеуге ғана үйретіп қоймай, сонымен қатар, халқымыздың патриоты, ұлтжанды азаматы болып қалыптасуға, туған елін, туған жерін сүйіп, адал болуға, ата-ананы, үлкендерді сыйлап, әдепті, иманды, тәрбиелі азамат болуға да өз әсерін тигізеді. Мақал-мәтелдердегі антонимдік қолданыстар оның мәні мен маңызын сезінуде, аз сөзге көп мағына сыйғызып, айтар ойын ұтымды жеткізуде ерекше рөл атқарады.
Ғылыми жоба жұмысының зерттеу проблемасы - қазақ, орыс, ағылшын халықтарының мақал-мәтелдеріндегі антонимдік қолданыстардың көркемдік ерекшелігіне талдау жасап, зерттеу жүргізу.
Ғылыми жоба жұмысының болжамы - қазақ, орыс, ағылшын халықтарының мақал-мәтелдерінің көркемдік ерекшелігіне, тәрбиелік мәніне антонимдік қолданыстардың тигізер әсерінің жоғары екеніне көз жеткізу.
Ғылыми жоба жұмысының нысаны - қазақ, орыс, ағылшын халқының мақал-мәтелдері.
Ғылыми жоба жұмысының мақсаты - қазақ, орыс, ағылшын халықтарының мақал-мәтелдерімен танысып, олардың көркемдік ерекшелігіне антонимдік қолданыстардың тигізер әсеріне, мәні мен маңызына талдау жасау, саралау, зерттеу.
Ғылыми жоба жұмысының міндеттері:
-
мақал-мәтелдердегі антонимдік қолданыстардың маңызын анықтау;
-
мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін арттырудағы антонимдік қолданыстардың әсеріне тоқталу;
-
мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшелігіне зерттеу жүргізу.
Ғылыми жоба жұмысының әдіс-тәсілдері. Ғылыми жоба жұмысының мақсатын орындау және міндеттерін шешу үшін, ең алдымен, антонимдер қолданылған қазақ мақал-мәтелдерін, оған қоса, салыстыра отырып талдау үшін орыс және ағылшын мақал-мәтелдерін жинақтадым; оларды көркем оқи отырып, антонимдік қолданыстардың мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшелігіне тигізген әсерін саралап, талдау жасадым; мақал-мәтелдермен таныса отырып, ойымды жүйелеп, тұжырым жасадым; ой-толғау жасай отырып, қорытынды шығардым.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді тіл білімінде антонимдер деп атайды. Мысалы, жақсы – жаман, ақ – қара, биік –аласа, ескі – жаңа, аз – көп, жоғары-төмен, т.б. Антонимдер бізді қоршаған әлемдегі заттардың, құбылыстардың сыны мен сапасын, олардың қасиетін, мөлшері мен көлемін салыстыра сипаттауда қолданылады.
«Антоним (грек сөзінен шыққан, anti – қарсы, onyma – ат, атау) – тілдің мағына жағынан өзара бір-біріне қарама-қарсы атауыштық бірліктері. Антоним зерттеудің әртүрлі принциптеріне орай бірнеше топтарға бөлінеді: логикалық-грамматикалық, психолингвистикалық және тілдік»1. «Антонимия – бір-біріне қарама-қарсы мағыналарға ие лексикалық бірліктердің семантикалық қарым-қатынасы. Антонимия – барлық тілдерге тән универсалды құбылыс. Барлық тілдердегі антонимдердің семантикалық және құрылымдық жіктелуінің ұқсастығы олардың қарама-қарсы мағыналарының жалпы құрылымына байланысты болады.
Антонимияға адам санасының объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар туралы ұғымдырды салыстыру және оларды бір-біріне қарама қарсы қою қабілеті негіз болады. Антонимяның психологиялық негізі – адамның ой-санасындағы контрастылы байланыстар. Осы арқылы антонимдер сөйлеу барысында бірге, бірлесе қолданылады және солай қабылданады. Антонимия – лексикалық құбылыс»2.
Антонимдердің қолданылатын орындары: қос сөздер, тіркескен сөздер, мақал-мәтелдер. Әсіресе антонимдер мақал-мәтелдердің әсерлілігін арттыру үшін, ойды әсерлі жеткізуде жиі қолданылады.
Мақал-мәтелдер — нақыл сөз, ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік танытқан. Мақал-мәтелдер - өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, халқымыздың ұзақ замандар бойы тірнектеп жиып, шаң жуытпай сақтап, атадан балаға мұра ретінде қалдырып келе жатқан асыл қазынасының бірі. Мақал мен мәтел – сөз атасы, сөз көркі, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Ауызекі тілде болсын, жазу тілінде болсын дәл мақал-мәтелдей сөзге сараң, мазмұнға бай ешбір шығарма түрі жоқ. Халқымыздың асқан даналық, таң қаларлықтай шешендік қасиеттерін өз бойына мақал-мәтелдей мол және жан-жақты жинап сақтаған шығарма жанры болған емес. Мақал-мәтелдің өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында. Мақал-мәтелде бәрі екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ой-өрнек
ажыраспас туыстық тапқан. Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Кейде, тіпті, сөз тастап та кетіп те отырады.
1-Қазақ тілі, энциклопедия, Алматы, 1998, 23-бет
2-Қазақ тілі, энциклопедия, Алматы,1998,24-бет
Бірақ одан мақал-мәтелдің мазмұнына ешқандай нұқсан келмейді.
Ал мақал-мәтелдердің ойды нақты, әсерлі жеткізуде антонимдердің алар орны ерекше. Оны төмендегі мысалдардан көруге болады.
Қазақ мақал-мәтелдері
Келген дәулет,
Кеткен бейнет.
Жақсы болар болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ,
Жаман болар жігіттің еш жұмысқа құлқы жоқ.
Шын ер- жеңсе тасымас,
Жеңілсе-жасымас.
Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді.
Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Бейнет,
Бейнет түбі-зейнет.
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің арманы бітпес.
Білген адам тауып айтады.
Білмеген адам қауып айтады.
Ақылды адам жай келеді.
Жан-жағын байқай келеді.
Ақылсыз адам айқайлай келеді.
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылдыға сөз айтсаң,
Аз ойланып, біледі.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Тыңдайды да күледі.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.
Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың.
Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.
Екі жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар.
Екі жаман қосылса, ырылдасар, таласар.
Жолдасы жақсы болса, жолды болар.
Жолдасы жаман болса, қолды болар.
Жақсы - сыйлағанның құлы,
Жаман - қорыққанның құлы.
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа.
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Жақсының ашуы шайы орамал кепкенше,
Жаманның ашуы басы жерге жеткенше.
Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді,
Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді.
Үлкенді сыйласаң, қадірлі боларсың.
Кішіні сыйласаң, құрметті боларсың.
Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар.
Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзге жан түршігеді.
Жақсының сөзі ақыл шақырады,
Жаманның сөзі ашу шақырады.
Көне сөз - жаңа сөздің қазығы.
«Сіз, біз» деген - сөздің желімі.
Өтірік - шындықтың келіні.
Жақсыға бір қамшы,
Жаманға мың қамшы.
Ауырдың астымен,
Жеңілдің үстімен.
Жақсылық қылсаң халыққа,
Бір қайырымын аларсың.
Жамандық қылсаң халыққа,
Жапанда жалғыз қаларсың.
Екі жақсы қосылса,
Қыл өтпейді арадан.
Екі жаман қосылса,
Қол кетпейді жағадан.
Жақсы жаныңа жолдас,
Жаман малыңа жолдас.
Орыс мақал-мәтелдері
Умный любить учиться,
А дурак учить.
Корень учения горек,
А плод его сладок.
Ученье – свет,
А неученье – тьма.
Умей взять,
Умей и отдать.
Много работай,
Меньше болтай.
Ағылшын мақал-мәтелдері
Еаsy to say but hard to do.
Defeat winnig mother.
Осы мақал мәтелдерден байқағанымыздай, қазақ мақал мәтелдерінің көпшілігінде «жақсы» және «жаман» сөздері жиі кездеседі, «ақылды» және «ақымақ», «жеңіс» пен «жеңіліс», «еңбекқорлық» пен «еріншектік», «үлкен» және «кіші», «өтірік» пен «шындық», «келген» мен «кеткен», «тозар» және «озар», «жақсылық» пен «жамандық», «аяғы» мен «басы», «ауыр» мен «жеңіл», «жаз» және «қыс» деген антонимдер кездеседі. «Білімді» мен «білімсіз», «ақылды» және «ақылсыз» сөздері - сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтары (-ды/-ді және –сыз/-сіз) арқылы жасалған антонимдер. Антонимдердің қолданылуы мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшелігін арттырып тұр, мағынасын ашуда елеулі рөл атқарады. «Жақсы» және «жаман» антонимдерін қолдану арқылы мақал-мәтелдер бізді жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге шақырады. Екі антоним сөзді салыстыра отырып, жаман адамның өмірде қиналатынын, ондай адамдардың достары аз болатынын, абыройы болмайтынын, сыйы жоғалатынын анық түсінеміз. Сол арқылы қорытынды жасап, өмірде жақсылық жасауға ұмтыламыз, жақсы адам болуға тырысамыз. Ал кейбір мақалдарды оқи отырып, құрамындағы антонимдердің мағынаны әсерлі жеткізуінің арқасында еңбекқор, мейірімді, әдепті, білімді, қанағатшыл, мәдениетті болуды үйренеміз.
«Қатты» және «тәтті», «біледі» және «күледі» сөздері жалпы алғанда антоним емес. «Қатты» сөзінің антонимі - «жұмсақ», «тәтті» сөзінің антонимі – «ащы», алайда біз мысал ретінде келтірген мақалда бұл сөздер антоним қызметін атқарып тұр. Осы мақалдарда бұл сөздер қарама-қарсы мәнде қолданылып, алғашқы мақалда адал еңбектің жемісі тәтті болатынын, көп еңбектенсең, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатыны айтылса, екінші мақалда айтқан сөздің ақымақ пен ақылды адамға қалай әсер ететіні, ақылды адам естіген сөзінен нәтиже шығаратыны, ал ақымақ адам тек күліп қоятыны туралы айтылған.
Орыс мақал мәтелдерінде «умный» және «дурак», «свет» және «тьма», «взять» және «отдать», «многа» және «меньше», «горек» және «сладок» деген антонимдер кездеседі.Осы мақал-мәтелдердің жеткізбек болған ойы - өмірде білімді, ақылды, еңбекқор болу. Ал «алу» және «беру» антонимдері қолданылған мақалдан кез-келген нәрсенің қайтарымын қайтара білу қажеттігін білеміз.
Ағылшын мақал мәтелдерінде «defeat» (жеңіс) пен «winnig» (жеңіліс), «easy» (оңай), «hard» (қиын) антонимдері қолданылған. Ағылшын мақалдарынан батылдықты, қайсарлықты, төзімділікті үйренуге болады.
Мақал-мәтелдердің көркемдік әсерін арттыруда, айтар ойын нақты, айқын жеткізуде антонимдердің үлесі зор.
Қорыта айтқанда, антоимдік қолданыстар мақал-мәтелдерде өте жиі қолданылады. Өмірдегі қарама-қарсы ұымдарды, құбылыстырды салыстыра отырып, мақал-мәтелдердегі айтылар ой ұтымды, әсерлі жеткізіледі. Антонимдік қолданыстардың мақал-мәтелдердің әуезді, ырғақты, үйлесімді болуына да қосар үлесі көп. Бір-біріне қарсы ұғымдарды білдіретін сөздерді қатар қойып, бір мақалдың құрамында жеткізу арқылы сол құбылыстардың ара жігін нақты ажыратуға септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер