Материалдар / ғылыми мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ғылыми мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2021
429
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 378

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН

ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі, магистр Байтугелова Салтанат Бериковна

Резюме

В статье рассматриваются активизация речевой деятельности учащихся в изучении английского языка.

Summary

The article deals with speaking as type of activity in learning English as a foreign language.

Казіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру еліміздің білім беру жйесінде басты міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен “Үштұғырлы тіл” мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде.

Қазіргі таңда оқушыларға ағыллшын тілін үйретудің жаңа инновациялық технологияларды тиімді қолдана білу мәселелері қаралып жүр.

Бұл тек қана жаңа техникалық тәсілдер емес, сондай-ақ оқытудың жаңа формалары мен әдістері. Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушының коммутативтік мәдениеттілігін және шет тілін практика жүзінде меңгеру шеберлігін дамыту. Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – оқушылардың ағылшын тілін үйренуге қолайлы жағдай туғызу. Басқаша айтқанда, оқушы өзінің шығармашылық белсенділігі мен қабілетін көрсете алатын оқытудың тәсілін пайдалану.

Ағылшын тілі мұғалімі үшін басты мақсаттардың бірі – тілдің сапасын арттыру, яғни оқушыларға шет тілін сапалы түрде, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасай алу деңгейінде меңгерту.

Сөйлеу-оқытудың мақсаты. Сөйлеу- өте көп аспектілі және күрделі құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым-қатынас құралының қызметін атқарады. Мұғалімге ең алдымен оқытуда табысқа жету үшін оның қалайша жүзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, сөйлеу- бұл қызмет, адам қызметінің бір түрі. Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі-пікір айту пайда болады.

Сөйлеу қарым-қатынас құралы. Қарым-қатынас ауызша, жазбаша түрде де жүзеге асырыла береді. Бірінші жағдайда сөздік қызметтің түрлері ретінде адам қарым-қатынастың екі құралын, сөйлеу мен тыңдап түсінуді, екінші жағдайда жазу мен оқи білуді меңгеруі қажет. Сондықтан, сөйлеу- сөздік қызметтің түрі ретінде қарым-қатынастың құралдарының бірі болып табылады.

Тіл оқушының шынайы қызығушылығымен, олардың белсенді өздік және дәрісханалық жұмыстарда, қажетті жұмыс көлемін, яғни белсенді сөйлеу жаттығуларын – шет тілінде ойлау әрекеттерін жүйелі және мерзімінде орындауы арқылы пәнді жетік меңгеруі мүмкін.

Оқушылар сөздің ережелеріне сәйкес өз ойын, пікірін шет тілінде жеткізу, сұрақ қойып оған жауап беру, оқылған тақырып бойынша қарым-қатынас аясындағы әртүрлі коммутативтік әңгңмені қолдау, Көргеннің, естігеннің, оқығанның негізінде сәйкес коммутативтік рольдерді орындай отырып мағынасын қайта айтып беру.

Ағылшын тілін үйрету барысындағы қиыншылықьардың бірі- оқытушының көп түсіндіруі, оқушының көп тыңдап, аз сөйлеуі. Сондықтан, оқытушы мнен оқушының сөйлеу қарым-қатынасы бір жақта болуы тиіс, оқушы үнсіз қалмауы тиіс. Оқушыны сөйлету үшін мұғалім сабақты тақырыпқа сай дұрыстап жоспарлап, әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып оқу атмосферасын орнату қажет. Оқушыларға шетел тілін оқыту әдістемесі пәнінің теориялық негіздерін тірек-сызбалар арқылы түсіндіру тиімді және білім беру стандартының талаптарына сай теориялық сабақтарда тек оқытушы ғана емес оқушыларға жұмыс жасау талабы орындалады.

Қазіргі кездегі оқушыларды оқытудағы ең қажетті педагогокалық инновацияның бірі мультимедиялық компьютерлер болып табылады.

Мультимедияны оқытудың тиімділігі ағылшын тілін үйренудің де баға жетпес құралы. Мультимедия- дыбыс және көру түріндегі ақпараттар жүзеге асыратын бағдарламалық аппараттық құралдар жиынтығы.

Жұмыстың интерактивті режиміндегі графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, тексттер ақпараттық орта қалыптастырады. Бұны пайдаланушыда сапалы жаңа мүмкіншіліктер болады. Оқытушы оқушылармен жұмыс істей отырып олармен сөйлесе алады. Олардың экрандарында бар нәрсені өзінің мониторынан көре алады. Білім беру жүйесінде мультимедия технологиясын қолдану кең таралуда. Жұмыстың бұл түрі ағылшын тілін оқытуға өте тиімді. Сонымен қатар оны топша мүшелері арасында белсенді сөздік қатынастарды талап ететін әртүрлі дағдыларды дамыту үшін қолдануға болады.



Қорыта келсек, оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру.



Әдебиеттер



  1. Гаврилов Б.В., Плюсы и минусы компьютеризации обучения. Санкт-Петербург,2000.

  2. Амандыкова Г.И., “Шетел тілін оқыту әдістемесі” , Астана 2000.

  3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

  4. «Қазақстан мектебі» журналы. № 9 2009 жыл

  5. «Мектептегі шет тілі» Республикалық әдістемелік- педагогикалық журнал.

  6. «Ағылшын тілі мектепте» Республикалық ғылыми- әдістемелік «журнал

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!