Материалдар / Ғылыми зерттеу жұмыс тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны асық

Ғылыми зерттеу жұмыс тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны асық

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
1401
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтың ұлттық ойыны асықАдамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен. Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б.спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды. Сол ойындардың бірі Асық ойыны. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дəлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тəрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына шыға бермейді. Ұлттық ойындары көбінесе əр халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылығының мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделеді. Əсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. «Ойын – бала үшін өмірлік тəжірибе», — деген екен Алаш ағартушысы Мағжан Жұмабаев. Қазақтың ұлттық ойындарының ең алғашқы сатысы халқымыздың салт-дəстүрі мен мəдениетінің ажырамас бөлігі ретінде əуелі асықты айтамыз. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады.Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бəле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдаған. Келіні құрсақ салғанда, атасы мен əжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын дегенге саяды. Асық ойыны – бай салтымыздың бір дəстүрі. Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұсында асық – əр үйдің, əр ауыл балаларының, жастарының, тіпті, жасамыстарының да бас қосуының негізі болған ойын түрі . Есі кірген қазақ балаларыныңең алғаш ойнайтыны да осы – асық ойыны. Кезінде қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы: «Асық – үлкен халықтық тəрбие. Ұлтымыздың дəстүрі мен мəдениетінің бастауы», – деп баға берген еді. Керек десеңіз, бүгінде этнографтар мен мəдениеттанушылар асық ойынының феноменін зерттеу үстінде. Себебі, халық шығармашылығынан туған асық ойынының астарлы мағынасы, ұрпаққа жеткізер ақпараттық күші, коды болған. Мəселен, этнограф ғалым Бекет Қарашин былай дейді: «Асық ойынының негізінде тылсым символдар мен кодтар, шартты белгілер жатыр. Өткен күннің белгілері бар. Сол белгілерді тауып, жарыққа шығарсақ қана біз өзіміздің түп тегіміздің салт- дəстүрін, дүниетанымын, олар кезінде нені аңсағанын ұғар едік. Мысалы, Тутанхамон мəйітханасынан табылған асық нені білдіреді? Осы сияқты жұмбақтарды шешсек, біз өзіміздің жоғалтып алған тарихи жадымызды қалпына келтірер едік. Ұлт, халық ретінде негізімізді тереңдете түсер едік», — деп түйіндейді. Сондай-ақ, жерге байланысты дау-дамай да осы асықтың күшiмен шешiлген. Тіпті, ертеде бақсы-балгерлер асық арқылы сəуегейлік жасап, алдын-ала болжам да жасаған көрінеді. Бұған халқымыздың ауыз əдебиеті куə.Қазақта «Доп ойнаған – тозар, асық ойнаған – азар, қой бағып құйрық майын жегенозар» деген мақал бар. Əрине, заман ағымына қарай бұл мақалды басқаша түсіндіру керек бүгінгі жасөспірімдерге. Мəселен, ала допты қуалап, миллиондаған жанкүйері бар стадионды жинаған Лионель Месси, Дидье Дрогба, Джанлуиджи Буффон, Фернандо Торрес тозды ма екен?! Немесе Еуропа жұртшылығы тамсана мақтайтын, қызыға ойнайтын классикалық керлинг пен гольфтен азды ма екен? Асық туралы ізденіс. Асық малдың жіліктерін жалғастырып тұратын шағын сүйек қана емес, ұрпақ тəрбиесінің аса қажетті құралы. Ұлттық ойынның атасы ғана емес, халықтың өткені мен бүгінгісінің көрінісі. Өйткені ертеде қазақ баласы қолына ең алғаш асық ұстаған. Асық – жас жеткіншектердің тəрбиесі мен баланың ой-өрісін кеңейтуге берер мүмкіндіктері көп қазақтың ұлттық ойыны. Асықты ойнаған адам, одан тек бойына жақсы қасиеттер ғана сіңіре алады. Өйткені, асық баланы бəсекелесінің алды болу үшін ширақтыққа, асық санын көбейту үшін мергендікке, ойын кезінде қарсыласында қанша асық қалғанын білу үшін математикалық қабілеттіарттыруға, өз асықтарын жоғалтпау үшін үнемділікке үйретеді . Асық ойынының еңбектеген баладан, еңкейген кəріге дейін ойнайтын түрлері болған. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатына сық салмақты, ірі болуға тиіс.Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Мынадай бірнеше түрлері қазақ даласына кең тараған: «Ханталапай», «Хан атпақ», «Ханменуəзір», «Үйірмекіл», «Сасыр», «Атпақыл», «Қақпақыл», «Үштабан», «Омпы», «Алтыатар», «Шықетер», «Тисінқабат», «Табан», «Төрт асық», «Бес асық» жəне тағы басқа түрлері.Хан талапай. Асықпен ойналатын ойынның бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.Алшы ойыны.Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. «Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра бередіХан ойыны.Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі—«Хан» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «ханды қара басты» деген даусын естігеннен кейін бассалып асықтарды талап алады. Екінші жағдайда иірген асықтардың арасында «хан» ашық жатса, онда «ханмен» бүк жатқан асықты ату керек, ойын солай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлық асық атылып болғанға дейін ойын жүре береді.Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.Асықты тігіп ойнау.Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1—1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4—5 м. не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады. Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса бередіТас қала ойыны.Асық ойынының ендігі бір түрі —«Тас қала» деп аталады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7—8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші. Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі. Атушы «Тас қалаға» саңасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, саңасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бүзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.Құмар ойыны.Асықпен ойнайтын ойынның тағы бір түрі — «Құмар». Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай береді. Ойынға қатынасушылардың саны 5—6 адамнан аспауы керек. «Құмар»— үйде, аулада, таңыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі-түсті бояуға боялады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтыны асық иіру арқылы шешіледі. Алшы —бірінші, тәйке —екінші, бүге —үшінші, шіге —төртінші т. с. с. кезек алады. Асықтың жоғарыда айтылған төрт түрлі түсетін, негізгі төрт қыры болады. Сондай-ақ оларды мал атауымен де атайды. Алшыны— жылқы, тәйкені — түйе, бүгені — қой, шігені — ешкі деп атайды. «Құмар» деп сол төрт асықтың бір түрлі түсуін айтады. Мысалы төртеуі де алшы түссе — «Құмар» болады, ол төрт ұпай алады, тәйке-үш, бүге-екі, шіге-бір ұпайдан алады. Ойыншы төрт асықты уысына алады да, қолын тұқыртып ішке қарай айландыра еденге шаша тастайды немесе алақанына салып, қолын сыртқа қарай серпіп, еденге тастай береді. Ұтылған адам ұпай төлейді. Келісім бойынша ән айтып, күй шертеді. Ертеде терме айтып, арты отбасылық ойын-сауыққа айналған. Омпа ойыны.Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді. Спорт ойынына асықты неге жатқызбайды? Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. – Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т.б, жатады Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі. Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған.



Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады.1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың /2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі) 3. Етбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/ 4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/ 5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» /омақа аса құлаған/6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәукі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын /қырынан жату/ деп аталадыӨріс ойыны 3, 5, 7 метр қашықтықтан (қашықтық балалардың жас ерекшелігіне байланысты). Түзу бойына алшы, тәукі кезектесіп тізіледі. Өріске ұзап барып атасың. Кімнің бірінші ататындығы сақаларын қосып, бір ойыншы басынан асыра (соғады) жерге тастайды. Алшы түскен сақа иесі бірінші, тәукі екінші, бүк үшінші, ішік төртінші болып атады.Ойынындағы ұтыс ( жеңіс) тәртібі • Сақа асыққа тиіп «алшы» түссе - тізілген асықты түгел ұтып алады. • Сақа асықттарды құлатып, сақа бүк түссе - ішік шатқан асықтарды ұтады. • Сақа асықтарға тиіп, ішік түссе - бүк түсіп жатқан асықтарды ұтадыБұзылған асықтарды түзу бойына қайтадан тізіп қояды. Келесі кезектегі ойыншы сақасы мен тізілген асықтарды көздеп атады. Атқанда сақа асықтарға тиіп, құлатып өзі омпа түссе, сақаны омпалатады. Тізеден төмен сақаны домалатып тастайды. Келісім бойынша үш рет қайталауға болады. Өрістен атылған сақалар, домалап түскен жерінде жатуға тиіс. Кімнің сақасы төрге озып кетсе, сол бірінші болып кері атады. Тимей кетсе келесі ойыншы кезек алады. Ойыншылар тигізе алмаса, алғашқы ойыншы қалған асықты сақамен қосып, басынан асыра жерге тастайды. Ұтқан асығыңды жинап отырасың. Шебер ойыншы қарсыласының асығын түгел ұтып алады.Сақа мынадай жағдайда асықты ұта алмайды • Сақа бүк жатса- бүк жатқан асықты ұта алмайды • Сақа ішік жатса- ішік жатқан асықты ұта алмайды • Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатса- алшы тұрған асықты жеңе алмайды • Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатқанда - тәукі тұрған асықты жеңе алмайды • Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатқанда - омпа тұрған асықты жеңе алмайды.Асық иірудің өз атаулары бар: алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дəрежелі мəн беріледі; тəйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дəрежелі мəнге ие; бүк – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дəрежелі мəнге ие; шік – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дəрежелі мəнге ие; табан – асықтың тəйке жағы. Асықты иірудің басқа да түрлері бар. Негізінен есік алдында балалар асықтарды тігіп ойнаған. Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады. Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды. Бұл асық «хан» асығы. Асықтар тізіліп қойылады да, бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады. Құлаған асықтарды жинап алады. Егер хан асығы бүк, шік, тайқы қалыптарымен түссе, бастаушы жақын құлаған асықтарды атабереді. Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.Асықтың жасалу жолы. Асық жілікті мүжіп болғаннан кейін, оның бас жағындағы асықты бөліп алып, əбден тазалайды. Қалауынша асықтарды бояп, белгі қоюға болады. Əсіресе, сақа асығына арнайы белгі қойып бояйды.Пайдаланылуы. Асық ойынын қазақтың мергендік мектебі деуге толық негіз бар. Мергендікпен қатар, баланың ептілігін, шапшаңдығын, табандылығын жəне қырағылығын жетілдіреді. Мамандардың дəлелдеуінше, асық баланың жүйке- жүйесін қалыптастырып, ой-өрісін жəне көкжиегін кеңейтеді. Мінезін төзімділікке, қозғалысын дəлдікке ептейді. Көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады. Ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады екен. Егер де қазіргі заманғы балалардың көп уақытын өткізетін компьютер мен асық ойынын салыстыратын болсақ, асық ойнының қаншалықты пайдалы жəне артықекенін келесі кестеден көруге болады
Компьютерлік ойындарАсық ойыны
Баланың жүйке жүйесін тоздырадыБаланың ойлау қабілетін дамытады.
Бойынан тұйық мінезді қалыптастырады.Адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді.
Қан айналымын бұзады.Денені шынықтырады.
Жүрек-қан тамырларының жұмысын баяулатады.Қан айанлымымен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады
Көздің көруін нашарлатадыКөз қашықтықтан көруге қалыптастырады
Бойдың өсуіне кері әсер етедіБойдың жылдам өсуіне көмектеседі
Тері тітіркеніп, бөртпелер пайда болады т.б. Кең ауада тері жасушалары ашылып,ағза тынығады т.б




Қорытынды. Қазір асықты көбінесе ауылдық жерлерде ойнайды, оның өзінде де соңғы кездері ауыл балаларының асық ойнап жатқанын сиреккездестіруге болады. Сонымен бірге асықты қалалық жерде де ойнайды. Бірақ, қала балалары бұл ойынды ойнағанда бір-екі түрімен ғана шектеліп қалады. Алқазақтың шын мəніндегі асық ойынының бір неше түрі бар. Олар «төрт асық», «асық ату», «хан талапай», «атпақыл», «қақпақыл», «омпы», «шірмекіл», «ханжаппай», «сасыр», «топай» немесе «сөкелек», «бəйге», «отыз ұры, бір есепші» деп аталады. Бұдан басқа да асық ойынының бірнеше түрлері бар. Өкінішке қарай, қазір олар ешкім ойнамағандықтан ұмытылып бара жатыр. Сонымен, өз басым, асықты күнделікті кестедегі дене шынықтыру сабағына енгізсе, деген ұсынысым бар. Ойын барысында: жүгіру, жүру, иілу, секіру, сақа иіру, көздеп тигізу, лақтыру, ату т.б. жаттығулар орындалады. Жалпы асық ойнауды бала- бақша қабырғасынан бастаса, тіпті, жақсы болар еді. Себебі жастайынан дағдыланған жеткіншек бірте-бірте шыңдалып, өзі асық ойнауға ынталанады жəне ол дəстүріміз бен салтымызды жеткізудің бірден-бір құралы болар еді. Əйтпесе, асықтың алшы, тəйкі, бүк, шік, омпы, шомпы деген тұрысы бар екенінен хабардар болмаған бала қазақ болып жарытпайды. Олай болса, жас ұрпақтың асығы алшысынан түссін деп тілейік!  





Асық - қазақ халқының дәстүрлі 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ