Материалдар / ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ «Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі ар – ұят және адамгершілік мәселесі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ «Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі ар – ұят және адамгершілік мәселесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі ар – ұят және адамгершілік мәселесі»тақырыбына Нуржанова Балкештің ғылыми жобасына 1. Өзектілігі: • Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2021
1006
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


РУДНЫЙ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

РУДНЕНСКИЙ ПОЛИТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ




ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

«Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі ар – ұят және адамгершілік мәселесі»


ТЕМА НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ РАБОТЫ

«Проблема совести и нравственности в словах назидания Абая Кунанбаева»


Секция: Общеобразовательные дисциплины.






Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы - Нуржанова Б.К.
















2021



Мазмұны

Абстракт........................................................................................................... 3

Кіріспе.............................................................................................................. 8

1. Абай – дана, Абай – дара қазақта

1. 1. Абай өміріне шолу.................................................................................. 9

1. 2. Білім алған жері және шығармашылығы............................................... 13

2. Абай Құнанбаевтың қара сөзіндегі «Адам болу» мәселесі

2. 1. Абайдың қара сөздері...............................................................................1 6

2. 2. Қара сөздердегі адамгершілік бастауы................................................... 17

2. 3. Қара сөздердегі тәрбиелік мәселесі........................................................ 18

Қорытынды....................................................................................................... 19

Қолданылған әдебиеттер





















«Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі ар – ұят және адамгершілік мәселесі»тақырыбына

Нуржанова Балкештің ғылыми жобасына

АБСТРАКТ:

  1. Өзектілігі:

  • Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.

  1. Гипотеза:

  • Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады. Танымдық қызығушылықтары, ой-өрістері артады..

  1. Зерттеу жұмысының мақсаты:

  • Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.

  1. Тапсырмалар:

а)  Адамилық қасиеттерін қалыптастыру, қара сөздерінен тәлім-тәрбие алу, гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

ә) Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып оқытып оқушы бойына дарыту,өлең мен қарасөздерінің мазмұн бірлігін,сабақтастығын түсіндіру;

  1. Зерттеу пәні: Қазақ тілі

  2. Зерттеу нысаны: «Абай тану »

Зерттеу жұмысы келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Абай – дана, Абай – дара қазақта

  2. Абай Құнанбаевтың қара сөзіндегі «Адам болу» мәселесі

  3. Зерттеу қорытындысы

  1. Практикалық жұмыстың бағасы: Ғылыми жұмыс көлемді, жоғарғы деңгейде өз мақсатына жете бағаланады



















АБСТРАКТ

К научной работе Нуржанова Балкеш Кальяновна

на тему: «Проблема совести и нравственности в словах назидания Абая Кунанбаева»

Актуальность:

  • Данный исследовательский проект связан с тем, как проблема нравственности и совести в словах назидания Абая Кунанбайулы была сформирована у современного молодого поколения, как они ее понимают, в каких местах нужно использовать.

Гипотеза:

  • Если старшее поколение и семья ответственно относятся к воспитанию молодого поколения, то нравственный дух современной молодежи будет выше. Познавательных интересов, мышления поля возрастает.

Появится заинтересованность,расширится кругозор.

Цель исследования:

Бесценное наследие Абая, написанное им в свое время, станет уроком для современной молодежи как, наставление.

  • Задачи:

а) Формирование человеческих качеств, воспитание со слово назиданиях, воспитание гуманистических, нравственных, трудовых, нравственных качеств.

ә) Прививать ученикам пословицы Абая о том, как научить подрастающее поколение жить, сравнивая их со стихами, объяснять единство содержания,преемственность стихотворений и высказываний

  • Предмет исследования: Казахский язык.

  • Объект исследования: «Наследие Абая».

Этапы научной работы:

  1. Абай – дана, Абай – дара қазақта

  2. Проблема "быть человеком" в слове назидания Абая Кунанбаева

  3. Заключение исследовательской работы

  • Практическая ценность работы : Эта научная работа достигла своей цели, была объемная и оценилась отлично.









ABSTRACT

To the scientific work of Nurzhanova Balkesh on the topic: “The problem of conscience and morality in the words of the edification of Abai Kunanbayev”


Relevance: • This research project is related to how the problem of morality and conscience in the words of Abai Kunanbayuly’s edification was formed among the modern young generation, how they understand it, in which places it should be used.


Hypothesis: • If the older generation and the family are responsible for the upbringing of the younger generation, then the moral spirit of today’s youth will be higher. Cognitive interests, thinking field increases. Interest will appear, the horizons will expand.


Purpose of the study: The invaluable legacy of Abai, written by him in his time, will become a lesson for modern youth as an instruction.


Tasks: a) Formation of human qualities, education with a word of edification, education of humanistic, moral, labor, moral qualities.


Ә) To instill in the students the proverbs of Abai about how to teach the younger generation to live, comparing them with poems, to explain the unity of content, the continuity of poems and sayings


Subject of research: Kazakh language.

Object of research: “Abay’s legacy”.


Stages of scientific work:

1. Abay – dana, Abay – dara Kazakhta

2. The problem of “being human” in the word of edification of Abai Kunanbayev

3. Conclusion of research work


Practical value of the work: This scientific work achieved its goal, was voluminous and was evaluated excellently.













Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.

Мақсаты:

Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.

Міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.

2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету.

3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.

Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.

Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.

Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі

Зертеу пәні: Адамгершілік пен ар – ұят

Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.


Менің ойымша осы таңдап алынған тақырыбымның өзектілігі – адамгершілік пен ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары болады.









Кіріспе

Қазіргі кездегі елімізді толғандыратын мәселелердің бірі жастарды адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа баулу. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдауға шешім қабылдадым.

Ел жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу – білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттірінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау - жанжал елдің сиқын бұзөатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған би – болыстарды өлеңмен шенеген.

Қазақ даласында қазіргі психология ғылымы тұрғысынан, бірінші болып Абай «адам» деген ұғымға анықтама берген. Адам – ұғымы – педагогика мен психология ғылымында негізгі пәндік ұғым. Абай түсінігіндегі «адам – ақылдылық пен еңбек сүйіспеншіліктің әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің жиынтығы».

Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана – нағыз Адам деп ойлаймын. Орыстың ұлы педагог ғалымы К. Д. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. «Адам тәрбие пәні қақында» осы тұрғыдан Абайадың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес келеді.

Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді.














Жастардың мінез – құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жайма,

Жас уақытта көңіл – гүл» деп жазған.

Зерттеу мақсатым Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.

Оны жүзеге асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым: 1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау. 2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету. 3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.

Менің ойымша, менің таңдаған тақырыбым қазіргі күн талабына сай, себебі ар – ұят, адамгершілік бар жерде әділдік, бейбітшілік, шыншылдық, ең басты тәрбие орнайды. Мен Абай қара сөздерін оқып, зерттей келе, ар – ұят, адамгершілік, тәрбие барлық жерде керек екеніне көзім жетті.

Ар ұят пен адамгершілік қай жерде, қандай жағдайда адамның бойында болу керектігін анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды оқып, сараладым. Осылай зерттей келе Абайдың отыз алтыншы қара сөзін зерделей келе, ар ұят, адамгершілік мәселесіне көп көңіл бөлдім



  1. Абай – дана, Абай – дара қазақта

1. 1. Абай өміріне шолу

Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарабұлақ жайлауында дүниеге келген. 1904 жылы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған. Бейіті Жидебайда. Ол – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы – Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Айдостан Ырғызбай, Ырғызбайдан Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай дүниеге келеді. Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. Абайдың үш әйелі болған. Бәйбішесі Ділдәдән – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбәдән, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже, барлығы жеті ұл, үш қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.




1. 2.
Білім алған жері және шығармашылығы

Абай Ескітам қонысында әкесі ашқан медреседе, оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң, Семейдегі
Ахмет Риза медресесіне береді. Онда үш жыл оқиды. Медресенің үш
жылында Абай осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, И. А. Крылов, Ф. М. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударады. Абай өлең жазуды он жасында бастаған («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда» 1882ж. жазылған.

Абайдың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан дайын үлгілерді қайталамайды.

А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!