Материалдар / Ғылымый жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылымый жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа идеялар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

НАМАЗ
ҮЙРЕНЕЙІК
Шымкент-2015


Page 2

Құрастырғандар;
Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ,
ОҚО облыс имам орынбасары
Дәулеталиев Әмірсейт қажы Дәулетәліұлы,
Шымкент қалалық қажылардың төрағасы
Қазақстан Республикасы Діни Істер Агенттігінің сараптама
орталығы тексеріп, мақұлдаған /04.03.2013ж №11-134/
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша
өкілдігінің тапсырысы бойынша
Пікір жазған:
Ахметжан қажы Керімбек,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы
Кітаптың жарыққа шығуына ұйытқы болған
Дәулеталиев Қуаныш Әмірсейтұлына
Алла разы болысн!
Кітап
(Имам Ағзам мазһабы бойынша жазылған)
ISBN 5-7667-5769-1


Page 3

3
Бисмиллаһир рахманир рахим
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Барлық мақтау бүкіл әлемнің иесі Аллаға тән. Сәлем әрі
салауат бүкіл әлемге қамқорлық ретінде жіберілген әлемнің
ең соңғы Пайғамбары Мұхаммед саллаллаһу алайһи уәсалламға
Алланың игілігі һәм салауаттары нәсіп болсын!
Біз бұл кітапта намаз оқудың шарттарын қысқаша ұғымды
күйінде баян етілді.
Қиямет күні адамзат ең әуелі Алла Тағалаға намаз
жөнінде есеп береді. Сондықтан да, қолдарыңыздағы бұл
кітапта әсіресе, намаз оқуды үйренушілерге оңай болуы үшін,
дәреттің қалай алынатыны, намаздың қалай оқылуы сурет
арқылы көрсетілген. Ал құран оқи білмейтіндерге жаттауына
оңай болу үшін, арабша әріптен қазақша әріпке түсірдік. Осы
намаз жайында Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) былай деген:
«Кімде-кімнің есігінің алдында бір өзен болып, сол адам
өзенде күніне бес рет жуынса кірден із қалар ма екен?».
Тыңдап отырғандар:
– Ешқандай кір қалмайды. Ей, Расулаллаһ, - деп жауап
береді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Міне, бес уақыт намаз да осыған ұқсайды. Аллаһ
намаз арқылы күнәһарды тазартады, – деген.
Түркі әлемінің рухани ұстазы – Қ.А.Яссауи өз
хикметтерінде былай деген екен:
Қиямет күні ғарасат таңы атары бар,
Айқай-ұйқай зар жылайтын күндері бар.
Намаз, ораза, тәуба етіп барғандарға,
Жарылқайтын құлдармен сұхбаты бар.
Намаз бенен ораза өтеуін алар
Әлем халқы сүйініп, оларды Хақтан тілер.
Құрметті ағайындар! Намаз оқудың қасиеттері өте көп.
Сондықтан намаз оқуды үйреніп соған амал ету қажет. Ал
енді Жаратушы Тәңірім өз рахымымен елімізге жақсылық,
халқымыздың имандылық жолға бет бұрып, инабатты болуын
нәсіп етсін. Әмин!


Page 4

4
ИМАН КАЛИМАЛАРЫ
Иманның алғашқы шарты – Алла Тағалаға сену.
Алланың біреу екеніне, оның бүкіл сипаттары әбден кемеліне
келген және оның бүтін сипаттарында нұқсан жоқ, ол бәрінен
пәк, таза. Ал енді иман калималарын жатқа біліп, әрдайым
айтып жүру керек.
1) Кәлимаи-Таухид:
«Лә иләхә иллаллаху. Мухаммадур расулуллаһ» мағынасы:
«Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (с.а.с.) Алланың елшісі»
әрі құлы екеніне сену.
2) Кәлимаи-Шаһәдат:
«Әшһәду әллә иләхә иллаллаху, уә әшһәду әннә
Мұхаммәдән ъабдуһуу уә расулуһ». Мағынасы: «Мен куәлік
етемін, Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және де куәлік
етемін, Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне»
сену. Бұл қасиетті сөйлемді тілмен айтып, жүрегіне сіңірген
кісі, Ислам дініне кірген болып саналады. Бұл екі сөйлемде
сенім үшін қажетті барлық нәрсе бар. Сондықтан, иманның
(сенімнің) алғашқы сатысы болып есептеледі.
Ал енді, Жаратушы Алла Тағаланың жалғыз екендігіне
толық сенген соң және Алла әмір еткен амалдарды орындау
міндет.
Осы қасиетті калимадан соң, Исламның екінші тірегі
– Намаз екен. Міне, пенде құлшылық ету кезінде Ұлы
жаратушының алдында тұрып жүздеседі. Оған өз сырын, мұң-
мұқтажын, қылған күнәларына кешірім сұрап, тәубесіне келеді.
Өзіне және келер ұрпаққа жақсылық тілейді, Алланың дидарын,
Алланың жәннатын сұрайды. Намаз оқудың адамға пайдасы
жөнінде жазатын болсақ, теңіздей сия да кемдік етер. Міне, осы
Жаратушы Алланың алдына әрқайсымыз шын ниетпен рухани
таза жүрекпен және дене тазалығымен бару міндет. Яғни дәрет
алып, ғұсыл құйынып пәк болып бару керек. Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.а.с): «Дәрет – Иманның белгісі» және «Намаздың
кілті – дәрет алу, ал жәннаттың кілті – Намаз» деген.


Page 5

5
ДӘРЕТ – ТАЗАЛЫҚ
Дәрет – белгілі мүшелерді өз тәсіліне қарау жуу және
мәсих тарту арқылы жасалады. Дәрет алудың артықшылығымен
рухани пайдалары жөнінде сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.)
былай деген:
«Әрбір мұсылман қолдарын жуғанда қолдарынан
жасалған күнәлары кешіріліп, бетін жуғанда көздері арқылы
жасаған күнәлары, басына мәсих тартқан кезде құлақтарымен
тыңдап естіген күнәлары, аяқтарын жуғанда аяқтарымен
жасаған күнәлары кешіріледі». Сонымен қатар дәрет алып
болғаннан кейін, «Кәлимай-Шәһәдатты» айтса жақсы және
басқа да дұғалар бар. Оларды да қосып оқыса сауап болады.
ӘЖЕТХАНА ӘДЕБІ:
Мұсылман адам әжетханаға кірерде мына дұғаны
айтады:
«Бисмилләһи, Аллаһумма, инни аъузубикә минәл
хубси уәл-хәбә-ис». Яғни, «Аллаһым, ластықтан және лас
нәрселерден саған сиынамын» деген. Өйткені, әжетхана жын-
шайтандар мекені болғандықтан, бұл жоғарыдағы дұғаны
оқып кірсек, еш зияны тимес.
Ал әжетханадан сыртқа шыққанда: « Ғуфранәкә»
делінеді. Ол «Кешір» деген мағына, өйткені әжетхана,
моншада Алланы жария түрде еске алып, зікір етуге тиым
салынған. Мұсылман кісі әжетхана ережелерін білгені дұрыс:
 Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу;
 Жоғарыда аталған дұғаларды оқу;
 Егер әжетханаға түнде, не күндіз кіретін кезде
дыбыс шығарып кіру;
 Өзімен бірге Құран, хадис, т.б. сол сияқты
кітаптарды алып кірмеу;
 Ер адам тіке тұрып дәрет сындырмау керек;
 Лажы болса, құбылаға қарап алды-артымен отырмау
қажет;
 Ас дәрет алатын орында сөйлемеу;
 Тазаланғанда сол қолмен жуу немесе сүрту;


Page 6

6
 Кесек, не сумен, не арнайы оралған жазуы жоқ
дәретхана қағазын қолданып тазалану;
 Бекерден бекерге ұзақ отырмау, өйткені ол жер
– лас, шайтан арбап түрлі ауруға ұшыратады;
 Әжетханада газет оқуға, сәлемдесуге тиым салады,
т.б.
ДӘРЕТ ПАРЫЗДАРЫ:
(Парыз – Алла Тағаланың әмірі)
1) Бетті жуу; 2) Екі қолды шынтақпен қоса жуу; 3)
Бастың төрттен біріне мәсіх тарту, яғни сулы қолмен
сипау; 4) Екі аяқты тобығымен қоса жуу.
ДӘРЕТ СҮННЕТТЕРІ:
(Сүннет – Пайғамбарымыздың істеп кеткен амалдары)
1) Ниет ету; 2) Ағузу-бисмиллә айту; 3) Алдымен білекке
дейін екі қолды жуу; 4) Мисуәк қолдану; 5) Жуылған мүше
кеппей тұрып, екінші мүшеге көшу; 6) Ауыз бен мұрынға
үш реттен су жіберу; 7) Құлаққа мәсіх тарту; 8) Саусақтарды
айқастыра жуу, бір қолдың саусақтарын екінші қолдың
саусақтары арасына кіргізіп ысқылау; 9) Әр мүшені үш реттен
жуу; 10) Басқа толық мәсіх тарту; 11) Дәретті тәртібімен алу,
дәрет мүшелерін өз кезегімен жуу; 12) Қол-аяқты жуғанда
саусақ-бармақтардың ұшынан бастау.
ДӘРЕТТІҢ МӘКРУҺТЕРІ:
(Мәкруһ – жағымсыз әрекеттер)
1)Оң қолмен сіңбіру; 2) Дәрет мүшелерін үш реттен
кем не артық жуу; 3) Суды бетке шашып жуу; 4) Күн көзіне
ысыған сумен дәрет алу; 5) Суды кем немесе артық қолдану;
6) Дәрет алу кезінде сөйлеу; 7) Сүннеттер амалын орындамау.
ДӘРЕТТІҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІ:
1)Алды-арттан шығатын нәжіс, қан, ұрық, зәр секілді
нәжістер; 2) Денеден қан, ірің және сары су ағу; 3) Ауыз
толтыра құсу; 4) Есінен адасу; 5) Жындану; 6) Талу; 7) Жел


Page 7

7
шығару; 8) Жатып не сүйеніп ұйықтау; 9) Намазда өзгелер
есітетіндей дәрежеде дауыстап күлу; 10) Тіс арасынан түкіріктен
көп қан шығару, т.б.
ДӘРЕТТІҢ СУРЕТ БОЙЫНША АЛЫНУЫ
1)Қолдың жуылуы.
Әуелі, «Ниет еттім дәрет алуға» деп, ниет етіледі. Сосын
«Аъузу биллахи минаш-шайтанир ражим» мен «Бисмилләһир
рахманир рахим» айтамыз. Сосын қолдар білектерге дейін үш
рет жуылады.
2) Ауызға су алыну.
Әуелі, оң қолменен үш рет ауызға су алынып, ауыз
шайылады.
3) Мұрынға су алынуы.
Сосын оң қолмен үш рет мұрынға су жүгіртіліп кеңсірікке
тартылады да сол қолмен сіңбіріліп мұрын тазаланады.
4) Беттің жуылуы.
Екі қолмен үш рет жуылады. Бет, маңдай шаштың
шетінен иектің астына дейін және екі құлаққа дейін үш рет
жуылады.
5) Екі қолдың жуылуы.
Шынтақтармен бірге әуелі оң қол, кейін сол қол үш
рет жуылады.
6) Басқа мәсіх тартылуы.
Оң қол суланып бастың төрттен біріне мәсіх тартылады
(Негізінен екі қолмен басқа тұтас мәсіх тартқан жақсы.
7) Құлақтарға мәсіх тартылуы.
Екі қол суланып, шынашақтармен құлақтардың ішіне,
бас бармақтармен сыртына мәсіх тартылады.


Page 8

8
8) Мойынға мәсіх тартылуы.
Кейін, қолдардың сыртымен мойынға мәсіх тартылады.
9) Әуелі оң аяқ, кейін сол аяқ, сол қолдың көмегімен
қызыл асықтармен бірге үш рет жуылады. Аяқтар жуылғанда,
саусақтардың аралары да жуылған жөн.
(осымен дәрет аяқталады)
ҒҰСЫЛ (БОЙ ДӘРЕТ)
Ғұсыл дегеніміз – құрғақ жер қалдырмастан тұла бойды
жуу, яғни шомылу деп аталады.
Ғұсыл қандай жағдайда қажет етіледі:
1) Ер мен әйелдің жақындасуы. Яғни, жыныстық
қатынаста болуы;
2) Ұйқыда немесе ояу кезде әйел мен еркектің жыныс
мүшелерінен сұйық судың келуі;
3) Әр айда белгілі бір уақыттарда әйелдерде болатын
күндер біткенде;
4) Босанған әйелдің қырық күндік мерзімі біткенде
ғұсыл (бой дәрет) алуы парыз;
ҒҰСЫЛДЫҢ ПАРЫЗДАРЫ:
1) Ауызға су алуы;
2) Мұрынға су алуы;
3) Бүкіл денені иненің ұшындай да құрғақ жер
қалдырмай жуу.
ҒҰСЫЛДЫҢ СҮННЕТТЕРІ:
1) Ниет ету;
2) «Бисмилләһир рахманир рахим»-ды айту;
3) Ең алдымен әурат жерлерді жуу;
4) Ғұсылдан бұрын дәрет алу;
5) Алдымен басқа, кейін оң және сол иыққа үш
мәртеден су құю. Әр құйғанда денені ысқылап жуу;
6) Әурат жерлерді бүркеп ұстау;
7) Денедегі нәжіс тиген жерлерін жуу.


Page 9

9
ТӘЙЯММҮМ
Тәйяммүм дегеніміз – дәрет немесе ғұсыл алу үшін таза
су табылмағанда, ниет етіп, таза топыраққа екі қолын ұрып,
әуелі бетіне мәсіх тартады. Содан соң және екі қолын таза
топыраққа ұрып, шынтаққа дейін екі қолына мәсіх тартылады.
ТӘЙЯММҮМНІҢ ПАРЫЗДАРЫ:
1) Ниет ету;
2) Таза жер жынысын табу;
3) Екі алақанды жерге ұрып, бетті сипау;
4) Тағы ұрып, қолды шынтақпен қоса сипау.
ТӘЙЯММҮМНІҢ СҮННЕТТЕРІ:
1) Әуелі «Бисмилләһ» айту;
2) Ретімен атқару;
3) Үзіліс жасамай тез-тез орындау;
4) Топыраққа ұрған кезде қолдарды әуелі алға созу;
5) Содан соң кері тарту;
6) Саусақтардың арасын ашу;
7) Қолдарды жерден көтергенде егер шаң болса,
қолдарын бір-бірімен ысқылау.
ТӘЙЯММҮМДІ БҰЗАТЫН НӘРСЕЛЕР:
1) Дәретті бұзатын нәрселер тәйяммүмді де бұзады;
2) Дәрет пен ғұсыл үшін су табылып, бұл суды қолдану
мүмкін болса, тәйяммүм бұзылады;
3) Бір жара немесе кеселге байланысты су тигізе
алмағаны үшін тәйяммүм етуге мәжбүр болған
адамның жарасы немесе кеселінен айыққан кезде
тәйяммүм бұзылады.
ӘЙЕЛ КІСІЛЕРГЕ ТӘН ЖАҒДАЙЛАР:
Әйелдерде табиғи құбылыстар жүреді. Олар Хайз,
Нифас және Истихаза болып бөлінеді.
1. Хайз – деп бойжеткен қыздарда немесе үлкен
әйелдерде ай сайын келетін қанды айтады. Хайз қаны үш


Page 10

10
немесе он күнге дейін жалғасуы мүмкін. Хайз (етеккірі
деген) әйел адамдарда ең үлкен жас, яғни елу беске келгенше
жалғасады. Әйел адам осы күндерді жақсы біліп, кейбір істелуі
харам болған нәрселерден сақ болып, мұқият болуы керек.
2. Нифас – деп әйел кісі нәресте босанған уақыттан
бастап 40 күн бойы жалғасатын қанды айтады. Бұдан аз болуы
да мүмкін. 40 күнге жетпей тоқтаса, ғұсыл алып құлшылықтарын
жасайды. Әйел кісі осы Хайз бен Нифас кезінде өтелмей
қалған қаза намаздарын өтемейді. Тек қана Рамазан айындағы
оразаның қазасын тұтып береді. Әйел кісі осы жағдайдан соң
міндетті түрде ғұсыл алуы парыз етілген. Әйел кісілер Хайз
және Нифас кезінде мына төмендегі нәрселерді істемеуі керек:
- Намаз оқымайды;
- Ораза тұтпайды;
- Құран оқуға болмайды;
- Құран кітабын ұстауға болмайды;
- Қағбаны тәуап етпейді;
- Мешітке кірмейді;
- Әйелі мен ер жыныстық қатынаста болмайды
(Әйелдер осы екі жағдайда тек қана тілек тілеуге, тәсбі тартуға,
салауат айтуға, жақсы сөздер айтуға болады. Күйеуімен бір
төсекте жатуына да болады, тек жыныстық қатынас жасамауы
керек).
3. Истихаза – деп етеккір күні үш күннен аз болып
бітсе, бұл етеккір емес. Он күннен артық келген қан және әйел
босанған күннен кейін 40 күн өтсе де тоқтамаса, бұл Истихаза
делінеді. Тіпті әйел екіқабат кезінде келетін қан да осылай
есептеледі. Бұндай жағдайларда әйел кісілер намаз оқып, ораза
ұстайды. Өйткені бұл етеккірі емес, мысалы, мұрын қанағаны
сияқты жағдай.
НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ:
Әрбір намаз өз уақытында парыз.
1) Бамдат, таң намазының уақыты – таң рай бергеннен
күн шыққанға дейін.


Page 11

11
2) Бесін намазының уақыты – күн ауғаннан бастап,
асыр намазының уақытына дейін.
3) Асыр намазының уақыты – бесін намазының уақыты
біткеннен, күн батқанға дейінгі уақыт.
4) Ақшам намазының уақыты – күн батқаннан қызыл
шапақ біткенге дейін.
5) Құптан намазының уақыты – күннің ақтығы бітіп,
қараңғылық түскеннен бастап, таң атқанға дейінгі
уақыт. Құптан намазының соңында үш ракатты Үтір
намазы бар, оның уақыты дәл Құптан намазының
уақытында келеді.
МӘКРУҺ УАҚЫТТАРЫ:
Ешбір намаз оқылмайтын уақыттың өзі үшке бөлінеді:
1) Күн енді шығып келе жатқан уақыты.
2) Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, тал түсте,
мұның уақыты бесін уақыты кіргенше.
3) Күн батып бара жатқан уақыт.
БЕС УАҚЫТ НАМАЗДЫҢ РАКАТТАРЫ:
1) Таң намазы: 2-ракат сүннет, 2-ракат парыз.
2) Бесін намазы: 4-ракат сүннет, 4-ракат парыз, 2-ракат
сүннет.
3) Асыр намазы: 4-ракат парыз.
4) Ақшам намазы: 3-ракат парыз, 2-ракат сүннет.
5) Құптан намазы: 4-ракат парыз, 2-ракат сүннет,
3-ракат үтір намазы.
Жұма намазы: Бұл намаз мешітте, жұма күні Бесін
намазының уақытында оқылады. 4-ракат сүннет, 2-ракат парыз,
4-ракат сүннет.
АЗАН ШАҚЫРУ
Бес уақыт намаздың алдында және жұма намазының
уақыты келгенде азан айтылады. Азан шақыру сүннет амал.
Азан шақырылғанын естіген адам жұмысын тоқтатып, сөз
сөйлемей, азанның сөздерін ішінен қайталап отыруы керек.


Page 12

12
Ал, Иқаматты парыз намазды оқудың сәл алдында тез-
тез айтылады. Азан – намаз уақытын ескертіп, халықты намаз
оқуға шақыру деген мағынаны білдіреді (Әйелдер үшін азан
шақыру мен Иқамат сүннет емес). Азаншы азан шақырғанда,
оның сөздерін іштей қайталап тұру керек. Тек қана «Хайиа
аълас-солаһ» және «Хай-йа ъалал-фалах» дегенде, «Лә хаулә
уәлә қууата иллә билләһил-әли-ил азим» деп қайталау керек.
АЗАН СӨЗДЕРІ:
Азан шақыратын адам даусын созып, қырағаттап, былай
шақырады:
1. Аллаһу әкбар (4-рет) деп айтылады.
2. Әшхаду әллә, илахә иллаллаһ (2-рет) айтылады.
3. Әшхаду әннә Мухаммадур Расулуллаһ (2-рет)
4. Хай-йа аълас-сола-h (2-рет) айтылады.
5. Хай-йа аълал фалаһ (2-рет)
6. Аллаһу әкбар (2-рет).
7. Лә илаһә иллаллаһ! (1-рет) айтылады.
Мағынасы:
1. Алла Ұлық.
2. Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік
беремін.
3. Расында Мұхаммед – Алланың елшісі екендігіне
куәлік беремін.
4. Асығыңдар намаз оқуға.
5. Асығыңдар азаптан құтылуға.
6. Алла Ұлық.
7. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ!
Ескерту:
Таң намазына азан шақырғанда:
«Хай-йа аълал фалаһ»-тан кейін, «Ассалату хайрум-
минан наум» деп 2-рет қайталайды. Мағынасы: «Ұйқыдан
намаз артық» деген.


Page 13

13
АЗАН БАТАСЫ:
Азан айтылып біткеннен кейін Пайғамбарымызға (с.а.с.)
салауат пен сәлем айтып, мына төмендегі дұғаны оқиды:
«Аллаһумма Рабба һазиһид-даъуати-тәәммәти уас-со-
лаа-тил коо-имаһ, Ати Мұхаммадәнил-уәсииләтә уәл-фази-
иләтә уәд-дәрожатар рафиъаһ уәбъасһу макамам-махмуу-
данил-ләзи уа ъаттаһ. Иннәкә ләә тухлифул-миъады».
Мағынасы:
«Ей, бұл кем-кетіксіз шақырудың (азанның) және
оқылатын намаздың Рабби болған Аллаһ! Мұхаммед
алейһисәләмға жәннәттан ең жоғары дәрежені сыйлап, оны уәде
еткен Махмуд мақамына (ең жоғары шапағат мақамы) жеткізе
гөр». Осы дұғаны азаннан кейін оқыса, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) қиямет күнінде шапағатына бөлінеді.
ИҚАМАТ
Иқамат – тек парыз намазының алдында және Жұма
намазының 2-ракат парызының алдында айтылады. Иқамат
созылмай, азанға қарағанда тезірек оқылады.
1. Аллаһу әкбар (4-рет) деп айтылады.
2. Әшхаду әллә, илахә иллаллаһ (2-рет) айтылады.
3. Әшхаду әннә Мухаммадур Расулуллаһ (2-рет)
4. Хай-йа аълас-сола-h (2-рет) айтылады.
5. Хай-йа аълал фалаһ (2-рет)
6. Қоды кооматис-солаһ (2 рет).
Мағынасы: «Енді намазға тұру басталады» деген.
7. Аллаһу әкбар (2-рет).
8. Лә илаһә иллаллаһ! (1-рет) айтылады.
НАМАЗДЫҢ РЕТІ МЕН ТӘРТІБІ
Аъузу биллаһи минаш-шайтанир ражим.
Бисмилләһир рахманир рахим.
Намаз оқу үшін дәрет алып, киімі, тұратын, оқитын
жері таза болуы қажет.


Page 14

14
Біз намазды жақсы түсініп, тез үйрену үшін таң
намазының екі ракат парызын біргелікте оқуды жөн санадым.
1. Әуелі екі аяқ тік тұрып, құбыла жаққа қарап, оқитын
намазға ниет етіледі.
2. Аллаһу Әкбар – деп, құлақ қағамыз. Екі қолды құлақтың
жұмсағына тигіземіз. Осыдан кейін екі қолды кіндіктің
астына қойып, оң қол сол қолдың үстіне қойылады.
Содан соң төмендегі сана дұғасы оқылады.
Әйелдердің қолдары иықтың тұсында. Саусақтар біріккен
және алақандар құбылаға қаратылып ашық түрде болады.
3. Сана дұғасы:
«Субханака-ллаһумма уа бихамдикә уә табаракас-
мука. Уә таъала жад-дукә. Уә лә иләһә ғайрук».
4. «Аъузу билләһи минаш-шайтанир ражим».
«Бисмилләһир рахманир рахим»-ды іштей айтамыз.
Содан соң Фатиха сүресі және бір сүре немесе ұзынырақ бір
аят немесе үш қысқа аят оқимыз.
5. Фатиха сүресі
Әл-хамду лилләһи раббил ъаламин.
Ар-рахманир рахим.
Мәлики йаумид-дин.
И-йака наъбуду уә и-йака настаьиин.
Иһдинас-сиратол мустақиим.
Сиратол-ләзи-нә анъамтә ъалаиһим.
Ғайрил мағзуби ъалайһим
Уә лад-зол-лиин. Әмин! (әмин – имам Ағзамда іштей
айтылады).
(мысалы: Ал-кәусәр сүресі).
«Бисмилләһир рахманир рахим»
Иннә аътойнәкәл-кәусәр.
Фасолли ли-раббикә уанһар
Иннә шани-ака һу-уал әб-тәр.
Сүре оқылған соң.
6. «Аллаһу әкбар» деп рукуға барамыз (тізе бүгу).
(Әйелдердің денесі аз иіледі. Тізе біраз бүгілген түрде
қолдар тізенің үстінде тұрады).


Page 15

15
Осы кезде үш рет:
«Субхана рабби-йал аъзи-м» делінеді.
7. Рукуден бас көтере тұрып бұны айтамыз:
«Самиаъаллаһу лиман хамидах».
Ал тік тұрған соң:
«Раббана уа ләкәл хамд» делінеді.
8. «Аллаһу Әкбар» – деп сәждеге бас қоямыз. Сәжде
тәсбихін оқимыз. «Субхана Рабби-йал аълә» – деп
үш рет оқылады.
Әйелдердің шынтақтары жерге жабысқан түрде, тізелері
қарынмен бірге тиіп тұрады.
9. «Аллаһу Әкбар» – деп отырады. Сол аяғын
жатқызып үстіне отырады, оң аяқтың бармақтары
(ер кісілердің) құбылаға қаратылуы керек.
Әйелдердің қолдары тізенің үстінде. Аяқтар оң жаққа
жатқызылып үстіне отырылады.
10. «Аллаһу Әкбар» деп сәждеге басты қоямыз. Сәжде
тәсбихы оқылады: «Субхана Рабби-йал аъла» –
деп үш рет қайталанады. (Осымен бір ракат намаз
бітеді).
Әйелдердің шынтақтары жерге жабысқан түрде, тізелері
қарынмен бірге тиіп тұрады.
11. «Аллаһу Әкбар» – деп тік тұрып екі қолды және
байлап, төмендегі сүрені оқимыз.
Фатиха сүресі
Бисмилләһир рахманир рахим. Әл-хамду лилләһи раббил
ъаламин. Ар-рахманир рахим.Мәлики йаумид-дин. И-йака
наъбуду уә и-йака настаьиин. Иһдинас-сиратол мустақиим.
Сиратол-ләзи-нә анъамтә ъалаиһим. Ғайрил мағзуби ъалайһим
Уә лад-зол-лиин. Әмин!


Page 16

16
Ықылас сүресі
Бисмилләһир рахманир рахим. Қул һууал-лаһу ахад.
Аллаһус-сомад. Ләм йалид уә ләм юулад. Уә лам йакул-лаһу
ку-фу-уан ахад.
12. «Аллаһу әкбар» – деп рукуға барамыз. Рукудағы
тәсбих үш рет айтылады: «Субхана Рабби-йал-аъзим».
(Әйелдердің денесі аз иіледі. Тізе біраз бүгілген түрде, қолдар
тізенің үстінде тұрады).
13. Рукудан басты көтере тұрып:
«Самиаъал-лаһу лиман хамидах» соң тік тұрған кезде:
«Раббана уа ләкәл хамд», -делінеді.
14. «Аллаһу әкбар» – деп сәждеге бас қоямыз. Сәжде
тәсбихін оқу керек: «Субхана Раббиал аъла» үш рет қайталанады.
15. «Аллаһу әкбар» деп азғана отырып және сәждеге
барамыз.
16. «Аллаһу әкбар» – деп сәждеге бас қойған соң, сәжде
тәсбихін айтамыз: «Субхана Раббиал аъла» деп үш рет оқылады.
17. «Аллаһу әкбар» – деп отырамыз және төмендегі
дұғаларды оқимыз: (Әйелдердің екі қолдары тізе үстінде.
Аяқтар оң жаққа жатқызылып үстіне отырылады).
ТАШАХ-ХУД ДҰҒАСЫ
«Әт-тәхиятү лилләһи уәс-салауату уат-тойибат. Ас-
саламу ъалайкә әй юхан-нәбийу уә рахматул-лаһи уә баракатух.
Ассаламу ъалайнә уә ъала ибадйл-лахис-солихин. Ашхаду әл-
лә иләһә иллаллаһу-уа ашхаду анна Мухаммадан ъабдуһу уә
расулүһ.
САЛАУАТ:
«Аллаһумма солли ъала Мухаммадин уә ъала али
Мухаммад. Кәма соллайтә ъала Ибраһима уә ъала али Ибраһим.
Иннәкә хамйдүм мәжид.
Аллаһумма барик ъала Мухаммадин уә ъала али
Мухаммад. Кәма барактә Ибраһима уә ъала алй Ибраһим.
Иннәкә хамидүм мәжид».


Page 17

17
ДҰҒА:
«Аллаһумма Раббана атина фид-дуня хасәнәтән уә Фил-
ахирәти хасанатан уә қинә ъазабан-нар».
«Аллаһумма Раббана иғфирли уәли-уәлидай-я уәлил-
Мүмининә иәумә иәқумүл-хисаб».
18. «Сәлем беру». Әуелі оңға, содан соң сол иыққа
бұрылып, сәлем береміз.
Сәлемде: «Әс-саламу ъалайкум уа рахматул-лаһ »
дейміз. Осыдан кейін, төмендегі дұғаларды оқып, тәсбіні
тартамыз.
19. Астағфируллаһ, астағфируллаһ, астағфируллаһ.
Аллаһумма аңтәс-салам уә миңкас-сәлам табарактә иа зал
жалали уәл-икрам.
Енді қолымыздағы тәсбі моншақтармен тәсбих
тартылады:
1. Субханал-лаһ – (33 рет)
2. Әл-хамдулил-лаһ – (33 рет)
3. Аллаһу әкбар – (33 рет)
Лә иләһә иллал-лаһу уахдаһу лә шарикә лаһу, ләхул
мулку уә лахул хамд уә һууа ъала кулли шай-иң қадиир.
(Әмин)
Енді екі қолды жайып, бата етеміз: «Аллаһумма айина
ала зикрикә уә шукрикә уә хуснә ибадатик». Әмин!Осымен
екі ракат намаз аяқталады.

ҮШ НЕМЕСЕ ТӨРТ РАКАТТЫ НАМАЗ ОҚУ ҮШІН
Ескерту: Егерде намаз үш ракатты болса, онда екі
ракаттан соң (отырып ташах-худ оқылады), тұрып бір ракат
намаз оқимыз. Ал егер намаз төрт ракатты болса, екінші
ракаттан соң және екі ракат оқимыз.
Парыз намаздарының үшінші, төртінші ракаттарында
қосымша (зам) сүре оқылмайды.


Page 18

18
ҚҰНЫТ ДҰҒАСЫ
«Аллаһумма иннәә нәстә-ъинукә уә нәстәғфирука, уә
нәстәһдикә, уә нүмину бикә уә нәтубу иләйк, уә нәтәуәк-кәлу
ъаләик, уә нүсни ъалайкәл хайра кулләһу нәшкурукә уә ләә
нәкфурук, уә нәхлә-ъу уә нәтруку май яфжурук.
Аллаһумма и-йякә наъбуду уә ләкә нусол-ли уә нәсжуду
уә иләйкә нәсъаа, уә-нахфиду наржуу рахматәкә уә нәхшәә
ъазәбәкә, Иннә ъазәбәкә билкуф-фәри мул-хиқ».
ҚҰНЫТ ДҰҒАСЫ ҚАЙ КЕЗДЕ ОҚЫЛАДЫ
Үтір намазы – Құптан намазының 4-ракат парызы және
екі ракат сүннеті. Содан соң үш-ракатты үтір Уәжіб намазы
оқылады. Бұл намаздың екі ракатынан кейін отырып, ташах-
худты оқып, үшінші ракатқа тұрады. Әуелі Фатиха және зам
(қосымша) сүре оқылған соң, «Аллаһу әкбар» деп, құлақ қағып,
жоғарыдағы «Құныт дұғасы» оқылады. Содан соң әдеттегідей
рукуғ және сәжде етіледі.
Үтір намазы тек Рамазан айында ғана жамағатпен
оқылады. Басқа айларда жеке оқылады.
АЯТУЛ-КУРСІ:
Бисмилләһир рахманир рахим. «Аллаһу лә иләһә ил-
ләәһуу, әл-хаййул-қойюм. Лә та-хузуһу синәту-уәлә-наум.
Ләһумма фис-самауати уама фил-арды. Мән-зәл-ләзии яшфаъу
ъиндаһуу иллә би-изниһ. Йаъламу маа бәйнә әйдиһим уәмә
халфаһум. Уәлә юхитуунә бишай-им-мин ъилмиһий илләә
бимаа-шаа. Уасиъа курсиу-һус-самауати уәл-ард. Уәлә йауудуһуу
хифзуһума, уа һуал-ъәли иул-ъазиим».
Ер мен әйел кісінің намаз оқудағы қандай
айырмашылығы бар:
- Айырмашылығы – әйел кісі қолын көкірегіне қояды.
- Тәкбир Тахримада қолы жең ішінде болады.
- Қолдарын көкірегіне қояды.
- Рукуғда бармақтарының арасын ашпайды.


Page 19

19
- Рукуғда аздап иіледі.
- Шынтағы қарнына тиеді.
- Сәждеге саны қарнына тиіп тұрады. Азан шақырмайды.
- Сәждеде білегі жерге тиіп тұрады.
- Дауыс шығарып оқитын намаздарда әйел кісі дауыс
шығармайды.
НАМАЗДА ҚОСЫМША РЕТІНДЕ
ОҚЫЛАТЫН СҮРЕЛЕР
Намазда Фатиха сүресінен кейін Құран-Кәрімнен
кемінде үш аят қосымша (зам) оқу керек. Төмендегі сүрелерді
қосымша етіп оқыса болады.
Насыр сүресі
Бисмилләһир рахманир рахим. Иза жа-а насрул-лаһи
уал фатху. Уә-ра айтан-наса йадхулунә фиди нил-ләһи афуә-жа.
Фасаббих бихамди раббикә уастағфирһу. Иннәһу кәна тәууәбәә.
Масад сүресі
Бисмилләһир рахманир рахим. Таббәт ядәә әби лаһәбиу-
уәтәббі. Ма ағнә анхума луһуу, уә мәә кәсәбі. Саясләә нәрон за
тәләһабиу-уамра-а-туһу, хамма ләтәл хатаб. Фи-жи-дихә хаблум
мим-масад.
Ықылас сүресі
Бисмилләһир рахманир рахим. Қул һууал-лаһу ахад.
Аллаһус-сомад. Ләм йалид уә ләм юулад. Уә лам йакул-лаһу
ку-фу-уан ахад.
Фалақ сүресі
Бисмилләһир рахманир рахим.
Қул аъузу бираббил фәләқ. Миң шар-римәә хәлақ. Уә
миң шарри ғасиқин изә уәқәб. Уә миң шаррин-нәф-фәсәти фил
ъуқады. Уа миң шарри хасидин изә хасад.


Page 20

20
Нас сүресі
Бисмилләһир рахманир рахим.
Қул ъаузу бираббин-нәс. Мәликин-нәәс. Илләһин-нәәс.
Миң шаррил уасуә-сил хон-нәәс. Әлләзии ю-уәс-уису фи
судурин-нәәс. Минәл жин-нәти уән-нәәс.
ДҰҒАЛАР (қосымша оқу құралы)
Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.): «Сіздерден біреуіңіз дұға
еткенде, әуелі Аллаға мақтаулар және Пайғамбарға салауат
айтқаннан кейін қалағанынша дұға етсін», – және: «...Егер
пендесі қолын көтеріп, Одан (Алладан) сұраса, оның қолын
бос қайтаруға ұялады», – деген екен.
1. Амандасу дұғасы
«Әс-сәләму ъалайкум».
Жауап беру дұғасы:
«Уә ъалайкум әс-сәлам уә-рахматуллаһи уә бәрәкә-
тууһ!» делінеді.
2. Қуанышты нәрсе естігенде:
«Субханаллаһ» және «Аллаһу әкбар»-ды қайталап айту керек.
3. Иман үйіру дұғасы:
Яғни жан тәсілім етейін деп жатқан адамға бұл кәләмді
айтқызу немесе өзің жәй ғана етіп оқып отыру.
«Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур расулуллаһ».
«Әшһаду әл-ләә иләһә иллаллаһ, уә әшһаду әннә
Мухаммәдан ъабдуһуу уә расуулуһ».
Бұған қосымша етіп Ясін сүресін немесе білген
сүрелерін оқып отыруға болады. Хадисте: «Кімнің ең
ақырғы сөзі Лә иләһә Иллаллаһ Мухаммадур расулуллаһ
болса, оның жәйі жәннат» деген.
4. Құрбандық шалу дұғасы:
Құрбандыққа шалынатын мал тек қана Аллаһ үшін
болуы парыз. Дұғасы: «Бисмилләһи, Аллаһу Әкбар».
5. Қатты қорыққанда, біреу ұрысып жатқанда және
Құран оқудан алдын оқылады:


Page 21

21
«Аъузубилләһи минаш-шайтанир ражим,
Бисмилләһир рахманир рахим» деп қайталап айтып
жүру керек.
6. Түшкіргенде:
Түшкірген адам: «Әл-хамдулилләһ» деп айтады. Ал
оны естіген адам: «Ярахамукәл-лаһу!» дейді. Әлгі түшкірген:
«Иаһдй-кумул-лаһу уа юслиху бәләкум» деп айтады.
7. Ұйықтаудан алдын оқылатын дұға:
Пайғамбарымыз (с.а.с.) әр күні кешкілік жатар алдын
«Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып, екі қолын ашып,
құрғақ түкіріп және оны бүкіл денесіне дем салу ретінде
сипап шығатын. Және 33 рет «Субханал-лаһ», 33 рет «Әл-
хамдулилләһ», 34 рет «Аллаһу Әкбар» деп тәсбі тартып, содан
соң оң жағымызбен жату қажет.
Осылайша атқарып жататын болсақ, түрлі жамандық
жуымайды. Хадисте айтылған: «Пайғамбарымызға қызы Фатима
мен күйеу баласы Әли (р.а.) келіп, бір қызметші сұраған екен.
Сонда оларға Пайғамбарымыз: «Сіздерге сұрағандарыңыздан да
жақсырағын айтайын ба? Ұйқыға жатарда 33-рет «Субханал-
лаһ», 33-рет «Әл-хамдулилләһ», 33-рет «Аллаһу әкбар» деп
айтсаңдар, бұл сіздерге қызметшіден де жақсы», – деген екен.
8. Азанда, кешке оқылатын дұға:
«Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелері үш реттен
қайталанып отырады.
9. Қиындық немесе қапалық түскенде:
«Яа хай-ю, яа қойюуму бирахматикә астағис».
Мұсылман осы дұғаны оқып жүрсе, тілегін Аллаһ қабыл етер.
10. Дұға қабыл болатын жер мен уақыттар:
Таңертеңгі уақытта, түн жарымынан кейін, жаңбыр
жауып тұрған кезде, жел тұрғанда, Арафа күні, Ражаб айының
алғашқы түнінде, жұма күні. Қасиетті Рамазан айының
күндерінде, Құранды Хатым етілген уақытта, Парыз намазынан
кейінгі тілеген дұға, ешкім жоқ жерде оқылған дұға, Аллаһтан
қорыққанынан бүтін жан-дүниесі тітіреніп, көзінен жас аққан
кезде оқылған дұға-тілектер, ата-анасының батасы, ұстазының
батасы, Қадыр кешіндегі дұға, қатты зәбір көрген кісінің


Page 22

22
дұғасы, жолаушының дұғасы, шәкірттердің дұғасы, т.б. сол
сияқты, Инша-аллаһ қабыл болады.
НАМАЗДЫҢ ПАЙДАСЫ
Пайғамбарымыз (с.а.с.) кезінде: «Жамағатпен оқыған
намаздың сауабы – жалғыз оқылған намаздың сауабынан
жиырма жеті (27) есе артық», – және: «үйінде жақсылап дәрет
алып, жамағатқа баратын адам – Алланың зияратшысы, зиярат
еткен адамға Аллаһ үлкен қошемет көрсетеді» – деген екен.
Намаздың пайдасы, біріншіден, Алланың әмірін орындаған
боламыз, екіншіден, Адам намаз оқыса, жан дүниесі рухани
азықтанады, адамгершілік, имандылық қасиеттерді өз бойына
жинап әдепті болар, үшіншіден, намаздың денсаулыққа пайдасы
бар, тіпті жанұядағы, қоғамдағы пайдасы мол, төртіншіден,
намаздың пайдасы – қылмыстық күнә істер жасамайды.
Бесіншіден, жәннаттың кілті тозақтан перде болып қорған
болар, Құдай разы болар, жан беруі жеңіл болып, дұшпаны дос
болар, қиыны оңай болып, әртүрлі дерттерден аман болғай, т.б.
ӘДЕПТІЛІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
Ғұлама Әл-Фараби бабамыз шәкірттеріне білім беруден
алдын оларға тәлім-тәрбие, әдептілікті үйретеді екен. Сол секілді
әдептілік ережелерін рет-ретімен төмендегіше келтіріп отырмыз.
ҮЛКЕНДЕРДІҢ НАСИХАТЫ
- Үлкен кісімен сөйлескенде, қолыңды қалтаңа салып тұрма.
- Біреумен сөйлескен кезде, қадала қарап тұрмау керек.
- Біреудің мал-дүниесіне қызығып, тесіле қарама.
- Сынған, жоғалған нәрселерді айтып өкіне бермеу керек.
- Көзіңді орынсыз ойнақтатып, жан-жаққа алақтама.
- Есікті қатты жаппа және тарсылдатып қақпа.
- Жоқтан өзгеге түйіле берме.
- Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа.
- Есікті тасалап немесе табалдырықты басып тұрып сөйлеме.


Page 23

23
- Кездескенде жасы кіші үлкенге сәлем береді.
- Шақырса бару керек.
- Үлкен кісілерден ақыл-кеңес сұрап тұр, білгеніңше ақыл-
кеңес бер.
- Ауырып қалса, көңілін сұра.
- Қайтыс болса, қайғысына ортақтасып, жаназа намазына
қатысу керек.
ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ
Тамақтану үш бөлімнен тұрады:
І. Тамақтан алдын;
ІІ. Тамақтану кезінде;
ІІІ. Тамақтан кейін;
І. Тамақтың алдындағылар:
- Тағамды жерге қоймау;
- Өзін қинамай тапқанын жеу;
- Бір ыдыстан көп адам жеуі – береке;
- Тағам жеуден алдын ала қол жуу;
- Рұқсатсыз жемеу;
ІІ. Тамақтану кезінде;
- «Бисмилләһ» деп бастау;
- Оң қолымен жеу;
- Өз алдыңнан жеу. Хадисте: «Ей, Бала «Бисмилләһ» - пен, оң
қолмен және өз алдыңнан же», деп өсиет айтқан.
- Ыстық тағаммен қосып, мұздай су ішпеу, өйткені ол
денсаулыққа зиян;
- Ыстық тағамды үрлемей ішу;
- Сөйлесіп, жақсы сөздер айтып жүру;
- Егер тамақ ұнамаса үндемеу;
- Тоқ қарынға тамақ жемеу керек;
- Тағамға қарап түкірмеу, жөтелмеу керек;
- Тағамнан алған күш-қуатты жақсы нәрселерге жұмсайын
деп ниет ету;
- Жемістің дәнегін әуелі қолға алып, кейін тастау керек;
- Алып келген тағамды қайтармау керек;


Page 24

24
ІІІ. Тамақтан кейінгі ережелер:
- (Саусақтардағы) қолдағы майды жалау;
- Құдайға шүкіршілік етіп, яғни «Әлхамдулилләһ»
деу;
- Қонақта болсаңыз, үй иесіне тілек-бата жасау;
- Жоқ тамақты талап етпеу;
- Тағамды айыптамау;
- Қолды щаю керек.
СӘЛЕМ БЕРУ ТӘРТІБІ
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Исламның абзалы: тағам
беру және таныған-танымаған адамға сәлем беру», - депті.
Міне, осы сәлемнің әсілі шыққан төркіні сонау Адам Атадан
басталған екен. Алла Тағала Адамды жаратып, содан соң: «Анау
періштелерге барып сәлем бер. Олар қандай жауап қайтарса, сол
сен және сенің ұрпағың үшін сәлем болады», - деді. Сонда Адам
(а.с.) періштелерге барып: «Әссәләму ъалайкум», - деген еді.
Періштелер: «Уә ъалайкумус-салам уа рахматуллаһ», - деді. Міне,
осыдан соң сәлемнің шарапаты, адам баласын әрдайым бір-біріне
осы сөздерді айтып жүру міндетке саналған екен.
КІМ БІРІНШІ СӘЛЕМ БЕРЕДІ:
- Кіші- үлкенге;
- Өтіп бара жатқан – тұрған адамға;
- Аттылы адам – жаяуға;
- Көліктегі кісі жаяуға;
- Азшылық – көпшілікке;
- Арада бір үзіліс болса;
- Қабірстанға барғанда;
- Ешкім жоқ үйге кіргенде;
- Аурудың алдына көңіл сұрап барғанда;
- Мешітке кіргенде сәлем беріледі;
- Ұл-қызы ата анасына бірінші болып сәлем береді.
АТА-АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУ ИМАННАН
Мұсылман өз үстінде ата-анасының ақысы бар екенін біліп,
оларды құрметтеп, жақсы қарым-қатынаста болар. Ақыларын өмір


Page 25

25
бойы өтеу керек. Төмендегі ережелерді әрдайым атқарып жүретін
болсақ, ата-анамыз бізге риза болады:
- Ата-анаға жақсылық жасау;
- Ата-анаға ешқандай да «уф» деп қорламау;
- Ата-анамызға жылы шыраймен қарап, жылы
сөйлеу;
- Олардың қасында дауыс көтермеу;
- Ол кісілер жәрдемге мұқтаж болса, тез көмектесу;
- Шақырғанда лезде жетіп бару;
- Егер шариғатқа қарсы нәрсеге жұмсамаса,
айтқандарын орындау;
- Жолда кетіп бара жатса, алдын кесіп өтпеу;
- Олардың рұқсатынсыз еш жерге бармау;
- Егер қайтыс болған болса, олардың артынан құран
оқытып, дұға жасау;
- Ата-ананың достары, туысқандарымен жақсы
қарым-қатынаста болу;
- Әр кез ризашылығын алу керек.
БАЛА-ШАҒА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІМІЗ
Бұл дүниенің қызығы мен қуанышы, өмірдің жалғасы –
перзент сүю. Ата-ананың перзенттері алдында хақтары бар екен.
Олар төмендегілер:
1) Жақсы ана таңдау, хадисте: «Діндарын тауып ұтып
шық», - деген. Яғни, болашақта болатын перзенттің жақсы
болуына әйел үлкен рөл атқарады. Ғұламалар әйелді жер
анаға ұқсатқан: жақсы құнарлы жерге егілген егіннен жақсы
өнім алады, ал жердің құнары болмаса – ол жерде өнімді ала
алмайды екенбіз. Сол секілді, жақсы жар таңдай білу керек.
2) Перзент туылған кезде ұл-қыз арасын ажыратпау
керек. Бұл Құдайдың бергені деп біліп, шүкіршілік етуіміз
ләзім. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Кім үш қызы
болса, оларға жақсы тәрбие беріп өсірсе, оған тозақтан перде
болады». Сонда бір сахаба: «Екі қыз болса?», - дегенінде, ол
кісі: «Иә, екеуге де солай», - деді. Тағы бірі: «Бір қызға?», -
дегенде: «Оған да тозақтан перде болады», - деді.


Page 26

26
3) Перзент туылған соң, жақсы ат қою керек. Есімнің
жақсы-жаман болуы үлкен әсер етеді. Өйткені, қоғамда
немесе достарының арасында үнемі тартқыншақтап, өзінің
есімінің жаман болуы себепті қысылады.
ЕСІМІ ЖАҚСЫ БОЛУЫ ҮШІН 3-НӘРСЕ
БОЛУ КЕРЕК
- Мағынасы шариғатқа қарсы болмау;
Яғни, серік, күпірлік, күнә есімдер болмау.
- Ерге еркекше, қатты ат қою. Ал, қыз балаға – нәзік, жұмсақ
ат қою керек;
- Айтуға және атауға оңай болуы шарт.
- Нәрестеге ат қою үшін жақсылап дәрет алып, нәрестенің оң
құлағына азан шақырады. Содан соң, сол құлағына Иқамат айтады
да, үш рет сенің есімің «пәленше» деп қайталайды.
- Перзенті үлкен болып, өзін-өзі асырайтын халге дейін
бағып-қағу ата-ананың міндеті.
- Ата-ана бірінші кезекте өздері өрнек болуы керек. Яғни,
күнделікті жүріс-тұрыста, ұсақ-түйектің барлығында өрнек болуы
үлкен рөл атқарады.
- Ұл-қызына білім үйрету және өзі таңдаған кәсіпке бейімдеп
барынша көмектесіп, жол көрсету.
ЖАҚЫН-ТУҒАН, ТУЫСТАРЫМЫЗ АЛДЫНДАҒЫ
МІНДЕТІМІЗ
Хадисте: «Туысқандармен байланысты үзген адам жәннәтқа
кіре алмайды», - деген. Туысқандар арасын алаламай, әр кез
құрметтеп, жақсы мәміледе болу. Қажет болса, қолұшын беріп,
қуанса – құтты болсын айту. Қайғы болса – қайғысын ортақтасып
көтеру. Ауырып қалса, көңілін сұрап, көмек көрсету керек.
КӨРШІНІҢ ХАҚТАРЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақта «Үй алма, көрші ал» деген нақыл сөз бар ғой. Үй
болып өмір сүргеннен соң, міндетті түрде көршіміз болары анық,
көршісіз ешкім жоқ шығар. Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.)
келіп: «Көршінің хақтары қандай болады?», - деп сұрайды. Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп жауап береді: «Ауырып қалса,
көңілін сұрайсың. Қайтыс болса, жаназасын оқисың. Сенен қарыз
сұраса, қарыз бер. Қиналса, көмек бер. Жолы болып ырысқа


Page 27

27
кенелсе, құттықтап қой. Бір бәлекетке душар болса, жұбат. Үйіңнің
шатырын онікінен биік қылма – оның желіне бөгет боласың. Сенің
пісіргеніңді ол білмесін, немесе пісіргеніңнен оған да бер», -
және бір сөзінде: «Көршісі аш болып өзі тоқ жатқан кісі – мүмин
емес, яғни бізден емес». Сондықтан, көршімен қандай жағдайда
болмасын, жақсы қарым-қатынаста болу міндет еткен.
ОТЫРЫС ЖӘНЕ МӘЖІЛІС ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Мұсылман жиналған көпшілік орынға келгенде, әуелі
сәлем береді. Содан соң орынның соңы қай жерге келген болса,
жай таңдамай отыруы керек. Бұл нәрседе біреудің көңілін қапа
етіп қалуымыз мүмкін.
- Біреу бір себептермен сыртқа шығып кетсе, содан соң
ол қажетін бітіріп қайтып келсе, сол орын соның орны болып
саналады. Басқа біреу отырып қойған болса, оны тұрғызып
жіберуге хақылы.
- Отырыста шеңбер болып отырғанда, оның ортасына
отырмау керек. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.с.) шеңбердің
ортасында отырғанды лағнеттеген.
- Отырыста (той, мереке т.б.) тыныштықты сақтау, әрекетті
аз қылу, мысалы: сақал тарау немесе саусақтарын сындырып
пытырлату, бекерден-бекер жөтеле беру сияқты. Яғни, құрметті
кетіретін қылықтардан сақтану керек.
- Сөз сөйлегенде, жақсы ғибратты әңгімелер айту ләзім.
- Біреу сөз сөйлеп жатқанда, оның сөзін бөлмеу.
- Шама келгенше жолға отырмағанымыз абзал. Егер осындай
жағдай бола қалғанда, мына төмендегі ережеге бағынсын. Хадисте:
«Жолға отырудан сақтаныңдар», - деді. Сахабалар: «Мүмкіндік
жоқ», - дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ондай болса, жолдың
хақысын өтеңдер», - деді. Сонда Сахабалар: «Жолдың хақысы не?»
- деп сұрағанда, ол кісі: «Көзді жаман нәрсеге қараудан сақтану.
Сәлемге жауап беру. Жақсылыққа бұйыру, жамандықтан қайтару
және адасқан кісіні тура жолға салу», - деген екен.
- Жиналыс (той, мереке, т.б.) біткеннен соң, бата жасау және
Алладан кешірім сұрау керек екен. Өйткені, жиналыста біреудің
көңілін суытып алған болуымыз мүмкін.


Page 28

28
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ БІР-БІРІНЕ
ДЕГЕН МІНДЕТІ
- Ислам діні көрсеткендей өмір сүру;
- Ері әйелін әділдік және туралықпен ренжітпей тәрбиелеуі;
- Ер кісі бала-шағасы мен әйелін асырап бағатындай,
ғибадатын тыныш өтей алатындай шамада қаражат
табарлықтай кәсіппен шұғылдануы керек;
- Ері әйелін киіндіруі керек;
- Әйелін тамақтандыруы керек;
Бір күні сахабалардан Муауия ибн Хайда Пайғамбары-
мызға (с.а.с.) :
- Я, Расулаллаһ! Әйелдердің біздің мойнымыздағы ақысы
не? – деп сұрағанда, мына жауапты алады:
«Ішіп-жегенің сияқты, оны да ішкізіп-жегізесің, киінгенің
сияқты, оны да киіндіресің, сосын істегендеріңді
міндетсінбейсің», - деген.
- Әке болған адам балаларын дұрыс тәрбиелеуі;
- Жүніп болғаннан соң, ғұсыл құйыну;
- Әйел одан еріне тиісті қызметтерін жасап, бағынышты
болады. «Еркектер әйелдерді «билеуші» деген (Ниса
сүресі, 34 аят).
- Ата-ана балаларына дін, ғибадат, ғылым, өнер және әдет-
тәртіпті үйрету;
- Екі әйелі бар адам әйелдердің ортасында теңдік, әділдік
жасау;
- Ішіндегі жаны бар баланы дәрі, у беріп түсіру не дәрігерге
барып алдырып тастау – бұл арам етілген;
- Ері әйелінің, әйелі ерінің туысқандарымен жақсы қатынаста
тұру;
- Әйел өзінің еріне жақсы көріну үшін жақсы киімдер киіп
жүру;
- Жұпар иіс майлар себіну;
- Әйел қыз бала туғанда – береке, үміт етіп сүйіну;
- Әйел қыз туса, ашуланбау керек;
- Үй шаруасында әйелімен, әйелі ерімен ақылдасып тұру;
- Келген қонақты күтіп алу;


Page 29

29
- Балалары ержетіп, қыздары бойжетсе – тұрмысқа шығарып,
ұзату;
- Ер мен әйел бір-бірінің киімін кимеу керек.
ЖАМАҒАТ және ЖҰМА НАМАЗЫНЫҢ ҚАСИЕТІ
Қазақта «Бөлінгенді бөрі жейді» деген нақыл бар
ғой: адам әр дайым жамағатпен, көпшілікпен бірге жүретін
болса, ол көп қиыншылықтардан ада және күнә істеуден сақ
болады. Өйткені, «мұсылман – мұсылманның айнасы» деген,
бір-бірінің кемшілігі болса, оны дер кезінде түзетіп отырады.
Хадисте: «Намазды иман және жамағат болып оқу жалғыз
оқудан 27 дәреже артық сауаптырақ», – депті. Осы жамағаттың
жиналатын орны – Мешіт. Қасиетті үйге кіргенде – оң аяқпен,
шығып жатқанда – сол аяқпен шығатын болсақ, үлкен сауапқа
кенелеміз.
Мешітке кіргенде әуелі «Тәхйәтул-мәжид» мешіт ақысын
оқу. Алайда, мешітте уағыз айтылып жатқанда имамдардың
уағызын тыңдау қажет. Мешіт ақысын кейін оқып алуға болады.
Мешітке келуші әдеппен, салмақты болып және тәсбих тартып,
дұғалар оқып мінәжат етіп отырады. Мешітке таза келу, таза
киіммен келу, бұл жерге пияз, сарымсақ жеп, ауыздан жаман
иіс шыққан күйінде кіруге болмайды.
Жұма күні – мұсылмандар үшін қасиетті мереке.
Сондықтан, мұсылмандар бұл күнді ерекше атап өтеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Егер кімде-кім дәрет
алып, жұма намазына келіп, үнін шығармастан құтба
тыңдаса, үш күн артығымен сол жұмадан келесі жұмаға
дейін күнәлары кешіріледі», – және тағы бір хадисте:
«Кімде-кім жұма намазға әуелгі сағатта барса, яғни аз
ғана уақыт өткенде барса, ол бір түйені құрбан еткендей
болады. Кімде-кім біраз уақыттан соң барса, ол бір сиыр
құрбан еткендей сауап табады. Кім үшінші уақытта барса,
бұдан кейін барса, бір қошқар (қой) құрбан еткендей сауап
алар. Кім төртінші сағатта, яғни оқылатын уақытқа азғана
уақытта барса, бір тауық сыйлық етіпті. Кімде-кім намазға
бесінші уақытта барса, жұмыртқа сыйлық етіпті. Қанша


Page 30

30
хатиб құтба оқу үшін мінбеге шықса, сахифалар, яғни,
дәптерлер оралған қаламдар көтеріледі. Періштелер мінбе
алдына жиналады және құтбаны есіткей, кім сол уақыттан
кейін келсе, шындығында жұманың хақысын ада етуі үшін
келіпті», – деген.
МҰСЫЛМАН ҮШІН МАҢЫЗДЫ СҰРАҚ-ЖАУАП
Сұрақ: Сіз мұсылмансыз ба?
Жауап: Әл-хамдулил-ләһ, мұсылманмын.
Сұрақ: Немен дәлелдейсіз?
Жауап: «Әшһаду әллә илаһа иллалаһ. Уә әшхаду әннә
Мухаммадән ъабдуһу уә расулуһ».
Сұрақ: Қашаннан бері мұсылмансыз?
Жауап: Әлимсақтан бері мұсылманбыз.
Сұрақ: Қалайша мұсылмансыз?
Жауап: Иман келтірумен мұсылманмын.
Сұрақ: Кімнің құлысыз?
Жауап: Алла Тағаланың құлымын.
Сұрақ: Кімнің үмметісіз?
Жауап: Мұхаммед Пайғамбардың үмметімін.
Сұрақ: Кімнің досысыз?
Жауап: Төрт шадиярдың (Абубәкір, Осман, Омар, Әли)
досымын.
Сұрақ: Кімнің ұрпағынансыз?
Жауап: Адам Атаның ұрпағынанмын.
Сұрақ: Кімнің милләтіненсіз?
Жауап: Ибраһим калилләның милләтіненмін.
Сұрақ: Кімнің мәзһабынансыз?
Жауап: Имам Ағзамның мәзһабынанмын.
Сұрақ: Сізді кім жаратты?
Жауап: Барша әлемді жаратушы Алла жаратты.
Сұрақ: Пайғамбарымыз кім?
Жауап: Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған
игілігі мен сәлемі болсын)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!