Материалдар / Халелдің мол мұрасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Халелдің мол мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Халел Досмұхамедовтың "Оқушылардың саулығын сақтау" туралы еңбегі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2023
179
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Инновациялық білім беру факультеті

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы











Эссе



ТақырыбыХалелдің мол мұрасы»









Орындаған:Бастауыш білім беру деңгейінің педагогы

мамандығының 1-курс студенті

Балтабай Назерке

Байланыс нөмері: 8778 472 38 01

Электрондық почта: nazerke.kayratovna@bk.ru

1883 жылы 23-сәуірде Тайсойған құмында, Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, дәрігер, ұстаз,саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, насихаттаушы, шебер аудармашы Халел Досмұхамедұлы дүниеге келді. Халел Досмұхамедұлы текті ру Байұлы тайпасының Беріш руынан шыққан."Халел" деп есімін әйгілі төкпе жырау, Мұрат ақын қояды. Дүниеге келе салысымен ұлы тұлғалардан бата алып, өзі де артына мұра қалдырған ұлы тұлға болды.

Халел Досмұхамедұлының қалдырған мұраларын оқи отырып һәм сараптай отырып, «Оқушының саулығын сақтау» атты мұрасы менің мамандығыма жақын болды. Себебі мен болашақ ұстазбын. Оқуышының саулығын сақтай отырып, сапалы білім алуын қамтамасыз ету әрбір ұстаздың міндеті, кәсіптік парызы деп санаймын. Мен болашақ бастауыш білім беру деңгейінің мұғалімі болғандықтан Халелдің мол мұрасынан «Оқушының саулығын сақтау» атты еңбегіне көп үңілдім һәм зер салдым.Өзімнің кәсібіме керек мол мағұлматтарды Халел Досмұхамедұлының қаламынан туған құнды еңбектері мен толықтырдым. Дәлірек айтқанда Халел Досмұхамедұлының «Таңдамалы» атты кітабында «Оқушының саулығын сақтау» бөлімінде оқушылардың саулығын сақтау мақсатында жазылған шарттарға тоқтала өтейін. Х.Досмұхамедұлының «Оқушының саулығын сақтау» атты еңбегінен қысқаша үзінді: Денің сау болсың десең: «Үйде отырып жұмыс қылғанда, жылы уақытта терезең ашық болсын.Суық уақытта күн тәуір болса, бірнеше рет есік терезені ашып, үйіңнің ауасын жаңартып тазалап тұр, бірақ гүлеме желден сақтан». Гүлеме жел дегеніміз есік терезеден сырттағы ауа бір тесіктен кіріп, қарсы тесіктен шықса, жел гулеп кетеді. Міне осы желді гүлеме жел деп атайды. Бұл айтылған шарт мектеп қабырғасында қатаң сақталуы керек ереже десекте болады. Себебі сынып ішінің ауа температурасы оқушылардың білім алуына, сабақ процесінде айтылған ақпараттарды тез қабылдауына және оқу процесінде оқушылардың зерігіп кетпеуіне тікелей әсер етеді.Сондықтан әрбір мұғалім бұл айтылған шарттарды ескерсе, оқушылардың білімге оқуға деген құштарлығын арттыруға бір қадам жасалған болатын еді. Келесі бір айтылған құнды нақыл сөздің бірі, Көзің сау болсын десең: «Жазғанда қою қара сиямен анық көрінетін сызықтың үстінен жаз. Жазғанда жолмен (транспаран) пайдаланба. Ең жақсысы сызықсыз қағазға түзу жазуды үйрен. Үйде жұмыс қылғанда сау болайын десең: «Оқығанда орындығыңды үстелден аз-кем кейіндеу қойып, кітабыңды екі қолыңмен ұста. Кітаптың төменгі жағы үстелге тіреліп тұрсын, жоғарғы жағы үстелден көтеріңкі болсын.Оқыған кітабыңның бетінен көзің ең кем дегенде отыз екі сантиметрдей қашықтықта болсын». «Жазғанда екі білегің шынтаққа дейін тегіс үстелдің үстінде жатсын. Сол қолыңмен қағазды басып, керегінде ілгері жыжытып отыр». Осындай ережелерді сақтай отырып, оқушыға жақсы әрі өмір бойына әсер ететін дағды қалыптастырамыз. Халелдің мол мұрасынан алынған шарттарды қатаң сақтауымыз қажет. Себебі қазіргі таңда оқушылардың денсаулығының бұзылуы жиілеп тұрғаны барлығымызға белгілі. Сондықтан «Аурып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде» дегендей балалардың әсіресе мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау үшін осы шарттарды сақтауымыз қажет. Келесі Халелдің мол мұрасынан тағы бір шарт, Көзің сау болсын десең: Күндіз жұмыс қылсаң, жарық (терезе) сол жағыңда болсын. Жарық болған тесіктен (терезеден) аз да болса аспанның бір бөлегі көрініп тұрсын. Көз алдыңдағы (қолыңдағы) істеп отырған жұмысыңа (жазып отырған қағазыңа, тігіп отырған киіміңе) күн түспесін. (күннің шуағы түспесін). Сонымен қатар Көзің сау болсын десең: Кешке шаммен жұмыс қылғанда, шамың алдыңда кішкене сол жаққа таман жарты метрдей (үш жарым қарыстай) алыста тұрсын. Шамның қалпағы (абажыры) қара не қызыл, көк, сары секілді бояулы болмай, ақ шыныдан (фарфордан) болсын. Шамның мұржасы (тұрбасы,шишасы) буылтықсыз, шелек қалыпты болсын.Жыпылықтаған жарықта, ат үстінде, жүріп келе жатқан арба-шана үстінде, от арбаның, трамвайдың ішінде жұмыс қылу, кітап оқу көзіңді бұзады.Жатып оқыма, жатып іс қылма, көзіңді тез бұзасың. Міне, осындай маңызды шарттарды арқылы өз денсаулығымызды сақтауға жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар Халелдің мол мұрасынан әрбір ұстазға керек ақпаратты алуға болады тіпті керегінде өз іс тәжірибесіне пайдалана алады. Жалпы бұл өсиеттердің маңыздылығы, құндылығы жоғары. Әрбір баланың денсаулығын сақтау ең басты міндетіміз болып саналады. Оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы яғни мемлекеттің басты мақсаты. Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы десекте болады. Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі мен денсаулығын сақтауға үйрету – бүгінгі өмірдің яки бүгінгі қоғамның басты талабы. Қазіргі заман табиғи және әлеуметтік – экологиялық жағдайда балалардың денсаулығының жайы өте үлкен орын алады. Қазір бұл мәселе баланы оқыту мен тәрбиелеу проблемаларымен бірдей мәнге ие. Барған сайын мектеп қабырғасына денсаулығы бұзылған немесе ақаулары бар, тіпті созылмалы аурулары бар балалар көптеп келе бастады. Мұның бәрі елеусіз қалдыратын мәселелер емес, өйткені баланың денсаулығы мен оқу үлгерімі медальдің екі беті тәрізді бір-біріне өте тығыз байланысты. Сондықтан баланың денсаулығы оның болашағына һәм өмірге деген көзқарасына тікелей әсер ететінін ұмытпаған жөн.

Қорытындылай келе айтарым болашақ ұстаз ретінде ең алдымен оқушылардың саулығын сақтауды басты назарға алу керек ойлаймын және өз іс- тәжірибемде қолданамын деп нық сеніммен айта аламын. Халелдің «Оқушының саулығын сақтау» атты мұрасы денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал. Осы еңбегінде айтылған шарттар орындалса, келешек ұрпақтың таза әрі мықты болып дұрыс өсуіне себепкер болар еді. Өз өлкеміздің асыл перзенті Халел Досмұхамедұлының мол мұрасын ұмытпау және зерттей отыра келешек ұрпаққа дәріптеу ең басты азаматтық борышымыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!