Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Халқына рухани нәр берген дала данышпаны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғылыми жобаның тақырыбы:
Халқына рухани нәр берген дала данышпаны
Секциясы: этномәдениет
Бағыты: Гуманитарлық
Орындаған:
сынып оқушысы
Жетекшісі:
ПІКІР
__ сынып оқушысы ______________ Ақыт Қажы туралы туралы үлкен, толыққанды жұмыс жасаған. ХIХ-ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Қытай қазақтары iшiнен шыққан ғұлама, тарихшы, ақын тәрбиешi, жаңашыл ойшыл, қоғам қайраткерi екенін ұшқыр тіл ұтымды ойларымен жеткізе білген. Оның шығармалары бiр ғасыр бойы Алтай қазақтары iшiнде құндылығын сақтағанын ғылыми жобаны оқи отырып көз жеткізуге болады. Сонымен қорыта айтар болсақ, ғұлама Ақыт Үлiмжiұлының дiни саладағы шығармаларының қазақ халқының дәстүрлi Исламдық көзқарасының ортаға салатын туындылар болып табылатынын көрсете білген. Бұл шығармалардың зерттелiп көпшiлiктiң пайдасына ұсынылуы, халықтың дiни бостандық жағдайында бой көрсете бастаған кейбiр дiни әсiре ағымдарға қарсы шараларға оңды әсерiн тигiзетінін дәлелдеген. Қазақстандағы Исламтанушы ғалымдардың Моңғолия және Шыңжаңдағы Ақыттанушы ғалымдармен тiзе қоса отырып жұмыс iстеуi әрi қазақ тiлiндегi дiни терминологияның, әрi халықтың дiни саладағы, әсiресе Исламдық таным-түсiнiгiнiң дұрыс қалыптасуына септiгiн тигiзерiн жан-жақты көрсете білген.
Түйіндеме: ______ сынып оқушысы ___________
" Халқына рухани нәр берген дала данышпаны " Ақыт Үлімжіұлы туралы көлемді жұмыс жасағанын көрдім. Жалпы жұмыс тиянақты ғылыми тілде жазылған.
Резюме:
Ученица __________ проделала объемную работу о Акыт Үлімжіұлы "Халқына руханинәр берген дала данышпаны" Работа написана грамотно,использован научный стиль языка.
Аңдатпа
Өз заманының дүлділі атанған бірнеше тілді меңгерген, тұңғыш рет қасиетті құран кәрімді қазақ тіліне тәржімалаған, "Халқына рухани нәр берген дала данышпаны" Ақыт Үлімжіұлындай бабаларымызды танып біліп ол кісінің жарық көрмей жатқан құнды мұраларын жарыққа шығарып бүгінгі ұрпаққа ұсыну әр қазақ баласы үшін міндетті іс деп білемін. Мәдени мұраны жаңғыртудың басты кілті, әр азамат осындай ұлтына ерен еңбек сіңіріп, артына өшпес мұра қалдырған ұлыларымызды зеріктеп болашаққа табыс етсе ұрпақтар жалғасының өз орынын тапқаны болар деп білемін.
Аннотация
Акыт Үлімжіұлы выдающаяся личность своего времени,знал несколько языков,перевел Куран карим на казахский язык, "Гений подаривший своему народу духовную силу". Считаю,что сахранить и дать возможность юыть даступным жля народа ещо наследие это обязанность каждого казаха. Главный ключ освещения культурного наследия-каждый гражданин должен почитатьи оставить поколению наследия таких людей. Таким оброзом,потомки найдуь свое место в обществе.
Кіріспе
Қазақ халқының сарқылмайтын діні,тілі,дәстүрі елдігі,өнері үшін қажымай еңбек етіп артына өлмес мұраға қалдырған ұлыларымыз жөнінде танып білу бүгінгі күннің басты жаңалығы деп білемін. Сондай ұлылардың бірі1868-1940 жылдары өмір сүрген Қытайда өткен әйгілі ақын Ақыт Үлімжіұлы туралы ой толғап ғылыми жұмыс жазып оны,көпшілік назарына ұсыну мен үшін келешек ұрпақ үшін таптырмайтын қазына сарқылмайтын базына деп айтар едім. Сондай ақ тарихымызға қосқан үлесім деп түсінемін. Ақыт Қажы Үлімжіұлы шыңжан өлкесі Алтай аймағы Көктоғай ауданының Қайырты өзені бойында 1866 жылы кейбір деректер бойынша 1868 жылы дүниеге келген деседі. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Қытай қазақтар ішінен шыққан ғұлама тарихшы ақын,тәрбиеші,жаңашыл ойшыл,қоғам қайраткері екенін көреміз. Оның шығармалары бір ғасыр бой Алтай қазақтар ішінде құндылығын сақатады ал ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттап отырған осы тұста да,Ақыт Қажының шығармаларының мәнін жоғалтпағаны,тіпті арта түскенін айтсақ,асырғандық болмас еді. Белгілі атақты қазақ ақыны діни қайраткер,халық ағартушысы Ақыт Үлімжіұлы кеңірек танып білу,біз үшін,қоғам үшін,болашақ үшін,өте маңызды деп білемін. Өз заманынды Шыңжан қазақтарының әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан,халқының болашағы үшін аянбай еңбек еткен бір туар алаштың айбарлы,жігерлі,орақ тілді от ауызды ақыны болғаның көреміз. Міржақыптардың ХХ ғасырда "Оян қазақ" деген жан айқайын Ақыт ақсақал ХІХ ғасырдың аяғында тебірене жырлап былай дейді.
Ұйқыдан көтер басыңды,
Өнерге көндір жасынды,
Сенен басқа халықтың
Ұйқысы шайдай ашылды-деп қиналады. Ақыт ауыл молдаларынан оқып сауатын ашқан,кейінен орыстың жәбірінен Бұқарадан қашып барған Махбулбұлла деген кісіден білім алады. Осы ұстазы арқылы шығыс әдебиеті мен молынан сусындайды. Әрі араб,парсы түрік тілдерін жетік меңгерген. Сонымен қатар 1907 жылы Монғолияның Қобда аймағынан Қажылыққа аттанып бара жатқан 60 адаммен бірге Мекке-Мадинаға барып қайтқан. Ол кезде Ақыт Үлімжіұлы 39 жаста екен,оған дәлел мына өлең жолдары айғақтайды:
Иллаһи,саған жылап қалам алдым,
Тәуекел бір ісімді саған салдым.
Жарандар атым Ақыт Молла Тәийф
Жасымда 39 Мекке бардым-дейді. Бұл жерде Тәийф-жағымды деген сөз. Қажылық сапарында бадауилар оған осылай ат қойған екен. Ақыт Үлімжіұлының көзін көрген ақсақалдардың айтып қалдырған әңгімелеріне құлақ түрер болсақ Ақыт Қажы қарға бойлы,басын қозғалтып отыратын,ақ сақалды,жұқаша келген,өзін басқадан жоғары қоймайтын әділ би,ел билеген болыс(үкіртай) болғанын айтады. Ол кісінің кішіпейіл,әділ екенін мына бір өлеңінен аңғаруға болады:
Молқы деген қоқтыдай,
Арықтаған тоқтыдай.
Елдегі жаман осы екен,
Шөпке шыққан тоқтыдай-деп Керейдің молқы руынын шыққан өзі,өзін төмен санай отырып сол ағайын,сол елі үшін,әділ үкім айтып халқының мүддесін қорғауда жан аямая талас тартысқа түскенін көреміз.
1.Ақыт Үлімжіұлының өткен өмірі
Ақыт қажы Үлімжіұлы қазақтың ұлы суреткерлері мен ғұламалары Абай мен Шәкерімнен кейін аты аталатын, күллі қазақ халқына ортақ дүлдүл ақын. Оның өмірі ақынның тарихи отаны Қазақстаннан тысқары жерде өтті. Бірақ, ол қайда өмір сүрмесін қазақтың мұңы мен мұқтажын жырлап, сөз етті. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басы қазақ халқы үшін аса ауыр болғаны белгілі. Бұл кезеңде Қазақстанда Кеңестік билік орнап, елдің бас көтерер зиялыларының барлығы бірдей жаппай репрессияға ұшырап жатса, Қытайдағы қазақтар гоминдан билеушілерінің езгісінде жанышталып, ары қарай Шың Шы Сайдың зұлымдық саясатының құрбаны болды. Сол кездің тарихи деректерінен тек қазақ қана емес сол елдегі аз ұлт өкілдерінің тағдыр талайының аса аянышты халін көреміз. Ол кезде қазақтар өмір сүрген Алтай тауының күншығысын Алтай деп, солтүстік шығыс бетін, яғни қазіргі Моңғолияға қарайтын бөлігін Қобда деп атайтын. Ақыт болса осы екі өлкеде қатар өмір сүрген, Алтай мен Қобда қазағына тел ақын. Ал, Моңғолияда социализмнің орнауы да ондағы саяси-тарихи жағдайды мүлдем өзгертіп жіберді. Ақыт ақынның өмірі осы кезеңмен тұспа тұс келді. Қытайдағы Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағы мен Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағында кезек өмір өткізген ол жырларында осы екі елдегі қазақтардың әлеуметтік жағдайынан хабар береді. Ақыттың шығармаларының көбі діни, насихат бағытында болып келеді. Және оның нәзира дәстүріндегі жырлары да жеткілікті. Демек, Ақыт қалдырған мұраларға қарай отырып, оны кітаби ақындар қатарынан көруге болады. Ақыт қажы шығармашылығы мен өмірбаяны жайындағы алғашқы деректі 1898 жылы орыстың түркі тілдерін зерттеуші ғалым, профессор Н.Катановтың «Деятель» журналындағы Ақыт шығармашылығы туралы алғашқы арнайы мақаладан кездестіреміз [1].
Бұдан кейін Ақыт Үлімжіұлының шығармашылығы ұзақ уақыт бойына әдебиет зерттеушілерінің де, әдебиетшілердің де жалпы қоғамның назарынан тыс қалады. Оның өзіндік ақиқи себептері де бар. Мәселен, Ақыттың жастық шағы жалаулаған, жігіттік өмірі алаулаған, дүниетанымы өсіп, ой өрісі жетілген ізденіске толы жылдары өткен Моңғолия оны Қытай азаматы деп шеттесе, Қытайдағы зерттеушілер оның саяси көзқарастарына сай, қоғамдық қызметі мен ұлттық күрескерлігіне орай мемлекетке қарсы адам ретінде әшкерелеп оның шығармаларын зерттемек тұрмақ атын атауға тиым салды. Сөйтсе де, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында қоғамдық өмірде орын алған саяси жылымық Ақыт атын бірден жарқ еткізіп тарих қойнауынан жарыққа алып шықты. Соның нәтижесінд ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында Ақыттың шығармашылық өмірін зерттеу ісі іргелі түрде Моңғолияда қолға алынып, ден қойылады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Қабидаш Қалиасқарұлы 1972 жылы Баян-Өлгийде тұрақты түрде шығып тұратын әдеби журнал «Шұғылада «Ақыттанудағы алғашқы талпыныстар» атты мақала жариялайды [2]. Қ.Қалиасқарұлы бұдан кейін құрастырған «Халық ақындары» атты кітабында оның жырлары мен өлеңдерін бере отырып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында егжей-тегжейлі көлемді баяндайды. Бұл кітап Баян-Өлгий аймағының «Өлгий» баспасынан 1973 жылы жарық көрген. Осы кітап жөнінде сол «Шұғыла» журналында Т.Бодауханның «Халық ақындары» және Ақыт» деген мақаласы жарық көреді. Онда «Ал, Ақыт жайлы бұрынды соңды сөз болмаған десек те болады. Автордың кітабында ден қойған өзекті мәселе – осы Ақыт творчествосы. Автордың Ақыт жайлы ерінбей еңбектеніп, көл көсір тер төккенін ақынның өмірбаяны мен осыншама еңбектерін ту Алматыдан бастап, ауыл ақсақалдарынан көп жылдар бойы жинап, зерттегендігін айқын көреміз. Ақынның прогресшіл шығармалары діни керітартпа қиссаларының көлеңкесінде көрінбей жатқан нағыз алтынның өзі еді. Автор бұл жинағында осы «Алтын қоймасының» аузын ашты. Ақыттың өмірі мен творчествосын терең зерттеп, теориялық талдаудан өткізді» делінген [3].
XX ғасырдың 70-ші жылдары қылышынан қан тамған қызыл саясаттың құрығынан сескенген баянөлгийлік зерттеушілер «Ақынның прогресшіл шығармалары діни керітартпа қиссаларының көлеңкесінде көрінбей жатқан нағыз алтынның өзі еді» деп Ақыт жырларын жарыққа шығару үшін осындай, саясаттың ұстанымына сай келетін жол ойлап тапқан. Сондықтан да, аталмыш еңбектерде Ақыт шығармаларының негізін құрайтын, ел аузында молынан сақталған, сарғайып, сары тап болып сандық түбінде жатқан діни қиссаларынан гөрі әлеуметтік сарындағы, халқын, жұртын адамгершілікке, өнер білімге, бірлік берекеге шақырған жырларына көбірек назар аударылады. Осыны Қабидаш Қалиасқарұлы аталған кітабында былай деп ескертіп өтеді: «Оның жаңашыл жырлары басқасынан көлемі жағынан шағын, бірақ салмағы, құндылығы демократтық идеясы жағынан бұрынғы том-томдық бүкіл творчествосынан асып түсер құнды мұра» [4]. Сондай ақ, «Халық ақындары» және Ақыт» мақаласының авторы Тоқанұлы Бодаухан Ақыт жырларының «Халық ақындары» кітабына енгенін қазақ әдебиеттануындағы ірі жетістік ретінде бағалай отырып, өз қолында әлі жарияланбаған «Қалам сия – көз жасы» атты 375 жолдық дастанының қолжазба ретінде сары майдай сақтаулы тұрғанын сөз етеді. Бір айта кетерлігі, баянөлгийлік қаламгерлердің көбі халықтық жыр дастандарды, халық ақындарының мұраларын жинауға бел шеше кіріседі. Бірақ, олардың Қ. Қалиасқарұлынан басқасының ғылыми атағы жоқ еді. Яғни, олар әдебиеттану саласының көкжиегін кеңейту жолында атақ қууды мақсат тұтпаған. Тек халық мұрасының жиналуына, оның өмірлік мағыздылығына басты мән берген. Бұл іске жұрт болып, жұмыла кіріскенін көреміз. Демек, Ақыт ақын шығармаларын халқы ұмытпаған, саясат санасынан сызып тастағысы келсе де жадында сақтап, келешек ұрпағына жалғағанын, қажетті кезінде жарқыратып, жайнатып алып шықты. Соның нәтижесінде аз уақыттың ішінде Ақыт мұрасынан қомақты дүние жиналып үлгіреді.
Т. Бодаухан «Қалам сия – көз жасының» өнер білімге шақыратын, өзге жұрттың оза шапқанын, қазақтың мешеу болып қалғанын айтатын жыр екендігін жазады. Ыбырай Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар»... өлеңіндегідей қазақтың өнер білімнен кенже қалғандығына налығандығы байқалады. Жоғарыдағы мақалада автор: «Ақынның бұл жыры бұрын соңды баспа бетін көрмегендіктен жатқа айтушылар, көбінесе толық емес, әне жер, міне жерінен үзінділер ғана айтып жүр. Ал, сол үзінділер әредік баспа бетінен де табылады. Мәселен, «Боз інген» жинағындағы «Жер емшегін емген жұрт» және «Адамшылық қылсақ деп» атты екі өлеңнің екеуі де «Қалам сия» жырынан алынған. «Адамшылық қылсақ деп» жырының 18-жолы мен 19-жолы арасында 35 жол қалып қойған. Ой желісі, ұйқасы, жазбалары арқылы көз жеткізуге болады. Құрастырушылар әдейі қалтырған дейін десең: Ойбай қазақ намыстан, Өнер ізде алыстан. Қайласыз халық көр тышқан, Қайлалы халық арыстан. деген сияқты не түрлі асыл, ойлы шумақтар қалып жатыр. Сондай-ақ «Халық ақындарында» «Қалам сия» жырынан «Ояналық, шыңдалып» деген атпен 16 жол берілген. Бұл «Бозіңгендегі» «Жер емшегін емген жұрт» өлеңінің басы, екеуінің арасында небәрі 4-ақ жол қалған. Ал, «Өзіне-өзі өлген жұрт, сыдырғыштай сымдалып» деген жолдары екеуіне де кірген. Бұл фактілерге қарағанда «Қалам сияның» толық нұсқасы жоқ. Әркімнің жат айтуынан алынған үзінділер сияқты» деген ой қорытады. Т. Бодауханның «Бозіңген» жинағы деп отырғаны 1972 жылы Алматыда баянөлгийлік қаламгер, әдебиет зерттеушісі, жазушы Соян Қажыбайұлының құрастыруымен Қазақстанда тұңғыш рет жарық көрген Баян-өлгийлік халық ақындары мен заманауи ақындарының жырларының жинағы. Бұл жинақта да Ақыт Үлімжіұлының «Шолақ қол әйел» дастаны енген. Демек, ақыттану ісі Баян-Өлгийде 60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың басынан-ақ қолға алынды. Ал, Ақыт жырларын ең алғаш ғылыми айналымға енгізген ғкалым филология ғылымдарының докторы, профессор Қабидаш Қалиасқарұлы. Соян Қажыбайұлы Ақыт Үлімжіұлының «жырларын «Бозіңген» жинағына енгізу арқылы Қазақстанға тұңғыш рет танытқан адам.
Осы «Бозіңген» жинағы жайында «Шұғыла» журналының 1973 жылғы №4 санында ҚазССР Ғылым Академиясы, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Елубек Байтоқовтың «Бозіңген – сүбелі туынды» атты мақаласы жарық көрді. Автор бұл кітаптың қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі үлес екенін айта отырып, «Ауылы аралас, қойы қоралас дегендей, тағдыры, мақсат-мүддесі бір туыстардың бай ауыз әдебиеті мен бүгінгі ақын жазушыларының шығармаларын бір ктіпақа топтастырып, жарыққа шығару өте игілікті іс болды, оқырман қауымды зор қуанышқа бөледі» [6] деп жазады. Бірақ, мақалада жинаққа енген ауыз әдебиеті мен халық ақындарының мұраларын талқылау мақсат болмаған сияқты. Онда тек: «Кітап екі бөлімнен құралған, бірінші бөлімде тұрмыс-салт жырлары, халық әндері айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен ертегілер, дастандар, белгілі халық ақындарының шығармалары топтастырылған. Ауыз әдебиетін жинап бастыру жұмысы өте қиын, күрделі еңбек екені мәлім. Халықтың асыл мұрасын жинау аса ұқыптылықты тілейтін, ғылыми сұрыптауды қажет ететін қиын іс. Таптық, халықтық сыпаттағы әдеби шығармаларды таңдап-талғап алу жұмысына да көп еңбек сіңген» дей келе автор жинақтың екінші бөліміне, жаңашыл ақындардың шығармаларын талдауға ден қояды. Бұның да өзіндік себептері бар деп бағамдауға тура келеді. Біріншіден, ғалым «Таптық, халықтық сыпаттағы әдеби шығармаларды таңдап-талғап алу жұмысына да көп еңбек сіңген» дейді, яғни ондағы халық ақындары мен халықтың жырларды талдаудан, оған жылы лебіз білдіруден сақтанғандық байқалады. Екіншіден, Ақыттың жинақтағы «Шолақ қол әйел» қиссасы діни туынды. Сол себепті де социалистік реализм бағытынан ауытқып кетуден қорыққан. Мәселені май шаммен қарап үйренген кеңестік идеологиялық дәстүр кітаптың бірінші тарауы жайында ауыз ашуға жол бермегенін көреміз. Міне осындай қиын қыстау уақыттада ел болашағы үшін көлемді еңбектер жазып қалдырған бабамызды толыққанды зертеп, күлі қазақ халқына таныту әр азаматтың міндеті деп санаймын.
2. Алғашқы абай танушылардың бірі
«Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, сол дүниенің сырына терең үңіліп, ұлы данышпанымыз Абайды ұстаз тұтқан Ақыт Үлімжіұлы бабамыз Қазіргі Қытай мен Моңғолия аумағына қарайтын жерлерде қоныстанған қазақтар арасына Абайдың, Шәкәрімнің, Махамбеттің мәйекті туындылары жетпей жатқан тұста, өз ұлтының рухани көшін бастап, ағартушы ұстаз рөлін атқарды. Сондықтан да, бүгінге дейін Қытай мен Моңғолия қазақтары және осы жерлерден кейінен қоныс аударған Түркия, Еуропа қазақтарының ортасында Ақыт Үлімжіұлының өлең-толғаулары, қисса-дастандары мен арнаулары ұрпақтан ұрпаққа дәріптеліп, сақталып келді. Ендеше, халқына кемел білімімен өлшеусіз еңбек еткен ғалымның тарихи тұлғасы мен өмір шежіресін көктей шолып баян етіп көретін болсақ. Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов 1868 жыл ҚХР-ның Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келеді. Ақыт бала кезінде сауатын ауыл молласынан ашып, хат таныған соң, орыстың жәбірінен Бұқарадан қашып келген, қазақтар Мырзабақа деп атап кеткен түрік ғұламасы Махбубұлладан тереңдеп білім алады. Мол білімді ұстазы араб, парсы, шағатай тілдерін үйретуге ден қояды. Сондай-ақ, талантты әрі талапты шәкіртіне көп үміт артқан ғалым, Қазан, Ыстамбұл қалаларынан басылып шыққан кітаптарды оқытып, шығыс әдебиетімен сусындата бастайды. Бала күнінен өлең шығарып, бозбала жігіттік шағында ауыл арасында айтысқа түсіп ақындық дарынын аңғартқан Ақыт ендігі жерде ұстазынан алған тағылымды тәлімімен ұшталып, көзі ашық, көкірегі ояу білімді азамат болып қоғамға араласады. 1890 жылы Ақыттың қарым-қабілетін ескерген үкімет адамдары Ежен ханнан және Ресейден келетін хат-чектерді Алтай, Қобда, Зайсан аралығында атпен таситын пошта қызметін атқаруға жұмысқа шақырады.
Бардам отбасыдан шықпаған Ақыт үшін бұл жұмыс алғашында мал тауып, жан бағудың амалы болса да, кейіннен осы қадамы ғылым жолына түсудің, қоғамды танудың, білімін жетілдірудің де даңғыл жолы екенін аңғарады. Ол осы кезден бастап Ресей мен Моңғолия елдерінің қоғамдық жүйесімен танысудан басқа, пошта қызметінде жүріп, әр кезектегі мыңдаған шақырымдық жол сапарында халық ортасынан рухани тағылым жиып, ел болмысын етене тани түседі. Жұмыс қажеттілігіне байланысты моңғол тілін үйреніп, орыс тіл-жазуынан сауат ашады. Ел аттап, сыртқы әлемге есік ашқан ақын өзінің жазған еңбектерін баспадан шығарудың да жолын тапты. Ақыт саудагер Керімберді Бабаевпен таныстығының арқасында 22 жасында жазған алғашқы кітабын «Жиһанша Тамұз Шаһ Ұғылы» деген атпен 1891 жылы Қазанда бастырады. Осыдан кейін, 1891 жылдан 1914 жылға дейін оның Қазан, Орынбор, Семей, Санкт-Петербург баспаларынан 10 кітабы 17 рет басылып шығады. Олардың ішінде «Жиһанша», «Ахиретбаян», «Сәйпілмүлік — Жамал» дастандары, «Абият ғақидия», «Сейітбаттал Ғазы», «Ишан Махмұд» аталатын кітаптары бірнеше рет жарық көрді. 1898 жылы орыстың түркі тілдерін зерттеуші ғалымы, Қазан университетінің профессоры Н. Ф. Катанов Ақыт шығармашылығы туралы «Деятель» журналында алғаш рет арнайы мақала жариялайды. Ақыттың баспадан шыққан кітаптарының бір бөлімі Қазақстан ғылым академиясының көне кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған екен. Ақыт Үлімжіұлы 1907 жылы Алтайдан шыққан Лайық, Оразбек қатарлы «Қажышылардың жол бастаушысы болып, бізбен бірге жүр» деген өтінішімен жоспарланбаған, тосын сапарға жол-жөнекей ілесіп кетеді. Олар Семей арқылы Омбыға барып пойызға отырып, одан ары Қара теңізге жетіп кемеге мінеді. Осылайша Меккеге жолы түскен ақын, қажылық рәсімдерін аяқтап, елге қайтпақ болған сапарластарынан бөлініп қалып, жалғасты аралап көруді жөн санайды. Ақыт Араб елдері мен Түркияның мәдени, рухани орталықтары Медине, Құдыс, Ыстамбұл, Дамаск қалаларында болып, білімін жетілдіріп, бұл сапардан еліне араға екі жарым жыл салып қайта оралады. Халқыма жеткізсем деп асыққан ең қымбат қазынасы қоржын толы кітаптары мен осы екі жарым жылда зердесіне құйып алған мол білімі болды. Араб, парсы тілдерін толықтай меңгеріп, араб мәдениетін, жаратылыстану, дүниетану ғылымдарын үйреніп келді.
1912 жылы Ақыт Үлімжіұлы Алтайдағы ел ағаларының шақыруымен Моңғолияның Қобда аймағынан туған жері Көктоғай ауданына қайта көшіп келеді. Алтайға келген соң Ақыт қажы мектеп ашып, бала оқытумен айналыса бастайды. Қытайда тұратын әдебиет зерттеушісі, профессор Әуелқан Қалиұлының айтуынша, бұл білім ордасында арабша хат танытудан бөлек, география, есеп, тарих сабақтарын қосып оқытылып отырған. «Ақыт қажы шәкірттеріне түрік тілінде басылған дүние географиясын, татар тілінде басылған тарих, астрономиялық білімдерді, ислам тарихын, араб тілі грамматикасын, шығыс әдебиеті тектес бірегей ғылымдарды оқытып отырған. Ғұлама ұстаз ұл балалармен қатар қыздарды да шәкірттікке қабылдаған», — дейді профессор Әуелқан Қалиұлы. Сан құбылған заман ағымының соққысына ұшыраған осы бір нәубетті жылдарда өз ұлтының білімін көтеруге, халқының рухани тәрбиесіне ден қойған ғалым салт-сана, өнер-білім, заман ағымы, адамдық болмыс секілді сан алуан тақырыпты өзек еткен жыр, толғауларын жазып отырды. Осымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, ел басшыларының және халықтың сұранысымен 18 жыл бойы Өралтай аталатын үш аудан халқына қазылық міндетін де атқарды. Ел арасындағы түрлі даулы мәселелерге әділ кесім айтып, халықтың ықыласына бөленді. Қазақтың жеті жарғы сияқты көне заңдарын қоғамның ыңғайына қарай бейімдеп, даудың түйінін шешуге пайдаланып отырған. Өзі қазылық жасаған даулы істерді қағазға түсіріп, жазып сақтаған.
«Ақындар бізден бұрын өткен талай,
Әсіресе, Құнанбай баласы Абай.
Дәл сондай өткір сөзді болмасам да,
Ойымды жеткізейін құрай-жамай», — деп жазған Ақыт Үлімжіұлы дара талантты Абай өлеңдерін алпысты алқымдап, егделеген жасында қолына түсіріп оқып, тамсана таңырқайды. Ендігі жерде Абайша толғап жыр жазуға, оның ой иірімдеріне үңілуді мақсат тұтты. Міне осыдан кейін 55 өлеңнен тұратын «Ғақылиялық үндеулер» атты өлеңдер топтамасын жазады. Ақыт өзінің осы шығармасы туралы «…марқұм Абай Құнанбай қажы ұлының кітабынан өрнек алып, осы ғақылиялық, нақылдық үндеулер кітабын жаздым. Шіркін, Абай адамның жуырда есіне түспейтін сөздерді тауып, соны өрнектеген екен. Мен де сондай есіме түсе қалған сөздерді кіргіздім. Сондай-ақ Абай өлеңдерінің үзіндісін басына алып, күрделі лебіздерін шештім», — деп түсінік береді. Осыған қарап Ақыт Үлімжіұлын алғашқы абайтанушылардың бірі болған деп айта аламыз
3. Ақыт және ақыттану
Ақыт қажы Үлімжіұлы – қазақ
жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол 1891-1914 жылдары
Санкт-Петербург, Қазан баспаларынан «Абият ғақидия», «Сейітбаттал
Ғазы», «Ишан Махмұд» қатарлы кітаптары «Жиһанша», «Ахиретбаян
(Қиямет ахуалы, Ахуал-и-қиямет)», «Сәйпілмүлік-Жамал» дастандары
бірнеше рет жарық көрген ірі қаламгер. Өз кезінде «Айқапта» «А.
Алтайский» деген бүркеншік атпен шығармалар жариялап тұрған. Оның
қажылық сапарынан сыр шертетін «Қажыбаян» атты өлең романы да елге
кеңінен танымал. Сонымен қатар, ғұлама Құран Кәрімнің қазақша
аудармаларын, сонау, 1920 жыладардың соңы мен 1930 жылдардың
басында-ақ қолға алған болса да, тарихи себептерге байланысты бұл
жобаны соңына жеткізе алмаған-ды. Кейінен Құран Кәрімнің қазақша
түсіндірмесін дайындаған Ғазез және Мақаш ақсақалдар да осы Ақыт
қажының перзенттері. Осы мәннен айтулы тұлғаның асыл дінімізге
сіңірген еңбегі де орасан.
Қытайдағы қандастарымыз Ақыт қажыны Абайдан кейінгі қазақтың рухани
ақылманы, шешен биі, халық ақыны ретінде танып, ерекше қастерлейді.
Ақыттану ғылымының бір жүйеленіп келеді. Ақын атында жаңа сайттың
ашылуы – Қытай жеріндегі ақыттану ғылымының жетістігі деп айтуға
болады.
Аhitalemi.com деп аталатын жаңа сайт «Өмірбаяны», «Өлеңдер»,
«Деректі фильм», «Толғаулар», «Қиссалар», «Қазынамалар», «Романдар
мен дастандар», «Өлеңдер мен жырлар», «Дыбысты өлеңдер»,
«Түсініктеме» сынды айдарлардан құрам тапқан. Онда қайраткер
ақынның өмірі, шығармашылы және ақыттану ғылымының жетістіктері мен
ғұлама жайлы телехабарлар, деректі фильмдер қамтылған.
Жоба авторы, «Ақыт әлемі» сайтының бас редакторы – Ши-ән
университетінің студенті, «Ай-куә» электрондық кітапханасының
құрушысы Муса Тәбітайұлы.
Сайт жаңалығының бірі бүгінге дейін басылған Ақыт Үлімжіұлының төрт
томдық шығармалар жинағындағы бір қатар өлеңдердің аудио нұсқасын
жасап, ғұламаның мұраларын тірі дауыспен сөйлетуінде. Қазірге дейін
20-дан астам өлең, жыр, толғаулары аудио нұсқасы ғаламтор
пайдаланушылар назарына ұсынылыпты. Ғұламаның жыр жауһарларын
«сайратқан» - Шыңжаң қазағына танымал тележүргізуші, Үрімжі «Пана»
игілік қор қоғамының құрушысы Панар Ерғанқызы.
Аталмыш сайттың материалдық базасын жасақтауға Шыңжаң халық баспасы
Қазақ бөлімінің меңгерушісі, ақыттанушы Сімәділ Шүкенұлы қатарлы ел
зиялылары да атсалысыпты.
Міне, шекара сыртында, жаттың қабағына қарап отырған
қандастарымыздың игі қадамы біздің қазақ еліндегі тұлғатанушылардың
үлгі алуына тұрарлық жақсы бастама болып отыр. Санаулы тұлғалардың
жеке сайты болмаса, бір Абайдың өзінде жеке сайттың жоқтығы
елдігімізге сын емес пе? Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановқа бір сайт
ашсақ, айртулы тұлғаның тақиясына тар емес еді ғой. Әрине, бұл
түйін зерттеуші, ғалымдарымыздың көкейінде жүрген болар. Десе де,
ақтаңдақтың орыны тез толса құба-құп.
Қытайдағы танымал senkazakh.com сайтының хабарлауынша,
М.Тәбітайұлының ізденісімен алғашқы мезгілде жеке блог ретінде
жұмысын бастаған сайт алдағы уақытта өзінің қазақ харпіндегі
(кирилше) нұсқасын іске қоспақ.
Жеке адамдарды қаржылық қолдауымен ашылған сайт 2018 жылы әйгілі
ғұламаның 150 жылдық мерейтойына арналған құнды жәдігерлерді
оқырман қауымның назарына ұсынуды көздеп отыр. Бұл да болса Ақыт
Үлімжіұлын кеңірек насиқаттап Ақыттанудың өресін биіктетіп
керегесін кеңейтетініне
сенімдімін.
4. Алтай жеріндегі қазақтардың саналы тұлғасы
Алтай тауындағы қазақтың саналы тұлғасы болып танылып Абаймен тұстас өмір кешіп өшпес әдеби, діни мұра қалдырған данагөй ақын Ақыт хажы Үлімжіұлы Қарымсақов Алтайский болып табылды. Ол өз шығармаларында қазақтың озық та, білімді ел болуын аңсады. Мешеулік пен отаршылық бұғауы торлаған қазақтардың мәдениетін әлеуметтік биікке көтерді. «Ол, 1867 жылы Алтай күн бетінің Қайырты деген жерде дүниеге келеді. Жеті жасынан немере ағасы Садық Жибекұлы және Ғұсман моллдадан хат танып, соңында Махбубулла молладан дәріс алады. Ол араб, түркі, парсы тідерін үйреніп Қазан мен Стамбулда басылған сан алуан кітаптарды оқып білім көк жиегін кеңейтеді. 1902-1904 жылдары Бұхара медреcеcінде оқиды. Сол кезден зеректігімен өлең шығаруға бейімділігімен айырықша көзге түcеді. 1898-1890 жылы Қобда қалаcында Чиң үкіметінің жергілікті әкімшілігінде хатшылық қызмет жаcайды. Онда жұмыcтауына манжі, моңғол тілдерінен cауаты болуы да әcер еткен».
Сол кезден Алтай тауы қазағына байланыcты іc жүргізуге қатыcып, чиң отаршыларының баcқыншылық cаяcатын танып, біліп халқына аз да болcа cептігін тигізуді ойлап, cол бағытта қызымет етеді. Cол кезде қазақ әдебиті мұралары мен қатар шығыc әдебиеті үлгілерімен терең таныcып, шабыт алып, өзінің тұңғыш даcтаны ‘’Жиһаншаһ’’- ты Қобда қалаcында жазып бітіріп, 1897 жылы Қазан қалаcында баcтырады. Уақыт өте келе Ботағара руының ауылдары бұл кісінің білімі мен талантын танып, өз араларына көшіріп алады. Бұл адамдардың білімі, ой-өрісінің өсуіне, ғылыми әдеби шығармашылығының өрлеуіне жағыдай жасайды. «Ақыт оcы кезде ‘’Жиырма бөкілешке баға тиын’’, ‘’Ғылым-cәуле, Нұр-жарық’’, ‘’Керей ишаны Мухаммед Муһмин’’, ‘’Құлтайболат Тұңғышбай’’, ‘’Жақcы қатын мен жаман қатын’’, ‘’Кеcікқол келіншек’’ т. б., өлең, хиccа, даcтандарын жазып, біртуар талантымен белгілі болды.
Ақыт ақынның өмірі мен филоcофиялық көзқараcы, cаяcи cанаcы, шығармашылығы cапалық жоғары деңгейге өрлеудің баcы 1906 жылы мұcылмандық парызын өтеу үшін 39 жаcында Меккеге баруы болды. Ол қазіргі Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн жерінен cапарын баcтап, Жайcаң, Семей, Омбы, Пенза, Одеccа, Измир, Бейрут, Шам, Мекке, Медине, Иеруcалим қалаларында болып, хал ахуалын өз көзімен көріп өзі білетін қазақының жайымен cалыcтыра қарайды.»[1,67] Араб елдерінде екі жарым жыл тұрып араб әлемі мәдениеті, әдебиетімен кеңінен таныcып өз білімін жетілдіріп, әлемдегі cирек кітаптарды жинаcтырып, ғылымға терең бойлайды. Оcы елдердегі жетекші ғалымдар Ақыттың білімділігін мойындап, Мекке, Медина қалаларына аты әйгіленіп ‘’Білімпаз адам’’ (тәйіп) атанады. Хажылық cапардан cоң шығармашылық қызметін одан әрі жалғаcтырып, ‘’Хажыбаян’’, ‘’Абақ- керей шежіреcі’’, ‘’Ер Жәнібек’’ cекілді туындыларын жазған. 1940 жылы Үрімжіде гоминдан түрмеcінде 73 жаcында азаппен өлтірілді. Қазақстанда болса Ақыт туралы Қазақ энциклрпедиясында жазылды. Үшкөлтай Сұқпанбердіқызы «Сейфулмәлік» дастанын ақы иесі атымен бастырса, Қ. Нариман, Ә. Жиреншин т.б. адамдар баспасөз беттерінде насихаттап отырды.
Қорытынды
Кеңестік саясаттың әсері діни ғұламаларды қырып-жоюы,тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде діни бағытта күңгірт жағдайдың тууына әкеліп соқтырды мұның салдырынан басқа дін өкілдері жат діндерді таратуда Қазақстанды қолайлы орта деп тапты. Осындай теріс пиғылдағы діндерден діни ұйымдардан,арылудың бірден бір жолы-қазақ халқы кеңестік кезінде тамырларынан көз жазып қалған дәстүрлі діни мұраларды қайта жанғырту екені анық. Міне бұл тұрғыдан алып қарағанда 1869-1940 жылдар арасында Монғолия мен Қытайда өмір сүрген Ақыт Үлімжіұлының діни шығармаларының маңызы аса жоғары. Шығармалары Қожа Ахмет Яасауи.Абай және Шәкәрім шығармаларымен сабақтасатын Ақыт Үлімжіұлы "Құран Кәрімді" тәржімалаған ғұлама. Солақай саясаттың кесірінен алғашқы қол жазбалары мен аудармаларын гоминдан жендеттері өртеп жібереді. Алласы аузында иманы дұрыс исламшыл Ақыт алғашқы иман шартының шетіне мынадай өленің жазған екен:
Үлімжі біздің атамыз,
Құдайға көп тұр қатамыз.
Ғылым нұрын бір көрмей,
Қаранғы қайтып жатамыз-деп жастарды ғылым білімге шақырып тебіренеді. Ресей патшалығы тұсында Қазан,Орынбор,Опа және Астархан сияқты қалаларды қазақ тілінде алғаш 1831 жылынан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейіңгі мезгілде509 қазақша кітап жарық көрген. Ал 1897 жылға дейін қазақ тілінде 90 кітап жарық көрген екен. Сооған қарағанда "Жиһан Шаһ" қазақ халқының басылым тарихындағы алғашқы 90 кітапатың ішінен орын алып отырғанын көреміз. Ақыт Қажы ғылым мен әдебиетке қатты берілген жан болғандықтан кітапты көп жинаған. Ақыттың ұлы Ғазездің айтуына қарағанда,Шың Шы Сай әскері Ақыттың кітабын тартып алғанда,оның 800-ден астам кітабы бар болған айтылады.Бұл кітаптардың ішінде Құран тәпсірі,Күтіби сітте,Наһив,Сарих тағыда басқа діни кітаптар мен бірге тарихи кітаптарда болғанын айтады. Бұл дегеніміз қазақ руханиятына,солақай саясаттың балтасының жойқын сойыл болып тигені емеспе. Ақыт Қажы халықты елдікке,береке бірлікке,өнер-білімге,әдіп пен адамгершілікке,дінді және салт-дәстүрді құрметтеуге шақырған көптеген өлеңдер жазып артынан мол қалдырды. Ол өлең жазуда өзіне қазақтың ұлы ақыны Абайды үлге етеді. Мұны былай тілге келтіреді:
Ақындар бізден бұрын өткен талай
Әсіресе Құнанбай баласы Абай.
Солардай өткір сөзді таппасам да,
Ойымды жеткізейін құрай жамай.-деп сөз саптайды. Ақыт бір өңірдің ғана жыршысы емес күллі қазақ ұлтының жоқтаушысы деп айтуға қақымыз бар.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
"Ақыт Атаны еске алғанда" Ғазез Ақытұлы Баян-Өлгей 1994 жылы
-
Ақыт Қажы "Қажыбаян" баспаға дайындаған Кәкей Жақжұңұлы. Өлгей 1991 жылы.
-
"Ғахылия" құрастырушы Шынай Рахметұлы Баян-Өлгей 1994 жылы
-
Ақыт Үлімжіұлының шығармалары Шыңжан 1998
-
"Ана тілі" газеті Алматы 2008
14