Материалдар / Халық арасында дене шынықтыру және спорттық дамуының негізгі көрсеткіштері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Халық арасында дене шынықтыру және спорттық дамуының негізгі көрсеткіштері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанда спорт мектептерінің даму тенденциялары. 2.Негізгі бөлім 1.Қазақстанда және әлемде жан басына шаққандағы (мың адам) бір жаттықтырушы-нұсқаушымен қамтамассыз ету нормасы. 2.Астана қаласының заманауи спорт кешендері: Шымбұлақ,Медеу. Қолданылған әдебиеттер.
Авторы:
15 Қаңтар 2024
77
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Қоғамдық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы













Тақырыбы: Қазақстанда спорт мектептерінің даму тенденциялары







Орындаған: ДШжС білім беру бағдарламасы 3-курс студенті Мұханбетжан Альбина Максимқызы

Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Макашев Шынтас Амангельдиевич











Орал 2024

Жоспар



1.Кіріспе

Қазақстанда спорт мектептерінің даму тенденциялары.



2.Негізгі бөлім

1.Қазақстанда және әлемде жан басына шаққандағы (мың адам) бір жаттықтырушы-нұсқаушымен қамтамассыз ету нормасы.

2.Астана қаласының заманауи спорт кешендері: Шымбұлақ,Медеу.

Қолданылған әдебиеттер.





































Кіріспе

Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстаған 30 жыл ішінде Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Кез-келген сала да алдыңғы орыннан көрінді. Ел даумының ерекше белгілерін көрсеткен жетістіктер қатарында спорт пен туризмнің бары анық. Спортшыларарымыз халықаралық ірі додаларда топ жарып, ел мерейін асырғанда, бөркімізді аспанға атып, ерекше қуанғанымызда рас. Тіпті кейбір дамыған алпауыт елдердің өзі спорт саласында Қазақстанның шаңына ілесе алмайды. Спортшыларымыздың биік жетістіктері арқылы да елімізге қаншама туристер ағылды. Кең байтақ дархан даламызда туристер қаптайтын орындар жетерлік. Қасиетті мекендер, ғажайып жаратылысты таулар, өзен-көлдер, заманауи ескерткіштер еліміздің әр өңірінде толып жатыр. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан тарихында елеулі жетістер қатарынан орын алған спорт пен туризм тақырыбына көз жүгіртуді жөн санадық.

Ел имиджінің бір көрсеткіші болып - спорт жетістіктері есептеледі. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында да спорттық жетістіктер біршама. Қазақстан имиджінің спорттық қыры экономикалық тұрғыдан да және саяси тұрғыдан да басым тактикалық бағыттардың бірі ретінде қарастырылады.

Дене тәрбиесі және спорт әлеуметтік құрылым мен қоғамды дамытудың функционалдық негіздеріне тығыз байланысты. Көп жағдайда олар термометрі бола алады, яғни оның даму деңгейін көрсетеді.

Сондықтан кез келген ел спортшыларының спорттық жетістіктерінің деңгейі олардың танытатын әлеуметтік құрылым қуатының және жалпы ұлттың өміршеңдігінің айқын көрсеткіші ретінде қарастырылады.

Қазақстандық спортшылардың жеңістері еліміздің халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бердібек  Сапарбаевтың айтуынша, спорттың арқасында басқа мемлекеттер біздің еліміз - Қазақстанды, біздің адамдарымызды біледі.

Тәуелсіздік алғалы бері қазақ спортшылары көптеген әлем чемпионаттары мен олимпиадалардан жүлделі орындар алып, көк туымызды көтеріп, елімізді әлемге танытып жүр. Жүлделі түсімнің негізгі үлесі спорттың жазғы түрлерінің өкілдері жинады – 52 медаль (16 алтын, 17 күміс және 19 қола). «Қысқы жолдарда» жеті олжа бар (1-3-3). Бокс қазақстандық спорттың көшбасшысы. Біздің спортшылар бес Олимпиада ойындарында ел 17 марапат жеңіп алды (6-5-6). Екінші орынды осы көрсеткіш бойынша штанга көтерушілер алды (5-4-1). Үздік үштікке 3 (2-0-1) спортшы кіреді. Одан кейін ең табысты олимпиадалықтардың бейресми республикалық рейтингінде грек-рим стилінің күрескерлері (1–1–4), велосипедшілер (1–1–0), бессайысшы (1-0-0), еркін күресшілері – (0-3)-5), садақ ату (0-2-1), дзюдо күрескерлері (0 - 1 - 0) және тхэквондо күрескерлері (0 - 0 - 1). «Ақ» ойындарда подиумға төрт спорт түрінің өкілдері шықты. Біздің еліміз үшін шаңғышылар – 4 (1 - 2 - 1), биатлоншылар (0 - 1 - 0), мәнерлеп сырғанаушылар (0 - 0 - 1) марапат жеңіп алды.

Сол өткен спорттық додаларда бізге ең табыстысы, әрі мықты бәсекелестіктердің бірі 2012 жылғы Лондонда болған Олимпиада ойындары.Бұл Қазақстанның Олимпиада ойындарына 5-ші рет қатысуы.Жарысқа Қазақстаннан 25 спорт түрінен 115 спортшы қатысқан. Қазақстандық команда жүлделердің рекордтық санын ұтып алды – 13 (7-1-5). Командалық есепте біздің делегация 12 орында болды. Ауыр атлетика спортынан 4 алтын медаль иегерлері бар. Олар Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин атты штангашыларымыз. Велоспорттан 1 алтын: Александр Винокуров. Жеңіл атлетика 1 алтын: Ольга Рыпакова. Күрестен 3 қола:Грек-рим күресінен Даниял Гаджиев, ал еркін күрестен Гузель Манюрова және Ақжүрек Таңатарова. Бокстан 1 алтын, 1 күміс, 2 қола иемденді спортшыларымыз: Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Марина Вольнова және Иван Дычко. Міне, осы спортшыларымыз  2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, жүлделермен оралды.

1. Егеменді Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша қазіргі таңда айтрлықтай ірі жетістіктерге жеткені белгілі.ЖДегенмен де, әліде істейтін жұмыстар көп.кемшіліктермізде аземес.Республиканың көптеген спорт базалары қазіргі заман талабына сай болмай тұр.Кең байтақ еліміздің ауылды жерлерінде спорт сарайлары жетіспейді.барларының өзінің материялдық жабдықталу деңгейі төмен деңгейде қалып отыр.Жаттықтырушы- нұсқаушылардың саны еліміздің дене шынықтыру және спортқа деген тұтынушылығын толық қамти алмай отыр

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласының дамуына кедергі келтіріп отырған осындай мәселелердің бірі жоғарғы жетістіктер спотрында да белен алып отыр.Соның бірі ,2006 жылы Алматыда ашылған заманауи спортта дарынды балаларға Республикалық мектеп интернат еді.

Тәуелсіздің жылдарында Республика бойынша 448 жергілікті жеткіншектер спорт клубы,73 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі,499 дене шынықтыру-сауықтыру клубтары және 117 кәсіби клубтар құрылды.балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде неғұрлым көп қатысушылардың саны Алматы,Оңтүстік Қазақстан,Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында екені байқалады.

Қазақстан Республикасының мәдениет және спотр министрлігі жүргізілген зерттеу ақпараттарына қарағанда №4 кестеде көрсетілгендей еліміздегі жаттықтырушы – нұсқаушылардың саны әлемнің дамыған мемлекеттерімен салыстырмалы түрде алып қарағанда әліде төмен екен. №5 кестеде Қазақстандағы дене шынықтыру және спорттық дамуының басқа елдермен салыстырғанда пайызға шаққандағы нәтижесі баяндалады.Болашақта дене шынықтыру және спорт саласы жоғары деңгейлерден көрінеді деп сенеміз.Мемлекетіміздің осы бағыттағы қабылдап отырған шаралары көңілге үміт ұялатады.



























Негізгі бөлім



1. Қазақстанда және әлемде жан басына шаққандағы (мың адам) бір жаттықтырушы – нұсқаушымен қамтамасыз ету нормасы.

1. Қытай.................5мың

2.Европа......................... 10мың

3.АҚШ............................ 10мың

4.Ресей............................. 10мың

5.Қазақстан............................................... 30мың

Спорт саласында,әсіресе ауылдық жерлерде нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жетіспейді.Қазақстанда дене шынықтыру және спорт саласына әлі де 1137 жаттықтырушы-нұсқаушы керек.

Веложарысқа қатысатындардың шленміне ұқсайтын республикалық Республиканский велотрек ел аумағында ғана емес,бүкіл Азиядағы ең тамаша спорт кешен ретінде танымал болып отыр.Ғимараттың ғажап көрінісі бірден көз тартады. РМ ҚК «Республикалық велотрек «Сарыарқа» Қазақстан Республикасы Президентінің «2006-2011 жылдары Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» аясында 4 мамыр 2006 жылғы жарлығына сәйкес салынды.

Спорттық ғимаратты және жабдықтарды бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамыту үшін пайдалану,спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар мен спорттық резервтердің жыл бойғы орталықтандырылған дайындығын ұйымдастыру және өткізу осы велотрек қызметінің мақсаты болып табылады.

«Алау»-супер заманауи құрылғылармен жабдықталған «жедел мұз» жасай алатын әлемдік деңгейдегі мұз сарайы.Орналасқан жері және ғажайып архитектурасының арқасында «Алау» шын мәнінде Едорданың мақтанышына айналды.

Сарайдың жүрегі-8000 орындық трибунасы бар 400 метрлік мұз жолы,екі хоккей корты,төрешілер алқасының залы,пресс-конференция өткізуге арналған зал,спортшыларға арналған сегіз киім ауыстыратын бөлмелерден тұрады.

Сарайда мынадай спорт түрлерінен жаттығулар мен жарыстар өткізуге спорты;

1.Конькимен жүгіру спорты;

2.Шорт-трек;

3.Хоккей;

4.Мәнерлеп сырғану;





2. Астана қаласының заманауи спорт кешендері: Шымбұлақ, Медеу.

«Қазақстан спорт сарайы», «Алатау» спорт кешені, «Астана» спорт кешені, «Динамо» спорткешені, «Евразия» спорткешені, «Каспий» спорткешені, «Эверест» спорткешені, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион.

Шымбұлақ-Алматы қаласының маңында атақты «Медеу» жоғары Іле Алатауының биік бөктерінде орналсқан бүкіл әлемге танымал таулы сырғанақ курорты. Шымбұлақ шатқалы теңіз деңгейінен 2200-2500метр биіктікте Іле Алатауы ұлттық паркінде орналасқан.Оған жақын жерде Талғар асуы 3200м,биік шыңдар: Школьник шыңы-3800м, Амангелді шыңы-4000м, Абай шыңы-4010м, Нұрсұлтан шыңы (бұрнғы комсомол шыңы)- 4376м.

1954 жылы «Шымбұлақ» тау сырғанағы спорт базасы құрылып жұмыс істей бастады. Талғар асуынан басталатын спорттық сырғанақ жолының ұзындығы 3500метр,гигант-слалом 1500м,орташа ені 25м, қиғаштығы 11-29 құрайды. Мұндай параметрлер спортшыларға оның бүлкіл ұзақтығында жылдамдықты барынша дамытуға мүмкіндік береді.Шымбұлақтың ең жоғары нүктесіне медеуден 800метр арыдан басталатын заманауи қанатты жолмен көтерілуге болады. Қанатты жолдың бірінші бөлімі Шымбұлақтың төменгі қатарына алып барады.

2011жылдың 28 желтоқсанынан бері мұнда Quik silver Chimba Park фристайл-паркі өз жұмысын бастады. 2013 жылы наурыз айында россиялық «Форбс» Шымбұлақты орыстар үшін визасыз тау шаңғысы курорттарының үздік ондығына қосты.

2014 жылдың жазында Франциямен Шымбұлақта тау шаңғысы спортын дамыту туралы меморандумға қол қойылды.

Медеу- қысқы спорт түрлеріне арналған,ең үлкен жасанды мұз алаңы-10,5 мың м тұратын,әлемдегі ең жоғары таулы кешен.Медеу шатқалы және онымен аттас спорт кешені үшінші ауылдың болысы Медеу Пұсырмановтың құрметтіне оның атымен аталған.Шатқалдын орысша түрлегі «Медео» аты 1920ж қызыл комиссар Д.А.Фурмановтың жеңіл қолымен бекітіліп кеткен екен.Дәл осы комиссар шатқалы орналасқан Орман мектебінің ғимаратында қымызбен емдейтін бірінші демалыс орнын ашуға бұйрық берді.

Медеу-нағыз рекордтардың ордасы.Оның ашылғанынан бері бүкіл өмірінде 123 әлемдік спорттық жоғары жетістіктерге қол жеткізілген. Сырғанақтағы мұздың қалыңдығы-2,3метр.Мұздың беткейінде темір бетонды пластикалар орналасқан.Онда ұзындығы 170км салқындатқыш трубалар жатыр.Мұздың әлем бойынша теңдесі жоқ жасанды қатырғыш жүйесі,сырғанақтың мұзды бетін жылдың 8ай бойына ұстап тұруына мүмкіндік береді.

Жыл сайын Медеу мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді. Кей кездері 500 адам бірден коньки тебеді.











Қолданылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9

  2.  Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

  3. Құрманбаевва С.К. «Алматы» 2004 жыл,209 б.

  4. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003жыл,198 б.

  5. Атабаев А.С. «Кітап» 2006 жыл, 275 бб.

  6. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995 жыл, 98б.

  7. http://moodle.nci.kz/mod/resource/view.php?id=2214

  8. http:www.info-tses.kz/red/article.php?article=45674

  9. http://www.tumba.kz/index.php?option=com content&view=article&id=1948&ltemid=&



























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!