Материалдар / Халық даналығы баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Халық даналығы баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Адалдыққа тәрбиелейді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2020
1362
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Халық даналығы баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Жоспар:

  1. Мақал-мәтелдердің қоғамдағы рөлі, маңызы.

  2. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні.



Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған. Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады. Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысқан. Сөйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді. Онда халық тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі кең көрініс тапқан.  Мақал менен мәтелдерде халқымыз жақсылық пен жауыздықты, адамдық пен арамдықты, еңбеккерлік пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықты салыстыра сөз етеді, жамандық пен жауыздық қылықтардың барлығын батыл сынап, жұртшылыққа адамгершілікке тән мінез, қылықтардың барлығын ұсынады.  «Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.






Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Олар халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты тақырыбының бірі – Отан, туған жер, атамекенге байланысты. Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп таныған. Бұл «Еңбек түбі – береке», «Еңбек етсең, емерсің», «Ер дәулеті – еңбек», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет деген мақалдардан айқын аңғарылады. Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет, қуанышқа жеткізетін де еңбек деп білген. «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет», «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік мұратқа жеткізер», «Еңбек еткен – мұратқа жеткен», «Әрекет болмай, берекет жоқ», «Еңбексіз рақат жоқ», «Бір еңбектің көп рақаты бар», «Біткен іс – піскен жеміс» деп, халық еңбекті мейлінше дәріптеген.  Сонымен қатар жалқаулықты, еріншектікті мінеген. «Ақымақ күлкіге тоймас, жалқау ұйқыға тоймас», «Жұмысы жоқтық – ырысы жоқтық», «Еріншектің егіні піспес», «Еңбек адамды бүтіндейді, жалқаулық адамды түтіп жейді», «Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ» деп, халқымыз жалқаулықты шеней отырып, еңбек адамының беделін биіктетіп отырған. 
Қазақ мақал-мәтелдері – ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер  секілді халық шығармаларымен қатар  жасап келе жатқан көне жанр.






Халықтық мәдени тәрбие беру ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі, балалар арасындағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары, міндеттері мен тәсілдері бір-бірімен байланысты жинақталған. Сондықтан тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуіне, республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты тарихымызды, мәдениетімізді, бүкіл адамгершілік рухани қазынамызды ғылыми жүйеге келтіріп, оны ұрпақ тәрбиесіне орынды пайдалануымыз керек. Бұл салада мұғалімдердің алдында күрделі де жауапты міндеттер тұр.

Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшелігі

Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып табылады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:

1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі � сары алтын.

2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан көбінесе жай сөйлемге құрылады. Мысалы: Көп түкірсе � көл. Басқа пәле тілден. т. б.

Мақал – мәтелдің өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақтылық байқалады. Онда басы артық сөз болмайды. Барлығы өз орнында, екшеленген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ой-өрнек ажыраспас туыстық тапқан, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. «Ер дәулеті - еңбек» деген мақалды талдап көрелік. Осындағы сөздердің бірін де өзгерту мүмкін емес. Мұндағы негізгі ой – еңбектің құдіретін, ол бүкіл бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру. Ой қазығы «еңбек» деген сөз болған соң, «е» дыбысы ерекше естіліп тұр. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған да – сол. «Дәулет» сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына «ырыс, байлық, молшылық» т.б. сөздердің біреуін де ала алмайсың. Сөздер сол бітімінде ғана үлкен ой жүгіне ие. Сөздерді ауыстырып қолдансақ, онда бұл мақал поэтикалық қасиетінен де, мән – мағынасынан да айырылады, мақалдық қасиеті жұтаңдайды.

Мақалдарды жасаудағы көркемдік тәсілдердің бірі – әсірілеу. Мысалы, «Көп түкірсе – көл», «Жақсы – ай мен күндей, әмбеге бірдей». Сондай-ақ салыстыру әдісі жиі қолданылады. Мысалы, «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз». Мақалдар мен мәтелдердің үш жақты ерекшелігі бар тұлғалар екендігіне ғалымдар ертеден-ақ назар аударып келеді. Біріншіден, мақалдар мен мәтелдер – фразеологизм сияқты тілдік құбылыс. Екіншіден, пайымдау мен ой - пікірдің түйіні ретінде логикалық тұлға. Үшіншіден, келелі ой, кең мазмұнды қысқа айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Мақал-мәтелдердің осындай үш жақты қасиеті оларды тілдік құбылыс ретінде және ойлау құбылысы ретінде бөлек-бөлек зерттеуді қажет етеді.

Мақал мен мәтелдер сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбайды, даяр қалпында жұмсалады, құрамдары әрқашан тұрақты болады. Мақал- мәтелдер – сан ғасырлар жемісі, сондықтан әбден ой елегінен өтіп, екшеленген, сөйтіп тұрақталған сөз оралымдары. Мақал мен мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да бар, яғни олардың мағыналары сол мақалдарды құрастырушы сөздердің мағыналарынан туады. Олардың тұрақтылығы мағыналарының астарлы келетінінде емес, керісінше, олардың даналық қорытындылар болып келуінде.

Мақал мен мәтелдер де әр түрлі дәуірдегі нақты өмір шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай келіп отырады. Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты құрамын сақтап қолданылады, олардың сөздерінің орнын ауыстыруға болмайды. Олар қай тұрғыда болсын, я морфологиялық, я синтаксистік тұрғыда болсын, өзгеріссіз, даяр күйінде қолданылады. Мысалы, «Аздың қадірін білмеген, көптің қадірін қайтіп білер» деген мақалда құрамындағы жеке сөздердің берер мағынасы сөз болып отырған жоқ, түгел бір мақалдың тұтас мәні сөз болып тұр.

Мақал-мәтелдердің игі қасиеттерге үндеу, ақыл-өсиет сипатында болатындары баршамызға мәлім, яғни ішкі мазмұнның сыры олардың өздеріне ғана тән, меншікті мағынасы бар оралымдар екендігін дәлелдейді. Мақал-мәтелдердің мағынасы сөйлемнің бастапқы мағынасымен жарыса отырып дамиды да, келе-келе астарлы мәнге өтеді. Мысалы, «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында», «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» дегендер тура мағынасымен қатар, ауыспалы мағынаға да ие. Ол мағыналар бір-бірімен астарласып, байланысып жатыр. «Адам аласы», яғни адамның жаман пиғылы, жағымсыз жақтарын сырт бітімінен көре, сезе алмайсыз. Демек, сөйлемнің фразеологиялық мағынасы «ала» сөзінің ауыспалы мағынасының негізінде қалыптасқан.

«Біреуге ор қазба, өзің түсесің» сөйлеміндегі туынды мағына «біреуге ор қазу» бөлігінің мағыналық өзгерісінің жемісі, яғни «басқаға жамандық жасау» деген ұғымды білдіреді. Ал «өзің түсесің» сыңары «ор» сөзімен байланысты туынды мағынасын дамытып, тұтас сөйлем «басқаға жамандық жасасаң, өзің де жамандықтан аулақ қалмайсың» дегенді білдіріп тұр.

Кейбір мақалдар тура мағынаны ғана білдіреді дедік. «Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі» деген нақыл шын мәніндегі өмір тәжірибесінен алынған, көбіне тура мағынасында қолданылады. Сонымен қатар, әрбір мақалды айтқанда «адам», «кісі» категориясына байланыстырып айтамыз, соларды сипаттауда қолдынамыз. Мақалдардың тура мағынада ұғынылатындарының өзінде әйтеуір салыстыру, теңестіру, астарға айналдыру білініп тұрады. «Қамшыға бүлдіргі, баға үлгі керек» дегенде халқымыз балаға жаман әдет, әдеп үйретпе деген мәнді қоса ұғындырады. Мақал-мәтелдер ауыс мағынада қолданылғанда да, олардың құрамындағы барлық сөздер тұтас мағынадан қалыс қалмайды. Мысалы, «Қисық ағаш қиыспайды, қыңыр адам сыйыспайды» деген мақал жөн білмейтін адам ешкіммен тіл табыса алмайды дегенді меңзейді. Дыбыстық жағынан да, грамматикалық жағынан да, сонымен қатар мағынасының кесек ойға, мәнге құрылуы жағынан да тиянақты болып келетін мақал-мәтелдер тілдік тұлға болып табылады.



Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығы. 


Мақал-мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады.





Мақал дегеніміз - өмір құбылыстарын жинақтайтын бір немесе екі бөлімнен құралып,алдыңғысында жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды пікір айтатын, өте ықшам, бейнелі халық нақылы. Мақалдар аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлем болып келеді, құрамындағы сөздер өзінің дербес мағынасын сақтайды. 
Бір мысал талдап көрелік: «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар көбінесе екі бөлімді болатынын көреміз. Оның үстіне мақалда ой тиянақты болып келеді. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты екендігі анық айтылып тұр. 
«Мезгіл жетсе, мұз да ерір» деген мақалдан да осыны байқауға болады. Мақалда бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселер салыстырылып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді. 
Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгешерек. Мәтелде қорытынды ой, түйін айтылмайды, тұспал ғана болады. Бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды, тұжырым жасайды. 
Мысалы, «Көппен көрген – ұлы той» дегенде тұспал ғана бар. Бұл жерде мағынаны тыңдаушы өзі қорытуына тура келеді. Мәтелде дәлелдеу де, тиянақты тұжырым да болмайды, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ. 
Мәтел – халық арасында кең тараған, қорытындысы болмайтын, негізгі айтылатын ой жанамалап берілетін, ықшам кестелі халық сөзі. Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді. 
емес. Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл», «Ер қанаты – ат», «Елін сүйген ер болады», «Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақалдар ешқандай тұспалдаусыз тура мағынада айтылып тұр. Ал, «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда», «Не ексең, соны орарсың», т.б. мақал-мәтелдерде айтпақ ой тура айтылмай, жұмбақтап, астарлы мағынада білдірілетінін көреміз. 
Мақалдар мен мәтелдердің үш жақты ерекшелігі бар тұлғалар екендігіне ғалымдар ертеден-ақ назар аударып келеді. Біріншіден, мақалдар мен мәтелдер – фразеологизм сияқты тілдік құбылыс. Екіншіден, пайымдау мен ой - пікірдің түйіні ретінде логикалық тұлға. Үшіншіден, келелі ой, кең мазмұнды қысқа айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Мақал-мәтелдердің осындай үш жақты қасиеті оларды тілдік құбылыс ретінде және ойлау құбылысы ретінде бөлек-бөлек зерттеуді қажет етеді. 
Мақал мен мәтелдер сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбайды, дайын қалпында жұмсалады, құрамдары әрқашан тұрақты болады. 
Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты құрамын сақтап қолданылады, олардың сөздерінің орнын ауыстыруға болмайды. Олар қай тұрғыда болсын, я морфологиялық, я синтаксистік тұрғыда болсын, өзгеріссіз, даяр күйінде қолданылады. Мысалы, «Аздың қадірін білмеген, көптің қадірін қайтіп білер» деген мақалда құрамындағы жеке сөздердің берер мағынасы сөз болып отырған жоқ, түгел бір мақалдың тұтас мәні сөз болып тұр. 
Мақал мен мәтел бір-бірінен осындай белгілерімен ерекшеленеді. 
Қазақ өміріндегі әлеуметтік-тарихи өзгерістерге байланысты мақал-мәтелдердің де мазмұны байып, өзгеріп отырғанын көреміз. Әрбір тарихи кезең мақал-мәтелдерде өзінің ізін қалдырып отырған. Мысалы, «Базары жақын байымас», сол сияқты «Ексең егін, ішерсің тегін», деген мақалдар қазақ даласында сауда, базар сияқты қарым-қатынастардың енуіне байланысты шыққаны, елдің экономикалық тіршілігіндегі өзгерістен кеп туғаны айқын. 
Мақал-мәтелдерді байытып, оның сарқылмас көліне үзілмей құйылып отыратын сала-сала бұлақтар бар. Олар – нақыл сөздер, толғаулар, шешендер сөзі жеке, сом айтылған мағыналы өлең, өлең жолдары, ақын-жазушылардың кітабынан шығып, мақал-мәтелдер қатарына қосылып тұратын тұжырымды айтылған асыл сөздер, мағыналы көркем сөйлемдер. Ақын – жазушылар шығармаларында мақал-мәтел болып кеткен жолдар мол. Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлының көптеген өлең жолдары қанатты сөздерге айналып кеткені белгілі. Мысалы, Ыбырайдың «Шегірткем, бір секірдің – құтылдың, екі секірдің – құтылдың, үшіншіде – тұтылдың», Абайдың «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез», «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дегендері мақал - мәтелдер қатарынан өз орнын алған. 
Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге, жан-жақты тәрбие беруде мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор. Білім мен өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алып, өз орнын таба алатыны сөзсіз. 
Көптеген ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу еңбектерінде сөз болған мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні жөніндегі пікірлеріне көңіл аударып көрелік. Мысалы, Балтабай Адамбаев «Халық даналығы» деген еңбегінде: «Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез-келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп, көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп-жеңіл , оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады» деп, мақал-мәтелдердің мінез-құлық мәдениетіне, өнерге, әдебиетке, деген негізгі талаптарын тұжырымдауға болатынына тоқталады. 
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын Абай Құнанбайұлы ұлтымыздың ауыз әдебиетінің асыл қазынасы мақал -мәтелдердің шығу тегін терең зерттеп, құнды пікірлер айтты. Мысалы, Жиырма тоғызыншы қара сөзінде: Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. 
Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі. 
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды? 
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек. 
«Біздің қазақтың мақал-мәтелдерінің көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар» дей келе, «Қалауын тапса, қар жанады, сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ», «Атың шықпаса жер өрте», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» деген мақал-мәтелдердің сұрамсақтық, пәлеқорлық, дүниеқоңыздық, қулық-сұмдық, алаяқтық сияқты жат мінездерді уағыздайтын, мағына-мәні қайшы мақал-мәтелдер екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, Отыз үшінші, Отыз алтыншы сөздерінде «Өнерді үйрен, үйрен де жирен», «Өнерліге тоғыз өнер де аз», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер», «Ағайынның азары болса да безері болмас», «Жол қуған қазынаға, дау қуған пәлеге жолығады», т.б. халықты өнерге, бірлік-берекеге, достыққа шақыратын мақал-мәтелдердің мәніне баға берді. 
Тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тipкестеріне идиомалық тіркестермен қатар ғасырлар бойына coзылған ұзақ дәуірдің өмір тәжірибелерінен екшеліп алынған сөзі ұйқасымды, мағыналары тұжырымды болып келетін халықтық мақал мен мәтелдер де жатады. Тілдегі қолданылып жүрген әрбір мақал, мәтелдер ауыздан-ауызға беріліп, талай ғасырларды көктей өтіп, тілде сақталып, өңделіп қолданылып келе жатқандықтан, мақал мен мәтелдегі сөздер де, белгілі дәрежеде тұрақталған, қалыптасқан тіркесте айтылады: Еңбек қылсақ ерінбей, тояды қарның тіленбей; Ырыс алды — ынтымақ; Ел үмітін ep ақтар, ep атағын ел сақтар деген қазақ мақалдарының құрамына енген сөздер белгілі тұлғада, белгілі орында тұрып қалыптасқан. Олардың көпшілігінін морфологиялық тұлғасын не қалыптасқан орнын өзгертсе, мақалдардың мағынасы бұзылады. 
Мақал мен мәтелдің идиомалық тіркестегі сөздерден мына сияқты ерекшеліктері бар: идиомалық тіркестегі сөздер өздерінің жеке турғандағы мағыналарын сақтамай, сол тіркес күйінде; бір ұғымды білдіріп, жігі ажырамай бір логикалық топ ретінде жұмсалса, мақал мен мәтелдердің құрамына енген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарын сақтап, синтаксистік қарым-қатынасы жағынан мүшеленіп тұрады. Мысалы: өнер білсең, өлмейсің; Өтірікшінің шын сөзі зая деген мақал мен мәтелдердегі әрбір сөз өз мағынасында колданылып, әрқайсысы сөйлемнің белгілі мүшесі түрінде айтылып жүр. 
Тұрақты сөз тіркестеріне фразеологиялық, идиомалық тіркестер және мақал мен мәтелдер ғана еніп қоймайды. Сонымен қатар, екі, кейде одан да көп сөздердің белгілі дәрежеде қатар айтыла келіп, бастапқы мағыналарын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркес ретінде қалыптасқандары да тілде жиі кездеседі. байлау, жан қалта, төс қалта, қол сағат, бет орамал, қол орамал, аяқ, киім, бас киім, темір жол тағы сол сияқты алуан түрлі сөздер де жатады. 
Бұл сияқты сөз тіркестері әр сөздің бастапқы мағыналарын сақтай отырып бір ұғым ретінде жұмсалатын болғандықтан, бұларды лексикалық тіркестер деп атауға болады.Қазақтың халық педагогикасы – ғасырлар бойында қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым. Халқымыз «Мақал – сөздің мұнарасы» деп, халық ауыз әдебиетінің асыл бір жанрына осындай бағаны өзі берген. Мұнара биіктікке, асқарлыққа, парасат асқарына мезгейді. Мақал-мәтелдің озық-артықшылығы ойды сығымдап, нақышты әрі әсерлі, санаулы сөзбен әрі өткір, әрі мәнді айтып, суреттеуінде. Халық өзінің тәлімгерлік трактаттарын мақалдар мен мәтелдерге шебер сыйғыза білген. Бір естігеннен жадыңда қалады, тәлімгерлердің де, тәрбиеленушілердің де жаттауына оңтайлы, жеңіл. Және бір ғажабы, өмірдің өзі секілді желісі үзілмей, өркен жайып, жыл асқан сайын жемісін елге ұсынып отыратын даналық көзі мақал-мәтелдер өз қатарын қалыңдатып отырады. Жаңа дәуір талабына сай жаңаша туындайтын мақал-мәтелдердің иесі де, көнеден сақталып келе жатқан, сұрыптала, сұлулана түскен асылдарды сақтаушы да – қарапайым халық. Сонымен, өткен замандарда жасаған сал-серілер мен ақылмандарымыздың бізге қалдырған ой-парасат, мирасы даңғыл жол сияқты екен. 
«Әкесіне қарап ұл өседі, шешесіне қарап қыз өседі», «Әкесіне қарап, ұлын сына» деген мақалдардың ұлағатына көз жіберіңізші. Өзіне тартқан өнегелі ұл өсіре алмаған әке ұятты, ал абыройлы әкеге тартып өсе алмаған жасық, болбыр ұл да ұятты деп тұрған жоқ па? «Тектей білген екшей де біледі» демекші, адам танумен шұғылданған, ертедегі өткен ата-бабалар қасиеттерін түптеп зерттеген кісі бүгінгінің жақсысы мен жаманын саралай алады, өзі де терісінен түңіледі, безеді, тектісіне еліктейді, өзгелерді де еліктіре ертеді. «Білімсіз бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді» ... бұл да бір ақылды мақал. Надандар, намыссыздар әке-шешесін ғана емес, бүкіл жұртын жерге қаратады. Ендеше, осы сияқты мақал-мәтелдерде тәрбиелік мән, мазмұн тұнып тұр. «Азамат – елдің ажары» деген ақылды мақалды оқушыға қайталаудан жалығуға болмайды, себебі балаға кішкентай кезінен бастап-ақ елдіктің еңсесі ер азаматтарымен биік екенін құлағына құя берудің несі артық?! «Анасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбайды» деген мақалды алайық ... Халық әдетте қамқорлықтың ұсақ-түйектен-ақ көрініс табатынын осылай ескертеді. «Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды» деген даналық өте сыпайы айтылса да, өткір айтылған айып. «Әкеңнің төріне сенбе, маңдайыңның теріне сен» деген мақалдың тәрбиелік мәні ешкімге иек артпа, өз күніңді өзің көруге машықтан, ешкімге масыл болма, адал еңбегіңмен дәм-тұзыңды ақта, теріңді төгіп еңбектен дегенге саяды. 


       Мақал-мәтелдердің   адамды   игі   қасиеттерге   үндеу,   уағыз өсиет  сипаты   бар   екені  баршаға  мәлім.  Бұл  қазына  тәрбиелі  қыз,  ұлағатты  ана,ардақты  ұл,  елі  аялаған  ер,   жылы  жүректі   әке  қандай   болуы  керекосының  бәрін  тобықтай  сөздің  түйінінде  түйіндейді. Қазақ халқы  мақал-мәтелге  өте бай. Мақалмәтелде  халқымыздың  өніпөсуіне,  мінез-құлқын  қалыптастыруға,  тіршіліктің қыры  мен  сырын  түсінуге,оның  қайшылығын  тануға   терең  баға  беріледі.    Мақалмәтелді  кез  келген  адам  шығаруға  құқылы. Ал  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып,   уақыт   арқалатқан   жүкті   мойымай  көтеріп,  сөйтіп,қалың   елдің   мұқтажын   өтейтін   мақалмәтелдер   салиқалы   ой   иесі,   ділмар   шешен,   адуын   мінезді     ақындар   араласуымен   жасалған.   Қазақтың   мақалмәтелдеріне   өз    үлесін    қосып,    отты   сөздері   ел    аузына  кең    тараған   М.Әуезов,   Б.Момышұлы,    Ғ.Мүсірепов,    Ғ.Мұстафин    сияқты   ұлы  адамдар  есімі  ел  есінде  сақтаулы.Жастарға  өнербілім,   тіл  үйретуге,  жанжақты  тәрбие  беруде  мақалмәтелдің  мәнмаңызы  өте  зор.Білім   мен  өнер   еңбектің   біртүрі  болса,  аз  сөйлеп,   көп  тыңдаған,  көп  оқып,  білімін  байытқан   бала   ғанаөмірден   өз   сыбағасын  алып,   өз   орнын   таба  алатыны   сөзсіз. 

  Қазақ   халқының   даңқын   шығарып,   абыройын   асырған  айтулы  ұлдардың  бірі –жазушы,  қазақтың  батыр   ұлы  Бауыржан   Момышұлының  «Ер  серігі сергек  ой»,   «Сын  ерді  шыңдайды,  қорқақты  қинайды»,   «Азаматқа  өмірденар  қымбат,  өлімнен  ұят  күшті»,  «Қорқақ – дөрекі,  әрі  ақымақ», «Алғырлық  ойдың  ішкі   мазмұнын  нұрландырып  тұрады»,  «Ақылгөйлік  кейде  өнегесіздікке   тірейді»   деген  ұлағатты   сөздері   қанатты   сөздер   қатарынан  шығып,   мақалмәтелдер  қатарынан  мықты  орын  алуы  заңды  құбылыс  десе  болады.   Осы  мақал-мәтелдерді   жастар  оқып үйренсек,  нұр  үстіне  нұр  болары   сөзсіз . 

        Бауыржан  Момышұлының  мақалдары  ерлікке,  адамгершілікке  шақырады.  Мысалы:  «Анаң  үшін  аянба, ант  ұрады,

                              Балаң  үшін  аянба,  бетің  күйеді,

                              Елің  үшін  аянба – ерлігіңе  сын,

                             Жұртың  үшін  аянба – жігіттігіңе  сын»,

немесе :               «Жерге  тер  төгіп  қызмет  ет,

                              Халыққа  қан  төгіп  қызмет  ет»,

                             «Қайратыңа  әдісіңді  жолдас  ет,

                              Әдісіңе  ақылыңды  жолдас  ет»  

деген  мақалдары   әрбір   елжанды  ұрпақтың   жүрегіне  әсер  етпей  қоймас.

        Халық  ақыны  Қайып  Айнабековтың  мақалдарына  көңіл  аударып  көрейік.  «Алаңғасар  адамнан  ақау  шықпай  қалмайды»,   «Ердің  сыны –  сырында,  сөздің  сынышынында»,   «Ерінбегеннің  еңбегі  жанады,  іркілмегеннің  ерлігі  артады»,  «Ойлай  берсең,  дана  боласың,  ойнай  берсең, бала  боласың»    деген  мақалдарытәлімтәрбиесі  мол  даналық.Қазақтың  мақалмәтелдерінің  өскелең  ұрпақтың  эстетикалық  мәдениетін  дамытуда  да 

маңызы  зор.   Мұндай   мақалмәтелдердің   мазмұны  атабабаларымыздың  бүкіл  өмір  тәжирибесін  қамти  отырып,  жас  ұрпақ  санасын,  әсемдік  сезімін,  талғамын,  көзқарасын  дамытады.  Осыған  орай  көптеген   ғалымдарымыздың   ғылыми   зерттеу   еңбектерінде   сөз   болған   мақалмәтелдердің   тәрбиелік  мәні  жөніндегі  пікірлеріне  көңіл  аударып   көрелік.   Мысалы,  Б.Адамбаев    «Халық  даналығы»   деген  еңбегінде:   «Әр  халықтың  мақалы  мен  мәтелісол  халықтың   өзі  жасап  алған  логикалық  формуласы,  ережесі.   Ол   кезкелген  оқиғаның,  мәселенің  тұсында  еске  түседі,  тілге  оралады.  Сөйтіп,  көп  ойлануды,  ұзақ  баяндауды  керек  ететін  қиын  нәрсені  жеп-жеңіл ,  оп-оңай,  бір-ақ  ауыз  сөзбен  түсіндіреді,  ұғындырады»  деп,  мақалмәтелдердің  мінезқұлық  мәдениетіне,  өнерге,  әдебиетке,  деген  негізгі   талаптарын   тұжырымдауға  болатынына  тоқталады.

        Мақалмәтелдер  өмір  құбылыстарының  барлық  саласын  қамтитын  болғандықтан,олардың тақырыптары да сан алуан. Мақалмәтелдерде  айтар  ойды  әсерлі  жеткізу  үшін  көркемдеу  құралдары   қолданылады.Мысалы,  «Жақсы жігітжағадағы  құндыз, жақсы  қызаспандағы  жұлдыз»,     «Жаман   тұқым   егінді   былғайды,    жаман   жігіт   елді  былғайды»,  т.б.  Мұндай  орынды  қолданылған   бейнелеу  құралдарымақалдың ажарынашып,ой өткірлігін арттырады,адамның  бойында  мәдени  дағдыларды  қалыптастырады.                                    

       Қазақтың  жазба  әдебиетінің  негізін  салушы  ұлы  ақын  Абай  Құнанбайұлы  ұлтымыздың  ауыз  әдебиетінің  асыл  қазынасы  мақалмәтелдердің  шығу  тегін  терең  зерттеп,  құнды  пікірлер  айтты.  Мысалы,  Жиырма  тоғызыншы  қара  сөзінде:«Біздің  қазақтың  мақалмәтелдерінің  көбінің  іске  татырлығы   да   бар,   іске  татымақ  түгіл,  не  құдайшылыққа,  не   адамшылыққа  жарамайтыны  да  бар»  дей  келе,  «Қалауын  тапса,  қар  жанады,   сұрауын  тапса,    адам  баласының  бермейтіні  жоқ»,   «Атың  шықпаса  жер  өртте»,   «Алтын  көрсе,  періште  жолдан  таяды»,   «Атаанадан  мал  тәтті,  алтын  үйден  жан  тәтті»    деген  мақалмәтелдердің  сұрамсақтық,    пәлеқорлық,    дүниеқоңыздық,    қулық-сұмдық,    алаяқтық  сияқты   жат  мінездерді  уағыздайтын,  мағына-мәні  қайшы  мақалмәтелдер  екенін   дәлелдеді.   Сондайақ,   Отыз   үшінші,   Отыз   алтыншы    сөздерінде   «Өнерді  үйрен,  үйрен  де  жирен»,  «Өнерліге  тоғыз  өнер  де  аз»,  «Алтау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел  болса,   төбедегі  келеді»,    «Аз    араздықты   қуған   көп  пайдасын  кетірер»,   «Ағайынның  азары  болса  да   безері  болмас»,   «Жол  қуған  қазынаға,  дау  қуған  пәлеге  жолығады»,  т.б.  халықты  өнерге,  бірлік-берекеге,достыққа  шақыратын  мақал-мәтелдердің    мәніне   баға  берді.

        Қазақ  атабабаларымыздың   ақылпарасаты   дүниежүзілік  алдыңғы  қатарлы  ойлау  жүйесімен  деңгейлес  екеніне  халқымыздың  мақалмәтелдері  куәлік ете  алады.  Шығыста:   «Үш   іс   тындырған   адам,   яғни   бала  өсірген  кісі,  тал  өсірген  кісі  және  кітап  жазған  кісі  өлмейді»   деген  даналық  сөз  бар.   Қазақ  халқының  «Ер  адамның  алдында  ашылатын  есігі  болсын,  әйел  адамның  алдында  тербиелейтін   бесігі  болсын»,   «Адам  ақылымен  сымбатты,  ұрпағымен  қымбатты»,   «Ұлы  бар  үйде  қуат  бар,  қызы  бар  үйде  шуақ  бар»   деген   мақалдарының   идеясы   да   соған  саяды.

        «Тәрбие   тілден  басталады»     дейтін  халқымыз  ана  омырауынан  ажырамаған   кезденақ   бөбегің   ана  тілінің  ақ  уызымен  ауыздандыра   бастау  керектігін,  ана  тіліадамның  ғұмыр  бойғы  серігі,  рухани  қуаты,  күрестегі  құралы  екендігін   меңзеп  отыр.Қазақтың  халық  педагогикасы – ғасырлар  бойында  қалыптасып,  қорлана  байып  келе  жатқан  ғылым.  Халқымыз  «Мақалсөздің  мұнарасы»  деп,  халық  ауыз  әдебиетінің  асыл  бір  жанрына   осындай  бағаны  өзі  берген.   Мұнара   биіктікке,   асқарлыққа,   парасат  асқарына  мезгейді.  Мақалмәтелдің   озықартықшылығы   ойды  сығымдап,  нақышты  әрі  әсерлі,    санаулы  сөзбен   әрі  өткір,  әр

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!