Материалдар / Халық дәстүрі асыл қазына 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Халық дәстүрі асыл қазына 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта қолдану үшін ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2018
1092
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп Алмалы ОЖББМ Мерзiм Мұғалiм:Сакипкалиева А.Е.

Сынып: 7 Оқушылар саны ____ № 27 Тақырып: Халық дәстүрі асыл қазына.

Құндылық: ақиқат Қасиеттер: өз-өзіне адал болу, ойдың, сөздің және істің бірлігі, шыншылдық,

Сабақ мақсаты: Оқушыларға халық дәстүрі тақырыбында әңгімелей отырып, ақиқат құндылығын ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларды халық даналығын айтуда, өмірде өз-өзіне адал болуға үйрету.

  • Оқушылардың ойының, сөзінің және ісінің бір болу үйлесімділік қасиетін дамыту.

  • Халық даналығына шыншылдық пен қарауға, оны құрметтеуге, сақтауға, бағалауға тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 т ережесі Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

2.Үй тапсырмасын тексеру

27 сабақ 132-133 бет, Қ.Толыбаевтың Шаңырақ әңгімесін оқу.


1.Неліктен қазақ халқы шаңырақты киелі санаған?

2.Салт – дәстүр бізге қалай жетті?

3. Ар-ұжданын таза ұстау, өз-өзіне адал болу қандай құндылықты ашады?



Ескерту

  1. Дәйексөз.

Дәстүрін ел-жұртымның ардақтаймын,

Ежелгі ата-баба салтын сақтап.

Қандай адамды дана деп айтуға болады?

Адам ақылды болу арқылы қандай жетістікке жете алады?



  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

Ата өсиеті Ә.Табылдиев

Асан ата жібектей сақалын тарамдап, балаларына өсиет айтып отыр.

-Балам, Абай дананың әрбір сөзін жаттап ал, - деді, - ол немересіне.

-Ата, Абай бабаның сөзін ойға тоқып ал, деңіз, деп, немересі атасының айтқан сөзін толықтырды.

-Ақынның ақыр берер сөздерін ойға тоқып, жаттап ал, балам.

-Абай бабаның көп өлеңдерін жатқа білемін, -деп Ғалымбек атасына күлімдей қарағанда, атасы оның қара көздерінен нұр сәуле көрді.

-Абайда бес асыл іс деген сөз бар. Оның мәнісін айтшы, кәне?

-Білем, ата. Ол –талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

-Талап, еңбек деген сөздердің мәнін айтшы, қане?

-Талап деген –талап , еңбек деген- еңбек. Ұлы дана әрекет жасауға талаптан, талабыңды іске асыру үшін, еңбек ет деп тұрған жоқ па?

-Әрине, ата, ақын бабамыз әр нәрсені терең ойла, дүниеге қанағат қыл, адамға рақымды бол, яғни жақсылық жаса деген.

-Ия, балалар, сендер де Ғалымбек сияқты дұрыс жауап берген екенсіңдер.

-Даналық сөздерді жақсы түсінген екенсің, балапаным! –деп Асан ата немересінің мәңдайын иіскеді, жүзінен қуаныш шуағы байқалды.

-Ата, осы қазақта Азға қанағат, көпке – салауат деген мақал бар, оның мәні неде? –деп, Ғалымбек ғалымша сұрақ қойды.

-Азға- қанағат деген сөз аз да болса, бар нәрсені бағала деген мәнді білдіреді, -деп, ата немересіне елжірей қарап, жауап берді.

-Ата, қазақта Қанағат қарын тойғызар деген де мақал бар емес пе?

-Дұрыс айтасың. Барды бағалап, оны көбейту үшін еңбек ет.

-Солай, ата Құрғақ қанағатпен қарын тойғызып, отыра беруге болмайды...

-Ақыл –жастан деген осы осы балапаным! –деп, Асан ата риза болып, оның ашаң жүзі нұрланып, рахаттана күлімдеді.

  1. Ата немересіне қандай ақал айтты?

  2. Немересі ақын Абай атаның қандай қасиеттері арқылы ақиқатты аша білді?

  3. Атасының халық даналығына адал сүйіспеншілікпен қарауына не әсер етті?



  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Даналық сөздерді оқып «Адам» «Білім» «Еңбек» тақырыптарына сәйкес топтастыру тапсырылады.

  1. Оқу-білім бұлағы, білім өмір шырағы.

  2. Адам деген –ардақты ат.

  3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  4. Адам арын ойлайды.

  5. Оқу-инемен құдық қазғандай.

  6. Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.

  7. Адамның сұлулығы –шыншылдығында.



  1. Топпен ән айту.

«Құндылықтар әлемінде» Ертегілер әлемі әнінің әуенімен

Сөзі: Мұғалім шығармашылығы

1.Ақиқаттың әнін,

Айтамын күнде мен.

Бөбек әлемінің сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің

Тыныштық жан –көркем,

Керемет ол неткен,

Ар-ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп.

Қайырмасы

Құндылықтар –мәңгі әнім,

Құндылықтар –өмір мәні.

Ізгіліктің ғажап күйін

Ертесіңдер сендер

2. Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді.

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.



  1. Үй тапсырмасы.

28 сабақ 136-137 бет. Аңыз әңгіме оқып келу.



  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Адамның ниеті, ойы, сөзі, іс-әрекеті шындыққа негізделген де адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Халық даналығын айтуда адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ар-ұжданымыздың дауысына құлақ түруіміз. Адамның көңілі таза, пейілі кең адал, шыншыл болғанда ғана әділдікке қол жеткіземіз. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңызды естеріңізге сақтаңыздар, әрдайым өмірлеріңізге қолданыңыздар. Жаймен ғана көзімізді ашамыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!