«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім
бөлімінің
№2
Аманқарағай орта мектебі» ММ
Халықаралық шылым шегуге
қарсы күні
(кітапхана
сабағы)
Дайындаған: Бесенова А.А.
«Халықаралық шылым шегуге
қарсы күні»
Мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден
сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын
ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты
өмір салтын қалыптастыруға.
Қ азіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес
жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық,
әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр. Еліміздің
Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған »
Қазақстан -2030″ бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне
қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап
көрсетті. Олар:
1-бағыт. «Темекі шегуді
тоқтату»;
2-бағыт. «Нашақорлыққа,
наркобизнеске қарсы күрес»;
3-бағыт. «Маскүнемдік пен
араққа қарсы күрес».
Зиянды әдеттерге, алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық,
темекі тарту жатады.
Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы
жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған
балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді.
Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз
бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти
алмаймыз.
Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы
басталды?
Жауап. Темекі тарту ХV ғасырда 1496 жылы
басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда
бастады.
Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі
туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.
Темекі тарту әдеті жайлы ең
алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьедо жазды. Ол Америка тұрғындарының
адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай
делінген. «Расанолла» аралында тұратын халықтың тым зиянды
әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдуанаға ұқсас шөпті
жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас
болады. Онысы «тобоко» деп аталады.
Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері
неде.
- Адамдардың әсіресе,
жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға
байланысты:
а) топқа еліктеу, яғни,
темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың
ыңғайына көніп, жаман әдетін бойына сіңіргісі
келеді;
б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде
темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман
қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы
мүмкін;
в) ересек болуға
тырысу;
г) өмірдегінің бәрін
байқап көруге тырысу;
д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі
мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын
білмегендігінен тартады.
Т емекіден
болатын ауруларды атап
көрсетіңіздер.
-
Эндартерит — темекі тартудан
болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе
тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты
қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр
болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта
ауырады. Мұндай ауруға шалдыққан адамдардың қан
тамырларының кеңею
қабілеті жетіспейді.
-
Құрғақ гангрена — темекі тартудан
болатын аурудың жалғасы. Бұл ауру кезінде жүрек бір қалыпты қан
айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере
бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура
келеді.
-
Ісік
аурулары никотин уының
тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс
әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі
тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі
кездеседі.
Ж ылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі
аурулардан жер шарында
5 миллион адам қайтыс болады
екен. Оның 600 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Шынына келсек,
темекі жаппай жою қаруына айналып келеді. Оның келтірген нұқсаны
ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды бірге алғандағы келген
зардаптан асып түседі. Кейінгі жылдары темекі тартушылардың қатары
қыз-келіншектермен толыға түсіпті. Бүгінде Қазақстандағы қыз -
келіншектердің 9,8 пайызы нағыз темекі тартқыштар саналса, 12
жастан асқан балаларымыздың 7,5 пайызы темекіге әуестік дертіне
ұшыраған. Қыз - келіншектердің арасындағы темекі тартушылық 18 - 25
жас аралығындағылар арасында өршіп тұрған жайы
бар
ІІІ. Қорытынды.
Темекілік індеттің таралуы
жаҺандық проблема болып табылады. Оның адам денсаулығы үшін салдары
маңызды және барынша кеңейтілген халықаралық ықпалдастықты, барлық
елдердің тиімді, орынды әрі жан-жақты жауапты әрекеттерін талап
етеді. Өздерінде байқап отырған
боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың
оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин
нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген
мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың
жұмыс, қабілетін төмендетеді. Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет
болып отыр. Сондықтан да ата-аналар,
оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып «әдемі өмірдің» сәніне
айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған
темекі шегумен бітіспес күреске шығуы
керек.