Гүлсезім:
Жалауыма қарасам көңілімді
мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл
байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп
тұр.
Жарасқан байрақтың мәні
бар,
Көк аспан, күн- қыран сәні
бар.
Көк байрақ ашық күн
кеңісім,
Алтын күн белгісі
жеңістің.
Мұғалім: 1995 жылы 1-наурыз Қазақстан
халқы Ассамблеясы құрылды, яғни 2015 ж Ассамблеяның құрылғанына 20
жыл болғанын тойладық.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасының Мемлекет
басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ассамблея
қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне
қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген
азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын келісімнің
айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көп этностық бай
кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі
орнады.
1997 жылы Ақмола мекені Астана
шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан
Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана. Алғашқы астанасы-
Орынбор қаласы, екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы-
Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып
отыр.
Назым:
Заман жаңа, ел
жаңа,
Күлімдейді кең
дала,
Өз Астанам- өз
Ордам,
Сүйенерім сен ғана
!
Мирас:
Көрікті өлкеме
қарашы,
Тізілген орман- тау,
қаласы.
Алтай мен Атырау
арасы,
Қазақтың кең- байтақ
даласы.
Хор «Менің
Отаным»
Мұғалім: Республика халқының саны 17
миллиондай.
Жергілікті ұлт қазақтармен
бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне
қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен.
Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт
өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп
келеді.
Анель:
Ақ қара деп
алдымен,
Елім бөлмес
адамды,
Дәстүр, өнер,
салтымен
Таңқалдырған
ғаламды.
Әлімжан:
Жырласа қазақ,
түркімен,
Молдаван,тәжік үн
қосқан.
Дос жүректер
біріккен,
Мейірлері
жарасқан.
Дина:
Тыңда, тыңда, тыңда
мені,
Ұлы жұртым орыс
халқым.
Сен тербетіп
өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің
даңқым.
Орыс биі
«Матрешечки».
Бексұлтан:
Кім сүймейді ет жақынын,
туысқанын,
Украина туысымның
бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл
достық,
Ел басына төнгенде де ұлы
сын.
Ақбота:
Қадірменді бір досымыз-
өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз
демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы
сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді
көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз
әріден,
Дастарқандар жайылады
сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым
сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік
дәміңнен.
Бекарыс:
Жолым түсіп, тағдыр
талап,
Грузин дос болдым қонақ
,
Қазағымдай кең
пейілің,
Дастарханды жайдың мол-
ақ.
Милана:
Қазақ, қырғыз бір сананың
егізі,
Екі жұрттың бірге екен
негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың
мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың
жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар ,
доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен
қос шынар.
Дос туыстар көп болса да
дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ
шығар.
Көрініс: «Қырғыз бен өзбек айтысы»
(Өзбек-Ақбота, Қырғыз- Айсәуле,
Қазақ-Милана)
Қырғызға таңырқай қараған
өзбек қырғыздан:
Ақбота:
- Сенің ұлтың
кім?
Айсәуле:
- Қырғыз.
Ақбота:
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе
неге бармайсың?
Айсәуле:
- Менің өз елім –
Қазақстан.
Ақбота:
- Жоқ сен Қырғызстанда
тұруың керек!
Айсәуле:
Мен Қазақстанды өз Отаным
деп білемін.
Ақбота:
- Сен өз еліңе қалайда
кетуің керек?
Айсәуле:
- Ал сен
өзбексің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар!
(осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
Аңсар:
- Балалар осыншама неге
дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
Ақбота, Айсәуле:
- (Екеуі қосарлана) Біз
әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың
кетерімізді білмейміз.
Аңсар:
- О не
дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет
емес пе? Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар
келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар
қолдарыңды!
Ақбота, Айсәуле:
- Жарайды, жарайды! (Келісіп
қолдарын салады).
Ақбота, Айсәуле, Аңсар:
- (Бірге қосылып) Біз доспыз,
біз әрқашан біргеміз.
Ән:
«Ақ көгершін» орындайтын Ақбота, Айсәуле,
Аңсар.
Мирас:
Белоруссия – жайқалған жасыл
орман.
Жасыл орман – мәңгі жасыл
арман.
Шетінен ойшыл келер
армандары –
Қойнында сан ұрпақтың жасы
қалған.
Асланбек:
Кім білмес қазағымның қою
шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт
пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген
қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі
дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден
орын,
«Досым» деген адамға міне
қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы
тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын
жолың.
Қазақтың «Білезік»
биін тамашалаңыздар.
Гүлсезім:
Бірлігі мен ынтымағы
халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық
күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін
халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін
жарық күн.
Исабек:
Тірлігімен адам байлық
жасады,
Бірлігімен асулардан
асады.
Адал жандар жер – ананы
қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік
жасағы.
Мирас:
Достық бізге тым
ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс –
құт.
Жарқырасын
күніміз,
Жаса, жаса
тыныштық
Хор: «Дос болайық,
бәріміз».
Мұғалім: Біздің еліміз ынтымағы
жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық
әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты
бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп
келеді.
Хормен:
Ақпыз, қара,
сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз.
Ортақ болсын асар
тау,
Жеміс толы бақша-
бау.
Болсын жер мен су
ортақ,
Болсын бізге ну
ортақ.
Ақпыз, қара,
сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз!
Хор: «Әрқашан күн
сөнбесін» әнін қабыл алыңыздар.