-
Топтарға
бірігу
Оқушылар өз карточкаларының
түстері: сары, қызыл, көк және жасыл түс бойынша төрт топқа
бірігеді.
-
Миға
шабуыл
Оқушылар берілген сұрақтарға
жауап береді:
- Сіздерге денебітімнің қандай
түрлері таныс?
- Жобаланған тігін бұйымының
конструкциясына денебітім түрі қалай әсер
етеді?
- Тігін бұйымын тігу кезінде
өлшем алу не үшін қажет? Әр топ бір сұрақ таңдап алады, оны
талқылайды, сыныптастарына жауабын
ұсынады.
-
Жаңа
ақпарат
Модельдеу – киімнің жаңа моделін
жасайтын шығармашылық жұмыс. Модельдеу – көркемдік және техникалық
болып екіге бөлінеді.
Көркемдік (шығармашылық)
модельдеумен суретші-сәнгерлер, Сән үйінің дизайнерлері,
тігін фабрикаларының
тәжірибелік зертханалары айналысады. Олар сән бағытын, модельдің қолданылуын,
модельдің кімге арналғанын, қандай матадан тігілетінін, көркемдік
сәндеу түрін, модельдің түстік шешімін, фурнитура, аксессуарларын
ескере отырып, модель топтамаларын жасайды. Сәнгерлер шығармашылық
дереккөздерді халықтық көркем шығармашылықтан, сәндік өнерден
алады.
Техникалық
модельдеу – базалық лекало арқылы эскиз, сурет, сән
журналдарындағы фотосуреттер бойынша киімнің жаңа модельдерін
жасау. Техникалық модельдеумен инженер-конструкторлар
айналысады.
Дизайнер – барлық қажетті дағдыларға ие болғандықтан, басқа
мамандардың қатысуынсыз бұйымды жобалауға және дайындауға қабілетті
маман.
Киімді модельдеу – бұйымның
жалпы құрылымын өзгерту және көптеген модельдеу тәсілдері бар.
Қағаз қуыршақтар және оның әртүрлі киім түрлерін көрсету арқылы,
оқушылар қамзолдың әртүрлі фасондары арқылы денебітімнің бойы мен
көлемін өзгертуге, үлкейтуге немесе кішірейтуге, кемшілігін
жасыруға, ерекшелігін көрсетуге болатынын
байқайды.
Бұйымды жасауда модельді
көркемдік сәндеу, фурнитура мен мата түсін таңдау маңызды рөл
атқарады.
-
Тәжірибелік
жұмыс
Тапсырма: оқушылар альбомға,
аз ғана уақыт ішінде бірнеше эскиз салулары
қажет.
Оқушылар тақтаға ілінген
қағаз қуыршақтағы қағаздан жасалған әртүрлі қамзол түрлері арқылы
қамзолдың етегі, бел сызығы, мойын ойындысының әртүрлілігін бір
біріне көрсетеді. Қалауына және қажетті жабдықтар мен ресурстардың
болуына қарай, бұл жағдайда интерактивті тақтаны қолдануға
болады.
-
Бірлескен
әңгіме
Оқушылар топтарда қамзолды
модельдеу түрлерін талқылайды.
-
Тәжірибелік жұмыс. Топпен
жұмыс.
1 кезең. Мұғалім киімдерді
модельдеу жобалық бұйымды түрлендіретініне және барлығының пішім
негізі бірдей болғанымен, оларды бір-біріне ұқсамайтындай етіп
модельдеуге болатынына оқушылардың назарын
аударады.
Модельді өзгерту үшін пішім
негізіне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Мұғалім
мойын ойындысы, бұйымның төменгі сызығын, жеңінің түрін қалай
өзгертуге болатынын көрсету үшін, сынып тақтасында модель
сызбасының суретін немесе электронды презентация қолдануына
болады.
-
кезең.
Жеңі тұтаспішімді сызба пішімі
негізінде иықты бұйымды (қамзол) модельдеуді
орындайды.
1
топ:
Мойын ойындысын
модельдеу.
2 топ:
Қолтық ойындысын немесе жеңді
модельдеу.
3 топ:
Бұйымның төменгі қиығын
модельдеу.
3 кезең.
Оқушылар жұмыстарын
сыныптастарына көрсетеді.
-
Бағалау
Өзіндік
бағалау: Оқушылар өз жұмыстарын
ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне
көрсетеді.
|