«Бекітемін»
МДТІЖО: Бигазиева А.М.
Танымдық сабақтың тақырыбы: Мақтанышы ұрпақтың асыл аға
Сергіту жаттығу: «Помогатор»
Миға шабуыл. Ресбус шешу. Жауабы: Хамза Есенжанов.
-Балалар бүгінгі сабағамыз кім туралы болады деп ойлайсыңдар?
-Хамза Есенжанов
-Ол кім?
- Жазушы, көркемсөз шебері
-Дұрыс. Хамза атамыз туралы толығырақ Аяжан айтып берсін.
Аяжан: (1-слайд)
Хамза Ихсанұлы Есенжанов 1908жылы 25 желтоқсанда қазіргі Орал облысы, Чапаев ауданы, шалқар көлінің жағасында орта шаруаның отбасында дүниеге келген. 1927-1929 жылдары 7- жылдық мектепте оқиды. 1928 жылы Алматы мал дәрігерлік техникумын бітіреді. 1933 жылы Қазақтың Абай атындағы педогогика институтының тіл- әдебиет факультетін бітірген. Хамза атамыз 1932-1933жылдары Қазақстан жазушылар одағының басқармасының жауапты хатшысы болады. 1936 жылы Ленинградтық мемлекеттік өнер институтының аспирантурасына оқуға түседі. Бірақ Қазақстанға қайта шақырылып әдебиет пен фольклор секторын басқарады. Хамза ата 1974 жылы 63 жасында өмірмен өтті. Биыл жазушы атамыз 110 жасқа толғалы отыр.
Хамза атаның жары София анамыз медицина институтын бітірген. Хамза ата мен София ананың Эмиль атты ұлдары болды. Қуғын – сүргін басталған кезде Эмиль шетінеп кетеді.Хамза ата айдауда болғанда София ана қасында болып «Ақ Жайық» триологиясын жазыуға көп септігін тигізеді. Бүгінгі таңда Әлихан атты ұлы мен немерелері бар.
Ералы: (2- слайд)
Хамза атамыз өзінің жазушылық жолын 1930 жылдары өлең, әңгіме жазудан бастады. Сол жылдары республикалық басылымдарға «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері мен «Жер шарында» атты сахналық шығармасы жрияланды.
1957 жылы «Ақ Жайық» трилогиясының бірінші кітабы, 1959 жылы екінші кітабы, 1965 жылы үшінші кітабы жарияланды. Ал 1970 жылы «Ағайынды Жүнісовтер» романын жазды. Хамза ата өмірінің соңғы жылдары «Қарт қазақ», «Жайын ілерде», «Жар» сияқты әңгіме, очерк, әдеби- сын мақалалар жазды.
М.Шолоховтың «Тынық Дон», романын, И.С. Тургеневтің «Рудин», Шуховтың «Үшпенділік» романдарын, А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесін қазақшаға аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. Осындай еңбектері үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
Қарагөздің орындауында «Туған жер» өлеңін қабыл алыңыздар.
Хамза атамызға қаламдастары көптеген естелік жазбалар қалдырған екен. Соның бірқатарын тыңдап көрейік.
«Біздің Хамза» Мариям Хакімжанованың
Нұрайым.
Жаралған жан Ақ Жайықтың төсінен.
Азамат еді ақжібектей есілген.
Тумаса да туғандай боп сыйластық,
Кей мінезі кетер емес есімнен.
Көрші тұрдық бір аулада ұзақ жыл.
Серуенге шығушы еді күнде бір.
Софиясын сүйген жарын қолтықтап,
Секілді еді егіз қозы, егіз гүл.
Кез келгенде, апай деуші еді иіп бас,
Болса дағы арамызда екі ак жас.
«Жарық үшін жалын жалап, от шайнап,
Азап шеккен асыл жансыз айнымас!»
Ақмаржан
Дейтін еді ыризалық білдіріп,
Қоюшы еді кейде бізді күлдіріп.
Тағдырлас ек түсінетін дос сырын,
Қатар жазған қаламдас ек бір жүріп.
Адам еді, азамат еді дарынды,
Көруші едің алыстан болашағыңды.
Қиянат көріп, қиналсаң да жасыңда,
Талантыңмен тапқан едің бағыңды.
Қашан көрсең бір қалыпты байсалды,
Сол мінезің талайраоға ой салды.
Айтам десе, ақ жарылып айтатын,
Көргенім жақ өзім ондай қайсарды.
Нұргауһар
Ой маржанын ақжаңбырдай селдеткен,
Бар тарихын жиып алып жер –көктен.
Ана сүтін ақтаймын деп ант етіп,
Ақ Жайықты алдына алып тербеткен.
Талай томды тартып едің еліңе,
Талай томды жинап кеттің төріңе.
Бергеніңнен, берерің көп жан едің,
Тіл тиді ме көкірегіңе, көгіңе?...
Аңқаты мен Өлентідей өзенін,
Кезек емген перзентісің сеземін.
Ақ Жайықтың күмбірлетін кеудесін,
Жетпісіңді тойлап жатыр өз елің.
Той басыңда достарыңмен сүйген жар,
«Қанатым» деп қадір тұтқан ұлың бар.
Томдарыңды мақтанышпен көтеріп,
Күлімдейді қарасақал қара шал!
«Қайсар талант алдында» Ғайсағали Сейтақ 2- сынып оқушылары (Камила, )
Қайсар талант арқалаған нар сенім
Ақжайықтың атын жайған жаршы едің
Сынаптайын жылдар сусып өтсе де,
Ұмытпайтын ұрпақтарың бар сенің
Көп күттірген арманыңа жетіп ең
Мен де өзіңе қарап алып бекінем.
Көтерілген елдең биік еңсесін
Көрген деймін «Ақ Жайықтың» бетінен
Кеттің солай тағдырымның сыйын ап,
Бұл туралы сөз қозғау да қиын ақ.
Бүгінде мен Жүнісовтер қайғысын
Жүргендеймін жүрегіме түйіп ап.
Болар әлі ақ Атырауға қиар шақ
Кеткендеймін керемет бір күй аңсап.
...Сол ағадай адал жүрсек арман жоқ
Сол адамдай Ақ Жайықты сүйе алсақ!
«Қадірлі ағаға» 2-сынып оқушылары
Ұйытқан Ақжайықтың абзал әні,
Бұл күнде кім білмейді Хамза ағаны.
Сөз бе екен азамтқа алпыс деген,
Көп әлі жазғанынан жазбағаны!
Сырларын көңіліме тоқығанмын
Таланттың арғымағын құр-құрлайды.
Атынан 225 мың оқырманның,
«Лениншіл жас» шын жүректен құттықтайды
«Хамза Есенжановқа» Ақұштап Бақтыгереева 4-сынып оқушылары
Назерке
Бірісің киелі өлке тапқан ұлдың,
Жайық боп, роман боп ақтарылдың.
Сен мынау ару өзен тарих емес,
Тарихын жаздың Ұлы Октябрьдің.
Ақ таңда айығар ең ойдан әрең
Нүктесін шығармаңның қоймаған ең
Халқыма ұл болсам деп армандадың,
Халқыма жау болсам деп ойламап ең.
Сор болды ау отыз жеті мынау елге
Далада ару қаңғып, жылады ер де,
Өзіңді пірдей тұтқан дәрігер қыз
Қартайды еріп жүріп лагерьде.
Нұрдана
Бостандық саған әттең кеш берілді,
Түрмеге үйретті еркін өскен ұлды.
Сұм отыз жеті жыл бүлдірмесе
Біздермен тойламас па ең сексеніңді.
Соңына лауызым мен атақ еріп,
Томдары жалдары мен қатар еріп,
Ата боп немереге отырмас па ең
Бұл күнде төрімізде бата беріп.
Ел бірақ ұмыта алмас жарқын ұлды
Таланттың кім екенін хақы білді.
Арманың үндес еді Ақ Жайықпен
Жайықтың мүмкін емес сарқылуы.
«Сарыөмірде мәңгілік бір ғұмыр бар» Ғ.Сейтақ 4- сынып оқушылары (Қарагөз, Жаннұр)
Қарагөз
Күн сәулесі сол күні түскен көлге,
Құшағы еді ананың күш бергенде.
Қараша үйді жылытып жатты сәби
Сарыөмірге сарыаяз қыс келгенде.
Туған жердің елтіді күйіне мың,
Шерту үшін ел сырын сүйіне бір.
Сарыөмірдің қырынан әрі асы да,
Дүбіріне қосылды дүниенің.
Жау көбейіп,сумаңдап із баққанда,
Жау жүрегін қайғы еді сыздатқан да.
Жас жігіттің ғұмырын үсік шалды,
Қабағына заманның мұз қатқанда.
Кітап жазып қайыңның қабығына,
Жары болып дүние жазығы да,
Өтті ақыры бәрін де бұзып-жарып,
Ұқсап бейне Шалұар балығына.
Қалмайды енді сөз ақсап,күй қақалап,
Жатады оның атымен сый да аталып.
Қаламын сыйғызып Ақ Жайықты
Жүрегіне халқының күйді апарып.
Жатса да өзі Алатау бауырында,
Асқақтап-ақ тұрғандай тауы мұнда.
Хамза болып әр үйге еркін еніп,
Бір саыныш жүргендей ауылында.
Қалды ма екен махаббат табы құмда,
Отар ма екен беріліп жаны мұңға!?
Арман болған Жайыққа сүңгіп шығып,
Аңсай ма екен Шалқардың балығын да.
Жаннұр
Көңіл-ыстық,
Түссе де жерге қырау.
Бала біткен жүгіріп көлде жүр-ау,
Сарыөмірін ол да әйтеуір
Көзін тігіп тұрғандай елге мынау.
Сарыөмірде сібірлеп таң атады,
Сұңқарларды ұшырыар дала тағы.
Тұған жерін,тау,көлін тұр жылытып
Ұлы адамның аялы алақаны.
Халық жайлы осылыай толғайды алып,
Жайығын да ұрпағы қорғайды анық.
Сарыөмірде мәңгілік ғұмыр бар деп,
Шағалалар ұшып жүр көлді айналып.
«Хамза» Сағынтай Бейсенғалиев 3-сынып оқушылары (Салахаддин, Бибіфатима)
Бейбіфатима
Болғанда күн еңкейген кіші бесін,
Құлын- жыр ізгіні іздеп кісінесін.
Жайықты жырға қосты талай-талай,
Жайырлар «ауызымен құс ілетін».
Кеңестің кезіп тозақ түрмелерін,
«Асырап»абақтының бүргелерін.
Жасаған ел тарихын жанкештіңді,
Мойында,көдедей көп «жүлдегерім»!
Айналып «Ақ Жайықтың»-ақ бесігін,
Танытты текті елінің жатқа есімін.
Бітімі бөлек сөзден сарай салған,
Салахаддин
Хамзаға «кәрі құрлық»ашты есігін.
Шалқыған сұлу сөздің Шалқары еді,
Талант-тау,Ол-шығында арқар еді.
Тағдыры талқан болмай тірі жүрсе,
Шыңғыртып шындық күйін тартар еді...
P.S.Жә,жетер,желге қарап түкірмелік,
Қоржынын кер заманныі бүтінделік.
Хамзадай қыранының ғасыр тойың,
Жайығы жасап жатса-шүкір делік!
Көрерменмен ойын. «Бес қадам» ойын шарты бойынша үш оқушы ортаға шығады. Бес сұрақтан қойылады. Бәріне дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз атанады.
-
Х.Есенжанов қай жылдары дүниеге келді? (1908-1974 жылдары)
-
Биыл Хамза ата неше жасқа толады? (110 жас)
-
Қандай шығармалары бар? (Әңгіме, роман) («Ақ Жайық», «Күшке күш», «Қызыл құмақ», «Жар», «Ағайынды Жүнісовтер», «Қарт қазақ», «Жайын ілерде» т.б.)
-
Орал қаласында Есенжанов атында не бар?
-
Біздің мектеп кімнің атында?
«Ия, жоқ сұрақтары»
-
Хамза ата жазушы (ия)
-
Хамза Есенжанов 1905 жылы дүниеге келді (жоқ)
-
Шалқар көлінің жағасында дүниегі келді (ия)
-
1927-1929 жылы 7жылдық мектепте оқыды (ия)
-
Хамза атаның жұбайы София ана мұғалім (жоқ)
-
«Ақ Жайық» трилогиясы бар (ия)
-
«Ақ Жайық» трилогиясы екі кітаптан тұрады (жоқ)
-
«Қарт қазақ», «Жар», «Қызыл құмда» деген әңгімелері бар (ия)
-
Бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазған (ия)
-
Орыс тілінен аударған шығармалары жоқ (жоқ)
Кері байланыс «Әліппе желісі» әріптер тарату. Сабақ бойынша сол әріптен басталатын сөз айтады. (х, ж, ш,)
Рефлексия. Егер сабақ ұнаса, аяғыңды тарсылдат,
Егер сабақ ұнаса, шапалақ та, шапалақ
Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

(Хамза Есенжановтың 110 жылдығына орай
2-4 сыныптар аралығында өткізілген тәрбие сағаты)
Өткізген: Мусагалиева А.А.
2017-2018 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Хамза Есенжановтың 110 жылдығына орай 2-4-сыныптар аралығында өткізілген шара

шағым қалдыра аласыз